Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
М.ҚОЗЫБАЕВ атындағы СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
Қаржы және несие кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Бизнес ЖҮйесi мен басҚару жҮйесi
Орындаған: ФС-07-1-К
тобының студентi
1 курс экономика факультетi
Сердалинов М.М.
Тексерген:
Петропавл ,2007
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
3
1. Басқарудағы жүйелi тәсiлдеменiң негiздерi
5
1. Жүйенiң жалпы теориясы
5
2. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
8
3. Жүйелi тәсiлдемеде өндiрiстi басқарудың мақсаттары
11
2. Бизнестi басқарудағы жүйелi тәсiлдеме
14
1. Өндірісті басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісі
14
2. Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
15
3. Бизнес жүйесi және басқару
18
1. Бизнес категориясының мазмұны және оның өзiне тән белгiлерi
18
2. Бизнес жүйесi
20
3. Бизнес және үкiмет
23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиет тiзiмi
28
КIРIСПЕ
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев бизнеске барынша қолдау көрсету
мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-
материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды бизнеске
тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық
экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр.
Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз
болып отыр. Бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр.
Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін іздестіру жұмысының
жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші деңгейдегі банктердің шағын және
орта кәсіпорындарға бірінші кезекте несие беру тәртібі баяу енгізілуде.
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – бизестi дамыту.
Өйткені ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу
барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Біздің елімізде қазіргі
таңда экономиканың аталмыш секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде
және оның дамуына басым көңіл бөліңуде. Елбасы ұсынған “Қазақстан-2030”
стратегиялық даму бағдарламасының бөлімдерінің бірі елдегі бизнестi дамыту
болып табылады.
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды
міндеттердің бірі – бизнестi дамыту. Бизнес жүйесi экономиканың құрылымдық
қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді.
Республикада бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық,
экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары
жасалуда. Сол себептi де курстық жұмыста қарастырылып отырған мәселе өзектi
болып табылады. Осыған орай курстық жұмыстың алдында бизнес жүйесi мен
басқару жүйесi мәселелерiн қарастыру мақсаты қойылды.
Курстық жұмыс алдында келесi мiндеттер қойылған: басқарудағы жүйелi
тәсiлдеменiң негiздерiн қарастыру, бизнестi басқарудағы жүйелi тәсiлдеменi
талдау және бизнес жүйесi мен басқаруды зерделеу.
Бұл курстық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан тұратын негiзгi бөлiмнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиет тiзiмiнен тұрады.
1 Басқарудағы жүйелi тӘсiлдеменiң негiздерi
1.1 Жүйенiң жалпы теориясы
Жүйелілік — табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам
әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс
істейді. Тұтас әлемнің өзі жүйе, оның өзі көптеген үлкен және шағын
жүйелерден тұрады. Жүйелі тәсілдеменің негізін салушы профессор Людвиг фон
Берталанфи 1937 жылы Жүйенің жалпы теориясы атты еңбегін жариялады.
Жүйенiң жалпы теориясы – күрделi жүйенiң жұмыс iстеу заңдылықтарын
зерделейтiн ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының әдiстемелiк
негiзi болып табылады. Басқару мен жүйелi талдау әдiстемесi, басқару
процесiндегi құралдар ретiнде оның қолданылу мүмкiндiктерi мынаған
негiзделген: жүйелiлiк нақты өмiрде орын алатын барлық күрделi
объектiлердiң объективтi ерекшелiгiн бiлдiрмек.
Берталанфидiң анықтамасы бойынша жүйенi бiрiктiрушi қасиеттерге ие,
өзара ықпалдасушы компоненттердiң жиынтығы деп ұғуға болады. Ал,
бiрiктiрушi қасиет жеке алғанда осы элементтердiң бәрiне бiрдей тән емес.
Кез келген жүйенің мынадай белгілері бар:
тұтастық - оның элементтерін құрайтын жиынтықтағы жүйелердің ерекшеліктері;
құрылымдығы - жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі;
иерархиялылығы - жүйе неғұрлым күрделі құрылымға енгенде оның элементіне
айналуы.
Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің
жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттесетін,
сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді.
Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердiң құрамында
болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.
Жүйе - бұл әрқайсысы тұтастың сипаттамасына өз үлесін қосатын, өзара
байланысқан бөліктерден тұратын тұтастық.
Тұтастық нәтижесiнiң, бiрлескен жаңа қасиеттердiң көз жеткiзiп
иландыратын үлгiсiне еңбек процесiндегi жай кооперацияны жатқызуға болады.
Жүйенiң мүмкiндiктерi оның құраушы элементтерiнiң жай жиынтықты
мүмкiндiктерiне қарағанда әлдеқайда кең.
Жүйедегі объектілерді оның элементтері деп атайды. Белгілі бір шамада
дербес жұмыс істейтін және жүйедегі басқа да дербес жұмыс істейтін
бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйедегі элементтер жиынтығын
жүйешелер деп атайды. Мәселен, күрделі жүйені құрайтындардың өзі де
(мысалы, адам, машина) жүйе болып табылады.
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
техникалық;
биологиялық;
әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы зор. Әлеуметтік-экономикалық
жүйе ең күрделі, динамикалы дамитын әрі өзін-өзі басқаратын жүйеге жатады.
Кез келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелерден тұрады. Әсіресе, үлкен
айырмашылықты өндірістік-шаруашылық кешендерінен (кәсіпорын, сала, аймақ,
тұтас экономика) тұратын әлеуметтік-экономикалық жүйеден кездестіруге
болады. Жүйелердің әркелкі болу себебі оның ажырағысыз бөлігі адам
екендігінде. Адам осы жүйелерді қалыптастырып, ондағы байланыстар мен
қатынастардың сипатын ашып, оларды жұмыс істетіп, дамытады. Әлеуметтік-
экономикалық жүйенің басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің
негізінде адамдардың мүддесі жатады.
Мұндай жүйе дербестiкке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе
тармақтары мен қосалқы жүйе ретiндегi жүйе элементтерiн анықтауға мүмкiндiк
бередi. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементi немесе осы элементтердiң тобы
болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-
жүйенiң тармағы бола алады.
Мәселен, кәсiпорын, бiр жағынан, дербес жүйенi бiлдiретiн болса, екiншi
жағынан, оны салалардың жүйе тармағы ретiнде қарастыруға болады. Бұдан
шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық
салыстырмалы түрде де, абсолюттiк сипатта да бола бередi.
Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекелеген элементтердің ұйымдасқан
бірлестігі, ал оның ерекше бірлескен бөлігі - жаңа сапаға ие болатын
бірыңғай тұтас құрылым. Кәсіпорынның бірде бір бөлімшесі тығыз, әрі өзара
келісілген байланыссыз ақырғы өнімді өндіре алмайды, яғни тұтастай
кәсіпорын алға қойған міндетті орындай алмайды.
Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару iсiнiң жүзеге асуы мүмкiн
болмайтынын белгiлейдi.
Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:
1. Жүйелер, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-
салдарлық байланыс болуы керек. Жүйе мен басқарылатын объекті
өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана басқару ісі мүмкін
болады, яғни кері байланыс орнайды.
2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте
алатындай қабілетке ие болуы керек, яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне
өту барысында да, өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.
3. Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай
параметрдің бар болуы.
4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни осы ықпалға
жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілеті болуы керек.
5. Басқару ақпаратын жеткізу, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін
қамтамасыз ету.
6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.
Барлық басқару жүйелеріне ортақ осы шарттар орындалғанда ғана жүйеде
басқару мүмкін болады.
Жүйенің екі түрі бар:
Тұйық жүйе - қатаң бекітілген шегі бар әрі жүйені қоршаған ортаға тәуелсіз
әрекет етеді.
Ашық жүйе - қоршаған ортамен әрекеттеседі, өзін-өзі қамтамасыз етпейді әрі
сырттан келетін энергия, ақпарат пен материалдарға тәуелді (1-сурет).
1-сурет. Ашық жүйе
Басшылар ашық жүйемен шұғылданады, себебі барлық ұйымдар ашық
социотехникалық жүйе болып табылады. Ұйым сыртқы ортадан ақпарат, капитал,
адам ресурстары мен материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады.
Түрлендіру процесінде ұйым осы енетін компоненттерді өңдеп, оларды өнімге
немесе қызмет көрсетуге айналдырады. Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан
сыртқы ортаға шығатын компоненттер болып саналады.
1.2 Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Жүйелі тәсілдеме - экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің
ең жемісті әдістерінің бірі. Грек тілінен аударғанда жүйе көптеген
элементтерден құралатын, бөліктерден тұратын тұтастық ұғымын білдіреді.
Жүйенің былай ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа да қатысты. Өндіріс -
еңбек құралдары, еңбек заттары мен түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретіндегі
әлеуметтік-экономикалық жүйе. Еңбек пен материалдық ресурстарды ұштастыру
нәтижесінде материалдық игіліктер өндіріліп, қоғамның өндіргіш күштерінің
ұдайы өндірісі артатындықтан экономикалық деп, адамдар құратын ұйым
болғандықтан әлеуметтік жүйе деп аталады. Экономикалық жүйе әлеуметтік
сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негізгі рольді
материалдық және рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.
Экономикалық жүйе кең мағынасындағы ұғымында қоғамдық өндiрiстiң жүйесi
ретiнде, яғни өндiрiс күштерi (табиғи және еңбек ресурстары, өндiрiс
құралдары, өнiм) мен өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы ретiнде
түсiндiрiледi.
Экономикалық қатынас, байланыс (салааралық байланыстар жүйесi),
заңдылықтар (техникалық прогрестiң, өндiрiстi ұйымдастырудың даму
заңдылықтарының жүйесi) экономикалық жүйе болып табылады.
Жүйелi тәсiлдеме арнайы ғылыми пәндердiң мазмұнына жалпы теория жүйесiне
қызмет етедi, ал басқару iсi жалпылай түрде жүйелердi ретке келтiрушi
ретiнде анықталуы мүмкiн.
Жүйелi тәсiлдеме ХХ жүз жылдықта пайда болды деуге болады, әйтсе де,
ХVIII және ХIХ ғасырларды ғылым әр түрлi жүйелердi зерделемедi деп бiр
жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, астрономия Күн жүйесiн, ал математика
әр түрлi санау (есептеу) жүйелерiн зерделедi. Жүйелi тәсiлдеме әскери
мақсаттарға (атом бомбасын жасау) қол жеткiзу үшiн АҚШ-та алғаш рет
қолданылды, алайда жүйелi тәсiлдеме одан әрi азаматтық өндiрiс саласындағы
басқару өндiрiс саласындағы басқару қызметiнiң iс-тәжiрибесiнде кеңiнен
қолданылды.
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті
кезеңді қамтиды:
салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы
нақтыланады, қызметтің ақпараттық қажеттілігінің баламалы салалары мен
ауқымдары белгіленеді;
қажетті зерттеулер жүзеге асырылады;
белгілі мәселелерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет
бойынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады.
Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің құрылымдық және
функционалдық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі жетілдіруге бағытталған. Ол
мақсатқа жеткізетін жолда кездесетін кедергілерді, кемшіліктерді анықтап,
жояды. Мұнда ең алдымен басқарудағы жүйелі тәсілдеменің қағидалары алға
шығады. Іс жүзінде ол қабылданған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны жүзеге
асыруы ықтимал барлық нұсқаларын талдайды. Әлеуметтік жүйеде бұл принцип
басқарушылық міндетті шешу процесінде саяси және мәдени проблемаларды тығыз
байланыстыруды ұйғарады.
Басқару процестері пайда болғалы жүйелі талдау кеңінен қолданылып
келеді. Экономиканы, оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-
қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді
зерделеуді, экономиканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің
ролін анықтауды жүйелі тәсілдеме деп ұғынамыз. Экономикадағы жүйелі
тәсілдеме басқару саласындағы ірі, кешенді мәселенің ғылыми негізделген
шешімін әзірлеу әдісі болып табылады.
Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның мынадай негізгі
принциптерiн айқындады: жүйелердің динамикалығы, құбылыстардың байланысы,
әрекеттестігі мен өзара байланысы; кешенділігі, тұтастығы және
иерархиялығы.
Процестер мен құбылыстардағы жүйелi тәсiлдеме өзара байланыстардағы
зерделеудiң екi формасын ұйғарады:
1) жай кездерi қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерiнiң арасындағы өзара
байланыстар қандай да бiр аспектiде, көбiнесе экономикалық аспектiде
зерттеледi;
2) әлдеқайда күрделi жағдайда көп аспектiлi тәсiлдеме қолданылады. Бұл
өзара байланыстар басқарудың саяси, экономикалық, технологиялық,
құқықтық, әлеуметтiк-экологиялық және психологиялық аспектiлерi қоса
ескерiлiп, зерттеледi.
1.3 Жүйелi тәсiлдемеде өндiрiстi басқарудың мақсаттары
Барлық басқару процесiнiң бастапқы кезiнде оның мақсаттары анықталады.
Басқару мақсаттары әрдайым саналы түрде болады әрi оны адамдар
қалыптастырып, белгiлеп отырады. Мақсаттар негізінде объективті болады,
онда қоғамның тұтастай экономикалық және әлеуметтік даму заңдылықтары
көрініс табады. Басқару мақсаттарын дұрыс анықтай білудің басқару жүйесін
қалыптастыруда маңызы зор. Спиноза мақсат әлемді билейді десе, Ф.Энгельс
әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді деп атап өткен.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық
қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды роль атқарады. Мақсатты
айқын тұжырымдаудың психологиялық мәні де бар, өйткені мұның өзі ұжымның өз
ісіне сенімділігін арттырады, өз жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік
береді, әрі кейбір мақсаттың орындалуынан қанағат алады. Мақсат неғұрлым
биік, мәртебелі болса, эмоция да соғұрлым әсерлі болып, мұның өзі түптеп
келгенде мақсатқа тезірек жетуге ықпал етеді.
Ұйымда әр түрлі мақсат болуы мүмкін. Мәселен, кәсіпорынның басты міндеті
- белгілі бір мөлшерде тауар шығару не қызмет көрсету. Басты мақсат оның
орындалуын қамтамасыз ететін мынадай бірнеше мақсатқа бөлінеді: өндірісті
дамыту және тиімділігін арттыру, оны жан-жақты интенсивтендіру, ғылыми-
техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, ресурсты
үнемдеу, табысты көбейту, ұжымның әлеуметтік дамуы, әлеуметтік саланың
материалдық базасын қалыптастыру, жоғары еңбек өнімділігі үшін қолайлы
мүмкіндіктер жасау, әлеуметтік әділеттілік, адамдарды, қоршаған ортаны
қорғау және жақсарту.
Ұйымды олар жеке-жеке орындай алмайтынды ұжым болып орындауға мүмкіндік
беретін, мақсаттарға жету құралы ретінде қарастыруға болады. Әрбір аралық
мақсатты кейін мақсаттарға жетудің құралы ретінде қарастыруға болады.
Мысалы, фирма құру үшін ақша табу бастапқы мақсат; ақшаға материалдар,
жабдық, жұмысшы күші сатып алынады, яғни мақсат құрал болып табылады;
жабдықты сатып алу – мақсат, ал сатып алынған және орнатылған жабдық -
игілікті өндіру құралы, яғни мақсатқа жету. Қайсыбір құралдың тиімділігі
ықыласты мақсатқа жету ықтималдығын білдіреді. Ықтималдық қаншалықты жоғары
болса, құрал соншалықты тиімді. Мақсаттар құралдарды есепке алу нәтижесі
ретінде құралса, керісінше, құралдар мақсаттарға сәйкес іріктеледі. Мақсат
құралға айналса, оған ие болғанға шейін құрал мақсат ретінде болады.
Мақсаттар мазмұндары, басқару деңгейлері бойынша және уақытына қарап
жіктеледі. Мақсаттардың мазмұны өндірісті басқару аспектілерінің
күрделілігін әрі көп қырлылығын бейнелейді. Мазмұны бойынша мақсаттар:
экономикалық, әлеуметтік, саяси және ғылыми-техникалық мақсаттарға
бөлінеді.
Экономикалық мақсаттар ең алдымен елдің халық шаруашылығының дамуынен,
нақтырақ айтқанда, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуымен
байланысты болады.
Әлеуметтік мақсаттар қоғам мүшелерінің материалдық және рухани
қажеттіліктерін, сонымен бірге, оның әлеуметтік құрылымын дамыту талаптарын
нақтылап береді. Әлеуметтік мақсаттарға мәдениеттің, білім берудің,
денсаулық сақтаудың т.б. даму міндеттері кіреді.
Саяси мақсаттарды кез келген мақсаттың құрамдық бөлігі ретінде
қарастыруға болады. Идеология, саясат адам қызметінің барлық бағытын
қамтиды. Бұл мақсаттар қоғам дамуының барлық мақсаттарын бір-біріне жанама
түрде қатысты етеді.
Ғылыми-техникалық мақсаттар қоғамдық өндірісті дамытудың және
тиімділігің арттырудың маңызды факторы болып табылады әрі қоғамдық
мақсаттардың қатарына кіреді. Алайда мемлекеттік органдарға, ғылыми-
зерттеу, жобалау институттарына, конструкторлық бюроға, ғылыми-техникалық
ақпарат ұйымдарына және т.б. сәйкес кешенді түрде жүзеге асатын ғылым мен
техниканың даму мақсаттарының өзіндік ерекшеліктері болады.
Басқару деңгейлері бойынша мақсаттар: халық шаруашылығы, салалар,
аумақтық кешендер, бірлестіктер мен кәсіпорындардың мақсаттары болып
бөлінеді.
Уақытына қарап мақсаттар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (не ағымдағы)
болып бөлінеді.
Нақты өмірде мақсаттар белгілі бір ережеге сәйкес бір-бірімен тоғысады.
Мәселен, әлеуметтік-саяси мақсаттарды белгілеу өндірістік-техникалық
таңдауды, ал алдағы кезеңнің мақсаттары - ағымдағыны ұйғарады. Жалпы мақсат
бірнеше локальдық немесе жекелеген мақсаттармен нақтыланады.
2 Бизнестi басқарудағы жүйелi тӘсiлдеме
2.1 Өндірісті басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісі
Өндірісті басқаруға басқарудың өз объектісі мен субъектісі тән. Басқару
объектісі деп ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын жүргізуге арналған
объектіні айтады. Басқару субъектісі - бұл техникалық құралдар көмегімен
мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен қызметшілер жиынтығы.
Басқару процесi көп қырлы қоғамдық қатынастардың кешенiн қамтиды әрi
объективтi және субъективтi факторлар жиынтығының әрекетiмен анықталады.
Басқару процесiнде объективтi және субъективтiнiң ара-қатынасы
“анықтаушы” және “шешушi” ұғымдары арқылы анықталуы мүмкiн. Оның өзiнде де,
“анықтаушы” құбылыстың қажеттi шарты ретiнде болғанда ғана анықталмақ.
Алайда, мұның өзi жеткiлiксiз. Объективтi процеске субъективтi фактордың
керi әсерiн бiлдiретiн “анықтаушыны” ұштастырғанда ғана процестi жүзеге
асырудың нағыз шынайы шартын тудырады. Басқаруда субъективтi фактор болған
күннiң өзiнде басқару iсiн субъективтi ете алмайды.
Ықпал етудiң тиiмдiлiгi адамдардың басқару объектiсiнiң объективтi
жағдайын, оның iшкi заңдылықтарға бағынатын табиғатын қалай түсiнiп, қалай
қабылдайтынын көрсететiн деңгейiмен анықталады.
Объективтi және субъективтiнiң өзара ықпалын талдау тек жалпы
дүниетаныммен, гносеологиялық аспектiмен ғана шектелiп қалмайды: объективтi
алғашқысы, субъективтiсi оның көрiнiсi, сөйтсе де, оның шартын тудыратын
белсендi керi әсер етудi көрсетедi.
Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары мен аймақтарын
құрайтын барлық халық шаруашылығы, өндірістің негізгі буындары -
кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады. Мұнда басқару өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастардың бірлігі ретінде болатын осы объектілермен істес
болады. Қоғамдық өндірістің басқару объектісіне барлық халық шаруашылығының
кооперация ауқымында қызметкерлерді өндіріс құралдарымен біріктіретін
саналы ұйымдар жатады. Халық шаруашылығының басқару объектісіне саналы
түрде қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі, экономиканың
теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді. Өндірістің басқару
объектісіне ел аумағына өндірістік күштерді ұтымды орналастыру, әлдеқайда
тиімді аумақтық кешендерді құру жатады. Өндірісті басқаруда объекті ретінде
маңызды орынды өндірістік емес салалар - ғылым, білім беру, денсаулық
сақтау және мәдениет алады. Кез келген басқару объектісінің орталық буынына
қызметкерлердің ұжымы жатады. Сөйтіп, барлық өндіріс басқару объектілері
деп саналады.
Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр
азаматы кіреді. Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік органдар жатады.
Барлық мемлекеттік органдарды бір-бірінен ажырату керек: өкілетті органдар;
атқарушы және билік органдары; сот органдары; өндірістің басқару
қызметтерін орындаушы және тікелей мемлекеттік басқару органдары.
Өндірістің басқару проблемаларын өкілетті органдар мен мемлекеттік басқару
органдары шешеді.
2.2 Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
Басқарудың ұйымдық құрылымын ғылыми негізде құру барлық уақытта да
экономиканы басқаратын жүйенің көкейтесті міндеті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz