Кластер және бәсекелестік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экономика факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Макроэкономика пәні

Курстық жұмыс

«Қазақстан Республикасындағы кластерлік экономиканың даму алғышарттары, ерекшеліктері»

АСТАНА -2008

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім . . . 4

І. Кластер макроэкономиканың жаңа категориясы ретінде . . . 4

1. 1. Кластер дегеніміз не? . . . 4

1. 2. Кластер және бәсекелестік . . . 6

1. 3. Жалпы экономикалық саясаттың кластерге ықпалы . . . 10

ІІ. Кластердің дүниежүзі мен ел экономикасындағы рөлі, дамуы . . . 15

2. 1. Дүниежүзілік экономикадағы кластерлер маңызы . . . 15

2. 2. Еліміздегі кластердің негізгі бағыттары және оларға мемлекеттің

тигізетін ықпалы . . . 18

2. 3. Республикамызда кластерлерді дамыту жолдары . . . 24

Қорытынды . . . 29

Пайдаланған әдебиеттер . . . 31

Қосымшалар

АЛДЫҢДА НЕ КҮТІП ТҰР, СОНЫ ОЙЛА,

ИГІ МАҚСАТҚА ТУРА ЖҮРГЕН ҒАНА ЖЕТЕДІ.

Фирдоуси

Еліміз Қазақстан өз Тәуелсіздігін алып, күллі әлемге мойындатқалы аз уақыт өткен жоқ. Осы уақытқа дейін еліміз сындарлы саясат ұстанып, саяси, экономикалық жағынан тең дәрежеде алға жылжуда. Әрбір ел өз экономикасын тұрақтандырып, жоғары деңгейге жеткізу үшін бәсекеге төтеп бере алатындай етіп өндіріс секторлары мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуы қажет. Елбасымыздың қазақ елінің дамыған 50 елдің қатарына кіру туралы стратегиясында да бәсекеге қабілеттілікті барынша арттыру қажет деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша нарықтың туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тоқыма және тамақ өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары салаларында биылғы жылдың ортасына дейін кем дегенде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек, - деп атап көрсетті.

Қазақстанда бұрын жүргізілген индустриаландыру саясаты негізінде бірнеше өнеркәсіптік және экономикалық аймақтар қалыптасты. Бірақ КСРО-ның 70-жылдық жоспарлы экономикасында кластерлеу практикасы ұмыт қалды. Кейбір негізгі монополистердің төңірегінде шағын кластерлер қалыптасқандай болатын, бірақ өнеркәсіптің алуан түрлілігі бір жақтық кеңестік практикамен жанышталды. Осы бағыттағы артта қалушылықтан арылу үшін 2003 жылы Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған Индустриалық - инновациялық даму стратегиясы қабылданды.

Елбасы Н. Назарбаев 2004 жылғы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Жолдауында: «Біздің келешегі бар барлық қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді айқындап алуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын. Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, ғалымдар, инновациялық құрылымдар ел экономикасын дамытудың осынау басты бағытын саралады.

Қазақстанның рейтингін арттыру үшін макроортаға да әсер ететін шаруалар кешенін қабылдау қажет. Кластерлер ішінде әлді кәсіпорындар интеграцияны пайдаланып, өндіріс тиімділігін арттыра алады. Макросекторлар арасындағы байланыс өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және қызмет көрсету салаларын қамтып, бірін-бірі дамытуға ықпал етеді. Осы сияқты кластерлік жүйенің басқа да көптеген басымдылықтары бар. Курстық жұмысымда кластер дегеніміз не дегеннен бастап, оның әлем елдері экономикасындағы алар орны мен еліміздегі түрлеріне толықтай тоқталмақпын.

І. Кластер макроэкономиканың жаңа категориясы ретінде

Қазіргі жаһандану мәселесі әлемдік экономикада терең өзгерістердің орын алуын талап етіп отыр. Заман талабына сай ғылымның жаңа мүмкіндіктерінің, технологиялық және инновациялық жетістіктердің белсенді түрде өсуі арқасында әлем мемлекеттері барған сайын бір-біріне жақындай түсіп байланыстары күшейе түсуде. Әрине бұл өзара байланыстар экономикалық қатынастар тұрғысынан, яғни сауда - саттық, инвестициялық, қаржылық және өндірістің ұйымдастырылуы тұрғысынан, сонымен қатар, әртүрлі ұйымдар мен жеке тұлғалардың өзара әлеуметтік және саяси қатынастары арқылы болып отыр. Осыған байланысты, мемлекеттің, кәсіпорынның, дайын өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыруға бағытталған экономикалық саясаттың дамуының бір бағыты ретінде кластерлік жүйені жасау және дамыту арқылы сол экономикалық дамуға қол жеткізу мәселесі қарастырылады. Курстық жұмысымның негізгі бөлімінің І бөлімшесінде мен макроэкономиканың жаңа бір категориясы болып отырған кластерлер туралы және оның бәсекелестікпен байланысын қарастырмақпын.

1. 1. Кластер дегеніміз не?

Кластер немесе өндірістік топ дегеніміз географиялық біріккен өзара байланысты, белгілі бір сферада әрекет етіп, бірін бірі өзара толықтырып отыратын компаниялар немесе фирмалар тобы болып табылады. Кластердің территориялық аумағы бір қаладан бастап бүкіл мемлекетті немесе біріге қызмет ететін елдерді қамтуы мүмкін. Кластерлер өз тереңдігі мен қиындығына байланысты әртүрлі болады. Бірақ олар көбінесе «дайын өнім» компаниялары немесе сервистері; арнайы өндіріс факторларын жеткізушілер, бұйымдар, механизмдер, сервистік қызметтер; қаржылық институттар; сол салалардағы фирмалар сияқтыларды кіріктіреді. Сонымен қатар кластерлерге төменнен бастап жұмыс жасайтын (шикізаттар мен тұтынушылар) өндіріс түрлері, қосымша қажеттіліктерді өндірушілер, арнайы инфрақұрылымға жауаптылар, арнайы оқумен қамтамасыз ететін үкіметтік және басқа да ұйымдар кіреді. Олар қажетті информациямен қамтамасыз етіп те отырады. Және де стандарттарды белгілейтін ұйымдар да кластерлер қатарына ене алады. Кластерге ауқымды түрде әсер ететін үкімет құрылымдары оның бір бөлімі ретінде қарастырыла алады. Ақырында, көптеген кластерлер мүшелігіне кәсіпкерлердің бірлестіктерін, бірлесу ұйымдарын кірістіреді.

Кластер құрамдарының анықтамасын алдымен ірі фирма тұрғысынан қарастырған дұрыс, содан кейін барып тізбек бойынша вертикальді немесе горизонтальды түрде орналасқан ұйымдарды қарастырамыз. Одан кейін горизонталь бойынша барлық каналдар арқылы өтетін немесе өндірістің жанама өнімдері мен қызметтерін өндіретін салаларды табу керек. Салалардың тізбегінің қалған бөлігі горизонталь бойынша жұмыс барысында құрылып отырады. Кластерге кіретін фирмалар мен салалар анықталғаннан кейінгі қадам оны мамандармен, технологиямен, ақпаратпен, капитал немесе инфрақұрылыммен және басқа да топтық құрылымдармен қамтамасыз ететін, кластер құрамына кіретін ұйымдарды белгілеу болып табылады. Қорытынды қадам - кластер мүшелеріне үлкен әсер ететін үкімет немесе басқа да реттеуші құрылымдарды анықтау.

Кластер шекарасын анықтау көбінесе қиын болып келеді. Себебі ол өзімен бірге көптеген маңызды байланыстар және түрлі ұйымдар мен салалардың қосымша толықтыруларын алып жүреді. Кластерлер шекарасын барлық араларында тік, көлденең немесе құрылымды түрде болса да, мықты байланыс бар фирмалар, салалар мен ұйымдар қоршап тұру керек. Ал байланыс нашар немесе жоқ фирмаларды бұл шекара сыртына қалдыра беруге болады[1, 257-263б] .

Барынша жақсы дамыған шикізаттың өңделуі, қоғамдық өнімнің өндірілуі сияқты немесе жоғарғы технологиялармен байланысты салалар үлкен топтарды құрайды. Мұндай құрылымдар үшін кластерге кіретін салалар арасындағы байланыс өте жақсы болмайды. Кластерлердің «тар орындар» мен территориялық шектелгендіктерін талдау мұндай топтарды талдау жасауға алып келеді. Керісінше, кластерді жеке сала ретінде таңдап алу, оны бәсекелестікке әсер ететін саладағы өзара байланысын қарастыруға мүмкіндік береді.

Кластерлер барлық салаларда, ірі немесе әрекет ету аясы тарлау салаларда, тіпті кейбір бизнестің локальды түрлерінде (ресторан ісі, автомобиль сату, антиквариаттық дүкендер желісі) де кездеседі. Олар ірі масштабты, шағын масштабты экономикада, қалалық немесе ауылдық жерде, сонымен қатар географиялық бөлінудің түрлі деңгейлерінде (мемлекет деңгейінде, астана аймақтарында, қалаларда) бола алады. Кластерлер дамыған және дамушы елдер экономикасында да пайдаланылады. Бірақ дамыған елдердегі кластерлер жақсырақ дамыған болып келеді.

Кластерлер шекарасы қатысушы салалардың өзара байланыстары мен бәсекелестіктің маңызды қатысушыларын анықтай алмайтын салалардың стандартты жүйелеу классификациясына бағынбайды. Әдетте кластерлер дайын өнімдер, механизмдер, материалдар өндіретін салалардың үйлесімділігінен құралады. Ал қызмет көрсету салалары басқа критерийлер бойынша жіктеледі. Оларға дәстүрлі және жаңа технологиялар негізіндегі салалар да жиі кіріп отырады. Осылайша кластерлер аймақтық экономиканы талдаудағы экономикалық көрсеткіштердің тәртіпке бағынған нақты түрі болып табылады.

Кластер өлшеміне байланысты да әртүрлі болады. Мысалы, кейбір кластерлер тек шағын немесе орта фирмалардан құралатын болса, басқаларының құрамында шағын да ірі де фирмалар болуы мүмкін. Кей кластерлер университеттердегі зерттеу жұмыстары мен байланысты болып, кейбіреулерінің оларға ешқандай қатысы да болмайды. Кластерлердің бұл айырмашылығы кластерлерді құраушы салалардың құрылымында көрінеді. Ең дамыған кластерлер терең және маманданған, туыстас және бірін бірі қолдап тұратын тауар жеткізушілердің базасын құрайды.

Кластерлер шекарасы жаңа фирмалардың пайда болуы немесе бар салалардың құлдырауы, және де жергілікті ұйымдардың дамуы, өзгеруі нәтижесінде үнемі өзгерісте болып отырады. Нарық пен технологияның дамуы жаңа салалардың, жаңа байланыстардың пайда болуына әкеледі. Шекараның өзгерісіне сол елдегі заң жобалары да өз үлесін қосады[2, 75-86б] .

Кластерлер анықтамасы әр аймақ үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бұл кластерлерге кіретін фирмалар арасындағы бәсекелестік қандай сегменттерде жүріп жатқандығына және де қандай стратегиялардың қолдануына байланысты.

Кластерлер теориясын алғаш рет өз еңбектерінде қарастырған Майкл Портердің өзі, экономиканы неге дәстүрлі өндірістегі немесе қызмет көрсету саласындағы фирмалардың жай топтары етіп емес, кластерлер призмасы арқылы қарастыру керек деген сұраққа жауап іздеген. Және ол жауапты келесі түрде береді. Барлығынан бұрын кластерлер бәсекелестіктің мінезімен және бәсекелестікке жету көздеріндегі артықшылықтармен жақсы үйлеседі. Кластерлер салаларға қарағанда маңызды байланыстарды, бірін бірі толықтыратын салаларды, технологияның, тәжірибенің, ақпарат пен маркетингтің таралуын және де тұтынушы қажеттіліктерін жасырақ пайдалана біледі. Мұндай байланыстар өндірістің өнімділігін арттырудың бәсеке жағдайындағы, жаңа бизнестің интенсивті ұйымдастыру мен инновацияларды енгізу кезіндегі ең негізгісі болып табылады. Кластердің көп қатысушылары өзара бәсекеге түспейді, тек саланың түрлі сегменттеріне қызмет көрсетеді. Алайда олардың көптеген ортақ қажеттіліктері мен мүмкіндіктері бар, олар өнімділікті арттыру жолында ортақ шектеулер мен кедергілерге тап болады. Компаниялар мен ұйымдар тобын кластер ретінде қабылдау бәсекелестіктің қауіпті қоқан-лоқыларсыз ортақ мүддеге жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Кластер қатысушы компаниялар мен жеткізушілер арасында, үкіметпен және басқа да керек институттармен (университеттер, зерттеу лабораториялары) конструктивті және тиімді диалог жүргізуге мүмкіншілік туғызады. Кластердің жақсы қызмет етуі үшін бөлінген мемлекеттік және жеке инвестициялары барлық қатысушы фирмаларға бірден пайда әкеледі. Экономикалық дамудың тиімді кластерлік үлгісі технологиялық жаңалықтардың және ашылымдардың қызмет етуіне жол береді және басқа елдерде жасалған жаңа үрдістерге, технологияларға және тауарларға бейімделуге мүмкіндік береді.

1. 2. Кластер және бәсекелестік

Соңғы жылдары географиялық орынның бәсекелестікке әсері туралы айтылғанда, компаниялардың осы бәсекелестікті қалай жүргізетініне көп көңіл бөлінбейді. Бәсекелестік негізінен статикалық түрде, өзара байланысты салалардың шегіне сүйене отырып жүргізілді. Бұл жағдайда өндіріс факторлары бойынша салыстыру басымдылыққа ие болып табылады, яғни айтқанда, көптеген соңғы зерттеулер өндіріс масштабтарының өсуімен байланысты.

Алайда, мұндай жағдай нақты стратегиялық айырмашылықтардың жаңаруына негізделген динамикалық бәсекелестікті суреттей алмайды. Өндіріс байланыстары үш шартқа байланысты маңыздылығы жөнінен төмендейді: әлемдік экономика үшін көптеген елдердің ашық экономикаға ауысуы факторлардың кеңейтіле жеткізулеріне себепші болады; халықаралық және ұлттық нарықтық өндіріс факторларының тиімділігінің артуы; бәсекелестік факторының интенсивтілігінің азаюы. Бұлардың орнына сатып алушылармен, жеткізушілермен және басқа да әсер етуші институттармен тығыз қарым-қатынастар тек тиімділікке емес, жоғары сатыға көтерілудің жылдамдығына да үлкен әсерін тигізе бастайды.

Кең және динамикалық бәсекелестік тұрғысында тұрғылықты жер өнімділікке, әсіресе өнімділіктің өсуіне әсерін тигізеді. Өнімділік пен аймақтың дамуы фирманың қай салада бәсекеге түсетініне емес, қалай бәсекеге түсетініне байланысты. Фирмалар кез келген салада жоғарғы өнімділікке ие бола алады. Егер ол жаңа әдістерді, технологияларды қолданып, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер көрсетсе.

Бірақ та егер фирма өнімсіз жұмыс істейтін болса, тек жаңа технологияны қолдану жеткіліксіз болады. Кластердегі негізгі мақсат тікелей немесе жанама түрде өнімділікті жоғарлату болып табылады, себебі бір саланың дамуы міндетті түрде келесілерін дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, аймақтың жағдайы сол жерде орналасқан фирмалардың әрекетіне байланысты болады. Бұл сол жердегі жалақы мөлшерін, табыс деңгейін анықтауға септігін тигізеді. Аймақтардың дамуына ұлттық және шетелдік фирмалар да сол жердегі өнімділікке байланыстылығына қарай үлесін қосады. Ірі бизнес түрлерімен айналысатын шетелдік фирмалардың болуы ұлттық фирмалардың тиімді жұмыс жасауына септігін тигізеді.

Аймақтардағы фирмалардың өнімділік және іс-әрекеттері бойынша өзара бәсекелестікке түсуіне сол ортаның экономикалық жағдайы да әсер етеді. Мысалға фирмалар инфрақұрылым дамымаған жерде, логистиканы қолдана алмайды, жоғарғы білімді мамандары жоқ болса жоғары сапалы қызметтер көрсете алмайды. Осы сияқты кең масштабты қамтитын экономикалық жағдайлар бәсекелестіктің дамуына кері әсерін тигізеді. Алайда дамыған экономикалық жүйелерге тән және басқаларына да тән экономикалық жағдайлардың шешуші аспектілері берілген кластер үшін өзгеше ықпалын тигізіп жатады. Бұдан шығатыны кластер компанияның стратегиясына да, экономикалық саясатқа да әсер етеді. Кластерлердің бәсекедегі орнын түсіну үшін біз Портердің «Даймонд» (1-қосымшада берілген) моделін қолданамыз. Бұл модель ромб түрінде көрсетілген. Осы модель бойынша кластерге әсер ететін барлық факторларды суреттеуге болады. Мысалы 1-сурет. Суреттен көріп отырғанымыздай, фирмалардың бәсекелестік кезінде сүйенетін өндіріс факторлары материалды активтерді, ақпараттарды, заң жүйесін, сонымен қатар зерттеу қуаттылығын өзіне кіріктіреді. Өнімділіктің артуы үшін осы өндіріс факторларының тиімділігі артуы керек. Фирмалардың стратегия контексті жергілікті бәсекелестік интенсивтілігіне әсер ететін стимулдер мен нормалар ережесіне тәуелді болады. Төмен өнімділікке ие экономика жергілікті бәсекенің де төмен дәрежеде екенін көрсетеді. Егер бәсекелестік болатын болса, ол нарыққа импортпен бірге келеді. Бәсекедегі өзгеретін жалғыз өлшегіш баға болып қала береді. Осыған қарап фирмалар шығындарды азайту үшін жалақы мөлшерін анықтайды. Мұндай бәсекелестік жағдайында инвестиция аз мөлшерде болады.

Факторлар саны талап ететін жергі-

және шығындар: лікті тұтынушы;

табиғат ресурстары; басқа жердегі тұтынушы

адам ресурстары; қажеттіліктерінен көп

капитал ресурстары; тұтынушы қажеттіліктері;

физикалық инфрақұрылым; глобальды түрде қызмет

заң жүйесі; етуге болатын арнайы

ақпараттық инфрақұрылым; сегменттердегі ерекше

ғылыми-зерттеулік және сұраныс

технологиялық инфрақұрылым

жергілікті бәсекелес

жеткізушілердің болуы;

Сапа факторы жергілікті салалас, бәсекелес

Мамандану факторы салалардың болуы

1-сурет. Жергілікті бәсекелес басымдықтардың көздері

Дамыған экономикалы ел болу үшін жергілікті бәсекелестік те күшті дамуы керек. Бәсекелестік төменнен бастап жоғарыға қарай жүруі керек. Бәсекелестік имитациядан инновацияға қарай қозғалуы керек және аз инвестиция тек материалды жоспарда ғана емес, жұмысшылардың квалификациясы мен қолданылатын технологиялар бағытында да артуы тиіс. Келесі қарастыратынымыздан кластерлердің осы жерде өзіндік рөлі бар екенін белгілі болады.

Бәсекелестік пен стратегия контекстін екі негізгі бөлікке бөлуге болады. Олардың біреуі - оның барлық формаларында бар инвестиция климаты. Бәсекелестік инвестициясының интенсивті өсіп отыруы өнімділіктің жоғарылай беруі мен бәсекенің күрделене түсуіне көмегін тигізеді. Макроэкономикалық және саяси тұрақтылық инвестицияның өсуіне де негіз бола алады. Микроэкономикалық саясат та маңызды болып табылады. Соның ішінде: салық салу жүйесі, корпоративті басқару жүйесі, жұмыс күшін ынталандыруға ықпалын тигізетін еңбек нарығындағы саясат, т. б.

Бәсекенің келесі контексті болып жергілікті экономикалық саясат болып табылады. Сауда мен шетел инвестицияларының ашықтығы, мемлекеттік меншік, лицензиялау ережесі, антимонополиялық заң, сонымен қатар коррупцияның ықпалы және т. б. аспектілер жергілікті бәсекені қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар бәсекеге өндіріс факторлары мен жергілікті сұраныс өте көп мөлшерде әсер етеді. Жергілікті сұраныс фирмалардың сапсы төмен өнім өндіруден бәсеке нәтижесінде сапаның арту не артпауына орай болып отырады. Ал сапасы төмен өнім өндіруші фирмалар сұранысты сыртқы нарықтардағы жағдайға байланысты анықтайды. Алға жылжу ішкі нарықтардың да өспелі сұраныспен бірге өсуін қажет етеді. Талап қойғыш тұтынушылардың пайда болуы фирмаға қысым түсіре бастайды. Бұл фирмаға алдағы уақытта керек болатын әрекеттер қабылдау қажет екенін ұғындырады. Себебі тек сыртқы нарықтан ғана пайда табу өте қиын. Жергілікті сұраныс нарықтың дифференциация жүргізетін сегменттерін анықтауға мүмкіндік береді. Әлемдік экономикада жергілікті сұраныстың сапасы оның көлеміне қарағанда маңыздырақ болып табылады. Ал салалардың өзара байланыс кластерлері сұранысты қалыптастыруда орталық ойыншының рөлін ойнайды.

Кластерлер ромбының бір қабырғасы ғана болып табылады. (туыстас және қолдап тұратын салалар) бірақ барлық төрт қабырғасының байланысын қарастырған дұрыс. Кластерлер бәсеке күресіне үш түрлі әдіспен әсер етеді.

  • Біріншіден, құрамына кіретін барлық фирмалар мен салалардағы өнімділікті арттыру арқылы;
  • Екіншіден, инновацияға деген икемділікті арттыру арқылы өнімділікті жоғарылату;
  • Үшіншіден, ынталандыру арқылы инновацияны қолдап, кластер аясын арттыратын жаңа бизнестің құрылуына себепші болу.

Кластердің көптеген артықшылықтары сыртқы экономикаға негізделеді. Осылайша кластерді өзара байланысқан фирмалардың бір жүйесі ретінде қарастырамыз.

Кластердің бәсекелестік басымдылығы кластердің барынша кең аймақты қамтамасыз ететіндігіне қарамастан, барлық салаларында бірдей емес. Әдетте кластер басымдықтары күштірек болған сайын, оның өнімдері мен қызметтері де өтімдірек болып, кластер орналасатын жерлердің саны да азырақ болады. Кластер мағынасы бәсекенің күрделенуіне байланысты өседі және ол экономиканың өсуіне орай кластер санының да өсу тенденциясын көрсетеді. Кластердің бәсекеге үш түрлі әсер етуі де кейде жеке адамдар қатынасына, жеке кәсіпкерлер желісіне тәуелді болады. Кластердің болуы мұндай процестерді жеңілдетіп, тиімділігін арттырғанмен ол автоматты түрде жүзеге аспайды[1, 270-284б] .

1. 3. Жалпы экономикалық саясаттың кластерге ықпалы

Барлық кластерлер өнімділікті арттыру мүмкіндіктерін және жалақы мөлшерінің өсуін жалғастыруды ұсынады. Тіпті мұндай ұсыныстарды басқа аймақтардағы компаниялармен бәсекеге түспейтіндер де жасайды. Әрбір кластер өз елінің өнімділік дәрежесінің өсуіне ісер етіп қана қоймай, басқа да кластерлер өнімділігіне әсер ете алады. Бұл ауылшаруашылығы сияқты кластерлердің ұмытылып қалмай, керісінше жаңару керектігін білдіреді. Кластерлерді жаңартуға кеткен күш тек практикалық ойлардың ғана нәтижесі болуы мүмкін. Бірақ мақсат олардың біріктірілген координациясының әрбір мезетінде болуы қажет. Әрине, барлық кластерлер бірдей табысқа жете бермейді, кейбіреулерінде өндіріс әрекеттеріне өту мақсатында жұмысбастылық та қысқаруы мүмкін. Бірақ мұның барлығы мемлекет шешімімен емес, нарық күшімен анықталуы керек.

Үкімет мүлдем жаңа кластерлер құрмай, бар кластерлердің үлкеюі мен аясының кеңеюіне жәрдемдесу керек. Жаңа кластерлер мен салалар бар кластерлерден жақсы құрылады. Өсімділігі жоғары технологиялар қолданылатын іс-әрекеттер түрі вакуумда табысқа жете алмайды. Олар база қалыптасқан, сол саладағы күрделенген іс-әрекетке негізделген жерде ғана табысты бола алады. Көптеген кластерлер үкіметтің әрекеттерінен тыс құрылады, ал кейде осы әрекеттерге қарсы да құрылады. Кластерлер өздерінің құрылуы үшін барлық жергілікті басымдылықтар бар жерде ғана құрылады. Кластер дамуын анықтау үшін оның кейбір туындылары нарық тексеруінен өткен болуы керек.

Кластерді дамытуға тырысқан кезде бәсекедегі басымдылық пен мамандануда жеткен табыстарға бағытталуы керек. Басқа аймақтарда бар нәрсені қайталағаннан еш пайда жоқ. Бұл кластерлерді тұрғылықты жердің ерекшелігіне қарай және сол ерекшелікті шындыққа айналдыру мүмкіндігіне қарауды талап етеді. Арнай мамандануға болатын салаларды іздеп табу, бәріне белгілі мықты бәсекелестермен күресуге қарағанда қызығырақ әрі пайдалырақ болады. Сонымен қатар мамандандыру жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға және нарықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қзақстан Республикасының экономикасының кластерлердің көтеруі
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері
Қазақстан Экономикасын Кластерлер көтереді
Туризм кластерінің даму ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері
Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуындағы кластерлік жүйені енгізудің өзекті мәселелері мен бағыттары
Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйе
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық–экономикалық механизмін қалыптастыру жолдары
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz