Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым


«Қаржылық есеп II» пәнінен курстық жұмыс.
Тақырыбы: «Зейнетақылық қамтамасыз ету бағдараламасы бойынша есеп және есептілік»
Жоспар.
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі . . . 4
1. 1 26-ХБЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және
есептілік теориясы . . . 6
- Қаржы секторының көрсеткіштері - 2007 -2008 жж . . . 12
1. 3 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері . . . 17
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым . . . 22
2. 1 Еңбек ақыдан ұсталынатын міндетті төлемдер есебі . . . 23
2. 2 Таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есеп және МЖЗҚ
«Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2008 жылға 1 қазандағы жағдайы
Бойынша бухгалтерлік балансы . . . 24
3. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың теориялық
аспектілері және жүйе қызметіндегі инвестициялық процесті
ұйымдастыру . . . 27
Қорытынды . . . 33
Қолданылған әдебиеттер . . . 34
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болғандықтан, елдегі зейнетақы жүйесін реформалаудың қажеттілігі артты.
Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақы зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді, олар:
- Экономикалық даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек.
- Демографиялық - халықтың өсу қарқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.
Әрбір мемлекетте халықты әлеументтік қамсыздандыру бағдарламалары бар. Олар әр түрлі институттарда қолданады, әр түрлі инстументтер, тәсілдер мен әдістерді пайдаланады. Осы жұмыста Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне тоқталып, қаржы секторындағы көрсеткіштер есебіндегі мәліметтер бойынша, Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы көлемі реттеу мен қадағалау, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелерін, таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есебі мен бухгалтерлік балансын және де болашақта зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдылықтарына тоқаталып, оларды саларау. Бұлардың барлығы бұл жұмыстың негізгі мақсаты.
1. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі сезілді. Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымда ҚР «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер - 63 жас, әйелдер - 58 жас.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші ҚР - ның «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру» туралы Заңы өз күшіне енді. Зейнетақымен қамсыздандыру екі жүйеден тұрады:
- Ортақ жүйеден- зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру. Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеументтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген;
- Жинақтаушы зейнетақы жүйесі- жинақтаущы зейнетақы қоры.
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының енгізілуімен 1998 жылдан өз есебін бастаған жинақтаушы зейнетақы жүйесі, құрылған құқықтық инфрақұрылым арқасында, қазіргі заман даму кезеңінде өзінің қарқынды өсуін бастан кешіп отыр.
Ұзақ мерзімді перспективада жинақтаушы зейнетақы жүйесі мынадай әлеументтік-экономикалық міндеттері:
- Жинақтаушы зейнеиақы қорлары салымшыларының жалақы мөлшеріне, зейнетақы жарналарын төлеу ұзақтылығына және зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиімділігіне қарай кірістерін қолдауды неғұрылым тиімді әрі әділ ұйымдастыру;
- Нашарлап жатқан демографиялық жағдайда зейнеткерлік жасқа кеоген азаматтарды толық әлеументтік қамсыздандыру жөніндегі міндеттемелердің бір бөлігін мемлекеттен және салық төлеушіден алу;
- Ұлттық экономикалының өндірістік базасын жаңғырту және оның бәсекелестік қабілетін арттыру үшін ұзақ мерзімді инвестициялар ұсыну.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері:
- Зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
- Азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
- Зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілітті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;
- Азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;
- Азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі;
- Зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі.
Орта мерзімді перспективадв жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бәсекелестікті дамыту;
- Қазақстанның бүкіл халқы үшін зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі мүмкіндіктерін арттыру;
- Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реттеуші органдар: ҚР Банкі; ҚР Ұлттық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қор қызметінің реттеуші департаменті; ҚР Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар жөніндегі департаменті.
- 26 «ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК»
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ.
Осы әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті Азия даму банкісі кеңесшілерінің толық және тығыз ынтымақтастығымен, «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген ХҚЕС-ке көші жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын (ХҚЕС) қолдану кезінде ұйымдарға тәжірибелік көмек көрсету үшін әзірледі.
Қолдану мақсаты, мәртебесі және саласы
- Берілген әдістемелік ұсынымдар БЕХС 26 сәйкес зейнетақы жоспарлары бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау тәртібін түсіндіреді және зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептілік жасау және беру кезінде қолданылады.
- Берілген әдістемелік ұсынымдар есептіліктің осындай түрін жасайтын ұйымдарда зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін қолданылады.
- Зейнетақы жоспарлары кей кезде басқаша, мысалы, «зейнетақы схемасы», «еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы схемасы» немесе «зейнетақылық қамтамасыз ету схемасы» деп аталады. БЕХС 26 зейнетақы жоспарын есеп беретін объект ретінде, жоспарға қатысушылар жұмыс берушілерден бөлек қарастырады.
Зейнетақы жоспарлары
Зейнетақы жоспарларының, әдетте, екі түрі қарастырылады:
а) белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары;
б) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары.
Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары - бұл зейнетақымен қамсыздандыру схемасы, онда ұйымның міндетіне зейнетақы сыйақыларын кейінгі төлеуге байланыссыз белгілі жарналарды Зейнетақы қорына (бұдан әрі - Қор) төлеу жатады.
Қатысушылар жоспар жұмысына мүдделі, себебі ол олардың болашақ зейнетақы деңгейіне тікелей әсер етеді. Қатысушылар, сондай-ақ жарналардың Қорға түсуіне қатысты тиісті ақпаратты алуға және бенефициар құқығын қорғау үшін тиісті бақылауды жүзеге асыруға мүдделі. Жұмыс беруші, өз ретінде, жоспардың тиімді және адал жұмыс істеуінде мүдделі.
Зейнетақымен байланысты барлық тәуекелдер қызметкерге жүктеледі, атап айтқанда:
- актуарийлік тәуекел, қызметкер алатын зейнетақы күтілгеннен аз болып қалу мүмкіндігін білдіреді;
- инвестициялық тәуекел, Қорға инвестицияланған қаражат күтілетін зейнетақы сыйақыларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып қалуымен байланысты.
Белгіленген жарналары бар жоспарды есепке алғанда мыналар қарастырылады:
- Кезеңге есептелген шығыс қатысушыға кезең ішінде көрсетілген қызметтерге қатысты оның қызметі үшін тиесілі жай жарналарды білдіреді;
- аванспен немесе кідіртіп төленген кез келген жарналар тиісінше алдын ала төленген шығыстар немесе есептелген берешек ретінде көрсетіледі;
- есепті күннен кейін 12 ай ішінде төленбеген кез келген есептелген жарналар міндеттемені мойындаған жағдайда олардың келтірілген құнына дейін дисконтталуы тиіс;
- сондай-ақ, ұйым есепті кезеңде қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру бойынша шығыстар жөнінде ақпаратты ашуы тиіс.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары қызметкер зейнетке шыққан кейін алатын жәрдемақы сомасы анықталған. Әдетте, жәрдемақы сомасын ұйым қызметкерінің еңбек өтілінің және оның зейнетке шығу сәті жақындаған кездегі кезеңге оның жалақы деңгейінің функциясы ретінде қарастыратын формула пайдаланылады. Қызметкер зейнетке шыққанға дейінгі әрбір кезеңде жарналар сомасын анықтау қажет, ол зейнетке шыққан сәттегі зейнетақы төлемдерінің сомасына сәйкес келетін болады. Ол үшін көптеген түрлі амалдарды пайдалануға болады. Қаржыландырудың қандай әдісі пайдаланғанына байланыссыз, ол зейнетке шыққан сәтіне жоспарда анықталған жәрдемақы сомасына тең соманы қамтамасыз етуі тиіс.
Қызметкерлер белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарының бенефициарлары болып табылады, алайда белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарының бенефициарлары жұмыс берушілер болып табылады. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларымен жұмыс істейтін Қордың негізгі мақсаты активтер мен оларды инвестициялауды жұмыс беруші өз қызметкерлеріне зейнетақы жәрдемақыларын төлеу үшін қажет соманы шоғырландыратындай етіп сақтауды қамтамасыз етуден тұрады. Ресми түрде, Қор бөлек ұйым болып табылады, алайда ұстау бойынша, қордың активтері мен міндеттемелері жұмыс берушіге тиесілі. Яғни, зейнетақы жоспары жұмыс істеген уақыт ішінде жұмыс беруші Қорда не болып жатқанына байланыссыз, белгіленген зейнетақы жәрдемақысын төлеуге жауап береді. Қордағы шоғырландырылған активтердің жетіспеуі жұмыс берушімен орындалуы тиіс. Шоғырландырылған активтердің артуы жұмыс берушіге кері қайтарылуы мүмкін, не болашақ салымдар сомасының азаюы түрінде, не аударылған қаражатты қайтару түрінде.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары қаржы жағдайын бағалау, актуарийлік рұқсат етуді тексеру және болашақ жарналар деңгейіне қатысты ұсынымдар алу үшін кезеңімен актуарийдің кеңесінде мұқтаж.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша есептілік мыналарды қамтиды:
а) мыналарды:
1) зейнетақы төлеу үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтерді;
2) кепілдік берілген және кепілдік берілмеген зейнетақыға бөле отырып тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын; және
3) қорытынды асып түсуі немесе тапшылықты көрсететін есепті;
немесе
б) мынадай ақпаратты қамтитын зейнетақы төлемдерін төлеуге қолда бар зейнетақы жоспарларының таза активтері туралы есепті:
- кепілдік берілген және кепілдік берілмеген зейнетақыға бөле отырып тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын ашатын ескерту; немесе
- қоса беріліп отырған актуарийлік есептегі осы ақпаратқа сілтеме.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына сәйкес тиесілі зейнетақы төлемдері жоспардың қаржы жағдайына және салымшылардың болашақта осы жоспарға төлемдерді жүзеге асыру қабілеттілігіне, сондай-ақ инвестициялық қызмет нәтижелеріне және жоспар жұмысының нәтижелеріне байланысты.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарының мақсаты белгілі кезеңге мынадай ақпаратты беруден тұрады:
- кезеңдегі елеулі қызметті және кез келген өзгерістердің ықпалын сипаттау,
- жоспарға, оған мүшелікке, мерзімі мен шарттарына қатысты,
- кезеңге инвестициялық қызмет операциялары және нәтижелері туралы, сондай-ақ кезең соңындағы жағдай бойынша жоспардың қаржы жағдайы туралы ақпарат беретін бөлімдер; және
- не есеп бөлімі, не бөлек есеп түрінде берілген актуарийлік ақпарат;
- инвестициялық саясатты сипаттау.
Тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны. Оның қатысушыларының зейнетке шыққан сәтіне дейінгі зейнетақы жоспары бойынша болжалды төлеулердің келтірілген құны есептілікте жалақының ағымдағы деңгейі, не жоспарға қатысушылардың зейнетке шыққанға дейін жалақысының болжалды деңгейінің негізінде есептелуі және берілуі мүмкін.
Жалақының ағымдағы деңгейі бойынша тәсілдеме қабылдау үшін негіздеме:
1) қазіргі сәтте әрбір жоспарға қатысушының үлесіне тиетін шама сомасы болып табылатын тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлі келтірілген құны аз жол берулерді қамтығандықтан, жалақының жоспарланған деңгейі бойыншаға қарағанда неғұрлым әділ есептелуі мүмкін;
2) жалақының көбеюімен байланысты зейнетақының көбеюі жалақының көбею сәтінде зейнетақы жоспарының міндеттемелері болып табылады; және
3) жалақының ағымдағы деңгейлерін пайдаланатын тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлі келтірілген құнының сомасы, негізінен жоспар тоқтаған немесе жойылған жағдайда төлеуге жататын сомамен неғұрлым тығыз байланысты.
Жалақының болжамды деңгейі бойынша тәсілдеме қабылдау үшін негіздемелер:
1) қаржылық ақпарат жасалуы тиіс жол берулер мен есептерге қарамастан, компания қызметінің үздіксіздігі негізінде әзірленуі тиіс;
2) соңғы жалақының принципін пайдаланатын жоспарлар үшін зейнетақы мөлшері зейнетке жұмыстан кету сәтіндегі немесе жұмыстан кету алдындағы кейбір кезең ішіндегі жалақыға қатысты анықталады; сондықтан жалақы мөлшері, салымдар деңгейі және табыстылық ставкалары жоспарлануы тиіс; және
3) қорландырудың көп бөлігі жалақы бойынша жоспарларға негізделгендіктен жалақы бойынша жоспарларды біріктіру қабілетсіздігі жоспарда артылып қалу болмаса да есептілікте қорланудың артылуы сияқты көрініске немесе жоспар қорлану жетімсіздігік танытса да есептілік қорланудың жеткілікті деңгейін көрсететін болады.
- Ағымдағы жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны есептілік жасау күніндегі жағдай бойынша еңбекпен табылған зейнетақы бойынша міндеттемелерді көрсету мақсатында зейнетақы жоспары бойынша есептілікте ашылады.
- Болжамды жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны қызметтің үздіксіздігі принципі негізінде ықтимал (болашақ) міндеттемені көрсету мақсатында ашылады, олар, әдетте, зейнетақы қорына ауадрулардың негізі болып табылады. Тиесілі зейнетақының актуарийлік келтірілген құнын ашудан басқа, осы құн қабылдануы тиіс контексті нақты көрсету үшін ашық түсіндірме талап етілуі мүмкін. Мұндай түсіндірменің зейнетақы қорына жоспарланып отырған болашақ аударулардың жеткіліктілігі туралы және жалақы мөлшерінің болжамдарында негізделген қорды қаржыландыру саясаты туралы ақпараттар нысаны болуы мүмкін. Мұның барлығы қаржылық ақпаратқа немесе актуарий есебіне қосылуы мүмкін.
Мысалы, тиесілі зейнетақының келтірілген құнын анықтау кезінде актуарий 2004 жылы өзінің есептерінде мынадай жол берулерді пайдаланды
2005 жыл 2006 жыл 2007 ж
Есептілік мазмұны
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік ақпаратты мынадай форматтардың бірінде көрсетуі тиіс:
1) зейнетақы төлеу үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтері, тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны және қорытынды асып түсу немесе тапшылық. Зейнетақы жоспары бойынша есептілік зейнетақы төлеу үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер және тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнындағы өзгерістер туралы ақпаратты да қамтиды. Есептілік тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын растайтын актуарийдің жеке есебін өзіне қамтуы мүмкін;
2) зейнетақы жоспарының таза активтері туралы және ондағы өзгерістер туралы ақпаратты өзіне қамтитын есептілік. Тиесілі зейнетақылардың актуарийлі келтірілген құны есептілікке ескертуде ашылады. Есептілік тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлі келтірілген құнын растайтын актуарий есебін өзіне қамтуы мүмкін;
және
3) актуарийдің жеке есебінде қамтылған тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлі келтірілген құнымен бірге зейнетақы төлеу үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтері туралы және ондағы өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын есептілік.
- Қаржы секторының көрсеткіштері - 2007 - 2008 жж.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Қаржы секторының 2007 жылғы көрсеткіштері» есебіндегі мәліметтер бойынша, Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы көлемі 2008 жылдың 1 қаңтарында 1 триллион 208 миллиард 121 миллион теңгені құрған. Бұл бір жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына түскен қаржы көлемі 32, 8 % - ға артқанын көрсетеді. Ал есепті мерзімде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза инвестициялық кіріс мөлшері 339 миллиард 719 миллион теңге болды. Яғни 2007 жылы 32, 86 пайызға өсті.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мәліметтері бойынша, «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң қабылдағаннан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезең ішінде міндетті зейнетақы жарналарын салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны - 9 миллион 223 мың 712 - ні құрады. Тек өткен жылдың өзінде салымшылар қатары 7, 96 пайызға көбейді. 2008 жылғы 1 қаңтарға жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфель жиынтығы 1 триллион 195 миллиард 89 миллион тнңгені құрады. Мұндағы мемдекеттік емес құнды қағаздардың 46, 32 пайызы қазақстандақ эмитеттердің үлесіне тиеді, жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың нәтижесін осыдан көруге болады.
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен зейнетақы мөлшері 7236 теңгені құрайтын болды. Сөйтіп, ең төменнің жалпы сомасы 10 236 теңге болады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, яғни «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», - деген жолдауында былай дейді:
2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай
2, 5 есе, оның ішінде:
арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50 пайызға дейін өсірілуге тиіс дейді.
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін мөлшерін арттыру туралы.
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін:
- 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақылар төлемдері мына шамалардың неғұрылым үлкен мөлшерінде: «2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» ҚР-сы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы №564 қауласына сәйкес есептелген еңбек өтілі мен орташа айлық жалақы деректеріне қарай. Бұл ретте арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін қабылданатын экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының ең көп мөлшері «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР-сы заңында белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс; алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 пайызына;
- 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тағайындалған зейнетақы төлемдері мынадай шамалардың неғұрлым көп мөлшерінде:зейнетақы төлемін есептеу үшін ұсынылған еңбек өтілі мен орташа айлық табысына қарай. Бұл ретте арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табысының ең көп мөлшері «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР-сы заңында белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс; алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 пайызына;
- Қызмет өткерген жылдары үшін әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және ҚР-сы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметшілері үшін
белгіленген тәртіп қолданылатын қызметшілерінің алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 пайызына арттыру жүзеге асырылсын, дейді ҚР Премьер-Министр К. Мәсімов. Еңбек өтілі мен орташа айлық жалақыға қарай арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері «2008 жылға арналған республикалық бюджет туоалы» ҚР Заңында белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауға; қызмет өткерген жылдары үшін әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының, арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртәп қолданылатын қызметкердерінің алатын зейнетақы төлемдерінің арттырылған мөлшері «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында белгіленген 75 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс деп белгіленген.
Зейнетақының ең төменгі және орта мөлшері. Бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар саны 8, 6 миллион адамға жетті. Сонымен, қатар зейнетақы активтері 947 миллиард теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 9, 7 пайызын құрайды. Ең кіші зейнетақы жыл сайын заңды түрде бекітіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындар саны Республикада 1645, 1 мыңға жуық. 2005-2007 жылдарға ҚР-дағы әлеументтік өзгерістерінің әрі-қарай тереңдетілу Бағдарламасына сәйкес, 2005 жылдың 1 маусымынан бастап, ортақ жүйеден зейнетақы деңгейін көтеруге мүмкіндік берген сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы - жас буынға әлеументтік кепілдігін қамтамасыз етуге тартылған зейнетақыны төлеу мемлекеттік негізін енгізілді. 2006 жылы 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8% инфляцияның деңгейінің озығына тиісті көтерілген.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі, млн. теңге
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz