Инвестициялық қызметті ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... 5

1.1 Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Инвестициялық қызметті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибес
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 14
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Самұрық- Қазына Ұлттық әл- ауқат қорының
дамуы ... ... ... ... ... ... 22
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..26
3.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .26
3.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың
режимі ... ... ... ... ... 28
3.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..38
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...40

КІРІСПЕ
1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс
алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік
жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін
бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру,
бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік –
қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық
әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды
тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2007 жылдар арасында республика
тікелей инвестиция ретінде 68 млрд. АҚШ долларын тартты, адам басына
шаққанда 4,4 мың АҚШ долларын құрайды. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі
бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де
өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені
реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика
салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші
саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға
жеткіліксіз.
Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай
еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің
еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар,
коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі
болмай отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының
әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар,
әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда
экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа
тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге
асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты
болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа
индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы
ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер
экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының
басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының
бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік
инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде
әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2007
жылдың ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден
басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына,
нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.
Инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың қазіргі беталысы мен
заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және
оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды.
Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық
қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды
бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің
өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың
толықтай зерттелмегендігі курстық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды.
Осыған байланысты жұмыстың келесі мақсаты мен міндеттері анықталды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан республикасының инвестициялық
саясатын талдау жіне инвестициялық саясат ел экономикасы дамуының негізгі
екендігін ашып көрсету.
Курстық жұмыс міндеттері:
-инвестиция терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-Қазақстанның инвестициялық саясатының бағыттарын анықтау;
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды
сұрыптау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы инвестиция туралы түсінік және
инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізі- инвестициялық қызмет туралы
теориялық аспектілер қарастырылады.
Екінші бөлім Қазақстанның инвестициялық саясатының ерекшеліктерін
анықтауға арналған, яғни инвестициялық саясаттың бағыттарын, еліміздегі
инвестициялық климат туралы айтылады.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімі экономикамыздың одан әрі дамуы үшін
инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары қарастырылады.

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі
Нарықтық экономиканың қазіргі реформалау кезеңінде инвестициялық
қызметті жүргізудің рөлі мен мүмкіндіктерін анықтау өзекті болып келеді.
Инвестициялық қызметті іске асыру барысында инвестициялық ұдайы өндірістің
ұйымдастырушылық- экономикалық механизмі мен құқықтық қамтамасыз ету
негізінде жаңа салалар қалыптасады. Тарихи тұрғыдан инвестицияның маңызы
мен генезисін анықтаудың жалпы теориялық мәселелерін зерттеу қажет, сонымен
қатар, түрлі мектептер мен ағымдардың пайда болуы мен олардың жаңалануын да
назардан тыс қалдырмау керек. Қалыптасып жатқан экономикалық жағдайлар мен
экономикалық теорияның дамуына байланысты инвестиция ұғымының анықтамасы да
өзгеріп отырады.
Инвестициялар категориясына берілген көптеген анықтамалардың нұсқаларын
сараптай отырып, барлық ортақ ғылыми анықтамалар сияқты, олардың да толық
болмайтынын айта кету керек. Сонымен бірге, атаулы ұғымның өзіне тән
ерекшеліктерін бөліп айтуға болады.
Инвестицияларды шаруашылық қызметке әр түрлі формадағы капитал салымы
ретінде қарастыра отырып, В.Д. Никифорова белгілі шаруашылық қызмет
кезеңіндегі жинақталған және қолданылмаған қоғамдық өндіріске қайта
салынатын табыс түрінде әр түрлі шаруашылық қызметіне салымының құралы. [1]
бұл үрдіс ұдайы өндірістің барлық факторларын интеграциялап, заңды түрде
қайталанып отырады, сонымен қатар, оған инвестициялық қаражатты өндіріске
жұмсау тән болып келеді.
Отандық ғалымдар, мысалы, М.Т. Оспанова және Т.И. Мухамбетов
инвестицияларды анықтау кезінде басты назарды мазмұндық сипаттамаға аударып
қоймай, олардың мақсатты бағытталуын атап қтуді ұсынып отыр. Осы тұрғыдан
инвестициялар тікелей қоғамдық құндылықтарға материалдық емес және
материалдық байлықтарға , сондай- ақ жанама түрде қаржылық құралдар,
инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы салынатын ресурстарды түсінуге
болады. [2]
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтарындағы №373-11
Инвестициялар туралы Заңында келесі анықтама келтірілген: Инвестициялар-
заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызметте
пайдаланылатын бекітілген активтерді өсіру үшін инвесторлар құйған мүліктің
барлық түрлері (жеке пайдалануға арналған тауарлардан басқа), ол лизинг
келісім шартын жасаған сәттен бастап лизинг заттарын, сонымен қатар, оларға
деген құқықтарды қамтиды.[3]
Инвестиция ұғымын анықтағаннан кейін міндетті түрде оның жіктелуін
қарастыру қажет. Инвестициялардың жіктелуі тиімді инвестициялық қызметті
іске асыру үшін объективті ақпаратты ала отырып, оларды пайдалану деңгейін
жан- жақты талдауға, сауатты есепке алуға жағдай жасайды. Инвестициялардың
барлық түрлері қызметтің әртүрлілігіне қарамастан, елдің шаруашылығының
дамуында үлкен маңызға ие.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша:
қаржылық(портфелдік), тікелей, венчурлық, аннуиттік және кейбір
әдебиеттерде интеллектуалдық болып бөлінеді(1- Сурет ). [4]

1- Сурет. Инвестициялардың түрлері

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында
тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты
активтерге салынған ақша қаражаттары. Нақты инвестициялар негізгі
құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта
жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель -
бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да,
салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін
құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі
инвестициялық бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, жинақ және
депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистері және
басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер
шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын
жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған
жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін
зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі
бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде
қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет
саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын
қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір
бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын
акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа
технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру
қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін
үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-
өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық
жасайды.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі.
Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып
жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған
ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестицилар деп бір жылдан артық мерзімдер ішінде
қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған
ақша қаражаттарын айтады.
Меншік түріне қарай жеке меншік инвестициялары және мемлекеттік
инвестициялар деп бөлінеді.
Жеке меншік инвестициялары- жеке және заңды тұлғалар есебінен салынатын
салымдар.
Мемлекеттік инвестициялар- бюджеттік, бюджеттік емес және несие
қаражаттары есебінен орталық және жергілікті билік және басқару
органдарымен, сонымен қатар, унитарлы кәсіпорындар, мекемелер және
ұйымдардың жеке қаржылық көздерін мобильдендіру мақсатында салатын
қаражаттары.
Аралас инвестициялар- мемлекет, аймақ, муниципалды білім беру сонымен
қатар, заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын үлестік салу.
Шетелдік инвестиция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді.
Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі
кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Біріккен инвестициялар- өз мемлекеті субъектілері мен шетел
мемлекетінің бірігіп салған инвестициясы.
Интеллектуалдық инвестициялар- ғылыми мекемелердегі мамандарды
дайындауға, тәжірибе жинауына, қайта даярлануына және т.б. интеллектуалдық
мүмкіндіктерге салынатын салымдар.
Өкінішке орай, Қазақстанда инветициялық қызмет статистикасы тек
материалдық шығындарды есептейді, ғылыми зерттеуге, білімге деген
интеллектуалдық салаларға инвестициялар ескерілмейді. тек материалдық
компоненттерді есептеу инвестициялардың нақты көлемін көрсетпейді. Мысалы,
дамыған мемлекеттерлің фирмалары мен корпорациялары кадрлармен жұмысты
ғылым мен техниканың және экономиканың дамуының маңызды факторы ретінде
қарастырады. АҚШ- тағы жеке меншік компанияларының мамандарды қайта
даярлауға, персоналды оқытуға, квалификациясые көтеруге кететін шығындары
жылына 5 млрд.доллаға жетеді екен.
Бөлінген инвестициялар және оны іс жүзінде игерудегі қызметтер
жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді.
Қазақстанда инвестиция нақты және қаржылық түріндегі қысқа, орта және
ұзақ мерзімді капитал салымы ретінде кең таралған, мұнда нақты
инвестициялар материалды және материалды емес активтерге салынатын
капиталды құраса, қаржылық инвестициялар қаржылық активтерге салынатын
инвестицияларды құрайтынын анықтай келе инвестициялық нарық құрылымын
талдауға болады.
Нақты инвестициялау объектілерінің нарығы инвестиция қызметінің
болашағы бар және тиімді бағыты болып табылады. Нақты инвестициялау
объектілерінің нарығының маңызды факторлары: жылжымайтын мүлік нарығы
(ғимараттар, құрылыстар, жер телімдері, аяқталмаған құрылыс, көпжылдық
егістер, тұрғын үйлер), тікелей капитал салымдарының нарығы (жаңа құрылыс,
қайта өңдеу, техникалық қайта салу), нақты инвестициялаудың басқа да
объектілерінің нарығы (көркем құндылықтар, бағалы металдар мен өнімдер,
басқа да материалдық құндылықтар).
Инвестициялық нарықтың маңызды құрамдас бөлігі қаржы инвестициялар
нарығы болып табылады. Өз кезегінде ол несие және құнды қағаздар немесе қор
нарықтарына, валюта және алтын нарықтарына бөлінеді.
Қазақстандық банктердің қаржылық қызметінің маңызды салалары
мемлекеттік құнды қағаздар мен валюталық форвардтық келісім- шарттармен
жүргізілетін операциялар болып табылады. Пайыз мөлшерлемелерінің өсуі нақты
секторды теңгемен несиелеу механизмін үзіп, валюталық несиелер үлесі
теңгелік несиелерден асып түсті де жеке банктерде 70% құрады.

1.2 Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Мемлекеттің инвестициялық саясатының стратегиялық мақсаты-
ұйымдастырушылық механизмді құру болып табылады. Ол экономикалық өсудің
нақты, тұрақты, ұлғаюшы қарқынын, құрылымдық алға жылжуларды, өндірістің
жаңалануын, әлеуметтік мәселелер мен экономикалық қауіпсіздік мәселелерін
шешуді қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді.
Теория жүзіне келетін болсақ, инвестициялық қызметті ұйымдастыру
дегеніміз өңделген инвестициялық жобаларды және бағдарламаларды белгілеген
мерзімде, ресурстар шектеулілігін ескере отырып, қарастыру, қабылдау және
нәтижелі жүзеге асыруға бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады.

Инвестициялық Жобаны Инвестицияға Қаржыландыру
ақпаратты тарату бағалау қажеттілікті схемасын құру
және анықтау
талдау


Инвестици Инвестиц Инвесторлар Инвест
ялық иялық ициялы
идея, жоба қ
ниет ресурс
тар
Федералды, аймақтық, жергілікті Әріптестер, Субмердігер
органдар,кәсіпорындар және делдалдар лер
ұйымдар

( Тұтынушыл( Инвесто( Пайдалан(
ар рлар ушылар
Ауыл шаруашылығы, аң 2,4 1,6 1,1 1,2 37,3 1,7
аулау, орман
шаруашылығы, балық
шаруашылығы
Тау- кен өнеркәсібі 2123,4 2188,3 5247,8 1796,6 2323,1 4625,4
Өңдеуші өнеркәсібі 832,4 1000,7 520,6 303,6 644,1 867,7
Электр энергиясы, газ 19,0 82,4 11,4 119,5 26,7 35,1
және суды өндіру және
бөлу
Құрылыс 47,0 50,6 160,3 94,0 378,4 492,8
Сауда, автокөлік және 105,1 163,2 259,1 381,4 737,4 1253,4
тұрмыстық заттарды
жөндеу
Қонақ үйлер мен 10,9 7,5 13,4 5,8 10,2 49,2
мейрамханалар
Көлік және байланыс 95,1 75,2 101,1 98,1 302,3 181,8
Қаржылық қызмет 11,8 52,3 71,0 107,9 398,7 2906,4
Жылжымайтын мүлікпен 845,9 998,5 1843,7 3647,8 5610,9 6955,3
операциялар,
кәсіпорындарды жалға
беру қызметтері
Білім, денсаулық 13,4 4,2 91,0 62,6 99,5 97,3
сақтау және әлеуметтік
қызметтер
Барлығы 4106,4 4624,5 8320,4 6618,6 10568,6 17466,1

Бұл коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді орналастыру депозиттері
бойынша тартымды сыйақы мөлшерлемелерін орнату жолымен уақытша пайдалану
мерзімін ұзартуға бағытталған саясатын жүргізуге септігін тигізеді. Банк
жүйесіндегі депозиттердің құрылымы орналастыру мерзімі бойынша оңтайлы
жаққа ауысады.
Жаңа қаржы институттарын құру тікелей немесе банктер арқылы
экономиканың нақты секторына инвестициялардың өсуіне септігін тигізуі тиіс.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы 2003- 2015 жж. Индустриалдық-
инновациялық даму Стратегиясын іске асыру механизмінде 2001 жылдың
сәуірінен қызмет атқарып келе жатқан Даму банкімен қатар 2003 жылдың
мамырында дамудың жаңа институттары құрылды: Қазақстандық инвестициялық
қор, Ұлттық инновациялық қор, Инвестициялар мен экспортты сақтандыру
корпорациясы. Сонымен қатар, атаулы институттардың дамуы әзіріше нақты
экономиканың қажеттіліктеріне әлсіз жауап беруде. Олардың қызмет атқару
кезеңінде олар оннан аса ғана инвестициялық және инновациялық жобаларды
қаржыландырған.
Зейнетақы қорлары, сақтандыру қорлары және инвестициялық қорлардың
әлеуметтік маңыздылығы зор. Зейнетақы қор активтерін қысқа мерзімді қаржы
құралдарына инвестициялау инвестициялық портфель активтерін алмастыру үшін
тұрақты қажеттілікпен сипатталып отырады. Зейнетақы қорларының қызметінде
қорлардың капиталдануымен байланысты жағдайды айта кету керек. Соңғы
жылдары олардың жеке капиталдарының өсу екпіні зейнетақы активтерінің өсу
кқрсеткіштерінен төмен болған. Қорлардағы жиынтық капиталының зейнетақы
жиналымдарына деген қатынасы 2002 жылы 8,2%-ін 2007 жылы 1,8%- ға
төмендеген. Жалпы алғанда, 2007 жылы ішінде зейнетақы қорлары 909,7 млрд.
Теңге көлемінде табысқа жеткен, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп.
2007 жылы 1 ақпанындағы жағдайында зейнетақы қорлары міндеттемелер
сомасы 847,9 млн. теңге құрап, өткен жылғы көрсеткішімен салыстырғанда 19%
ке өскен, соның ішінде акция бойынша акционерлермен жүргізген есеп бойынша
жиналған шығын- 308,8млн. теңге немесе қор міндеттемелерінің жалпы
сомасынан 36%.
Қазақстанның қаржы нарығында тағы бір инвестициялық институт болып
сақтандыру компаниялары болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның
сақтандыру нарығы айтарлықтай нәтижеге етті. Алайда, қызмет атқарып келе
жатқан сақтандыру компанияларының көптігі мен олардың көрсеткіштерінің
өсуіне қарамастан, ол экономика мен халықтың өмірінде үлкен рөл ойнамайды,
сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі басқа да инвестициялық
институттарының қызметінен артта қалып отыр.

2.3 Самұрық- Қазына Ұлттық әл- ауқат қорының дамуы
“Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі” АҚ еліміздегі ең үлкен шаруашылық субъектісі болып табылатын бұл
холдинг аса ірі ұлттық компаниялардың мемлекеттік активтерін біріктіру
нәтижесінде 2006 жылдың ортасында құрылған болатын. Қазір ол көптеген
бөлімшелерден тұратын 23 компанияның басын біріктіріп отыр. экономиканың
мемлекеттік секторындағы кәсіпорындарды басқара отырып, олардың құнының
арттырылуын қамтамасыз ету.
Холдинг ұйымдастыру кезеңінен өтіп, алдындағы бағыттарын нақты
айқындап, жұмысқа кірісті. Холдингке қарасты компаниялардың 2007 жылғы
жиынтық кірісі 2 триллион теңгеден асып түсті. Бұл 2006 жылғы көрсеткіштен
8 пайызға артық. Жиынтық пайда 281 миллиард теңгеден асса, мұның сыртында
мемлекетке осынша көлемде салық төленді.
2007 жылды еліміздің мұнай-газ секторындағы отандық компания –
“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ мұнай мен газ конденсатын өндіру көрсеткіші 16,7
миллион тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға өссе, мұнай
өңдеу 5,7 миллион тоннаға жетіп, салыстырмалы мерзімдегіден 53 пайызға асып
түскен.
Экономикамыздың инфрақұрылымдық саласындағы аса ірі компания “Қазақстан
темір жолы” АҚ-тың жүк айналымы көрсеткіші 5 пайызға, жолаушылар айналымы 6
пайызға өссе, алып отырған таза пайдасы (14,1 миллиард теңге) біршама
төмендеген екен. Мұны холдинг басшысы осы компанияға қарайтын негізгі
қорларды жөндеуге бөлінген шығындардың арту себебімен түсіндірді. Оның
үстіне өткен жылы компания тарифтер деңгейін көтермеген екен.
2007 жылы “Қазақтелеком” АҚ бойынша халықаралық телефон байланысының
қызметі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 246 миллион
минөтті құраса, қалааралық байланыс көлемі 14 пайызға өсіп, 1883 миллион
минөтті құраған. 57 миллиард теңгенің күрделі қаржысы игеріліп (2006
жылғыдан 47 пайызға артық), таза пайда 32,6 миллиард теңге болған. Айта
кететін бір жәйт, аталған жылы алыстағы шетелдерге халықаралық телефон
байланысының тарифі 2 есе төмендетілсе, интернет желісіне кең жолақты
қосылыс қызметінің бағасы 6 есе төмендепті.
Ал “KEGOC” АҚ бойынша электр қуатын беру қызметінің көлемі 2 пайызға,
диспетчерлендіру 6 пайызға өсіп, 12 миллиард теңгенің күрделі қаржысы
игерілген. Бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 69 пайызға артық. Сөйтіп, 2007
жылдың қорытындысы бойынша 991 миллион теңгенің таза пайдасы алынады деп
күтілуде. Бұл салыстырмалы көрсеткіштен 21 пайызға артық.
“Қазпошта” АҚ қызметінде де алға басулар байқалып отыр. Жедел пошта
қызметі 30 пайызға, хат жөнелту 17 пайызға, сәлемдеме жөнелту 13 пайызға
артқан. Қаржы қызметін көрсету көлемі 406,2 миллиард теңге құрап, 24
пайызға өскен.
Өткен жыл “Эйр Астана” АҚ үшін де жемісті болды деп айта аламыз. 2006
жылмен салыстырғанда, бұл жылы тасымалданған жолаушылар саны мен жүк көлемі
тиісінше 45 және 78 пайызға арта түскен. Күрделі қаржыны игеру деңгейі 52
пайызға өсіп, 2007 жылғы компанияның таза пайдасы 5,9 миллиард теңгені
құраған. Бұл салыстырмалы көрсеткіштен 45 пайызға жоғары.
Ал “Қазақстан инжиниринг” ҰК” АҚ бойынша сату көлемі 2006 жылмен
салыстырғанда 3 пайызға төмендеп кеткен. Оған мұнай-газ және темір жол
секторларына арналған компания өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуі әсер
еткен. Дегенмен соған қарамастан компания өткен жыл нәтижесінде алынатын
таза пайда 813 миллион теңгені құрайды деп есептейді. Бұл 2006 жылғы
алынған пайдадан 5,3 есе артық.
Қазына мемлекеттік қоры 2006 жылдың наурыз айында құрылған,
экономиканың шикізаттық емес секторында инвестициялық жобаларды
инвестициялауды жүзеге асыру, Қазақстанның шағын, орта және ірі бизнесінің
бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін көмек
көрсетілуі мен ынталандырылуын, халықаралық “серпінді” жобаларды қамтамасыз
ету және экспорттық “тауашаларды” қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу,
инфрақұрылымдарды дамыту.
Қазіргі кезде бұл қордың құрамында 7 институт бар: мемлекеттік даму
банкі, инвестициялық және инновациялық қоры, экспорттық несиелерді және
инвестицияларды сақтандыратын мемлекеттік корпорациялар, шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры, маркетингтік- аналитикалық зерттеу орталығы және
Казинвест компаниясы.
Самұрық холдингі мен Қазына тұрақты даму қоры бірігіп, жаңадан
Самұрық-Қазына холдингі құрылды. Оны басқару осы уақытқа дейін Президент
әкімшілігінің жетекшісі болған Қайрат Келімбетовке сеніп тапсырылды.
Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан экономикасының
айналамыздағы сол дауылдан ешқандай зардап шекпей тұрақты дамуын сақтап
жалғастыру мәселесіне келгенде, айтарлықтай олқылықтарға жол беріп отыр.
Сондықтан да экономиканың дамуын сақтап, елдегі қаржылық жағдайды
тұрақтандыру мақсатында тағы да қосымша 10 миллиард доллар көлемінде қаржы
бөлуді Президент Үкіметке тапсырды.
Міне, осындай жағдайда мемлекеттік ұлттық компаниялардың басын біріктірген
"Самұрық" холдингі мен "Қазына" тұрақты даму қорының қосылып, іріленді. Ал
осы уақытқа дейін елдегі стратегиялық маңызды нысандарды біріктірген
"Самұрық" холдингі өз бетінше, ұлттық қордан бөлінген арнайы мол қаржыны
игі мақсаттарға жұмсаушы "Қазына" тұрақты даму қоры өз бетінше жұмыс істеп
келді. Бірі – біріне бағынбады, бірі – бірінің мұқтаждығын көре алмады.
Демек, осы екі алып ұжым бірігуі арқылы ұлттық қордан бөлінген мол қаржы
ұлттық игіліктерге жұмсалуы жолға қойылады.[10]
Аталған екі ұжымның бірігуі арқылы, ең кем дегенде, ұлттық компаниялардың
шеңберінде импорт алмастырғыш өндіріс құруға кең жол ашылады. Қазір бұл
іспен тек "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" ғана айналысады. Олар
әлемге әйгілі "Дженерал электрик" компаниясының технологиясы бойынша
елімізде локомотив шығаратын зауыт салып жатыр. Аталған ұлттық компанияда
осындай басқа да өндіріс орындары жұмыс істеуде. Дегенмен бұл мүлде аз. Біз
әлі де болса өндіріс капиталы ретінде қолданылатын техникамыз бен
технологиямыздың, құрал-жабдықтарымыздың көбісіне қажетті бөлшектерді
шетелдерден алдырып келеміз. Негізінен, ауыл шаруашылығы үстемдік ететін
елде осы салаға қажетті трактор немесе комбайнды былай қойғанда, қарапайым
соқа мен тұқым сепкішті жасап шығаратын бірде-бір зауыт жоқ. "Самұрық"
холдингінің құрамына енген "Қазақтелеком", "Қазпошта" секілді ұлттық
компанияларымыз пайдаланып жүрген өндірістік құрал-жабдықтар мен
технологиялардың бәрі импорт. Мінеки, мен Елбасымыздың тікелей жарлығымен
өмірге келген "Самұрық-Қазына" жаңа холдингінен осы олқылықтардың орнын
толтыратын іс күтемін. Ал егер жаңа холдинг осы олқылықтың орнын толтыра
алса, онда әлгі қажеттіліктерді импорттау үшін жұмсалатын бірнеше
миллиардтаған доллар көлеміндегі сома елімізде қалар еді.
Енді қаржымыз стратегиялық маңызды нысандардағы нақты мәселелерді
шешуге жұмсалатын болады. Тек осылай істегенде ғана, экономистер тілімен
айтар болсақ, өндіріс капиталы мен қаржы көзі бірігіп, қоян-қолтық жұмыс
істегенде ғана экономика тұрақты дамуын жалғастырады, қазақстандықтардың
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарады. Өйткені инфляцияны жоюдың басты
жолы – ішкі базардың отандық тауармен мейлінше мол қамтылуы.
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат мемлекеттік қорының құрамына кіретін
“Қазақстанның Даму Банкі” АҚ негізгі міндеті экономиканың шикізаттық емес
секторындағы кәсіпорындарды қолдау және оның инфрақұрылымын дамыту үшін
ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын беру және басқа да қаржылық қызмет түрлерін
көрсету жолымен Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып
табылады. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Қазақстанның Даму Банкі 6,5 млрд.
АҚШ доллары сомасына 176 инвестициялық жоба мен экспорттық операцияны
мақұлдады. Оның ішіндегі Банктің қатысуы 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.
2008 жылы олардың ішінен жалпы сомасы 2,57 млрд АҚШ долларын құрайтын 37
жоба мен экспорттық операция қаржыландырылған еді, оның ішіндегі Банктің
қатысуы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қазіргі уақытта еліміздің аса капиталдандырылған банктерінің қатарына
жататын Қазақстанның Даму Банкіне мемлекет жақсы қолдау көрсетіп отыр.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Банктің жарғылық капиталы 759 млн. АҚШ
долларын, меншікті капиталы – 825,5 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Сондай-ақ
айта кететін бір жағдай, Қазақстан Республикасының “Қазақстанның Даму Банкі
туралы” Заңына сәйкес жарғылық капитал қаражаты инвестициялық жобаларды
несие беруге бағытталмайды.[11]
Инвесторлардың Қазақстанның Даму Банкіне білдірген сенімінің дәлелі –
егемендік деңгейде Standard & Poor’s берген ‘BBB-’, Moody’s берген ‘A2’,
Fіtch Ratіngs берген ‘BBB-’ жоғары кредит рейтингтері болып табылады.
Қазақстан экономикасының тұрақтылығын және оның одан арғы дамуын қолдау
үшін аса маңызды жағдай тиімді өндірістік және көліктік инфрақұрылым
дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Ол әсіресе күннен
күнге өрлеп келе жатқан дүниежүзілік экономикалық рецессия кезінде орын
алған көкейкесті мәселе болып отыр. Ал осы аталған өндірістік және көліктік
инфрақұрылымдар, өз тарапынан, аймақтық дамудың серпінділігін арттырады,
экономикалық өсуді қарқындатуға және әртараптандыруға негіз болады және
еліміздегі іскери белсенділікті ынталандыра түседі.
Қазақстанның Даму Банкі мемлекет пен жекеменшік сектордың мүдделері
тығыз байланыста болатын өндірістік және көліктік инфрақұрылымда белсенді
қызметін жүзеге асыруды өзінің стратегиялық мақсаты етіп белгіледі.
Әсіресе, бұл жағдай ел экономикасының жалпы алғанда стратегиялық маңызды
нысандарына қатысты болып отыр.
Бүгінгі күні Қазақстанның Даму Банкі биылғы жылдың қазан айында
құрылған “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат мемлекеттік қорының құрамына
кіріп отыр және аса ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру, іске асыру
және мониторингін жүргізу саласында үлкен тәжірибесі бар негізгі қаржы
институты болып табылады. Осыған байланысты Қазақстанның Даму Банкі ірі
инфрақұрылымдық жобаларды да, өңдеу өнеркәсібіндегі серпінді жобаларды да
қоса алғандағы экономиканы несиелеудің одан ары өсуін өз міндеттерінің бірі
ретінде белгілеп отыр. Сондықтан да бизнестің барлық дерлік деңгейлерінде
мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін
одан арғы институционалдық даму мен қаржы аспаптарының түрлерін кеңейту
біздің Банктің жоспарларының бірі болып табылады.

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезеңінде экономиканы инвестициялау
үрдісін реттеуде басты рөл мемлекетке беріледі, ол өзінің мақсатты
бағытталған саясатымен сол үрдісті ынталандырады.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы,
несиелiк инвестиция объектi мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi
аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын
бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет
тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң
механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы
реттейдi. Инвестициялық тартымдылықты арттыруда мемлекеттiк реттеудiң
қызметтерiн, түрлерiн және әдiстерiн қаратстырайық.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен
жөн:1.Шетелдiк капиталды тарту кезеңi; 2.Тартылған капиталды қолдану
кезеңi;
Шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен
реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк емес
кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды халықаралық
кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату
және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап
етедi. Қазақстанда “Сыртқы қарыздарды басқару” туралы жаңа заң жобасына
сәйкес инвестициялық жобаларды iрiктеудiң келесiдей механизмi қабылданды.
Негiзiнен бұл Қазақстан Республикасы мемлекетi тарапынан кепiлдiкке ие
несиелер арқылы қаржыландырылуын талап ететiн жобалар.
Мемлекеттiк кепiлдiктер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
кепiлдiгiмен мемлекеттiк емес сыртқы заемдердiң есебiнен қаржыландыруға
ұйғарылатын, Қазақстан Республикасының үкiметiн жыл сайын бекiтiлетiн
экономиканың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Инвестиция және оны қаржыландыру
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру бағыты
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Банктік қызмет
Astana Invest ЖШС - нің қызметінің сипаттамасы
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Пәндер