ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І бөлім

ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1. Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.

1. 2. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсат, міндеттері.

1. 3. Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы.

ІІ бөлім

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1. Отбасылық және мектепке дейінгі тәрбие

2. 2. Жалпы білім беретін мектепте, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарында экологиялық білім беру

ІІІ Тәжірибелік бөлім

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.

Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым, екінші жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде, іс -әрекет жасауға бастайтын білім ғ ана шешіп береді.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар президент Н. А. Назарбаев ұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр.

Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың - мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өндірушілердің, саясаткер-лердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік - экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға үйретеді.

Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде окушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез - құлықты, іс - әрекетті қамтамасыз ету.

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім және тәрбие беруді қолма - қол өмірге енгізіп жетілдіру керек. Өйткені табиғаттағы апатты жағдайлар жасынан "Экология-ландырылған" ұрпақтың өсіп жетілуін күтуге, ұзақ мерзімді эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды.

Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру кажет. Ұсынылып отырған ұлттық бағдарлама осы мәселелерді шешу мақсатымен жасалып отыр.

І. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖәНЕ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

1. 1. Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болған. Экология сөзін «Естественная история пройсхождения» атты кітабында ең бірінші қолданған неміс биологі Эрнест Геккель (1986 ж. ) . Экология «ойкос» деген грек сөзі «үй», «баспана» ұғымын білдіреді. Э. Геккелдің айтуы бойынша экология-зоологияның бір тармағы, ал жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық және онорганикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болған. Экологияны жасаған органикалық эволяция туралы оқудың негізін салушы, англия ғалымы Чарльз Дарвин. Дарвиннің анықтауы бойынша, тіршілік үшін күресу ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатысының көп заттардың байланысының түйінделуі деп негізделеді. Экологияның зерттейтін мәселелері - жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы зор.

Сонымен, экология - тірі органикалық тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты. Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа қөзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері аясыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіутер, жанурлар, өзен-көлдер, адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекеттің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жайып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (Химия, мұнай, көмір, АЭС т. б. ) және цемент заводтары өндіретін пайдасы заттардан бәлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі зиян келтіреді, ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға әсер ететін екі факторды атауға болады: Жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс әрекеті.

Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп, көбеюде мысалы, 1990 жылы біздің планетамызда 5, 3 млрд шамада болды. 2000-ы жылы жер бетінде тұрушылар саны 6 млрд шамада болды. Мысалы, Пантелеевтің болжамы бойынша, халықтың өсіп, көбеюі одан әрі жалғасады, ХХ ғасырдың орта кезінде негізінде 10 млрд деңгейін жетіп тұрақтана бастайды. Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілу көптеп қиыншылықтарды туғызады. Мәселен, планетадағы бүкіл халықты тамақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету, оларды жақсы жерлерге орналастыруға, әл-ауқатын үздіксіз жақсарту - бұл әрине, оңай жұмыс емес, міне, бұл жағдай халықтың күні бұрын қалын ойлауды, көптеген іс-әрекеттерін алдын-ала тиімді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды талап етеді.

Қазіргі кезеңдегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелердің бірі-бұл экологиялық білім және тәрбие. Әлемдегі экологиялық деректерді, ғылыми мағұлматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне байланысты. Осыған орай, ең басты міндеттердің бірі - табиғатты қорғау мәселелермен оқушыларды ғылым негінде теориялық білімнің негізі көздері - химия, физика, география, астрономия пәндері. Бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерге терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді. қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру керек. Оқушыларды экологиялық білім негіздерімен қаруландыру үшін осы пәндер бойынша мектеп өзінің мүмкіншілігін еске алып, экология бағдарламасын жасайды. Көрсетілген аймақтар бойынша экологиялық мәліметтерді сол пәндердің негізінде бағдарламаға енгізу керек. Мысалы, география пәні бойынша: жерді қорғау, тиімді пайдалану, орман-тоғайларды, өсімдіктерді қорғау, оларды өрттен т. б. апаттан сақтау; өзен, көлдердің ластануына қарсы күрес жүргізу; ауаның тазалығын сақтау; өндіріс орындарын, топырақ, ауа жағдайларын есепке алып, тұрғын жерлерде дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету.

Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін кейбір теориялық және практикалық мәне бар экологиялық мәліметтерді бағдарламаға кіргізу керек. Оқушылар олармен лекциялар, практикалық жұмыстар, кештер, саяхаттар арқылы танысады. Шамамен осындай әуенді пайдаланып, тікелей эхкологияға қатысы бар пәндер бойынша экология бағдарламасын құруға болдаы.

Енді экологиялық тәрбие жұмыстарының бірнеше түрлерін қарастырайық:

1. Ауыл міндеттерінің оқу-тәрбие учаскесіндегі бағасы ағаштан тұқымының көшектерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді көгалдандыруға пайдалану.

2. Мектеп оқушылары мемелекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі, сонымен бірге ормандарды қорғау және ағаш өндіру жұмыстарына да белсенді қатысады. Олардың негізгі істейтін жұмыстарының түрлері:

-Көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, ұрылардан қорғау, орман-тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу.

-(Көшет) Дәрі өсімдіктерін дайындау, жидан, саңырауқұлақ т. б. жемістерді жинау.

-Пайдалы хайуанаттарды қорғау және олардың есебін алып отыру.

-Фенелогиялық бақылау жүргізу.

3. Оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдардың ғылымымен жүргізіледі. Осы орайда сөз ретінжде мысалы келтіретін болсақ Қазақстанның Оңтүстік және Терістік облыстарының топырағымен ауа райы жағдайында ауыл шаруашылық тәжірибеде жұмыстары әр түрлі тақырыптарда жүргізіледі: «Кубань - 3», «Дубровский - 129» күріш сорттарының өсіміне минералдық және кең қосылған минералдық тыңайтқыштар әсер етуін анықтау, күріш егісінде өсетін аралшөп балдырлары мыс купорасымен жою: Сәбіз егістігіндегі араншөптерді керосин және солер майымен тазалау т. б. Қазақстанның терістік облыстарында мектеп оқушылары егістік дала жағдайында ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын зерттеу мақсатымен тәжірибе жұмысын мынадай тақырыптарға жүргізеді: «Сібірдің тез пісетін помидоры». Сонымен, оқушылар дала жағдайында тәжрибе жұмысын жүргізу кезеңінде әр түрлі аймақтардың топырағы мен ауа райын есепке алып, дәнді және бақша өсімдіктерінің сортынан, олардан түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану жолымен түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану жолымен егістікжерлерде өсетін арамшөппен күрес жүргізу.

4. Оқушылар түрлі табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтық ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы затарды, минералды тоңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшекерлейді.

5. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепке жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, лекциялар, әңгімелер, көрмелер, сайыстар, оқушылардың шығармалары, рефераттар, баяндамалар, табиғатты қорғау тақырыптарында арналған плакаттар т. б. Осылардың бәрі оқушылардың экологиялық мәдениеті санасы жете түсінүіне, табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралдардың бірі.

Егер экологиялық құлың еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей табиғи байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән келтірүге болмайды.

Егер экологиялық құлық еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей табиғи байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды.

Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:

  1. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.
  2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларда жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
  3. Әрбір мектепке экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру. Қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
  4. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрауы, жорықтар, саяхаттар ұйымдастыруы.

1. 2. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсат, міндеттері.

  1. Экологиялық нормалардың ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу.
  2. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
  3. Жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру

а) Әрбір тұлғанын мінез-құлқында

ә) Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда.

б) Экологиялық білімді насихаттауда.

в) Ең алғашқы кәсіби еңбекте.

Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.

Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбиенің мазмұны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.

Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, таған т. б. жасайтын табиғат заттарын қалай пайдалануымен танысады. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағыттарын өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.

Орта біліммен қаруландыру қажет. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыммен білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі қажет. Өйткені өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналасқан аймақ табиғатының ерекшелігін, оның өндірістік жүктемеге орнықтылығын есепке алып қояды.

Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады.

Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуан жұмыстарына қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелермен таныс болуы қажет. Жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру. Сонымен, оқушылардың экологиялық білім дұрыс дүние тану көз қарастарын қалыптастыру.

1. 3. Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы

Қазіргі кезеңде әр түрлі елдер арасында ақыл-ой ресурстарының сапасына деген бәсекелі күрес белең алды. Қоғамымыздың әлеументтік, экономикалық, саяси, мәдени салаларында болып жатқан терең өзгерістер Республика білім беру жүйесіне де ықпал етпей қалмады. Оқыту мазмұнын жетілдіруде, мектептегі оқыту ісін оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға жан-жақты мүмкіндік туды.

Психологиялық - педагогикалық зерттеулер креативтілік ұғымын шығармашылықтың тууы мен қалыптасуына жағдай жасайтын қабілеттер мен ақыл-ой белсенділігінің жоғары деңгейі деп түсінуге негіз болады. Білім берудің креативтік жүйесінің басты мақсаты адамның жасампаздығын «ояту», шығармашылық қуатын арттыру, оны батыл ойлы, өз қабілетіне сенімді, тың идеялар туындатуға білім және оларының табиғатқа зияндсыз болуын ескертетін, шығармашыл өмір салтына құштар етіп тәрбиелеу болып табылады.

Креативті экологиялық білім беру үрдісіне қойылатын маңызды педагогикалық талап - оның үздіксіздігі, сабақтастығы және оқушыны шығармашылық үрдісті өз бетінше басқаруға, белсенді білім алуға тарту.

Крекативті экологиялық білім беру үрдісі әр оқушыға әр бір білім сатысында (мектепке дейінгі мекеме, бюастауыш және орта кәсіптік білім, кәсіби жоғары білім, дипломнан кейінгі білім) қазіргі шығармашылық әдіснамасын игеруге мүмкіндік береді, шығармашылықтың және басқа жүйелердің заңдарын табиғатты қорғауға мақсатты түрде пайдалануды үйретеді, ойлау жүйесін қалыптастырады, бастапқы шығармашылық қуатты дамытып қана қоймай, адамның одан әрі өзін-өзі тани, объективті түрде бағалай біліуіне жағдай жасайды. Шығармашылық іс-әрекетке дайындықтың жоғары болуына әрбір жас деңгейімен білімі мөлшеріне үйлестіріліген күрделі де алуан түрлі психологиялық алғышарттар ықпал ететінін тәжрибе көрсетіп отыр.

Біздіңше, дамыта және проблемалық оқыту (проблемалық, ішінара зерттеушілік, іскерлік ойындар) әдістерін қолдану оқушылардың ойлау белсенділігін арттырумен бірге барынша нәтижесі болып табылады.

Проблемалық оқыту дегеніміз - оқытушы мен студент немесе оқушылардың бірлесе оқу әрі іздену әрекеті, оның барысында ғылымның соңғы жетістіктерін өз бетінше саралау, түсіну және игеру, бұрыңғы қалыптасқан ұғымдарға қайта баға беру ұштасып жатады. Бұл жерде оқыту мен оқу үрдісінің өзара ықпалы шығармашылық ойды, дербес танымды, білімге тұрақты құлшынысты дамытуға бағытталады.

Проблемалық оқытудың мақсаты педагогика ғылымы мен практикасының нақты даму жолындағы зерттеуді және шешімін табуды қажет ететін қиындықтар мен қайшылықтарды көрсете білуден тұрады. Оқытушының, мұғалімнің таланты мәселе қоя білуден емес, оны студенттер мен оқушыларға түсіндіріп, шешімін табуға қызықтыра біәлуден де көрінеді. Осы мақсатта мұғалім немесе оқытушы қойылған мәселеге студенттердің білімділігін қажет ететіндей, аздап қиындық тудыратындай, бірақ тұтас алғанда шешімі табылатын материалды таңдап алады.

Проблемалық оқытудың маңызды элементі проблемалық жағдай тудыру болғандықтан, оның әдіснамасы мен тәсілдеріне назар аудару керек. Қазіргі уақытта экологиялық білім беру дегеніміз - білім беру үрдісінің бөлімі емес, жаңа мәні және мақсаты.

Экологиялық интеррециялық идеялардың ықпалымен бүгінде білім жүйелерінің, формулалық жүйелердің прадижасы қайта қайта қаралуда, жүйесі экологиялықбілім беру қалыптасуда.

Экологиялық білім берудің түпкі мақсаты экологиялық мәдениет, ол адам санасының ғылыми, көркем, эститекалық құқықтық эмоциялық салаларының өзара әрекеті.

  • Практикалық жұмысты ұйымдастыру түрлері: үздіксіз экологиялық білім беру жүйесіндегі ұстанымдардың бірі - мекеме қызметін вертикальді жәнегоризантальді үйлестіру. Ол мемлекеттік - мемлекеттік емес, қоғамдық білім беру бағдарламаларын үйлестіруді білдіреді. Ғылыми - әдістемелік, дидактикалық үйлестіруді практикалық жұмысты экологиялық білім беру қауындастығы жүзеге асырады.
  • Практикалық экологиялық қызмет, оқушылардың практикалық білімін дамытудың үлкен мәні бар. Экологиялық зерттеу және мониторинг деп аталатын іс-әрекет түрінің маңызын ерекше атап өту керек. Практикалық экологиялық қызметтің бұл түріне мұғалімдер мен оқушылардың ортақ күш салуы білім берудің деңгйін көтеріп, ынтаны арттырады, білімнің әлеументтік мәні бар мақсат - мүддесін қалыптастырады, оқу орнының жұмысын көкейтесті етеді, азаматтық белсенділікті күшейтеді.

Практикалық экологиялық қызметтің негізгі бағыттары және іс-шаралардың неғұрлым типтік мазмұны.

Оқу мекемелеріндегі экологиялық білім беру оқушылар мен басқа да қатысушылардың практикалық қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін зерттейтін практикалық сипатқа ие.

Бағыт және кинтингент: Бағыт және кинтингент
Іс-шараның мазмұны: Іс-шараның мазмұны
Бағыт және кинтингент: Экологиялық зерттеу және мониторинг (жоғары сынып оқушылапымен)
Іс-шараның мазмұны: Қоршаған ортаның сапасына баға беру және ондағы өзара қарым-қатынастар проблемалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары мынадай тақырыптармен өткізіледі:ауаның, судың радиациялық жағдайдың сапасы мониторингі, топырақтың жай-күйіне баға беру, кешенді зерттеулер
Бағыт және кинтингент: Экологиялық-өлкетану жұмысы (бастауыш және орта мектеп)
Іс-шараның мазмұны: Табиғи және мәдени мұралар объектілеріне түрлі көріністегі антропогендік қысылсашақтың ықпалын, ұлттың, өлке табиғатының тарихи бейнесінің сақталу факторларын зерттеу. Бұл жұмыс тарихы, дәстүрі бар, табиғи және мәдени мұра объектілері бар аймақта өткізіледі.
Бағыт және кинтингент: Экологиялық-натуралистік (бүкіл-мектеп)
Іс-шараның мазмұны: Жануарлар мен өсімдіктер әлемін бақылау арқылы тірі табиғатты зерттеу, оқу-экологиялық жорықтар ұйымдастырып, бақылау жүргізу, күнделік жазу т. б.
Бағыт және кинтингент: Экологиялық-ағарту жұмысы (экологиялық-үгітнасихат) .
Іс-шараның мазмұны: Экологиялық-ағарту сипатындағы ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау, тарату. Экологиялық бағыттағы мектептер жұмысынан видеофильм жасау. Әртүрлі ресурстарды сақтау, қоқысқалдықтарды жою туралы үндеу қағаздарды ықшамаудан тұрғындарына тарату. «Табиғат аясында жүріп-тұру» туралы, «Темекі тартпайтын сынып», жадынамалар әзірлеу.
Бағыт және кинтингент: Табиғат қорғау жұмысы.
Іс-шараның мазмұны: Қоқыстарды жинау, айналаны тазарту, зиянды экологиялық жағдай жөнінде ақпарат жинап тарату.
Бағыт және кинтингент: Экологиялық туризм.
Іс-шараның мазмұны: Әртүрлі аудандарға экология бағытындағы мақсат міндеттерге негізделген арнайы жоспар ұйымдастыру. Оның ішінде демалыс орындарын құру, маңайын тазарту табиғи объектілердіқалпына келтіру, туған өлкемен танысу т. б. жұмыс мазмұны кіреді.
Бағыт және кинтингент: Көркем-тақырыптық -эстетикалық жұмыс.
Іс-шараның мазмұны: Плакаттардың, суреттердің, күзгі гүлдестелердің, мүсіндердің қалдықтардан және табиғи объектілерден жасалған заттардың тақырыптық байқаулары, музыкалық кештер, табиғат туралы қысқа әңгімелер байқауға, видофильмдер түсіру т. б.
Бағыт және кинтингент: Эргономикалық еңбек жұмыстары.
Іс-шараның мазмұны: Еңбек құралдарын қоса алғандағы жұмыс орнындағы еңбек жағдайын жақсарту туралы практикалық жұмыстар мен акциялар өткізу.
Бағыт және кинтингент: Эргономика - адамның жұмысқа қабілетін, күшін, денсаулығын сақтауға қолайлы жағдай тудырудың, еңбек өнімділігін арттырудың тиімді жолдарын қалыптастыру максатымен еңбек үрдістерін зерттейтін ғылыми пән.

Практикалық экологиялық қызметтің ұйымдастыру түрінде келсек, ол, ең алдымен, үйірмелер, факультативтер, жеке жұмыстар, тақырыптық сынып сағаттары, кеңес беру түрінде сыныптан тыс жұмыстар жүйесінде жүзеге асады.

Сыныптық, сыныптан тас, танымжорық, семинарлар, байқаулар, ата-аналармен жұмыс, т. б. әдістер қолданылады.

2 . ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1. Отбасылық және мектепке дейінгі тәрбие

Қоршаған ортамен танысу, адам мен табиғаттың бірлігін үғыну, табиғаттағы тәртіптің алғашқы дағдыларын қалыптастыру, біздің "кіші жан-жануарларымызға" жауапкершілігімізді сезіну;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Биологияны оқытудағы тәрбие элементтері
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Еңбек тәрбиесі
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz