Мұнай химия бойынша ақпарат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Химия өнеркәсібі . . . 7

1. 1 Минералдық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі. … . . . 8

1. 2 Хром қоспалары өндірісі. . . . . . 8

2. Химия өнеркәсібінің наны немесе Теңіз күкірті сан тарапқа жол тартуда

. . . . . . 9

2. 1 Күкірт неге керек? . . . 11

2. 2 Химия ғылымының корифейі . . . ……. . 12

2. 3 Мұнай-химия - шикізат шырмауынан шығу жолы20

3 Коллоидты химияның оптикалық қасиеттері . . . 28

3. 1 Азот және фосфор тыңайтқыштарының өндірісі. 29

4 Қорытынды ……… . . . . . . 34

5 Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . 36

6 Қосымшалар

КІРІСПЕ

ХХ және ХХІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылды. Халықаралық шаруашылық байланысы ғаламдық масштабтағы ресурстарды қайта бөлу және өндірістің тиімділігін көтеру құралына айналды, яғни бұл дүние жүзілік металлургия дамуының мынадай тенденцияларына әкелді:

  • дүние жүзілік нарығында ірі біріктірілген компаниялардың рөлін көтеруге;
  • өнімнің нарығында жоғары қосылған құн бәсекелестігінің шиеленісуіне және ішкі саудада ұлттық қорғаныс шараларын қолданудың таралуына;
  • металл өнімдерін өндіру шығындарының төмендеуі бойынша жұмыстарын активизациялау, осы жағдайда өндірістің анағұрлым шығын түрлері аз мөлшердегі салық пен көліктік шығынды қамтамасыз ететін, анағұрлым арзан табиғи және энергетикалық ресурстары, жұмыс күші бар елдерге ауысады.

Химия өнеркәсібінің жаңа салалары даму деңгейі, қазіргі кездегі институт бағындыру дәрежесіндегі көптеген инновациялық-технологиялық жобаларды қолданысқа енгізуге дайындап отыр. Бұл жобалардың жүзеге асуы Ұлттық инновациялық қор мен ҚР ғылыми қорының қаржылық және маркетингті қолдауымен жүзеге аспақ. Жаңа өндірісті меңгеру отандық технологияны шикізаттар мен материалдарды жоғары деңгейде өңдеуге, біздің химия өнеркәсібін дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілетті жасауға септігін тигізеді.

Қазақстандық мұнай химия өндірістерінің үйлесімді құрамын және масштабын анықтау үшін және нақты инвестициялық жобалар әзірленгенге дейін шет елдік мамандар мен сарапшыларды қатыстырумен бірнеше зерттеулер жүргізілді, атап айтқанда, Exxon Mobil және Nexant компаниялары зерттеулер жүргізді, олар Қазақстанда мұнай химия өндірісі дамуының мүмкіндігін және мақсатқа сәйкестілігін атап өтті.

Зерттеулер нәтижелері бойынша Қазақстанда мұнай химия өндірісі дамуының экономикалық және технологиялық негізделген бағыттары анықталды, ол өндірістердің құрылыстары инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін сәйкес заңнамалық және нормативтік құқықтық негіз құрылды - Үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасының 2008-2013 жылдарға арналған мұнай химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасының» жаңа редакциясы бекітілді.

1 Химия өнеркәсібі

Базалық мұнай-химия өнiмiн алу жөнiндегi аталған өндiрiс негiзiнде одан әрi полиэтилен және полипропилен, полистрол, этилбензол және олардан жасалатын түрлi өнiмдер (құбырлар, құрылыс материалдары, химиялық талшықтар, халық тұтынатын тауарлар және т. б. ) өндiру жөнiндегi мұнай-химия кәсiпорындары құрылатын болады.

Арнайы экономикалық аймақтың басымдықтарын дамытудың қалқалау
қағидатымен бiрге пайдалана отырып Атырау облысында Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркiн құру жөнiндегi iс-шаралар әзiрленуде, яғни шикiзаттан газ тарату жөнiндегi қондырғысының оңтайлы схемасы бойынша орналасатын нүктелi географиялық аумақтардың арнайы экономикалық аймағын енгiзу. Арнайы экономикалық аймақтың мәртебесi мен құрылымы дамудың қалқалау қағидатымен бiрге мұнай-химия өндiрiстерiн және мемлекеттердiң қатысу кезiнде тиiстi инфрақұрылымды құру мен дамыту жөнiндегi капиталды қажетсiнетiн инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн барынша қолайлы жағдайлар жасайды.
"Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағын құру кезiнде қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс Ұлттық технопарктiң моделi пайдаланылатын болады.

Химия өнеркәсібінің перспективалық бағыттары Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың перспективалық және басым бағыттарына: экспортқа бағдарланған салалар; елдің шикізат ресурстарына негізделген өндірістер жатады.

Фосфор саласын дамытудың басымдықтары: рудалық базаны дамыту;

Германияда шығарылатын фосфор өнімдеріне («Қазфосфат» ЖШС-нің қазақстандық брендін құру) ;

«Қазфосфат» ЖШС-і, Жаңажамбыл фосфор зауыты филиалының кәсіпорындарын жаңғырту, қайта жаңарту;

электротермадан фосфор қышқылын гидрометаллургиялық әдістермен (бұл әдіс Кингисепп қаласы фосфорит ӨБ-де сынақтан өтті) алуға бірте-бірте көшуді қарау;

қосылған құны жоғары - триполифосфат, фосфор қышқылының тұзы өнімдерін ұлғайту;

бес күкіртті фосфорды, майлау майлары мен флотореагенттерге қоспаларды ұйымдастырудың мүмкіндігі;

фосфор өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеуге қосу;

химиялық реагенттер (тұз тұнбасының ингибиторларын және т. б. ) ;

шығаратын кәсіпорындар мұқтаждықтары үшін полимерлік фосфаттар өндірісін құру [1] .

1. 1 Минералдық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі.

Минералдық және оргоминералдық минералдық тыңайтқыштар саласындағы минералдық және оргоминералдық тыңайтқыштар саласын дамытудың басымдықтары:

минералдық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту;

күкірт қышқылы мен аммиак өндірісі бойынша қуаттылықтарды құру;

халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекеге қабілетті минералдық тыңайтқыштар сортоменттерін кеңейту;

фосфориттерді, минералдық тыңайтқыштар алудың ескірген технологияларын олардың бәсекеге қабілетін көтеретін инновациялық технологияларға ауыстыра отырып, қайта өңдеу технологияларын жетілдіру (аммонданған калцийфосфат, аммосерфос, фторсыздандырылған аммофос мен аммофосфат және т. б. ) ;

«Қазфосфат» ЖШС-нің тыңайтқыштар алу саласындағы ҒЗТКӘ әзірлеу;

жаңа буындағы (биологиялық кешенді микробиологиялық органотыңайтқыштық және микротыңайтқыштар) тыңайтқыштар шығару, соның ішінде, қайта өңдеуге теңгерілген шикізатты (қоңыр көмірді) және қайталама қалдықтарды (фосфориттік ұнтақтар, әк қождарын және басқаларын) тарту жолымен, көректік жинақтауыштың жоғары жиынтығы бар көп жақты қолданылатын оргоно-минералдық тыңайтқыштар алша отырып, тыңайытқыштарды шығару жөніндегі өндіріс құру [2] .

1. 2 Хром қоспалары өндірісі.

Химия өнеркәсібінің жаңа өндірістері:

каустикалық сода, тұзды қышқыл және калцийлендірілген сода импортын алмастыратын отандық химиялық өндірістер құру;

жаңа буынның шикізаттық негізін пайдалана отырып, ішкі рыноктың толығуын қамтамасыз ету үшін тұрмыстық химияның гигиеналық қауіпсіз түр түрлілігін жасау;

республиканың шикізат базасына негізделген шағын тоннажды химия өнімдерін (сорбенттер, катализаторлар, абсорбенттер, адсорбенттер, поимерлік материалдарға қосымшалар, айрықша таза заттар, ингебиторлар, комплектондар т. б. ) құрып, дамыту;

өнеркәсіптік жарылыс заттарының өндірісі үшін шикізаттың арзан көзін алу мақсатында ескірген оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі бағдарлама енгізу;

өсімдіктерді қорғаудың жаңа экологиялық қауіпсіз химиялық құралдарын жасап, дамыту

ҚР Индустрия және сауда министрлігі химия өнеркәсібі кәсіпорындарын тұтынушыларды сақтап қалу үшін өз өнімінің бағасын мейлінше арзандатуға шақырады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі ағымдағы жылы құны 3, 9 трлн теңге тұратын 51 жобаны жүзеге асыруға кірісуді жоспарлауда

Павлодар облысының әкімі орталық мемлекеттік органдарды өңірлердегі индустриялық-инновациялық бағдарламаға қатысты мәселелерді жедел шешуге шақырады

Шығыс Қазақстан облысында электр қуаты мен қоғамдық көлікте қатынау тарифтерінің көтерілу заңдылығын арнайы комиссия анықтау үстінде

Қазақмыс ПЛС дамыту жобалары үшін 2, 7 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыруға қол жеткізгендігін хабарлайды

2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0, 6%-ды құрады

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі химия өнеркәсібі кәсіпорындарын тұтынушыларды сақтап қалу үшін өз өнімінің бағасын мейлінше арзандатуға және шығындарды азайтуға шақырады. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде өнеркәсіп комитетінің төрағасы Мұрат Дәрібаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі [3] .

2. Химия өнеркәсібінің наны немесе Теңіз күкірті сан тарапқа жол тартуда

Теңіз күкіртін пайдалану көлемінің ұлғаюы өндіріс рыногының кеңеюіне және жаңа жабдықтарды орнатуға бөлінген көлемді қаражаттың арқасы екендігі даусыз.

Қазақстанның мұнайлы Солтүстік Каспий өңірінде шетелдік компаниялармен бірлесе отырып, бірқатар перспективалы, кең ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Мұнай өндірісінің артуымен қатар күкірт те қордаланып, жиналуда. Бұл өңірдегі мұнайдың ерекшелігі ілеспе газдағы күкіртті сутегінің молдығында болып отыр. Шикі мұнайды тауарлы күйге келтіру үшін оны тазалайды, нәтижесінде бағалы коммерциялық өнім - элементарлы күкірт алынады. Ал мұндай күкірт шын мәнінде табиғаттың байлығы болып саналады.

Қазақстан мұнайынан алынатын элементарлы күкірт өндірістік орындар үшін аса бағалы шикізат болып табылады. Алайда, осынау бағалы химиялық заттың басым бөлігінің мұнай өндірісі нысандарына таяу маңдағы қоймаларда қордаланып жатқандығы жасырын емес. “Теңізшевройл” кәсіпорны қордаланған күкіртті пайдаға асыру бағытындағы жұмысты жандандырғанға дейін оның экономикалық тиімділігі көрінбеді.

ТШО өз қызметінің алғашқы жылдарында рынокқа сатумен айналысқан жоқ. Күкіртті түйіршектеу және оны экспортқа шығару жобалары, тіпті кесек күкіртті нарыққа шығару бұрынғы Кеңес Одағының химия өнеркәсібінің ыдырауына байланысты мүмкін болмай қалды. Алайда күкіртті қоймада ұстауды (Теңіз күкірті арнайы жабықталған алаңда, “күкірт картасы” деп аталатын әдіспен қатты үлкен блок түрінде сақталады) бұлайша жалғастырудың да шегі болатыны белгілі. Күкіртті блок түрінде сақтау Канада, Мексика, Нидерланды, Польша және Америка сияқты елдерде тәжірибеге енген бірден бір әдіс болатын.

Кесек күкірттің блок түрінде орасан көп мөлшерде жинақталып қалуы (бүгінде “күкірт картасында” 8 миллион тоннадан астам өнім бар) мамандардың үрейін туғызып, қоғамдық пікірді де үдете түсті. Қазақстан Республикасы Үкіметі ТШО-ның алдына жинақталған өнімді жою міндетін қойды. Сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде күкірт қауіпсіз, коммерциялық өнім деп бағаланса да, оның бұлайша сақталуы жергілікті тұрғындар мен экологиялық үкіметтік емес ұйымдарды да жиі мазалайтын болды.

Күкірт төңірегіндегі осындай әңгімелердің, оны “өндіріс қалдығы” санатына жатқызу сияқты қате пікірлердің өрістеуіне байланысты ТШО жан-жақты зерттеу жүргізе отырып, мынадай пікірге келді: тіпті теңіз күкірті рынокты толтырған жағдайда да (әлемдік деңгейде элементарлы күкіртті шығаратын бірден бір ел Канада екендігі белгілі, бұл елде қоймаларда жинақталған шикізат қоры ондаған миллион тонна шамасында) әлемдегі ең таза, бәсекеге әбден лайық өнім болып қалады, оның тазалығы - 9, 999 [4] .

ТШО мүдделі тұтынушылардың талаптарын зерттей отырып, күні бүгін 100 миллионнан астам АҚШ долларын күкіртті түйіршектеу мен қабыршақтауға арналған қондырғы құрылысына бөліп отыр. Өнімнің бірінші түрі, яғни түйіршектелген түрі сұранысқа ие Жерорта теңізі елдері рыногына, ал екінші түрі Қытай Халық Республикасына жөнелтілуде. Кәсіпорынның бұл бағыттағы күш-жігері толықтай өз жемісін берді де. Қазірдің өзінде жылдық өнім көлемі 1 миллион тоннадан асып (2005 жылдың қорытындысы бойынша, 1 млн. 300 мың тоннадан астам өнім өткізілді), кәсіпорын айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

Бүгінде кәсіпорын күкірттің барлық түрін: темір жол цистерналары арқылы жеткізілетін сұйық, пластик қаптарға салынған түйіршектелген, қабыршақталған және кесек (уатылған) күкірттерді қауіпті күкірт шаңына жол бермейтін технологияға негізделген арнаулы темір жол вагондары арқылы жөнелтетін болды. 1990 жылдардың ортасында ТШО-ның қауіпсіздік техникасы жөніндегі мамандарының талабы бойынша, кесек күкірттерді ашық темір жол вагондарымен тасымалдауға қатаң тыйым салынды. Уатылған күкірттерді вагондарға тиеу тек 2002 жылы жүкті көпіршік тектес жабындымен жабу сияқты тасымалдаудың қауіпсіз түрі ұсынылған кезде ғана қолға алынды.

ТШО-ның күкіртті түйіршектеу бағытындағы қазіргі өндірістік қуаты (800 мың тоннадан астам) кәсіпорынның жылдық тауарлы өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Екінші буын зауыты үшін 2007 жылы ол пайдалануға берілген кезде ТШО-ның қуаты жылына 24-25 миллионға жетіп, түйіршектеудің жаңа қондырғылары іске қосылатын болады. Кәсіпорынның маркетинг және тасымалдау бөлімінің болжамы бойынша, күкіртті өңдеу және тұтыну рыногындағы қазіргідей оңды ахуал сақталатын болса, 15-20 жыл ішінде Теңіздегі элементарлы күкірттің қоймадағы қоры (мұнай өндіру көлемінің өсуін ескере отырып) жойылуы мүмкін.

Күкірт - бағалы шикізат. Орыстың ғұлама ғалымы, атақты химик Дмитрий Менделеев күкіртті “химия өнеркәсібінің нанына” теңеді. Сондықтан да ТШО элементарлы күкірттің рыноктағы орнының болашағына үлкен үмітпен әрі сеніммен қарайды. Өнімнің бұл түрінің негізгі тұтынушылары қатарында Қытайдан (сұраныс жөнінде алда) басқа, Тунис, Израиль, Марокко және Жерорта теңізінің басқа да мемлекеттері, сондай-ақ сұйық және кесек күкіртке ынта білдіріп отырған Ресей Федерациясы мен Қазақстанның кейбір аймақтары бар. Көрші Ресей Федерациясында химия өнеркәсібінің қайта жандануына және Қазақстанда химия, минералдық тыңайтқыштар өндірісінің қолға алынуына байланысты болашақта элементарлы күкіртке деген сұраныс көбеймесе, азаймайтыны сөзсіз [5] .

2. 1 Күкірт неге керек?

Бізді қоршаған заттардың ішінде күкірт жоқ емесі шамалы. Мәселен, күнделікті пайдаланып жүрген қағаз, резина, эбонит, шырпы, мата, дәрі-дәрмек, косметика, пластмасса, бояу, тыңайтқыштар мен улы химикаттар, бәрі-бәрі… белгілі дәрежеде күкірт қоспасының нәтижесі. Бір ғана мысал, автомобиль шығару үшін 14 кг. күкірт пайдаланылады. Ешқандай қоспасыз мынаны айтсақ та жеткілікті: еліміздің өнеркәсіптік қуаты әдетте шикізатты тұтынумен айқындалады.

Күкірттің әлемдік өндірісінің басым бөлігі қағаз өнеркәсібіне жұмсалады. Күкірт целлюлоза бөлуде таптырмас дәнекер. Бір тонна целлюлоза шығару үшін, 100 кг. -нан аса күкірт жұмсалады. Элементарлы күкірттің көп бөлігін резина өнеркәсібі де каучук үшін пайдаланады.

Ауыл шаруашылығында күкірт элементарлы түрде және дәнекерлеуші ретінде қолданылады. Сондай-ақ оны минералды тыңайтқыштар және түрлі зиянкестерге қарсы препараттар дайындағанда да пайдаланады. Өсімдіктерге фосфор, калий, басқа да заттар қаншалықты керек болса, күкірт те сондай қажет. Күкіртті топыраққа фосфорит ұнтағымен қоса айдайды. Топырақтағы бактериялар күкіртті тотықтырады, яғни қосылыс нәтижесінде пайда болған күкірт және күкірт қышқылы фосфоритке әсер етіп, өсімдіктер жақсы сіңіретін фосфор қосындысының түзілуіне әкеп тірейді.

Күкірттің негізгі тұтынушысы - химия өнеркәсібі. Әлемде өндірілетін күкірт көлемінің шамамен жартысы күкірт қышқылы өндірісіне жұмсалады. Бір тонна H2SО4 алу үшін, 300 килограмдай күкірт жандыру керек. Химия өнеркәсібіндегі күкірт қышқылының рөлін біздің тағамымыздағы нанмен теңеуге әбден болады. Менделлев кестесіндегі №16 элементтің маңыздылығын дәлелдейтін мысалдар жүздеп саналады. Ең бастысы - күкірт тау-кен, тамақ, тоқыма сияқты өнеркәсіп салаларына аса қажет.

XXІ ғасыр - экзотикалық материалдардың, трансуран, титан сияқты элементтердің ғасыры. Ендеше, баршаға аян №16 элемент өзінің қажеттігін күн өткен сайын дәлелдей бермек. Қазірдің өзінде аса маңызды химиялық өнімдердің 150-інің 88-і құрамында күкірт не оның қосындылары бар [6] .

2. 2 Химия ғылымының корифейі

Кеше химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған V халықаралық Бірімжанов съезі қорытындыланды.

Съезд жұмысы “Минералдық және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеудің бүгінгі көкейкесті мәселелері және экология мәселелері”, “Мономерлердің, синтетикалық және табиғи қосылыстардың химиялық технологиялары”, “Полимерлер: композициялық материалдардың химиясы және химиялық технологиясы”, “Жану үдерісіндегі химиялық физика, наноматериалдар, материалтану, каллоидтар және жоғарғы қабаттар”, “Химия білімінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері” деген негізгі бағыттарда жүрді.

Қазақстандық көрнекті ғалым-химик, республика жоғары білімі мен ғылымының ірі ұйымдастырушысы, шығармашылықтың шыңы іспеттес болған Батырбек Ахметұлы Бірімжанов бұрынғы Самара губерниясының Бузулук қаласында 1891 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Бастауыш білімді әйгілі Алтынсарин мектебінде алып, орта мектепті Қызылордада бітірген. Ол 1928 жылы Халық білімі тәжірибелік институтының (ПИНО) студенттері санатына еніп, 1932 жылы Қазақ педагогикалық институтының химия бөлімін бітіріп шықты.

Әкесі Ахмет Қорғанбекұлы белгілі заңгер, Мемлекеттік Думаның депутаты, “Алаш” партиясының қайраткері, кеңес дәуірінде халықтық әділет комитетінің алқа мүшесі, Қазақстан Жоғарғы сотының мүшесі қызметтерін атқарған. Анасы Гүлжауһар Әлмұхамедқызы Әбілқайыр ханның шөбересі.

Еңбек жолын студент кезінде-ақ бастаған Б. Бірімжанов 1930 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ақмола өңіріндегі Нұра ауданы бойынша сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше өкілі болған, ал 1931 жылы Халық ағарту комиссариатының өкілі ретінде Шалқар ауданында міндетті бастауыш білім беру мен ұйымдастыру ісімен айналысты.

1934 жылғы қаңтардан бастап Б. Бірімжанов Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет етті. Ал 1936 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің аспиранты болып қабылданды. Алғашқы ғылыми ізденістерін профессор С. А. Щукаревтің жетекшілігімен бастады [7] .

ҚазМУ-ға оралған соң Батырбек Ахметұлы осы оқу орнының қабырғасында ассистент, аға оқытушы (1940), доцент (1948), кафедра меңгерушісі (1954), профессор (1965) қызметтерін абыроймен атқарды.

Осыдан 10 жыл бұрын оның 85 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген “Баташ аға” атты кітапта жас ғалымның қырқыншы жылдары “нағыз профессорды” көру мақсатында Мәскеуге барып келуге сұранатыны жайында дерек бар. Ол кезде бұл жай түсінікті еді - Қазақстанда жоғары дәрежелі маман химиктер жетіспейтін. Ал бүгінде ҚазҰУ-дың химия факультетінде аса зор ғылыми әлеует топтастырылған, ондаған профессорлар саны барлық кез келген өзге факультеттегілерден асып түседі. Бұл істе Б. Бірімжанов еңбегінің ерекше екенін айтуымыз керек.

Батырбек Ахметұлының бүкіл ғұмыры химия факультетімен байланысты. Осындағы профессорлық-оқытушылық құрамда және ғылыми іс саласында қызмет ететіндердің көпшілігі - оның әкелік қамқорлығы мен мейірімділігін сезінген адамдар. Бүгінгі көрнекті ғалымдардың жетістіктерінде ол кісінің еңбегі мол. Оның үстіне ҚазМУ-да химияның қазақ тілінде оқытыла бастауы да профессор Б. Бірімжанов еңбегінің нәтижесі. Ол 1940 жылдан бастап ұстаздық қызметпен қатар Қазақстанның химия өнеркәсібі үшін зор маңызы бар ғылыми проблемалармен айналысты. Ә. Б. Бектұровпен бірлесе ізденіп, енді ғана ашылған Қаратау фосфориттерін қышқылсыз қайта өңдеу мүмкіндіктерін зерттеді.

1946 жылы “Қазақстандық шикізаттан термофосфаттарды алудың оңтайлы жағдайлары” деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1952 жылы Балқаштың мыс балқыту комбинатында күкірт натрийін шығарудың үздіксіз өндірісі әдісін ендірді. 1954 жылдан бастап ҚазМУ-дың бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, сонымен бірге 1980 жылға дейін 26 жыл бойы химия факультетінің деканы болды.

Б. Бірімжанов жаңа оқу ғимаратын салуға және факультеттегі сирек элементтер, табиғи қосылымдар, жоғары молекулярлық қосылымдар, коллоидтық химия, жалпы химия, химиялық кинетика және жану сияқты жаңа кафедраларды ашуға барлық күш-жігерін салды. Химия факультеті оның басшылығымен университеттің алдыңғы қатардағы оқыту және ғылыми орталығына айналды. Аталмыш факультеттің саналуан жетістіктері оның деканының есімімен байланысты.

ҚазМУ-дың физикалық-химиялық әдістер зертханаларында Б. Бірімжановтың жетекшілігімен басталған ғылыми-зерттеулер кезінде Ресейдің техникалық ғылымдар академиясының академигі Г. И. Ксандопуло құрған және көп жыл басшылық еткен Жану проблемалары институтында қазір де табысты жалғасуда. Дәл осы институтта 1996 жылы 12 желтоқсанда Б. Бірімжановтың 85 жылдығына орай “Экологиялық таза технологиялар мен материалдар жөніндегі қазіргі проблемалар” атты симпозиум ашылып, ғалымның барельефі бар ескерткіш тақта орнатылды.

1965 жылы Б. Бірімжановқа профессорлық ғылыми атақ берілді, ал 1967 жылы ол “Балқаш өңірінде тұздар түзілісінің физикалық-химиялық үрдістері және оларды пайдалану” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

1970 жылы ол Үкімет қаулысымен Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясының мүшесі және Қазақ Совет Энциклопедиясының химия жөніндегі редакциялық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, 1981 жылы жарық көрген химия саласындағы тұңғыш Қазақ энциклопедиялық сөздігінің редакторы болды. Сол сөздікте Қазақстанда жаңа ғылыми бағыт - химиялық физиканың зерттеле бастағаны ресми түрде мойындалды және жан-жақты баяндалды.

Б. Бірімжанов оқыту әдіскері ретінде де танылған азамат. Он жыл бойы (1963-1973 жж. ) ол Қазақ КСР Білім министрлігінің химия жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесін басқарды, сонымен бірге кеңестік химиктердің ұлттық комитеті (ИЮПАК) жанындағы жоғары білім мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайөңдеу кәсіпорнының бір бөлімшесінде инженера – технолог қызметін атқару
Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел компанияларының қызметтері
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Табиғи мұнай көздері
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
ОА елдеріндегі экономикалық реформалары
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы технологиялық кешендерінің математикалық модельдер жүйесін құру методологиясы
Ауаны зиянды заттармен ластануы
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz