Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Инвестиция

Орындаған: Каиргазинова Д.С

Өскемен,2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1 Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
1.2 Инвестицияның жіктелуі
2 Қазақстандағы инвестиция
2.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
2.2 Республикаға шетел инвестицияларын тарту
Қорытындысы
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Материалдық және рухани игіліктер қоғамдық өндірісі тоқтамайды. Күн
сайын адам қандай да бір өнімді тұтынады. Қоғам тұтынуды тоқтатпайды. Демек
өндіруді де тоқтатпақ емес, бірақ тұтынатын өнімдерді үнемі жаңартып отыруы
қажет.
Әрбір экономикалық саланы сапалы жетілдірілуі, нарықты жағдайда
инвестициялық процесс негізін құрайтын, жаңалық енгізу түінде жүзеге
асырылады. Сұраныстың дамуы, оның диверсификациясы, осы сұраныстың
қанағаттануының әр сала тәсілдерін жетілдіру керектігіне алып келеді. Нақты
алынған әр саланың техникалық және экономикалық мүмкіндіктері сұраныстың
даму мен күрделенуі қарқынынан қалып отырады, өйткені тұтынушыға бұрынғы
баға бойынша жоғары нәтиже керек, ол уақыт өткен сайын ұлғайып отырады.
Жаңалық енгізу дегеніміз - әдетте ғылым мен техниканың
жетістіктеріне негізделген, пайдалы нәтиженің артуына қол жеткізетін,
мұқтаждықты қанағаттандырудың жаңа тәсілі болып табылады. Жаңалық енгізудің
экономикалық табиғаты ғылым мен техникалық жаңалықтан нарықтық нарықтық
жаңалықтың үстем болуына себепші болады, сондықтан жаңалық енгізуалумен
байланысты. Бұл физикалық – капитал. Ой капиталына технлогиялық білім мен
тәжірибе жатады, оларды интелектуалды меншікке құқық деп көрсету керек.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін
былай түсінегн: кез – келеген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе
пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және
зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Инвестицияны қарастыра отырып,
экономиканың нақты саласына салынатын инвестицияны анықтау. Қазақстандағы
инвестицияны басқаруды қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті – инвестиция түсінігі мен экономикалық
мағынасын, инвестицияның жіктелуін, Қазақстандағы инвестицияны басқару
ерекшеліктерін және республикаға шетел инвестицияларын тартуды қарастыру,
сонымен қатар шығыс қазақстандағы тұрғын үйге жұмсалатын инвестицияны
анықтау.

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ

1.1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
шеңберінде жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы
түсінік бойынша жаңа қүрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени қүрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеетерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады,себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде
(АҚШ, Канада, ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар
арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині латынның іпvепге - жұмылдыру сөзінен алынған.
Бүл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол
Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның нақты
капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар
өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе
капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген
құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу
инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің Еңбекпен
қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы (1936ж.) еңбегінде қарастырды,
онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты
факторы ретінде анықтайды. Инвестициягың өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына,
өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты
жояды.
У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда
жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі
бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың
үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық
инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне
едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бүл екі форма бәсекелес емес, бір-
бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға
жұмсала алмайтың бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық
іскерліктің капиталдық қүнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі
алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен үзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция - бүл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін жәие ол ешқандай да
табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын
әр түрлі нысандары бар: қүнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен;
қысқа немесе үзақ мерзімге; тікелей және жанама.

1.2. Инвестициялардың жіктелуі

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мыналар қолданылады:
инвестициялардың түрлері;
ақша құралдарын салу объектілері;
инвестицияландыруға қатысу сипаты;
инвестицияландыру кезеңі;
меншік түрлері;
инвестордың қатысу түрлері;
тәуекел дәрежесі;
ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа
да құнды қағаздар;
жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен
байланысты мүліктік қүқықтар;
жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік
құқықтар;
қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес) ұйымдастыруға
қажетгі техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген
техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2.Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
• нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге
салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс
капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге
салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша
материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің
құны, жарнамаға және кадрларды дайьндауға кеткен шығындар;
қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының
салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.
3.Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар
келесі түрлерге бөлінеді:
тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу
объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен
қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның
ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру
объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын
және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық
қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мүндай делдалдар инвестицияландыру
объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында
бөледі. Тұтас басқарылатын құнды
қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестиция-ларды мына
түрлерге бөледі:
қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік
салымдар, жинак сертификаттар);
ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға
бөлінеді:
азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет
көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық
жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік
қоғамына үлестік қатынас);
инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп
жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
жылжымалы немесе жылжымайтыи мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе
басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
табиғат ресурстарьш пайдалануға, жерді пайдалану құқығьна, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу.
7.Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді
мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар
бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым
инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде
қолданылады;
тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе
белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға
тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу
нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы
мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан
қауіптіліктің дәрежесі нарыктың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып
табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін
кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау
критерийлері мыналар болуы мүмкін:
барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты
жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың
банкротқа ұшырауы немесе апатгық тәуекел.
8. ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан
жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардьң салынуы;
шаруашылық жургізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын
арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және
келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа
кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып қалған
және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің
шығарылуының профиліи өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай
қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің,
учаскелердің өндірісінің техникалық экономикалық деңгейлерін арттыруға
бағытгалған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық
жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді
жанжақты бағалау үшін қажет.

2.Қазақстандағы инвестиция
2.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу
сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі,
қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді.
Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, қатаң
орталықтандырылған қайнар көзге - КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді
болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі, ең алдымен меншік
көздерге бағдарланады.
Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының
тарихи тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа
мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика
дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді
және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес
келмеді. Бүл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан
жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО
елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің
өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.
Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал
материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-
3 және одан да көп есе артық болды.
Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі, олардың соңғыға
емес, аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестицияның негізгі бөлігі
өндірістік салаға бағытталынды.
Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған
қаражаттар құрады, яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды, бұл әрине
қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы
сәйкессіздікке әкелді. Бұл қоғамның элеуметтік жағдайына кері әсерін
тигізбеуі мүмкін емес.
Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша
жүреді. Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық
экономикалық механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады.
Республикада құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер
жүргізді.
Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі. Республиканың әлеуметтік-
экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің
басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып
инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезезінде
заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ,
республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын
тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру
мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары
қүрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның
ішінде, Шетел инвестициялары туралы Заң (1991 ж.); Инвестициялық
жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже (1993 ж.); Қазақстан
Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы
ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992 ж.); Инвестициялар бойынша ҚР
Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996
ж.); Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ҚР-ның Заңы
(наурыз 1997 ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық
бағдарламалар қабылданды.
Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін
қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік
және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру
саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген
экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың
функциялары мен міндеттерін анықтады.
Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикаға
инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бірқатар
негізгі кемшіліктерін анықтады. Олар мына төмендегіге саяды: шетел
инвесторларымен жұмыс тәжірибесінің жоқтығы; несиелер бөлу, әсіресе,
алғашқы кезеңде, оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамасыз
етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу; Қазақстанда
тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің
жетіспеущілігі; шетел несиелерін беру мен олардың мақсатты қолдануын
бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның жоқтығы;
әлеуметтік, өндірістік, нарықтың инфрақұрылымның жетілмегендігі; нарықтық
жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман
қызметкерлердің жетіспеушілігі.
Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық
белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен
шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды.
Ынталандыру құрамына келесілер кіру қажет: шетел мен отандық инвес-торлар
үшін қолайлы климат жасау; жалпы ішкі өнімдегі (ЖЮ) мемлекеттік капитал
салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын
пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық
жобаны әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына
сәйкестігін алдын-ала міндетті сарапшылдаудан кейін, жарыс (конкурстық)
негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халықаралық
ұйымдармен бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру мен қайта
қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.
Инфрақұрылымға салынған капиталдағы инвестицияның экономикалық өсуі
мен өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдің мысалын тарих әлі білмейді.
Сондықтан республикада жақын болашақта шамамен мемлекеттік инвестициялық
ресурстардың 70%-зы өндірістік инфрақұрлымның кәсіпорындары мен
объектілерін қолдауға бағытталынады. Бұл қаражаттар көбінесе әрекеттегі
кәсіпорындар мен импортты алмастырушы өндірістерді реформалаумен байланысты
жобаларды қаржыландыруға бағытталынады.
2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция экономикалық даму құралы
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибе
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
Қазақстандағы инвестиция
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану
Қаржылық инвестицияның теориялық негіздері
Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы
Пәндер