Ақша функциясы және ақша агрегаттары


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ХЭ
КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Ақша функциясы және ақша агрегаттары»
Орындады: Э-21к
тобының студенті
Дәрібаев С. Қ.
Ғылыми жетекші:
Мусатаева А. А.
ҚАРАҒАНДЫ - 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
- ЖАЛПЫЛАМА ЭКВИВАЛЕНТ РЕТІНДЕГІ АҚШАНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
- Ақша қызметтерінің мәні 5
- Ақшаның түрлері және ақша агрегаттары 10
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША
АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ 14
- Қолма-қол емес ақша айналысының қазіргі таңдағы тенденциялары 14
- Ақша айналымы заңы 17
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕҢГЕНІ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ӘДІСТЕРІ 6 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
1992 жылдың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жер шарының 30-дан астам елі таныды. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада сияқты мемлекеттер болды.
Бұл республикаға, оның азаматтарына деген сый-құрметтің және салиқалы саясат жүргізіп отырған Қазақстан басшыларының халықаралық жоғары беделінің айғағы.
Алайда ел ішінде экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын, әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындары қиын жағдайларға тап болды, олардың тоқтап қалуы әдеттегі құбылысқа айналды.
Тұтынушылық нарық мәселелері барынша шиеленісті, азық-түлік, киім- кешек жетіспеді, алыпсатарлық пен әміршіл-әкімшіл аппараттың сатылғыштығы өсті. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару нәтижесінде оның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 миллиард сомға жуық ақша шоғырланды. Халық дүкендердегі заттардың барлығын дерлік талапайға салып сатып алды.
Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларының нашарлауы көп ретте Қазақстанда жүргізілген экономикалық, реформаларды ойламастан қайталаудың нәтижесі болды. Сауда жүйесіндегі, қоғамдық тамақтандырудағы, халыққа қызмет көрсету саласындағы, сол сияқты аграрлық сектордағы мемелекеттік меншіктің жекешелендіру баяу жүргізілді. Еңбек өнімділігі өспеді, тәртіп нашарлады.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы ақша қатынасы мен олардың жалпы мәнін ашу болып саналады.
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден - бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты - ақша нарығының мәнін ашып, көрсету.
Осы мақсатқа сәйкес курстық жұмыста мынадай мәселелер қарастырылады:
- ақша нарығы жайлы жалпы сипаттама беру;
- Қазақстан Республикасы ақша нарығының жағдайын статистикалық көрсеткіштер негізінде көрсету;
- Қазіргі таңдағы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатына шолу;
- Ақша-несие бағдарламасын талдау;
- ақша-несие саясатындағы инфляция деңгейін талдау болып табылады.
Зерттеу объектісі - ақша нарығы, пәні ақша құралдары мен ақша-несие саясаты болып табылады.
Курстық жұмыстың әдістемелік негіздемесі болып отандық және шетелдік ғаымдардың еңбектері, газет журналдар, периодикалық басылымдар, нормативтік-құқықтық актілер табылады.
1 АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Ақша функциялары мен ақша агрегаттарының мәні
Қазіргі замаңғы барлық экономикаларда ақшаның рөлі ең басты. Ақша экономиканың табиғи сипаттамасы болып көрінеді, оларсыз жай ғана сату-сатып алу операцияларын өткізу қиынға түседі. Тауар нарығын жеке қарап, біз қазіргі сәтке дейін ақшаның рөліне мән бермедік.
Ақша - ол қаржы активтердің (қолма-қол ақшаны, банк шоттарын және т. б. есептегендергі) жүйесі. Олардың сипаттамалары ерекше. Ақшаның ең белгілі сипаттамасы-олардың жоғары өтімділігі. Халық ақшаға сұраныс береді, себебі ақшаның функциялары маңызды. Осы функциялары үшін ақшаны бәрі бағалайды.
Есептеу бірлігі.
Ақшаға орын жоқ бартер экономикада сауда тауарлардың салыстырмалы бағалары бойынша жүргізіледі (қойдың бағасы, құндылығы балталар арқылы, ал олардың құны бидай арқылы, бидайдың құны ұн арқылы және т. б. ) білінеді.
Неғұрлым көп тауар ауысады, соғұрлым салыстырмалы бағалардың саны көп. Сондықтан обьективтік түрде барлық басқа тауарлар ауысады, соғұрлым салыстырмалы бағалардың саны көп. Сондықтан обьективті түрде барлық басқа тауарлар құндылықтарының біріңғай өлшемі қажет, осы рөлді ақша атқарады. Ақшаның пайда болуымен барлық тауарлар ақшалай білінуіне ие болды.
Айырбас құралы.
Бартер экономикада мәміле жасау үшін қажеттіліктері бірдей болу керек: мысалы, алма сататын адам оларды алмұртқа ауыстыра алады, егер алмаға мұқтаж адамды кездестірсе. Сатушылар мен тауарлар саны көбейген сайын бұл мәселе күрделене бастайды. Бұл мәселені тамаша шешетін ақша. Олар тауарды айырбастау мәмілелерде делдал ретінде жүреді.
Құнды сақтау құралы.
Адамдар өз байлықтарын әртүрлі активтер түрінде сақтайды, ақша-осындай активтердің бірі болып саналады.
Төлем құралы.
Міндеттемелер мен қарыздар шамасы ақшалай түрде белгіленуі мүмкін, сондықтан ақша төлем құралы болып келеді.
Тауарлар несиеге берілгенде, ақша осы рөлде пайдаланады. Елдегі ақша санына бақылауды Орталық банк іске асырады. Кейде Орталық банк ақша жинақтардың тапшылығын ақша массасын көбейту жолымен (эмиссия) орнын толтыруға тырысады [1, б. 233] .
Ақша массасы - ол экономикада тауарлар мен қызметтердің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол ақша мен аударым арқылы жасалатын сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша массасының құрылымында белсенді және әрекетсіз бөліктері бар. Белсенді бөлігіне шаруашылық айналымында нақты пайдаланатын ақша құралдары жатады. Әрекетсіз бөлігіне әлуетті түрде есептесу құралдары бола алатын ақша жинақтары, шоттардағы қалдықтар кіреді. Сонымен, ақша массасының құрылымы өте күрделі. Қарапайым тұтынушы қағаз ақша мен ұсақ айырбас күмісті ақша деп санайды. Іс жүзінде кәсіпорындар мен ұйымдар араларындағы мәмілелердің негізгі бөлігі дамыған нарық экономикасында банк шоттарын пайдалану жолымен жасалады. Оның нәтижесінде банк ақшалары-депозиттер дәуірі келді. Олар: чектер, кредит және депозит карточкалар сияқты құралдармен жұмыс жасайды. Бұл есептесу құралдары аударым арқылы түскен ақшаға ие болу мүмкіндігін береді. Сонымен бірге ақша массасының әрекетсіз бөлігіне тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланбайтын компоненттер кіреді. Олар: жедел шоттардағы ақша құралдары, коммерциялық банктердегі жинақ салымдары, қысқа мерзімді мемлекеттік облигациялар және т. б. «квази - ақшалар». Қолма-қол ақшадан бұндай ақшаның өтімділігі толық емес. Сіз, мысалы, дүкендегі тауар үшін акцияңызды немесе жедел шоттағы ақшаңызды бере алмайсыз.
Солай, квази-ақшалар байлықтың өтімділігі зор түріне жатады, себебі жедел салымдары, акциялар мен облигациялардың кейбір түрлерін қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады. Өтімділігі кему дәрежесі бойынша ақша массасының компоненттерін орналастырып, ақша массасының көрсеткіштерін бірнеше ақша агрегаттарын айыруға болады. Ең өтімділігі мол ақша агрегаты-МО агрегаты болып саналады. Оған айналыстағы қолма-қол ақша кіреді. өтімділігі бойынша бірдей ақша агрегаты -М1 агрегаты. Ол қолма-қол ақша мен чекпен алынатын шоттардың («талап еткенге дейінгі») ақшаларын біріктіреді. Чек- құнды қағаз, онда кредиттік мекемедегі шот иесінің талабы бойынша көрсетілген соманы чек иесіне төлеу жөніндегі бұйрығы бар. М1 агрегатын «сөздің тар мағынасындағы ақша» немесе «мәмілелер үшін ақша» деп атайды. Ағымдағы шоттар депозиттері ақшаның барлық функцияларын орындайды, оларды қолма-қол ақшаға тез айналдыру оңай. М2 агрегаты өтімділігі аздау ақша агрегаты. Бұл «сөздің кең мағынасындағы ақша», оған М1 агрегаттың барлық компоненттері мен коммерциялық банктердегі жедел және жинақ шоттарындағы ақша, арнайы қаржы институттарындағы депозиттер жатады. Жедел шоттардың иелері ағымдағы шоттар иелерімен салыстырғанда жоғары пайыз алады, бірақ олар салым шарты бойынша белгіленген уақыттан ерте осы салымды ала алмайды. Сондықтан жедел және жинақ шоттардағы ақша құралдарын сатып алу және төлем құралы ретінде тікелей пайдалануға болмайды, ал сонда да әлуетті түрде олар есептесу үшін пайдалана алынады. М3 агрегаты өтімділігі ең аз ақша агрегаты болып саналады, ол М2 агрегатына банктердің депозит сертификаттарын, мемлекеттік займ облигацияларын, мемлекеттік және коммерциялық банктердің басқа да қағаздарын қосу жолымен пайда болады. М1 агрегаты мен басқа ақша агрегаттар араларындағы айырмашылық: М2 және М3 агрегаттарына мәміле үшін пайдалануы немесе қолма-қол ақшаға айналдыруы қиынға түсетін «квази-ақша» кіреді [2, б. 54] .
1. 2 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Ақша көлемі - бұл халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтердің айналымын қамтамасыз ете отырып, шаруашылықта қолма-қол және аударымдар түрінде болатын бүкіл ақша қаражаттарының жиынтығы.
Ақша көлемі шаруашылық айналымына нақты түрде қызмет көрсетуші активті бөлік, өзіне ақша жинақтарын енгізуші пассивті бөлік және есеп айырысу құралдары болып саналатын есепшоттардағы қалдықтар ретінде қатысады. Сондай-ақ, “квази-ақшалар” (латын сөзі - сол сияқты) деп аталатын, яғни қысқа мерзімдік ақшалай міндеттемелердегі шұғыл есепшоттардағы, жинақ банктеріндегі, депозиттік сертификаттардағы, инвестициялық қорлар акцияларындағы ақшалар бар.
Нақты ақшалардың жиынтығы (банкноттар мен металл ақшалар) мен Орталық банктегі аударымдар арқылы есеп айырысатын ақшалар (мерзімсіз салымдар) Орталық банктің ақшаларын құрайды. Оларды, сондай-ақ, халық шаруашылығындағы жиынтық ақша көлемі ретінде, монетарлық немесе ақша базасы деп атайды.
Айырбас және төлем операцияларын жүзеге асырушы ақша көлемі банк секторындағы ақшаға деген ұсынысқа және банкке жатпайтын секторлардың талап еткенге дейінгі салымдары немесе қол ақшаға деген сұранысқа тәуелді болады.
Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын анықтайды. Ақша ұсынысы - айналымдағы ақша көлемі, яғни дәл осы кезде елде айналымда жүрген төлем құралдарының жиынтығы болып саналады.
Ақша ұсынысының жиынтығын анықтап, экономикадағы ақшаның барлық көлемін төрт негізде қамтамасыз етуге болады:
1) орталық банк арқылы - эмиссия негізінде (қол ақшаларды шығару) және олардың айналымнан алып қойылуы негізінде ақша көлеміне мемлекеттік басқару органы ретінде;
2) орталық банк халықтан, кәсіпорындардан және коммерциялық банктерден мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сату жолымен ақша ұсынысын көбейтіп немесе азайта алады;
3) коммерциялық банктер берешек алушыларға несиелер беріп, салымдар қабылдап және өзінің несие ресурстарын қалыптастыра отырып, несие эмиссиясы жолымен ақша көлеміне әсерін тигізеді;
4) пайыздық ставкалар көлемімен байланысты, шетелдерден және шетелдерге валюталардың жылжуы, халық шаруашылығындағы ақша көлемінің өзгеру факторы болып саналады.
Тұтастай алғанда, елдегі жалпы ақша ұсынысы ақшаның салыстырмалы сатып алушылық қабілетін тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін, Орталық банк арқылы бақыланып отырады [3, б . 44] .
Ақша көлемін сандық тұрғыдан анықтау үшін, жинақтаушы көрсеткіштер - ақша агрегаттары пайдаланылады. М1 - “тар мағынадағы ақшалар” яғни тар шеңбердегі ақша агрегаттары болып саналады. Оған мыналар жатады:
-ақша базасы (МО) - одан ешкімге несие берілмейтін, кәсіпорындардың кассаларындағы және Орталық банктегі коммерциялық банктердің резервтерін қоса алғандағы, айналымдағы (қағаз купюрлер, майдаланатын монеталар) қол ақшалар;
-депозиттер (талап еткенге дейінгі халықтың, кәсіпорынның банктедегі салымдары) ;
-чектік депозиттер, яғни соған чек жазылатын (ағымдағы салымдар) коммерциялық банктердің немесе басқа жинақ мекемелерінің салымдары.
Сонымен, М1 агрегаты ағымдағы төлемдік айналымдарға қызмет көрсететін және айналым құралы ретінде пайдаланылатын ақшаның жиынтық көлемін білдіреді. М1ақшалары абсолютті ликвидті (өтімді) және өзіне айналымдағы қол ақшаларды, талап еткенге дейінгі депозиттерді және халықтың, кәсіпорындардың чектік депозиттерін енгізетін ақша агрегаты болып саналады.
М2 ақша агрегаттарына жататындар:
-ағымдағы төлемдік айналымдарға (М1) қызмет көрсетуші ақшалар;
-чексіз депозиттер;
-халықтың және кәсіпорындардың шұғыл шағын депозиттері;
-қысқа мерзімдік мемлекеттік бағалы қағаздар.
М1-ден басқа М2 элементтері айналым құралы түрінде қызмет атқармайды, бірақ ағымдағы салымдардың қол ақшаға айналуы мүмкін, соның әсерінен М2 ақшасының ликвидтілігі (өтімділігі) М1-ге қарағанда аздау болады.
М3 - ақша агрегаттары “кең мағынадағы ақшалар” - жиынтық ақша көлемі, оған жататындар:
М2 ақшалары;
-ұзақ мерзім аралығында өтеуге болатын жоғары ликвидті (өтімді) бағалы қағаздар (облигациялар, сертификаттар, қазынашылық міндеттемелер) ;
-кәсіпорындардың шұғыл купондық депозиттері (инвестицияларды қаржыландыру үшін құралдар) ;
-бюджеттік және қоғамдық ұйымдардың есеп-шоттарындағы қаржылар;
-мемлекеттік, жергілікті және муниципалды бюджет қаржылары [4, б . 110] .
Ақшаға деген сұраныс халық шаруашылығының барлық секторларында туындайды, бірақ ақша нарығының жалпы тепе-теңдігіне қалай қол жеткізіледі және ақшаға деген сұраныс немен анықталады деген сұрақтар да туындайды. Оған жауап: айналым құралы және құнды сақтау құралы, сондай-ақ ақшаның абсолютті ликвидтілігі (өтімділігі) сияқты ақшаның екі қызметімен беріледі. Осының негізінде, экономикадағы ақшаға деген (ДМ) жиынтық сұраныстың екі түрі пайда болады:
1) әртүрлі келісімдер, яғни тауарлар мен қызметтерді (трансакциялық сұраныс) сатып алу үшін ақшаға деген сұраныс;
1) қаржы активтерінің (алыпсатарлық сұраныс) қаржыны қалыптастыру үшін сұраныс - құнды сақтау құралы ретіндегі ақшалар.
Ақшаға деген трансакциялық сұраныс - тауарлар мен қызметтерді (төлем құралы) иеленуге байланысты, әртүрлі келісімдер жасау үшін ақшаға деген сұраныс болып саналады.
Ақша иелері өздерінің кірістерін көбейтуге ұмтыла отырып, өз қаржылық қоржындарында (портфелдерінде), оларға алыпсатарлық мақсаттарға қажет болатын, яғни оған баға төмендеген кездегі, басқа активтерді сатып алу үшін қажет акцияларды, облигацияларды, ақшаларды иемденгісі келеді. Ақшалар табыс әкелуші, әртүрлі активтермен иелік ету құралы ретінде, осы активтерге бағаның төмендеуі күтілген жағдайда, әсіресе қажет болады.
Сонымен, ақшаға деген алыпсатарлық сұраныс - қаржы активтердің қоржынын (портфелін) қалыптастыру үшін керек сұраныс. Ақшаға деген сұраныс, сенімді қаржы активтерінің кіріс келтірушілігі мен берешек алушылардың ақшаларының “баға деңгейін” анықтаушы, ЖҰӨ өндірісінің көлемі, баға деңгейі ( Р ) және пайыздық ставка ( V ) сияқты үш факторға қатысты. Сөйтіп, ақшаға деген трансакциялық сұраныс ЖҰӨ өндірісінің көлеміне тікелей қатысты болады, сондай-ақ пайызға тікелей тәуелді емес. Алыпсатарлық сұраныс пен пайыздық ставка кері тәуелділікте болады, яғни пайыздық ставка неғұрлым жоғары болса, өздігінен табыс әкелмейтін, өзінің қоржынында қол ақшаның болуына деген ұмтылыс та аз болады. ЖҰӨ өндірісі көлемінің мөлшері тауарлар нарығында ғана толық анықталады, ал пайыздық ставка таза ақша нарығының параметрі болып саналады. Ақша нарығындағы пайыз, ақшаға иелік етушілерді ақша нарығына тартушы күш ретінде маңызды рөл атқарады [5, б. 98] .
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы [6] .
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
- Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
- Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;
- Банктерге және үкіметке несиелер беру;
- Валюталық нарыққа интервенциялау;
Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары:
ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықта¬ғы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мәлшерлемесі;
- ресми есептік (дисконттъщ) мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО операииялары бойынша сыйакрі мвлшерлемесі;
- «овернайт» займдары бойынша сыйақы мәлшерлемесі;
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлың вексельдерді қайта есептеуде қолданылады [7] .
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша крлданылады. Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері - Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға ңажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады. Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz