Валюталық реттеу және валюта бағытын анықтау әдістері


Жоспар
Кіріспе
Қазақстан Республикасының валюта-несиелік қатынастары дамып келе жатыр. Халықаралық валюталық қатынастар - әлемдік экономиканың қажетті элементі, қоғамдық қатынастардың бүтін жиынтығы, олар арқьшы әр түрлі елдер арасында барлық есеп айырысу, кредиттік, ақшалай келісімдер жасалады. Бұл іспеттес қатынастар, негізінен, валютаның әлемдік шаруашылықта өз рөлін атқарғанда қалыптасады. Және де әрбір мемлекетте заңды өтеу құралы болып, оның ұлттық валютасы саналады. Алайда, әлемдік шаруашьшықта әдетте конвертирленген шетел валюталары пайдаланылады. Мұның өзі осы әлемдік шаруашылықта барлық елдер үшін жалпы мойындалған валютаның жоқтығымен түсіндіріледі. Яғни, халықаралық қатынастарға қызмет ететін ақшаларды валюта деп атайды.
Халықаралық валюталық қатынастарды стихиялық нарық тұрғысында реттеу ХВҚ (халықаралық валюта қоры) мен ХҚҚДБ (халықаралық қайта құру мен даму банкі) арқылы мемлекетаралық реттеумен толықтырылды.
Валюта бағытын нарықтық тұрғыдан және мемлекеттік тұрғыдан реттеу бар. Сұраныстар мен ұсыныстарға, сондай-ақ бәсекелестікке негізделген нарықтық тұрғыдан реттеу стихиялық тұрғыдан жүзеге асырылады. Мемлекеттік тұрғыдан реттеу валюталық қарым-қатынастарды нарықтық тұрғыдан реттеудің көлеңкелі тұстарын түзетуге, экономикалық тұрақты өнімге қол жеткізіп отыруға, төлем балансының тепе-геңдігіне, елдегі инфляцияны азайтуға бағытталады. Ол елдің күнделікті және стратегиялық мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылатын халықаралық валюта қарым-қатынастары саласындағы іс-әрекеттер комплексі деп аталатын валюта саясатының көмегімен атқарылады. Қазақстанның валюталық саясаты ҚР-ның «Валюталық реттеу туралы» Заңында көрсетілген.
Валюта бағытының маңызды экономикалық мән-мағынасы оны мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруды алдан-ала анықтайды. Валюта бағытын реттеудің негізгі әдістері төмендейді:
- валюта интервенциясы (шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу - сату) ;
- дисконттық немесе есеп саясаты;
- протекционистік әдістер немесе валюталық шектеулер.
Жалпы алғанда курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде валюталық-несиелік қатынастар туралы жазылады. Бұл бөлімде мынадай мәселелер талқыланады: валюта - несиелік қатынастар түсінігі, валюта бағыты және оның экономикадағы ролі, валюталық реттеу және валюта бағытын анықтау әдістері.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде: Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қатынастарға түсуі туралы айтылады. Оның ішінде: халықаралық валюта қорымен қатынасы, халықаралық есеп айырысу банкі,
Әлемдік банкпен қатынасы туралы айтылады.
Ал үшінші бөлімде халықаралық есеп айырысу қатынастары қарастырылады. Бұл бөлімде халықаралық несие, халықаралық есеп айырысу жағдайлары айтылады.
Менің негізгі мақсатым: осы курстық жұмыста Қазақстан Республикасындағы халықаралық валюта-несиелік қатынастардың дамуы туралы мағлұматты нақты жекізіп, түсіндіре білу. Бұл мен үшін, болашақ қаржы маманы үшін үлкен қадамдардың бірі болып табылады деген ойдамын.
1 бөлім - Валюта - несиелік қатынастар
1. 1. Валюта - несиелік қатынастар түсінігі.
Халықаралық валюталық қатынастар - әлемдік экономиканың қажетті элементі, қоғамдық қатынастардың бүтін жиынтығы, олар арқьшы әр түрлі елдер арасында барлық есеп айырысу, кредиттік, ақшалай келісімдер жасалады.
Тауар өнімі, халықаралық сауда, капиталдардың қозғалысы мен қызмет ету барысы олардың шынтуайтты негізі болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар ұлттық шаруашылықтардың жұмысының нәтижелері бойынша өзара алыс-берістер жасауды қамтамасыз етеді.
Бұл іспеттес қатынастар, негізінен, валютаның әлемдік шаруашылықта өз рөлін атқарғанда қалыптасады. Және де әрбір мемлекетте заңды өтеу құралы болып, оның ұлттық валютасы саналады. Алайда, әлемдік шаруашьшықта әдетте конвертирленген шетел валюталары пайдаланылады. Мұның өзі осы әлемдік шаруашылықта барлық елдер үшін жалпы мойындалған валютаның жоқтығымен түсіндіріледі. Яғни, халықаралық қатынастарға қызмет ететін ақшаларды валюта деп атайды.
Валюталық қатынастардың қалпына ең бірінші ұлттық және әлемдік экономиканың дамуының дәрежесі әсер етеді. Сыртқы экономикалық әрекеттерді жүзеге асырушы мемлекеттердің үкіметтері, трансұлттық корпорациялар, жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдар валюталық қатынастардың субъектілері бола алады. Валюталық қатынастарды арнайы халықаралық органдар жасап келісіледі, егжей-тегжейлі дайындалады да, сыртқы экономикалық қызметпен айналысушы елдер үшін міндетті саналатын сипатқа ие болады.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың даму барысы валюталық жүйені қалыптастырады. Валюталық жүйе дегеніміз - ұлттық заңдылықтармен, немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастар ұйымның түрі.
Ең алдымен халықаралық құқық нормасымен үйлесетін, ұлттық заңмен бекітілген ұлттық валюта жүйесі туындады. Ұлттық валюта шекара жиегінен шығыңқырап тұрса да, мемлекеттік ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол мына төмендегідей элементтерді біріктіреді:
- ұлттық валюта мен бағыттық тәртібі;
- конвертиленудің шарттары;
- халықаралық валюталық өтімділікті ұлттық тұрғыдан реттеу;
- ұлттық нарықтар мен алтынның реттелуі;
- валютаны реттеуші ұлттық органдар (парламент, орталық банк, үкімет) ;
- валюталық парапарлықтың ретгілігі - екі валютаның арақатынастары.
Шаруашылық байланыстар неғұрлым интернационалдырылған сайын ұлттық валюта жүйесінің негізінде әлемдік және аймақтық валюта жүйелері құрылады.
Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісімдермен заңды түрде бекітілген. Әлемдік валюта жүйесі - шаруашьшықты негізінде құрылған және мемлекетаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюталық қатынастар ұйымының түрі.
Аймақтық валюта жүйесі - аймақтық келісімдермен бекітілген валюта өрісіндегі жекелеген елдер тобы қатынастарының ұйымдық-экономикалық түрі.
Әлемдік және аймақтық валюта жүйелерінің негізгі элементтері мыналар:
- халақаралық валюта өтімділігін мемлекетаралық реттеу;
- валюталық шектеулер мен валютаның конвертирлену жағдайларын мемлекетаралық реттеу;
- халықаралық төлем мен қосалқы қаржы функцияларын атқаратын валюта түрлері;
- валюта бағытының реттілігін мемлекетаралық белгілеу;
- валюта мен алтынның әлемдік нарығының реттілігі;
- валютаны мемлекетаралық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар (ХВҚ, элемдік банк, ЕБРР) .
Валюта жүйесінің эволюциясы, ұйымның мемлекеттік-құқықтық формасы әлемдік шаруашылықтың, өндірістің және әлемдік сауданың, әлемдік шаруашылық байланыстары мен еңбектің халықаралық бөлінуінің даму дәрежесімен анықталады. Өнеркәсіптік төңкерістің нәтижесінде бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе - алтын стандарты түріндегі алтын монометаллизм құралды.
1867 жылы Париж келісімі алтынды әлемдік ақшалардың бірден-бір түрі ретінде таныды. Осы кездерде ақшалар әлемдік нарыққа тап бола отырып, өздерінің ұлттық шекпендерін шешіп тастап, төлемдерді салмақ бойынша атқаруға кірісті.
Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін еркін бәсекелестік пен нарықтық экономиканың даму барысында оны 1922 жылы Генуэз конференциясьның шешімімен бекітілген алтынға және жетекші капиталистік дүниенің валюталарына негізделген алтьш дивизінің стандарты ауыстырды.
Үшінші әлемдік валюта жүйесі 1944 жылғы Бреттон-Вуд келісімімен бекітілген. Алтын девизі тек қана халықаралық қатынастарда сақталып, ақша жүйесі ұсақталмайтын кредит ақшаларына негізделді, ал Генуэз валюта жүйесіне қарағанда АҚШ доллары мен фунт стерлингіге халықаралық төлем мен қосалқы қаржы ретінде пайдаланылатын конвертирленетін ұлттық валю-таньң айрықша категориясы - валюта қорының статусы бекітілді. Осының нәтижесінде АҚШ-тың қысымшылық жасауымен доллардың үстемділігіне негізделген валюта жүйесі - доллар стандарты қалыптасты.
Халықаралық валюталық қатынастарды стихиялық нарық тұрғысында реттеу ХВҚ (халықаралық валюта қоры) мен ХҚҚДБ (халықаралық қайта құру мен даму банкі) арқылы мемлекетаралық реттеумен толықтырылды.
Ол кездерде доллардың алтынмен байланысы сақталған еді, соғыстан кейінгі кезеңде АҚШ алтын қорынық 75%-ын өз қолында ұстады, мұның өзі экспорттың үштен бірінен астамы еді және әлемдік өндірістің жартысынан артық болатын.
Мұнымен қатар алтынның мол қоры АҚШ-қа алтынға конвертирленіп, валютаға парапарлықтың негізгі болып есептелген долларды әлемдегі бірден-бір валютаға айналдырады. Яғни, доллар әлемдік ақшаның функциясын атқара бастады.
Алайда, АҚШ-тың алтын қоры азайып, шетелдік долларларды алтынға конверсиялауға күші жетпей қалған XX ғасырдың 60-шы жылдарының аяғынан бастап тас-талқан болған Бреттон-Вуд дағдарысы орын алды. Оның орнына 1975 жылы Ямайка келісімімен бекітілген төртінші әлемдік валюта жүйесі дүниеге келді. Оның негізгі принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:
- кейін көпвалюталық стандартқа ауысқан алтын девизі орнына СДР (ХВҚ-дағы қарыз берудің арнайы құқықтары) ендірілді;
- алтынның кері доменетаризациясы өткізіліп, бағалардың ресми ауқымы алап тасталынды;
- валюталар бағытының жылжымалы жүйесі орын алды;
- халықаралық есептерді жүзеге асырғанда еркін конвертирленген валюта мен СДР негізгі құралға айналды;
- ХВҚ-ға мемлекетаралық валютаны реттеу алдын ала жүктеледі.
СДР-дың стандарты ресми түрде енгізілгенмен, практика жүзінде шын мәнінде доллар стандарты сақталып қалды. СДР-ды пайдалану ХВҚ-ны өткізетін операциялардың ауқымымен шектелді. Міне, сондықтан да қазіргі кезде жаңа валюта жүйесін құру әлі аяқталған жоқ, әрі әлемдік валюта жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын варианттарын қарастыру жалғасуда.
Қарым-қатынастардың дамуы әлемдік және ұлттық валюта жүйелерімен шектелмей, аймақтық жүйелерді құрумен де ұласуда. Еуропалық Одақтың елдері (ЕО) 1976 ж. наурызында аймақтық валюта жүйесі - Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) құрып, оны Ямайкалық валюта жүйесіне қарсы қойды. Ол еуропалық валюта бірлігіне (ЭКЮ), алтынмен мемлекетаралық операция-ларды жаңғыртуға және валюталардың еркін қозғалу режиміне негізделген. Ал, оны құрудың негізгі себебі экономикалық интеграцияны, тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың және ЕО елдері арасындағы тұлғалардың еркін қозғалуын қарастырып, қуаттау болып отыр.
Осының негізінде біріккен Еуропаның ішкі нарығының қалыптасуы 1993 жылға дейін практика жүзінде аяқталды. Бұл жүйені әлемдік валюта жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады, себебі, ЕВЖ-ге кіретін елдер ХВҚ-ның мүшелері болып табылады.
ЕВЖ құрамына 12 батыс-еуропалық валюта кірді. ЕВЖ-ге қатысушы елдер өздерінің валюталық бағытын ЭКЮ-дің орталық бағытына қарай белгілейді, ал ол арқылы бір-бірімен белгілеседі. АВЖ-ні реттеп отыру үшін 1994 ж. Еуропалық валюталың институт болып өзгерген валюталық қызметтің Еуропалық қоры құрылған болатын. ЭКЮ орталық және коммерциялық банктердің есеп-шотында жазылу мен ол арқылы ақшасыз есептерді жүргізу үшін ғана өмір сүріп келеді.
ЕВЖ өмір сүре бастаған алғашқы 10 жылдың барысында өзін-өзі бекемдей түсіп, ең басты міндеттердің бірі - ұлттық валюталардың айырбасталу бағытын тұрақтандырды. Бұл жағдай өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында-ақ жаңа ұжымдық валюта - евроның қолма-қол - ақшалай және ақшасыз формаларда айналуын пайдалануды білдіретін интеграцияның жаңа сатысына көтерілуге негіз болды.
Валюталық одақ экономикалық одақтан, тауарлардың, қызмет көрсетудің, капиталдар мен жұмысшы күшін құрудың бірыңғай нарығын қалыптастырудан тыс құрыла алмайды. Міне, сондықтан валюталық интеграцияның нәтижесі, қорытындысы болып экономикалық және валюталық одақ құру болып саналуға тиіс.
Жаңа жағдайға ауысудың процесі шартты түрде үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең 1990 жылдың шілде айында басталып, 1993 жылдың желтоқсанында аяқталды. Оның негізгі міндеттері экономиканың дамуының деңгейін мейлінше жақындастырып, инфляцияның өсу қарқьнын тұрақты түрде төмендетіп, валюта бағытын тұрақтандыру, мемлекеттік қаржыларды сауықтыру болып саналды.
Екінші кезең 1994 жылы қаңтар айында Франкфурт - Майнда Еуропалық валюта институтын құрудан басталды, ол Еуропалық орталық банкті ұйымдастыру мен бірыңғай валюта - еуропаның эмиссиясын жасау жұмыстарын жүргізуге тиіс болды. бұнан басқа Еуропа одағының Комиссиясы ЕВЖ-ге қатысушы елдер үшін қатаң талаптар қойып, сондай-ақ евроны өндірудің тәртібі мен мерзімдерін белгіледі. Ол талаптар былайша еді: мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейі ЖІӨ-нің 3%-нан аспауы, мемлекеттің қарыз деңгейі ЖІӨ-нің 60%-нан аспауы, бағаның жыл сайын өсіп отыру инфляцияның ең төмен деңгейі бар ЕО-ның үш еліндегі инфляциялық орта деңгейінің 1, 5%-нан аспауы қажет, ал айырбас бағытының толқуы ±15% болуға тиіс.
Үшінші кезең 1999 жылдың қаңтарында басталды. Бұл кезеңде орталық банктердің Еуропалық жүйесі (ОБЕЖ) өзінің жұмыс істеуін бастады. ОБЕЖ ЕОБ-ден және ұлттық орталық банктерден тұрады. Және бұл ретте ЕО - ЭКЮ есеп ажырасу бірлігі евромен (1 евро - 100 цент) 1:1 қатынасына ауыстырылды. Қатысушы елдердің ұлттық валютасы мен евроның курсы үзілді-кесілді және қатаң белгіленді.
Еуропаның орталық банкісі (ЕОБ) айналымға евроны ендіріп, қатынасушы елдер үшін біркелкі ақша саясатын жүргізуде. Дәл осы кезеңде практика жүзінде барлық ірі қаржы операциялары, оның ішінде мемлекеттік қарыз міндеттемелері евромен есептеліп, бөлшек және көлемі жағынан майда шарттар ұлттық валюталармен жүргізілді. Осыған қарамастан, бұл кезеңде евро да, ұлттық валюталар да қатар өмір сүріп келеді.
ЕВО-ның дамуының үшінші кезеңі 2001 жылдың 31-ші желтоқсанында аяқталды, бұнан әрі 2002 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ұлттық валютамен есептелген есеп-шоттардың барлығы ресми бағыт бойынша евроға конвертирленіп, ұлттық ақша бірліктерінің орнына айналымға жаңа банкноттар мен «евро» монетасы ендірілді. Осының нәтижесінде ұлттық банкноттар мен монеталар өздерінің заңды статусынан айрылып, заңды өтем құралы болудан қалды.
Орталық банктың Еуропалық жүйесінің негізгі міндеттері Еуропалық Одақтың (ЕО) монетарлық саясатын анықтау мен оны жүргізу, шетелдік валюталар операцияларын өткізу, шетел валюталарының, Еуропалық Одақкқа мүше елдердің ресми қорларын ұстап тұру және осы қорларды басқару, банкілік бақылаудың және басқалардың өтемдік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету болды.
ОБЕЖ-дің жүргізіп отырған монетарлық саясатының негізгі принциптеріне жататындар: алдын-ала жасалған келісімдерде көрсетілгендей, жүйенің барлық қатынасушаларына бірдей көзқарас таныту, қарапайымдылық, орталықсыздандару, тиімділік, жариялылық мирасқорлық және ОБЕЖ-дің тәуелсіз саясатын жүргізу барысындағы салдарлықты сақтау.
ОБЕЖ-дің басқару кеңесі Атқару комитетінің мүшелері мен ұлттық банктердің басшыларынан тұрады.
ОБЕЖ-дің монетарлық саясатының кұралдарын жинастыру монетарлық кеңес арқылы анықталды.
ОБЕЖ ашық нарықтың операциялары мен қор жасаудың ең шағын нормаларын пайдаланады, ОБЕЖ кредит мекемелері мен Бірлестіктің органдарына кредиттер бере алмайды, ал ЕОБ және Орталық банктер бұл кредиттерді бере алады.
2004 жылдан бастап Еуропалық Орталыққа (ЕО) Орталық Еуропа елдерінің үлкен тобы кірді, осыған сәйкес БЕО (Банкілердің Еуропалық Одағы) 12 валютаға өсті.
1. 2. Валюта бағыты және оның экономикадағы ролі
Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы айырбас бағытының жүйесі арқылы әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтауды ұсынады.
Валюта бағыты әр түрлі елдердің ақшалық бірліктері арасындағы қатынастарды білдіреді, яғни бір елдің ақшалық бірлігінің құны екінші бір елдің ақшалық бірлігіне және халықаралық есепшот бірліктеріне қалай келеді деген сөз.
Бір ұлттың валютасын екінші елдікімен айырбастау қажеттігі халықаралық келісімдерді (валюталық, есептесу және кредиттік-қаржылық операциялар мен сауда) жүзеге асырғанда туындайды, және ол олардың арасында нақты сатып алушылық қабілетін байқататын қатынастың орнығуын талап етеді. Валюта нарығындағы ұлттық валюталардың сандық өлшемі сұраныстар мен ұсыныстардың қаншалықты әсер ететіндігіне байланысты, оған төлем балансы, инфляция деңгейі, пайыздық өсімнің деңгейі, валюталық сауда-саттық, валюта саясаты, ұлттық валютаның конвертирленуі және басқа жәйттер сияқты түрліше факторлар ықпалын тигізеді.
Валюта бағытының құндық негізі болып сатып алушылық қабілеттің парапарлығы саналады, яғни валютаның арақатыстығы оны сатып алушылыққа байланысты.
Айырбас бағытының төмендеуі ұлттық валютаның арзандауын білдіреді, яғни оны сатып алу қабілетінің төмендеуі де, көтерілуі керісінше.
Егер елде инфляция қарқыны жоғары болса, оның валютасының сатып алу қабілеті және оған сәйкес валюта бағыты төмен болады.
Егер осы елде пайыздық мөлшер басқа елге қарағанда неғұрлым жоғары болса, шетелдік капиталдың келіп құйылуына жол ашып, сол елдің валютасы мен оның бағытына деген сұранысты арттырады. Мысалы, АҚШ үкіметі 1980-1985 жылдары құнды қағаздар мен депозиттерге деген пайыз мөлшері саясатын қолданғанда, ол доллар бағытының өсуіне алып келді.
Төлем балансының сальдосы (кіріс пен шығыс айырмашылығы) шетел валютасының ұсынысының және де шетелдік борышкерлердің осы елдің валютасына деген сұранысының артуымен үндес болады да ұлттық валютаның бағасы көтерілуі мүмкін.
Қазіргі кезде АҚШ доллары халықаралық есеп-қисаптарға басқа валюталарға қарағанда аса көп және барлық жерде кеңінен қолданылыл отыр, яғни оған деген сұраныс өте үлкен, сондықтан сатып алыну қабілеті, немесе АҚШ-тың өтем балансындағы пассивті сальдо қуатталады. Бұл жерде долларды капиталдың халықаралық нарығы мен халықаралық есеп-қисаптарда кеңінен қолдану факторы роль атқарады.
Валюта бағытының денгейі сыртқы саудаға, ұлттың өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағытын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Қазақстан соңғы 5-6 жылда экспортқа дем беру мен төлем балансының белсенділігін қуаттау үшін теңге бағытын төмендету саясатын ұстап отыр. Ұлттық банк осы мақсатпен үнемі валюта интервенциясын (шетел валютасьш сатып алу-сату) жүргізіп, айналымға теңгені көбірек жіберудін арқасында теңге бағытын төмендетуде. Алайда, 2003-2005 жылдары доллардың өзінің бағытының төмендеуінен елімізге көптеп келіп түсуде, осы себепті теңгенің бағыты өсіп келеді.
Дәл осы жағдайда теңге бағытының төмендеуі мен шетел валюталарының өсуі импортқа кері әсерін тигізуде. Егер теңге бағытының төмендеуі бір доллар үшін 135-тен 130-ға дейін болса, экспорттаушы 5 теңге ұтады, ал импорттаушы әрбір долларды сатьш алғанда, өзі де көрініп тұрғандай 5 теңге ұтылады. Бірақ, Қазақстан мұндай саясатты жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын импорттауды тежеу үшін пайдаланып, осы аталғап тауарларды өзімізде шығарушыларға қолдау көрсету үшін пайдалануда. Валюта курсын осылайша реттеп отыру экономикалық өсу мен экономикалық тұрақтылықты сақтауға қажетті шара. Валюта бағытының белгіленген және кұбылмалы деген екі түрі бар. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар арасында еркін құбылған бағыты басым болды.
Екінші дүниежузілік соғыстан кейін валютаны тұрақтандыру мақсатымен Бреттон-Вуд келісімі бойынша белгіленген валюта парапарлығы ендірілді, оның парапарлықтан толқуы шектеулі болды. (ЭВҚ-ның жарғысы бойынша ауытқушылық ±1%, Еуропалық валюта келісімі бойынша ±0, 75%) . Белгіленген валюта бағытының режимі орталық банкілерді долларға деген ұлттық валютаның бағытын валюта интервенциясының көмегімен осы көрсетілген деңгейлерде ұстап тұруды міндеттеді.
Бретгон-Вуд валюта жүйесінің дағдарысы нәтижесінде 1973 жылдың наурызынан Париж келісімі бойынша барлық елдер белгіленген бағыттан бас тартып, валюта бағытының жүзу түріне ауысты.
1972 жылдың сәуірінен 1979 жылдың наурызына дейін ЕО елдері (ГФР, Франция, Италия, Нидерланды, Белъгия, Люксембург) бірлескен толқымалы бағыттың режимін ұстанды, ол «еуропалық валюта жыланы» деп аталады. «Жылан» дегені ЕО валюта бағыттары өзара толқуының тар шектерін көрсеткені еді (±125%) .
ЕВО-ның валюта бағытының режимі 1979 жылдан «жылан» механизмін сақтауға негізделген. Бағыттардың өзара толқуының шектері олардың орталық бағытынан ±2, 25% мөлшерінде белгіленген.
1978 жылы өзгертілген ЭВҚ Жарғысы қатысушы-елдерге валюта бағытының режимін таңдауға еркіндік берді.
Валюта бағыттары валюталық операцияларды жузеге асыру мерзімдеріне қарай төмендегіше бөлінеді:
- күнделікті (кассалық) бағыт - дәл осы сәттерде жүзеге асырылатын шарттар бойынша бағыт, яғни банкілік екі күн барысында;
- жедел (форвардты) бағыт - бұл болашақта белгілі бір мерзім жүзеге асырылатын операциялар бойынша бағыт.
Қандай операция жүзеге асырылатындығына қарай:
- валютаны сатып алу немесе сату (айырбас пунктінде) .
Сондай-ақ, валюта бағыттарының бірнеше түрлерін ажыратады.
Сатып алушы бағыты - ол арқылы банк валютаны сатып алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz