Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Факультеті: ___________________________________ _____

Кафедрасы: ___________________________________ _____

КУРСТЫҚ ЖОБА (ЖҰМЫС)

Тақырыбы: ___________________________________ _______________

Пәні:_______________________

Манадығы:_________________

Орындаған:_________________

Қабылдаған:_________________

Шымкент - 2010
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Дағдарыстың
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...7

ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. Әлемдік дағдарыс және оның
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..13
2.3. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару
тиімділігі ... ... ... ... ... ...20
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық
жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .30

Жоспар

Кіріспе

І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні.
1.2. Дағдарыстың себептері.

ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы.
2.3. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің ролі.

ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі.
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары.

 

Кіріспе

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де
шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының
орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған
экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр
жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi. Ел болып ол қиындықтарды да еңсерiп
өттiк. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезектi дағдарыс
тұсында тәуелсiздiгiмiз тағы бiр сынаққа түскен болатын.
Дер кезiнде қабылданған дұрыс шешiм, ұтымды iс-қимылдың арқасында бiз
одан да аман-есен өте шықтық.
Бiз осылайша сындарлы жылдар мен күрделi кезеңдерде лайықты тәжiрибе
жинақтап, ысылып, шыңдала түстiк.Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап,
қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазiргi әлемдiк дағдарыс та
өткiншi құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелiстер кезiнде "көппен көрген ұлы
той" деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бiрлiгiн бекiте түскен. Қиындықтарды
бiрлесiп жеңiп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын
жасауда. Ұлттық қордан бөлiнген ауқымды қаражат қазiр отандық экономиканың
кiдiрiссiз жұмыс iстеуiне қызмет ете бастады.
Әлеуметтiк кепiлдiктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл
дағдарыстан да бiздiң аман-есен өтетiнiмiз айдай анық.
Дағдарыстар өтедi, кетедi. Ал мемлекет тәуелсiздiгi, ұлт мұраты, ұрпақ
болашағы сияқты құндылықтар мәңгi қалады.  Алдымызда бiздi үлкен белес
күтiп түр. Ол - Қазақстан тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығы.
Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бiрақ
бiз үшiн үлкен кезең тұтас бiр дәуiрмен барабар.Олай болатыны,
3
тәуелсiздiк - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-
аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себептi тәуелсiздiктiң әрбiр жылының
бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да
бiр сынаққа қарамастан бiз тәуелсiздiгiмiздi нығайту жолындағы жасампаз
iстерiмiздi жалғастыра бермекпiз.
Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бiрлiгiнiң арқасында бiз
алмайтын асу, бiз жеңбейтiн кедергi болмайды.
Iс жүзiнде жиырма жыл бойы күннен-күнге бiз сiздермен жаңа елдi құру
үстiндемiз.Ашық та өркендi елдi.Жылдан-жылға қазақстандықтардың әл-ауқаты
жақсара түскен елдi.Саяси тұрақты және өз азаматтарының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз еткен елдi. Ешқашан және ешкiм үшiн сыртқы қатер көзi болмайтын
елдi.  Ондаған жылдар оза қабылдаған Қазақстанның даму стратегиясы, оны
елдiң нақты табыстарына айналдыру тәжiрибесi бiзге өз күшiмiзге деген
сенiмдiлiктi бердi, бiз таңдап алған жолымыздың дұрыстығына көз жеткiздiк.
Нақ сондықтан да бұдан екi жылдан астам бұрын басталған әлемдiк қаржы
рыноктарындағы дағдарыстың әу басында бiз дағдарысқа қарсы шаралардың
кешендi жүйесiн әзiрлеп, дәйектiлiкпен iске асырып келемiз.
Ішкi және сыртқы конъюнктураны жiтi қадағалап, еш кiдiрiссiз табанды
шараларды қолға алудамыз. Нақ сондықтан да жаһандық азық-түлiк дағдарысы
бiз үшiн ұлттық апатқа айналған жоқ.Бiрақ бүгiнде бүкiл әлемдiк экономиканы
дiңкелетiп үлгерген экономикалық дағдарыс бiздiң берiктiгiмiздi сынаққа
салуда. 

4
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні.

Әлем рыногінде алтынның, мыстың бағасының өсуі – шикізат шығарумен
айналысатын біздің ел үшін табыс көзінің өсуіне игі ықпал еткені рас.
Алайда, онымен шектеліп қалуға болмайтындығын өмірдің өзі көрсетіп те
берді. Кезінде әлем экономистері оны — экономика қызуының көтерілуі,
голландиялық ауру деп атағаны кездейсоқтық емес. Бағаның аяқ астынан
өсуінің де кері жақтары болады екен. Тек соның жағымсыз жақтарымен
есептесіп жұмыс істеген ел ғана тұрақты дами алатындығын соңғы жылдардағы
қоғамдық процестер көзге шұқып тұрып көрсеткендей болды. Енді содан сабақ
ала білсек, қанеки! Сонымен қатар, күтпеген кері өзгерістер де кездеседі
екен. Біздің қазіргі жағдайымыз дәл осы тұсқа келіп тіреліп тұрғандай
көрінеді. Олай болса, әлі де еліміздің дамуының қазіргі жағдайын,
экономикалық саясатты, жалпы дағдарыстан шығудың кезеңдерін дәлме-дәл
анықтаудың маңыздылығы айтарлықтай болмақ. Қарқынды даму болған жерде, оның
баяулауының да болатыны заңдылық. Оны айналып өту мүмкін емес. Бұл тұрғыдан
келгенде, Елбасы айтқандай, дағдарысты құбыжық етіп көрсетудің еш қажеті
жоқ. Экономист мамандардың айтуларына қарағанда, белгілі бір елдің жалпы
ішкі өнімінің өсімі екі тоқсан бойы қатарынан төмендеп кетсе — экономикалық
баяулауға (recession) ұшырады деп есептеледі екен. Ал, бұл жағдай ары қарай
жалғаса беретін болса, экономикалық құлдырауға (defreessiоn) ұшырап,
дағдарыс тереңдемек. Бірақ, бұл – әдеттегі көрініс. Барлық елдердің даму
тарихында талай қайталанған, қайталана беретін жайт көрінеді. Айталық, біз
тамсанатын АҚШ-тың өзінде соңғы 100 жылда экономикалық құлдырау  32 мәрте
қайталанған екен.
Біз бүгінде дағдарыс деген атауды жиі қолданамыз және бәрін сонымен
байланыстырғымыз келеді де тұрады. Шын мәнінде біз ойлағандай  құлдырау
расында болып жатыр ма, әлде жоқ па? Ипотека дағдарысы деп
5
аталғандықтан да шығар, расында да, қарқынды жүріп келген құрылыс тоқтады.
Жұмыссыздық көрініс берді. Бірақ, біз дәл өткен жылға дейін оны қатты
сезінген жоқпыз ғой. Ал, биыл Жол картасы мемлекеттік бағдарламасы
бойынша жүріліп жатқан жұмысқа бәріміз куәміз. Жалпы ішкі өнім қанша
пайызға өсті немесе құлдырады? Оны ресми статистикадан қарай салыңыз.
Бүлініп кеткен орасан құбыжықты көре қоймайсыз. Дағдарыстың көкесі алда
деп тағы да сәуегейлік жасауға келмейді. Күрт құлдыраудың немесе қарқынды
дамудың игі бетбұрысының болуы да ғажап емес.  Мысалы, мыстың бағасы 2000
долларға құлдырап бара жатып, кенет 10 000 долларға бір-ақ секіріп, өсуі де
мүмкін. Немесе құлдырап келіп бір нүктеге тоқтап, тоқыраушылыққа
(stagnation) келіп тірелуі де ықтимал. Қалай болғанда да, белгілі мерзімнен
соң тоқыраудан шығып, өсуге бет алатыны заңдылық.
Құлдырау өз шегіне жетіп барып, өсуге қарай бағытталып алғашқы
көрсеткішке қайта оралуын экономистер қайта өрлеу (recovery) деп атайды
екен. Дәл осындай сатыға жеткен экономика бұрынғысынан да жылдам әрі
қарқынды дамуға бет түзейтін көрінеді. Күш алып, дамудың (expansion)
осындай сәті қаншалықты ұзаққа созылса, елдің өркендеп-гүлденуі де
соншалықты деңгейде алға қарыштамақ. Экономикалық ахуалды жақ-
сартудың және саясатты тұрақтандырудың мәні де елдегі тұрақтылықты
қамтамасыз ету арқылы баянды дамуды қалыптастыру болмақ. Бұл орайда, әрине,
еліміздегі саясаттанушылар мен экономикалық сарапшы мамандардың қазіргі
экономикалық даму көріністерін заңдылық негізінде түсіндіре алмауы көзге
ұрып тұрғанын атап айтқан жөн.
1990-жылдары экономикалық құлдыраудың көкесін бәріміз де көзбен
көрдік. Ақша құнсызданды, мекемелер қызметкерлеріне жал-
ақы бере алмай қалды. Зейнеткерлер айлап, жылдап зейнетақыларын ала алмай
жүрді. Қаланы жарық, су, жылу, газ тапшылығы меңдеді. Бір қойды бір шиша
арақ, екі сабынға айырбастаған шопанды көрдік. Елді жаппай
6
жоқшылық пен кедейшілік жайлады. Дәл сондай дағдарыс әлемде 1929-1933
жылдары болған екен. Осы тұста әлем баға жетпес байлығынан айырылған
деседі. Бизнес өкілдері жасаған қыруар тауарларын өз қолдарымен жоқ қылған.
Өйткені, тауарлары қаптап тұрғанымен, алушы жоқ. Айналымда ақша жүрмеген
соң дефляцияға ұшыраған. Осы тұста фермерлер өсірген  шошқаларын қырып,
өртеген. Қыруар астық  тонна-тоннасымен  мұхитқа төгіліп жатты. Ал, осы
тұста халықты аштық жайлаған болатын. Соған қарамастан, кәсіпкерлер
тауарларын халыққа тегін таратуды ойламады. Себебі, қаншама еңбекпен
жасалған байлығымызды өзгеге тегін таратсақ, талас туады, кейін бағаны
түсіруді талап етеді, наразылық өршиді деп санады. Бұл дағдарыстың соңы
дүниежүзілік екінші соғыспен аяқталғаны белгілі. Олай болса,  еліміздегі
1990-жылдардағы дағдарыстың бейбіт аяқталғанына, тәуелсіздіктің баянды
болып сақталғанына шүкіршілік еткен жөн болар. Әйтеуір, үлкен сынақтан аман
өткеніміз ақиқат.
Расында, дәл қазіргі кезде еліміз үшін тұрғын үй бағасын арзандатуға
бағыттаған несиенің ерекше түрін банктердің жасап қолданғаны әлдеқайда
тиімді. Себебі, құрылыс сақалдыға айналмайды, тез арада пайдалануға
беріледі. Адамдар сатып ала бастайды. Бұл дегеніміз – ақшаның іркілісін
жойып, экономиканың тамырына қан жүгіртеді. Біз, жалпы, өнім өндіру
арқылы  ғана  елді    дамытамыз де-
генді жақсы білеміз және көп айтамыз. Алайда, көзге көрінерліктей іс аз.
Дегенмен, жақсы жағымыз  да бар. Ол – саясаттың экономиканы емес,
керісінше, экономикамыздың өзінің саяси процесті белгілеуі. Мұны, әрине,
Президент Н. Назарбаевтың қоғамды тұрақтандыру жолында төккен тер, еткен
ерен еңбегінің жемісі деп танығанымыз дұрыс.

7

1.2. Дағдарыстың себептері.

Дағдарыс бiзге сырттан келдi. Оның көздерi елдiң iшiнде емес, әлемдiк
экономиканың сәйкессiздiгiнде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрiн алдын
ала көздеу мүмкiн емес едi.Оны еңсеруге әлемнiң жетекшi экономикалары
қазiрдiң өзiнде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкiл әлемдiк IЖӨ-
нiң iс жүзiнде 15 пайызын жұмсады. Бiрақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлi
өзгеретiн емес.
Бiз әлемдiк қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз.Ұлттық қорды
құра отырып, бiз қорланудың мақсатты саясатын жүргiздiк. Бұл қорды құру
керек пе, әлде қаржыны баршаға аз-аздап үлестiремiз бе дегенге орай қаншама
талас жүргенiн сiздер жақсы бiлесiздер. Қазiргiдей бюджетке алымдар 20 %-ға
төмендеген кезде зейнатақы және жалақы төлеумен не iстер едi?
      Жақсы уақытта осы қорды құра отырып, бiз дұрыс iстедiк. Өзiнiң
ертеңгi күнi туралы ойлайтын мемлекеттер осылай iстеуге тиiс.Сол арқылы бiз
осы тұрпатты сiлкiнiстер мүмкiндiгiнiң алдындағы экономикамыздың берiктiк
қорын қамтамасыз еттiк. Өмiрге қабiлеттi және икемдi экономика жасау үшiн
бiз дәйектiлiкпен күрделi құрылымдық реформаларды жүргiзiп, экспорттық
әлеуеттi ұлғайттық және әртараптандыруды бастап кеттiк.  Нақ сондықтан да
бүгiнде бiздiң айтарлықтай мүмкiндiгiмiз бар және ойластырылған әрi тиiмдi
дағдарысқа қарсы саясат жүргiзуге жағдайымыз жетедi.
Көптеген мемлекеттердiң пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген
шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетiн қабылдау болды.
Қазiргi қиындықтар - бұл бiздiң үлесiмiзге тиген алғашқы сынақ емес. 
Өтпелi кезеңнiң аса ауыр дағдарысын бiз 90-шы жылдардың басында еңсердiк.Ол
кезде экономиканың құлап түсуi 60 пайызға жетiп, инфляция жылына мыңдаған
пайыздармен есептелетiн. Азияның қаржы рыноктары
8
туындатқан екiншi әлемдiк дағдарысты бiз 90-шы жылдардың аяғында
еңсердiк. Мұнай бағасы онда бiр баррель үшiн 9 долларға дейiн төмендедi.
Бiз зейнетақы мен жалақыны төлей алмадық. Ол қиындықтарды да бiз еңсердiк.
      Уақыт өтедi, содан кейiн бiз осы дағдарысты да еңсергенiмiз туралы
айтатын боламыз. Қалыптасқан жағдайдан объективтi шығындармен, бiрақ та
жаңа өсуге әзiр болып шығатын барлық мүмкiндiктер бiздiң қолымызда.
      Дағдарыстар қайталанатын болады, ал бiздiң мақсат - оны басқаруды
үйрену. Әзiрге бiзде бұл орындалуда. Бүгiнде бiз өз күштерiмiз бен
ресурстарымызды қайта топтастыруға мәжбүрмiз және бiз мұны сыртқы
жағдайлардың ықпалымен iстеудемiз. Алайда бұл бiз өз бағытымызды өзгерттi
дегендi тiптi де бiлдiрмейдi. Ол бағыт 2030 жылға дейiнгi елдiң Даму
стратегиясында анықталған. Өмiр түзетулерiн енгiзуде. Бiрақ та атап
көрсеткiм келедi, ол бұрынғысынша қалып отыр. Барша қазақстандықтардың
өркендеуi, қауiпсiздiгi мен әл-ауқатының жақсаруы бiздiң мемлекетiмiз үшiн
аса маңызды үш тұғырлы мiндет болып қала бередi. Бiзде дағдарысқа қарсы
жоспар бар, мемлекеттiк резервтен жеткiлiктi қаражат бөлiнген. Тұтастай
Үкiмет және Премьер-Министр, мемлекеттiк органдардың басшылары, әкiмдер
дағдарыстан шығу жөнiндегi белгiленген шаралардың орындалуына тiкелей
жауапты болады.
Бүгiнгi проблемалар және бiздiң оларды қалай шешiп жатқанымыз -
кемелдiктiң және бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң тұрақтылығының
сынағы. Бiз бұл сынақты тапсырамыз деп ойлаймын. Бiзге өз дамуымыздың жаңа
кезеңiне кiруге және бiздiң жетiстiктерiмiздi еселеуге тура келедi. Мұны да
орындайтынымызға сенiмдi. Белгiлеген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн бiздiң
халқымыздың топтасқандығы қажет. Сондықтан да барша қазақстандықтарға
аталған шараларды жүзеге асыруға кiрiсуге, еңбекқорлық пен табандылық
танытуға, ұсынақты болуға, жақындарына, көмекке мұқтаж адамдарға
көмектесуге және қамқорлық жасауға шақырылуда. 
9
Парламенттiң, мәслихаттардың, "Нұр Отан" партиясының депутаттарына сөз
арнаймын. Бiздiң партия үшiн дауыс берген сайлаушылар бiзге зор сенiм
көрсеттi. Ендi қазiр, қиын дағдарыс кезеңiнде, бiз оны ақтап, қоғамдағы
дағдарысқа қарсы ауқымды қозғалыстың басында болуға тиiспiз.
      Үкiметпен және жергiлiктi органдармен бiрлесiп адамдардың нақты
проблемаларын шешу, дағдарысқа қарсы шаралардың iске асырылуын, осы
мақсаттарға бөлiнген бюджеттiк қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға алу
керек.
Қазақстан халқы Ассамблеясына, барлық саяси күштерге сөз арнаймын.
Қазiр халық туралы кiмнiң шын мәнiнде ойлайтыны, ал кiмнiң - ойламайтыны
сөзбен емес, iсте тексерiледi.
Планета тарихындағы аса қатал дағдарысты еңсеру жолында бiрiгудеміз.
Мемлекет қазiр нақ осыны жасап отыр. Елде тыныштық пен келiсiмдi сақтау
маңызды мiндет болып қалады.
Бүгiнде бүкiл дүние бiр-бiрiне қарап отыр. Дағдарыстың бетi қалай
болар екен, одан қай мемлекет қалай шығар екен деп бақылауда. Сан түрлi
саясаткерлер, сарапшылар Қазақстан қазiргiдей қиындықтан өтер ме екен, осы
кезде ел бiрлiгiн сақтап қалар ма екен, бұл ел өзiнiң мемлекеттiлiгiн
құрметтей бiлер ме екен деп тұрған сын сағатта мен, әсiресе, қазақ халқына
бөлекше жауапкершiлiк жүктеп сөз арнаймын. Қазiр алып бара жатқан қиын
ештеңе жоқ. Жерiмiз кең, елiмiз бай, iстеген адамға далада да, қалада да
жұмыс жетiп жатыр. Бел шеше кiрiсiп, бiлек сыбанып жұмыс iстейтiн кез
келдi. Бiр-бiрiмiзге қарайласатын, көмектесетiн, ағайыншылықты танытатын
кез дәл осы кез.
Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол - бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi
қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты кажет болса, тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi
қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет.
      Ел басына күн туған нелер бiр қилы замандарда да халқымызды ұлт
ретiнде сақтап қалған осы ынтымағы мен бiрлiгi емес пе едi?
10

      "Мың өлiп, мың тiрiлген" қазақ халқы кеңес дәуiрiндегi басқа түскен
үлкен нәубет жылдарында да өзiнiң елдiгiн ыңтымақ пен бiрлiктiң арқасында
сақтай бiлдi. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында өзге республикаларда
қантөгiстер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бiрлiктiң арқасында
жас мемлекетiмiздi жасақтап, өтпелi кезеңнен шығынсыз өттiк емес пе?!
Бүгiнгiдей қиын-қыстау кезiнде мен туған халқымның ынтымақ пен ауызбiршiлiк
таныттырады.

ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
1. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.

Бүгінгі бастан кешіп отырған дағдарысымыз бір-екі елді немесе белгілі
бір құрлықты ғана қамтып отырған жоқ. Бүкіл әлемдік сипатымен ерекшеленіп
отыр. Қазіргі таңда экономикалық дағдарыстан тыс қалып отырған ел әлемде
жоқ. Мұның өзі айналып келгенде, экономикалық жаһанданудың көрінісі болса
керек. Сондықтан да әр ел дағдарысқа қарсы жоспарларын жасады. Кейбірі,
тіпті, екінші мәрте тағы жасап, ұсынып қойды. Мысалы, АҚШ бұрын қаржы
министрінің атынан жасаса, енді Обаманың атымен аталатын жоспар жасаған.
Обаманың жоспары бойынша, Құрама Штаттар сан миллиардтаған долларды
айналымға енгізу арқылы дағдарысты еңсермек. Ресей, Қытай, Жапония,
Оңтүстік Корея сынды елдер де екінші реткі жоспарларын ұсынып қойған. Ондай
жоспар біздің елде де баршылық. Халықаралық валюта қоры секілді әлемдік
ұйымдармен арада келісімдеріміз баршылық. Дағдарысты еңсеру жағынан
келгенде мемлекетіміз қол қусырып отырған жоқ. Екінші деңгейдегі банктерді
сақтап қалу және үлескерлердің мүддесін қорғау үшін үкіметтен арнайы
қаражат бөліп қолдау көрсеткенінің өзі неге тұрады?
Әлем елдерінің  көбісі  дағдарысты еңсеру үшін банк арқылы берілетін
11
несиелердің өсімін төмендету, кәсіпорындарын жандандыру саясатын ұстанып
отыр. Әсіресе, дамыған елдердің осындай қадамға көбірек баруының себебі –
ондағы валюта қорының молдығына байланысты болса керек. Айталық, Қытай елі
өзі дағдарысты бастан кешіре отырып, өзгелерге несие берумен айналысып
отыр. Ресейде де осындай бағыт байқалуда. Мұнай бағасы өсіп бір кезде
баррелі 140 долларға жетті де, кейін 50 долларға түсіп қалды. Баға өскен
сайын мұнай экспорттайтын елдердің табыстары еселене түсері белгілі.
Бірсыпыра елдер арнайы қор құрып, ақшалы болып алды. Біз де ұлттық қор
құрдық. Көштен қалып жатқан жоқпыз.
Қазіргі таңда арнайы қоры бар елдер ұлттық  компанияларына      қарыз бере
бастады.
АҚШ, Ресей елдері машина жасау өндірісін құлдыратып алмау үшін
кәсіпорындарына қаржы бөліп жатыр. Көршіміз Ресейде шетелдік көліктердің
бағасы удай қымбат. Оған салынатын салықтың өзі тау-төбе. Сондықтан, жұрт
еріксіз отандық көліктерін мінуге мәжбүр болады. Осындай жолмен олар ұлттық
өндірістерін қолдаумен қатар, банкілеріне де қолұшын беруде. Несие беру
мүмкіндігі болмағандықтан, банктер мемлекеттің қолдауына сүйеніп қана жан
сақтауға көшкен.
Экономикалық даму жағынан келгенде біз өзімізді өзге елдерден бөліп
қарай алмаймыз. Себебі, қазір бүкіл әлем бір-біріне ықпалды. Мысалы, Ресей,
Қытай экономикасының көтеріліп сергуі – бізге де әсерлі. Олар еңсе көтерсе,
біз де алға қарыштай бастаймыз. Жоғары дамыған Жапония, Оңтүстік Кореяның
дамуының да бізге игі әсері көп. Себебі, біздің темірімізді, көмірімізді,
мысымызды, алтынымызды тұтынатын елдердің төлемдік қабілеті мықты болса,
біздің қалтамыз да қалыңдай түседі.
Қазіргі жай-күйімізді асыра мақтауға да, тып-типыл етіп даттауға да
келмейді. Кеден арқылы елге кіретін зат, тауарлардың көлемі бұрынғыдан
азайды. Құрылыс өндірісі тоқыраушылыққа ұшырады. Жұмыс орындары қысқара
бастады. Теміржол арқылы тасымалданатын жүк көлемі бұрынғыдай
12
емес. Халықтың сатып алу қабілеті төмендеп кетті. Бұрын банк несиесіне
сүйеніп қана жүргізіліп келген барлық істе қожырау бар. Пәтер бағасы
төмендегенімен, ипотекаға бас-көзсіз қойып кететін заман келмеске кетті.
Ипотекамен үй алғандардың дені несиелерін банкке қайтаруды әлдеқашан
тоқтатқан. Енді үкімет тарапынан халыққа баспанасын  қалдыру жайында нақты
шешім қабылдап, оны жүзеге асырмаса, әлеуметтік дүмпудің аз-ақ алдында
тұрмыз.
АҚШ-тан бастау алған осы дағдарыстың өзі тұрғын үй заемынан
туындағанын еске алғанның артықтығы жоқ. Олар үй аламын дегендердің бәріне
несие беріп, құрылыс сала берген. Алайда, оның бағасы төлеусіз қалды.
Берілген қарыз қайтпаған соң құрылыс жұмысы да тоқтаған. Бізде де осы
жағдай қайталанып отыр деуге болады. Қазір тығырыққа    тіреліп  тұр.
Мұндай  тығырықтан  тез шығудың бір амалы – ең алдымен, құрылыс
компаниялары баға саясатын шынайы өмірге жақындатып, қайта белгілеп,
қосымша табыс көзін жасауларына болады. Мұны журналистің субъективтік
пікірі ретінде емес, әлем экономистерінің тәжірибелік кеңесі деп қабылдаған
жөн.

2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы.

Дағдарыс өз ауқымына дәйектiлiкпен Америка континентiн, Еуропа мен
Азияны тартты. Бүкiл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар
айтқанындай, әлемдiк экономика өз құлдырауында әлi шыңырау түбiне жеткен
жоқ. Әлемде болып жатқан үдерiстерге өз көзқарасымды мен өзiмнiң
"Дағдарыстан шығу кiлтi" атты мақаламда баяндадым. Оған түрлiше қарауға
болар, бiрақ та бiз, қазақстандықтар, осынау дағдарыстан шығудың жалпы
iзденiсiне өз ойымызды қостық. Дағдарыс қатардағы емес, одан шығудың
нұсқалары мүлдем әртүрлi болуы тиiс.
13
Осынау жаһандық дағдарыстан кейiн әлемдiк қаржы жүйесi, бәлкiм,
мемлекеттердi саяси басқаруда өзгеретiнiне сенiмдiмiн. Көпшiлiк экономиканы
"қолмен басқару" қажеттiгiне келiп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығудың
аса маңызды iсiне айналуда.
      Сондықтан да тереңде түбегейлi көзқарас әлемдiк қоғамдастықта әлемдiк
нарықтық экономиканың келесi бұрылыстарында бiздi қауiпсiздендiру жолын
табуға көмектеседi. Сондықтан ұсынылған түбегейлi шаралар әлемдiк
қоғамдастықта талқыланатын болады. Жалпы ұсыныс - бұл жаһандық
проблемаларды шешу iзденiсiне қосқан үлесiміз. Бiрақ та бүгiнгi нақтылық
мынадай, әлемдегi iскерлiк белсендiлiктiң қысылуы мұнай мен металға деген
сұраныстың төмендеуiне соқтырды. Ал бұлар - Қазақстан экспортының негiзi.
      Бiр жылда мұнай бағасы 4 есе дерлiк, металл бағасы 2 есе дерлiк құлап
түстi. Бiздiң негiзгi сауда-саттық әрiптестерiмiз әрi жақын көршiлерiмiз -
Ресей мен Украина өздерiнiң ұлттық валюталарын 40-45 пайызға
құнсыздандырды. Сондықтан да бiз өзiмiздiң тауар өндiрушiлерiмiздiң мүддесi
тұрғысынан теңгенiң құнсыздануына баруға мәжбүр болдық. Өйтпесек
қазақстандық өнiм өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтар едi. Бiз елдiң
алтын-валюта резервiн жұмсауды жалғастыра берер едiк.
      Өкiнiшке орай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы әлсiремей
тұр. Мұны сiздер де бiлуге тиiспіз. Бiрақ та мынаған сенiмдi болуға
тиiссiздер, бiз бұл сынақтарға дайын ғана емеспiз.  Бiз оларды өңсеремiз
және осы дағдарыстан әлдеқайда күштi және өркендi мемлекет болып шығамыз.
2007 жылдың ортасынан бастап, Қазақстанның экономикалық тез өсуіне
жаһандық дағдарыс қолайсыз әсер етті. Капиталдың құйылуының төмендеуі,
мұнайға және басқа да шикізат өнімдеріне әлемдік бағалардың құлдырауы,
сондай-ақ, қолайсыз сыртқы жағдайлар, көбі күткендей, 2009 жылы өсу
қарқынының 2-3 % азаюына әкеледі. Дағдарысты экономикалық жағдайларға жауап
ретінде, Қазақстанның үкіметі қаржылық секторды
14
тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын, өндірісті және өнеркәсіптің
инфрақұрылымын қоса алғанда, нақты экономиканың стратегиялық секторларын
қолдау жолымен жаһандық дағдарыстың Қазақстанның экономикасындағы
салдарымен күресудің үйлестірілген және мақсатты шаралардың кешенін жасады.
Ағымдағы экономикалық саясаттың басым бағыттары – бұл экономиканы
әртараптандыру, атап айтқанда, елдің табиғи ресурстарға тәуелділігін азайту
үшін өндірістің басқа салаларын нығайту.
Қазақстанның экономикасы, 2008 жылғы негізгі көрсеткіштер:
• ЖІӨ* (1-12′2008) – 135 млрд.USD
• Өнеркәсіп өндірісі – 84 млрд.USD (өсім 2,1 %)
• Негізгі капиталға инвестициялар – 31,7 млрд.USD (өсім 4,6%)
• Орташа жалақы – 59 722 теңге
• Елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қордың резервтері – 46,7 млрд.USD
(31.12.2008 ж. жағдай бойынша)
• Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (%) -10.5 (2008 ж. жағдай бойынша)
• Тікелей шет елдік инвестициялар, 2008 –19.8 млрд. АҚШ долл.
• Сыртқы сауда айналымы, 2008 – 109,1 млрд.USD (өсім 39,9 %)
• 283744 заңды тұлға тіркелді

2.3. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің ролі.

Қазақстан экономикасы мен әлемде қалыптасқан жағдайды талдау еліміздің
одан әрі дамуында ескерілуі тиіс сабақ турасында мынадай тұжырымдар жасауға
негіз болады. Әлемдік дағдарыстан Қазақстан 7 сабақ алуы тиіс.
Дағдарыс банкирлерге орнықты сценариймен даму қажеттігін аңғартты.
Банктердің қорландыру көздеріне және несиелік қоржынды
15
басқаруға қатысты саясаты сараланған болуы тиіс. Соңғы үш жылдағы несиелеу
көлемінің жылына орташа 75 пайыз өсімі негізінен сыртқы қарыздардың
есебінен болса, банктердің теңгерім валютасы 70 пайызға, кейде тіпті жыл
ішінде екі еселеніп те отырды. Банктердің жиынтық активі ІЖӨ-нен асты,
бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстағы Қазақстан қоғамындағы проблемалар және оны шешу жолдары
Дағдарыстан кейінгі кезең
Дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару
Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Қазақстан экономикасына және әлемді алаңдатқан қаржы дағдарысына жалпы сипаттама беріп, қаржы дағдарысының түрлерін және Қазақстан экономикасына тигізер кері әсерлерін ашып көрсету
Жаһандану жағдайы
Жобалаушы жетектің кинематикалық схемасын өңдеу
Экономикалық дағдарыс себептері
Әлемдік қаржы дағдарысы
Пәндер