Есеп айырысу операцияларының есебі


Мазмұны
Кіріспе
Қандай курстық жұмыс болмасын, оның маңызы мен мақсаты, бағыты және басқа жұмыстардың арасында алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде, яғни басқа курстық жұмыстардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын менің жұмысымның тақырыбы “Еңбек және еңбек ақы төлеу есебін ұйымдастыру” деп аталады. Жалпы, мен өз жұмысымның барысында кәсіпорынның еңбек ақы есебін жүргізу мәселесін қарастырамын.
Жұмысымның мақсаты - еңбек ақы төлеу есебін ұйымдастыру және қосымша жалақыны құжатпен ресімдеу жөне есептеу қамту болып табылады.
Еңбекақы - қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазым нұсқауына байланысты төлем. Еңбек тиімділігін арттырудың әр түрлі ынталандыру жолдары болып, сыйақы, қосымша төлем, кепілді төлем ақы және т. б. болып табылады. Жұмысқа алушы еңбекақы жүйесі мен нысанын Еңбек туралы ережеге сәйкес, нақтылы еңбек жағдайын ескере отырып. Қызметкерлер ережесі бекіткен жұмысшылар және жұмыс уақыты режімі бойынша өздері белгілейді. Аталған ережелер жұмысқа алушыга тек еңбек шартына отыру немесе еңбек режімін ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар шығындар мен төлемдерді негіздеу мақсатында да қажет.
Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша немесе ұжымның жұмыс нәтижесіне байланысты төленеді. Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі заң бойынша белгіленетін төменгі еңбекақы мөлшерінен темен болмауы тиіс.
І- бөлім Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі
1. 1 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері
Нарықтық эканомикада кәсіпорындары арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдері, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептеу 2 нысанадан жүргізіледі.
1. Банк жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен
2. Қолмақол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды айырысу шоттарын;
2) шетелдіқ валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепқе алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
3) бюджеттіқ меқемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістіқ, қоммерциялық қызметтен айналысатын жеқе тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) республиқалық бюджет тұрған меқемелерге бюджеттіқ шоттарды;
5) Ұлттық банқ меқемелерріндегі еқінші деңгейдегі банқтерге қорреспонденттіқ шоттарды ашады.
Қассаесеп айырысу операцияларын банқ арқылы өтқізу мемлеқеттіқ заңды тұлғалардың қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақытылы ссеп айырысуын. жеткізушілердің шоттарының уақытылы төлеуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолмақол ақшасыз аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолмақол есеп айырысу үшін, қолмақол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
- Қолмақол ақшасыз аудару жолымен және қолмақол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
- Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
- Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
- Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру
- Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың баржоғы мен сақталуына бақылау жасау.
- Есеп айырысу - төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақытылы аударылуына, сондайақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
1. 2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі
Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолмақол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шаруашылық субъектісі өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
- шот ашуға арналған өтініш;
- қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка;
- субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
- мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- жарғы мен құрылтай шартының (егер кұрылтайшылар саны 1ден көп болса) көшірмесі.
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
- Қолмақол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолмақол ақша салымының мәлімдемесі ресімделеді.
- Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда - чек ресімделеді.
- Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
- Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда төлем талаптапсырмасы жасалады.
- Шаруашылық істері жөніндегі алқаның (комиссияның) бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу қүжаттарының банкке түсуіне қарай құнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгілмезгіл немесе құн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан көшірме беру жолымен құлақтандыру жасайды. Көшірмеде банк кодтайтын, қатаң түрде белгіленген көрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған көшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (көрреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.
Банктің көшірмесі есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептің тіркелімін өздігінен алмастырады және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Субъектілердің банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берешекті көрсететін пассивтік шот болып табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын керсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты активтік болып табылады. Ақша қаражаттарының калдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен шығару) Кредит бойынша көрініс табады
Банк көшірмесінін үлгісі:
Операцияның
кодтық белгіленуі
Банк көшірмесінің деректері бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 1040шотта жүргізіледі. 1040 - шот бойынша шаруашылық операциялары:
- Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер шотын сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің төлеу сомасына Дт 1040 Кт 1210
- Төлеу мерзімі басталғанда вексель берушінің вексельді өтеуі Дт 1040КТ 1130.
- Еншілес заңды тұлғалар берешекті өтеді Дт 1040 Кт 1220. 1230.
- Жал, займ, қарыздар бойынша алынған % сомасына Дт 1040 КТ 1270.
- Дебиторлық берешек өтелді Дт 1040 Кт 1250, 1280.
- Аккредитивтердің, лимиттелген чек кітапшаларының айдаланылмаған сомалары есеп айырысу шотына есептелді Дт 1040 Кт 1070.
- Ақша қаражаттары кассадан есеп айырысу шотына өткізілді ДТ І040 КТ 1010.
- Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшылардан қолмақол ақшасыз қаражаттары келіп түсті Дт 1040 Кт 5020.
- Алынған несиелер мен займдардың сомасы есеп айырысу шотына есептелді Дт 1040 Кт 30103020.
- Аванс алынды Дт 1040 Кт 3510.
- Алдағы кезеңдер есебіне алынған ақы Дт 1040 Кт 3520.
- Акцияларға, облигацияларға салымдар жасалды Дт 1150, 2310КТ І040.
- Болашақ кезеңдер үшін жалдық ақыны төлеу Дт 1630 Кт 1040.
- Аванс берілді (алдын ала төлем) Дт 1610 Кт 1040.
- Аккредитивке қаражаттар есептелді, чек кітапшасы ашылды Дт 1070 Кт 1040.
- Чек бойынша есеп айырысу шотынан қолмақол ақшалар алынды Дт 1010 Кт 1040.
- Займдар мен несиелерді қайтару (өтеу) Дт 30104010 Кт 1040.
- Акциялар бойынша дивидендтер төлеу Дт 3050 Кт 1040.
- Бюджетке салықтар аударылды Дт 3110, 3130, 3190 Кт 1040.
- Бюджеттен тыс қорларға аударылғаны Дт 3420 Кт 1040
- Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын тұлғаларға, жеткізушілер мен басқа кредиторларға берешек өтелді Дт 3320, 3330. 3310, Кт 1040.
- Несиелер, қарыздар жалдау шарттары бойынша % төленді Дт 33 80 Кт 1040.
- Айыппұлдарды, есімақыларды, тұрақсыздық айыптарын төлеу Дт 7210 Кт 1040.
1040 - шотта көрсетілген операцияларды есепке алу үшін №2 журнал-ордер мен №2 ведомосы көзделген. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша банк көшірмесінің және соларға коса берілетін құжаттардың негізінде жүргізіледі. Құжаттар алдымен әрбір кұн үшін жиынтықтарды сомалау арқылы біртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады (кірістік және шығыстық құжаттар бөлекбөлек), содан кейін №2 журнал- ордерге (1040шоттың кредиті бойынша) және 1040 - шоттың дебеті бойынша №2 ведомосқа жиынтық бір сомамен жазылады.
№2 ведомоста біртектес жинақтамалы шоттар бойынша сомаларды жазудан басқа, ай басындағы сальдо көрсетіледі де, ай ішінде есептелген дебеттік және кредиттік айналымдар ескеріліп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 журнал-ордер мен №2 ведомос бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында бас кітаптағы 1040шотқа көшіріледі.
Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің өтініші бойынша:
а) есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана белігінің болмауына (дербес баланстың бар болуы және т. б. ) әкеп соқтырған субъект қызметі сипатының өзгерісі кезінде;
ә) субъектіні кұрған органның шешімі бойынша;
б) 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.
Шот жабылған жағдайда, сондайақ субъектінің атауы өзгерген кезде шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектерімен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмірін көрсетуге және есеп айырысу шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға міндетті
1. 3. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және мынадай әр түрлі валюталарда:
а) ұлттық;
б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және шектеусіз айырбасталатын) ;
в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы елдердің ұлттық валюталары) ;
г) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу негізінде қолмақол ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
ҚР Ұлттык банкі Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы №206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне" сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады. Шотты ашу үшін заңды тұлғалардың тапсыратыны:
1) Валюталық шотты ашу туралы өтініш,
2) Құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмесі.
- Өкілетті тұлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгісінің үлгілері,
- Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
- Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.
Резидент заңды тұлғалардың валюталық шотты ашуы, жүргізуі және жабуы «Клиенттердің екінші деңгейдегі банктерде банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы №61 Нұсқаулықта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
"Шетелдік валютадағы операциялардың есебі" 9 - БЕСына сәйкес валютада жасалатын мәмілелер шетелдік валютадағы операциялар болып табылады. Мұлдай кезде субъект:
- Мүлікті (тауарлыматериалдык көрларды, негізгі кұралдарды және т. б. айналым активтерін) шетелдік валютага сатып алады немесе сатады.
- Теленуге немесе алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді.
- Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатьш алады немесе сатады, шетелдік валютамен өзіне міндеттеме алады немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.
Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған құнгі Ұлттык банктің бағамына қайта есептелген КРның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар, сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуге тиісті.
Шетелдік валютамен есеп айырысу. әдетте, мынадай нысандарда жүргізіледі:
- Банктік аударым бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке пошта немесе телеграф бойынша салып жіберуімен жүргізілетін есеп айырысу операциясы.
- Құжаттамалық инкассо бұл импортшыдан (телеушіден) ақша сомасын немесе тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде төленетіндігін растауды алуға экспортшының (кредитордың) өз банкіне берген тапсырмасы.
3) Құжаттамалық аккредитив бұл импортшыклиентінің тапсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген банктік ақшалай міндеттеме.
Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай құжаттармен ресімделеді:
а) қолмақол валютаның (түсім, пайдаланылмаған сома, есеп беретін сомалар және басқалар) келіп түсуі Валюталық кіріс - ордерімен ресімделеді;
- қолмақол валютаның берілуі (шығысы) Валюталық шығыс касса ордерімен (тапсырмамен) ;
б) шетелде жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым өтінішімен ресімделеді.
Валюталық шоттар бойынша операциялардың есебі активтік 1050 "Ағымдағы корреспонденттік шоттағы шетел валютасы " шотында жүргізіледі. Мұндай шотты ашу және сол бойынша операциялар жасау КР Ұлттық банкі берген алдын ала рұқсаттың болуын талап етеді. Бұл орайда шаруашылық субъектісі аталған шоттардағы қаражаттардың қалдығы бойынша және басқа да мәліметтер бойынша есептемені КР Ұлттык банкі белгілеген нысанда және мерзімде тапсыруға міндетті. 1050шоттың дебеті бойынша бастапқы қалдық, ақша қаражаттарының түсуі және соңғы қалдық көрсетіледі. 1050шоттың кредиті бойынша субъектінің валюталық шотынан қаражаттардың есептен шығарылуы (аударылуы, берілуі) көрініс табады. 1050шоттың кредиті бойынша операциялар банк көшірмесінің негізінде №2 журналордерге, 1050шоттың дебеті бойынша №2 ведомоске жазылады. Жиынтық айналым мен сальдо ай соңында бас кітапқа көшіріледі.
1050 - шот бойынша шаруашылық операциялары.
- Экспортқа жөнелтілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер үшін шетелдік сатып алушылардан түсім түсті Дт 1050 Кт 1210.
- Әр түрлі шетелдік дебиторлардан берешектің келіп түсуі Дт 1050 Кт 1280.
- Бұрын берілген аванстардың түсуі (қайтарылуы) Дт 1050 Кт1060.
- Шетелдік валютадағы шоттан ел ішіндегі валюталық шотқа келіп түскені Дт 1050 Кт 1060.
- Құрылтайшылардың жарғылық капиталға салымы шетелдік валютамен түсті Дт 1050 Кт 5020.
- Шетелдік валютамен несие, займ алу Дт 1050 Кт 3010, 3540.
- Шетелдік валютамен аванс алынғанда Дт 1050 Кт 3510, 4410.
- Шетелдік валютадағы ақша қаражаттары валюталық шотқа өткізілді Дт 1050 Кт 1020.
- Оң бағамдық айырма Дт 1050 Кт 6250
10. ТМК жеткізуге, жұмыс және қызмет үшін шетелдік валютамен берілген аванс (алдын ала төлем) Дт 1610, 2910 Кт 1050.
11. Шетелдік валюта аккредитивке есептелді Дт 1070, Кт 1050;
- Банктерден қолмақол шетел валютасын алу Дт 1020, Кт 1050.
- Несиелер, займдар берешек өтелді (қайтарылды) Дт 3010 3540 Кт 1050.
- Шетелдік жеткізушілердің шотын төлеу Дт 3310 Кт 1050.
- Өзге кредиторларға берешектерді өтеу Дт 3390 Кт 1050.
- Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешектерді өтеу Дт 33303320 Кт 1050.
- Теріс бағамдық айырма Дт 7430 Кт 1050.
Бағам айырмасының есебі
Валюта бағамының тербелісі бағам айырмасының туындауына себепші болады. №9 БЕСына сәйкес бағамдык айырма бұл шетелдік валютаның бір ғана бірлігін бағам өзгерісі кезінде бухгалтерлік есептің жүйесі мен қаржылық есептемеде көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.
Бағамдык айырма туындайтын жағдайлар: а) импорттық операциялар кезінде тауарларды кедендік ресімдеу мен жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлык немесе КРедиторлык берешектерді қосымша бағалау немесе бағасын кеміту жолымен олар үшін ақша қаражаттарын аудару құндерінің арасында келісімшарттық құнның ұлттық валютадағы баламасы. Субъект 2 000 АҚШ доларына шикізат сатып алған, кедендік ресімдеу құнындағы бағам 1 доллар үшін 75, 3 теңге болған кезде сомасы 150 600 теңге құраған Дт 1310 Кт 3310 150 600 теңге. Төлем құніндегі төлем бағамы 75, 7 теңге Дт 3310 Кт 1050 151 400 теңге (2 000 х 75, 7) . Бағамдык айырма (теріс) Дт 7430 Кт 33 10800 теңге.
Егер төлем құні доллар бағамы 75. 15 теңге болса, онда Дт . 1310 Кт 1050 150 000 (2 000 х 75. 15) . Оң бағамдык айырма болады Дт 33 і 0 Кт 6250 00 теңге.
о) экспорттық операциялар кезінде келісімшарттык құнның сату құны мен ақша қаражаттарының келіп түсуі күндерінің арасындағы ұлттық валютаның баламасы.
Шетелдік сатып алушыға 5 000 АҚШ долларының өнімі жөнелтілді. Кедендік ресімдеудің есеп айырысу ақша құжаттарын жазу күнінде бағам 1 доллар үшін 75, 3 теңге болған. Тауардың кұны 376500 теңге құрап, жөнелтілген өнімнің өзіндік құны 305000 теңге болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz