Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты


ЖОСПАР
Кіріспе
І Бөлім Ақша және инфлияция теориялары
1. 1 Ақша-қаражат ның пайда болуы, мәні және қызметі
1. 2 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.
1. 3 Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нысандары
1. 4 Есеп айырысу нысандары
ІІ Бөлім ЖКК «» Ақша қаражаттарының есебі ұйым-ру
2. 1 Кассадағы қолма-қол ақшалардың есебі
2. 2 Есеп шоттар айырысу есебі
2. 3 валюта шоттарындағы есебі
ІІІ Бөлім ЖКК «» Ақша қаражаттарының аудиті жүргізу
3. 1 Төлеу циклі мен ақша ревизиясының жергілікті аудитінің стратегиясы.
3. 2 Кассаны және кассалық операцияларды тексеру.
3. 3 Банкілік операцияның жергілікті аудиті
3. 4 Бух есеп ұйым-ру ж/е аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар
КІРІСПЕ
І Бөлім Ақша және инфляция теориялары
1. 1 Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Арестотельұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
ІІ Бөлім Ақша қаражаттарының есебі
2. 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Барлық шаруашылық жүргізуші суъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырадв. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000АЕК - тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін заңды және жеке тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де шетелдік валютаменда жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүхеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек(аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттің, салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырмасын ұсынуды; чектерді беруді; векселдерді немесе олардың индосаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын беруді; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланылады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкасалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы банкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатынсалықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10күн бойы күшінде болады(жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз түрінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данадан толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штап басылып қайтарылады. (1-кесте)
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері(көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңестірілген(идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК) ;
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды(БК немесе КБе) және жіберушілердің коды(ЖК немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі -резиденттік белгісін, ал екіншісі - экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар - аудару жасалған кезде ақша қаражатын алушы;
- банк-алушы - банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген
( идентификацияланған) банктің коды (ЖТБК немесе ИИК) -филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;
- төлем арналымының коды ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үшін символдан (белгілерлден) тұрады;
- бюджкттік класификацясының (жіктемесінің) коды-салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні-ақша қаражатын бенефициярдың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмккін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиілгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар арасында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы; төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын немесе жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозиттермен қамтылған, ал екіншісі -қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чек қолдануға байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банкт өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек беруішінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чкеті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалғандықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсетілетін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чкетің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егерде мынадай жағдайлары анықталса:
- егерде жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса) ;
- чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі - банкте қалса;
екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.
Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немес оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсас болып келеді.
Вексель құжат мәтініне енгізілген, құжат қай тілде тлдтырылса, онда сол тілде «вексель» вексель деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның атауы - тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күні мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауй болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен қатар төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставка) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқа болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде «Бұйрыққа емес» немесе осыған ұқсас мағынада сөз жасалса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына, жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.
Индоссамент қарапайым, алдан ала ешбір келісім-шарт қойлмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойлмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссаент болып табылады. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай немесе индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тиым сала алады. ; бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілседе, ол олардың алдында жауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшін тұрған жерінде ұсына алады.
Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының бір бөлігін аваль арқылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта болады. Аваль берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол «аваль деп есептелсін» деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдің бет жағына авальшінің қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Авальші ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма вексельге ақы төлей отырып, авальші кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға қарсы векселден туындайтын құқықтарды иеленеді.
Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель бреуші аудармалы векселде төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдірген күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған болып есептелінеді.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма вексельді ұстаушы вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып есептелінеді. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол бұл туралы қолхат беруі тиіс.
Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға мәжбүрленбеуі тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем жасауды төлем жасаушы өз тәуекелділігіне алады.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада төлем мерзімі келген күніндегі бағам бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын жергілікті валютада төлеу мерзімі келген бағамен төлеуді талап ете алады.
Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регресиерге өз құқығын төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:
- акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
- егер де төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз болған жағдайда;
- вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп танылса.
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға регрестік талабы вексель бойынша төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту факті куәландыратын актімен расталады.
Вексель беруші аударма векселінің мәнінде көрсеткен ресми қарсылық білдіруден басқа қарсылық білдірген кезде төлеушінің қолы қойылған өтінішпен алмастырылуы мүмкін.
Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауға тағы да басқа қарсылық білдіруден босатады. Бірақ бұл қарсылық алдын ала тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.
Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойдағыдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тиым салынады.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушісін акцептемеу немесе төлем жасайтыны туралы қарсылық білдірген күннен төрт жұмыс күнінің ішінде «шығынсыз айналым» деп хабарланған жағдайда, онда оның қабыл алынуы мүмкін. әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі екі жұмыс күнінің ішінде алдыңғы хабарламаны жібергендердің аттары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссантына, одан әрі вексель берушіге дейін хабарлауға тиіс. Жоғарыда аталған мерзімдер алдыңғы хабарлама алынған сәттен бастап жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық білдірген жағдайда нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz