Ақша - несие саясатының құралдары мен әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . .

І ТАРАУ. АҚШАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ . . .

1. 2. Ақша реформасы . . .

2. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СПЕКТІЛЕРІ . . .

2. 1 Ақша-несие саясатының мәні және стратегиялық мақсаты . . .

1. 2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері . . .

1. 3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары . . .

2 МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІ ТАЛДАУ. .

2. 2 Ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау . . .

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ

САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . … . . .

КІРІСПЕ

(Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады; Теңге тиыннан өсер, жылқы құлынан өсер, Мал құлыннан, ақша тиыннан өседі) Деген дана халқымыздың сөзінен бастайын, негізінен ақша жалпы бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауалар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижемінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі- ақша пайда болды.

Адам өміріндегі көп сұрақтың бірі біреулерге қызғылықты, әрі жағымды, біреулерге жағымсыз болатын -ақша сұрағы болып табылады. Өйткені сирек санаулы ғана адамдар оның толық жеткілікті екеніндігін айта алады. Жалпы айтқанда көбіне бұл ақша - жетпейді.

Ақша өзінің экономикадағы рөлін атқаратын функциялары арқылы орындайды.

1) Құн өлшемі. Ақша құн өлшемі ретінде « . . . құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан аттас, сапасы жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін товарлар құнын көрсету үшін товар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Алайда товарларды өз ара өлшенетін етуші ақша емес, товарлар өзінен-өзі өлшенеді, өйткені олар құн ретінде затқа айналған абстракты еңбек болып табылады. Сол себепті олардың бәрі өз құндарын өзгеше товармен (алтын немесе күміс) өлшейді, сөйтіп алтын мен күмісті құн өлшеміне айналдырады. Құн өлшемі қызметін тек өз құны бар толық бағалы ақша атқарады, оны ойша жорамалданған, идеалдық ақша түрінде орындайды. Товардың ақшамен белгіленген құны оның бағасы болады. Әрбір елде ақша өлшемі ретінде қабылданған және товарлардың бағасы өлшеуге қызмет ететін металдың салмақтық мөлшерін баға масштабы деп атайды.

2) Айналыс құралы. Бұл қызметінде ақша товар айналысы процесінде дәнекер рөлін атқарады. Айырбастың бірыңғай актісі екі дербес актіге бөлінеді: сату актісі және сатып алу актісі. Товар өндіруші өз товарын сатқаннан кейін басқа товарды сатып алуды кідіртіп, ақшаның айналысқа жібермей, өз қолынан ұстауы мүмкін. Сату- сатып алу актілерінің арасы уақытша үзілуіне байланысты ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі экономикалық дағдарыстың формальдық мүмкіндігін шындыққа айналдыру капиталдық өндіріс әдісінің негізгі қайшылығы - өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін жеке иемденудің арасындағы қайшылыққа байланысты. Айналыс құралы қызметін тек нақты ақша орындайды, ол бұл қызметін атқарғанда өткінші сипатта болып қолдан-қолға өтеді. Сондықтан нағыз ақшаны номиналдық ақша белгілері - қағаз ақшамен және кредиттік ақшамен алмастыруға болады.

3) Қазына жинау және қорлану құралы. Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан, оны кез келген уақытта кез келген товарға айналдыруға болады. Капитализм тұсында ақшаны товарға айналдырудан гөрі, товарда ақшаға айналдыру қиынға түседі. Ақшаның қазына жинау құралы ретіндегі қызметін нағыз ақша - толық бағалы шақалар (монеталар) атқарады.

4) Төлем құралы. Товарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай, сонымен бірге несиеге де сатылады. Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді. Осы міндеттеменің мерзімі жеткен соң ақша төленеді сөйтіп ақша төлем қызметін атқарады.

5) Ақша төлем құралы қызметін товарларды сату, сатып алу актісі негізінде тумайтын басқа да міндеттемелерді орындағанда, мәселен, рента алым- салым төлегенде, қарыздарын қайтарғанда т. б. пайдаланылады. Бұл функцияның товар айналысы сферасына қызмет етуі нақты ақшаны үнемдейді, өйткені несиеге сатылған товарлар бойынша міндеттемелердің едәуір бөлігі өз ара өтеледі. Товарларды сатып өткізу кезінде кідірістер болуы мүмкін. Осының салдарынан өз ара міндеттемелер тізбегінде бір буынның үзілуі, борышқорлардың жаппай күйреуіне әкеліп соғады. Экономикалық дағдарыстың екінші формальды мүмкінділігі осы функцияның қызмет етуіне байланысты. Төлем құралы қызметін құнның номиналдық белгілері де орындауы мүмкін.

6) Дүние жүзілік рынокта ақша халықаралық төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге, халықаралық сатып алу қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға товар саытп алу кезінде жалпы байлық атаулының шынайы тұлғасы және оны бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде (бір мемлекеттің екіншісінен соғыс контрибуциясын алғанда, жәрдем ақша мен сыртқы заемдар беруге) қызмет етеді. Бұл қызметін атқарғанда, К. Маркс айтқандай, өзінің ұлттық киімін шешеді де шақа (монета) формасынан шықпай, өзінің «жалаңаш» алғашқы формасында - сом алтын мен кесек күміс түрінде көрінеді.

Ақша адамдардың өндірістік катынастарын білдіреді. Капитализмге дейінгі формацияларда көпестер мен өсімқорлар ақшаны еңбекті қанау құралы ретінде пайдаланып, жеке меншік иелерін күйзеліске ұшыратты. Ақша функциялары мен ақша айналысы сферасының дамуы жай товар өндірісін ыдыратып, капиталдың қорлануына және капиталдық өндірістің алғы шарттарын жасауға мүмкіндік береді. Капитализм жағдайында ақша капталға айналды. Ақша капиталы түрінде ақша функциялары капитал функциясына айналып, капиталдың ауыспалы айналымы мен оның ұдайы өндірісіне қызмет етеді. Ақша құн өлшемі ретінде жалдамалы еңбекті қанау нәтижесінде жасалатын қосымша құнның мөлшерін көрсетеді. Монополиялық капитализм сатысында ақша монополиялық жоғары пайданы иеленудің құралы болады. Ақшаның жәрдемімен ұлттық табыс мемлекеттік бюджет арқылы монополиялық капиталдың пайдасына қайта бөлінеді. Еңбекшілердің ақшалай табысының едәуір бөлігі салықтар түрінде алынып, ол мемлекеттің соғыс заказдарын төлеуі, қарыз беруі т. б. арқылы капиталдық монополиялардың қалтасына түседі. Империалистік мемлекеттер ақшаны отар және тәуелді елдердің халықтарын қанауға пайдаланады. Бұл елдер монополиялық үстеме пайда алудың қайнар көзіне айналады. Империализм дәуірінде дүние жүзілік ақша қызметі сыртқы сауда мен шетке капитал шығаруға қызмет етеді. Империалистік мемлекеттер өзінің ақшалай табысының көбін жанталаса қарулану мен соғысқа әзірленуге жұмсайды. Милитарландырудың өсуі және империалистік соғыстарды жүргізу қағаз ақша эмиссиясын кеңінен пайдалануға буржуазиялық мемлекеттерді мәжбүр етеді. Айналысқа артық ақша шығару ақшаны құнсыздануға (инфляция) әкеліп соғады.

Социализм тұсында товар өндірісі мен айналысының сақталуы және құн заңының әрекет етуі ақшаның объективтік қажеттілігін тудырады. Капиталистік экономика нағыз ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретіндегі алтынды және оның орнына жүретін металл, қағаз ақша белгілерін социалистік экономикаға мұра етіп қалдырған.

Бұл дипломдық жұмысымызды жаза отырып, мен тақырыбыма сәйкес, ақшаның пайда болуы, ақшаның атқаратын қызметтерін, ақшаның айналымы мен айналысы, жалпы айтқанда мақсаты болып ақша өндіріс элементінің дамытудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу және Қазақстан Республикасында қазіргі ақша айналымын тұрақтандыру мәселелерін анық, ашып көрсету және мақсатым Егемен еліміз Қазақстанның ақша жүйесі туралы мағлұмат беру болатын. Еліміз жаңа тәуелсіздік алғанда, ұлттық валютамызды енгізу бізге өте қиынға соққаны анық еді. Тек қыруар күш-жігердің арқасында біз мұндай қиыншылықты жеңіп шықтық.

Ақша - бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті атқаратын ақшалар. Сөйтіп, бұл жұмыстың негізгі мақсаты, ақшаға өткен бүгінгі және болашақ позициясынан қарап, оның адам өмірімен экономикада алатын рөліне тоқталу. Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша - несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Ақша - несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайызды ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.

Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

І. Тарау.

Ақшаның шығу тарихы

Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат) . Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан - жақты ашып, жауап бердi. Ақша - тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған - жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм - шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.

Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, терi, бақалшақ, металл бұйымдары және т. б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi. Құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша - тауардың жалпы эквивалентi болуы тауар өндiрiсiнiң ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемi қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуiне жол ашты.

Сонымен қатар қазiргi кезде кәсiпорындарды жекеменшiктендiру де, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру да, әр түрлi өндiрiстiк және емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктiң ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т. б. жүргiзiлiп жатқан iс - шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже
1. Мал - баққанға, ақша - адалдан тапқанға бітеді.
2. Ақша туралы арам ой да - зиян.
3. Алаған қолым - береген. Үстемелеп берсеңіз, үстеме-леп аласыз.
4. Қайырымдылықпен айна-лыссаңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
5. Басы артық дүниеңізді бас- қаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып қайтады.
6. Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмек-тесетін бол.
7. Фәнидегі басты парызың - қайырым, садақа. Оны ұмытсаң, өзің де ұмытыласың .

Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны- белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны- мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».

Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері- жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады.

Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі . Бара-бара өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде егін салу пайдалы болса, екінші жерде мал өсіру пайдалы, ал басқа жерде, балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің саны (көлемі) олардың жеке басының керегіне, жарататын саннан (көлемнен) артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды.

Осының нәтижесінде «айырбастау» деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің « тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.

Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің (факторлары) салдарынан өнім өндірушілер өздерін бір түрлі (болмаса бірнеше түрлі) өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған байланысты айырбастау операциясы өріс алды.

- Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.

Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бірқатар қиыншылықтары болды.

Олар:

- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін, қолында осы өндірушінің іздеп жүрген тауары бар өндіруші табылуы керек. Және, сол екінші өндірушіге, бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт. Мысалы, егін егуші адам өзінің өндірген бидайын, теріге ауыстырғысы келсе, қолында терісі бар адамға, бидай керек болуы қажет. Басқаша айтқанда, тауар ауыстыру екі жақтың да қолында өзара керекті тауарлар болғанда ғана мүмкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмайды. Ал, мұндай сәйкестік, өмірде кездесе бермейді.

- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде олардың құнын ескеру керек. Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы болуы шарт. Мысалы, бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға болмайды. Өйткені, өгіздің құны бір қап бидайдан әлде қайда артық. Сондықтан бір қап бидайға, оның құнына баламалы тауар іздеу керек. Бұда оңай іс емес.

Міне, сондықтан да, бара-бара тауар өндіру молайған сайын, соған байланысты, баламалық негізінде, айырбастау операциясының да дамуы, көптеген түрлі- түрлі тауардың ішінен бір тауарды бөліп ( таңдап) алуды керек етті. Мұндай тауар өзінің ішкі және сыртқы мазмұнымен, ішкі және сыртқы саудаға өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен баламалап айырбастайтын болған. Мысалы: бір балтаның құны екі кило бидай болса, бір өгіздің құны-бес қап бидай т с с. Бұл мысалда, ақшаның міндетін бидай атқарады.

Жалпы ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден- бір шарт және өнім болып табылады. Тауар- бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы обьективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез- келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажетті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.

Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда- саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т. б. ) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда - аң терісі, Қытайда - шай, Абиссинияда - тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда- саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым - қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл (әсіресе, алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күміс жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланыста құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша - несие реттеу
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Ашық экономикадағы ақша-несие саясатының дамуының кезеңдері
Ақша саясаты
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz