Ақша төлем құралы ретінде


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қаржы және несие» кафедрасы
«Ақша, несие, банктер» пәнінен
«Ақша. Ақша белгілерінің түрлері, олардың дамуы» тақырыбындағы
«Қаржы» мамандығының 2 курс 1-топтың студенті М. Б. Ниязованың
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ғылыми жетекші: э. ғ. к., доцент
Оналтаев Д. О.
(қорғауға жіберілді) (қорғауға жіберілді)
«» 2010 ж. «» 2010 ж.
(ғылыми жетекшінің қолы) (ғылыми жетекшінің қолы)
Жоспар
Кіріспе . . . 3
I тарау. Ақшаның белгілері, пайда болуы және оның дамыуы . . . 5
1. 1 Несие ақшалары және олардың түрлері . . . 10
1. 2 Ақша айналысы заңы . . . 12
1. 3 Банкноталар мен қағаз ақшалар айналымы жүйесі, оның сипаттамасы . . . 13
ІІ тарау. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері . . . 14
2. 1 Ақша айналысын басқару . . . 17
2. 2 Металл ақша айналысы . . . 18
2. 3 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі . . . 20
III тарау. Қазақстан Республикасының ақша жүйес . . . 22
Қорытынды . . . 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . . . 28
Кіріспе
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 - жылдардың орта шеңіне дейін ТМД - мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір - біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма - қол ақша мен қолма - қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.
Жоспарлы - орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
Қолма - қол ақша да, қолма - қол ақша да емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын-ала бөлуін қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдар ттехникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына ( жалақы, зейнетақы және т. с. с ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.
Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма - қол ақша және қолма - қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма - қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма - қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде директивалық заңдармен реттеледі.
Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді.
Қолма - қол ақша және қолма - қол ақша емес белгілерін тек мембанк монополды құқықпен шығарды.
Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де щұғылданады.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма - қол және қолма қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.
Ал метал ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның ( алтын немесе күміс ) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп - қолма - қол ақша және қолма - қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнмен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма - қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма - қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы дегеғн қолма - қол ақша мен қолма - қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма - қол ақша айналысы және қолма - қол емес ақша айналымынан тұрады.
Айналыста тек қолма - қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер және ұсақ монеталар) айналыста жүркді.
Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма - қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алу және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма - қол ақшаны Ұлттық банк банкнота түрінде эмиссиялайды ( ҚР - ның ақша өлшемі - теңге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма - қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма - қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғаклар болса, ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке тұлға болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма - қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есепетеуіне жұмсалса өзара есептеу, негізінен, қолма - қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым коп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы дивидендтер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және т. с. с. түрінде беріледі.
Қолма - қол ақша негізінен халықтың ақшалай табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін. салық, жарна, сақтандыру төлемі, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен жалгерлік ақы, айып пұл және т. с. с. төлеуге жұмсайды.
Қолма - қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) - ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқару. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін ( 90 % - ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы өлшеулер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе оларды өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
I тарау. Ақшаның белгілері, пайда болуы және оның дамыуы
Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.
- Ақша кұнды өлшеуші ретінде.
- Ақша, айналым кұралы ретінде.
- Ақша төлем құралы ретінде.
- Ақша корлану кұралы ретінде.
- Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.
Ақша құн өлшемі ретінде .
Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы қажетті шығынмен тең. Олай болса тауар өндіру, басқаша кызмет көрсету үшін, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элемнттен тұрады. Біріншісі , жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің өзіндік құнына ауысады. Екіншісі , осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің кұны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік кұнына косылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының кұны да әрбір тауар өндірушілерде бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Алайда кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.
Тауар өндіруші осы тауарды шығару үшін 10 сағат уақыт шығарса, екінші тауар өндіруші 13 сағат жұмсады. Тек, осының салдарынан, бірінші өндірушінің тауарының өзіндік құны 650 теңге болса, екінші өндірушінің тауарынің өзіндік құны 800 теңге болады. Бірақ ол өзінің тауарын 800 теңгеге сата алмайды. Өйткені, мұндай тауардың нарықтық бағасы 700 теңге. Осының нәтижесінде, бірінші өндіруші шығарған шығынын қайтарып, оның үстіне 50 теңге пайда тапса, екінші өндіруші 100 теңге, шығын шекті. Егер осындай тауардың саны жүздеген, мыңдаған болса, пайда да, шығын да соншалық көбейеді.
Ақша айналыс құралы ретінде.
Ақша айналыс кұралы кызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші колға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз козғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, акша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта аспайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал баска нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі акщаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, акшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне кызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс кұралы крызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- Оны идеалды ақшалар емес, накты ақшалар орындайды;
- Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар - ақша белгілері орындайды. Бірақ бұл несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы кызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір-несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер акцианың айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың кұнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы ретінде.
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем акрі түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем кұралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да кызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдері төмендегідей етіп топтауға болады:
- тауарларды және кызметтерді төлеуге ;
- чек акрі төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке к, атысты к, аржылык, міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойыншаборыштық міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелер;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан өзара
айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған кызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның кұн өлшемі және айналыс құралы ретінде кызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы кызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заирі өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол акшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады.
Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде.
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т- А -Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты - таза қазына- формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан акшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттілігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы акшалар материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз акшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында ақша жинау кызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш рөлін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сактандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде монетарлық алтынның қалдығы 4178, 1 млн. теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы кызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы кызмет негізінде олар корлану кызметін жүзеге асырады. Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым кұралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл кызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.
Дүниежүзілік ақша қызметі.
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді.
Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: “Ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді, яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді”.
Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп айырысулардың 80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті . 1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар) . Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.
Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еурапалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі " евро" айналымға шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
1. 1. Несие ақшалары және олардың түрлері.
Несие ақшалары - сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz