−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономика» кафедрасы

«Экономика» факультеті

Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің рөлі

Ғылыми жетекші: Елшібаев

Студент: Насырова Сымбат

Мамандығы: Экономика

Тобы: 403

Алматы 2009

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оның крийтерилері мен факторлары . . . 5

1. 2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару жүйесі мен стратегиясы және оны бағалау әдістері . . . 9

2 “Полимер Металл − Т” ЖШС−ның қызметін талдау

2. 1 “Полимер Металл −Т” ЖШС−ның жалпы сипаттамасы мен өндірістік технологиясы және өндіретін өнімдері . . . 17

2. 2 “Полимер Металл − Т” ЖШС − ның техникалық экономикалық және қаржылық әлеуеті . . . 23

3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарының жетілдіру жолдары

3. 1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытталған шаралар . . . 29

3. 2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыты ретінде өнім сапасын арттыру және инновациялар енгізу . . . 32

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер Көздері . . . 39

Кіріспе

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикамикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Еліміз “ Қазақстан ─2030 “ ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасына сәйкес мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде әлем қоғамдастығы Қазақстанның және барлық Қазақстандықтардың ғалымдардың, мамандар, бизнесмендер мен жұсысшылардың бәсекеге қабілеттілігі болып тұр.

Осы орайда шарушылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Өте тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмаған жағдайында әртүрлі бизнес аясында тауар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорындардың әрі қарй гүлденіп, өркен жаюына кепілдігін қамтамасыз ететін бәсекелік стратегиясын қалыптастыру және оны тиімді іске асыру ең өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесінедегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік еркін сауда, жеке меншік билігі және т. б. Осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүгізуші субьектілердің жұмыс жасауы, өызмет көрсетуі, өнім өндіуі бәсеке және бәсекеге қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.

Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынныі әрі қарай гүлденіп өркен жаюының кепілділігін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілеттілік пен бәсекеге қабілетті басқару жүйесі, сондай ақ бәсекеге қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсаттық құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәйкес шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әр нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылу керек.

Бәсекеге қабілеттілік ұғымы көп жақты болып, кәсіпорын іс әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілік ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы обьектінің бәсекеге қабілеттілігі, оның бәсекеге қабілетті элементтерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі қатысты өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарқта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін.

Осы арада кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне тоқтала кетсек.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі− бұл экономикалық, техникалық ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің жиынтығы.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі − бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты :

−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

−тұтынушыларды сапалы әрі бағасы жағынан тиімді өнімдермен қамтамасыз етуге;

− кәсіпорын өнімдерінің сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға;

− ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тағы басқа мақсаттар.

Негізгі міндеттеріне − кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарын жетілдіру және тиімді пайдалану болып табылады.

Курстық жұмыс негізі үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық негіздіеріне тоқталып кеттім. Яғни бәсеке түсінігі, кәсіпорынды басқару жүйесі мен стратеиялары туралы мәліметтер берілген.

Екінші бөлімде “Полимер−Металл Т” ЖШС−ның қызметін және оның техника−экономикалық, қаржылық жағдайына талдау жасалынған.

Үшінші бөлімінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары туралы мәліметтер берілген.

1 Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің қабілеттілігін арттырудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оның крийтерилері мен факторлары

Нарықтық экономикадағы маңызды фактордың бірі бәсекелестік. Ол адамдардың шаруашылық ісінің формаларын белгілі бір дәрежеден анықтайды.

Бәсекелестік дегеніміз бір текті тауарларды өндірушілердің нарықтағы экономикалық жарысы, неғұрлым көп тұтынушыларды өзіне қарай тартуы, соның арасында пайданы жоғарлату.

Бәсекелестік - нарықтық жүйедегі маңызды бақылау құралы. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық механизімі тұтынушылардың талап- тілектерін, өндіруші кәсіпорындарға және олар арқылы ресурстармен қамтамасыз етушлерге жеткізеді. Бірақ бәсекелестік, тұтынушылардың талап-тілектерін, өңдеуші кәсіпорындар және ресурстармен қамтамасыз етушілердің дұрыс қанағаттандыруына әсерін тигізеді. Бәсекелестік өндірістің ұлғаюына және өнім бағасының өндіріс шығындарының деңгейіне дейін төмендеуіне тікелей ықпал етеді.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толық ашып көрсету үшін, бәсекеге қабілеттілік туралы мүмкіндігінше толығырақ түсінік беру қажет.

Бәсекеге қабілеттілі- бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандарымен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыруды дәрежесіне сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас обьектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды"Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум” бәсекеге қабілеттілікке мынадай анықтама береді. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз -бұл фирмалардыің өздеріне жасалып отырған жағдайларды олардың бәсекелестерінің тауарлары мен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі .

Нысанның бәсекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысан бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.

Нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілеттілік қоғам дамуының деңгейін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса ол елдің өмір сүру деңгейі де соғұрлым жоғары болады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуын бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарлармен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметтің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.

Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға байланысты;

-өндірілетін тауарлардың түрі;

-нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері) ;

-нарыққа кірудің жеңілдігі;

-нарықтың біртектілігі;

-осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелестік позициялары;

-саланың бәсекеге қабілеттілігі;

-саладағы техникалық жаңалықтар мүмкіндігі;

-өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі;

Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы принциптерді тұжырымдайық;

1. Барлық және әр қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі жалғастыруға ынталылығы.

2. Кәсіпорынның клмиентке жақындауы.

3. Кәсіпорында дербестік және шығармашылық ахуал қалыптастыру.

4. Адамдардың қабілеімен олардың жұмысқа деген ықыласын пайдаланудың арасында өнімділіктің өсуі.

5. Кәсіпорын үшін ортақ құндылықтардың мағыздылығын көрсету.

6 Өз позициясында бекем тұра білу.

8. Бір сәтте жұмсақ бола білу. Неғұрлым маңызды мәселелерді қатаң қабылдауда ұстау және бағыныштыларға азырақ маңыздыларын беру.

Нарық қатынастарының әлемдік тәжірбиесі көрсетіп отырғандай бұл мәселелерді өзара байланыста шешу және аталған принциптерді пайдалану кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кепілдік береді.

Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі өнім өндіруші кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өзара бөлік пен бүтін ара қатынаста болады. Компанияның белгілі бір тауар нарығында бәсекелесу мүмкіндігі тауардың бәсекеге қабілеттілігіне және кәсіпорын қызметінің бәсекелестік күрес нәтижелеріне ықпал ететін экономикалық әдістерінің жиынтығына тікелей байлансты.

Кәсіпорындардың нарықтағы бәсекелестігі өнімнің өзінің бәсекелестігіне айналатын болғандықтан өнімді дайындаған және оны әлемдік нарықта сататын кәсіпорын хабарлаған өнімнің қасиеттерінің маңызы артады.

Бәсеке- ұсыныс сұраныстан артық болған жағдайдағы қажетті құбылыс, жәнеде ол әдетте өндірушілер арасында емес, тауарлар арасында туындайды. Бәсекенің мынадй түрлері бар функционалдық түр-тұрпаттық, заттық бағалық, жасырын, заңсыз.

Функционалдық -бірдей қажеттілікті түрліше қанағаттандыруға болатындықтан туындауы мүмкін.

Түр- тұрпаттық -ұқсас тауарларды түрлі кәсіпорындардың немесе бір кәсіпорынның шығаруы, бірақ әртүрлі безендірумен. Кәсіпорынның өзіндік бет бейнесінің болуы маңызды.

Заттық -әдетте түрлі кәсіпорындардың ұқсас тауарлары арасында болады.

Бағалық - неғұрлым қарапайым түрі. Бағаны төмендету арқылы нарықты жаулап алуға болады.

ттілігін арттыруға нарықтың саралануы ықп Бәсекеге қабілеттілік - бұл ең алдымен тек қана салыстырмалы, демек тауардың қасиетін салстыра бағалау екендігін ұмытуға болмайды. Егер нарықта тұтынушылар тауарларын басқа өндірушілердің тауарларымен салытыратын бәсекелестер болмаса, онда тауардың бәсекеге қабілеттілігі туралы айтуға да болмас еді.

Сөйтіп, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғымды қарастыра келіп, мынадай тұжырымдар жасауға болады;

Бәсекеге қабілеттілік дегенде;

-нысанның тиісті нарыққа шығарылған ұқсас нысандарымен салстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыруын сипаттайтын қасиетін;

-осы нарықта ұқсас нысандармен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін ;

-белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирманың дамуына өз тауарлармен адамдардың қажетін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметтің тиімділігі жағынан айырмашылығын көрсететін сипаттамасын айтады.

Бәсеке рыноктың негізгі сипатмасы ретінде кәсіпорынның шаруашылық қызметіне едәуір әсер етеді, оны бәсекелестерден асып кетуге мәжбүр етеді деген қорытындыға келуге және бәсекеге келесідей сипаттамалар беруге болады;

-ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

-инновациялық процестерді және жаңа жоғары сапалы өнімдердің пайда болуын қамтамасыз етеді;

-бәсеке процестерінің сұраныс арқылы көрінетін қоғамдық қажеттіліктерді тез қанағаттандыруға, инвестиция игеруге, ҒТП жетістіктерін енгзуге, шығындарды төмендету, сапаны жоғарлатуға, тауарлар мен қызметтер ұсынысын кеңейтуге итермелейтін қоғамық ұдайы өндірістік анықтаушы факторы ;

-кәсіпкерлерді өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мәжбүр етеді;

-нарықтық қатынастардың қатысушылардың, еі алдымен тауар өндірушілер үшін обьективті мәжбүрлеуші сипатқа ие, өндірістің жеке шығындарына оларды төмендету жағына қарай жүйелі әсер етеді;

-ресурстарды үнемдеуге, пайдаланатын өндіріс факторларның неғұрлым тиімді үйлестіруге қол жеткізуге, басқаша айтқанда өзін-өзі бақылау процесін жүзеге асыруға мәжбүр етеді.

Ал ‘бәсекеге қабілеттілік’ түсінігі біздің өмірімізге және ғылыми лексиконға білдірмей, бірақ жеткілікті шектеулі кірді. Бүгінгі күні көптеген зерттеушілер өнімнің, жеке кәсіпорынның, қаланың, аймақтың, елдің, технологияның, жұмысшылардың тіпті ғылым әдістемелік құжаттардың және нормативті актілердің бісекеге қабілеттілігін зерттеуге үлкен назар аударуда.

Бәсекеге қабілеттілік түсінігіне берілетін түрлі анықтамалар бар. Бірақ, бәсекеге қабілеттіліктің ортақ әмбебап, жалпымен қабылданған анықтамасы Қазақстанда да, әлемде де жоқ екендігін айту керек. Себебі, ол тұрақты өзгеріске ұшырап, серпінді дамитын күрделі көп аспектілі экономикалық түсініктің бірі. Анықтамалардан бәсекеге қабілеттілік терминінің тауардың, кәсіпорынның саланың, елдің бәсекелестік артықшылығы түралы сөз болғанда жиі қолдандылады деуге болады. Рыноктың кез келген субьектісінің бәсекелестік артықшылығының негізі оның тауарларының бәсекеге қабілеттілігі болып табылатындығы белгілі. Дегенмен, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік түсінігі тауардың бәсекеге қабілеттілік түсінігі неғұрлым кең екендігін айту керек. Оған біріншіден, бәсекеге қабілетті тауарларды шығару, яғни тұтынушылардың қажеттіліктерін осы рыноктағы өте жақсы ұқсас өнімдерден төмен емес қанағаттандыру қабілеті, екіншіден, қаржылық қызметінің тиімділігі жатады. Осыларды қамтамасыз ету қай кезде де кәсіпорын үшін өзекті болып табылады және әсіресе, қазіргі жаһандану жағайында оның өзектілігінің тіптен арта түседі. Сондықтан, кәсіпорын өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе ретінде қоюы тиіс.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін оның критерийлері (өлшемдері) мен факторларына баға беру қажет.

Кәсіпорынның бәсекеге қабіле ал етеді. Нақты нарықтағы қызметті осы үдерістен бастау керек.

Нарық саралынымы бұл нарықтың ерекше бөліп көрсетілген бөлігі, тұтынушылардың, тауарладың немесе кәсіпорындардың кейбір ортақ белгілері бар тобы.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі деңгейіне, сондай өндіріс технологиясын жетілдірудің ғылыми-техникалық деңгейі мен дәрежесі, жаңа өнертабыстары мен жаңалықтарды пайдалану, өндірісті автоматтандруда осы заманғы құралды енгізу аса маңызлы әсер етеді.

Шикізаттық тауарларын өндіруші фирмалардың бәсекеге қабілеттілігі деңгейі көбнесе олардың қандай тауарды сататынына, тауарлар қайда және қалай тұтынылатындығына байланысты.

Фирманың нарықтағы бәсекелестік позициялары, сондай -ақ фирма ұлттық мемлекеттік органдар мен басқада ұйымдар тарапынан экспорттық несиелер кепілдігін беру, оларды сақтандыру. Салықтармен алымдардан босату, экспорттық жәрдем қаражат беру, нарықтардағы коньюктуралар туралы және басқа ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы алатын қолдау мен жәрдемге байланысты.

1. 2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару жүйесі мен стратегиясы және оны бағалау әдістері .

Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі- кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлату мәселелесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен байланысын қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті басқару жүйесін құру . Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсекеге қабілеттілікті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт - бағдарын күшейте түсу керек.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның потенциялды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып, ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы түісніледі. Бәсекеге қабілетті басқару жүйесі-бұл қоршаған орта факторларының ықпал негізінде өзін-өзі дамыту және өзін -өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағидасы- бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт -бағдары негізінде жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материялдық -техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.

Қазіргі таңда кәсіпорынды тиімді әрі ұтымды басқару жүйесі әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар нарық қатынастарына бейімделген басқарудың функционалды механизмі дайындаламғандықтан, бәсеке жағдайында да туындайтын көптеген мақсаттарға қол жеткізіле бермеуі. Сондықтан кәсіпорындар заман талабына сай, қазіргі басқару қағидасына негізделген, жоғары бәекелік потенциалды және стратегиялық бағытты қамтамасыз ететін басқару жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын енгізу қажет болып табылады.

Қазіргі басқарудың жүйелік қағидаларына мыналар жатқызылады:

-жүйенің өздігінен ұйымдастырылып және өзін-өзі басқаратын инновациялық элементтерін қалыптастыру және дамыту қарқыны;

-көлденең байланыстарды күшейту және тік құрылымдарды орталықсыздандыру;

-еңбек процесінің гуманизациясы;

-басқаруды тек іс-әрекет процесіне ғана емес сонымен қатар соңғы нәтижеге де бағыттау;

-‘басқарушылық ’ экономикасын кәсіпкерлікке айналдыру үшін адам ресурстарының потенциалын өсіру;

-обьект және субьект арасындағы кері байланыстың негізінде басқарудың барлық элементтерінің жағдайынан жүйелік бақылауды ұйымдастырылуы;

-оң және теріс әсер ететін ауытқуларға жылдам әсер ету;

-адамға деген қарым-қатынас тек мақсатқа жетудің құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ басқарудың мақсаты ретінде де болуы керек;

Басқару жүйесі жүйелік және жағдайлық тәсілдерінің келесі қағидаларында құрылуы қажет;

-толық шаруашылық және өндірістік тәуелсіздік;

-кәсіпкерлік түрлерін еркін таңдау;

-қоршаған орта мен нарық қажеттіліктеріне стратегиялық бағыт-бағдар жасау;

-қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты басқарудың жүйесі мен потенциалының инновациялық бейімделуі;

-нарық талаптары мен инновациялық қайта қалыптастыруға байланысты басқару құрылымының органикалық түрде дамуы

- өзін-өзі дербес қаржыландыру;

-ұйымның міндеттеріне сәйкес экология мен табиғатты пайдалануға сақтық пен қарау, ресурстарды ұтымды пайдалану;

-нарықтық қатынастардың талаптарыны сәйкес жүйенің бейімділігі, сенімділігі, икемділігі мен оперативтілігі;

Басқару жүйесінде басқарудың мақсаттылық (мақсатты-бағдарламалық), стратегиялық, маркетингтік, дивизионалдық, сызықтық, функционалдық және басқада түрлерін ұтымды үйлестіре отырып жүзеге асырған жөн.

Басқару органдарының ұйымдық құрылымы бәсекеге қабілетті басқару жүйесінің қалыптасу негізін құрайды, әрі басқару есебі мәліметтері негізінде, анықталмаған жағдайда субьектілердің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес басқару функциялар кешенін жүзеге асыруға және басқару шешеімдерін жасап шығаруға, сондай-ақ сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарсы тұруға қабілетті ұйымдаса байланысқан элементтер жиынтығын көрсетеді.

Негізінен ұйымдық жобалаудың ең маңызды міндеттері болып келесілер есептелінеді:

-басқарудың ұйымдық құрылымын тиімді ету;

-қызметкерлер мен жұмыс уақытын қолдану және еңбек жағдайы мен қоса жұмысты орындау технологиясын жетілдіру;

-қызметтің ақпараттық және құжаттық қызмет көрсетілуін дамыту және ұйымдастыру мен есептегіш техникамен бөлімшелерді жарақтандыру;

Кәсіпорынды ұйымдық құрылымдарының иерархиялық деңгейі мүмкіндігінше аз болып, басқару нормаларының талаптарын қанағаттандыру керек . Сонымен қатар персоналдар саны мен ұтымды ресми байланыстары болу керек. Нақ осындай құрылымдарды функцияларды оптималды етіп тарату сақталады да олардың шектен тыс асуымен шашырандылығы секілді мәселелер орын алмайды. Негізінен ұйымдық құрылымдарды құрудың негізгі әдістерінің қатарына салыстыру және ұйымдастыру, эксперттік бағалау, ұйымдық-экономикалық моделъдеу және тағы басқаларды жатқызуға болады.

Әдетте ұйымдық жобалаудың мынандай түрлерін ажыратады:

1. Локальдық- яғни берілген міндеттердің қандай да бірін енгізеді;

2. Кешенділік - яғни барлық міндеттерді енгізеді;

Тәжірбиеде көбіне локальдық жобалау жүзеге асырылады. Ал кешенділік ұйымдық жобалаудың тәжірбиеде қолданылмауының бірден - бір себебі кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастыруға қажетті жұмыс координациясының болмауы әрі әртүрлі мамандығы бар мамандар орындайтын жұмыстардың түйісу күрделілігі болып табылады . Ұйымдық жобалауда әсіресе көп шығынды болып автоматтандырылған және ақпараттық жүйелерді әзірлеу саналса, басқаруды ұйымдастыру тұрғысынан алғанда құрылымдарды ұтымды етіп құру міндетті айтарлықтай маңызды болып келеді.

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыру үшін келесі алгоритм бойынша әрекет жасау арқылы органикалық әдісті қолдану қажет:

- қоршаған ортаның сыртқы құрылымдары үшін мақсаттар мен міндеттер қою;

-сыртқы бақылаушы кәсіпорындар қатынасы ретінде кәсіпорынның мінез - құлық варианттарын және сыртқы құрылымдары мен байланыс желісін қалыптастыру, әзірлеу;

-кәсіпроында көрініс тапқан факторларға жауап ретінде іс-әрекет функцияларын, олардың ерекшеліктеріне сай қызметтер мен бөлімшелер бойынша тарату;

-басқарудың ұйыдық құрылымын қайта құру, жаңа қызметтерді, бөлімшелерді құру және қызмет епіп тұрған бөлімшелерге жаңа кешенді функцияларды енгізу;

-штат кестесін айқындау, жаңа лауазымдарды енгізу және ынталандыру механизмін құру.

Мұндағы басты мақсатты функция-нарықтық талаптарына сай ресурстарды тиімді пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті өнім шығару және өндірісті ұтымды басқаруды ұйымдастыру болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық–экономикалық механизмін қалыптастыру жолдары
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту
Кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілерін зерттеп, оның бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын зерттеу
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттыр
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
Бәсекелік артықшылықтың ішкі кәсіпорынның факторлары
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz