Астана қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі»
Н. Назарбаев
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда, экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс-шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен, өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін қалалардың жетілген әлеуметтік-экономикалық жүйесі қажет.
Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда және де нарықтық экономика талаптарына сай жүйе құруда қалалардың орны бөлек. Жалпы қала дегеніміз, ол әкімшілік территориясы, географиялық орналасқан жері бекітілген, өзінің инфрақұрылымы бар және өзінің жергілікті басқару органы құрылған аймақты айтамыз.
Курстық жұмысты жазу барысында негізінен бірінші Қазақстан Республикасының нарықтық жағдайына тоқталмай кету мүмкін емес. Яғни нарық жағдаыйнда мемлекетіміз таңдаған бағыты бойынша даму үстінде. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көтеген реформалар қабылданып, саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық қалыптасты. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасы қалаларының да әлеуметтік-экономикалық жағдайы нарық талаптарына сай бой көтере бастады.
Қазақстан Республикасының ірі, орта және ұсақ қалаларының көбі қазіргі таңда тұрақты даму үстінде. Елбасымыз айтқандай «Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі», сол себепті Қазақстан қалалары Астанаға қарап бой түзеу керек. Елордамыз жылдан жылға гүлденуі, осы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш негізінде бағдарламалардың қабылдануы мен мемлекеттің саясаты арқасында.
Ал енді осы Қазақстан қалаларының мәселесіне келетін болсақ, бұл күрделі талдауды қажет етеді. Яғни аймақтардың ең осал мәселелері қандай деңгейде және сол мәселелерді шешуге мемлекет қандай іс-шаралар қолдануда сол шаралар өз нәтижесін беруде ме? Деген сұрақтар туындайды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қалалардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің түсінігі мен олардың функциялары
Өнеркәсіп. Өнеркәіп орындары өнімдерінің құндық тұлғалануы - өткізуге арналған өнімдердің (дайын бұйымдар; кәсіпорынның негізгі құрал-жабдықтарын монтаждауға және жөндеуге арналған меншікті өндіріс тауарлары; меншікті өндірістің өндірістік құралдары; өздерінің қызметкерлеріне еңбекақы ретінде заттай тұлғада беру үшін пайдаланылатын меншікті өндіріс бұйымдары) ; әрі қарай өңдеуге арналған тауарлардың (өнімнің өзінен алынған жартылай дайын өнімдер, қосымша және қосалқы өндіріс өнімдері) ; өнекәсіптік сипаттағы жұмыстардың құны.
Кәсіпорынның өндірген өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар. қызметтер) көлемі - зауыт ішіндегі айналым құнынсыз зауыттық әдісі бойынша анықталады. Өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер өз құндары бойынша, жұмсалған меншікті қосымша материалдардың құнын қоса, өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлеміне кіреді.
Нақты көлем индексі - салыстырмалы кезеңдерде өнеркәсіп өнімдері көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш индексті анықтау үшін тауарлардың салалық және жалпы өнеркәсіптік индекстерге сатылып біріктірілген тұрақты белгіленген жиынтығы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің заттай тұлғаланған көрсеткіштерінің серпініне негізделген әдісі қолданылады. Қаржы емес секторларының өнеркәсібі бойынша нақты көлем индексі өнеркәсіп өнімдерін шығаруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер (ірі, орта, шағын және қосалқы кәсіпорындар) бойынша өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер көлеміне түзетілетін заттай көрсеткіштерге негізделіп есептеледі. Тұтастай өнеркәсіп бойынша нақты көлем индексі қаржы емес секторын үй шаруашылықтары секторының көлеміне түзету арқылы есептеледі.
Құрылыс. Құрылыс қызметі - жаңа объектілер алу және бар объектілерді өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), солармен байланысты технологиялы және инженерлік жабдықтарды монтаждау, сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурстарын өтеген объектілерді жою бойынша жұмыстарды жүзеге асыру жолымен негізгі құрал-жабдықтарды жасау бойынша қызмет.
Құрылыс мердігерлігінің шарттары бойынша орындалған жұмыста құнына құрыслыс және монтаж жұмыстарының, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың басқа да мердігерлік жұмыстардың (жабдықтарды монтаждау алдында тексеру бойынша жұмыстар, реттеп іске қосу жұмыстары, барлама бұрғылау және бұрғылап тесу бойынша жұмыстар, эксперименталдық үйлер мен фрагменттер құрылысы, сынақтар жүргізу үшін бұрғылап жару жұмыстарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар, құрылыс және бұзу үшін оператор мен жрбдықты жалдау бойынша қызметтер және басқалар) құны кіреді.
Үйлердің жалпы құрылыс көлемі - ол қосу, алу 0, 00 (жер үсті бөлігі) белгісінен жоғары және осы белгіден төмен (жер асты бөлігі) құрылыс көлемінің жиынтығы. Үйдің жер асты және жер үсті бөліктерінің құрылыс көлемі шек қоятын беттердің шегінде анықталады. Тұрғын үй - негізінен тұрғын жайлардан сондай-ақ тұрғын емес жайлардан және жалпыға ортақ мүлік болап табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс. Тұрғын үйдің жалпы ауданы - барлық тұрғын жайлардың пайдалы ауданының және барлық тұрғын емес жайлардың ауданының, сондай-ақ жалпыға ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үй бөліктері ауданының жиынтығы.
Тұрғын жайдың (пәтердің) пайдалы ауданы - тұрғын жайдың тұрғын және тұрғын емес аудандардың жиынтығы.
Тұрғын жай (пәтер) - тұрғын жайдың тұрғын ауданы, сондай-ақ тұрғын емес ауданы кіретін тұрақты тұруға арналған және сол үшін пайдаланылатын жеке жай. Тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 шарты метр құрылысының орташа нақты құны құрылыстың басталу күніне және жайлылық деңгейіне қарамастан есепті жылда құрылыс біткен барлық тұрғын үйлердің, құрылысы нормативтік мерзімді бұза отырып жүзеге асырылған үйлерді қоса, жалпы ауданының 1 шаршы метрінің құрылыс салушылар жұмсаған шығындардың нақты жиынтығы ретінде анықталады.
Көлік және байланыс. Тасымалданған жүк - жүкпен тасымалданған тоннадағы жүк саны.
Көліктің жүк айналымы - жүк тасымалдауға арналаған көліктің жұмыс көлемі, тонна - километрмен тұлғаланады (яғни 1 тонна жүктің 1 километрге орын ауыстыруы) . Тасымалданған жүктің тоннадағы массасының тасымалдың километрдегі ара қашықтығына көбейтіндісін жинақтаумен есептеледі.
Тасымалданған жолаушылар - уақыттың нақты кезеңі ішінде тасымалданаған жолаушылар саны. Жолаушылар - сапар жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы бақылау бірлігі болып табылады.
Көліктің жолаушылар айналымы - жолаушылар тасымалдауға арналған көліктің жұмыс көлемі. Жолаушы - километр өлшем бірлігі болып табылады, яғни жолаушының 1 километр қашықтықта орын ауыстыруы. Әрбір тасымалдаудағы жолаушылар санының тасымалдың километрдегі ара қашықтығына көбейтіндісін жинақтаумен анықталады.
Байланыс қызметінің көлемі - ақшалай тұлғаланудағы пошта жөнелтімдері мен электр байланыс хабарларын қабылдау, өңдеу, табыстау және жеткізу бойынша жұмыстар көлемі. Кәспорындар - байланыстың ұлттық операторлары («Қазақтелеком» АҚ және «Қазпошта» АҚ), сондай-ақ өз қызметін берілген лицензияларға сәйкес жүзеге асыратын өзге де байланыс кәсіпорындары табыс ететін жиынтық қорытындылар негізінде анықталады.
Сауда және өзге де қызметтер. Болашақ сауда тауар айналымы түпкілікті тұтыну немесе үй шаруашылығында пайдалану үшін халыққа сатылған тұтыну тауарлардың көлемін көрсетеді. Көлемге негізгі және де қосалқы қызмет түрі «Бөлшек сауда» болып табылатын кәсіпорындар - заңды тұлғалар жөніндегі деректер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар сатылымының көлемі кіреді. Көтерме сауда тауар айналымы бөлшек, өнеркәсіп және басқа коммерциялық пайдаланушыларға кейін алып-сату үшін сатылған тауарлар (өнімдер) көлемін көрсетеді. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызметтеріне мейрамханалардың, кафелердің және басқа да осыған ұқсас кәсіпорындардың халыққа дайын тағам сату айналымы кіреді.
Шағын кәсіпкерлік. Шағын кәсіпкерлік субъектілері - қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлға болып табылады.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға сәйкес шағын кәсіпкерлікке жатпайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлға.
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Шағын бизнес кәсіпорны - заңды тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік субъектісі.
Шағын бизнестің жұмыс істейтін кәсіпорны - экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе әлеуетті жүзеге асыра алатын шағын бизнес орны.
Жеке кәсіпкерлер - кәсіпкерлік қызметпен айналысатын міндетті тіркелімнен өтуі тиіс:
- жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын;
- кәсіпкерлік қызметтен салық салынбайтын табыс мөлшерінен асатын жылдық жиынтық табысы бар жеке кәсіпкерлер.
Инвестициялар. Қаржы емес активтермен инвестиция жасауға келесі элементтер кіреді: негізгі капиталға инвестиция жұмсау, негізгі құрал-жабдықтарды күрделі жөндеуге байланысты шығындар, материалдық емес активтерге инвестиция жұмсау, материалдық айналым қаражаттарының босалқы қорын өсіруге арналған инвестициялар, басқа қаржылық емес активтерге инвестиция жұмсау.
Негізгі капиталға инвестиция жұмсау негізгі құрал-жабдықтарды жасауға, шығаруға бағытталған шығындар жиынтығы болып табылады. Негізгі капиталға инвестиция жұмсауға мыналар кіреді: үйлер мен құрылысқа, машиналар мен жабдықтарға, малға, көпжылдық екпе ағаштарға, бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарына, бағдарламалық қамтамасыз етуге, әдеби және көркем шығармалардың түпнұсқаларына қаражат салу.
Тұрғын үй құрылысына инвестиция жасау - тұрғын үйлер, яғни адамдардың уақытша тұруына арналмаған үйлер: тұрғын үй қорына кіретін тұрғын үйлер (жалпы мақсаттағы, жатақханалар, мектеп-интернаттардың жататын корпустары, жетім балаларға және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер, қарттарға және мүгедектерге арналған баспаналар), тұрғын үй қорына кірмейтін тұрғын үйлер салуға байланысты шығындар.
Машиналарға, жабдыққа, аспапқа, құрал-сайманға инвестиция жұмсау - бұл машиналар, көлік құралдарының жабдықтары, аспап және құрал-сайман сатып алуға байланысты шығындар, сондай-ақ жабдықты тұрақты пайдаанатын орнында монтаждауға, оны тексеруге және монтаждау сапасын сынауға байланысты шығындар.
Баға. Тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алған тауарлары мен қызметтері бағасының жалпы деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайды. Тауарлар мен қызметтер тізбесінде 508 айқындама бар. Бағаларды тіркеу түрлі меншік нысандарындағы сауда мен қызмет көрсету саласы кәсіпорындардың іріктемелі жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бағаларды тіркеушілер бағалардың өзгеруі туралы ақпаратты жинауды тауарларды (қызметтерді) тікелей өткізу орындарында жүргізеді. Зерттеу жүргізілген күнгі қолма-қол төленген бағалар салықтарды қоса тіркеледі, бірақ оған жеткізу үшін төленетін қосымша алым кірмейді. Сапасы немесе саны есебіндегі ауытқулардан басқа бағалар мен тарифтердің әрбір өзгерісі қадағаланады.
Өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасының индексі қосылған құн салығы және акциздер есебінсіз республика кәсіпорындары дайындаған өнеркәсіп өнімдері бағасының серпінін көрсетеді. Өндірушілер бағасының өзгеруін байқау базалық кәсіпорындардың іркемелі жүйесі бойынша жүргізіледі.
Бағаларды тіркеу негізгі сапалық параметрлері бойынша қолданылатын шикізатқа және өндірістің технологиялық процесіне жақын аса таңдаулы бұйымдар кіретін тауалардың белгілі тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
Құрылыстағы баға индексі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың технологиялық құрылым элеметтері (құрылыс-монтаж жұмыстары, технологиялық жабдық, өзге де жұмыстар мен шығындар) бойынша баға индекстерін біріктіру жолымен есептеледі.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бағасының индексі негізінде материялдар, детальдар бағасын тіркеу деректері және зерттеуші құрылыс ұйымдары сатып алынған конструкциялар, сондай-ақ еңбек ақы төлеуге, машиналарды, жабдықтарды пайдалануға жұмсалған шығындар өзгерісі үрдістерін және құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын анықтайтан басқа элементтерді есепке алып жатыр. Бағаларды тіркеу базалық құрылыс ұйымдарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Есептеу құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсалған шығындарды сипаттайтын материялдық, еңбек және қаржы ресурстарының тізбесі болып табылатын әрбір экономикалық қызмет түрі үшін арнайы әзірленген технологиялық модельдер негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржы. Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік өкімет органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты қалыптастыру мен жұмсаудың негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіреді.
Бюджет табыстары - салық және салықтан тыс түсімдер мен алымдар көлемі, сондай-ақ қайтарылмайтын негізде бюджетке түсетін капиталмен жасалатын операциялардын түсетін табыстар.
Бюджет шығыстары - бекітілген бюджет шегінде қайтарымсыз негізде бюджеттен бөлінетін қаражат. Шығыстар келесі бағытттарда құралады: мемлекеттік билік және басқару органдарын, құқық қорғау органдарын ұстауға; ұлттық қорғанысқа, экономика салаларын (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік) қаржыландыруға, әлеуметтік-мәдени дамуды, ғылымды қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметке жұмсалған шығыстар; мемлекет борышына қызмет көрсетуге байланысты және басқа шығыстар.
Негізгі қызметтен түскен табыс (залал) - сальдоланған қаржылық нәтиже, ол жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырма ретінде анықталады.
Кәспорындардың дебиторлық берешектері - сатып алушылардың жөнелтілген өнім үшін берешегі, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер, соның ішінде алынған вексельдермен және аванстармен қамтамасыз етілгендер; материалдық зиянның орнын толтыру.
Еңбек нарығы. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші) - тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшінің ұсыныстарын қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халық бөлігі. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыс істейтін адамдардың және жұмыссыздардың саны кіреді.
Экономикалық тұрғыдан енжар халық - қарастырылып отырған кезең ішінде жұмыспен қамтылғандар жұмыс істейтіндер немесе жұмыссыздар деп саналмайтын халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы адамдар.
Жалдамалы қызметкерлер - еңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және т. с. с. немесе заттай тұлғада ақы төлеу (сыйақы) қарастырылған жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Жұмыссыздар - бұл халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралған кезеңде жұмыссыз болған; оны іздеумен белсенді айналысқан; уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бірдей жауап беретін адамдар. Жұмыссыздық деңгейі - экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен есептеген үлесі.
Еңбекке ақы төлеу. Жалақы - еңбек үшін оның күрделілігіне, санына және сапасына сәйкес сыйақы (табыс) . Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақыны есептелген қорының сомасын қызметкерлредің нақты санына және есепті кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.
Нақты жалақы индексі - есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алушылық қабілеттілігін сипаттайды.
Ақшалай табыстар мен шығындар. Атаулы ақшалай табыстар - халықтың ағымдағы тұтынуға өндірістік қызмет пен қорланымға жіберген ақшалай қаражаты. Олардың шамасы макродеңгейдегі есеп айырысу тәсілімен анықталады және халықтың жалдамалы және өз бетінше жұмыспен қамтылуынан түсетін ақшалай табыстары (еңбек ақыны жасыруды және жұмыспен қамтылған халық санының статистикалық есептілікпен қамтылмауын жете есептей отырып) бағалауды және әлеуметтік трансферттерді төлеуді қосады.
Тұтынуға пайдаланылған табыстар - тұтынуға пайдаланылған ақшалай табыстардың сомасы, меншікті өндіріс өнімін тұтыну құны және заттай түрдегі трансферттер болып саналады.
Ақшалай шығыстар - тұтыну шығыстарынан сондай-ақ тұтынумен байланысты емес өзге де шығыстардан тұрады. Тұтыну шығыстарына тамақ өнімдерін сатып алу, үйден тысқары тамақтануға кететін шығыстар, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері, азық-түлік емес тауарларды сатып алу және ақылы қызметтер кіреді.
Күнкөрістің ең төменгі шамасы - құнының шамасы бойынша ең төменгі тұтыну қоржынына тең және адамдардың ең төмен мұқтаждарын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны азық-түлік қоржынынан (60%) және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтердің шығысынан (40%) тұрады.
Демография. Халық саны санақ кезінде анықталады. Санақ аралығындағы кезеңде санақ деректеріне және халық қозғалысының ағымдағы есебіне сүйене отырып, халықтың саны мен жас-жыныс құрамы туралы деректерді есептеу арқылы алады.
Жыл басына ағымдағы бағалау - халық санағының соңғы қорытындысы негізінде есептеліп, оған сол аумақта туылғандары мен келгендерінің саны жыл сайын қосылып отырады да, одан сол аумақта өлгендері мен кеткендерінің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағасы кезекті санақ қорытындысы негізінде нақтыланады.
Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір тірі туғандар мен өлгендер санының арасына айырмашылығына тең. Егер туғандар саны өлгендер санынан асып түссе, табиғи өсім оң шамада болуы мүмкін, ал кері жағдайда - теріс шамада (табиғи азаю) болуы мүмкін.
Халықтың жалпы өсімі табиғи өсім мен көші-көн өсімінің алгебралық жиынтығы болып саналады.
Туу, өлім, некелесу, ажырасу туралы мәліметтер АХАЖ органдарының туу, өлім, некелесу, ажырасу туралы жасаған азаматтық хал актілерінің екінші даналарындағы деректердің ай сайынғы статистикалық әзірлемелері негізінде алынады. Туғандар санына тек тірі туғандар саны қосылған.
Туу, өлім, некелу, ажырасудың жалпы коэффициенттері ағымдағы және өткен жылғы айдың басындағы жайғдай бойынша жылдық есеп бойынша келтіріледі.
Табиғи өсім коэффициенті туу мен өлімнің жалпы жылдық коэффициентінің айырмашылығы ретінде алынады.
Нәрестелер өлімінің коэффициенттері - 1 жасқа дейінгі балалар өлімі деңгейін анықтайтын көрсетктіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны, тірі туғандар санына қатынасымен есептеледі. Осы күнтізбелік жылда өлген нәрестелер арасында, өткен күнтізбелік жылда туған балалар да болуы мүмкін, сондықтан осы күнтізбелік жылдағы нәрестелік өлімнің көрсеткіштері осы жылда және өткен күнтізбелік жылдарда туғандардың ұрпақтары үшін есеп жүргізіледі.
Денсаулық сақтау. Ауру-сырқаулық деңгейі - ол медициналық мекемелерге көрінуге барғанда, алдын-ала тексеру кезінде диагнозы алғаш рет қойылған (немесе есепке алынған) аурулар санының халықтың орташа жылдық санына қатынасы.
Қылмыс. Қылмыс - белгілі біруақыт кезеңінде нақты аумаөта жасалған қылмыс кіретін және де сапалық пен сандық көрсеткіштермен сипатталатын әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Тіркелген қылмыс - ашылған әрі ресми түрде есепке алынған қоғамдық қауіпті іс-әрекет, ол үшн қылмыстық заңнамада жауаптылық көзделген.
Қылмыстардың ашылуы - есепті кезеңде істерінің тергеуі аяқталған қылмыстар санының қылсмыстық істің қозғалу уақытына және осы қылмыстың тіркеу уақытына қарамастан ашылған және ашылмаған қылмыстардың жалпы санына қатынасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz