Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және есеп міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда, нарықтық экономика заманында, біздің алға қойған
негізгі мақсатымыз – туған жерімізді жан-жақты, оның ішінде экономикалық
жағынан дамыту, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу
болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті
экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін (2004жылғы 19-наурыз),
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында (18-
ақпан, 2005ж.), Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан (28-ақпан, 2007ж.),
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты (ақпан, 2008ж.) сияқты барлық Жолдаулары мен Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі, Қазақстан-2030
Стратегияларындағы басты басымдылық – Қазақстанды бәсекеге қабілетті елге
айналдыру, ол үлкен мақсатқа жету үшін шағын және орта бизнесті дамыту алға
қойылуда. Ал ол үшін бизнестегі бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастырудың
маңызы зор, оның ішінде негізгі құралдар есебінің дұрыс ұйымдастырылуы сол
бизнесті ілгері жылжытушы болып табылады. Бизнестің жылжу бағыты ондағы
техника мен технологиялардың халықаралық экономикалық талаптарға сай
болуымен тікелей байланысты. Себебі, шаруашылықтағы негізгі құралдар
неғұрлым озық әрі барлық талаптарға сай келетін болса, соғұрлым көп пайда
түсіп, өнімділік артып, барынша бәсеке туындайды. Бұл еліміздің
экономикасының гүлденуіне елеулі үлес қосады. Сондықтан, негізгі құралдар
есебін жан-жақты қарастыру, оның өзектілігін ашу менің ұстанған мақсатым
болып отыр.

І. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктелуі мен бағалануы
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп - өндіріс үдерісінде ұзақ
уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы
түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа,
көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде
біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады.
Көлеміне немесе бағасына қарамастан, пайдалану мерзімі бір жылдан
аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен
қатар, негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын өнім
(тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс
құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін
жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған
машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының
құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге
кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге, жас малдар, яғни мал
төлдері де жатпайды.
Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді.
Өндіріс процесі өндіріс құрал-жабдықтарының қатысуымен ғана жүзеге
асырылады. Өндіріс құрал-жабдықтары келесідей жіктеледі (Қосымша №1):
❖ Еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар);
❖ Еңбек құралдары (станоктар, машиналар).
Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың
өндіріс процесінде атқаратын рөліне байланысты анықталады. Мысалы, зауытта
дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнатуға
сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды
келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып саналады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі №16 халықаралық қаржылық есеп
стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт бойынша, негізгі құралдар
- бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ
өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы
(бір жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Бұл стандарт
негізгі құралдар есебін жүргізудің субъектіге жататын меншік құқығын,
шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құралдарға жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер,
ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты,
қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер),
көлік құралдары, жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар
мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, өндірістік және шаруашылық
құрал-саймандар, шаруашылық мүлік, жұмысшы және өнім беретін малдар, арнайы
құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай
құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және
т.б.) жатады.
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады,
қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын
жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады, және
өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.
Негізгі құралдар есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу
болып табылады.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған
мақсаттарға жету үшін маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға
өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі,
жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі
бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар төмендегідей
жіктеледі (Қосымша №2):
❖ Өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын объектілер
жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына
(машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету жүзеге асады,
немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).Олардың шамасы мен
техникалық күйіне шаруашылық субъектісінің, жалпы елдегі салалардың
экономикалық қуаты тәуелді. Негізгі өндірістік құралдардың
пайдаланылуын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш - қор
қайтарымдылығы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне
шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді
көрсетеді.
❖ Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар
өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық (тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, ғимараттар, керек-
жарақтар, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелілігіне қарай негізгі қорлар келесідей топтарға бөлінеді (Қосымша №3):
❖ Меншікті - бұл субъектіге тиісті және оның балансында көрініс табатын
негізгі құралдар;
❖ Жалға алынған - белгіленген мерзімге жалдау шарты бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар. Оларды жалға берушінің
балансында есептейді, жалға алушы "Жалға алынған негізгі құралдар"
баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң
немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына
болады. Оларды "Жер", "Үйлер мен ғимараттар", "Меншік және құрал
жабдықтар, өткізгіш қондырғылар", "Көлік құралдары", "Басқа да негізгі
құралдар" шоттарында есептейді.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған
кезде немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу
бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне
өтеді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар 3-ке бөлінеді (Қосымша №4):
❖ Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар;
❖ Қолданылмаған (тоқтатылған) - консервацияға немесе басқа да
себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;
❖ Қорда тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі,
жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор құрайтын
негізгі құралдар.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар төмендегідей жіктеледі (Қосымша
№5):
❖ Инвентарлық (мүліктік) - бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен
заттай санауға, өлшеуге болатын объектілер (үйлер, ғимараттар,
машиналар, жабдықтар);
❖ Инвентарлық емес (мүліктік емес) - бұл пайдаланылатын жер, орман
алқабы және су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы,
яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін
пайдаланылатын жерді өңдеу жалға алынған негізгі құралдарға күрделі
қаржы жұмсау, т.б.)) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсаты мен атқаратын
қызметтеріне қарай келесі топтарға бөлінеді: жер; үйлер мен ғимараттар;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар); машиналар және құрал-жабдықтар (соның
ішінде автоматты машиналар мен құрал-жабдықтар); күш беретін машиналар және
жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары
және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен құрал-жабдықтар; көлік құралдары, құрал-саймандар; өндірістік
мүлік және оның жабдықтары; шаруашылық мүлік; жұмысшы және өнім беретін
мал; көпжылдық өсімдіктер; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі
шығындар; басқа да негізгі құралдар.
Әрбір кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметіндегі негізгі құралдарын
есепке алу үшін бухгалтерлік есеп типтік шот жоспарының төртінші санын
белгілейді. Негізгі құралдар түрлері бойынша келесідей жіктеледі:
❖ 2411 – Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны.
Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы
керек. Ондай акт берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік
объект болып саналады;
❖ 2412 – Үйлер мен ғимараттар - үйлер - бұл мақсаттық бағытта
халықтың еңбек етуіне, тұрғын үйіне, әлеуметтік-мәдени қамтамасыз
етілуіне және материалдық құндылықтардың сақталуына жағдай жасайтын
әлеуметтік сәулет-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект
болып табылады; ғимараттар - еңбек заттарының өзгеруіне байланысы жоқ
қандай да бір функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге
асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (бөгет, көпір,
автомобиль жолы, шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы). Инвентарлық объект
дегеніміз - барлық икемділіктерімен бірге бір бүтінді құрайтын әрбір
жеке ғимарат; барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект
болып табылады;
❖ 2413 – Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина (күш беретін
машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және
реттеу аспаптары; қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар), егер ол
басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген
құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, саймандарды,
керек-жарақтарды, іргетастарды қоса алғанда, инвентарлық, яғни
мүліктік объект болып табылады.
Негізгі құралдардың бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
1. Күш беретін машиналар мен жабдық-машиналар - жылу және электр қуатын
өндіретін генераторлар, әртүрлі қуаттарды механикалыққа, яғни қозғалыс
қуатына айналдыратын машина-қозғалтқыштар (тракторлар, турбинаның бу
қозғалтқыштары, іштей жану қозғалтқыштары, электр қозғалтқыш).
2. Жұмысшы машиналар мен жабдықтар - бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек заттарына механикалық, термикалық және химиялық әсер етуге арналған
машиналар, аппараттар және жабдықтар (токарьлық темір жонғыш станоктар,
насостар, электрлі моторлар, эксковаторлар, грейдерлер).
3. Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зертхана жабдықтары - бұл
өндіріс процестерін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар,
сондай-ақ, зертханаларда пайдаланылатын жабдықтар (дозаторлар,
амперметрлер, микроскоптар, водомерлер, маномерлер).
4. Есептеу техникасы - процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа да
есептеу машиналары).
5. Өзге де машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа да
құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радио желілерінің жабдықтары, өрт
сөндіргіш машиналары).
❖ 2414 – Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған
қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол, су көлігінің қозғалмалы
құрамы). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен
заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады; Инвентарлық
объект - барлық тиісті керек жарақтарымен және керек заттарымен бірге
жекеленген объект.
❖ Өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу
қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан
трансформатор жайна дейін мүліктік объект бола алады;
❖ Құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған және
механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б.
өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын, қысатын
және тығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына
кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады; Инвестициялық
объект - басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар.
❖ Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік
операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін өндірістік
заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және
басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік
арналымы бар басқа да заттар (жұмыс үстелі, верстактар, закрома,
шкафтар). Түгендеу объектісі - қандай да бір инвентарлық объектінің
бөлігі болып табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.
❖ Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелеріне қажетті
заттар (үстелдер, орындықтар, шкафтар, кілемдер және т.б.). Дербес
мәні бар әрбір объект - мүліктік объект бола алады;
❖ Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін малдар - ат, өгіз, түйе
және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін малдар -
мүйізді ірі қара малдар; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен
інгендер; бұғылар, маралдар, саулық қойлар, қошқарлар, ешкілер. Әрбір
ересек мал мүліктік объект болып табылады; Инвентарлық объект - әрбір
ересек жануар.
❖ Көпжылдық өсімдіктер - жасына қарамастан қолдан егілген көпжылдық
өсімдіктер (жеміс-жидек ағаштары, жүзімдіктер, көпжылдық гүлдердің
түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді
қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер толық дамыған өсімдіктерден
(жеміс-жидек бере бастаған) бөлек есепке алынады;
❖ Жерлерді (ғимаратсыз) жақсартуға байланысты күрделі шығындар - бұл
ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына
арналған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау,
жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту).
❖ Өзге де негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт жабдықтары,
мұражай құндылықтары.
Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар 7 топқа бөлінеді, сол
топтар бойынша амортизациялық төлемдердің салықтық нормалары (мөлшерлері)
бекітілген (Қосымша №6):
Негізгі құралдарды басқа заттардан дұрыс ажырата білу керек. Материалдық
активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлық-материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы, кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып
табылатын, өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі
құрал болып есептелінсе, ал сату үшін сатып алынған көлік құралы тауарлы-
материалдық қорлар құрамында есептелінеді. Кәсіпорын өз қызметінде
пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы ретінде алған жер
учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар болып есептелінеді.
Негізгі құралдар есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен,
ағымдағы құнымен, өткізу құнымен, қалдық (жойылу) құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы (тарихи) құны - ол активті сатуға, сатып
алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ
сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылыс кезінде алынған
несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа
пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген
шығындардың жиынтығынан құралады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде
болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын
шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны
ретінде есепке алынады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл кәсіпорынның белгілі-бір
уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып
табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінде және қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілетін негізгі
құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасы шегерілген құны болып
табылады.
Негізгі құралдардың өткізу құны – мәмілеге келуге дайынтәуелсіз екі
жақтың арасында болатын келісім баға.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдардың
пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды
бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және т.б. пайдалануға
болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын
келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдарды сату (өткізу) құны - мәмілеге келуге дайын
тәуелсіз жақтардың өзара айырбастауына мұмкіндік беретін келісім баға.

1.2 Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және есеп міндеттері
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
жөніндегі №16 "Негізгі құралдар есебі" халықаралық қаржылық есеп стандарты
бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты - кәсіпорын меншігіндегі
немесе оның уақытша пайдаланылуындағы негізгі құралдар әдістемесін анықтау,
шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. №16
халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің
негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
- мойындау кезеңі;
- қызмет ету мерзімі;
- амортизация есептеу әдісі;
- кезеңдегі күрделі салым;
- бағалау әдісі.
Негізгі құралдар есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі.
Олардың аналитикалық есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек
жүргізіледі. Түгендеме объектісі деп - өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне
тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек
етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлер мен
ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекелеген немесе
бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып
саналып, белгілі-бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттері:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық төлқұжаттардың, басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық
түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы
және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді
пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру
жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және
модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және
уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел
айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің
деректер қорын дұрыс және уақытында қалыптастыру.
ІІ. ҚАЗЫНА ААҚ-ДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ КЕЛІП ТҮСУІ

2.1 Қазына ААҚ-дағы негізгі құралдардың келіп түсуінің синтетикалық
есебі
Жалпы негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп типтік шот
жоспарының 2-бөліміндегі 2410 Негізгі құралдар шотында жүргізіледі. Бұл
шот – активті, сондықтан кәсіпорындағы негізгі құралдардың көбеюін осы
шоттың дебеті арқылы, ал азаюын осы шоттың кредиті бойынша көрсетеміз.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі
ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады.
Сондықтан, шаруашылық жүргізуші субъектісі Қазына ААҚ әрдайым негізгі
құралдарын жаңартып, оларды сапа мен өнімділік көрсеткіштері едәуір
жоғарыларымен ауыстырып отырады.
Қазына ААҚ-на негізгі құралдар келесі жағдайларда келіп түседі:
I. Сатып алынған негізгі құралдардың есебі.
I. Үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алу.
1. Сатып алу құнына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты кредиттеледі. Дт
2410 Кт 3310
2. Егер пайдалануда болған объектілер сатып алынса тозу сомасына: Негізгі
құралдар шоты дебеттеліп, Негізгі құралдардың амортизациясы және
құнсыздануы шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2420
3. ҚҚС-ты қоса алғанда, жеткізуге байланысты шығындар есепке алынғанда,
Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 3310
4. Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек өтелгенде, Жеткізушілер
мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты дебеттеліп,
Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты шоты кредиттеледі.
Дт 3310 Кт 1030
Егер сатып алу бір қалада және бір күнтізбелік ай ішінде жүргізілсе,
онда бухгалтерлік жазбаны 3310 Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек шотында көрсетпестен жүргізуге болады, яғни
Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Кассадағы теңгемен ақша қаражаты,
Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты шоттары кредиттеледі:
Дт 2410 Кт 1010 1030
Құжаттар бойынша тозу сомасына Негізгі құралдар шоты дебеттеліп,
Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2420
Бұл тәртіп бұзу болып саналмайды, өйткені ол қаржы нәтижелерінде
көрсетілмейді. Өзге қалалық есеп айырысу жағдайында бухгалтерлік жазбаларды
3310 Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
шоты арқылы жүргізуге болады, егер үйлер мен автокөліктер жаңа болса, онда
тозу операциялары болмайды. Егер негізгі құралдар нарықтық бағасы бойынша
сатып алынса, онда ол негізгі құралдың бастапқы құны болып саналады.
II. Қазына ААҚ-мен сатып алынған басқа да негізгі құралдар (бухгалтерлік
жазбаларды ақша шоттарымен жасауға болмайды, өйткені есепке алуға арналған
ҚҚС бөлініп көрсетіледі).
1. ҚҚС-сыз салық шот-фактураларына сәйкес келісім құнына: Негізгі
құралдар шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 3310
2. Ұсынылған шот бойынша ҚҚС сомасына: Қосылған құн салығы шоты
дебеттеліп, Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек шоты кредиттеледі.
Дт 1420 Кт 3310
3. Төлем фактісіне қарамастан ҚҚС-ты есепке алу (бюджетке ҚҚС бойынша
төлемдерді кеміту). Кіріске алу сәті бюджет алдындағы берешекті кемітуге
ҚҚС-ты жатқызу сәті болып табылады. Бұл операция барысында Қосылған құн
салығы шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек шоты кредиттеледі.
Дт 3130 Кт 3310
4. Жеткізушіге төленгенде: Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек шоты дебеттеліп, Кассадағы теңгемен ақша қаражаты,
Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты шоттары кредиттеледі.
Дт 3310 Кт 1010 1030
Егер алдын-ала төлем жүргізілсе:
1. Жүргізілген алдын-ала төлемнің сомасына: Аяқталмаған құрылыс шоты
дебеттеліп, Кассадағы теңгемен ақша қаражаты, Ағымдағы банктік
шоттардағы теңгемен ақша қаражаты шоттары кредиттеледі.
Дт 2910 Кт 1010, 1030
2. Негізгі құралдың келісім құнына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп,
Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты
кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 3310
3. ҚҚС сомасына: Қосылған құн салығы шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты кредиттеледі.
Дт 1420 Кт 3310
4. ҚҚС есепке алуда: Салық бойынша міндеттемелер бөлімінің Қосылған құн
салығы шоты дебеттеліп, Ағымдағы салықтық активтер бөлімінің Қосылған
құн салығы шоты кредиттеледі.
Дт 3130 Кт 1420
5. Берілген аванстарды (алдын-ала төлемдерді) есепке алуда: Жеткізушілер
мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты дебеттеліп,
Берілген ұзақ мерзімді аванстар шоты кредиттеледі.
Дт 3310 Кт 2910
III. Қазына ААҚ-на объектілер құрылысының нәтижесінде келіп түскен
негізгі құралдар.
Үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, жабдықтарды монтаждау жөніндегі
шығындар мен күрделі құрылысқа сметалармен, сметалық-қаржылық есептеулермен
көзделген басқа да шығындар (құрылыстың мердігерлік немесе шаруашылық
әдіспен жүзеге асырылуына қарамастан) 2930 Аяқталмаған құрылыс шотында
есепке алынады.
Негізгі құралдарды салудың мердігерлік әдісі:
1. ҚҚС-ты қоса алғанда, үйдің құрылысы бойынша сметалық және құрылыс-
монтаж жұмыстары үшін жобалау ұйымы мен мердігерлік-құрылыс ұйымына
есептелген кезде, Аяқталмаған құрылыс шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты кредиттеледі.
Дт 2930 Кт 3310
2. Егер жеткізу тікелей жүзеге асырылса, монтажға берілген жабдықтың
құнына: Аяқталмаған құрылыс шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек, Ағымдағы банктік
шоттардағы теңгемен ақша қаражаты шоттары кредиттеледі.
Дт 2930 Кт 3310 1030
3. Құрылысқа жер учаскесін бөлуге байланысты өтемақы есептелінген кезде,
Аяқталмаған құрылыс шоты дебеттеліп, Өзге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек шоты кредиттеледі.
Дт 2930 Кт 3390
4. Жобалау және мердігерлер ұйымдарының шоттарына төлем жасалынған кезде,
Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты
дебеттеліп, Кассадағы теңгемен ақша қаражаты, Ағымдағы банктік
шоттардағы теңгемен ақша қаражаты шоттары кредиттеледі.
Дт 3310 Кт 1030 1010
5. Жер учаскесін бөлгені үшін өтемақы сомасы төленгенде, Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты дебеттеліп,
Кассадағы теңгемен ақша қаражаты, Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен
ақша қаражаты шоттары кредиттеледі.
Дт 3310 Кт 1030 1010
6. Жұмыстар аяқталғаннан кейін объектіні акт бойынша қабылдау және
пайдалануға беру:
- егер өтемақы объектінің бастапқы құнына енгізілсе, Негізгі құралдар
шоты дебеттеліп, Аяқталмаған құрылыс шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2930
- егер өтемақы сметада көзделмесе, онда құрылысқа байланысты шығындар
ретінде есепке алынады. Бірақ объектінің бастапқы құнына енгізілмеген
шығындар кезең шығындарына жатқызылуы тиіс:
- өтемақы сомасына: Әкімшілік шығыстар шоты дебеттеліп. Аяқталмаған
құрылыс шоты кредиттеледі.
Дт 7210 Кт 2930
- объектілер пайдалануға берілген кезде олардың бастапқы құнына: Негізгі
құралдар шоты дебеттеліп, Аяқталмаған құрылыс шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2930
- жыл қорытындысы бойынша шығындар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылған
кезде, Қорытынды пайда (немесе қорытынды залал) шоты дебеттеліп,
Аяқталмаған құрылыс шоты кредиттеледі.
Дт 5610 Кт 7210
Негізгі құралдарды салуды жүргізудің шаруашылық әдісі:
1. Құрылысқа пайдаланылатын материалдардың құнына: Аяқталмаған құрылыс
шоты дебеттеліп, Шикізат және материалдар шоты кретиттеледі.
Дт 2930 Кт 1310
2. Монтаждауға берілген жабдықтардың құнына: Аяқталмаған құрылыс шоты
дебеттеліп, Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек, Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты шоттары
кредиттеледі.
Дт 2930 Кт 3310 1030
3. Құрылыс жұмысшыларына жалақының есептелуі кезінде Аяқталмаған құрылыс
шоты дебеттеліп, Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек шоты
кредиттеледі.
Дт 2930 Кт 3350
4. Әлеуметтік салық есептелінгенде Аяқталмаған құрылыс шоты дебеттеліп,
Әлеуметтік салық шоты кредиттеледі.
Дт 2930 Кт 3150
5. Орындаған жұмыстары үшін жобалау ұйымының жұмыскерлеріне еңбекақы
есептелгенде Аяқталмаған құрылыс шоты дебеттеліп, Еңбекақы төлеу бойынша
қысқа мерзімді берешек шоты кредиттеледі.
Дт 2930 Кт 3350
6. Негізгі құрал (үй) объектісін пайдалануға беру актісіне сәйкес Негізгі
құралдар шоты дебеттеліп, Аяқталмаған құрылыс шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2930
IV. Негізгі құралдардың өтеусіз келіп түсуі.
1-нұсқа. Егер негізгі құралдар демеушілік көмек ретінде алынса, Негізгі
құралдар шоты дебеттеліп, Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер
шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 6220
Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда
а) баланстық құнына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Өтеусіз алынған
активтерден алынатын кірістер шоты кредиттеледі. Дт 2410 Кт 6220
ә) тозу сомасына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Негізгі құралдардың
амортизациясы және құнсыздануы шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2420
2-нұсқа. Егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан субсидия
түрінде алынса, Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Мемлекеттік
субсидиялардан алынатын кірістер шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 6230
Табыс етілген негізгі құралдар пайдалануда болып, құжаттарында тозу
құны көрсетілсе, онда
а) баланстық құнына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Мемлекеттік
субсидиялардан алынатын кірістер шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 6230
ә) тозу сомасына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Негізгі құралдардың
амортизациясы және құнсыздануы шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2420
Жыл қорытындысы бойынша VI Кірістер бөлімінің шоттарында
көрсетілген табыстар жиынтық табыстың өсуіне жатады, яғни Өтеусіз алынған
активтерден алынатын кірістер, Мемлекеттік субсидиялардан алынатын
кірістер шоттары дебеттеліп, Қорытынды пайда (немесе қорытынды залал)
шоты кредиттеледі.
Дт 6220 6230 Кт 5610
V. Қазына ААҚ-на негізгі құралдардың жарғылық капиталға салым ретінде
келіп түсуі.
1. Жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен негізгі құралдардың
келісім құнына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Салымдар мен пайлар
шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 5030
Егер пайдалануда болған негізгі құралдар келіп түссе және келісім
құны баланстық құнына сай келсе, онда:
а) баланстық келісім құнына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Салымдар
мен пайлар шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 5030
ә) тозу сомасына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Негізгі құралдардың
амортизациясы және құнсыздануы шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2420
VI. Тауар-айырбас операциясы нәтижесінде Қазына ААҚ-на негізгі
құралдардың келіп түсуі (тауар беріліп, орнына негізгі құралдар алынғанда).
1. Босатылған тауарлардың сатып алу құнына: Сатылған өнімнің және
көрсетілген қызметтердің өзіндік құны шоты дебеттеліп, Тауарлар шоты
кредиттеледі.
Дт 7010 Кт 1330
2. Салық шот-фактурасына сәйкес ҚҚС-сыз босатылған тауарлардың келісім
құнына: Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі шоты
дебеттеліп, Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс шоты
кредиттеледі.
Дт 2110 Кт 6010
3. Салық шот-фактурасы бойынша ҚҚС сомасына: Сатып алушылар мен
тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шоты дебеттеліп,
Қосылған құн салығы шоты кредиттеледі.
Дт 1210 Кт 3130
4. Егер құжаттарда тозу сомасы көрсетілсе, алынған негізгі құралдардың
баланстық құнына: Негізгі құралдар шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 3310
5. Қабылдау-өткізу құжаттары бойынша тозу сомасына: Негізгі құралдар
шоты дебеттеліп, Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы шоты
кредиттеледі.
Дт 2410 Кт 2420
6. Алынған салық шоты бойынша ҚҚС сомасына: Өзге қысқа мерзімді
дебиторлық берешек шоты дебеттеліп, Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек шоты кредиттеледі.
Дт 1280 Кт 3310
7. ҚҚС-ты есепке алу кезінде: Қосылған құн салығы шоты дебеттеліп, Өзге
қысқа мерзімді дебитордық берешек шоты кредиттеледі.
Дт 3130 Кт 1280
8. Өзара міндеттемелерді есепке алу кезінде: Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты дебеттеліп, Сатып
алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі шоты кредиттеледі.
Дт 3310 Кт 2110
9. Жыл соңында:
а) шығындар жиынтық табысты кемітеді: Ағымдағы жылдың пайдасы (залалы)
шоты дебеттеліп, Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік
құны шоты кредиттеледі.
Дт 5510 Кт 7010
ә) табыстар жиынтық табысты арттырады: Өнімдерді сатудан және қызмет
көрсетуден алынатын кіріс шоты дебеттеліп, Ағымдағы жылдың пайдасы
(залалы) шоты кредиттеледі.
Дт 6010 Кт 5510
Аталған операциядан алынатын табыс – 5510 шотының кредиттік сальдосы.

Қазына ААҚ-на негізгі құралдар келіп түскен кезде төмендегідей
операциялар жүргізіліп, шоттар корреспонденциясы жасалынады:

№ Шаруашылық операциясының мазмұны Дт Кт
1. Жарияланған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практикасының міндеттері
Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық маңызы
ОҚО бойынша салық комитетінің құрылымы мен басты міндеттері, құқығы мен функциялары
«Қазпочта» Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалына жалпы сипаттама
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Қазпошта АҚ ұйымдастырушылық - экономикалық сипаттамасы
Еңбекақының шығындар есебі
Кассадағы ақша қаражаттары есебі
Тауар қозғалысының аудиті
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Пәндер