Ресей Халықаралық валюта қоры



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5

I. Валюта және валюталық саясаттың теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... .. 7
1.1 Валюта: оның мәні мен түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.2 Валюта жүйесі және оның түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3 Валюталық бағам және оның қажеттігі, оған әсер етуші факторлары
... ... . 13

II. Қазақстан Республикасының валюта саясатының ерекшеліктері ... ... 15
2.1 Қазақстан Республикасының валюта саясатының құқықтық негіздері ... ...
15
2.2 Қазақстан Республикасының валюта жүйесін талдау және қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
2.3 Қазақстан Республикасының валюта нарығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22

III. Қазақстан Республикасының валюта саясатының болашағы ... ... ... . 25
3.1 Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
3.2 Қазақстан Республикасының валюта саясатының даму ерекшеліктері ... ...
31
3.3 Қазақстан Республикасының ұлттық валюта бағамының тұрақтылық деңгейі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 37

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38

Аннотация

Бұл курстық жұмыста Қазақстан Респуликасының валюталық бағамы және осы
салада мемлекеттің жүргізіп отырған валюталық саясатының мәні жазылған. Бұл
тақырып Қазақстан экономикасын әлемнің бір бөлігіне айналдыруға ұмтылған,
саяси-экономикалық қарым-қатынас жағдайындағы қоғам мен экономикада болып
жатқан өзгерістерге қатысты көзқарастар тұрғысынан қарастырылады. Қазақстан
валютасы Халықаралық валюталық қорына мүше бола отырып, дүниежүзілік валюта
нарығында алатын орны, ерекшеліктері және валюталық жүйесінің құқықтық
негіздері сипатталған.
Курстық жұмыс 36 бет компьютерлік тексте берілген, 1 кесте мен 2
сурет және 20 түрлі әдебиеттер қолданылған.

Кіріспе

Шын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы - оның экономикалық, әлеуметтік
тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол
үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу – ел
Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік
саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді. 1992 жылдан бастап Елбасы теңгені
дайындау және айналымға енгізу мәселесін алға қойған болатын. Теңге алғаш
айналымға түскен жылы Ұлттық Банк әуелде 1 теңгені сол кездегі мың рубльге
бағалаған болатын. Дегенмен де еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және
мемлекетаралық қатынастар ескеріле келіп бір теңге бес жүз сомға бекітілді.
Кейіннен теңгенің бағамы елімізбен сауда жасайтын үлкен мемлекеттердің
немесе АҚШ долларының валюталық себетіне сәйкес шығару керек болды. Екшелеп
келіп, теңгені доллардың бағамына теңеп, бұл бірінші айналымға кірген күні
бір доллар 4,75 теңге болып бекітілген. Тоқтала кететін мәселе, осы
кезеңде үлкен құнсыздану тек қана Қазақстанда емес, сол кездегі ресейлік
рубль ақша ықпал ететін барлық аймақтарда жүріп жатқан болатын. Атап айтар
болсақ, құнсыздану елімізде 1992 жылы 3200 пайыз болса, теңгенің айналымға
кірген 1993 жылы 2 700 пайыздай көрсеткішке жеткен. Бұл кезеңді мамандар
кәдімгідей құнсызданудың ырықсызданған кезеңімен салыстырады. Осыншама
құлдырауға теңгенің қарсы тұруы қамтылуы тиіс еді. Бірақ, бұған сол
кездердің өзінде Қазақстанның Алтын валюталық қоры аздық етті. Уақыттың
тапшылығы, қордың әлсіздігі әсер еткендіктен де, көпшілік жағдайда ұлттық
валютаның бағамы экономиканың жағдайына да тікелей байланысты болып
табылды. Теңгенің ең құлдыраған заманы 1994-96 жылдары болды.
Әуелгіде ұлттық валютаға беделді бабаларымыздың тұлғасын беру
қазақтың кім болғандығын айғақтап тұратын ерекшелік ретінде жасалған шара
секілді көрінуші еді. Ал Ұлттық банктің соңғы шешімінен тек батысқа
еліктеушілікті байқауға болатын тәрізді. Жалпы отарланған ұлттардың үлкен
бір арманы – Тәуелсіздік алып, өзінің ұлттық валютасы болып, өзі дербес ел
ретінде сол ұлттық валютасымен ішкі де, сыртқы да қатынастарды дамыту.
Қазақ халқы да теңгесінен айрылған бір кездері теңгені қайта жаңартуды
армандап, оған 1993 жылдың қарашасында қол жеткізілді.
Ұзақ мерзімді перспиктивадан мемлекеттің валюталық реттеуге тікелей
араласуы тиімділікке қол жеткізбейді. Ұлттық валютаның бағамын жиі-жиі әрі
ұзақ уақыт бойы тежеп отыру импортқа бағытталған жеке салаларға кері әсерін
тигізуі мүмкін. Қазақстанға 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялдық-
инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында басқа дамыған
елдерден жаңа жоғары технологияларды, машиналар мен жабдықтарды, сондай-ақ
жоғары технологиялық жетілдірудің маңызы зор. Теңгенің бағамы төмен
жағдайда импортты көбейту экономика үшін тиімсіз, ол өңдеу өнеркәсібінің
шикізат емес салалары мен қызмет салалары үшін валюталық тәуекел үрейін
арттыра түседі.
Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік
нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына
және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын
төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының
белсенділігін арттырады. Қазақстан соңғы 5 - 6 жылда экспортқа дем беру
мен төлем балансының белсенділігін қуаттау үшін теңге бағамын төмендету
саясатын ұстап отыр. Ұлттық банк осы мақсатпен үнемі валюта интервенциясын
(шетел валютасын сатып алу - сату) жүргізіп, айналымға теңгені көбірек
жіберудің арқасында теңге бағамын төмендетуде. Алайда, 2003-2005 жылдары
доллардың өзінің бағамының төмендеуінен елімізге көптеп келіп түсуде, осы
себепті теңгенің бағамы өсіп келеді.
Қазақтың ұлттық валютасы көршілес елдердің ішінде үлкен құнды ақшаға
айналып отыр. Сондықтан да Орталық Азия елдері арасында қос тілді болып,
әріп қатесі кеткені болмаса, теңгенің беделі өте жоғары, бүгінгі тұғыры бір
қалыпты. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық валюта - ел экономикасының жағдайын
көрсететін, айырбас құралы ғана емес, ұлттың айнасы болуы тиіс.

I. Валюта және валюталық саясаттың теориялық негіздері
1.1 Валюта: оның мәні мен түсінігі
Валюта (итальян сөзі, қазақша мағынасы - құн) - елдің ақша бірлігі,
оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Халықаралық валюталық қатынастар - әлемдік экономиканың қажетті
элементі, қоғамдық қатынастардың бүтін жиынтығы, олар арқылы әр түрлі елдер
арасында барлық есеп айырысу, кредиттік, ақшалай келісімдер жасалады.
Тауар өнімі, халықаралық сауда, капиталдардың қозғалысы мен қызмет
ету барысы олардың шынтуайтты негізі болып табылады. Халықаралық валюталық
қатынастар ұлттық шаруашылықтардың жұмысының нәтижелері бойынша өзара алыс-
берістер жасауды қамтамасыз етеді.
Бұл іспеттес қатынастар, негізінен, валютаның әлемдік шаруашылықта өз
рөлін атқарғанда қалыптасады. Және де әрбір мемлекетте заңды өтеу құралы
болып оның ұлттық валютасы саналады. Алайда, әлемдік шаруашылықта әдетте
конвертинленген шетел валюталары пайдаланылады. Мұның өзі әлемдік
шаруашылықта барлық елдер үшін жалпы мойындалған валютаның жоқтығымен
түсіндіріледі. Яғни, халықаралық қатынастарға қызмет ететін ақшаларды
валюта деп атайды.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс
күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда
туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру - міне
осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті.
Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы,
тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуін, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендігінің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңеюі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті
деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа (экономикалық одаққа) кіруі ақша
капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше
айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы
қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
вексель жәрменкелері мен басқа да ортағасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-
ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық қатынастарға
делдал болады. Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік
экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің
арақатынасына тәуелді.
Валюталық қатынастардың қалпына ең бірінші ұлттық және әлемдік
экономиканың дамуының дәрежесі әсер етеді. Сыртқы экономикалық әрекеттерді
жүзеге асырушы мемлекеттердің үкіметтері, трансұлттық корпорациялар,
жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдар валюталық қатынастардың субьектілері
бола алады. Валюталық қатынастарды арнайы халықаралық органдар жасап
келісіледі, егжей-тегжейлі дайындалады да, сыртқы экономикалық қызметпен
айналушы елдер үшін міндетті салынатын сипатқа ие болады.
Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық
байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік
өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық
қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін
көрсетеді.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің
сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника
деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта
түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің
арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық
валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс
процесіне кері әсерін тигізеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен
және ережелермен реттеледі.

1.2 Валюта жүйесі және оның түрлері
Халықаралық шаруашылық байланыстардың даму барысы валюталық жүйені
қалыптастырады.
Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімшарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу
формасы. Валюталық жүйелер 3 түрге бөлінеді:
1. Ұлттық валюталық жүйе
2. Дүниежүзілік валюталық жүйе
3. Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресуртарды
қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға
көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде,
халықаралық құқық нормасымен үйлесетін, ұлттық заңмен бекітілген ұлттық
валюта жүйесі туындады.
1. Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге
асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және
оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. Ол қолма-
қол формада (банкнот, монета) және қолма-қол емес формада (банкттік
шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның элементтері ұлттық орталық банк және
коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
- ұлттық валюта;
- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының Жарғысында
еркін қолданылатын валюта деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар,
немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт-стерлинг;
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы: ресейлік рубль; б)
айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
- валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы
алтын паритеті алынып тасталды. Халықаралық валюта қорының Жарғысы бойынша
валюта паритеті тек СДР - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық
валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен
бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады. Валюта қожыны деп
бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың
нарықтық бағамына көбейтіп, оларды Америка Құрама Штаттарының долларына
бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.
- валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі).
Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
- валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел
экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі
бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тыйым салу
енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте
валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей Халықаралық валюта қоры
Жарғысының 8-ші бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға
валюталық шектеулерді жойды.
- халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
- валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
- валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (Орталық Банк,
Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық Банк)
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен
заңды түрде бекітіледі.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз
байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе ΧΙΧ ғасырдың ортасына таман
құрылған.
2. Дүниежүзілік валюталық жүйе - бұл халықаралық несие-қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін
халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін
қамтиды. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық әрекеттерді түп-
тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде
қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық
валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе
өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі
олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер
экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып
келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни
валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық
валюталық реттеулерде және валююталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын
ұлттық банктер болып табылады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен
айырмашылықтар олардың элементтерінен байқалады (Кесте 1)
Кесте 1
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің негізгі элементтері
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
1. Ұлттық валюта 1. Халықаралық есептесу бірлігі,
2. Ұлттық валютаның айналым дәрежесірезервтік валюталар
3. Ұлттық валютаның паритеті 2. Валюталардың өзара
4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі айналымдылығының шарты
5. Халықаралық валюталық өтімділік 3. Валюталық паритеттердің біртұтас
6. Валюталық шектеудің болуы немесе режимі
болмауы 4. Валюталық бағамдардың режимдерінің
7. Халықаралық несиелік айналыс регламентациясы
құралдары, оларды пайдалану 5. Халықаралық валюталық өтімділікті
ережелерінің регламентациясы мемлекетаралық реттеу
8. Елдің халықаралық есеп айырысу 6. Валюталық шектеуді мемлекетаралық
регламентациясы реттеу
9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын 7. Халықаралық несиелік айналыс
нарығының режимі құралдарын пайдаланудың біртұтас
10. Елдің валюталық қатынастарын ережесі
реттеуші және қызмет көрсетуші 8. Халықаралық есепайырысулардың
ұлттық органдар негізгі формаларының біртұтастығы
9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар
және алтын нарықтарының режимі
10. Мемлекетаралық валюталық реттеуді
жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен
валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар
бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын
халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің
билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған
торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация
жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу
мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз
халықаралық есеп айырысуларда еледердің арнайы шоттарына жазбаша жазу
жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ - Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты
құны валюталық қоржынға кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және
бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Валюталық қоржын 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам
режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік
ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және
валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты
белгіленеді. Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың
АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР
халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық қоржын бес
валютадан тұрады (01.01.1991 ж. бойынша): АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы
-21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт-стерлинг - 11%.
Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын
және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты
білдіреді. Халықаралық валюта қорының Жарғысы бойынша валюталық паритет
СДР негізінде белгіленеді.
Ұлттық валюталық жүйенің шегінде Халықаралық валюта қоры арқылы
мемлекетаралық реттеу обьектісі болып саналатын валютамен жасалатын
операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік
реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық
елдердің төлем қабілетін сипаттайтын - халықаралық өтімділік валюталық
жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің
құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастардағы
резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.
3. Аймақтық валюта жүйесі - дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде
батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол
1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған Жалпы нарық одағындағы
мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау
алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты - ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси-экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ құру,
Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтеріне
дәл келеді. Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүниежүзілік
нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың
дамуымен байланысты болып келеді.
1.3 Валюталық бағам және оның қажеттігі, оған әсер етуші факторлары
Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны
халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір
арақатынаспен жүргізіледі.
Валюталық бағам - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнелейтін бағасы, яғни басқа елдің ақша өлшемімен
көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы. Валюталық жүйенің маңызды
элементі - валюталық бағам болып табылады.
Валюталық бағамның қажеттігі:
- тауарлар мен қызметтермен сауда-саттыққа, капиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Мысалы, экспортшы шетел
валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің
валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе-күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде
айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы шетелден сатып алған тауарларға
төлеу үшін шетел валютасын сатып алады;
- дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық
көрсеткіштерін салыстыруға;
- фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта
бағалап отыру үшін маңызды.
Валюта бағамы шетел валютасы немесе халықаралық валюталық өлшемдермен
(СДР, ЭКЮ) көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің бағасы. Валюта
бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі
айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады.
Валюта бағамының қалыптасуы - көп факторлы процесс. Валюталық бағамға
әсер ететін факторлар:
∙ Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының
бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының
төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
∙ Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансының жағдайы активті болса,
онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық
валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса,
борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел
валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.
∙ Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға
әсері екі жағдайда болады: а) Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер
капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына
әсер етеді. Шын мәнінде, пайыз мөлшерлемесінің өсуі шетел капиталының ішке
ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына
жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және
ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып,
оны ішкі нарыққа орналастырады.
∙ Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер
қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты
валютаға сатуға тырысады.
∙ Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесі. Мысалға, Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ
долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
∙ Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар
бағамына әсер етеді.
∙ Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.
∙ Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның
динамикасына әсер етеді.
Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау қатынасын
анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығында
валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Тікелей
котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады.
Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама котировка деген
ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының көрсетуі.
Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бірен-саран АҚШ
қолдануда.
Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ
долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және
резервтік құрал ретіндегі рөлімен түсіндіріледі. Банктер сауда-өнеркәсіп
клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс-курсты негіз етіп
алады. Кросс-курс - ол екі валюта бағамдарының үшінші валютаға (әдетте АҚШ
долларына) қатысты арақатысы.
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын
факторларды үш топқа бөлуге болады:1. Фундаментальды факторлар орта
мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық
статистикалық органдармен жарияланатын макроэкономикалық статистиканың
мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу
қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты
пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем
балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.
2. Техникалық талдау - бұл бағамды жүргізу графигін талдауды
сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек:
сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының крестиктер-ноликтер
графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда
бір жерде жоғарыласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.
3. Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына
маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар
(форс-мажор), саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық
инвестиция.
II. Қазақстан Республикасының валюта саясатының ерекшеліктері
2.1 Қазақстан Республикасының валюта саясатының құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы заңына (24.12.1996
ж.) сәйкес, Валюта - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған
ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның
ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе
алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын
қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми
стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралық ақша немесе
есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
1) нарықтық реттеу
2) мемлекет тарапынан реттеу
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ
олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына
бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында
жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар,
көрсетілген қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік
шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін
қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам
динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып
алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкнідіктері туралы біле алады.
Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар
көздері болып табылады.
Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып
келген, бастапқысында ол жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы
маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы ΧΧ ғ.
алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш
ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ
асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға
теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады.
Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал
екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды
жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы
тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың
арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы
басқа қиын жағдайларды қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы
артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында
валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын
алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа
келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын
алады.
Валюталық саясат - бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына
сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында
жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты
экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін
тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-
экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік
аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және
одан тысқары жерлердегі валюталық бағамдармен байланысты операциялардың
жасалу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі
жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында
жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы - валюталық реттеу
болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу - заңды актілер және атқарушы өкіметтің
әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу - нарықтың
экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және
несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы - Халықаралық Валюаталық қор
болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты
екіге бөлінеді:
1) құрылымдық валюталық саясат
2) ағымдық валюталық саясат
Құрылымдық валюталық саясат- дүниежүзілік валюталық жүйедегі
құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар
жиынтығы.
Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық
валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.
Ағымыдық валюталық саясат - валюталық бағамды, валюталық
операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті
оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:
1) Дисконттық валюталық саясат
2) Девиздік валюталық саясат
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу формалары болады:
а) валюталық интервенция;
ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;
б) валюталық шектеу;
в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
г) валюталық бағам режимі;
ғ) девальвация;
д) ревальвация.
Дисконттық (есепке алу) саясаты - бір жағынан, валюталық бағам мен
төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша
массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің
есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын
ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, еі төменгі пайыз
мөлшерлемесі бар елдерден капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының
жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық
банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік
капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және
валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі,
егер де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын
болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем
балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.
Девиздік саясат - мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел
валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету
әдісі.
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел
валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға
айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбіне, валюталық интервенция формасында жүзеге
асырылады. Валюталық интервенция ΧIΧ ғасырдан бастап қолданыла бастаған.
Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция
кеңінен қанат жайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде
мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары - Халықаралық валюталық қор,
сондай-ақ аймақтық - Еуропалық валюталық институт құрылды. (1994 ж.)
Валюталық интервенция - ресми алтын - валюталық қорлар мен қысқа
мерзімді қарыз алушылықта пайдалана отырып, орталық банктер жүргізеді.
Ұлттық валютаның бағамын көтеру үшін Орталық банк шетел валютасын сатады,
өзінікін сатып алып және керісінше. Жалпы айтқанда, бұл әдіс аз уақытқа
валюта бағамына айтарлықтай тиімді әсер етуге мүмкіндік береді. Қазіргі
кезде көптеген мұнай өндіруші елдер, соның ішінде, әсіресе, Қазақстан,
Ресей, Әзірбайжан валюта бағамын реттеудің осы әдісін қолдана отырып,
экспортшыларды ынталандыру үшін ұлттық валюталардың өз бағамын едәуір
төмен деңгейде ұстап келеді.
Валюталық интервенция мақсатына қарай сүзіліп тазаланған және
сүзіліп тазаланбаған болып бөлінеді. Сүзіліп тазаланған интервенция
дегеніміз - оның барысында шетелдік нетто-активтердің ресми өзгерісі ішкі
активтердің өзгертулеріне сәйкес орны толтырылып отырады, яғни ресми ақша
базасының мөлшеріне әсер ету практикасы болмайды. Бұл әдісті теңге бағамын
ірку мақсатымен мұнай мен металл экспортынан түскен шетел валюталарын алып
тастау үшін жиі-жиі Ұлттық банк жүзеге асырып отырады.
Сүзіліп тазаланбаған интервенция елдің ақшалай базасын,
әдеттегідей, ұлғайту жағына өзгертеді.
Валюталық резервтерді диверсификациялау - бұл халықаралық есеп
айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық
шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық
резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің
саясаты.
Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық
есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге
асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және
мемлекетаралық реттеу обьектісі болып табылады. Девальвация мен ревальвация
- валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.
Девальвация - ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы
бойынша төмендету.
Ревальвация - ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы
бойынша жоғарылату.
Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:
Д = Бе - Бж Бе * 100
мұндағы, Бе - ескі бағам; Бж - жаңа бағам.
Ревальвация пайызын есептеу формуласы:
Р = Бж - Бе Бе * 100
Валюталық саясаттың келесі формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз
пайдаланылады.
Валюталық шектеу - резиденттер мен бейрезиденттердің валюталар
және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде
немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.
Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.
Валюталық шектеудің мақсаттары мынадай:
- төлем балансын теңестіру;
- валюталық бағамды қолдау;
- ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында
валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.
Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:
- Валюталық операциялардың орталық және өкілетті банктерде
орталықтандырылуы;
- Валюталыө операция жасау үшін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;
- Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
- Валюталардың қайтарымдығын шектеу.
2.2 Қазақстан Республикасының валюта жүйесін талдау және қазіргі жағдайы
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің
тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның
алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар, халық
шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге
шешу міндеттері тұрды.
Қазақстан 1992 жылдан әлемдік валюта қорының мүшесі болып табылады.
Сондықтан өзінің валюталық жүйесін Ямайкалық әлемдік валюта жүйесінің
құрылымдық принциптерін ескере отырып құрады. Валюта қатынастарын
ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде Валюталық реттеу туралы алғашқы
заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен
жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар, еліміз
өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындық жүргізумен шұғылдануда
еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп, кейбір
жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы
сипатта болды. 1993 жылдың қарашасынан бері ұлттық валюта жүйеміздің негізі
- теңге ендірілді.
1996 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Валютаны
реттеу туралы Заңы қабылданды. Содан бері оған 9 рет өзгерістер мен
қосымшалар енгізілді. Қазақстанның валюта Заңының негізгі элементтері
төмендегідей:
- валюта заңының басты-басты түсініктерін нақты анықтау;
- валютаны реттеу мен валютаға бақылау жасаудың тәртібі;
- валюталық операциялар, оларды өткізудің рұқсат етілу тәртіптері;
- шетел валюталарын, құнды қағаздарды әкелу мен сыртқа шығарудың тәртібі;
- халықаралық төлемдер мен жіберудің тәртібі.
Осы заң бойынша конвертирленудің бір бөлік (ішкі) ережесі бекітіліп,
валюта жүргізуінің біркелкі бағыты ендірілді.
Валюталық операцияларға жекеменшіктік және басқа құқықтардың
валюталық құндылықтарға ауысуына байланыстылығы, шетел валюталарын әкелу
мен сыртқа шығару жатады.
Валюталық құндылықтар - шетел валютасы, құнды қағаздар, шетелдік
валютамен жүргізілетін төлем құжаттары, аффинацияланған сом алтын.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізетін валюталық
қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда
айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, Қазақстан Республикасының
ақша жүйесі туралы 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы 1995 жыдың 30 наурыздағы заңы, Асыл
тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік
реттеу туралы 1995 жылдың 20 шілдедегі заңы, Банк және банк қызметі
туралы 1995 жылғы 30 тамыздағы заңдары, сонымен қатар Қазақстан
Республикасы президенті Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен Ұлттық банк
басқармасының нормативтік актілері.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің обьектісі болып шетел
валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды,
аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы металдарды
республикаға әкелу, алып кету, жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі.
Валюталық қатынастардың субьектілері болып резиденттер және резидент
еместер саналады.
Қазақстан Республикасы аумағында резиденттер (Қазақстан азаматтары)
мен резидент еместер (шетелдіктер) жүргізілетін валюталық операциялар банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өкілетті банктер мен
өкілетті ұйымдар арқылы атқарылады.
Резиденттер арасындағы барлық төлемдер мен ақша жіберу операциялары
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана жүргізілуге тиіс.
Валюталық операциялар капитал қозғалысына байланысты күнделікті
операцияларға бөлінеді.
Күнделікті операциялар мыналар:
- төлем мерзімін кейінге қалдыруды қарастыратын экспорт-импорт
келісімдерінің есебін жүзеге асыруға арналған ақша жіберулер немесе 180
күннен аспайтын мерзімге тауарлар үшін берілетін авансалық төлем;
- салымдар, инвестициялар, заем мен басқа да операциялар бойынша ақша
жіберу, үлес пайдасын алу, сыйлықтар мен түрліше табыстар;
- гранттарды, мұрагерлік сомаларды қоса есептегендегі саудалық сипаты жоқ
ақша жіберулер.
Капиталдың қозғалысына байланысты операциялар:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
- ақыл-ой мүддесінің обьектілеріне толық құқықтарды беруді қарастыратын
келісімдер бойынша есептеулерді жүзеге асыратын ақша жіберілуі;
- 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру мен оларды алу;
- құнды қағаздарға ие болатын-портфель инвестицяилары;
- қозғалымсыздыққа деген мүліктік құқықты өтеуге жіберілетін ақшалар;
- зейнетақылық активтермен, сақтандырумен, қайта сақтандырумен және т.б
байланысты халықаралық ақша қатынастары.
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың құқықтық
жайындағы ғылым Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2001
жылдың сәуірінде қабылданған №115 қаулысының ережесіне, 2002, 2003, 2004
жылдары қосылған өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстанның валюта жүйесінің маңызды элементтері болып валюталық
реттеу мен валюталық бақылау саналады.
Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу-сату мәмілелері
Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті
коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен басқа да мемлекеттік органдар валюталық реттеулерді өз ырықтарының
деңгейінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шетел валютасы мен құнды
қағаздардың шетел валютасындағы ауқымы мен айналыс тәртібін анықтайды,
резиденттер мен резидент еместердің орындаулары жайлы міндетті нормативтік
актілер шығарады, резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын
анықтайды, ұлттық валютаның - теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын
белгілеу, экспорттық операциялар төлемін өтеуге шектеулер қояды,
лицензиялар береді, шетелдік валютамен операциялар жасау лицензияларын
тоқтатып, олардың күшін жояды, олар бойынша есеп беру түрлерін анықтайды,
алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді.
Ұлттық банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі және сондай-ақ
олардың агенттері валюталық операцияларды жүзеге асыру барысындағы
заңдылықтарды қамтамасыз ету үшін валюталық бақылау жүргізеді.
Валюталық реттеу және бақылау жүйесі 2007 жылдан бастап мынадай
негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды
лицензиялау режимінің күшін толық жою;
2) ұлттық Банктің тіркеу талабын енгізу (тараптар міндеттемелерін
орындауды бастағанға дейін) және валюталық операциялар туралы хабардар ету
тәртібін айқындау (ол жасалғаннан кейін) жөніндегі Ұлттық Банктің заңмен
бекітілген құқығын сақтау;
3) резидент жәненемесе резидент емес валюталық операцияларды жүзеге
асырған кезде операция жүргізуге негіздеме болып табылатын тиісті түрде
ресімделген құжаттарды уәкілетті банкке ұсынуға міндеттілігі туралы талапты
сақтау. Қажетті құжаттардың тізбесі валюталық заңнамада бекітіледі;
4) экспорт-импорт мәмілелері бойынша валютаны қайтару талабын сақтау.
Қайтару талабы резидентке экспорттан түскен түсімді немесе импорт бойынша
пайдаланылмаған авансты сыртқы сауда келісім-шартында көзделген мерзімде
уәкілетті банктердің шоттарына есептеу міндеттемесін болжайды. Бұл ретте
заң кесімінде резиденттер валютаны уәкілетті банктердің шоттарына
есептемеуге құқылы жағдайларының жабық тізбесі айқындалуға тиіс;
5) резиденттер арасындағы ұлттық валютамен операциялар бойынша ақша
төлемдері мен аударымдарын міндетті түрде жүргізуді айқындайтын норманы
сақтау. Заңнама кесімінде осы талаптан шығатын ерекше жағдайлар айқындалуға
тиіс;
6) заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алу мақсаттарына және соның
есебінен шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылатын ұлттық валютаның
көздеріне (резиденттерге, сол сияқты резидент еместерге қатысты) барлық
шектеулердің күшін жою.

Валюталық бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының
2001 жылдың 5 қыркүйегінде қабылданған №343 (3.06.02., 17.06.02 ж. б.
кездеріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта жүйесі
Дүниежүзілік валюта жүйесі
Дүниежүзілік валюта жүйесі туралы мәлімет
Валюта негізгі түсініктері, еркін валюта бағамдары
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары
Халықаралық экономикалық қатынастар жайлы
ВАЛЮТАЛЫҚ ПЕН ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ (ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕПЗІНДЕ)
Валюта нарығы туралы түсінік
Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі
Пәндер