Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Реферат
Тақырыбы:

Орындаған:
___________________
Тексерген:_________________

Алматы 2010 ж

Жоспар

3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.АҚ Даму қорының дамуының негізгі 4
кезеңдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
2.АҚ Даму қорының мақсаты мен 18
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.Даму қорының қызметі және қазіргі 23
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Қолданылған 32
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

Кіріспе

Оқу-танысу тәжірибесі Даму АҚ-да Субсидиялау және кепілдеу
департаментінде өтті. Тәжірибенің мақсаты – Даму АҚ-ның сипатымен,
ұйымдық құрылымымен танысу, ұйымның қаржылық стратегиясын, қаржылық
жоспарын зерттеу, қаржылық жағдайымен танысу және оны талдау болып
табылады.

Даму АҚ – Қазақстан Республикасындағыкәсіпкерлікті дамыту қоры
болып табылады. Даму қоры – ұлттық институт, Қазақстандағы
кәсіпкерлікті қолдау шараларының басты операторы мен біріктірушісі.
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын
жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында Шағын кәсіпкерлікті дамыту
қоры АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
шықты. Президент Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы қаулы шығарды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады.
АҚ Даму ҚР әр облысында өзінің филиалдары бар, бас кеңсесі Алматы
қаласында орналасқан. АҚ Даму өз ішінде бірнеше департаменттерден тұрады,
атап айтсақ заң, тәуекел, әкімшілік, корпоративтік басқару, бухгалтерлік
есеп және есеп беру, мониторинг, ақпараттық технология, субсидиялау және
кредиттеу, қаржылай емес қолдау көрсету департаменттері болып бөлінеді. Әр
департамент ҚР белгілі – бір заңнамалық, нормативтік – құқықтық актілеріне
сүйене отырып қызмет атқарады.

1. АҚ Даму қорының дамуының негізгі кезеңдері
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын
жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында Шағын кәсіпкерлікті дамыту
қоры АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
шықты. Президент Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы қаулы шығарды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады.
Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің (әрі қарай-ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін
ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы
құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру. Қазына орнықты даму қоры АҚ
2006 жылы Қордың акционері болып белгіленді. Шағын кәсіпкерлікті дамыту
қоры АҚ басты мақсатына қол жеткізу үшін, 2007 жылғы қараша айына дейін
мынадай:
• жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын және орта бизнесті әртараптандыру
мақсатында және жекелеген аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
ерекшелігіне сүйене отырып, экономиканың приоритетті салаларындағы
шағын кәсіпкерлік субъектілерін тікелей кредиттеу;
• қаржы лизингін дамыту;
• микрокредиттік ұйымдар желілерін дамыту ;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктер алдындағы
міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін дамыту;
• Қордың жүзеге асыратын бағдарламалары шеңберінде шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне консультациялық көмек көрсету сияқты функциялар мен
міндеттерді атқарды.
2007 жылдың соңынан бастап, Қорда тұжырымды өзгерістер болды:
Қор Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ мәртебесінен Даму
кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ мәртебесіне өзгерді, сол себепті шағын және
орта кәсіпкерлікті (одан әрі - ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері
де ұлғайды; Қор қаржы институтынан мемлекеттен бөлінетін қаражат активтерін
басқару операторына айналды: ШОК субъектілерін қаржылай қолдау және ШОК
субъектілерін ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау қызметінің
жаңа бағыттары әзірленіп, іске асырылып отыр. Қордың фирмалық стилі
өзгерді. 2008 жылғы қазан айында, Қазына орнықты даму қоры АҚ және
Самұрық Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг
бірігіп, Самұрық - Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ болып өзгерді. Жаңадан
құрылған қор қызметінің мақсаты өзіне тиесілі меншік құқығында  ұлттық даму
институттарының ұлттық компаниялар мен өзге заңды тұлғалардың акциялар
пакетін, қатысу үлестерін басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг
ретінде белгіленді. Бүгінде Даму Қоры 100% акциясы Самұрық - Қазына
ұлттық әл-ауқат қоры АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.
Даму Қорының миссиясы– қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну
интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның
микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу.

Қордың даму кезеңдері мен қызметі
Қордың құрылуына Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдеде қабылданған Заңы және:
• Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
жөніндегі 1992-1994 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы 1992
ж. 5 мамырда;
• Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
жөніндегі 1994-1996 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы ҚР
Президентінің 1994 ж. 10 маусымда қабылданған қаулылары себеп болды.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
1997-2001 жж.
Бірінші кезең 1997 ж. Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары
мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған
бірқатар заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдады.
• 1997 – Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны
дамытуды күшейту шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы;
• Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 Қаулысы;
• Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Заңы;
• Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19
маусымдағы № 135-1 Заңы
• 1999 – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы №
4189 Жарлығы;
• 2001 – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 597
Жарлығы;
Бұл мерзім Қордың отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар
Бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын, сондай-ақ
• ЕҚҚДБ;
• АДБ-ң кредит желілерін пайдалануды есепке алу және оны бақылау
агенттігінің функциясын орындауымен суреттеледі.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредит желісі – Қазақстандағы
шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы Еуропалық қайта құру және даму банкі
(ЕҚҚДБ) Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде экономикалық өзгертулерге
жәрдемдесу мақсатында, 1991 жылы халықаралық шарт негізінде құрылған . ЕБРР
бірден бір мейлінше табысты жобаларының бірі 1998 жылдан бері Қормен
бірлесе жүргізіп отырған Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы
болып табылады.
ЕҚҚДБ мен жоба бастамашысы болып отырған Қазақстан Республикасы
Үкіметінің мақсаттарына сәйкес, Қазақстанның шағын бизнес Бағдарламасының
басты міндеті елдегі барлық шағын бизнестің қаржы ресурстарына қол
жеткізуін қажетті институционалдық қ Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту
Бағдарламасы бойынша ЕҚҚДБ-мен 10 жыл мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына
қарыз туралы келісім жасалды. Аталған Бағдарлама бойынша кредиттеу қарыз
алушыларға кредит беру шарттарын өздігінше анықтайтын және де экономика
саласының барлық кәсіпорындары қаржыландырылатын уәкілетті екінші
деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаның басты міндеті
кезінде ресми қаржыландыру көздеріне қол жеткізе алмаған кәсіпорындарды
кредиттеу болып табылады . 1998 ж. мамыр айынан 2007 ж. мамыр айына дейінгі
мерзімде қатысушы банктер жалпы сомасы 2 216,10 млн. АҚШ долл. құрайтын
барлығы 237 000 жобаны қаржыландырды, оның 25,63% – микрокредиттер (568,09
млн. АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74,37% – шағын кредиттер (1 648,01 млн.
АҚШ долл. 56 747 жоба).
Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде
IPC (Internationale Projekt Consult) халықаралық фирма консультанттарының
қатысуымен шағын кәсіпорындарға берілетін қомақты кредит санын банктер
жедел түрде қарастыруы үшін арнайы әзірленген әдіс бойынша жұмыс жасайтын
шағын бизнесті кредиттеу жөніндегі секторлар құрылған. Отандық
тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша Қор екінші
деңгейдегі 6 банкке 22 716,1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша аударды. Аталған
Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс майын,
сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т.б. шығаратын ірі жобаларға
қолдау көрсетілді. Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық
тауарөндірушілердің 14 инвестициялық жобасын қаржыландыруды мақұлдады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 537 жұмыс орны құрылды.
Аталған Бағдарламаны Қор дайындады, ал заемшылар қайтарған қаражат Қор
келешекте ШКС-н тікелей кредиттеуге пайдалануы үшін Қордың жарғылық
капиталын ұлғайтуға бағытталды. Азия даму банкінің ауылшаруашылығы секторы
үшін бағдарламалық заемның екінші траншы Азия даму банкінің (АДБ)
бағдарламалық заемдарының қаражаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және
қайта өңдеу жөніндегі жабдықтарды сатып алуды, машина-технологиялық
стансалар үшін ауылшаруашылық техникасын кредиттеу, ауылшаруашылық
өнімдерін сату үшін көзделген азық-түлік көтерме базары мен базардың өзге
инфрақұрылымдарын құру үшін, сонымен қатар қажетті айналым қаражаттарын
қаржыландыру үшін тағайындалған. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап,
кредит қаражаты екінші деңгейдегі уәкілетті банктер арқылы соңғы заемшыға
ұсынылды. АДБ заемының екінші траншы қаражатын меңгеруге екінші деңгейдегі
12 банк және Астана-Финанс АҚ қатысты. 2004 ж. желтоқсан айында ҚР Қаржы
министрлігі мен Қор арасында кредит келісіміне қол қойылған, осыған сәйкес
Қор жобаларды Бағдарламалық заемдардың екінші траншы қаражаты есебінен өз
бетінше кредиттеуге құқығы бар. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007
ж. 1 қазанға шаққанда, Қор тарапынан жалпы сомасы 54 675,4 мың АҚШ
долларына 95 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны
құрылып, құпталды.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
2002-2004 жж.
2001-2002 жж. ел экономикасының жоғары қарқынмен өсуі және Қазақстанның ЖІӨ
ортажылдық өсімінің 11,6% -ға дейін, 2003-2004 жж. 9,3% өсуі Қазақстан
Үкіметіне шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетуге мүмкіншілік берді.
Осы жылдары бірқатар жарлықтар шықты:
2003 – Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-
инновациялық даму стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
2004 – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті 2004-2006 жж.
дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығы.
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының
2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының (одан
әрі- Стратегия) 2003 ж. бекітілуіне байланысты жаңа шабытқа ие болды.
Стратегияның басты міндеттерінің бірі – жеке секторды қолдайтын және
бәсекелі артықшылықты жетілдіретін, нақты өндірістерде қосымша құн
элементтерін меңгеретін, ғылыми және жоғарғы технологиялы экспортқа
бағытталған өндірістерді құруды ынталандыратын, елдің экспорттық әлеуетін
тауар және қызмет көрсету пайдасына әртараптандыратын, әлемдік сапа
стандартын енгізетін, ықпалдастықты әлемдік ғылыми-техникалық және
инновациялық процестерге қосу жолымен әлемдік экономика деңгейіне
ұштастыратын кәсіпкерлік климат орнату және қоғамдық институттар құрылымын
құру болып табылады. Осы мерзімде Қор барлық филиал желісін құрған болатын.
Енді кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау тек облыстық маңызы бар қалаларда
ғана емес, және де ауылдық жерлерде де мүмкін болады. 2002 ж. бастап, Қор
шағын бизнесті өз қаражаты есебінен жылдығы 12% -бен 5 жылға кредиттеуді,
2004 ж . маусым айынан бастап проценттік ставка жылдығы 10% -ға дейін
төмендеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері кредиттерін қаржыландыру сол
кезде екінші деңгейдегі банктер арқылы және тікелей өз меншігі есебінен
жүзеге асырылады.
Жаңа бағдарламалар :
• ШКС-ті республикалық бюджет есебінен кредиттеу Бағдарламасы;
• Шағын қалаларды 2004-2006 жж. дамыту Бағдарламасы іске асырылуда.
Аталған бағдарламаның мақсаты ШКС-тің қалыптасуы мен экономикалық
өсуін ынталандыру, оның ішінде Қазақстан экономикасын дамытудың приоритетті
бағыттарына сүйене отырып, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту , шағын кәсіпкерлік
және жеке жұмысбастылық саласында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу .
ШКС (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін) республикалық бюджет қаражаты
есебінен кредиттеу Бағдарламасының басында табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау Агенттігі мен Қор кредит қаражаты лимиттерін
барлық облыстарға бөлуді әзірлеп, бекітті. Кредит берілетін жобалар үшін
приоритетті бағыттар тізбесі белгіленді.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2002 ж. маусым айында басталған, ол 2008 жылы
аяқталуы тиіс. 2007 жылғы 1 қазанға шаққанда Қор республикалық бюджеттен
жалпы сомасы 793,8 млн. теңгеге 301 жоба (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі
бойынша 250,2 млн. теңгеге 97 жоба) қаржыландырды. Осы бағдарлама
бойынша      2 000 жуық жұмыс орны құрылып, мақұлданды. Қазақстанда халық
саны 50 мың адамнан аспайтын 60 шағын қала бар. Оның ішінде 41 шағын қала
шағын қалалар санының 68% және ауылдық аудандар санының 25% құрайтын тиісті
ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады.
Шағын қалалардағы өнеркәсіпті өндіріс бір-екі саладағы көрсетілген
мамандандырумен сипатталады. Өзге салалар шамалы дамыған немесе өнеркәсіпті
кәсіпорындары мүлде жоқ. Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе қала
құрылысымен айналысатын кәсіпорындардың тоқтап қалуы қаладағы әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың жалпы құлдырауына алып келеді. Шағын қалалардың
әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдайлар жасау мақсатында, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шағын қалаларды 2004-2006 жж. дамыту
Бағдарламасы қабылданды, оның міндеті шағын қалаларды олардың функционалдық
типологиясына сәйкес дамытудың негізгі бағыттарын анықтау, сондай-ақ
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын қалалардағы
халықты жұмыспен қамтамасыз етуді күшейту болып табылады. Шағын қалалардағы
инвестици ялық жобаларды кредиттеу және шағын кәсіпкерлікті
дамыту  қаржыландыру көлемінің құрылымы үшін жарғылық капиталды толықтыруға
республикалық бюджеттен Қорға 1 500 млн. теңге бөлінген.
Қор Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында, ШКС үшін
бағдарламада белгіленген барлық қалаларда ақпаратты-консультациялық
семинарлар өткізді. Бұл шараға шағын қалалар әкімдіктері үлкен көмек
көрсетті. 2007 ж. 1 қаңтарға шаққанда, осы бағдарлама бойынша жалпы сомасы
1 484,4 млн. теңгеге 281 жоба қаржыландырылды. 2 935 жұмыс орындары ашылып,
мақұлданды. 2006 ж. бағдарлама толықтай орындалып, жұмысын аяқтады.

 

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
2005-2007 жж.
Кезең Қор қызметіне елеулі ықпал еткен заңдар, жарлықтар мен қаулылар
қабылдануымен сипатталады.
2005 – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007
жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 ж. 12 мамырдағы № 450 қаулысы
2006 – Жеке кәсіпкерлік туралы туралы Қазақстан Республикасы ның 2006 ж.
31 қаңтардағы № 124-III Заңы
2006 – Қазақстан Республикасының 2007-2024 жж. тұрақты даму кезеңіне өту
концепциясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
2005 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан
Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту
жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын қабылдаған. Жеделдетілген
шаралар Бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы заңды
жетілдіруді, өмірге бейімді инфрақұрылымдық жүйені құруды, Қор рөлін шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жүйеқұрушы элементі ретінде күшейтуді,
ШКС кредиттеу мөлшерін ұлғайтуды және т.б. қарастырады. Осы бағдарламаға
сәйкес, 2005-2007 жж. аралығында республикалық бюджеттен Қорға шағын
кәсіпкерлікті қолдау үшін 29 млрд. теңге мөлшерінде капитализациялауға
қаражат бөлінген.
Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру,
мемлекет тарапынан Қор қызметін қолдаудың өсуі, Қордың ШКС-ті қаржылай
қолдау бойынша жинақтаған тәжірибесі, жұмысқа төселген кадрлық және
техникалық әлеует, республикамыздың барлық өңірлерінде ашылған Қор
филиалдарының желісі Қорды еліміздегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
мемлекеттік институт ретінде нығайтуға объективті негіз болды және де ШКС-
ті қаржылай қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға түрткі
болды:
• Жобалық қаржыландыру және лизинг;
• Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы;
• Екінші деңгейдегі банктерден алатын ШКС кредиттеріне кепілдік беру;
• кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы ШКС оқыту-әдістемелік,
ақпаратты-аналитикалық және консалтингтік қолдау көрсету.

Жобалық қаржыландыру және лизинг
Жобалық қаржыландыру Қордың шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау
жөніндегі бірден-бір негізгі бағдарламаларының бірі болып табылады. Оның
мақсаты шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың артықшылықты
бағыттары бойынша ШКС жобаларын қаржылай қолдау, сонымен қатар банк секторы
әлсіз қамтылған аймақтардағы кредит ресурстарына ШКС-ң қол жеткізушілігін
қамтамасыз ету болып табылады. Қор тәуекелін азайту және ШКС-ті қарыз
қаражаттарын басқару дағдысына оқыту үшін жүзеге асырылатын жобаның құрама
элементтерін кезеңмен (транштық – алдыңғы соманы табысты меңгеру нәтижесі
бойынша ) қаржыландыру енгізілді; бизнес-жоспарды әзірлеу және жобаны
жүзеге асыру барысында тегін кеңес беру.
ШКС үшін республикамыздың шалғай жатқан елді-мекендері мен шағын
қалаларынан, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жаңадаң бастаушы
қатысушылар үшін және кепілдік қамтамасыздығының жетіспеушілігі салдарынан
өндіріс саласында проблемаларға, ЕДБ пайыздық ставкаларының жоғары болуына,
ШКС активтерінің төмен құнына және бастапқы бизнесті банктердің кредиттеуге
ниетінің жоқтығына кездескен жобалары бар өзге ШКС үшін, Қордың жобалық
қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша көрсеткен қызметі олардың
жобаларын, әсіресе, өндірістік бағыттағы жобаларын жүзеге асыру үшін жалғыз
жол болып табылады. ШКС-ті кредиттеу мақсатында Қордың жарғылық капиталын
өсіруге республикалық бюджеттен бөлінген қомақты көлемдегі қаражаттың
арқасында, 2007 ж. 1 қазанға шаққанда, Қор өз қаражаты есебінен жобалық
қаржыландыру және лизинг бойынша жалпы сомасы 21 800,0 млн. теңгеден асатын
2000-нан аса жобаны қаржыландырды. 20 мыңнан аса жұмыс орны мақұлданып,
құрылды Оның ішінде жобалық қаржыландыру бойынша 19 000,0 млн. теңгемен 1
700-ден аса жоба, қаржы лизингі бойынша 2 500,0 млн. теңгеден асатын сомаға
200 жоба қаржыландырылды.
Қаржы лизингі
Қор 2004 жылдан бастап қаржы лизингі бойынша Бағдарламаны жүзеге асыра
бастады. ШКС жобаларын қаржы лизингі бойынша қаржыландырудың басты мақсаты
жоғары технологиялы және бәсекелесті жаңа өндіріске негізделген еліміздің
өнеркәсіп базасын дамыту, ШКС қазіргі заманғы жабдықтарды, жаңа
технологияларды сатып алу, шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру, оперативті шығындарды төмендету үшін нақтылы мүмкіншілік беру
болып табылады.
Қордың осы қызмет түрінің маңыздылығы ірі лизинг компаниялардың
бастапқы бизнестің кішігірім жобаларын қаржыландырмайтындығы туралы фактіні
күшейте түсті. Лизинг көмегімен шағын бизнес кәсіпорындарының бірден бір
негізгі проблемалары – кепілдік қамтамасыздығының жетіспеушілігі немесе
болмауы жөніндегі проблемалар шешілді.
ШКС жобаларын жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша
қаржыландыру шарттары бір заемшыға 120 000 АЕК-ке дейін жылдығы 10% сыйақы
ставкасымен және негізгі қарыз бойынша 12 айға дейін жеңілдік мерзіммен
қаржыландырудың максималды лимитін қарастырған.

Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы
Микроқаржыландыру, халықаралық таным бойынша, кедейлік деңгейін
төмендету, халықтың өмірін жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру үшін бірден
бір негізгі құрал болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында
қаржы қызметі нарығы қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлік
сегменттерінің заем қаражаттарына қол жеткізушілік проблемасы әлі де болса
орын алып отыр. Әсіресе, бұл проблема кәсіпкерлер активтерінің құны қаржы
институттары заемдарын қамтамасыз етудің жалғыз түрі болып табылатын, ірі
қалалардағы активтерге қарағанда нарық құны біршама төмен аймақтық деңгейде
көрінеді.
Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру кредит жүйесінің үшінші
деңгейін дамытуға, экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол
жеткізуіне, халықтың жұмыс бастылығы мен жеке жұмыс бастылықтың өсуіне және
кәсіпкерлік бастамашылық пен белсенділіктің артуына мүмкіндік туғызады.
Қор Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру үшін әр елдегі
халықаралық микрокредиттеу тәжірибелерін , Қазақстан жағдайында
микроқаржыландыру практикасын пайдалану мүмкіншілігін оқып үйренді, сонымен
қатар ПРООН, CGAP (СИГАП) – микроқаржыландыруды дамытуға ұсыныстар әзірлеу
жөніндегі Дүниежүзілік банк жанындағы консультациялық топтың ұсыныстары
ескерілді.
Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыруды Қор екі бағытта жүзеге
асырды.
1. Қордың үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру 2007 ж. 1
қаңтарға шаққанда, Қордың қатысуымен Бағдарламаны жүзеге асыру
шеңберінде 28 МКҰ құрылды. Жаңа құрылған МКҰ-ң жарғылық капиталына
Қор инвестициясының барлық мөлшері 94,9 млн. теңгені құрды.
2. Жұмыс жасап жатқан микрокредит ұйымдарын кредиттеу Осы Бағдарламаны
жүзеге асыру шеңберінде, Қор жұмыс жасап жатқан МКҰ кредит ресурстарын
толықтыру үшін жеңілдікпен қаржыландыруды жүзеге асырады. 2007 ж 1
қаңтарға шаққанда, Қазақстанда микрокредиттеу секторын дамыту
бағдарламасы бойынша, жалпы сомасы 5 500,0 млн. теңгеден асатын  174
жоба қаржыландырылды.
3. ШКС екінші деңгейдегі банктерден алатын кредиттеріне кепілдік беру
Қор ШКС екінші деңгейдегі банктерден кредит алған кезде оларға Қор
кепілдігін сақтандыруды пайдалана отырып, кепілдік береді. Бұл Қазақстан
нарығы үшін жаңа өнім болып табылады. Қордың кепілдік беру механизмі банк
– кәсіпкер – сақтандыру компаниясы сияқты қаржы қатынастарын құру үшін
негіз болатын кредит тәуекелдерін сақтандыруды қарастырады. Қор екінші
деңгейдегі банктер беретін ШКС кредиттері бойынша тәуекелді төмендету үшін,
өздері беретін кепілдікті сақтандыру үшін сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру
туралы шарт жасасады.
Кепілдік беру бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде кепілдік
беру механизмінің Қазақстанда да барлық ТМД елдеріндегідей іс жүзінде
игерілмегені және енгізілмегендігі Қорға біраз қиындықтар туғызды. Қордың
ЕДБ алдында ШКС кредиттеріне кепілдік беру сияқты өнімі банк желісі
мейлінше дамыған аудандарда ғана қол жеткізілуі мүмкін, себебі Қор кепілдік
берген кезде ШКС жобаларын қаржыландыруға тек ЕДБ қаражаты ғана дереккөз
болып табылады. Бұдан бөлек, Қордың беретін кепілдіктері шалғай
аудандардағы ШКС тәуекелдерімен әзірше жұмыс істемейтін сақтандыру
компанияларында сақтандырылуы қажет. Осылайша, ШКС-ң осындай өнімді
пайдалануы шалғай аудандар мен шағын қалалар үшін біраз қолайсыздық
туғызады. Қазіргі кезде ШКС-ң екінші деңгейлі банктердегі 39 кредитіне Қор
кепілдігі берілді, Қордың кепілдік сомасы 900,0 млн-ға. жуық теңгені құрды.

ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ
2008-2012 жж.
Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясын , Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы
мен 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге
асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге
асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге
қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды.
Қазіргі кезде Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын
кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыратын жалғыз
мемлекеттік даму институты болып табылады. 10 жылдық даму кезеңін басынан
өткізе отырып, Қор жүзеге асырылуы 2008 жылдан басталатын шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытудың жаңа Концепциясын дайындады. Жаңа Концепция мен
шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты саясаттың басты міндеті
Қазақстанда шағын және орта бизнестің бәсекегеқабілеттілігін арттыруға,
оның сапалы серпілісіне, осы саладағы өнімділік өсімі мен
бәсекегеқабілеттілігіне жәрдемдесу болып табылады.
Қазіргі кезде Даму қорының алдында мынадай стратегиялық мақсаттар тұр:
Ұлттық қаржыландырудың ШОБ-ң барлық кредит қабілетті субъектілеріне қол
жетімділігін қамтамасыз ету.
Қор мынадай міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап
отыр:
- жүйеқұрушы екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының ұйымдастырушылық-
техникалық мүмкіндіктерін кәсіпкерлікті қаржыландыруға тарта отырып, ШОБ
субъектілері үшін кредит ресурстарын ұсынудағы қол жетімділік деңгейін және
жылдамдығын көтеру;
- ШОБ субъектілері арасынан әлеуетті қарыз алушыларды қамтуды ұлғайту және
елдің барлық аумағында кредит ресурстарының біркелкі үлестірілуінің тиімді
деңгейін қамтамасыз ету;
- ШОБ субъектілері үшін кредит ресурстарының бағасын төмендету.
Қор қойылған міндеттемелердің шешімін ШОБ субъектілерін әрі қарай
кредиттеу үшін республикалық, жергілікті бюджет, халықаралық қаржы
ұйымдарының және өзге ұйымдардың қаражатын екінші деңгейлі банктерге және
кредит қызметін жүзеге асыруға құқығы бар өзге ұйымдарға келісіп
орналастыру арқылы жүзеге асырады.
Экономиканың шағын және орта бизнес саласында әртараптануына жәрдемдесу.
Қор Даму-Қолдау ШОБ субъектілерін тікелей қаржыландыру Бағдарламасын
әзірледі және ол 2008 жылғы 1 тамызда Директорлар кеңесімен бекітілді .
Аталмыш бағдарламаның ұйғарымы :
- басым салалардағы ШОБ қаржыландыру кезінде нақты шектеу қою;
- кредит берудегі төмен мөлшерлеме – қайтақаржыландыру мөлшерлемесі
деңгейінде (10,5%);
- ресурстың негізгі бөлігін ШОБ-ң негізгі қаражатын ұлғайтуға, жетілдіруге
және жаңартуға жіберу .
Даму-Қолдау ШОБ субъектілерін тікелей қаржыландыру Бағдарламасын іске
асыру нәтижесінде:
- ШОБ субъектілерінің сандық құрылымы сапасының жақсарғанын, яғни шағын
бизнес субъектілері санының заңды тұлға түрінде және активтері мен
жұмысшылары ұлғаюына байланысты шағын бизнес кәсіпорындарының біразы орта
бизнеске өтуі есебінен орта бизнес субъектілері санының өскенін;
- ШОБ субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және шетке шығаруға
бағдарлануын арттыру;
- Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде ШОБ рөлін күшейту ;
- жаңадан құрылған және қолдау тапқан жұмыс орындарын ұлғайту.
Елдегі микроқаржы ұйымдарының секторы үшін қаржылай және қаржылай емес
қолдау көрсетуді жақсарту.
Қаржы нарығының банктік емес секторын дамыту мақсатында, сонымен қатар
Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту — мемлекет
саясатының басты мақсаты атты Жолдауын орындау мақсатында Қор ҚР
микрокредиттік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған
шаралар Бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Бағдарламаның мақсаты елдегі
кредит жүйесінің үшінші деңгейі ретіндегі микроқаржы секторының сапалы
дамуына микрокредиттік ұйымдарға (одан әрі – МКҚ) қаржылай және қаржылай
емес қолдау көрсету арқылы жәрдемдесу.
Қордың ел аймақтарындағы бизнес-орта инфрақұрылымын Кәсіпкерлікті дамыту
орталығын құру тұжырымдамасын іске асыру арқылы дамытуы
Қор төмендегідей міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді
жоспарлап отыр:
- Қазақстанның барлық аймақтарында ШОБ субъектілері үшін бизнесті
ұйымдастыру және жүргізу талаптарын жеңілдетуге, сонымен қатар оларға
байланысты операциялық шығыстарды төмендетуге мүмкіншілік беретін
орталықтандырылған сапалы консалтингтік және ақпараттық-аналитикалық қызмет
көрсету кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
- Қазақстанның барлық аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын
дамытуды және олар ұсынатын ақпараттық және консультациялық технологияларды
қолдау инфрақұрылымының барлық субъектілерінің күшін біріктіру, олар
ұсынатын қызметтерді стандартизациялау, орталықтандырылған алыс-беріс және
осы саладағы шетелдік сәтті тәжірибені қабылдау арқылы қамтамасыз ету.
Қордың Бас кеңсесі
Қаржы жөнінен Басқарушы директор - Имашева Гүлшат Науқанбайқызы
Бағдарламалық қарыз департаменті
Баcқарушы директор - департамент директоры - Сұлтанғазиев Қанат Елеусізұлы
Корпоративтік даму департаменті
Баcқарушы директор - департамент директоры - Лесбеков Ғабит Әбдімүтәліпұлы
Заң Департаменті
Департамент директоры - Ергусаева Салтанат Убее вна 
Субсидиялау және кепілдендіру департаменті
Департамент директоры - Гайсина Галина Сапарқызы
Қаржылай емес бағдарламалар департаменті
Департамент директоры - Масғұтова Зәуре Советқызы
Мониторинг департаменті
Департамент директоры - Әлімжанов Дулат Манатұлы
Қауіпсіздік департаменті
Департамент директоры - Ипмағамбетов Нариман Сержанұлы
Тәуекел -менеджмент департаменті
Департамент директоры - Ким Александр Сергеевич
Әкімшілік департаменті
Департамент директоры - Шаханов Рауан Мұхтарұлы
Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті
Департамент директоры - Әбдиева Гүлмира Кенжеғұлқызы
Бюджеттік жоспарлау департаменті
Департамент директоры - Финогенова Алена Валерьевна
Ақпараттық технологиялар департаменті
Департамент директоры - Кенжеғалиев Марат Эдуардұлы
Оқу тәжірибесін Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінде өту
барысында мынандай негізгі құжаттармен жұмыс істедім:
1. Есеп саясаты
2. Бухгалтерлік есеп берудің 4 нысанымен ( бухгалтерлік, пайда және
шығыс, ақша қаражатының қозғалысы туралы, меншікті капитал туралы
есеп берулермен)
3. Кассалық кіріс және шығыс ордерімен
4. Айналым ведомстімен
5. Іскерлік немесе қызметтік хаттар
6. Несие алу туралы келісім – шарттармен
7. Еңбек келісім – шарты туралы заңдар және т.б.

2. АҚ Даму қорының мақсаты мен міндеті
АҚ Даму мұраты -Қазақстанның шағын және орта бизнесінің сапалы дамуына
жәрдемдесу. Даму қоры – ұлттық институт, Қазақстандағы кәсіпкерлікті
қолдаушараларының басты операторы мен біріктірушісі.
Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамының Жарғысында, 3
– бөлімінде қоғамның мақсаты, міндеттері мен функциялары жазылған:
16. Қоғам қызметінің негізгі мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік
субьектілерінің, сонымен қатар микроқаржыландыруды жүзеге асырушы
ұйымдардың қаржы ресурстарына қол жеткізушілігін қамтамасыз ету болып
табылады.
Қоғам шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруды
қаражатты Қоғамның Директорлар кеңесі бекітетін рәсімдерге және ҚР
нормативті құқықтық актілермен тікелей Қоғам үшін қарастырылған
кредиттеудің өзгеше әдісіне және немесе Қоғамның Жалғыз акционерінің
шешімдеріне сәйкес, екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру
жолымен жүзеге асырады.
Қоғам шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне, сонымен қатар
микроқаржыландыруды жүзеге асырушы ұйымдарға қаржылай қолдауды сырттан
тартылған және өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Шаруашылық қызметтен пайда түсіре отырып, өз қаражаты мен
тартылған қаражатты басқару және оны Жалғыз акционер мүддесіне
пайдалану тиімді жүзеге асырылуы тиіс.
17. Қоғам міндеттеріне:
1) шағын және орта кәсіпкерлікті қаражатты екінші деңгейлі
банктерге келісіп орналастыру жолымен , сонымен қатар Қоғам үшін ҚР
нормативті құқықтық актілермен тікелей қарастырылған кредиттеудің
өзгеше әдісіне жәненемесе Жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес
қаржыландыру;
2) қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету жолымен
микроқаржыландыруды жүзеге асырушы ұйымдар желісін дамыту;
3) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне ақпараттық – талдау
және консалтингтік қолдау көрсетулер жатады.
18. Қоғамның функцияларына
1) шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасын
әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу, шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау және дамыту саласында аймақтық бағдарламалар мен жобаларды
қаржыландыру;
2) микроқаржыландыруды жүзеге асырушы ұйымдарға ресурстық қолдау
көрсету;
3) микроқаржыландыру үшін институционалды және жеке инвесторды
тартуға жәрдемдесу;
4) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту барысында
мемлекеттік және өзге құрылымдармен күшті топтастыру негізінде
әрекеттесу;
5) заңмен белгіленген тәртіпте шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау және дамыту саласында шет ел кредиттерінің мақсатты
пайдалануына қызмет көрсету агенті ретінде әрекет ету;
6) Қоғамның құнды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ипотекалық несиенің мәні
Банктік реформа және теңге жүйесі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Қордын даму кезеңдері мен қызметтері
Жеке кәсіпкерлік: тірлік, табыс, тәуекел
Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат
Бизнесті дағдарыстан кейін дамыту үшін жағдай жасау
Коммерциялық банктің несиелік саясаты. (ақ «қазақстан халық банк» мәліметтері негізінде)
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Пәндер