МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ҚҰНЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

1.1. Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен бағалануы және
есептелінуі

1.2. Материалдық емес активтер қозғалысы және амортизациясы

2. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ҚҰНЫ

2.1 Материалдық емес активтер құнын бағалау

2.2. Материалдық емес активтер бойынша шот жіктемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық
әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін
тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-
техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық
бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің
микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі
сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік
есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына,
әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-
қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық
қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік
есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің
бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық
жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік
есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті
сипатталып, қаржылық жағдайы ашық көрсетіледі.
Микроэкономикалық деңгейдегі даму туралы айтар болсақ, өндіріс
тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі – субъектінің активтерін
пайдалануын жетілдіру, олардың қайтарымдылығын өсіру, олардың тұрақты және
реттелген кеңейтілген ұдайы өндірісін жетілдіру. Бұл кез-келген
шаруашылықтың материалдық және қаржылық ресурстарының шектеулілігімен
тікелей байланысты. Субъектінің активтерін толық пайдалану еңбек
өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа
сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік
береді.
Осыған байланысты активтердің есебі мен экономикалық мазмұнын,
кәсіпкерлік қызметтегі ролі мен орнын дұрыс түсіну оларды тиімді пайдалану
жолдарын анықтау өндірістің экономикалық нәтижелеріне оң әсер тигізеді.
Әр қоғамның өмірінде материалды өндірістен басқа рухани өмір маңызды
орын алады. Адам туылған кезінен бастап ойлауға, шығармашылыққа, ғылым мен
өнер туындыларын жасауға қабілетті болып келеді. Мұндай әрекеттердің
нәтижелері әрбір халықтың, мемлекеттің сонымен қатар жалпы адамзаттың
рухани және интеллектуалдық потенциалын құрайды және арттырады. Ол
жетістіктер интеллектуалдық меншік деп аталады, ал есеп жүйелерінің
мақсатында оларды материалдық емес активтерге жатқызады.
Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы дұрыс әлеуметтік-экономикалық
саясатпен бірге қоғамның алға қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз етеді.
Бұл Қазақстан үшін өте маңызды болып отыр. Елімізде шикізат пен энергия
тасымалдаушыларды сыртқа шығаруға ғана сеніп қоймай, міндетті түрде
ғылымсиымды және күрделі өндірістерді дамыту керек, әлемдік технологиялық
еңбек бөлінісінде өз орнын табуға көңіл бөлу керек.
Материалдық емес активтер Қазақстанның есеп жүйесінде ең алғаш
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қаржы министрлігінің 1991 ж. 1
қарашадағы № 56 бұйрығымен енгізілді. Сол кезге дейін материалдық емес
активтер жалған капитал деп есептелді.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің болмауы
кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінің бұрмалануына ұшыратты. Өндірісте
бірінші рольде тұратын нақты бар капитал – интеллектуалдық меншіктің болуы
теріске шығарылды, ал бұл активтерді мойындап, олардың бағасын білгендер
үшін үлкен пайдаларға қол жеткізуге мүмкіндік болды.

Дамыған елдерде әуендер мен әндер, фильмдер мен кітаптар, күрделі
химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық
таза технологиялар, электронды есептеуіш машиналарға арналған интегралдық
микросхемалар мен бағдарламалық өнімдер сияқты шығармашылық интеллектуалдық
әрекет нәтижелерімен сауда жүргізу басты табыс көзіне айналуда.
Қазақстан Республикасы орын тепкен нарықтық қатынастардың ақиқатын
түсіне отырып, интеллектуалдық меншік мәселелерін реттеудің нормативтік-
құқықтық негізін жасады, адамның шығармашылығының барынша елеулі
объектілерінің мәртебесін анықтады. Бұл саладағы нормативтік құқықтық
актілер жеткілікті базаны қалыптастырады және әлемде белгілі материалдық
емес активтерді толық дерлік қамтиды.
Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінде материалдық емес активтерді
сауатты және дұрыс анықтау, рәсімдеу, бағалау мен есептеу бизнес нәтижелері
мен фирма бағасына тікелей әсер етіп өте маңызды роль ойнайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік
есептегі материалдық емес активтердің алатын орнын қарастыру, олардың
түрлерін, бағалау тәсілдерін, , аудитін жүргізуді меңгеру болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау
барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
материалдық емес активтер туралы әртүлі әдебиеттерді пайдалана отырып,
материалдық емес активтердің экономикалық мәнін айқындау мен нақтылау;
материалдық емес активтердің түрлері мен қолданылу аясын қарастыру;
материалдық емес активтерді есепте тану мен бағалаудың іске асырылуын
меңгеру;
материалдық емес активтердің есебін халықаралық стандарттарға сай
жетілдіру жолдарын қарастыру;
материалдық емес активтердің аудитін жүргізуді меңгеру.

1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

1.1. Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен бағалануы және
есептелінуі

Материалдық емес активтері деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ,
ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір
бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде,
тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе
әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық
уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық
келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді , ұйымдастыру
шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты
жатқызуға болады.Оларға анықтама беріп көрейік:
Лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе
муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға
(электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін
құқықтар;
Бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса
субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;
Патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент
белгілі бір өнімді шығаруға , не болмаса арнайы ерекше процесс пен
технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;
Ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен шығындар,
олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ
кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ
мерзімді алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін)
сақтандыру;
Гудвиль – субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының
сауда сәтіне пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік
балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза
активтерінің жеке-жеке гудвиль фирманың алған нақты бағасы мен таза
активтерінің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма
ретінде қарастырылады. Таза капитал: капитал минус міндеттемелер болып
табылады.
Басқадай (авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға
заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер
– ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе
сәйкестендіруді білдіретін басқалары); Франшизалар – мемлекеттік меншікті
пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін
үкіметтік органдар береді.

Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке
тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі
барысында, сондай- ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда
болады.
Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу)
тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік
актілерде қарастырылған.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша
кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша
анықталады:
• Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан
үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы
екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде
алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша
бағаланады.
• Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған
материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды
пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысыбойынша
бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы
әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы
құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда
акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде
және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген Ноу- Хау деген ұғымды
келтіруге болады.
Ноу- хау деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге
табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен
жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның
өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. Ноу- хау жалпы
патент сияқты болып көрінгенімен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар
патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы
жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп ауқыттарды Ноу-хау- дың
бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа
алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.
Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі
Лицензиялық келісімдер. Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру
немесе сату құнын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл
құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицезиялық келсімдерді
берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген
мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін
орындайды.
Материалдық емес активтердің Программамен жабдықтау деп аталатын түрі
кәсіпорнының алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс
әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.
Патент деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың,
сондай- ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік
тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ащқан адамға, топқа немесе заңды
тұлғаға жаңалылығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат
беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар Патент - деп
кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа)
айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкерлік
патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.
Ұйымдастыру шығындарынан- кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде
жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізу үшін заң орындарына
төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін
төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жұмсалған шығындар
жатқызылады.
Материалдық емес активтердің Гудвиль деп аталатын түрін кейде Фирма
бағасы- деп те атайды. Фирма бағасы немесе Гудвиль материалдық емес
активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші
бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі
кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. Фирма бағасы болып сатылып
алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық
активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде
сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың
баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық жағымды
гудвиль, ал кем болған жағдайда жағымсыз гудвиль деп аталады.

1.2. Материалдық емес активтер қозғалысы және амортизациясы

Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында
біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін,
яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер
бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын
болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай
жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы
ұйымның зияны болып табылады.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың
құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс
шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына
амортизациялық аударым есептелініп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім)
мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану
мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі
кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес
активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда,
амортизациялық аударым (өтілім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның
қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек. Жалпы материалдық емес
активтердің тозуы бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының: Материалдық емес
активтердің амортизациясы,- деп аталатын шоттарында жүргізіледі.
Амортизациялық құн – бастапқы құн минус жойылу құны болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есптеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың
келісімі болмаса;
2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді
нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың
болуына;
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді саналады, егер:
- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
- мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да
табуға болатын болса.
- сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағалар
болса.
Материалдық емес активтерді бағалау:
1) басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған
материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған
нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;
2) кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер
сараптау жолымен бағаланады;
3) жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен
активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн
бойынша көрсетіледі;
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 10-
бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:
• 101 – лицензиялық келісімдер;
• 102- бағдарламалық қамтамасыз ету;
• 103- патенттер;
• 104 – ұйымдастыру шығындары;
• 105 – гудвилл;
• 106 – басқалар;
Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №
1 нысанадағы Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде
көрсетіледі.
Актіде мыналар көрсетіледі:
1. Материалдық емес активтердің дәл атауы
2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні
3. Обьектінің сипаттамасы
4. Бастапқы құны
5. Амортизация нормасы
Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі
түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы
қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады. Амортизацияны
пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану
моделің сипаттау керекі Егер мұндаи үлгі нақты анықталған болмаса,
амортизацияшя теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес
активтердің тиімді қызмет ету мерзімің қарастыру керек. Халыкаралық
стандартқа сәйкес материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық,
баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігін жоғарылатуы мүмкін.
Бұндай жағдайда амортизациялық емес қүнды жазу керек және активтің бағамын
азайтуды көрсететін шығынды мойындау керек. Сату кезінде айырбастауда
немесе материалдық емес активтердің қандаң да басқа жолымен келуі, түсімнен
пайданы сипаттай 'отырып материалдық емес активтің шотымен оның
амортизациялык емес қүны жазылу керек. Материалдық емес активтерде
келесідей бухгалтерлік жазулар жасалынады:
Кейбір материалдық емес активтер физикалық субстанцияда, мысалы,
компакт-дискіде (бағдарламалық қамтамасыз ету ретінде), құқықтық
құжаттамада (лицензия немесе патент ретінде) немесе таспада болуы мүмкін.
Материалдық және материалдық емес элементтері бар актив 16-Негізгі
құралдар IАS Халықаралық стандартына сәйкес есептелу немесе осы Стандартқа
сәйкес материалдық емес актив сияқты есептелу қажеттігін анықтау кезінде
ұйым мұндай элементтердің қайсысының маңызды екені туралы кәсіби ойлауды
қолданады. Мысалы, бағдарламалық басқару арқылы жұмыс істейтін станок үшін
нақты жасалған бағдарламалық қамтамасыз етусіз жұмыс істей алмайтындықтан,
мұндай бағдарламалық қамтамасыз ету станоктың құрамдас бөлігі болып
табылады және негізгі құрал ретінде есептелуі тиіс. Бұл компьютердің
операциялық жүйесіне де қатысты. Бағдарламалық қамтамасыз етулер тиісті
аппараттық құралдардың бөлігі болып табылмайтын материалдық емес актив
ретінде есепке алынады.

2. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ҚҰНЫ

2.1 Материалдық емес активтер құнын бағалау

Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі
құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға
арналма^ан және үзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынадыДЕгер
оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және
егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ҚЕХС) материалдьщ
емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін
өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ
сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер больш табьіладьі] Және іскерлік
пікірден айқын ажыратылады.
Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді
қалыптастыруға, жарияланатын атауларды, клиенттердің тізімі және сәйкес
сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жшу'
Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, үйымдық және
жедел шығындар айтарлықтай кең тараған мате-риалдық емес активтер болып
табылады.
Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға
жататын және жатпайтын.
Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа
активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкінД

Кейбір айырбастауға жататын және субъектінің іфізметінде айтарлықтай жиі
кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген [^Патент - бұл
занды тіркелген және танылған ерекше қүқық. Патенттік құқық - сырттан басқа
тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті,
бұйымдарды иесіне пайда-лануға, өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік
береді.
Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне не-месе
моделіне сәйкес келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы
нысанда қорғаған кезде ғана патент қызмет көрсетуді қорғайды.
Авторльщ кұкьщ - бұл әдеби, музыкалық шығармалардың өнертапқыштар және
тағы басқа авторларының заңмен қарасты-рылатын, қорғалатын формасы.
Тауар маркалары немесе тауар атаулары - бұл компания-ларға, өнімдерге
немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын
ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар
ңақты бағытты және нақты қызметті пайдалану қүқығын иелену үшін шаруашылық
субъекті-лерінің мемлекеттік меншікті пайдалану құқығын иелену немесе
коммуналдық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен үсынылады.
Жалға алынған меншіктің қүнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған
меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің дебет шотына жатады. Жал
меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға
алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына
амортизациялануы немесе осы мерзімдердің кайсысы қысқарақ болуына
байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бблек сатылуы мүмкін
емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген.
Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар:
олар үзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай
иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке
идентификация-лануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды.
Мерзімі ұзартылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік ссепте болашақта
табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шыгын-дир деп атайды. Олар баланста
алдын ала төленген үзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Мерзімі
ұзартылған шығындар фи-зикалық формасы жоқ үзақ мерзімді активтер ретінде
жіктеледі.
Үйымдык; шығындар - бұл қызметті ұйымдастыру кезінде пайда болатын
шығындар.

Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі
қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, актив терді сатып алумен
байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады.
Сатып алу кұны - бүл барльщ төлемдер немесе алынған активтердің ағымдағы
нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды
сұраққа материалдық емес активтерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы материалдық емес активтерді бағалау және есептен шығарылу есебі
Материалдық емес активтерді есепке алу
Материалдық емес активтердің есебі
Материалдық емес активтер сипаттамасы
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Іскерлік бедел сияқты материалдық емес активтердің мұндай түрі
Материалды емес активтер есебі
Материалдық емес активтер аудиті туралы
Кәсіпорынның материалдық емес активтер есебін және аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Пәндер