Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Кәсіпкерлік, шаруашылықты жүргізудің тұрпаты ретінде
Мазмұны
Кіріспе
1 Кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі
1.1 Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
1.2 Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні және мазмұны
1.3 Кәсіпкеліктің түрлері, кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
2 Кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны
2.1 Кәсіпорындар: мәні, мазмұны.
2.2 Кәсіпорындардың экономикалық-ұйымдастырушылық формалары
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметі мен мінез-құлқы
3 Шағын кәсіпкерлік– нарық экономикасының өзегі
3.1 Шағын кәсіпорындардың шаруашылық қызметтері
3.2 Қазақстан Республикасының экономикасындағы шағын кәсіпкерліктің рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерліктің
даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық
экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық
экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңіріндегі
көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте
маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Бәрімізге мәлім, өндірістің
негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне
әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін
белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің
маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағалаған болатын: Кәсіпкер
өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам
мүддесіне де қызмет етеді. Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты
ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге
қосар үлесі өте зор.
Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпкерлік, оның мәнін, мазмұнын
анықтау және кәсіпорындардың мәні мен түрлерін, қалыптасу проблемаларын
қарастыру. Сонымен қатар кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы мәнін, рөлін
анықтап, оны институционалдық тұрғыдан қарастырып, фирма теориясының
негізгі мәселелеріне жалпы сипаттама беру. Оның ішінде, шағын
кәсіпкерліктің қазіргі экономиканы дамытудағы рөліне көңіл қою. Әрине,
мұнда орын алатын басты мәселе Қазақстан Республикасындағы халық
шаруашылығының бастапқы буындарының пайда болуы және даму процестері.
Осыған байланысты курстық жұмыста қарастырылатын негізгі сұрақтар:
кәсіпкерліктің түсінігі, мазмұны мен түрлері; кәсіпорын, оның анықтамасы,
негізгі мақсаттары мен қызметтері, ұйымдастыру-экономикалық формалары;
Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың жаңа формалары; шағын
кәсіпкерлік, дамыған елдерде және Қазақстанда шағын бизнестің даму
мәселелері.
Қоғам өмірі көпқырлы. Бұл көпқырлылық – адамдардың әр түрлі
сфералардағы экономикалық және әлеуметтік әрекеттерінің нәтижесі. Осы
тұрғыдан кемеңгер Абайдың қара сөздеріне жүгінсек, ол бізді шынайы
кәсіпкерлікке көрегендікпен талмай еңбек етуге шақырады: Сенде бір кірпіш
дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан.

1. Кәсiпкерлiктiң экономикалық негiзi.
Экономиканың негiзiн екi фундаменталды ақиқат құрайды және
олар шын мәнiнде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын
барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдық
ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары;
әртүрлі жабдықтар, құралдар, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт,
байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан
түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен
екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Қысқаша экономикалық ресурстардың мәніне тоқталайық.
1. Жер. Жер деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады -
өндірісте қолданылатын барлық табиғаттың байлығы. Оған мынандай
ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылымдар, ормандар, минералдар
мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б.
2. Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген
өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика
- зауыттар, қойма, транспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар
өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін
инвестициялау дейді.
Тауарлар екiге бөлiнедi: 1. Инвестициялық тауарлар (капитал), олар
тұтыну тауарларын өндiрудi қамтамасыз етедi; 2. Тұтыну тауарлары
қоғамның қажетiн тiкелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша
капиталы кірмейды. Ақша ештеңе өндірмейдi, яғни экономикалық ресурсқа
жатпайды. Ақша — бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған
капитал.
3. Еңбек — бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны
адамдардьң тауар өндiру және қызмет көрсетудегi күш ақыл-ой
қабілеттілігі деп бейнелейдi.
4. Кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк — адамдардың ерекше
таланттылығы. Оны түсiну үшiн кәсiпкердiң төрт функциясын түсіну
керек:
1. Кәсiпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбектi
өнім өндiру процесiне қосу ынтасын өз жауапкершiлiгiне алады, яғни
өндiрiстiң қозғаушы күшi, себебi iстеген iсi пайда беретініне
сенедi.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына
алады және фирманың (кәсіпорынның) іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді,
жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырундың жаңа формаларын
енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында не
болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім
әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін,
іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске
кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің
қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу.
Ресурстарға төлем. Жоғарыдағы көрсетілген ресурстар, яғни өндіріс
факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым
екенін кәсіпкер жете түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл шығын-
өнім мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критерийі (өлшемі)
әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда,
қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге
талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық қамтамасыз ету қажет. Сондықтан
толық қамтылу деген экономикалық терминді түсіндіріп кетелік.
Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды
іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер,
күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды
іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді:
жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел
байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады.
Қазақтың мақалы бар шығын болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның
өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты
өндіру құрайды.
Шын мәнінде, кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі
төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем өлеуді қамтамасыз етеді:
жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге
кәсіпкерлік пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде
жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал
екіншісінде – қосымша құн үшке бөленеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік
пайдаға.
Қоғамның өндірген таза пайдасын осылай бөлуді қамтамасыз ету үшін
мемлекеттік органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы күштер
ұйымдастырылады.
Қазақстанда қоғамдық меншікке негізделген экономиканың жеке меншік
экономикасына ауысуы ұзақ мерзімді, ақыл-ой, парасатты жұмысқа негіздеген
экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етеді.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын
даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті, қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші,
білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы
қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз
елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер
азаматтар болуы керек.Аш-жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды.

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік-
экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды
қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық, тарихи сәттер көрініс алады.Сондай-
ақ, кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да қатысты
екені рас.
Буржуазиялық экономикалық теорияда кәсіпкер ұғымы 18 ғасырда
қолданыла бастады. Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі
Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық
тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам
белсенділігін жатқызды.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж) былай деп
мән берген: Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу. Екінші жағынан
кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы
француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж.) былай деген: Кәсіпкер –
адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.А.Смиттің ойы
бойынша, кәсіпкер – сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру
үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол
өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесінде оған өзі
иелік жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп, иелігіндегі қажетті
құралдарды (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі)
ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар – шағын
кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің
жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы
басшысы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10 бабының, I
тармағында кәсіпкерлік тұңғыш рет заңмен бекітілген: Кәсіпкерлік – меншік
түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа,
қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға
бағыттылған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды
шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы
қызметі.
Мыналар кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болуы мүмкін:
- әрекет қабілеті заңда белгіленген тәртіпте шектелмеген ҚР-ның
азаматтары;
- ҚР-ның заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде шет
мемлекеттердің азаматтары мен азаматтықтары жоқ адамдар;
- азаматтар бірлестігі – ұжымдық кәсіпкерлер (әріптестер).
Капиталистік елдердегі 80-жылдардағы кәсіпкерлік шуы экономикалық
өсудің жаңа жағдайында пайда болды және оның нәтижесі көптеген ерекше
факторлар мен себептерге байланысты.
Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ҒТП-тің нәтижесіне,
капиталистік экономикалық жүйенің дамуының икемділігін қамтамасыз ететін
құралдарға, жұмыскерлердің қалың топтарының творчестволық және ұйымдастыру
қабілетін жүзеге асыратын формаларға байланысты.
Жалпы қазіргі кәсіпкерліктің мәнін Батыс Еуропа және басқа елдердің
алдыңғы қатарлы көрнекті экономистерінің ілімдеріне сүйене отырып анықтау
дұрыс.
Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және праволық
жағдайлар.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай
керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың,
қазметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни
олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-
кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек
т.б.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін нарықтың инфрақұрылымы болуы
керек: банктер; шикізат, материал, құрал-жабдықтар сатушылар; тауарды
тұтынушыларға дейін жеткізетін мекемелер; заң; бухгалтерлік т.б.
қызмет көрсететін мекемелер; еңбекке орналастыру агенттігі; оқу
орындары; жарнама; көлік; сақтандыру; байланыс; ақпарат т.б.
мекемелері.
Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін
тұтынушыларға тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға,
қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы
шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар
ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы
жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.
Кәсіпкер өз ісіне шын берілген және одан қанағат алуы парыз.
Ол әлеуметтік мәселерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс:
денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін
қадағалау т. б. Кәсіпкелрікті жасақтау және оны дамыту үшін
кадрларды оқыту, білім дәрежесін, мамандығын көтеруге көңіл болу,
кәсіпкерлер даярлауды тұрақты қадағалау.
Құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін
заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстаң Республикасының
Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан
қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар,
меншікке құқықтық заңдар т.б.
1.3 Кәсіпкерліктің түрлері, кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі
түрлері
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады:
өндірістік, коммерциялық, финанс және консультациялық.
2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды,
сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе
коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөленеді: 1) ұжымдық-құқықтық
және 2) ұжымдық-экономкалық.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар
өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет
көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен
байланысу, шикізат материалдар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара
қатынасты орнату.
3. Келесі кезең өндіріс факторлары. а) Негізгі өндірістік қорлар:
ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал-жабдықтарды сатып алу немесе
арендаға алу. б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар,
негізгі және қосымша материалдар т.б. Инструменттер мен инвентарлар
айналым қорына екі белгісімен: бағасымен және пайдалану мерзімімен
бөлінеді.
4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз – бірінші кезеңдегі тауар өндіруді
меңгергенше көбірек шығатын шығындар.
5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру арқылы жалдап
алады.
Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарыққа маркетингтік
талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істерді
ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады:
1. – сауда делдалдық жұмыс атқаруға жұмысшылар жалдау;
2. – ғимараттар, қоймалар, ұсақ саудаға үй сатып алу немесе жалдау;
3. – тауар сатып алу, сату;
4. – тауар сатып алуға керекті несиелерді ұйымдастыру, табу және
оны уақытында пайыз мөлшерімен қайтару;
5. – жоспарлауға керекті ақпаратарды табу;
6. – тұтынушыларға тауар сатып, ақшасын алу;
7. – финанс органдарына салық және басқа төлемдерді мерзімінде
төлеу.
Финанстық кәсіпкерлікке негізінен коммерциялық банкілер және
қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер – бұл финанс-кредит
мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке
коммерциялық кәсіпорынға несие береді, ол үшін пайыз мөлшерімен
берген несиесін қайырады. Банкіде активті және пассивті операциялар
болады. Қор биржалары – бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың
қозғалысын жеделдетеді және активтердің нақты құнын анықтайды.
Консультативтік кәсіпкерлік – бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда
мынадай жұмыстар істеледі: финанстық, инвестициялық саясаттарды
жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу
туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері
жөнінде көмектер т.б.көрсетіледі. Консультация (кеңес беру)
әдістері:
1) эксперттік консультация – мұнда маман өз бетімен диагноз қояды,
шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
2) процесстік консультация – фирманың маманы клиентпен белсенді
түрде қарым-қатынаста болады, оның өз ойын айтуына
ынталандырады, клиентпен бірге талдау жасайды, сонан кейін
ұсыныстар белгілейді;
3) оқулық консультация – лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын
жасақтау т.б.
Практикада бұл үш түрі де аралас болуы мүмкін.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. 1. Серіктестер – адамдардың
бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз
капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Олар: 1) шексіз жауапкершілікті серіктестер, 2) командитті (сенімге
негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктерімен.
Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген
жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді.
Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал
қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен
жауапты.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
1. Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау
пакеттерін сатып алады.
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
Маманданған кәсіпорының негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
3. Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі
жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс
мөлшері жөнінде келісім.
6. Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының
бірлестігі.
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер
құрылуда.
1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері
өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес
мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға
қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық
төлейді.
2. Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік
атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның
тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен
жауап береді.
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне
өздерінің заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсіпорын – комерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ.
Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек
мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық
қазына кәсіпорны болып есептеледі.
2 Кәсіпорын - экономиканың басты буыны
2.1 Кәсіпорындар: мәні және мазмұны.
Кәсіпорын - өндіріс-шаруашылық әрекетін ұйымдастырудың негізгі
формасы болып табылады. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жекеленген
дербес бөлім. Кәсіпорын қоғамның негізгі өндірістік буыны ретінде әрбір
әлеуметтік-экономикалық формацияға тән және өздерінің ерекше белгілерімен
сипатталады. Олар әу баста алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленуші,
латифундиялар, шаруа қожалықтары, капиталистік кәсіпорындар, ал бүгінгі
таңда ірі фабрика, зауыттар мен бірлестіктер ретінде ерекше орын алатыны
белгілі.
Сондай-ақ, кәсіпорын – қоғамдық меншік қатынастары жүйесіндегі өндіріс
құрал-жабдықтары мен жұмыскерлердің іс-әрекетін өзара ұштастыратын буын
екені анық. Кәсіпорын атаулыға фабрика, зауытпен бірге өндірістік және
ғылыми-өндірістік бірлестіктер, сондай-ақ, өте ірі және күрделі
кәсіпорындар жатады.
ҚР-ның Азаматтық кодексінің 119 бабы кәсіпорынға мынандай
анықтама береді: Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын
мүліктік кешен құқық обьектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады.
Кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық
түрлері, ... жер теліміне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-
ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықтар және, егер заң
құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айырықша құқықтар
енеді.
ҚР-ның Азаматтық кодексінде, Мемлекеттік кәсіорындар туралы,
Акционерлік қоғамдар туралы, Жауапкершіліггі шектеулі және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы және басқа заңдарда:
- меншіктің көп түрлі формалы жағдайында кәсіпорындарды құрудың жалпы
құқылық негізі белгіленген;
- кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық түрлері, олардың жұмыс ерекшеліктері
бекітілген;
- кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен жауапкершіліктері
айқындалған;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау, реттеу мен қолдау шаралары
белгіленген.
Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен кәсіпорындардың экономикалық жағынан
дербестігіне байланысты олардың өндіретін өнімдері тауарға айналады.
Ендігі жерде тауар айырбастау және оны сату, сатып алу процестері
басталып, бұл әрекеттер қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Сондықтан кәсіпорындар тауар өндіруші ретінде бейнеленеді.
Біздің республикамызда бүкіл шаруашылық механизміндегі өзгерістердің
іргетасын қалайтын, әлеуметтік-экономикалық маңызы зор құжат Қазақстан
Республикасының Кәсіпорындар туралы Заңы. Бұл Заңның мәнділігі – халық
шаруашылығының негізгі буындары ретіндегі кәсіпорындардың қоғамдық өндіріс
жүйесіндегі рөлі мен орнына байланысты көрініс береді. Мұнда басқарудың
бүкіл жүйелері астасып жатады.
Аталған заңда кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарының әрекеті де
көрсетіліп, әрі мақсаты да нақты тұжырымдалған. Бұл мақсаттың мазмұны –
халықтың әл-ауқатын жақсартып, рухани байлығын молайта түсуге саяды.
Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын тұтынушылардың (халықтың және басқа
кәсіпорындардың) сұранымын ойдағыдай қанағаттандыратын өнімдер өндіріп және
сол деңгейде қызмет көрсетулері өзекті мәселе. Кәсіпорындардың мақсатты
қызметі тұтынушылардың қажеттілігін толығырақ қамтамасыз етуге негізделуі
қажет. Мұндай мақсат пайданы барынша арттыра отырып, сонымен қатар, нарықта
қолайлы жағдайға ие болу үшін ұқсас өнімдер өндіретін кәсіпорындардың
бәсекелестік жағдайында ғана жүзеге асырылады.
2.2 Қазақстан Республикасындағы
кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық формалары
Кәсіпкерлік азаматтың кез-келген ойластырылған қызметі ретінде
сендіру негізінде болсын, тиісті мағынасында және заңдылық негізіндегі
жасанды жағдайында болсын, мемлекет пен арадағы қатысушылардың экономикалық
қарым-қатынастарын нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Заңмен бекітілген
іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық
формалары деп аталады. Кәсіпорындарды ұйымдастырудың ең қарапайым формасы –
бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның,
фирманың мәртебесін иеленбей-ақ өздігінен жалғызбасты болып іс-қимыл
танытады. Егер бұл қызмет жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті
түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Әрбір азаматтардың, мысалы, өзінің үй іргесіндегі телімде көкөніс пен
гүл өсіріп, оны сатуға құқығы бар. Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке
тұлға кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу
қажеттілігі қарастырылған. Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір салада
жүйелі жүргізілетін болса, онда белгілі бір мерзіммен қызмет көлеміне
берілетін ақылы патент алу қажеттілігі туады. Жеке басты істер өз шығынын
өзі көтереді. Өз қызметтерінің нәтижелері үшін жауап береді, бастаған ісін
кез келген уақытта тоқтата алады.
Жеке іскерлік қызметтің тағы бір түрі жеке кәсіпорын, фирма, шаруа
қожалықтары болып табылады.
Кәсіпкерлер өздерінің күштерімен қаржыларын біріктіріп, жалғыз
бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейімді келеді. Бұл жағдайда ортақ
фирма немесе басқа да біртұтас кәсіпорын құру кезінде жекелеген кәсіпкердің
мүлікке жеке меншігі сақталады, тек кәсіпкерлер біртұтас команда құруға
өздерінің күштерін біріктіреді. Дегенмен, серіктестіктерде, кооперативтерде
оның құрылтайшылары мен қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе
ішінара біріктіреді.
Құрал-жабдықтарды, капиталдарды, басқаруды одан әрі біріктіру
корпорациялар, бірлескен кәсіпорындар және тағы басқа түрдегі ұжымдық
іскерліктің интеграциялық формаларына әкеледі. Халық шаруашылығында жұмыс
істейтін кәсіпорын ұжымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы
тұрғысынан әр түрлі болып келеді. Олар шаруашылық серіктестіктер,өндірістік
кооперативтер,сондай-ақ кәсіпкерліктің мемлекеттік секторында мемлекеттік
және муниципалды кәсіпорындар. Алайда, бұл формадағы кәсіпорындар өсіп
жетіліп, концерн, консорциум, трест, синдикат, картель сияқты
ассоциацияларға айналуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктер
Шаруашылық серіктестігін құрушы тұлға оның құрылтайшысы болып
табылады. Олар кәсіпорынға белгілі бір үлес қосып, оның қатысушысына
айналады. Жалпы бастапқы салым жарғылық капитал немесе жинақ капитал деп
аталады.
Шаруашылық серіктестігінде қатысушылардың кәсіпорынды басқару ісіне,
табысты бөлуге араласуына және оны жойған жағдайда алашақтары бар
тұлғалармен есеп айырысып болғаннан кейін қалған мүлікті заттай немесе
ақшалай түрінде (әркімнің салымының үлесіне қарай) қайтарып алуына құқылары
бар. Сонымен бірге серіктестікке қатысушылар өздерінің біріккен кәсіпорны
алдында құрылтайлық құжаттардың талаптарын, жарналарды, салымдарды дер
кезінде және толық беруге, коммерциялық құпияны сақтауға және тағы басқа
талаптарды бұлжытпай орындау жөнінде белгілі бір міндеттер алады.
Серіктестікке қатысушылар мүліктік жауапкершілігінің дәрежесіне
қарай толық және командиттік болып бөлінеді.
Толық серіктестік – келісімдік негіздегі жалпы бизнеске
қатысушылардың ерікті бірлестігі. Іскерлік қызметті жүргізу үшін олар жалпы
үлестік меншікті құратын өздерінің мүліктерін біріктіреді, яғни
серіктестіктің әрбір мүшесінің аталмыш кәсіпорынға мүліктік және ақшалай
түрде енгізілген салымына сәйкес өзінің үлесі болады.
Толық серіктестіктің заңды тұлға мәртебесі бар және шарттық қызметі
субъектісінің барлық құқығына ие. Басқаша айтқанда, ол келісімді қатынасқа
барады, өзіне міндеттеме алып, оны орындауға және мемлекеттік билік
ұйымдарымен өзара бірлесіп, іс-қимыл танытады. Толық серіктестіктің барлық
мүшелерінің шектеусіз ынтымақтастығы, жауапкершілігі оған қатысушылардың
кәсіпорынды басқару ісінде ерекше құқыққа ие болуына мүмкіндік береді.
Толық серіктестіктің жоғарғы органы қатысушылардың жалпы жиналысы
болып табылады.Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық
қатысушылардың ортақ келісімі бойынша қабылданады.
Командиттік серіктестік немесе сенімге негізделген серіктестік –
біріккен шаруашылық қызметі жөніндегі келісім-шарт негізінде жасалатын
бірнеше іскерлердің бірлестігі. Бірақ, толық серіктестікке қарағанда, мұнда
мүшелерінің бір бөлігі ғана толық серіктестік болып табылады. Олардың
өздерінің барлық мүлкімен аталмыш кәсіпорынның міндеттемелері бойынша толық
ынтымақтастық жауапкершілігін мойнына алады. Олардан басқа салым салушы
мүшелер аталмыш серіктестікке тек өздерінің салымдары көлемінде ғана
шектелген мүліктік жауапкершілікке ие болады. Сондықтан да мұндай
серіктестік мүшелерінің құқықтары да бірдей емес.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – алдын-ала белгіленген
пайшылар үлестерінің негізінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz