ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ . . . 4

2 ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ . . . 10

3 ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34

КІРІСПЕ

Тәуекел гректің «ridskon, ridsa», италиянның «risiko» және француздың тілінде «risque», қазақша «қауіп, қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.

Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.

Тәуекел деңгейі үлкейеді, егер де:

  • күтпеген жағдайда және тез арада проблемалар пайда болса;
  • банктің өткен тәжірибесіне лайықты емес жаңа мақсаттар қойылса (бұл әсіресе біздің жағдайда өзекті мәселе, себебі коммерциялық банктер институты енді ғана дамуда) ;
  • басшылықтың тез арада қажетті және жедел шешімдерді қабылдай алмаса; ол қаржылық жағдайға зиян әкелуі мүмкін ( қажетті және/немесе қосымша пайданың алу мүмкіншіліктерінің нашарлауы) ;
  • банк қызметінің орныққан тәртібі немесе қабылданған заңдардың кемшіліктері белгілі бір жағдайға нақтылы шаралар енгізуге кедергі келтірсе;

Банктік операциялардың барлық түрлері тәуекелге душар болған. Банктің несиелік, валюталық және өзге валюталық операцияларды жүргізу барысында ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруінен туындайтын валюталық шығын - валюталық тәуекел деп аталады.

Менің курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде валюталық тәуекелдер қаржылық тәуекелдің құрамдас бөлігі ретіндегі сипаты, оның маңыздылығы туралы жазып өттім.

Екінші бөлігі жалпы валюталық тәуекелдердің түрлері мен оларды қаржыландыру көздері туралы.

Үшінші бөлімде валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдап және Қазақстан Республикасында оларды төмендету шараларына тоқталдым.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Валюталық тәуекел - бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.

Курстық жұмыстың мақсаты - валюталық тәуекелдерді зерттеу, оның Қазақстан Республикасындағы тежеу жолдарын зерттеу болып табылады.

Осы көздеген мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:

  • валюталық тәуекелдер түсінігін ашу;
  • валюталық тәуекелдердің түрлерін айқындау;
  • валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау;
  • Қазақстан Республикасында оларды төмендету шараларын зерттеу.

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс) .

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.

Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.

Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.

Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық) .

Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.

Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т. б. ) қатынасы процесінде пайда болады.

Қаржы тәуекелінің туындау себептері - инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т. б.

Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты.

Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.

Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін.

Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды орналастыруды анықтау қажет.

Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл тәуелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.

Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:

  1. Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
  2. Капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер) .

Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.

Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция - инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.

Инфляциялық тәуекел - инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.

Дефляциялық тәуекел - дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.

Валюталық тәуекелдер - сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.

Курстық жұмыс тақырыбы валюталық тәуекелімен байланысты болғандықтан валюталық тәуекеліне тереңірек тоқталамын.

Валюталық немесе курстық тәуекел - бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.

Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ. DM/ДОЛЛ., YEN/BGP және т. б. ), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.

Валюталық тәуекелдер операциялық контрактілік, трансляциялық және басқа да тәуекелдерді ажыратады.

Валюталық тәуекел пайыздық ставка және өтімділік тәуекелімен байланысты. Ол валюталық пассив және актив құрылымдары сәйкес келмегенде, сондай-ақ мемлекеттегі инфляциялық процестер кезінде болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кезең ішіндегі несиелік немесе басқа да келісімнің ақшалай міндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім шарттың кез келген жағы баруы мүмкін (несиелік, саудалық және т. б. ) ; кредитор өзінің шетелдік контрагентіне банктік несие бере отырып, қарызгерге уақытша пайдалануға берген құнының эквивалентін кайтарып ала алмау тәуекеліне барады. Ал қарызгер несиені алған кездегі болған курс бойынша несиелік келісім-шартта валюта курсын белгілегенмен салыстырғанда, төлейтін кездегі валюта құнының көтеріліп кетуінен құнын жоғалтатын валюталық тәуекелге барады.

Валюталық тәуекел, әсіресе әр түрлі валюталық рыноктарда сол бір валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланысты сол айырымдардан пайда табатын (спекулятивтік табыс) немесе валюта курсының әр түрлі уақыт кезеңдерінде айырымынан түсетін пайда, мысалы, арбитраждық операциялар жүргізетін банктерде, яғни сондай қаржылық-несиелік институттарда өте жоғары. Валюталық тәуекел, қарызды қайтару кезеңі және несиелік контракт сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.

Банктердің валюталық тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде болады.

Ашық валюталық позиция дегеніміз - ол банктің шетел валютасындағы активтері мен пассивтерінің сәйкес келмеуі. Ол табыс та, шығын да әкеледі. Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позициясының қандай екендігіне, яғни ұзақ немесе қысқа ма және де Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсының ресми өзгеру белгісі қандай, соған да байланысты болады.

Ұзақ позиция валютадағы активтердің, пассивтердің артып кетуін білдіреді және де «+» белгісімен белгіленеді. Қысқа позиция валютадағы пассивтердің активтерден артып кетуін білдіреді және де «-» белгісімен белгіленеді.

Егер де банктің клиенттер алдындағы міндеттемесі (валюталық қорларға қатысты) банктің валюталық корреспонденттік шотына қарағанда өте көп мөлшерде жоғарылап кетсе, ол валюталық міндеттемелер бойынша тұрақтылық жағдайында төмен екендігін білдіреді (яғни «қысқа валюталық позиция») . Доллар/теңте айырбас курсының өсуі кезіндегі қысқа валюталық позиция банк үшін тиімді емес, өйткені клиентке қатысты өзінің міндеттемелерін ары қарай орындау үшін банкке теңгенің қорын көп мөлшерде жұмсау қажет болады. Мұндай жайт тиімді болады, егер де бөліп алынған теңге қоры өспей, айырбас курсының қосымша шығындарын жаба алғандай етіп пайдаланылған болса. Осындай дәрежедегі ұзақ позиция да курстың төмендеуі кезінде тиімді емес.

Несие берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банктің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдер болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық-кредиттік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық-кредиттік мекемеге валюталық тәуекелдерді болжау үшін немесе олардың салдарын неғұрлым болдырмау үшін мақсатты іс-әрекеттерді өз уақытында ойластырып жүргізу қажет.

Бүгінгі күнде валюталық тәуекел - бұл бәрі әрдайым қадағалап отыруға тырысатын және де валюталық курс маңызды қаржылық индикатор болып табылатын негізгі қаржылық тәуекелдердің бірі.

Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталық курстың әсер етуінің екі жолын қолдануы мүмкін:

  1. Белгіленген валюталық курсты хабарлау - курсты қандай да бір «тұрақты» валютаға бекіту және де осыған байланысты ұлттық өндіріспен елдің экспорттық-импорттық балансына бір бағытта әсер ету. Бұл көзқараста артықшылық көп, бірақ көбі олай ойламайды. Осы жолмен көптеген гүлденуші мемлекеттердің өздері жүріп өткен;
  2. Инфляция және басқа да факторларға байланысты курстың әрдайым өзгеріп отыруы. Бұл көзқараста оң жағымен қатар, теріс жағы да аз емес, бұған мысал бола алатын Ресей.

Мысалы: Литва бірінші жолды таңдап алды (Литваның ақша бірлігі - лит, ол АҚШ долларына катаң байланыстырылған), ал ҚР-сы екінші жолмен кетті.

Бүгінде валюталық курс - бұл елдегі экспорт пен импорт арасындағы баланстың сальдосын бағалау ғана емес, ол мемлекеттің өте ғаламдық саясаты. Елдердің алтын-валюталық резервтері елдердің міндеттемелерімен бірге міндетті түрде халықаралық бірлестіктер мен келісімдер контексінде қарастырылуы керек.

Қаржы нарықтарында мемлекет өз мүддесін қорғау керектігін ескеру өте маңызды, әйтпесе ол өте тез және өзіне де білінбестен өзінің барлық қаржы ресурстарын жоғалтып алуы мүмкін (мысалы, Оңтүстік Корея) . Әлемдік қаржы нарықтарында әрдайым қаржылық күрес жүріп жатады, онда бірқатар жақтардың мүдделері үйлесуі немесе алшақтауы мүмкін. Сондықтан осы нарықтарға қатысу үшін (ҚР-сы шетелдік қаржы нарықтарында өзінің міндеттемелерін салады) бірнеше жағдайларды ескеру қажет. Өйткені оларды сақтамаса, қатысқан кезде айтарлықтай зиян келуі мүмкін.

Сондай-ақ, айта кететін жайт, өзгерістер болып жатқан елдердің өздері ғана валютаның ауытқуындағы қиын болжанатын тәуекелдерге бармайды, сонымен қоса осы дағдарыстағы елдермен көршілес елдер де немесе шамалы экономикалық болмашы саяси байланыстары бар елдер де осы тәуекелдерге барады.

2 ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ

Валюталық тәуекелдер халықаралық экономикалық қатынастардың қатысушылары душар болған коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылады.

Валюталық тәуекелдер - шетел валюталарын әртүрлі курстар бойынша сату және сатып алу кезіндегі жоғалтулар тәуекелдігі.

Валюталық тәуекелдер, немесе курстық жоғалтулар тәуекелдігі банктық операциялар рыногының , транснационалды (біріккен) ұжымдардың және банктік мекемелердің құрылыуымен және олардың істерінің байланысты, сонымен қатар валюталық курстың ауытқуы нәтижесінде ақшалай жоғалтулардың мүмкіндігін көрсетеді. Валюта курсының бір біріне қатысты өзгеруі көптеген факторлардың әсерінен болады, мысалы валютаның ішкі құнының өзгеруінен, бір елмен екінші елдің арасында ақша ағымының ауысуынан, алыпсатудан және т. б. Кез келген валютаны сипаттайтын фактор резидент және резидент еместердің валютасына сенімдік дәрежесі болып табылады. Валютаға сенім бірнеше көрсеткіштерден тұратын күрделі көп факторлы белгі, мысалы саясаттық режимге сенімділік көрсеткіші сол елдің ашықтығы болып табылады.

Операциялық тәуекел - негізінен сауда операцияларымен, сондай ақ қаржылық инвестициялау және дивидендтік (пайыздық) төлемдер бойынша ақша келісімдеріне байланысты. Операциялық тәуекелге ақша құралдарының қозғалысы және де пайда деңгейі душар болған.

Бұл тәуекелді пайданы толық көрмеу немесе күтіліп отырған ақша ағымының құралына айырбастау курсының тікелей әсер ету нәтижесінде шығынға ұшырау мүмкіндігі ретінде анықтауға болады. Сатылған тауары үшін шетел валютасын алған экспортшы шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты төмендеуінен ұтылады, ал шетел валютасында төлем жасаған импортер шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты жоғрылауынан ұтылады.

Валюта айырбасын шамалайтын, келісімге байланысты тәуекелдіктер құн саясатының көмегімен басқарыла алады. Сонымен қатар, тәуекелге ақшаны алу мен төлеу мерзімі мағызды әсер етеді.

Егер түсімдер валютасы шығындар валютасына сәйкес келсе, операциялық тәуекелді азайтуға болады. Бұған шығындары ұлттық валютада көрсетілген және тәуекелден құтылу үшін счет-фактураларды сол валютада жазған экспортшы мысал бола алады. Сатып алушы счет-фактураларды өз елінің валютасында алу ниетін білдірсе, ал экспортшы шоттарды импортер валютасында жазуға бас тартса, келісім іске аспай қалуы мүмкін, бұл әдістің қиындығы сол болып табылады. Хеджирлеудің сенімді әдісі жоқ шоттарды жазу немесе алу қауіпті.

Трансляциялы тәуекелдер - бухгалтерлік және қаржылық есепке әсер етеді. Оның операциялық тәуекелден айырмашылығы, ол ақша қаражаттардың ағымы мен төлем мөлшерлерімен байланысты емес.

Бұл тәуекел есептік немесе тепе-теңдік тәуекелдік ретінде белгілі. Әртүрлі елдің валюталарында көрсетілген активтер мен пассивтер арасындағы қарама-қайшылық мүмкіндігі тәуекелдің қайнар көзі болып табылады. Мысалы, егер британдық компанияның АҚШ-та дочерний (еншілес) филиалы болса, онда оның құны АҚШ долларымен көрсетілген активтері бар. Егер британдық компанияның осы активтердің құнын компенсациялаушы АҚШ долларымен жеткілікті пассивтері болмаса, онда компания тәуекелдікке бас ұрады. Егер компания трансляциалы тәуекелдік аса маңызды емес деп есептесе, онда бұл тәуекелді хеджирлеудің қажеті жоқ. Бұл әдісті жақтап, активтер мен пассивтерді негізгі валютада бағалағанда баланстық есепте олардың өзгеруінің еш маңызды мағынасы жоқ бухгалтерлік процедура, деуге болады. Фунт стерлингпен көрсетілген АҚШ компаниясының активтерінің құны АҚШ долларының фунт стерлингке шаққандағы айырбастау курсының қозғалысымен бірдей ауысса, АҚШ компаниясының пайда көзіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан да курстың ауытқуынан жоғалтулар тәуекелдігі болмаса, хеджирлеуге кететін шығын еш мағынасыз деп есептеледі.

Трансляциялы тәуекелдің дәрежесін есептеу көптеген келіспеушіліктер тудырды, ең алдымен көптеген жылдар бойы қолданылған есептеу әдістерінің іртүрлілігіне байланысты.

Экономикалық тәуекел - компанияның экономикалық жағдайына айырбастау курсының өзгеруінің жағымсыз әсер ету ықтималдығымен анықталады. Тәуекел, бәсекелестік күрестің ұқсас тауар өндіруші жағынан да, сонымен қатар басқа өнім шығарушылар жағынан да өзгеруіне, және де тұтынушылардың белгілі бір тауар маркасын ұстанымының өзгеруіне де байланысты пайда болуы мүмкін. Әсер етудің тағы да басқа қайнар көздері болуы мүмкін, мысалы айырбастау курсының өзгеруіне қатысты үкіметтің реакциясы немесе валютаның құнсыздануынан пайда болған инфляцияның нәтижесінде жалақының өсуін тоқтату.

Тек қана ұлттық валютада шығынға ұшырайтын, валюта курсының өзгеруі әсер етпейтін өнім шығару факторлары жоқ компаниялар экономикалық тәуекелдікке аз душар болады. Бұл компаниялар өз өнімдерін тек мемлекет ішінде өткізетіндіктен, курстың жағымды өзгеруі нәтижесінде бағалары ұтымдырақ тауарлар жағынан бәсекелестіктерді кездестірмейді. Дегенмен сол сияқты компаниялар да, айырбастау курсының өзгеруінен толығымен сақталмаған.

Айырбастау курсының ауытқуы ұлттық валютада көрсетілген сату құнына немесе шығындар структурасына әсер ету арқылы басқа өндірушілер тарапынан бәсеке дәрежесіне әсер етуі мүмкін. Тек қана ішкі нарықта сататын, шығындарды ұлттық валютада төлейтін компания ұлттық валюта курсының жоғарылауынан зардап шегеді, өйткені бәсекелес импорт тауарлары арзанырақ болады.

Бір қарағанда айқын емес операциялық, экономикалық, трансляциялық тәуекелдер бар, яғни жасырын тәуекелдер. Мысалы, ішкі нарықтағы жабдықтаушы импорт қорларын қолдануы мүмкін, сондай жабдықтаушының қызметімен пайдаланатын компания, жанама түрде операциялық тәуекелдікке душар болады, өйткені ұлттық валютаның құнсыздануы нәтижесінде жабдықтаушының шығындарының өсуі осы жабдықтаушыны бағаларды өсіруге мәжбүр етеді. Тағы да бір мысал келтіруге болады, мәселен, импортерға ұлттық валютада счет-фактура берілсе және ол, жабдықтаушы елінің валютасында бағаның тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында, айырбастау курсының өзгеруіне байланысты, бағаларды шетел жабдықтаушысы өзгерткенін байқайды.

Жасырын және (немесе) трансляциялық тәуекелдер - шетелдік дочернийлік (еншілес) компаниялар өзіндік тәуекелдіктерге душар болған кезде де пайда болуы мүмкін. Мәселен, Британдық компанияның Америкадағы филиалы өнімін Австралияға экспорттайды. Америкалық дочерний (еншілес) компания үшін Австралиялық доллар курсының өзгеруінен жоғалтулар тәуекелдіктері бар, осыған орай ол Австралиялық доллар курсының АҚШ доллар курсына қатысты жағымсыз өзгеруіне байланысты шығынға ұшырауы мүмкін. Осындай шығындар филиалдың пайда алуына кедергі жасайды. Бұдан жанама операциялық тәуекелдік туындайды. Себебі, дочерний компаниядан түскен түсімдер қысқарады.

Мемлекеттік тәуекелдер - бұл белгілі бір мемлекеттегі инвестициямен байланысты және барлық кәсіпорындарға бірдей болатын инфляциялық, әлеуметтік тұрақсыздық және тағы да басқа тәуекелдер.

Мемлекеттік тәуекелдер қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-саяси өзгерістердің өзара ұштасуымен сипатталатын көпфакторлық құбылыс. Егер дамыған мемлекеттерде мемлекеттік тәуекелдерінің деңгейі аз мөлшерде өзгеріп отыратын болса, ал дамушы мемлекеттердің мемлекеттік тәуекелдеріне едәуір қысқа мерзімді еркіндік тиесілі.

Валюталық тәуекел тікелей бола алады, егер банктың валюталық позициясы валюталық курстың өзгерісіне тәуелді болса және жанама болады, егер клиенттер немесе контрагенттер ұстап тұратын валюталық позиция олардың несие төлеу қабілеттілігіне жағысыз ықпал тигізетін болса. Сонымен қатар, валюталық тәуекелдер ұлттық валюталық позициядвн да пайда бола алады.

Тәуекелдерді қаржыландырудың әртүрлі жолдары бар. Ең алдымен бұл қауіпсіздікті жетілдіретін іс шаралар үшін шығын, зияндарды компенсациялайтын келешек шығындар, сақтандыру сыйлықтарын төлеу үшін шығындарды қамтамасыз ететін кәсіпорын бюджеті. Одан кейін бұл өзін өзі сақтандырушы резервтік фондтар, олар ертерек кәсіпорынның өз қаражатынан құралған.

Төтенше жағдай кезіндегі шығындарды жабу үшін кредиттер, банктерді инвестициялық ресурстары тартылуы мүмкін. Сондай ақ төтенше жағдайларға байланысты құралған арнайы бюджеттік және бюджеттік емес фондтардан мемлекеттік көмек көрсетілуі мүмкін.

Негізгі жағдайда тәуекелді қаржыландыру үш негізгі бөлімнен тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер
Тәуекел түсінігі, түрлері және оларды басқаруды ұйымдастыру
Қаржылық менеджер тәуекел
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
Банктік тәуекелдер, банк тәуекелдерін басқару
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Банктік тәуекелдер
Банктің валюталық тәуекелін талдау
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Қаржы тәуекелін басқару («PERFECT» ЖШС мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz