АҚШ табиғатының қорғалмалы жерлерінің жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. Табиғи қорғалмалы аймақтарға жалпы шолу

1.1 АҚШ табиғатының қорғалмалы жерлерінің
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 3

2. АҚШ-ғы жасыл идеялары

2.1 Орындалуға тиісті іс –
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2.2Жаңа
бастамалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
5

2.3 Дайындалып жатқан заң жобасы бойынша іс - әрекет
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... . 6

3. Континеттегі ірі ұлттық парктер

3.1
Канада ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... . 8

3.2 Америка Құрама
штаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

3.3
Мексика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 23

3.4 Коста-
Рика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.. 26

3.5
Панама ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .. 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32

КІРІСПЕ

1872 жылы 1 наурызда АҚШ президенті Улисс Грант көрікті де
әдемі орман алабы Йеллоустоунға ұлттық парк атағын берді.Бұл
қазіргі экология ғылымының пайда болуының алдын алатын,
табиғат байлығын қорғаудың маңыздығын мойындаудың ресми
белгісі еді. Алғашқы ұлттық парк ашылғалы 130 – дай жыл
аралығында ұлттық парк идеясы жүздеген мемлекетті қамтыды.
Сол уақыттан бүгінгі таңға дейінгі аралықта дүние жүзінің
124 еліндегі ұлттық парктер саны 2600 асты. Дүние жүзінің
әр түрлі елдерінде құрылған ұлттық парктердің қорғау тәртібі
әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар,
қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер табиғат ескерткіші
деп бөледі. Қорық – ерекше қоғауды қажет ететін тұқымы құрып
бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи
күйде сақтайтын жер. Ұлттық партердің қорықтардан айырмасы –
мұнда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі
бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын
ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын
орындар.

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Жоғарыда
алғашқы ұлттық партің пайда болған жері АҚШ делінген
болатын. Яғни АҚШ табиғатты қорғауға көңіл бөліп, қорғалмалы
аймақ құруға ынтасын білдірген алғашқы мемлекет. Ал қазір,
бүгінгі таңда мұндағы ұлттық парктердің жағдайы қандай?
Сонымен қатар қандай іс – шаралар жүргізіліп жатқанын. Ірі
ұлттық парктерді толығымен қарастырып және ол қандай
деңгейде екенін жан-жақты талдап, зерттеп білу. Ондағы
табиғатты қорғау жүйесіндегі артықшылықтарды ескеріп, өз
елімізге ұсыну.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде табиғи қорғалмалы
аймақтарға анықтама жазып, олардың айырмашылықтарын атап
өттім. АҚШ табиғатының қорғалмалы жерлерінің жүйесінің
күрделілігін қарастырдым. Қорғалмалы табиғи аймақтардың
негізгі бөлігі ұлттық парктер жүйесіне шоғырланған. Жалпы
ауданы 125 мың шаршы шақырымды құрайтын 300 аумақ бар
(Алясканы санамағанда). Ұлттық парктер жүйесі табиғи, тарихи,
рекреациялық топқа кіретін 25 категориядан тұрады.

Екінші бөлімде мен ұлттық парктер туралы АҚШ-ғы
нормативтік актілер мен заңнамаларды сараладым. Яғни, Клинтон
жасыл идеяларды қолдайтынына, басталған істі жалғастыруға
деген ынтасына көңіл аударды. 1996 жылы 22 сәуірде Жер
Күніндегі жолдауында президент Американың ұлттық парктерінің
жағдайын жақсарту жоспарын ұсынады. Ондағы жағдай соңғы он –
он бес жыл аралығында парктердің танымалдығының артуы
(жылына 300 млн келушілер).

Үшінші бөлімде Солтүстік Америка континентіндегі әр
мемлекеттің ірі ұлттық парктерін қарастырдым. Атап айтқанда,
Канада мен АҚШ-ғы Татшеншини-Алсек, Уотертон – Глейшер; Канададағы:
Гро – Морн ұлттық саябағы, Вуд-Баффало, Канадалық Сеңгір таулар,
Шет аймақтағы динозаврлар паркі, Гро – Морн; Америка Құрама
Штаттарындағы: Йеллоустоун, Йосемит, Редвуд, Гранд-Каньон, Грейт-
Смоки-Маунтинс, Эверглейдс, Гавайи-Волкейнос; Месикадағы Эль-
Вискайно; Коста-Рикадағы: Кокос аралы, Гуанакасте және де
Панамадағы Дарьен ұлттық парктерін қарастырдым.

1. Табиғи қорғалмалы аймақтарға жалпы шолу

Қорық – ерекше қоғауды қажет ететін тұқымы құрып бара
жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйде
сақтайтын жер. Ұлттық партердің қорықтардан айырмасы – мұнда
өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы
түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын
ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын
орындар.Табиғат ескерткіші сирек, құрып бара жатқан, желдің,
судың, әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи
және мәдени жағынан құнды табиғат объектілерін айтады.
Қорықшада табиғат кешенінің белгілі бір бөлігі ғана немесе
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қорғауға алынады.

1.1 АҚШ табиғатының қорғалмалы жерлерінің жүйесі.

АҚШ табиғатының қорғалмалы жерлерінің жүйесі ерекше
күрделілігімен айрықшаланады. Қорғалмалы табиғи аймақтардың
негізгі бөлігі ұлттық парктер жүйесіне шоғырланған. Жалпы
ауданы 125 мың шаршы шақырымды құрайтын 300 аумақ бар
(Алясканы санамағанда). Ұлттық парктер жүйесі табиғи, тарихи,
рекреациялық топқа кіретін 25 категориядан тұрады. Табиғи
топқа ұлттық парктерден басқа ұлттық резерваттар мен ұлттық
ескерткіштер жатады. Егер де ұлттық парк табиғи кешендері
мен табиғи объекттердің концентрациясын қорғау үшін құрылса,
ұлттық ескерткіште тек бір – екі қонақжай жері болады.
Олардың арасындағы басты ерекшелігі – мекеме тәртібі. Кейбір
жағдайда ескеткіштер ұлттық парк дәрежесіне өтеді. Гранд –
Каньон, Карлсбад үңгірлері, Лассен – Волканик алғашында
ескерткіштер болған. Сонымен қатар Глейшер – Бей мен
Аляскадағы Катмаи да ұлттық паркке ауысқан. 1980 жылы жаңа
“ұлттық резерват” категориясы енгізілді. Ол ұлттық паркке
ұқсас келеді, бір айырмасы браконьерлікке шектеу салынады.
Аляскада аң аулау жергілікті халықтың тіршілік көзі болса
да, мұнда 10 резерват бар, оның 6 – ы ұлттық парктермен
шектесіп жатыр. АҚШ – та кішігірім парктер мен қоғамдық
ұйымдардан басқаларында демалысқа рұқсат етіледі. Тарихи және
экономикалық себептерге байланысты Канадада АҚШ – тағыдан
өзгеше парктер құрылды. Он есе аз халық тығыздығы мен қала
тұрғындарының аздаған үлес салмағының нәтижесінде мұнда
табиғат “рекреациялық шабуылға” ұшырамаған. Канадада ұлттық
парктің 0,54 га жері бір тұрғынға келеді, дәл сол
көрсеткіш АҚШ – та – 0,03.

2. АҚШ-ғы жасыл идеялары

1996 жылы қазанда АҚШ президенті Билл Клинтон сайлаудан
жеңіп, өз лауазымын 2000 жылға дейін ұзартты. Билл Клинтон
мен вице – президент Эл Гор экологиялық прблемаларға көп
назар аударған. Сайлау алды платформасында Клинтон жасыл
идеяларды қолдайтынына, басталған істі жалғастыруға деген
ынтасына көңіл аударды. 1996 жылы 22 сәуірде Жер Күніндегі
жолдауында президент Американың ұлттық парктерінің жағдайын
жақсарту жоспарын ұсынады. Ондағы жағдай соңғы он – он бес
жыл аралығында парктердің танымалдығының артуы (жылына 300
млн келушілер), эколгиялық ауыртпашылықтардың артуы мен
бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты
күрделенуде. Клинтон жоспары 3 тармақ, оның өзі 20 бөлімнен
тұрады:

2.1 Орындалуға тиісті іс – шаралар

1. Экскурсиялық ұшулар. Миллиондаған келушілерге
экскурсиялық ұшулар ыңғайсыздық тудыруда. Бірақ бұл
кейбіреулері үшін паркті көрудің жалғыз мүмкіндігі. Бұл
проблемаға 30 – 40 парк тап болады. Президенттің
секретарьларының пайымдауынша, парктердегі шулы ластану мен
12 жыл аралығында парктің табиғи тыныштығын қалпына келтіру
туралы, министрліктермен бірігіп арнайы құжатты дайындаулары
керек.

2. Тарихи мұраларды сақтау. 1994 – 1997 жыл аралығындағы
тарихи мұралар мен мәдени ландшафтты сақтауға жұмсалған
қаржы 470 млн долларды құрайды. Президент секретарьлары алты
ай ішінде тарихи мұраларды сақтап қалудың дәстүрлі емес
формасы жайлы баяндама дайындауы керек. Баяндамада жеке
кәсіпкерлермен, индивидтермен, ассоциациялармен бірігіп жұмыс
істеуі айтылу керек.

3. Жолдар мен транспорттік жүйелер. Парктің қызметшілері
жолды жөндеп болғанша, ондағы автомобиль саны жағарғы
қарқынмен өсуде. Парктердің транспорттік жүйесін жақсарту
туралы жоспар құру керек.

4. Ұлттық парктер қоры. 1967 жылы Конгресс сыйлықтар
мен көмекақы жинау үшін ұлттық парктер қорын құрған.
Мемлекет пен жекеменшік сектор аралығындағы қарым – қатынасты
жақсартудағы, ұлттық парктер қорының рөлін күшейту туралы 30
күн ішінде арнайы ұсынысын дайындау.

5. Қызмет істеу келісімін қорытындылау өкілеттігі.
Бұндай хұқық жергілікті билік органдары мен экономикалық
бөлімшелері аралығындағы, парктерді сақтау мен қолдау жайлы
келісім – шарт құруға өкілеттік береді. Секретарьлар
парктердің келісім – шарт құрудағы өкілеттіктерін кеңейту
туралы заңды құжат дайындау керек.

2.2Жаңа бастамалар.

6. Парктердегі аяқ баспаған табиғат. Президенттер
Никсон, Форд пен Картер 5 млн акр жерді алып жатқан 17
ұлттық парктердегі аяқ баспаған жері бар ерекше мәртебелі
мекемелерге кеңес берген.

7. Пойнт Рейстегі ұлттық жағалауды кеңейту.Аталған 38 000
акр қорғалмалы аймақты, табиғи көркемдігін сақтау
мақсатында кеңейту жайлы кеңес береді.

8. Тарихи мұраларды сақтау қорының өкілеттігін арттыру.
Ұлттық парктер қызметі штаттарға, көптеген қалаларға,
графстволар мен жергілікті жерлерге тарихи мұраны сақтап
қалуға көмектеседі.

2.3 Дайындалып жатқан заң жобасы бойынша іс - әрекет
жоспары.

9. Ұлттық парктер қызметінің 1997 жылғы бюджеті. 1996
жылмен салыстырғанда бюджетті 181 млн – ға арттыру. Бұл
бірнеше парктердегі экологиялық жүйені қалпына келтіру,
келушілерге қызмет көрстуді жақсарту, тарихи мұралар мен
пайдалы қазбаларды қорғау секілді басталған жұмысты
жалғастыру үшін.

10. Кіру төлемақы жүйесін қайта қарау. Кіру төлемақысы
төмен болып қала беру керек, зейнеткерлерге
жеңілдікпен, ал балаларға тегін болуы тиіс

11. Концессиялық реформа. Жеке компаниялар қонақүй,
мейрамхана, сувенирлі дүкендер, қайықты және атпен
қыдыруды ұйымдастыру кезінде 650 млн долларға қызмет
көрсеткен. Соның біраз бөлігі паркке төленіп, тиісінше
оның біраз бөлігі ғана парк үлесіне тиеді.

12. Ұлттық мұра жүйесіндегі аумақтар мен жер телімдері.
Табиғи және мәдени құндылығы бар территория қайта
қалпына келтіріліп, тек федералды үкіметтің қолына
өтпеуі керек.

13. Бекініс. 1994 жылы Сан – Франциско бекінісі ұлттық
парктер жүйесіне еніп, қорғаныс министрінің
ведомствосынан шығарылады.

14. Толыққанды ормандар. 18 000 акр жерді алып жатқан
Нью – Йорк штатындағы Толыққанды орман атты атауымен
белгілі туристік торап су көзі мен миллиондаған
американдықтар үшін рекреациялық зона көзі болып
табылады.

15. Гейзерді қорғау туралы акт. Йеллоустоун паркінің ең
әдемі көрінісінің бірі Old Faithful гейзері. Бүгінгі
таңда гейзердің нәзік экожүйесіне қауіп төніп отыр.

16. Парк шекарасының минималды өзгерісі.

17. Мұражай құндылықтарын басқару. Ұлттық парктер
қызметінде миллиондаған тарихи объекттер бар. Бұл
құндылықтарға мұражайдағыдай кәсіби басқару деңгейін
қалыптастыру керек.

18. Тұрғын үй мен жалға алу. Егер ұлттық парктер
қызметі жұмысқа жастар арасынан жақсының жақсысын
шақырмақ болса, онда оларды қауіпсіз әрі салауаттыт
тұрғын үймен қамтамасыз ету керек.

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасына кіретін қорықтардың 31-
і Американ континентінде. Бүгінде АҚШ-тың ұлттық парктері
қызметінің беделі әлде қайда белсенді ұйымның келбеті,
бәлкім дүниежүзіндегі ең белсендңсң де болып табылар.
Американың Аляска мен Патагония аралығында созылып жатқан,
Амазонка өзенінің жасыл алабындағы аса бай әрі көп түрлі
ландшафтысы, табиғатының байлығы мақтануға тұрарлық.

Өсімдік не жануарлар дүниесі болсын Американың
қорықтарына тең келерлігі жоқ. Клуэйн, Врангель-Сент-Элиас,
Глейшер Бей және ғаламшарымыздағы ең ірі қорықтың бірі 11
млн. Территорияны алып жатқан Аляска, Юкон және Британ
Колумбиясына тиесілі Татшеншини-Алсек халықаралық парк
кешендерінің кеңістігін елестету жетерлік. Алайда барлық
қолданылып жатқан іс-әрекеттерге қарамастан Америкада да
дамның көптеген экожүйелерге ықпалы байқалады. Амазонканың
ормансыздануы үлкен апаттың келбеті. Мұнда әр жыл сайын
миллион гектар орман тамырынан шабылады. Тек сүтқоректілермен
шектелсек, онда зубр мен ірі жыртқыштар – пума мен ягуардың
аман қалуы екіталай. Көптеген түрлердің аман қалуына
антропогендік факторлар қауіп төндіреді. Ерекше сыртқы
келбетімен аты шыққан аңдар – үшаяқты жалқау, тапир, көгілдір
және сұр кит, ал теңіз алпауыттарына ешқандай зиян
келтірмейтін секілді еді, оларға да қауіп төнуде.

3. Континеттегі ірі ұлттық парктер

3.1 Канада

Клуэйн, Врангель - Әулие Илья, Глейшер – Бей, Татшеншини –
Алсек (АҚШ,Канада)

АҚШ, Аляска, Канада, Юкон және Британ Колумбиясының
территориясында орналасқан. Есепке алу жылдары: 1979, 1992,
1994.

1992 жылы Глейшер – Бей ұлттық паркінің және 1994 жылы
шет аймақтағы Татшеншини – Алсек ұлттық парктерінің қосылуына
орай қорықтың территориясы үлкейді.

Xx ғасырдың басында Клондайктағы алтын елесі американ
орманы туралы аңыз тудырды. Алайда осы кезеңде солтүстік
жүн сатумен айналысатын және шытырман оқиғаның куәгерлерінің
жеріне айналған болатын. Мәселен, Джон Дальтон 1890 жылы
Татшеншини ауданындағы алғашқы болып бағалы тері дүкенін
ашады. Әйтсе де пионерлер заманы өтіп кетті. Аляска әлі де
оның минералды ресурстарын тауысып келе жатқан
корпорациялардың жілігінің майы болып қала беруде. Бұл
аймақта орасан зор мұнай бұрғылануда, ал ол тиісінше
қоршаған айналаға зиянын тигізуі мүмкін.

1990 жылдың басында 50 қоршаған ортаны қорғайтын өкілі
бар Татшеншини Интернешнл атты оппозиция Канада үкіметін
Юкон және Британ Колумбиясының кең территориясын бақылауға
алуға көндірді. Өз кезегінде олар компанияларға әжептеуір
материалды компенсация төлеп тұруды кепілдеді. Сөйтіп 1993
жылы 958000 га қорғалатын аумағы бар шет аймақтағы
Татшеншини – Алсек табиғат паркі қалыптасты. 1 жылдан кейін
өзінің құрамына кіретін Клуэйн ұлттық паркі, Врангель - Әулие
Илья және Глейшер – Бей кіретін дүниежүзілік мұра тізімінің
бір бөлігіне айналды. Австралиялық Үлкен маржан рифін
санамағандағы, 11 млн га жерді алып жатқан бұл парктер
кешені дүниежүзіндегі ең үлкен қорғалатын аймақ болып
табылады.

Канада мен Алясканың шекаралас аймағында ірі тау
сілемдері бар. Полярлы аймақты санамағанда, мұнда ең үлкен
мұздық жүйелері орналасқан. Өзгеше континентальді пейзаж
көркем альпі шалғындарымен және көз жетпес арктикалық тундра
кеңістігімен, фьордтармен, мұздық аңғарлармен, мореналармен
және шиеленіскен Алсек өзенінің су ағынымен алмасады.

Вуд – Баффало(Канада)

1983 жылы есепке алынған. 1500
экземплярға дейін азайған ірі сүтқоректілерді қорғау
мақсатында 1922 жылы Вуд – Баффало ұлттық паркі ашылды.
Бизондардың біразы туберкулез бен бурцелез инфекциясының бір
формасына шалдыққан болатын. Сол себептен малшыларда дерт үй
жануарларына ауып кетеді деген үрей болды. Алайда табиғат
зерттеушілер өз шешімдерін мәлімдеді. Бизондар ¾ ғасыр бойы
бұл аурумен ауырып келеді, бірақта үй жануарларына жұққан
бірде – бір жағдай тіркелмегенін айтты.

Альберта провинциясында орналасқан 48000 км жерді алып
жатқан Вуд – Баффало ұлттық паркінде бизондар жайылып жүруде.
Бір қарағанда парктың территориясы шексіз біркелкі жазық
секілді. Алайда Писривер, Атабаска, Неволничья өзен
әсерлерінен пайда болған ішкі дельта және ең қызықты
карстылы зона Солтүстік Американың табиғатының көрінісін
таңғажайып және қайталанбас етеді.

Мұнда климат континетті, жазы жылы әрі қысқа, ал қысы
ұзақ, суық және қар мен мұз жердің бетін қыркүйектен
маусымға дейін басып жатады. Мұнда қылқан жапырақты ормандар
басым, дәлірек айтқанда шыршалар (Picea glauca, Picea
mariana), қарағайлар (Pinus banksiana), балқарағайлар (Larix
laricina), бірақ сонымен қатар мұнда теректер бар (Populus
balsamifera, Populus tremuloides).

Орман бизоны, парктің “жұлдызы”, расында келгенде гибрид
болып келеді. Себебі популяцияны қайта ұлғайту мақсатында
Канада үкіметі қорғалатын аймақ құрылғаннан кейін бірнеше
жылдан соң мұнда 6000 америкалық бизонды (Bison) жер
аудартқан болатын. Саябақта сонымен қатар сирек кездесетін
американдық тырна (Grus Americana) бар. Қорғаушылардың ұқыпты
қамқорының арқасында тырналардың популяциясы 21 – ден 130 –
ға көбейді.

Жалпы айтқанда Вуд – Баффалода сүтқоректілердің 46 түрі,
соның ішінде барибал аюы (Ursus americanus) және гризли
(Ursus arctos borribilis), қасқырлар (Canis lupus), ақ
түлкілер (Alopex lagopus), бұландар (Alces alces), канада
сілеусіні (Lynx canadensis), канада құндызы (Castor Canadensis)
және американдық күзен (Mustela vison) бар.

Парк территориясынан құс миграциясының төрт жолы өтеді:
мұнда Атабаска көлінің жағалауында тырнадан басқа,
қауырсындылардың 227 түрі жұмыртқалайды. Алайда, мұндай
жағдай қай уақытқа дейін сақталатыны белгасіз, себебі Пис-
Ривер және Атабаска өзендерінің атырауы біртіндеп құрғап
баруда. Өз кезегінде бұл адамның табиғатқа деген әсерінен:
1969 жылдан өзен атырауына су тармақтарын шеттеп жатқан
Беннетт – Дам су қоймасы құрылысының зардабы болып табылады.

Канадалық Сеңгір таулар ұлттық паркі(Канада)

1886 жылы Канада геологтары Қоғамының геологы Р.
Дж. Макконел Берджесс – Шейлден пайдалы қазба кендерінің
органикалық қалдықтарын табады. Қазір бұл аймақта 4 ұлттық
парк (Банф, Джаспер, Кутенай және Йохо) және 3 шет
аймақтағы парктер (Хамбер, Маунт – Эссинибойн және Маунт –
Робсон). Альберта мен Британдық Колумбияның шекараларында
орналасқан саябақ 2 306 884 га жерді алып жатыр.

Тақта тас, доломит, құмдауық пен әктастан құралған
канадалық Сеңгір таулар ұзақ жылдар бойы қалыптасқан:
кембрийге дейінгі кезеңнен бор дәуіріне дейін, олардың
биіктігі 1000-нан 3954 метрге дейін (Маунт – Робсон шыңы).
Сонымен бірге мұнда көлемді мұздықтар бар, соның ішіндегі
ең әсерлісі – Коламбия – Айсфилд.

Континетті климат әсерінен үш зона қалыптасқан – таулы,
субальпілік және альпілік. Олар өз кезегінде биіктік белдеуі
мен атмосфералық жағдайға байланысты ауысып отырады. Түр
тізілімінде 246 мүк түрлері, 407 қына түрлері және 53
бриофиттер бар. Таулы аудандарда орман жамылғысы мен
псевдотсуги Мензис (Pseudotsuga menziesii), ақ шырша (Picea
glauca) және теректер (Populus tremiloides, Populus
balsamifera). 1800 және 2100 метр биіктік аралығында, 115 000
га орман жамылғысы жауып жатқан субальпілік белдеуде
Энгельманна шыршасы (Picea engelmanii), альпілік майқарағай
(Abies lasiocarpa), қарағайлар (Pinus flexilis, Pinus
contorta) бар. Одан жоғарыда альпі патшалығында аласа
өсімдік түрлері бар: аласа тал (Salix arctica) және аласа
қайыңдар (Betula glandulosa), кассиопея (Cassiope tetragona),
күлгін түсті дриадалар (Dryas integrifolia Dryas bookeriania).
Біршама көп тараған сүтқоректілерден - өсімдік типтестер,
олардың арасында қар ешкісі (Oreanos americanus) мен қар
қойы, немесе чубук (Ovis Canadensis). Сонымен бірге мұнда
американдық пищуха (Ocbotona Canadensis), сұр суыр (Marnota
caligata), бұлан (Alces alces), бұғы (Cervus yelapbus
Canadensis), солтүстік америкалық бұғы – карибу (Rangifer
tarandus) және жыртқыштардан - қасқыр (Canis lupus), гризли
(Ursus arctos barribilis), барибал (Ursus americanus),
сілеусін (Lynx lynx Canadensis) мен пума (Felis concolor)
мекен етеді. Құстардың 280 түрінен, атап өтерліктері:
тоқылдақ (Picoides tridactylus), құр (Lagopus leucurus), сұр
жорғаторғай (Perisoreus Canadensis), колумбиялық балқарағай
торғайы (Nucifraga Columbiana) мен әрине бүркітті (Aquila
cbrysaetos) атасақ болады. Сеңгір таулар ұлттық саябағы
жылына 10 млн. Туристті қабылдайды.

Шет аймақтағы динозаврлер саябағы(Канада)

2000 жыл Ред – Дир – Ривер өзенінің жағалауында
қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан, Аьберта провинциясында
орналасқан канаданың тауөндірістік қалашығындағы Тирелладағы
Драмхеллера корольдік музейдің палеонтологтары үшін табысты
болды. Ғалымдар еріктілер мен студенттермен бірігіп
“Динозавр” ғылыми жобасы бойынша дасплетозаврдың
(Daspletosaurus) cүлдесін бұрынғы қалпына келтіру жұмысын
аяқтап, жоғалып кеткен алып жыртқышты тапты. Сауыты алып
жануармен тапталып кеткен, бор дәуірінде мекен еткен
Basilemys тасбақасы табылды. 75 млн. Жыл бұрын саябақ
орнында Бэрпо көлінің маңындағы жазықтық болған. Саябақтың
ауданы 7500 га жерді алып жатыр және 1955 жылы құрылған.
Субтропиктік климат сүтқоректілер, балықтар, амфибиялар,
құстар мен әлем әміршісі – динозаврлардың мекені болып
табылады.

Ботаниктердің көзімен қарайтын болсақ бұл саябақтың
мақтанарлығы көп емес. Тек 1979 және 1991 жылдар аралығында
23 347 үлгі табылды, соның ішінде 35 түрге жататын 300
сүлбе. Атап айтсақ тиранозаврлар, гадрозаврид (Hadrosauri-
dae), орнитомимид (Ornitbomimi-dae) және нодозаврид
(Nodosauridae) тұқымдастар. Жұмсақ климат Американдық антилопа
вилирог (Antilocapra Americana) және бұғылардың (
Odocoileus bemionus мен O. Virginianus) көптеген түрлері.

Жергілікті фауна құрамында құстардың 150 түрі, оның
ішінде жыртқыш құстардан: бүркіт (Aquila cbrysaetos),
мексикалық сұңқар (Falco mexicanus), корольдік канюк (Buteo
regalis) және дербник(Falco columbarius).

Гро – Морн ұлттық саябағы (Канада)

Ұлттық саябақ Ньюфаундленд аралының батыс жағалауын
бойлаған жерді алып жатыр. Саябақ арал мен Лабрадорды бөліп
жатқан Бель – Иль бұғазымен және Әулие Лаврентий шығанағымен
шайылып жатыр. Оның алып жатқан ауданы 180 000 га алқап.
Мұхиттық бриздің әсерінен климат ылғалды болғандықтан,
өсімдіктер жамылғысына бай болып келеді. Олар 36 бірлестікке
бөлінеді. Мұнда сосудистый өсімдіктердің 711  түрі, мүктердің
401 түрі бар, олар Ньюфаундленд өсімдіктерінің 60 пайызын
құрайды. Таулы аудандарда қара қарағай мен еуропалық
шыршалардан құралған ормандар басым болып келеді. Ал
батпақты жерлерде эриканың көптеген түрлері мен шөптесін
өсімдіктерден құралған тундра басым болып келеді. Фаунасына
келер болсақ мұнда солтүстік америкалық карибу бұғысы,
мускусты бұқа, қоңыр аюдың бірнеше түрі және Лонг – Рэндж
тауынын су қоймаларында кездесетін лососьтың бірнеше түрлері
бар. Киттер мен итбалықтар теңіздерді арлы – бері кесіп
өтеді. Фауна құрамында құстардың 235 түрі бар (арктикалық,
солтүстіктік және теңіздік). Алайда браконьерлік пен
аңшылықтың септігінен фауна құрамы азаюда.

Уотертон – Глейшер халықаралық саябағы(Канада, АҚШ)

1932 жылы Уотертон – Глейшер халықаралық саябағын
құру туралы Канада мен АҚШ үкіметінің қол қойған құжатында,
осы екі мемлекеттің татулы қарым – қатынасы мен қызметіне
ерекше назар аударылған. Және де үндістер конфедерациясымен
ынтымақтастық жайлы келісімге келді. Себебі, олар бұл
өңірдің байырғы тұрғындары және де Чиф – Маунтин (Көсем
тауы) массивін өз тайпаларының тұмары деп санаған. Сондықтан
да бұл саябақты “Халықаралық бейбітшілік саябағы” деп
атайды. 52 525 га жерді алып жатқан Уотертон – Лейкс және
Глейшер ұлттық саябақтардың табиғи шекарасы 49 – шы
параллельден өтетін жіңішке көл арқылы өтеді. Бұл екі
ауданның ландшафтысы геоморфологиялық тұрғыдан бірдей болып
келеді. Уотертон – Глейшер саябағының кешені континеттегі үш
су жүйесінің негізінде қалыптасқан. Мұннан су батыс
бағытында Колумбия өзенінің алабына, шығыста Миссуриге және
солтүстікте Саскачеван жазығына ағып барады.

Климаттың әр түрлі жағдайы мұндағы ерекше флораның
қалыптасуына себепкер болды. Олар бес белдеу бойынша
ажыратылады, ішіндегі айтарлықтай маңыздысы – альпілік тундра.
Мұнда қорғауды қажет ететін өсімдіктер өседі, мәселен,
альпілік мак (Papaver pygmaeum) пен қайыңдар басым болып
келетін субальпілік орман.

Фаунасына келер болсақ, ол өзінің көптүрлігі мен
әртүрлілігімен әйгілі. Атап айтар болсақ, сүтқоректілердің
61  түрі, соның ішінде гризли, койот қасқыры мен қоңыр аюдың
200 түрі, құстардың 241 түрі мекен етеді. Қорғалатын
аумақта бұғы, бұлан мен бизондардың миграция дәлізі өтеді.
Жыл сайын бұл жануарлар жүздеген шақырым жерді дәстүрлі
бағыты бойынша жүріп өтеді. Алайда, бүгінгі таңда
жануарлардың аздаған бөлігі ғана олардың арғы тектері жүріп
өткен жермен, саябақтың ауданымен еркін жүре алады. Бәлкім,
бұл қос тұяқтылар табиғаттың шекарасы жоқ деген дәлелді
дәлелдеп тұрған болар.

3.2 Америка Құрама штаттары

Йеллоустоун ұлттық саябағы (АҚШ)

900 000 га алқапты алып жатқан Йеллоустоун ұлттық
саябағында 10000 геотермальді бұлақтар мен 300 гейзер
ошақтары бар, яғни ол дүниежүзіндегі гейзерлердің 23 – ін
құрайды. Йеллоустоун өзені каньоннан ағып өтіп, сарқырамамен
ұласып ауданы 35 400 га, ал периметрі 177 шақырымды құрайтын
аттас көліне барып құяды.

Саябақтың сексен пайызын қарағайы (Pinus contorta) басым
болып келетін орман алып жатыр. Қорғалмалы аймақ 1710 – нан
3463 метр биіктік аралығында орналасқандықтан, өсімдік
белдеуінің әр түрлі болуына себепкер болды. Жазықтықтан
альпілік тундраға дейін сосудистый өсімдіктердің 200 түрі
өседі. Қос тұяқтылардың сегіз түрі – вапити(Cervus elapbus),
қарақұйрықты бұғы (Odosoileus bemionus), бизон (Bison bison),
бұлан (Alces alces), қар қойы (Ovis Canadensis), вилорог
(Antilocapra Americana), қар ешкісі (Oreamnos americanus),
аққұйрықты немесе виргиндік бұғы (Odosoileus virginianus).
Тағы назар аударарлық түрлерге ақ басты ақиық (Haliaeetus
leucocepbalus), ителгі – лашын (Falco peregrinus) мен аққулардың
ішіндегі ең үлкені аққу – кернейші ( Cygnus buccinator).
1930 жылы табындарға шабуыл жасағандықтан жойылған қасқырлар
(Canis lupus), бірнеше жыл бұрын қайта пайда болды. Тек
бірнеше ондаған жылдар өткен соң қос тұяқтыларға зиян
келтіретін қасқырлар, Йеллоустоунның экожүйесінің балансын
реттеудегі маңызы зор екені айқын болды. Сондықтан, 1995
жылы қасқырлар популяциясын көбейту жайлы шешім қабылданды.
Сол 1995 жылы ЮНЕСКО Йеллоустон ұлттық саябағын “Қатердегі
дүниежүзілік мұра” тізіміне қосты. Оған себепкер, алтын,
күміс, мыс өндіретін канадалық компанияның шахта құрылысының
жоспары. Шахта саябақтың солтүстік – шығыс шекарасында бірнеше
шақырымды алуы керек болады және онымен қоса судың
ластануы жабайы жануарлардың жойылуының факторы болар еді.
Президент Билл Клинтонның администрациясы шахта құрылысына
мараторий жариялады. Сөйтіп, саябақ 65 миллион доллар ақшаға
құтқарылды.

Редвуд ұлттық саябағы (АҚШ)

Әлемдегі ең биік секвойя (Sequoia sempervirens) –
112 метр және ол Редвуд ұлттық саябағында өседі. 1933 жылы
секвойя діңіндегі сақиналарды санағанда, олардың саны - 2200
жыл болды. Ұлттық тіркелім мәліметтеріне жүгінсек, алғашқы
секвойя ормандарының 96 пайызы мүлдем жойылған, ал қалған
42 пайызы Редвуд ұлттық саябағының меншігінде (“Редвуд” –
секвойяның жинақталған аты).

44 610 га жерді алып жатқан саябақ 1968 жылы құрылған
және ол өсімдік дүниесінің алыптарын сақтап қалу мақсатында
құрылған. Оған Калифорния штатының 3 саябағы қосылған:
аумағы 2 578 га Дель – Норте – Редвудс, аумағы 4002 га –
Джедедея – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және ТМД елдеріндегі қонақ үйдің пайда болу кезеңдері
Қызылорда облысы арал ауданы туралы қысқаша мәліметтер
Ақыл-ой кемтарлығына ұшыраған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері
Франция туралы
Қонақ үйлерді классификациялау және оның түрлері.
Қонақ үйлердің түрлері
Жер асты байланыс кәбілдерінің желінуі(коррозиясы)
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету
Пәндер