Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
І. Инфляцияның теориялық аспектілері
1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5
1.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
салдары ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және
оның ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 8
2.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі
инфляцияның даму қарқынын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау ... ... ... 11
ІІІ. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
1. ҚР да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа
арналған бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 12
2. Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... . 13
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған
іс-қимыл жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе

Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің
бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір,
2006 жылы айтқандай: 2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды
құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған.
Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз, соған қарағанда
кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: инфляция ырыққа
көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан
Голланд ауруының алдында тұр. Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге
қажетті пробемалардың бірі – инфляция.
Bнфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп,
одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция
термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына
қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы
жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты
болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық
әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың
құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса,
бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан
артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық
сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың
көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына
байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын
уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып
инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда
экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері:
ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға
болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі –
сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар
реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны
төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты
арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны
болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге
бағытталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз
өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау
жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ
ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада
стагфляция деп аталады.
Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту
бағдарламасы жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж., арналған
қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті.Соңғы
жылдары Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда..

І. Инфляцияның теориялық аспектілері

1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым
арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар
мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда
инфляция көтерілу, қабыну дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына
негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен
сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының
қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша
айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек
белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды.
Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор
ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі
айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға
қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп
саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың
дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар
тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін
біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады,
нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға
бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан
диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік
береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл
жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе
гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар
деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез
құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы
ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың
пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі
тез қамтиды.
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды,
керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң
нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді
экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін
мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар
бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі
тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға
баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны
қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан
қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға
деңгейінің жалпы өсуі.

II Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет.
Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция - бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру
қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді
болып келеді:
- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық
сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік
берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды
күшейте түседі).
Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық
сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың
едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы
бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес
шығындардың неғүрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан
мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері

Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның
ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи –
экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға
жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте
диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де
сәйкессіздіктер пайда болады.
Қеңес экономикасының 70 – ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық
өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып
тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан
диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
3) шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы
диспропорция;
4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы
диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық
өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір
10 -15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы
инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен
түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас
Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы
негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының
шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда
өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал
өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан
тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар
тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу
үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын.
1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы
2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция
қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін
ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың
ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның
макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды.

2.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі
инфляцияның даму қарқынын талдау

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы берген
мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми
деректері бойынша инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 2008 жылдың қаңтар-
тамыз айларында орын алды, яғни 19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда
белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық түлікке деген
баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%.
2008 жылдың қараша айында 2007 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш
–75%, нан – 40.6%, жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі
–5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады.
Жеміс бағасы – 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет
пен ет өнімдеріне – 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде
– 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%, жылқы еті –
12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады.
2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%, нығыздалған газ – 1.6% ға
өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім және аяқ
киім – 15, жеке гигиена тауарлары 0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы
16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын.
Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет
көрсету құны – 0.9% - ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% ,
мәдени қызметтер - 0.8%, тұрғын үй – коммуналдық қызмет
көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі 0.3% - ға қымбаттады.
Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай
қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр.
Сонымен 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто -
әкелінуі талдау көрінісінде (резервтік активтердің өзгеруіне
байланысты операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың осындай
көрсеткішінен екі еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды
құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты
Қазақстан резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға тікелей
инвестициялварының да өсуі тән болды. 2008 жылдың 1 – жарты жылдығында
Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2523 млн.
доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл
өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі.
2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер
1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл.
өсті.
2008 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп,
25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға төмендеген кезде, сыртқы
борыштың өсімі банктердің және үлесіне сыртқы борыштың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы инфляциялық процесстер
Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция - елдегі баға деңгейінің өсуі
Қаржы мен инфляция туралы
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты
Инфляция - пайда болу себептері және онымен күресу жолдары
Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен байланысы
Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері
ҚР инфляцияға қарсы саясаты жайлы ақпарат
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Пәндер