2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМұНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНдағы
агробизнесті қаржыландыру және мемлекеттік қолдау
бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5 2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ - ӨРЛЕУ
КЕПІЛІ ... ... ... ... ... ...14
3. ЛИЗИНГ-АГРО БИЗНЕСТІ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАРУДЫҢ
ЖОЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 31
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .33

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Агробизнес – бүгінгі өркениетті
дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін
салалардың бірі болып саналады. Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне,
ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі
және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі
жылдары елімізде агробизнес кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне
бастады. Агробизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып
табылады. Экономиканың нақты секторын коммерциялық банктердің несиелеуі –
ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда
банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни
экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика
агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Банктердің агробизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру,
ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру
механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының
бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi агробизнестi дамыту үшiн мемлекет
тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы
агробизнес кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
– агробизнестің экономиканың дамуындағы алатын рөлін көрсету
және оның мазмұнын ашу;
– бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-несиелік
және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
– кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік
мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
– шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік
мәліметтеріне сүйене отырып агробизнес субъектілерін несиелеуге
зерттеулер жүргізу;
– бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен
тұжырымдар жасау.
– Ауыл шаруашылығындағы лизингтік операцияларды талдау.
Зерттеу объектісі – Қазақстандағы агробизнесті несиелеу.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ агробизнесті қаржыландыру және
мемлекеттік қолдау бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның негізгі салаларының бірі. Оның
маңыздылығы - ең алдымен халықты азық- түлік өнімдерімен қамтамсыз
етуінде. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің
экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына
қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем рыногында бәсекелестікке
қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар.
Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы
ауылдық аймақтармен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенің, оның негізгі өрісі ауыл
шаруашылығының келешектегі дамуына мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-
экономикалық жәрдемінің керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Қазақстан
Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін аграрлық реформаны
іске асыру барысында ауыл шаруашылығының тұрақты келешекте
бірқалыпты дамуы үшін біраз заңдар қабылданды. Осы заңдар
негізінде мемлекеттің әртүрлі аймақтарында ауыл шаруашылығы дамыту
жөнінде бағдарламалар қабылданды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында 2003 - 2005 жылдарға
арналған мемлеттік азық-түлік бағдарламасы, 2004-2010 жылдарында
Ауылдық аумақтардың даму бағдарламасы, Агроөнеркәсіптік кешенді және
ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заң
қабылданды. Бұл қабылданған бағдарламаларда ауыл шаруашылығы
құрылымдарын материалдық-техникалық, қаржы және де басқа ресустармен
қамтамсыз ету, ауылдағы инфрақұрылымды қайта құру, оларды жетілдіру,
тағы да басқа көптеген мәселелерді жүзеге асыру қаралған болатын.
Міне сол арқылы ауыл шаруашылығының экономикасын көтеру, халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсарту, ең бастысы ауыл шаруашылығын әлемдік
рынокта бәсекелістікке дайындау.
Осындай атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде бұл саланың
іргетасы қаланып, инвестициялар келе бастады. Банктердің салаға деген
көзқарасы түзелді. Ауыл шаруашылығын жүргізудің ең тиімді түрі
ретінде нарық қатынастары орнықтырылды. Жүргізілген реформалардың
нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісінің меншіктік құрылымдарында түбірлі
өзгерістер жасалып, мемлекеттік емес нысандар басым бағытқа ие бола
бастады. Оның үлесі 1991 жылғы 40 пайыздық көрсеткіштен 2004 жылы 99
пайыздық көрсеткішке дейін өсті.

Сурет1-2003-2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы
өндірісінің артуы

Мемлекеттік шаруашылықтарды жекешелендіру және колхоздарды реформалау
жеке меншік шаруашылық субъектілерінің санын 11 есеге дейін арттырды. Осы
бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылығы бұрын-соңды
болмаған тікелей мемлекеттік инвестициялар алып, ауылдың әлеуметтік,
көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарын кезең-кезеңімен қалпына келтіру
жүзеге асырыла бастады. 2003 жылы сондай-ақ, жер туралы маңызды құжат Жер
кодексі қабылданды. Сонымен қатар, мемлекет салық саласындағы бірқатар
заңдар да қабылдады. Олар патент немесе бірыңғай жер салығы негізінде
бюджеттік төлемдердің жеңілдетілген жолдарын қалыптастырып, сала дамуына
ыңғайлы шарттар жүйесін қалыптастырды. Бұл экономиканың өзге салаларындағы
ең аз салық мөлшерін айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы бизнесін
жүргізуге өте қолайлы жағдайлар туғызды. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы
көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған бағдарламаның үш жылының
алғашқы жылы - 2002 жылдың басында 534 миллиард теңге болса, ол 2004 жылы
693 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл саланың тұрақты түрде дамып келе
жатқанының айқын айғағы. 2000-2004 жылдар аралығында ауыл шаруашылығындағы
негізгі капиталға түсетін инвестицияның көлемі 600 миллион АҚШ долларына
дейін өсті. Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2003-2004 жылдары 90
миллиард теңге бөлінді. Мемлекеттің осындай тұрақты қамқорлығы жоспарланған
маңызды іс-шараларды орындауға мол мүмкіндіктер туғызды. Барлық облыстарда
дерлік ет, сүт, өсімдік майлары, қалбырланған жемістер дайындау, макарон,
күріш, арасан сулары мен алкогольсыз сусындар өндіру мөлшері артып келеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісі құрылымындағы өсімдік шаруашылығы үлесі 1991
жылғы 35 пайыздан 2004 жылы 56 пайызға дейін артты. Егіс көлемі мен өнім
өндіру құрылымдарындағы тұрақтылық барған сайын орныға түсуде. Мысалы,
егістік жерлердің жалпы көлемі 2000 жылы 16 миллион гектар болса, 2004 жылы
18 миллион гектарға жетті. Мал шаруашылығын өркендетудің мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру да өзінің оң нәтижелерін бере бастады. Осы үш
жылда мал басы мен құс саны жедел өсіп келді. Қара малдың басы 2000 жылғы 1
миллионнан анағұрлым өсіп, қазір 5 миллионнан асты. Мал шаруашылығының
негізгі өнімдерін өндіру де артып келе жатқаны анық байқалды. Ет өндірудің
сойыс салмағы 2000 жылмен салыстырғанда 2 есе, сүт өндіру 1,2 есе өсті.[21]
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2009
жылдың бірінші жарты жылдығында орталық және жергілікті атқарушы
органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын
дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған екінші Мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі №
286 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарына
сәйкес кешенді шаралар атқарылды.
2009 жылғы 1 шілдеге Жоспардың 29 тармақтың барлығы орындалды.
2008 жыл бойынша Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінің
әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі жүргізілді.
2008 жыл бойынша АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму мониторингінің
қорытындылары даму әлеуеті жоғары АЕМ санының өсу динамикасының
қалыптасқандығын дәлелдейді. Атап айтқанда, 2008 жылы республика бойынша
2004 жылмен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары АЕМ саны 1266 бірлікке
артқан, ал даму әлеуеті төмен АЕМ саны 492 бірлікке кеміген.
Осы тұрғыда, даму әлеуеті жоғары АЕМ санының өсу динамикасына негізгі
ықпал етуші болып қаржыландыру көлемі табылады. Инвестициялардың көп бөлігі
ауылда басымды болып табылатын білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен
қамтамасыз ету салаларының мәселелерін шешуге бағытталды.
Атап айтқанда, 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 46 ауылдық білім
беру объектілерінің құрылысын салуға республикалық бюджеттен 9,9 млрд.
теңге, оның ішінде 100 мектеп жобасының шеңберінде 26 объектіге 5,9 млрд.
теңге бағытталды.
Жергілікті бюджеттен құрылысқа және қайта жаңғыртуға 5,7 млрд. теңге
бағытталды.
Республикалық бюджеттен 28 денсаулық сақтау объектісін салуға 5,7
млрд. теңге, оның ішінде 100 аурухана жобасының шеңберінде 22 объектіге
5,1 млрд. теңге бағытталды.
Жергілікті бюджеттен құрылысқа және қайта жаңғыртуға 1,5 млрд. теңге
бөлінді.
Жаңартылған Ауыз су бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етуді
жақсартуды қажет ететін ауылдық елді мекендерді толықтай қамту және бірінші
кезекті шараларды тұрғындары тасымалданатын және алдын ала тазартусыз ашық
көздерден суды пайдаланатын елді мекендерге бағыттау қарастырылған.
Республикалық бюджет қаражаттарының сыртында жергілікті атқарушы
органдарға көмек ретінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, және Оңтүстік
Қазақстан облыстарының елді мекендері үшін Азия даму банкісінің сыртқы
қарыздары тартылуда.
Ағымдағы жылдың өзінде республикалық бюджеттен ауыз су объектілерінің
құрылысына 10,9 млрд. теңге бағытталды, ол 155 ауылдық ауыз су
объектілерінің құрылысын салуға және қайта жаңғытруға мүмкіндік берді.
2007-2009 жылдарға жоспарланған іс-шараларға сәйкес, жергілікті
атқарушы органдар тарапынан басқа да қажетті тіршілікті қамтамасыз ету
жағдайлары жасалуда.
Жылдан жылға республикада электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген
ауылдардың саны төмендеуде. 2008 жылдың қорытындысы бойынша, 2004 жылмен
салыстырғанда орталықтандырылған электр жүйелеріне қосылмаған АЕМ саны 109
бірлікке азайды. Бүгінгі күнге олардың саны 116 бірлікті құрайды.
Көпшілігінде бұл тұрғындары аз елді мекендер. Ағымдағы жылы аймақтарда
ауылдарды энергияның баламалы көздеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық
аумақтарды газдандыру үшін жылдың 1 жарты жылдығында барлық көздерден 25,8
млрд. теңге бағытталды және 10,2 млрд. теңге игерілді. Бұл ауылдық
жерлердегі 1043 шақырым газ құбыры желілерін құрылыспен, қайта жаңғыртумен
және жөндеумен қамтуға мүмкіндік берді. Республика бойынша барлығы 571 АЕМ
немесе 8,1 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілген.[14]
АЕМ-ді телефондандыру мен телефон байланысын жетілдіру жұмыстары
жалғасуда. Атап айтқанда, Қазақтелеком АҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, 2009
жылдың 1 қаңтарына тұрғындарының саны 50 адамнан кем АЕМ қосқанда
орталықтандырылған электр энергиясымен қамтамасыз етілген барлық АЕМ
телефондандырылған.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша ауылдық аумақтарда
7 045 мәдени-демалыс ұйымдары, оның ішінде 4 074 кітапхана, 2869 клуб, 83
музей мен 19 кинотеатр жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы саласына ағымдағы жылдың республикалық бюджетінен
96,3 млрд. теңге бағытталды. Олардың ішінен 41,3 млрд. теңге өндірісті
субсидиялау үлесіне жатады және бұл былтырғы деңгейден 4% артық. Бұдан
басқа, ҚазАгро холдингінің ивестициялық жобаларды іске асыруы үшін Ұлттық
қордан 120 млрд. теңге бөлінген, олардың ішінен уақытша бос 84 млрд. теңге
егу және жинау жұмыстарына маусымды несие беру үшін бағытталуда. Сонымен
қатар, шағын және орта бизнесті қолдауға Самұрық-Қазына қорына бөлінген
қаржының 30 % жуығы (72 млрд. теңге) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
саласына несие беру үшін бағыттауға белгіленіліп отыр.
Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан мәдениет
нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша Жол картасы шеңберінде
2179 863 мың теңге сомасына 315 жобаны іске асырылуда.
Ағымдағы жылы Жол картасын іске асыру шеңберінде ауылдық аумақтарды
абаттандыру, санитарлық тазалау шараларын атқаруға республикалық бюджеттен
3811 394 мың теңге бөлінді.
Жалпы ШҚО бойынша Жол картасы ауқымындағы 30 жоба бойынша жұмыстар
орындалды. Бұлар негізінен - білім беру нысандары. 32 590 жұмыс орыны
құрылды. 4,5 млрд. теңге игерілді. Жол картасына қатысушылардың орташа
жалақысы облыс бойынша 24,4 мың теңгені құрады. Қаржының үнемделуіне
байланысты Жол картасына қосымша 25 мектепті күрделі жөндеуден өткізу
туралы мәселе қаралуда.[14]
Аймақтың еңбекпен қамту орталығы оқу жоспарын жасады және мамандарды
дайындау және қайта даярлықтан өткізу үшін оқу орындарының тізімін
белгіледі. Үш мыңнан астам адам оқуға кірісіп кетті. Жол картасы әлеуметтік
жұмыс орындарына 1456 адамды, ал Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша
836 жасты жұмысқа бағыттауға мүмкіндік берді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, кедейшілік деңгейін төмендету,
және жеке, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2009 жылдың бірінші
жарты жылдығында ауыл тұрғындарына 748,9 млн. теңгеге 2 180 шағын несие
берілген. Оның ішінде табысы күн көріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарына
64,5 млн. теңгеге 341 шағын несие, табысы орташа үй шаруашылықтарына 684,4
млн. теңгеге 1 839 шағын несие берілген.
Бүгінгі күнге жергілікті атқарушы органдар тарапынан ауылдық
аумақтарды абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Сурет 2 - АЕМ абаттандыру бойынша жобаның іске асуы

Алайда агробизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі
анықталды. Агробизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды
былайша топтауға болады:
Кесте 1 – Агро бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар[14]
Кедергілер 2007 ж. 2008-2009 жж.
Салық саясаты 2 1
Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы 1 2
Несие саясаты 4 3
Өнімді өткізу мәселесі – 4
Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі 5 5
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл 3 6

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында
агробизнес кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған
мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын
және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі
жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін
мыналар қажетті болып келеді:
- жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың
жеңілдетілген режимін енгізу;
- өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық
салу процедурасын қайта қарау;
- ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама
қаржылық талдау көрсету;
- салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін
ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен
көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.
Агробизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің
екінші түрі – жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ
доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз
өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы
дағдарысының орын алуы және т.б.
Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар
мәселесі. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе
субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз
ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика
бойынша агробизнес субъектілермен жүргізілген анонимді сауалнаманың
мәліметтері бойынша, агробизнестің алдында тұрған ең негізгі мәселе-
несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.
Төртінші мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі.
Өнімді өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі –
бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Ауыл шаруашылық кәсіпкерліктің дамуына
кері әсер ететін басқа да факторлар ауылшаруашылық кәсіпкерліктің қызметін
реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей
жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік
кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.
2008 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі былтырғы жылға
қарағанда қолданыстағы бағада 10,8% өсіммен 108,7 млрд. теңгені құрады,
соның ішінде мал шаруашылығы өнімі 31,3% өсіммен 79,8 млрд. теңгені,
өсімдік шаруашылығы өнімдері сәйкесінше 1,4% өсіммен 36,6 млрд. теңгені
құрады.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға әр түрлі көздерден 11560 млн. теңге,
соның ішінде республикалық бюджеттен 8640 млн. теңге, облыстық – 485 млн.
теңге және басқа көздерден 2435 млн. теңге тартылды.
АӨК және ауылдық аумақтар бөлімі Шығыс Қазақстан облысының
мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы №332-ІІІ шешімімен бекітілген,
Шығыс Қазақстан облысының 2004-2010 жылдарға арналған Ауылдық аумақтарды
дамытудың өңірлік бағдарламасына сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-
экономикалық дамуының жыл сайынғы мониторингін жүзеге асырады.
2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ - ӨРЛЕУ КЕПІЛІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылы 6 наурызда Қазақстан халқына
Жолдауында айтылғандай, дағдарысқа байланысты қиын жағдай қалыптасса да,
елімізде халықтың әлеуметтік жағдайы төмендемейді. Ал дағдарысқа қарсы
мемлекеттің іс-қимыл жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі – ауыл
шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасындағы өз ерекшеліктері бар
негізгі салалардың бірі.
АӨК қазіргі заманға байланысты қаржыландырудың негізі
Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес
анықталады.
Сурет 3 - Аграрлық сектордағы АӨК мемлекеттік қаржыландыру жүйесі[13]
2008 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына
74,6 млрд. теңге инвестиция салынды, бұл республиканың негізгі капиталына
салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 1,9%-ын құрады. Өткен жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда саланың негізгі капиталына салынған
инвестициялар 24,2%-ға көбейді.
Инвестициялардың едәуір көлемі Қостанай (26,9%), Ақмола (18,4%) және
Солтүстік Қазақстан (16,4%) облыстарының ауыл шаруашылығын дамытуға
бағытталды.
Саланың негізгі капиталға салынған инвестицияларын қаржыландыру
көздерінің ішінде инвесторлардың жеке қаражаттары (жалпы көлемінен 64,5%)
басым болды.

Сурет 4 - Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған
инвестициялардың құрылымы

Ауыл шаруашылығы салалары ішінде инвестициялау үшін ең тартымды
өсімдік шаруашылығы (инвестицияның жалпы көлемінен 69,9%) болды.
2008 жылы аграрлық секторды мемлекеттік қолдау деңгейі 2007 жылғы
көрсеткіштен 1,7 есе асып түсті. Соның ішінде субсидия беру 2 есе,
несиелендіру деңгейі 2,2 есеге өсті. Нәтижесінде, егіс көлемі артып, 15,6
миллион тонна астық алынды, мал шаруашылығында да ілгерілеу байқалды. Ауыл
шаруашылығы өнімін өңдеу де едәуір жақсарды.
2009 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың
жалпы көлемінде ауыл шаруашылығына салынған инвестициялардың үлес салмағы
1,2%-ды құрады.

Сурет 5 - Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған
инвестициялардың нақты көлем индексі

2009 жылғы қаңтар-қыркүйекте саланың негізгі капиталына салынған
инвестициялар көлемі жалпы көлемнің 1,4% құрады.

млн. теңге

Сурет 6 - Өңірлер бөлінісінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына
салынған инвестициялар[15]

Елімізде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау әлемнің дамыған
елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Қазақстанда 1 гектар айдалатын
жерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау 35 доллар шамасында ғана болса,
Еуропа елдерінде – 1111, Канадада – 882, АҚШ-та 411,7 долларды құрайды.
Бізбен табиғи-климаттық жағдайы ұқсас Канадамен салыстырғанда астық
өнімділігі 2 есеге, бір сиырдан сүт сауу 3 есеге төмен.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында шешімін таппаған үш үлкен мәселе
бар. Біріншісі – техниканың тапшылығы, ескіруі, екіншісі – қаржының
жетіспеуі, үшіншісі ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, өңдеу мәселесі.
Міне, сондықтан да алдағы кезде ауыл шаруашылығын қолдауды осы басты
бағыттарда жүргізуіміз керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2009 жылғы халыққа Жолдауында сала басшылығы
мен мамандарының алдына ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті өнімдерді мол
өндіріп, оны экспортқа шығарып, еліміздің бюджетін тұрақты түрде толықтырып
отыратын рентабельді салаға айналдыру міндетін қойды. Осыған байланысты
және әлемдегі экономикалық және қаржы дағдарысынан шығу мақсатында 2009-
2011 жылдарға арналған 3 жылдық бюджетте жыл сайын ауыл шаруашылығына 1
миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы қаралды. Сонымен бірге, 2009 жылы
Ұлттық қордан экономиканы тұрақтандыру үшін бөлінген 10 миллиард АҚШ
долларының 1 миллиарды ауыл шаруашылығын дамыту үшін “КазАгро” ұлттық
холдингіне бөлінді.
КазАгро Ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамы
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығына
сәйкес бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған агроөнеркәсіптік
кешенді (АӨК) қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске
асыру мақсатында құрылды. [24]        
ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі АҚ миссиясы:
Инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және оның құрамына кіретін
акционерлік қоғамдардың корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету
жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін  дамытуды
ынталандыру жөніндегі  мемлекеттік саясатты  іске асыру. 
Ұлттық басқарушы холдингтің міндеттері :
1.Инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге
шоғырландыру және бағыттау .
2.Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың
тиімділігін арттыру.
3.Аграрлық өндірістік  және сервистік  инфрақұрылымды дамыту.
4.Агроөнеркәсіп кешеніндегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына
жәрдемдесу.
5.Агроөнеркәсіптік  кешен өнімінің  экспортын дамыту.
6.Ішкі азық-түлік  нарықтарын  реттеу және тұрақтандыру.
7.Корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне несие берудің ең тиімді жолы
“Қазагронесие” АҚ.[18]
Корпорацияның миссиясы:
Аграрлық несие корпорациясы АҚ - компанияның тиімділігі, ашықтығы
және айқындылығы шартында ауылда бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуға
ықпал жасайтын кредиттендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік
саясатты іске асыру.
Корпорацияның  міндеті:
- ауылдағы кәсіпкерлікті және ауыл халқын дамытуды көтермелеу
мақсатында инвестициялар тарту.
- аграрлық сектордың қажеттілігіне сәйкес кредиттік серіктестіктер
жүйесін кеңейту және дамыту.
- ауыл шаруашылығы өндірісінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері
мен жабдықтау-өткізу инфрақұрылымы бірлестіктерін құруды көтермелеу.

- ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын
түрлерін қолдау.
- кредиттік саясатты жетілдіру.
- компания жұмысының тиімділігін арттыру.
- компанияның институционалдық дамуы, ұйымдық құрылымының және басқару
жүйесінің тиімділігін қоса алғанда.
Корпорацияның мақсаты:
- Мемлекеттік кредиттендіру бағдарламаларын іске асыру үшін қаржы
базасын қалыптастыру. Тиімді кредиттік серіктестіктер желісін әрі қарай
дамыту.
- Қатысушыларының кірістілігін көбейту мақсатында тиімді ауыл
шаруашылығы өндірісін қалыптастыру.
- Ауыл шаруашылығына жатпайтын инфрақұрылым саласында кәсіпкерлік
қызметті дамыту.
- Ауылдық кәсіпкерлікті және ауыл халқын кредит ресурстарына қол
жеткізуін қамтамасыз ету.
- Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
- Қабылдаған міндеттемелердің орындалуын және көзделген мақсаттарға
қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта Аграрлық несие корпорациясы АҚ мынадай кредиттер
береді:
- ауылдық кредит серіктестіктеріне (АКС) кредит беру
- ауылдық тұтыну кооперативтеріне (АТК) кредит беру
- ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын
түрлеріне (АКС) кредит беру
Қазіргі уақытта Аграрлық несие корпорациясы АҚ қатысуымен
республиканың он үш облысында 153 кредиттік серіктестік құрылған, КС 6
мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктірді. КС жарғылық
капиталдарының жалпы сомасы 4,9 млрд. теңге, оның ішінде Корпорацияның
үлесі 832,1 млн. теңге немесе 17%. Корпорация 150 КС-ға сомасы 26 730,0
млн. теңге кредит желісін ашты. 2001 жылдан бастап КС қатысушыларына жалпы
сомасы 37,8 млрд. теңге кредит берілді, оның ішінде өтелген негізгі
қарыздың көлемі 17,0 млрд. теңге, ссудалық берешектің қалдығы 20,8 млрд.
теңгені құрады.
2006-2007 жылдары Корпорация ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау,
өткізу, сақтау және қайта өңдеу бойынша 69 ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы
бірлестіктеріне жалпы сомасы 4,7 млрд. теңге кредит берді. 2,5 мыңнан астам
ауыл шаруашылығы құрылымдары бірлестіктің қатысушылары болды. Бірлестіктің
қызметі ет-сүт, жеміс-көкөніс, балық өнімдерін, тері, дәнді дақылдар мен
май өнімдерін жинауға және қайта өңдеуге бағытталған.  
Ауылдық жердегі кәсіпкерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және оны жұмсау мәселелері
ҚР үкiметiнiң 2005 – 2007 жж арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын нақтылау
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
Ауыл шаруашылық өндірісі
Аграрлық саясат жайлы
Пайдаланылатын шикізат ресурстары
Ауылдарды даму жағдайына сәйкес топтастыру
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі бәсеке
Ластанған топырақтың мониторингі
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Пәндер