Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ: ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кіші және орташа кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы мен ұйымдастырушылық-құқықтың қамтамасыздандыру

Дайындаған: БАЙҒУАНОВ Ә.
Тексерген: БОЛАТОВА Б.

АҚТӨБЕ-2010

Жоспар

1.КІРІСПЕ

1.1. ҰҒЫМДАР, АНЫҚТАМАЛАР

1.2. ҚОСЫМША НОРМАТИВТІК-АКТІЛЕР

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.2. БАҒДАРЛАМА

2.3. ЖАҢА БИЗНЕС СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛАЙТЫН ІРГЕТАСТАР

2.4. ФИРМА ЭКОНОМИКАСЫ

3.ҚОРЫТЫНДЫ

1.КІРІСПЕ
1.1. ҰҒЫМДАР, АНЫҚТАМАЛАР

Кәсіпкерлік дегеніміз –адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді,
дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып,
мүмкіндік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолып көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш –жүгерді жүзеге асыруға, зкономикалық және
ұйымдастыру ісіне тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға:
─біріншіден, коммерциялық бағыт –бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен
дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді
жеңе білуге;
─екіншіден, экономикада ұйымдастыру ісіне тапқырлық пен жаңашылдық
танытуға, ғылыми –техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық -өндірістік, сауда
–көтерме сату, жаңартпашылық, көрсететін консультациялық қызметтер және
т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметінің субъектілері мыналар
болып табылады:
─Қазақстанның азаматтары;
─Шетел мемлекетінің азаматтары;
─Адамдардың бірлігі (кәсіпкерлер ұжымы)
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңбармен реттеледі. Мысалы Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін
қажетті мүліктер сатып алу;
Барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи
ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
Меншік түрлеріне және ұйымдастыру –құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын
қызметтің теңдік жағдайы;
Кәсіпкердің мүліктерінен заңсыз заңсыз айырылуды қорғау;
Кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінде еркін таңдау;
Нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің
бәсекеге селқос қарауына жол бермеу;
Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы
өзгешеліктері
Кәсіпкерлердің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмысшыларды қолға алады, ал тұтынушы оған
бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек қзіндік
технологиясы болады.

Кәсіпкерліктің түрлері

өндірістік қаржылық кеңес берушілік
коммерциялық
жаңартпашылық саудалық банктік жалпы басқару
Ғылыми техникалық сатып алу сақтандырушылық әкімшілік жолмен
сауда-көтерме басқару
Тауар өндіру Сауда делдалдығы аудиторлық Қаржылық басқару
Қызмет көрсету Тауар биржалары лизингілік Кадрларды басқару
өндірістік Биржа қорлары маркетинг
тауарларды тұтыну
өндірістік өндіріс
қызметті тұтыну
ақпараттық Ақпараттық
технология
Арнайы қызметтер

Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейінен сатып алуына тиісті өнім
өндіру, жұмыстар жүргіу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат
беру, рухани құндылық жасау тағы тағылары бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше жіне оны
іске асыру қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мүшеде
қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру
және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке –қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының
мәнін айқындайтын тауар ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары
жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы-мұнда өнім өндіруге
–байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және
қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен
тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі
жоғары болу керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік –коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы –тауар болып
есептеледі. Ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік
–бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар –қаржы активі болып саналады.

Шағын кәсіпкерлік –ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты
Кәсіпкерлік, жоғарыда айтқандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының
маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса
басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік
өзінің мәнін және түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық
жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту
формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады. Шағын кәсіпорынның ел
экономикаындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің
үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетті.
2000 жылы 1қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан
астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс
істейтіндері 329,1мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен
қамтылғандардың саны -1,4 млн. адамды құрады.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жылдың ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін
өндірді және қызмет кһрсетті. 1999 жылы олвр бюджетке төленетін төлем 33,7
млрд. теңге құраса, 2000жылы - 45,9млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасы Призидентінің 2001жылғы 7мамырдағы Жарлығымен
Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-
2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оның басты
мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының сетпімді дамуын
қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсаты мен айқындалған және олар
мыналар:
Халықаралық жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету;
Қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдану мен қорғау
мәселелеріндегі ролін күшейту;
Шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту
арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілердің тұрақты қызметі үшін қолайлы
жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын кәсіпкерліктің ең басты маңыздылығы –бұл әлеуметтік аспектілігінде.
өзінің құрылуы мен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай
жасайды, сойтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа жалпы халықтың
білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке
қабілеттерін көрсетуді үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз
істерін ұнататындықтары және бұған бейімділігінің сай болуына қарай
өздерінің жеке ісін ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып
табылады. Мұның өзі сондай –ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін
тудырады.
Сонымен жоғарыда баяндағандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа
өтуде шағын кәсіпорындар жанама өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің
ажырамайтын саяси –экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден,
нақықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халыөтың көптеген
бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда
олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске
асыруды және өндірісті тармақтандырылған кооперацияға айналдырады. Онсыз
оның экономикалық тиімділігі болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық
дамудың және ұлттық экономиканың серпімді өсуіне үлкен ықпал етеді;
үшіншіден шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруә орта және ірі кәсіпорындардың
қызмет етуіне тиек болады.

Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлік субьектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында
маңызды рөл атқарады. Рыноктық экономикасы дамыған елдердегі шағын
кәсіпкерлік үлесіне ІЖӨ 40% дан 60% келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіштер
айтарлықтай төмен, сол себепті еліміздің басшылары шағын бизнес дамуына,
республикадағы бизнес ортаның жетілуіне үлкен назар аударуда. Мемлекет және
бизнестің тығыз қарым қатынасының негізінде әлеуметті-кәсіпкерліктер
одағымен (ӘКО) құрылған, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті
қолдау және дамыту мемелекеттік бағдарламасы жүзеге асуда.
Қазақстанда 2009 жылдың 1 қаңтар айының көрсеткіштері бойынша, рынокта
белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын бизнес субьектілерінің саны - 1 001
379. Оның – 203 142 заңды тұлғалар, 603 831 – жеке кәсіпкерлер(ЖК) және 194
403 - шаруалар шаруашылығы
Анықтама. Шағын бизнес субьектілеріне 50 адамнан кем емес және активтерінің
бағасы 60 000 АЕК жоғары емес кәсіпорындар жатады

1.2. ҚОСЫМША НОРМАТИВТІК-АКТІЛЕР

4-тарау.
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
 
18-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгi
бағыттары
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша
жүзеге асырылады:
жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды,
технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік
инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру және дамыту;
бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-
әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту:
мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу
және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын
құру;
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы
сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;
бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;
жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру
жолымен жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды:
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, статистикалық,
материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-
техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануы үшін жағдайлар
жасауды;
шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және
өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді;
шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың
оңайлатылған тәртібін белгілеуді;
оңтайлы салық салу режимін белгілеуді;
шағын кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын қабылдауды;
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде
шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасауды;
мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді) сатып алудың кепілдендірілген көлемін  қамтамасыз етуді;
жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және
жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың
біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды;
ұлттық даму институттарын құруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында
көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
4. 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және
ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Индустриялық аймақтардың міндеттері:
1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды
оңтайландыру;
3) өндіріс тиімділігін арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
6. Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін,
ғимараттарды, үй-жайларды сатады, не жер учаскесінің нысаналы мақсатын
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өзгертеді, не Қазақстан
Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес сатып алу-
сату шартына не рұқсатқа қажетті инфрақұрылымға қосудың техникалық
шарттарын міндетті түрде қоса отырып, тұрғын үйді тұрғын емес үй-жай етіп
қайта жабдықтауға рұқсат береді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі
инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге
асырылады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын қаржылық қолдауды мемлекет
тарапынан негізгі қызметінің мақсаты қаржылық ресурстарға қол жеткізуді
қамтамасыз ету болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық
басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады.
Арнайы қордың негізгі міндеттері:
1) жобалық қаржыландыру;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микрокредиттік ұйымдардың
желісін дамыту;
3) шағын кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден кредиттер
алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін жасау;
4) қаржы лизингін дамыту;
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалтингтеу;
6) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу
жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
7) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.
Арнайы қордың міндеттерін іске асырудың тәртібі мен шарттарын ұлттық
басқарушы холдинг айқындайды.
 
19-бап. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен
дамыту
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын
шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қолжетімділігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық
болып табылады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту:
1) қаржылық қолдау көрсету;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
5) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын
дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне Қазақстан Республикасының
Yкіметі белгілеген тәртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда
шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге
асырылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар сауда-делдалдық
қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:
1) мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) кепілдендірілген көлемін сатып алу.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемін жыл сайын
Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды;
2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және
іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру;
5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру жолымен жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары халықты жеке кәсіпкерлікке тарту,
жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру мақсатында құрылады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының міндеттері:
1) кәсіпкерлік ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың
салалары мен секторларын талдау;
2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенін көрсету;
3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзірлеу жөніндегі қызметтерді,
консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға
жәрдемдесу;
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби өсуіне жәрдемдесу;
6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7) семинарлар, тренингтер өткізу;
8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру;
9) шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты және оны дамытудың
проблемалық мәселелерін талдау мен қорыту болып табылады.
6. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына және
дамуына жәрдем көрсету үшін құрылады.
Бизнес-инкубатордың міндеттері:
1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін
іріктеу;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік
және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып
табылады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды құрудың және
олардың қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
7. Сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін және қызмет
көрсету саласын ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір
жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілері сенімгерлікпен
басқаруға немесе жалға берілуі мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару
шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық
меншікке иелік етуге уәкілетті тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
 
20-бап. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық
(секторальдық) және өңірлік
бағдарламалары
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық
(секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және
ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін
білдіреді.
2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық
(секторальдық) және өңірлік бағдарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті
өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық, білім беру қызметі,
қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.
3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын
Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың
барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
орындауы үшін міндетті болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске
асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді.
5. Мемлекет экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңірдің
экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар
өңірдің экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.
6. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық
(секторальдық) және өңірлік бағдарламаларына:
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;
шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар;
шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі
шаралар;
жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға
бағытталған шаралар;
ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне беруін ынталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама
қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;
шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау
жөніндегі шаралар;
шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі мемлекеттік
саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді.
 
21-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық,
ғылыми-әдістемелік қолдау
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік
қолдау олардың бәсекеге қабілетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін
қызметтер) шығаруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру мақсатында
жүзеге асырылады.
2. Шағын кәсіпкерлікті оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау:
жеке кәсіпкерлікті жүргізу мәселелері бойынша оқу семинар-тренингтер және
ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;
жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы
туралы әдістемелік құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;
өңірлерде ақпараттық, консалтингтік орталықтар желісін құру;
өңірлерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін
менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік
қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
 
22-бап. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке
кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау
1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін
мемлекеттік қолдау республикалық және өңірлік деңгейлерде жүргізіледі және
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
2. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік
қолдау көрсетудің мерзімі, көлемі мен шаралары Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес белгіленеді.
 
23-бап. Жеке кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету
Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар таратуға шек қойылмаған, оның ішінде
осы Заңның 5-бабында көзделген ақпарат пен материалдарды тегін негізде
тарату үшін көпшілікке қолжетімді телекоммуникациялық желілерде (Интернет
және басқаларында) WЕВ-сайттар құруға және олардың жарнамасын қамтамасыз
етуге міндетті.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Кәсіпкерлікті қолдау құрылымы

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік
саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді
құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты
қалыптастыруға бағытталған.
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды-
инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға
қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :
• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;
• үкіметтік емес мекемелер ;
• коммер циялық мекемелер кіреді .
Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай
анықталады :
• бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін
мемлекеттік қолдау ;
• қаржылық қолдау ;
• ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;
• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;
• материал ды -техни калық жағынан қолдау .
Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз
инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне
қатысу матрицасын құрастыра аламыз.
Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік
артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі
факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде
кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың
басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.
Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер
Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке
кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы
мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел
Президенті мен Үкімет алдында есеп береді.
ИжСМ құрамына кіретін Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті
қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті
дамыту мен қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын
атқарады.
Департамент қызметін реттейтін негізгі құжаттарда оның негізгі мақсаттары
былай белгіленген:
• кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
• инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;
• Департамент құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдарының
қызметін үйлестіру.
Жоғарыда айтылған функцияларға қоса Департамент кәсіпкерлікті дамытуға
кедергі болатын кейбір шенеуниктердің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты
түскен арыз бен өтініштерді қарастырып, және сол арыз бойынша қажетті
шаралардың орындалуын қадағалауға міндетті
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік
құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық
және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті
дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін
Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент
(Басқармалар) құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер
кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан бастап ҚР үкіметінің 2004 ж. 4 қазанындағы №
1022 қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының
типтік құрылымы енгізілген).
Облыстық Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (сол сияқты Алматы
мен Астананың қалалық Департаменттері) өз құзыры аясында шағын және орташа
кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты
жүргізуге тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:
• кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске
асыруға қатысу ;
• жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
• қоғамдық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік немесе үкіметтік емес
құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
• белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен хаттар, арыз бен
өтініштерді қарастыру.
Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың соңғы
буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен
Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін
Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы жөніндегі
бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек. Аймақтық
атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы
және жергiлiктi бюджеттер бойынша жоспарлалған және қаржыландырылатын
шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті функциялар тапсырылады.
Сонымен, атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң
арақатынас идеологиясын құрудағы негізгі буын болып табылады.
Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай
өзіне тән икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін инновациялық
экономикадағы өз орнын табуға жұмсауы керектігін түсінеді. Кәсіпкерлердің
бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау және Президент қойған
мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет жергілікті органдарда әкім
аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері жөніндегі Комиссия құру арқылы
кәсіпкерлермен кері байланыс ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия
құзырында:
• шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді зерттеу;
• жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды
әзірлеу.
Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік жөніндегі комиссияға хабарласа алады, ол үшін өз
облысында орналасқан кез келген қоғамдық ұйым немесе заңды тұлғалар ұйымына
келсе болғаны. Әдетте комиссияда бірнеше облыстық ассоциация немесе
бірлестіктердің өз орындары болады.
Кәсіпкерлермен осындай кері байланыс ұйымдастыру үшін орталық атқарушы
органдар деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер
кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі мақсаттары мынадай:
• кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;
• нарықтық экономиканың дамуын ынталандыруға жағдай туғызу;
• Қазақстан Республикасында әрекет ететін іскерлерді, іскерлік
ассоциациялар мен одақтарды біріктіру;
• кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қажетті
ұсыныстар дайындау.
Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік
саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан
кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-техникалық
жағынан қолдау функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың барлық түрін
атқарушы органдар арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық деңгейде
қабылданған бағдарламалар арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік капиталы
қатысуымен арнайы құрылған мекемелер арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда
аталған міндеттерді атқаратын мекемелер қатарына кіретіндер:
Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы АҚ. Орталықтың
негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының нақты сектор салаларының жаңа
технологиялар трансферті және республикадағы инновациялық іс-әрекетті
белсендіру арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады ;
"Kaznex" экспортты дамыту және ілгерілеті к орпорациясы АҚ - үкiметке
мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты, құру
саласында ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді ,;
Даму Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ - қаржылық, консалтингтік
қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге
Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;
Ұлттық инновациялық қоры АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға инвестицияларды
тарту және жобаларды қаржылау арқылы қаржылай қолдау көрсетеді ;
Қазақстанның инвестициялық қоры - жаңа және алдыңғы қатарлы
технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта
өңдейтін кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы қаржылай
қолдау көрсету;
Қазақстанның Даму Банкі АҚ - қаржылық қолдау көрсетеді;
Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақтар – қалыптасу және
даму кезеңіндегі кәсіпкерлікті материалды-техникалық жағынан қолдау;

2.2.Бағдарлама

АЙМАҚТЫҚ БИЗНЕС ЖОБАЛАРЫН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АҚ ЕСЕБІНЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Бағдарламаның мақсаты үшін қолданылатын анықтаулар :
ЖАО – жергілікті атқару орган дар ы;
ЕДБ – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
резидент - банк тері ;
Әріптес-б анк тер – осы Бағдарламаға қатысу үшін, Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның
шешіміне сәйкес анықталған екінші деңгейдегі банктер және өзге банктік
операцияларды жүзеге асырушы ұйымдар ;
ШОКС – Қазақстан Республикасының заңына сәкес анықталатын шағын және орта
кәсіпкерлік субъект ілері ;
Қаражатты келісіп орналастыру – ШОКС-ты кейіннен кредиттеуі үшін, әріптес-
банктерді қаржыландыру ;
Даму Қоры – Даму кәсіпкерлікті дамыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы мәлімет
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, дамыту
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамытужеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы ақпарат
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Пәндер