Өндірісті есептеу әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...3

I бөлім Өнімнің және жұмыстың,көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын
калькуляциялау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 4
1.1. Өнімнің және көрсетілген қызметтің қарапайым және тапсырыстық
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2. Өндірісті және жұмысты есепке алудың процестік әдісі ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Өндірісті есептеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...11

II бөлім АҚ Бірлік фирмасының шығындар есебін жүргізудің
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1. АҚ Бірлік фирмасының техникалық-экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...14
2.2. Кәсіпорында шығындар есебін жүргізу және өзіндік құнын
калькуляциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп пәніне сәйкес өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау атты тақырыпта курстық жұмыс таңдадым.Сондай-
ақ жоспарымды екі бағытқа негіздедім.Атап айтатын болсақ: 1.Өнімді және
жұмысты,көрсетілген қызметті есепке алудың әдістері.
2.АҚ Бірлік фирмасының жалпы шығындарының ұйымдастырылуы.
Яғни бірінші бөлімде жалпы өндірісті есепке алудың әдістеріне кеңірек
тоқталатын болсақ,екінші бөлімде Ж.Ш.С. Камкоршыфирмасының жалпы
эканомикалық,техникалық жағдайы,олардың шығындарының есептелуіне
тоқталамыз.
Сонымен, курстық жұмысымның мақсаты - өнімнің өзіндік құны,яғни
калькуляциялау – бұл барлық тауарлық өнімдердің әрбір бірліктің өзіндік
құнын есептеу.Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын
алады,өйткені ол ішкі резервті дер кезінде ашуға мүмкіндік беріп оның
өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда
пайдаланылады.Сондай-ақ өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен
технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістерін қолдану.Халық
шаруашылығының салаларындағы кәсіпорындарда қандай да бір әдісті қолдану
өнімнің өзіндк құнын жоспарлау,есепке алу және калькуляциялау жөніндегі
негізгі ережелерге сәйкес белгілеу болып табылады.
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау қарапайым әдісі бір текті өнім шығаратын кәсіпорынды су
электр станциялары, кен , көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар
пайдаланалыды. Оларда , әдетте , аяқталмағен өндіріс болмайды егерде олар
болса, онда оның көлемі шамалы болады және шалафабрикаттарды өзі өндіреді.
Егерде кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті
қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге
кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей
есептеу жолымен шығарада, яғни шығын деңгейін өндірістің нотуралды көлеміне
немесе шарты- натуралды көрсеткішне жәй болуы арқылы табылады. Кейбір
салаларда шығындар әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.
Осы секілді басқа да жоғарыда айтып өткенімдей өз курстық жұмысымдағы
бөлімдерді толығымен қарастырамын.

I – бөлім.Өнімнің және жұмыстың көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері

1.1.Өнімнің және көрсетілген қызметтің қарапайым және тапсырыстық әдісі

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау қарапайым әдісі бір текті өнім шығаратын кәсіпорынды су
электр станциялары, кен , көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар
пайдаланалыды. Оларда , әдетте , аяқталмағен өндіріс болмайды егерде олар
болса, онда оның көлемі шамалы болады және шалафабрикаттарды өзі өндіреді.
Егерде кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті
қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге
кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей
есептеу жолымен шығарада, яғни шығын деңгейін өндірістің нотуралды көлеміне
немесе шарты- натуралды көрсеткішне жәй болуы арқылы табылады. Кейбір
салаларда шығындар әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің
қарапайым төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді
шығапруға жұмсалған шығындардың белгілеген баптары бойынша есепке алынады.
Кімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өдірістік шығындарды дайын өнімнің
санына бөлумен айқындалады.Бұл өндірістерде аяқталмаған
өндіріс,шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.
Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл
нұсқа бір текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты
дайындау өнеркәсібінде қолданады. Аяқталмаған өндіріс, әдетте, инвентарлық
әдісін пайдалана отырып бағалайды.
Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе
өндіретін жылумен электр энергиясын шығаратын , мұнаймен газ өндіретін,
балық аулайтын кәсіп орындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындыр
тұтас алынған өндіріс бойынша , яғни қарапайым әдіспен есепке алынады ал
өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнаймен газ
өндіру кезінде энергетикалық шығындар, амуртизация, жер астындағы скважина
жабдықтарын жөндеу , жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды
диэмулсациялауға , мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын тікелей
белгілері бойынша мұнайға ал газ жинау және тасымалдау жөніндегі шығындар
– газға жатқыдылады.Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы
бойцынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған үлесіне тепе –
тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.
Қарапайым әдістің төртінші нұсқасынөнімнің өзіндік құнын анықтамай ақ
шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізілетін
кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материялдарын
шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері
пайдаланылады.
Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке дара өндірісі бар кәсіпорындарда ,
жөндеу және эксперементік жұмыстарда пайдаланады.Барлық тікелей шығындар
әрбір тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінін
есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорының өндірістік бөлімшеде арнайы
бланкілерде ашылады, содан соң ол орындаушы цехқа және бухгалтерияға
түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі , ондай жұмысшыға есептелген
есебін жүргізетін корточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны
олардың әзірлеумен байланысты шығындар соммасынан тұрады.
Осы тәсілдің кейбір ерекшеліктері бар , атап айтсақ.
-Баралық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып олапрды жеке
жұмыс түрлерімен дайын өнім партияларына жатқызу ;
- Уақыт аралығында емес аяқталған әрбір партия бойыша шығындарды
шоғырландыру;
- Тек бір ғана шотты жүргізу , аяқталмаған өндіріс батыс есебінде барлық
өндірістік шығындарын жинақтау тек осы аяқталмаған өндіріс шотында
көрсетіледі. Осы шотта өндірістің әрбір тапсырысы бойыша шығындардың
жекелеген есебін үйымдастыру үшін карточка енгізуді ұсынады.
Цехтар шығындарды әрбір табыстың кескінінде , калькуляциялаудың
бекітілген номинклатурасы бойынша , ал негізгі материалдар , шикі заттар,
техникалық отындарымен энергиялар белгіленген топ кескінінде ананитикалық
есепте көрініс табады.
Ал үстеме шығыстары олардың өндірілген орны бойынша есептелінеді және
ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша тапсырыстың өзіндік құнынап
жатқызылады.
Ақаудың алынған жоғалтылған әдетте өздерінің тиесілі тапсырыстарына
есептен шығарылады , орындалмаған тапсырыстар аяқталмаған өндірістер
ретінде танылады. Тапсырыс орындалып біркен соң және оның техникалық
қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім
кәсіпорынның бухгалтериясының тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды,
содан соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір
кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін өткізсе, сол қоймаға
накладнойы өткізу тапсырыстың жабылғаны.
Сондай- ақ кез келген тапсырыстың өзіндік құны бұрмаланбоауы үшін
артық немесе пайдаланбаған материалдық құндылықтарды қоймаға тапсырылады ,
ол кезде 1310-материалдар бөлімшесінің шоттары дебеттеліп 1320 немесе 1330
шоттары кредиттеледі.
Бұл әдісті қолдану барысында іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс
аяқталғаннан кейін анықталады, бұған дейін барлық шығындар аяқталмаған
өндіріс ретінде қарастырылады, тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынада:
Күрделі , қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу
кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын,
процестік колькуляцияларды жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау
жасап отыруды қиындатады.

Бірлік АҚ кәсіпорыны
Өзіндік құнының есептік (есеп беру) калькуляциясы 2002 жылы маусымына СПП-1-
60 Газбен кесетін әмбебеп станогы
10 дана шығарылды
(теңге)
Калькуляциялау Бүкіл Өнім бірлігіне Нәтиже
баптарының атауы атауышығарылған есептелген шығындар
өнімге
кеткен
шығындар
нақты жоспар нақты жоспар
Шікізаттар мен 107000 10700 10800 -100 -
материалдар
Қайтарылған қалдықтар -23000 -230 -230 - -
(-)
Технологиялық мақсатқа4700 470 480 -10 -
арналған энергия мен
отындар
Өндіріс жұмысшыларының67840 6784 6895 -111 -
жалақысы
Еңбек ақыдан жасалған 12821 1282,1 1287,1 -5
аударымдар
Өндірісті дайындау мен3700 370 400 -30
игеруге кеткен
шығындар
Үстеме шығыстар 69090 69091 6849 -
Ақаудан болған 2400 240 - -
жоғалтулар
Өдірістің өзіндік 265251 26525,1 26481,1 -256
құнының жиыны

Кіші сериялық өндірісте тапсырыс саны ағынындағы айда шығарылатын
болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір ұйымды немесе бірнеше
бұйымды әзірлеу үшін пайланған барлық топтармен делдалдар есепте бөлініп
көрсетіледі. Топтармен делдалдардың бірнеше түрі бойынша олардың
шығындарының есеб тапсырыстық әдіспен, ал сериялық немесе жаппай өндірістік
тәртіпте дайындалатын бұйымдар- екіші , яғни процестік әдіспен
ұйымдастырылады. Кәсіпорын экономикалық қызметтің қызметкерлері жекелеген
және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке
алудың процестік әдісінің элементерін мүмкін болатын жерде қолдануды
ұсынуы тиіс.
Тапсырыстар бойынша шығындар тапсырылып, өндіріс есебінің
карточкаларында әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінелді.
Карточканың негізінде өнім бірлігінің өзіндік құнын есептік
калькуляциясын жасайды.Ол келесі бетте көрсетілген

1.2.Өндірісті және жұмысты есепке алудың бөлістік
және процестік әдісі

Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады,онда
бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен техналогиялық өңдеуден
өтеді.Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын
кәсіпорындарда:металлургиялық,химия лық,мұнай өндіру және басқа да салаларда
қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың
бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және
шалафабрикатсыз.
Шалафабрикаттық нүсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция
жасайды және оған үстеме шығысын қоса есептейді.Шалафабрикатсыз нұсқасында
бірінші қайта жасауға жұмсалған матнриалдық және еңбек шығындарына одан
кейінгі қайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң
өнімнің өзіндік құны анықталады.
Бөлістік әдіс кезінде өндірістегі шығындарды есепке алу өндіріс
есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын
ведомостарында жүргізіледі.
Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процесінде әртүрлі сорттағы немесе
маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін
түзету коэффициентін пайдаланады. Мысалы, ағаш кесу кезінде алғашқы бір
шикізаттан кесілген тақтайлар да, кесілмеген тақтайлар да, жаңқалар және
отындық кесінді шет тақтайлар да алынады.Мұндай жағдайларда белгілі бір
атаудың бірінші сорты өлшем бірлігі ретінде қабылданады, ал қалған
сорттарын коэффициенттердің көмегімен анықтайды.
Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығынын техникалық тұрғыдан
сипаттайтын бір өнім бірлігінени алынған коэффициенттер жүйесі
пайдаланылады.Егерде бір шикізаттан әртүрлі мұнай өнімдері алынатын болса,
онда олардың арсында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің өзіндік құнын
белгілейді, ал өңдеу шығындары әрбір өнім түрінің арасына үлес салмағы
бойынша таратылады.
Бөлістік әдістің кезінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен
шығындар есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне бір мысал келтіріп көрейік
Тоқыма өнеркәсібінде төрт түрлі негізгі бөлістер болады: шикізатты
дайындау; жіп иіру, тоқу, өңдеу.
Өндіріске босатылған алғашқы шикізаттың құны 1200 мың теңге
құраған.Өңдеу шығындары әрбір цехтар бойынша мынаны құраған: шикізатты
дайындау кезіндегі шығындар-500 мың теңге; өңдеу-400 мың теңге.Жалпы
есептік кезеңдегі үстеме шығыс-1400 мың теңге.Кәсіпорын шалафабрикаттық
нұсқа бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаған.Егерде әрбір бөлістің
өнімі дайын өнім болып саналмаса және ол сырытқа сатылмаса , онда үстеме
шығыстарын ең соңғы бөліске қосуына болады. Ал егерде әрбір цех өз өнімін
дербес түрде сата алатын болса, онда әрбір бөлістің шығарған өніміне үстеме
шығыстар қосылады.
Шалафабрикаттық нүсқаның жағдайында барлық бөлістің жалпы шығыны
мынаны құрайды: 12700000 теңге; ал олардың ішкі айналымы 7500000 теңге;
өнімнің соңғы өзіндік құны 5200000 теңге.
Қарапайым, тапсырыстық және бөлістік әдістердің негізгі кемшілігі
мынада: өнімнгің нақты өзіндік құны есептік кезеңнің соңында ғана немесе
тапсырыс орындалғаннан кейін анықталады, ал мұшның өзі кәсіпорынның
басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі іс жүзіндегі шығындардың
жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкестігін қадағалап отыруға
мүмкіндік бермейді.
Бұл кемшіліктерді жою үшін процестік әдісін қолданады, бұл кезде
өнмнің бір өлшемнің және бүкіл шығарылымының өзіндік құны процестік өзіндік
құн мен салыстырылады.Ал процестік өзіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан
айырмашылығы: осы кезеңде жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық
процестің, сондай-ақ материалдық, еңбек және басқа да шығындардың
прогресшіл нормаларының негізінде анықталады.Процестік калькуляциялауға
технологияны жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ұйымдық-
техникалық жоспарлы шараларын жүзеге асыру дәрежесіне қарай нормалардың
өзгерістері енгізіледі.Шығындарды есепке алу былайша құрылған: шығындардың
нормасынан материалдық, еңбек және басқа да шығындардың ауытқуларын
ескеріп, оларға тікелей өндіріс процесінде ықпал етуге мүмкіндігін
жұмылдырады.
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың негізінде өнім бірлігінің процестік өзіндік құны
көрсетілген процестік калькуляциялары бойынша жасалады.Нормалардың және
шығындардың сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ ксіпорынның
мүдделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін және басқа да
нормалары мен сметаларын өзгерту туралы тәртібін реттеу арқылы жүзеге
асырады.Процестік әдіс кезінде қоймалық және таразылау-өлшеу шаруашылығын
тәртіпке келтірудің материалды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша
ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша және тұтастай
алғанда судың, будың, газдың, электр энергиясының тұтынылдуын анықтау үшін
цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың мазмұндылығы зор
процестік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы
шығындар есебінде бөліп корсетіледі бұндай шектеулер өндірісті ұйымдастыпру
мен техналогиядағы кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз
пайдалануына жол бермеуге есептігін тигізеді. Нормадан ауытқуларға
құжатталған және құжатталмаған болып келеді. Құжатталған ауытқулар алғашқы
құжаттардың мәліметттері бойынша ашылған дабылдары жатады. Сондай-ақ
есептеу жолымен анықталған ауытқулар.
Құжатталмаған ауытқуларға ауытқудың жалпы соммасы мен оның
құжатталған бөлігінің арасындағы айырмасынан шығады. әдетте, олар
құжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін
шығарғаннан нарияттарды артық жазғанннан, кем шығудан, шала фабрикаттардың
жоғалтулары мен бұзылуынан, аяқталмаған өндіріс дұрыс бағаламауынан шығады
. Ауытқу теріс те және оңда болуы мүмкін. Теріс ауытқулар өндіріс
процесінің дұрыс ұйымдаспағандығынана туындайды.Оң ауытқулар жекелеген
учаськілерді жетістіктерін баяндайды. Кейде оң ауытқуар шын мәніндегі
қаражаттың үнемделгенін көрсете бермейді, ол тек норманың шын арттырылған
деңгейін көрсетеді. Өнірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер
шегінде беріледі. Материалдардың берілуін лимиттеу ай басында цехтарда
жұмсалған материалдардың деңгейін ескере отырып,материалдардың шығынын
қолданыста жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге
асырады.
Шығарылған өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін біртектес өнім
өндіруге кеткен шығындарды топтап есепке алу кезінде,бұл топқа кіретін
өнімнің әрбір тобының процестік құны және сол мәліметтің жиынтығы
калькуляциялық баптар бойынша өндіріс есебінің ведомосына жазылады.
Бұйымның бір түрі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеген кезде
есептік норма бойынша өндірістік есеп вкедомосындағы өнім шығындарының
процестік құны шығыстың әрбір бабының нормативін шығарылған өнімнің нақты
санына көбейтуарқылы алынады.Өнімнің нақты өзіндік құнын анықтаған кезде
есептік айдағы ауытқуларды процестік өзіндік құнға қосады немесе одан
алынады.
Мысал.Кәсіпорын ай ішінде 26 станок әзірлеген,ал 10 станок тиісті
өңдеу сатысынан өтпеген,сондықтан олар аяқталмаған өндіріс ретінде ай
соңына қалдырылған.
Бір станоктың процестік өзіндік құны 853,56 мың теңге құраған,ал оның
ішінде:материалдық құны-20,0 мың теңге;еңбек ақы -40,0 мың теңге;еңбек
ақыдан аударылған аударымы-7,56 мың теңге;үстеме шығыстары-18,0 мың теңге
құраған
Ай ішінде әзірленген станоктың аналитикалық есеп мәліметі бойынша
нақты шығыны мынаны құрады:

мың теңге
Шығын баптары Норма бойынша Ауытқу Барлығы
Материалдар 720,0 -40 680,0
Жалақы 1440,0 +80 1520,0
Жалақыдан аударылған 272,16 +15,12 287,28
аударымдар
Үстеме шығыстары 648,0 +36 684,0
Жиыны 3080,16 +91,12 3171,28

Бұл шығындар шығарылған өнім арасына және аяқталмаған өндіріске келесі
түрде таратылады:

мың теңге
Шығын баптары Ай Оның ішінде
ішіндегі
барлық
шығындар
Шығарылған өнімге Норма бойынша
аяқталмаған
өндіріске
таратылғандары
(10 дана)
Нормасы бойынша Нормадан
ауытқу
Бірлігіне 26 данасына
Материалдар 680,0 20,0 520,0 -40 200,0
Жалақы 1520,0 40,0 1040,0 +80,0 400,0
Жалақыдан 287,28 7,56 196,56 +15,12 75,6
ауд.аударымдар
Үстеме шығыс 684,0 18,0 468 +36,0 180,0
Жиыны 3171,28 85,56 2226,56 +91,12 855,6

Жоғарыда келтірілген мәліметтердің негізінде келесі нысанда бір
станоктың есептік өзіндік құны былайша анықталады:
Шығын баптары Нормасы бойынша Өнім
өнім бірлігіне Ауытқу бірлігінің
есептелген өзіндік құны
шығындар
Жалпы өнім
шығарылған бірлігіне
өнімге
Материалдар 20,0 -40,0 -1,54 18,46
Жалақы 40,0 +80 +3,08 43,08
Еңбек ақыдан 7,56 +15,12 +0,58 8,14
ауд. аударым
Үстеме 18,0 +36,0 +1,38 19,38
шығыстар
Жиыны 85,56 +91,12 +3,5 89,06

Келтірілген калькуляциядан бір станоктың нақты өзіндік құны 89,06 мың
теңге құрағанын көреміз,демек,3,5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өндірісті ұйымдастыру
Негізгі өндірісті ұйымдастыру жайлы мәлімет
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Стандарттаудың экономикалық аспектері
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндіріс шығындары және табыс
Резервтерді анықтау мен есептеу әдістемесі
Өндіріс процесі және оны ұтымды ұйымдастыру принциптері
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі
Пәндер