Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Ақмола қаржы- экономикалық колледжі
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Еңбек және еңбек ақы есебі.
Тексерген:____________________
Орындаған:.___________________
Астана-2007 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Енбек және еңбек ақы
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Еңбекақы есебі және
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Еңбекақының түрлері мен
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Еңбек пен еңбекақы есебінің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.Еңбекақы
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 23
2.1 Еңбекақы есептеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...23
2.2 Еңбекақы жүйелері және тариф
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 29
3 Еңбекақы
жинағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..34
3.1Еңбекақы жинағы және оларды
тарату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .34
3.2 Қазақстандағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде
бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін
операциялар ... ... ... ... ... .36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Кіріспе
Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған
ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын.Осы тақырыпты таңдағаным
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайында еңбек және еңбек
ақы есебін ұйымдастырудың ролі мен мәнін арттыру.
Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару
шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы қимылын
анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға , сондай-ақ субъектілердің
қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты
қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп - экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің
бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды, ол шаруашылық
жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік
есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті
сипатталып, оның табысы немесе шығыны алынады, қаржылық жағдайы ашып
көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға
және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық
түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің
күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.
Шаруашылық үрдістері (процестері) жабдықтау, өндіру және сату деп
алдыңғы тарауларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер
еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.
Тауарлық-материалдық корларының есебін қарастығанда еңбек құралдарының
есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген
кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып
жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай
әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бері.
Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын
қызметкерлер мен еңбе ақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек
тарау болып қарастырылатындығы осыдан.
Жалпы осы курыстық жұмыста еңбек және еңбек ақыны есептеу жолдарына
тереңірек тоқталып, енбек ақылық есепті ұйымдастырудың маңызын ашып
көрсетемін.
1.1Еңбек ақының түрлері мен нысандары.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі
және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста
болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне
төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады.
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы
2. Сыйлықтар мен сыйақылар
3. Үстеме сыйлықтар
Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып
белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет
атқараған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін
төлемдер
2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды
атқарғаны үшін төленетін төлемдер
3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін
берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында
еңбекақы есептеудің және оны төлеу
5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған
уақытына төленетін төлемдер.
6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын
көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге
төленетін төлемдер.
8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай-ақ демалыс немесе мейрам
күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да
басқалары жатады.

еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын
екі нысаны (формасы) қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген
уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені
немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына
төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысн мөлшерлеуге
болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес
болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Қосымша еңбекақы есебі.
Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы
есептеу және оны төлеу.
Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің
алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген
жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақылары бойынша төленеді. Ұйымдарда
еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге
өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, сондай-ақ атқарған қызметінің
саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептелініп
төленеді. Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы
есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни
қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей
еңбекақы төленуі тиіс.
Жасөспірімдерге еңбекақы төлеу.
Кәсіпорындарда аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс
күні болып белгіленген жағдайда осы ұйымда істейтін 16-18 жас аралығындағы
жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күннің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас
аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын
аптасына 5 күн жұмыс істеп, 2 күн демалатын жағдайда жұмыс күннің ұзақтығы
16-18 жас аралығындағы жас өспірімдер үшін 7 сағаттан, 15-16 жас
аралығындағы жас өспірімдер үшін 5 сағаттан аспауы керек. Белгіленген
заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс істейтін және еңбегі үшін
еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс
күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді. Ал істеген
жұмыстары, өндірген өнімдері үшін, сондай-ақ атқарған қызметтерінің саны
мен көлеміне қарай еңбекақының кесімді түрі бойынша еңбекақы алатын жас
өспірімдерге қысқартылған жұмыс сағаттары үшін белгіленген тарифтік
мөлшерге қосымша еңбекақы төленеді.
Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыруы үшін
берілетін үзіліс уақытына төленетін төлем.
Еліміздегі заңға кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және
қызмет атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған
жас сәбилі (балалы) аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін
жұмыс уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан кем болмайтын үзіліс
беріледі. Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек
болмауы тиіс. Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді
тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының қүұрамына
кіреді және олардың үзілісте болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа
еңбекақылары бойынша еңбекақы төленеді.
Біреудің орнына жұмыс істегені (атқарғаны) үшін төленетін
еңбекақы.
Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетіне
немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның
қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ
адамның жұмысын немесе қызметін атқаруды басқа жұмысшыға немесе
қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс
Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша
жұмыста жоқ адамның штатта қарастырылған орынбасары болып табылса немесе
уақытша оның орнына жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа
созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің орнына уақытша қызметті атқарғаны
үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді. Егер уақытша жұмыста жоқ
адамның жұмысын атқарушы штатта қарастырылған орынбасары болып табылмаса
немесе уақытша жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық созылса, онда
уақытша біреудің қызметін атқарушы қызметкерлерге өзінің еңбекақысына
қосымша өзінің еңбекақысымен уақытша жұмыста жоқ адамның еңбекақысының
арасындағы айырмашылық сомасы мөлшеріндегі қосымша төлем төленеді. Бос
орындағы қызмет пен міндетті атқарушы етіп тағайындау уақытша біреудің
қызметін атқару емес ол жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа жұмысқа
ауысуы болып есептеледі де, ол жұмысшыға немесе қызметкерге міндетін
атқарып жүрген, яғин бос жұмыс орнының қызметіне белгіленген еңбекақы
мөлшерінде төлем төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндерінде
істелген жұмыстарына, атқарған қызметтеріне еңбекақы төлеу.
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес
кәсіпорындарда демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс
істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда ұйымдардағы
кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты
бұл күндерде де жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді.
Егер де кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс
атқарса, оған келесі екі апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуге
тиісті. Ұйымның бұл уақыт аралығында ( келесі екі апта ішінде) демалыс
демалыс беруге мүмкіншілігі немесе жағдайы болмаса, жұмысшылар мен
қызметкерлерге демалыс күні жұмыс істеген еңбегі үшін мерзімді еңбекақы
алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір сағатына тарифте белгіленген
бір сағаттық еңбекақысының 2 (екі) есесі, ал кесімді еңбекақы алатындарға
сол күні өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының сандары мен
көлемдеріне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақының 2 (екі)
есесі мөлшерінде еңбекақы төленеді.
Кәсіпорындарда мейрам күні жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді
еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнгі өндірген өнімдері
мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына
тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтерңкі мөлшерде, яғни екі
еселеніп төленеді. Мейрам күні істеген жұмыстары мен атқарған қызметтері
үшін ақшалай еңбекақы төлемінің орнына сол жұмыс күні есебінен демалыс
беруге де болады. Ал мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар
мен қызметкерлерге басқа жұмыс күні есеьбінен демалыс беріледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған
уақытына еңбекақы төлеу тәртібі.
Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрынғы жұмысқа қайта
орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге сот органдарының шешімімен
жұмытан босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған
уақытына орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді. Басқа жұмысқа
келісімсіз ауыстырылып (өзінің істеп жүрген жұмысынан төмен дәрежеле
жұмысқа және тағы басқа) кейіннен бұрынғы жұмысына қайта келтірілген
жұмысшылар мен қызметкерлерге (еңбектің таласын қарайтын тиісті органдардың
немесе заң органдарының шешімі бойынша ( бұрынғы еңбекақысы мен басқа
жұмысқа ауысқанда төмен дәрежелі жұмысты атқарғаны үшін алған
еңбекақысының арсындағы айырма сомасы төленеді. Бірақ бұндай төлемдердің
төленетін уақыты үш ай мерзімінен аспауы керек.
Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша
жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға
берілетін уақытша жәрдемақы төлеу.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы-
қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген
мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. Азаматтардың
еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат
баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтімге алу қажет
болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10 (он) күнтізбелік
(календарлық) күннен аспауы қажет. Егер бала 10 күн аралығында сырқатынан
айықпаса және әрі қарай күтімді қажет ететін болса, онда ата-анасының
біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама
беріледі. Баланы ауруханада емдеген уақытта дәрігердің қорытындысы бойынша
күтім қажет деп есептеген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы
ата-анасының біреуіне немесе оны күтетін адамға беріледі. 3 (үш) жасқа
толмаған ауырған баланың ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға
еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша баланың ауырған
күндерінің бәріне жәрдемақы тағайындалады. Сондай-ақ жұмысшылар мен
қызметкерлерге ауырған жанұя мүшесін күтімге алған уақытына да дәрігердің
еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша заңда қаралған мөлшерде
жәрдемақы төленеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есепті көрсеткіштің он
еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс істейтін Ұлы отан соғысының
ардагерлеріне және оларға теңестірілген жеке тұлғаларға еңбекке уақытша
жарамсыздығы бойынша жәрдемақы бойынша жәрдемақы олардың айлық орташа
еңбекақысының 100 пайызы мөлшерінде төленеді.
Кезекті демалыста немесе қосымша демалыста болған уақытында
жұмысшылар мен қызметкерлер ауырып қалса, олардың ауырып қалған уақытына
жәрдемақы төленбейді. Егер еңбекке уақытша жарамсыздығы еңбек демалысы
күні аяқталғаннан кейін де жалғасқан болса ол үшін берілетін жәрдемақы
дәрігердің парақшасы бойынша жұмысшы немесе қызметкердің жұмысқа
қосылатын күнінен бастап онда көрсетілген мерзімге төленеді. Бұл жағдайда
да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің он еселігі шамасынан аспауы қажет.
Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және балалы болуына
байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасы (куәлігі( бойынша төленетін төлем
126 күнтізбелік (календарлық) күнге, ал ядролық қарудың салдарынан апат
аймақ болып есептелетін елді мекендерде тұратын әйелдерге 170 (184 егер
қандай да бір қиыншылық, ауыр хал болған жағдайда) күнтізбелік
(календарлық) күнге бөлінеді. Бұл жағдайда берілетін жәрдемақы ай сайын
айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен артық болмауы тиіс.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорында жұмыс істеу немесе
қызмет атқару барысында мертігуі, сондай-ақ кәсіптік сырқат алуына
байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен жұмысқа қайта
оралған, яғни сауыққан уақытына дейін төлейді немесе ондай жұмысшылар мен
қызметкерлерге мүгедектік тобы белгіленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық
есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінен артық болмауы тиіс.
Жалпы ұйымдарда әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жұмыста
мертіккен (жарақат алған) жұмысшылар мен қызметкерлерге, жүкті немесе
балалы болған әйелдерге тағы да басқа заңда қаралған жағдайында жәрдемақы
мөлшері үздіксіз еңбек стажының ұзақтығына қарамастан есептелп төленеді. Ал
басқа жағдайларда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекке уақытша
жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу олардың үздіксіз еңбек стажына сәйкес
мынадай ереже бойынша есептеледі:
- үздіксіз еңбек стажы 5 жылға жетпейтін жұмысшы-қызметкерлерге: орташа
еңбекақысының 60 пайызы мөлшерінде;
- үздіксіз еңбек стажы 5 жылдан артық, ал бірақ 8 жылдан кем жұмысшы-
қызметкерлерге: орташа еңбекақысының 80 пайызы мөлшерінде;
- үздіксіз еңбек стажы 8 жылдан артық жұмысшы-қызметкерлерге: орташа
еңбек ақысының 100 пайызы мөлшерінде.
Барлық кәсіпорындарда еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша
жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлер бұл белгіленген уақыт
аяқталғаннан кейін жұмысқы шыққан күні еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы
дәрігерлік парақшасын ұйымның тиісті бөліміне (әдетте бухгалтерияға)
тапсыруы тиіс. Осыдан кейін бұл парақшаның тиісті жерлері толтырылып, ол
жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы есептеледі.
Кәсіпорында еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына
жағдайларда төленбейді:
- өзіне берілген және басқа да міндетті атқарудан бас тартып өз
денсаулығына зиян келтірген, сондай-ақ өтірік ауырған жұмысшылар мен
қызметкерлерге. Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленіп қойған
болса онда сот шешімімен жәрдемақы қайтарылуы тиіс;
- еңбекке уақытша жарамсыздығы жұмысшылар мен қызметкерлердің ішімдік
ішіп мас болуы салдарынан болса;
- еңбекке уақытша жарамсыздығы қылмыс салдарынан болған жағдайдағы
зақымданудан болса;
- өз бетінше емделген жұмысшы қызметкерлерге.
Бұл жоғарыда айтылған жәрдемақылардың барлығы да жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбекақы қорының құрамына кіргізілмейді.
2.1Еңбекақы есептеу тәртібі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері
оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан,
бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде
бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл
алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың
қолдарынын қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек
бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының
дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша
кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептелінеді.
Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның
жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі
емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен кызметкерлері.
2. Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын
ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.
Атқаратын қызметіне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен
қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға
бөлінеді.
Басшылар қатарына – президент, ректор, директор, меңгеруші, тағы
басқалар жатады.
Мамандар қатарына - инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және
тағы басқалары жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және
бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер,
менеджерлер, агрономдар, механиктер, тағы басқалары жатады.
Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың
жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындағы қызмет
атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны – кәсіпорындар мен
ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан
босатуға байланысты өзгеріп отырады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс
уақыты да есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі – кәсіпорындар мен
ұйымдардың мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар
бөлімінде мынадай алғашқы құжаттарды пайдаланады:
• жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;
• басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;
• демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі Т-6;
• жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-8
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның
мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен
қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары,
сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек
кітапшасына төл құжатындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-
2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің
білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы
және жылы, мекен-жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.
Кәсіпорындардағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен
қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір – еңбекақы бойынша есеп
айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі, яғни уақыттағы
ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін
жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі орташа сенын анықтау үшін
жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол
үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын
жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу
бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің
күнделікті сены қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің
деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен
қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күнтізбенің (календардың) әрбір
күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен
30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе
1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса
алғандағы қосынды санды сандық күнтізбенің (календарьлық) күніне бөлу
арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай-ақ басқа да жұмыс
істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің
тізімдегі саны ол күндердің, әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің
сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі
санына теңеліп алынады.
Толық ай жұмыс істемеген ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, сондай-ақ
маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы
орташа саны есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі
(демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен
қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік (календарьлық)
күн санына бөлу арқылы алынады.
Мысалы: кәсірорын пайдалануға беріліп 2002 жылы 23 қаңтардан бастап
жұмыс істейтін болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны бұл
ұйымда мына төмендегідей:
23 қантар күні 403 адам
24 қантар күні сенбі (403 адам)
25 қантар күні жексенбі (403 адам)
26 қантар күні 404 адам
27 қантар күні 403 адам
28 қантар күні 406 адам
29 қантар күні 401 адам
30 қантар күні 402 адам
31 қантар күні сенбі (40 2 адам)
Сонымен қаңтар айында жұмыс істеген қызметкерлердің жалпы саны бұл
кәсіпорын бойынша 3627 адам. Осы айдың күнтізбесінде (календарьлық) күн
саны 31 күн Осыдан кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа осы
айдағы саны 362731=117 адам.
Тоқсан бойынша ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны
қаңтар айында 117 адам, ақпан айында 408 адам, наурыз айында 420 адам болды
делік. Осыдан бұл кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсан
бойынша саны 315 адамға тең болады, яғни
(117+408+420)3=315
Ескерту: егер ұйым наурыз айынан бастап жұмыс істеген болса, онда
ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсан бойындағы орташа саны
140 адамға тең болады, яғни
4203=140
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша бір жылдық орташа саны
осы жылдағы барлық айлардағы олардың тізімінің орташа санының қосындысын 12-
ге бөлумен анықталады. Егер кәсіпорын толық жыл бойы жұмыс істемеген болса,
онда жұмыскерлердің тізімдік орташа саны жұмыс істеген айлардағы олардың
сандарының қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады.
Ескерту: жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша орташа
еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін
орташа еңбекақы және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға
қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.
Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық
тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір санаттарына
(категорияларына) жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай
жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:
• жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ
бала асырап алған әйелдер;
• заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер
адамдар);
• оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған, немесе
сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, сондай-ақ жоғары және арнаулы
оқу орындарына түсуге емтихан тапсыру үшін еңбекақысы сақталмай
жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;
- әкімшіліктің ұйғарымы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен
жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар.
Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар
мен қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай
үйлесімді (пропорционалды) түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс
істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген
адамкүні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс
істеген сағатына, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан
кейін барлық жұмыс істегенсағатын, күнін, айлық күнтізбелік күнге бөлу
арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz