Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша
Мазмұны
Кіріспе
І. Ақшаның қажеттілігі және түрлері
1.1. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.2. Ақшаның формалары мен түрлері
ІІ. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы даму
2.1. Ақша айналыс құралы
2.2. Электронды карточкаларды қолданудың мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды, олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы обьективті
алғышарттарды құрайды . Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындамаса,
онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес , өйткені оның қоғамға қажеті шамалы, сондықтан да әрбір
тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінін өндірушісіне
қатынасы бойьшша айырбас құны ретінде көрінеді Айырбас құн тауардың өзінен
бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді . Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама - қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір -біріне табады және өзара
бір -біріне ауысады.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей
ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып
алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік қажетті сома тауарларға төлеу үшін
сіздің шотыңыздан. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын
төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде
жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз
қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару аркылы еңбек ақы
төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді:
клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ
шотындағы қаржыны агымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары қазіргі заманғы төлем құралдары саласында болашағы
зор бағыттардың бірі болып табылады. Қолма-қол ақшамен салыстырғанда төлем
карточкаларының толып жатқан мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар, қазірдің
өзінде 3 млн. қазақстандық, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлер, жеке
кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер, қарапайым жұмысшылар мен компания
басшылары, төлем карточкаларын пайдаланады. Қазіргі таңда Қазақстанда әр
түрлі топтағы 3,14 млн. төлем карточкасы айналыста жүр.

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналысының болуына негізделеді . Кез келген тауар айналысында ақша
айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір -бірінен бөлінбейді .
Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды .
Бірақ XVI ғасырдың басында утополиялық социализмнің негізін қалаушы
Томас Моор өзінің "Жаңа утополия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы
туралы алтын кітап" деген еңбегінде: " Алдау, ұрлау , тонау , кісі өлтіру
заң тәртібі мен қатаң жазаланатын кім білмейді , әйтсе де бұл жөніндегі
алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құымай, олар да
жоғалмайды , сонымен бірге ақшанын жоғалуына байланысты адамдардың
алаңдаушылығы , қайғысы , қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар
еді . Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса , онда тіпті ақша
қажеттілігінен туған кедейліктің өзіде жойылар еді."
Ол аздай Т . Моор тағы былай деді : "Қай жерде болсын барлық нәрсені
ақша өлшемімен өлшейтін болса , онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты
және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес .
XIX ғасырда соцоилизмнің утопистері : Прудон, Оуэн , Грей және басқалар
ақшаға теріс көзқараста болды . Прудон тауар өндірісін сақтай отырып,
ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды .
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді : "Ақшаларды жоя отырып , біз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі
сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, бар және
бола береді ."
Ақша тауардан дами отырып , тауар болып қала береді , бірақ тауар
ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар , онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бенейлеу қасиеті оның табиғи
қасиеті емес . К . Маркс айткандай : "Табиғат ақшаны жаратпайды . Алтынға
бұл қасиет қоғаммен берілген ."
Ресей XIX ғасырдың 20 - жылдарда алтын өндіруден бірінші орында
болды. өткен ғасырдың 40 -шы жылдарында оның
дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40% құрайды . Алтын
өндіру киын және капиталды көп қажет етеді.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында алтын
өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты. Алтынды өндіру
дүниежүзінде аппаты жағдайда құлдырауда .
Қазақстанды 160 алтын кен орындары бар . Соның ішінде 60-ы жұмыс істеп
түр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады .
Алтын тек қана валюта резервтерді ғана құрамайды сонымен бірге
электронды - есептеуіш және компьютерлік техникаларды түнгі механикалық
аспаптарды синтетикалық талшықтарды жасау үшінде қолданылады.
Алтын қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді . Бұл дегеніміз,
қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон
Крузға олар керек болмаған . Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған
заттар оған адам аяғы баспайтьш аралда қажет болған , ал ақшалар болса
өзінің барлық құндылығын жоғалтты. Ақша - өндіру мен бөлу
процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым
-қатынастарды көрсететін , тарихи даму үстіндегі экономикалық категория
ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс
табады.
1. жалпыға тікелей айырбасталу
2. айырбас құнының дербес формасы
3. еңбектің сыртқы заттық өлшемі
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану , кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін
көрсетеді . Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар,
жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады . Қазіргі
кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты , жалпыға тікелей
айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өтккізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру бюджетиің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және
өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, ұлттық банктің несиелік
ресурстарды басқа банктерге сатуы және т . б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшеуші тауарды өндіруге жұмсалған
еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы
көрінеді.
Ғалым - экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі
туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып
, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды
толығымен тоқтатты дейді. Құның ақшалай формасынан жалпылама немесе
жайылыңқы формасына қайтып келуі . Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент
ретінде жүрді.
Алтын ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді
екінші біреулер. Ал енді үшінші біреулер, алтынның жартылай
демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін
орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді .
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ . Төлем, айналысы және
қорлану құралы болып , алтын белгілері - қағаз және несие ақшалар қызмет
атқарады . Бірақта алтын дүниежүлік ақша болып қалып отыр десек , ол
жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді .
1.2. Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша айналымының тарихы мынаны дэлелдейдІ, яғни ақша біртекті масса
болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уакыты бойынша, сонымен
бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның
формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы
металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша
өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар,
қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және
толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін
ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың
(алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар
жатады.
Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының
тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес
ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:
Металдық;
Қағаздық;
Несиелік;
Электрондық ақша.
Металл ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны
(оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына
сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады:
алдымен бірліктік, содан соң салмактық. Олар монета түрінде шығарылды.
Монета - бүл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы
бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын,
массасыи, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде
біздің дәуірімізге дейінгі Ш-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен
белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим,
Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия
мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде
металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі
ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинактау
құралы қызметін атқаруы үшін жагдайлар жасады. Монеталар бағалы мсталдардан
да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалды.
Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді.
Толықкүнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар
ақшаның барлық қызметін атқарады.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады,
олардагы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.
Монеталарды құю эмиссия ретінде карастырылады. Эмиссия латындық
еmissio сөзінен аударғанда шығару деген мағынаны береді. Ақшаның
эмиссиясы - бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол
айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа
тауарлар құнын өрнектеу касиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.
Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам
тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін
тауар болып саналады, ол мыналарга байланысты болады:
Біріншіден, түракты, әдемі, жеңіл, шыгынсыз бөліну сияқты табиғи
қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни баска металдармен салыстырғанда,
оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтынды өндіру - өте киын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг
алтынды алу үшін орташа терендігі 3000 м жердің 100 гоннатау кенін өңдеу
керек.
Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы
(әлемдік өндірістің 13 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.
Қазақстанда кептеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның
жылдық өндірісі 30 тоннаны кұрайды.
Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының
өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына
байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын
өндіру тауар қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете
алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша аз
айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (күн
белгілері) алмастыру қажетгілігі туындады, олардың номиналды құны оларды
өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.
Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар
металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және
алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында
металл ақщалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты,
сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып
алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз
ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті
мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан
мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.
Қағаз ақшалардың өзіндік құны жок, егер оларды шығару шығындары болса,
онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз
ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын
тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып
алуға болады.
Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту
керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және
шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар
массасына сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияға
әкеледі.
Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр
түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын -
доллар, Ресей - рубль, Қазақстан - теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың
кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден,
оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа
түседі.
Өндірістің дамуы, коммерциялық жоне банктік несиелеу саласының кеңеюі
нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін
қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік
қағаздар пайда болды.
Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың
эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны
және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма
мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі
қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын
стандартгы алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.
Қағаз - ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың
ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген
кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.
Несиелік ақшалар - айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және
несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік
құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның ермегі. Несиелік
ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.
Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі
қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының
қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиелік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель,
банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі - несиелік және
пластикалық карточка.
Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда
көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі карыздық міндеттеме. Вексельдер
жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл
вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген
соманы төлеуі тиіс.
Аудармалы вексель (тратта) - вексель беруші кредитордың (трассант)
карыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші
тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль
(вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі
вексельде және аллонжда аваль ретінде есептеу деген жазумен ресімделеді.
Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле турі жөніндегі ақпараттың
жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін даусыздығымен;
айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа кредиторларға
беруі болатындығымен сипатталады.
Демек, вексель несие және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет
етеді. Ол несиеге койылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен
төлеуді қамтамасыз етеді.
Вексельдерді пайдалану айиалым шыгындарын үнемдеуге ықпал етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель
берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар азық-түлік
корпорациясына жанар-жағар май, тұкым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау
құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару
міндеттемесін өз мойнына алады.
Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды.
Банкнота - бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды
көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель
белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі;
екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша
елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме
бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.
Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттык Банк саналады, олар
Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын
түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған, бірақ банкноттардың несиелік
негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес айналымға
шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.
Банкноттық айналым кеңістіктегі несиелік ақшалардын эрекет етуін
кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін
атқаруын қамтамасыз етті. Несиелік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.
Чек - бұл талап бойынша құрылған катаң есеп берудің ақшалай құжаты,
онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға
(ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді
әрекеттегі ақшалай қүжат ретінде занды төлем құралы мәртебесін иеленбейді.
Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен
чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.
Ішкі айналымдагы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар
мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша
аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы
ретінде қолданылады.
Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек
кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар
мен көрсетілген қызметтер үшін қолдаыылады.
Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік
есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компъютерлерді кең қолдануға өту
электрондық ақшалардың пайда болуына ыкпал етті, яғни компъютер жадындағы
шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік
карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған микро-
сызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.
Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге
төлем төлеп қана коймай, сонымен бірге тұтынушылық максатта банктерден
қыска мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі танда пластикалық
карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және
саудалық карточкалар өте кең таралған.

Сонғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды Интернет желісі
арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.
ІІ. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2.1. Ақша айналыс құралы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастауы процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формаса ретіндегі әлеуметтік -
экономикалық маңызының белгілі біржағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады : құн өлшеушісі , айналыс кұралы, төлем құралы, қор және қазына
жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде . Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды . Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілетілігін білдіреді , бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады .
Өзінің жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемі бола алады . Бүндай тауар
болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған , құнды құрайтын алтын саналады
яғни , бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады . Ақша еңбек өлшемі - ол
жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді .
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды , оймен ойлау арқылы орындайды, яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма - қол ақшаның болуы қажет емес , себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады . Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады , өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны , оның бағасы болып табылады .
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтының бағасы болған жоқ . Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігін бар . Сатып
алу қасиеті мен ерекшеленеді .
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді . Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға маштабы
қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға маштабын тұрақты
етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғашқы рет
монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына
сай келді.
Құн өлшемі және баға маштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар . Құн өлшемі - мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады.
Ол құн заңыменен анықталады . Баға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz