Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ сауда жӘне Әлем экономикасымен байланысты
проблемалар
1.1.Сауда капиталы мен сауда пайдасының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Сауда
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1.3.Халықаралық сауданың қазіргі кездегі түрлері және
құрылымы ... ... ... ..6
2. Қазіргі Нарықтық экономикадағы халықаралық сауда
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық
сауда ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...13
2.3. Бүкіләлемдік сауда ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен
міндеттері ... 17
3. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны жӘне ролі
3.1.Қазақстанның халықаралық саудадағы
кедергілері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
3.2. Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..35
КІРІСПЕ
Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді.
Қосымша кұн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар
қосымша кұн ендірмейді. Сауда пайдасы қосымша құнның турін өзгерткен
үлгісі мен бір болігі. Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп
капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген
қосымша кұн, сауда саласында жалпы кұн және қосымша құн да болуы
ықтимал. Сауда капиталы осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға
қатысады.
Тауарды сатып өткізу, айналыс процесінде жүзеге асады. Оған
арнайы шығын кетеді. Осындай шығын түрлерін айналыс шығымдары деп атайды.
Ол екіге бөлінеді: қосымша шығын және таза айналыс шығындары.
Тауарды сатып алу және сатып өткізу кезінде жарнама істерін
және т.б. ұйымдастыруға кеткен шығындар таза айналыс шығыны түсінігін
береді.
Тауарды толық тұтынушыларға жеткізуге кететін көптеген шығын
түрлерінің жиынтығын айналыстағы өндірістің қосымша шығындары дейміз.
Капитализмде сауданың 3 түрі бар: көтерме, бөлшек және сыртқы
сауда. Сауда капиталистері тауарларды тікелей тұтынушыларға, халыққа
сатады. Бөлшек сауда дегеніміз осы. Бір капиталистердің, басқа
капиталистерге тауарларды қол көлемде сатып өткізуін көтерме сауда
деп айтамыз.
Капитализм де сыртқы сауданың ерекше ролін атқарады. Келешекте бұл
тенденция үдей түседі. Шет елдерге шығарылған тауарлар экспорт,
әкелінген тауарлар импорт деп аталынады. Экспорт көлемі импорттан
асып түссе сауда балансы активті, ал импорт экспорттан басым
болса сауда балансы пассивті болғаны. Қазір, әсіресе келешекте ел
тағдырын шешетін күштердің бірі - әлемдік рынок.
Төлем балансына сырткы саудадан, тасымал кұралдары төлемінен, шетелге
капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциядан
және т.б түскен табыстар кіргізіледі. Толем балансының маңызды құрамдас
бөлігі сауда балансы. Онда елдің экспорт, импорт және экспорт
бойынша кірістері мен шығындары анықталады.
1. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР
1.1.Сауда капиталы мен сауда пайдасының мәні
Капиталистік қоғамда сауда капиталы, капиталистердің ерекше
тобы тек қана айналыс саласында қолданатын өнеркәсіп
капиталының оқшауланған бір бөлігі болып табылады. Сауда
капиталының айналымы тауарды өткізу процесінде саудагерлер
авансыланған капиталдың орнын толтырып қана қоймай, сонымен бірге осы
капиталдан пайда түсіруді де көздейді.
Шын мәнінде сауда пайдасы дегеніміз - материалдық өндіріс
саласында жалдамалы жұмысшылар жасаған қосымша құнның өзгерген формасы.
Бұл өнеркәсіп капиталистері тауарларды өткізуді жүзеге асырғаны
ушін, сауда капиталистеріне беретін қосымша құнның бір бөлігі.
Өнеркәсіп және сауда капиталистері жұмысшы табын бірлесіп қанайды, ал
жұмысшы табы өндірген қосымша құнды өзара бірдей көлемді пайданы,
бірдей көлемді капитал жұмсау принципі бойынша бөліп
алады.
Айналыс процесі тауарды сатып алу үшін капиталды авансылауды ғана
емес, сонымен бірге тауарларды өткізу ісін ұйымдастыруға шығын жұмсауды
да керек етеді. Бұл шығандар айналыс шығындары деп аталады.
Айналыстағы өндірістің қосымша шығындары тауарды толық ұксатуға,
орауға, буып-түюге, сақтауға, оларды тұтынушыға жеткізуге жұмсаған
шығындардан құралады. Таза айналыс шығындары тауарларды сатып алу сату
операцияларына, жарнама ісін ұйымдастыруға т.б балансты шығындар.
Сауда қызметкерінің жұмыс күні де қажетті және қосымша жұмыс
уақытына бөлінеді. Бірақ тауарларды тікелей сатумен және сатып
алумен айналысатын сауда қызметкерлерін қанаудың айрықша
өзгешеліктері бар. Қажетті жұмыс уакыты ішінде, сауда кызметкерлері
саудада істейтін жұмыс күшінің құнына ақы төлеуге жұмсалатын
қосымша құннын бір бөлігі болатын тауарлар массасын өткізеді.
Қосымша жұмыс уақытында олар сауда капиталистерінің пайдасын құрайтын
қосымша құнның бір бөлігі, сіңірілген тауарларды өткізеді.
Сауда капиталистері ұсақ тауар өндірушілерді (шаруалар мен қол
өнершілерді) де қанайды. Олар эквивалентсіз айырбас жасау аркылы ұсақ
өндірушілердің еңбегімен жасалған құнның бір бөлігін иемденіп
алады.
1.2.Сауда үлгілері
Көтерме сауда дегеніміз - бір капиталистің басқа капиталискс
тауарларды ірі көлемде сатуы. Сауда өнеркәсіп және сауда капиталистерінің
арасында және капиталистерінің осы ерекше топтарының ішінде жүргізіледі.
Сауда әдетте котерме сауда орталықтарында - тауар биржаларында, жәрмеңкелер
мен аукциондарда жүзеге асырылады. Котерме сауда процесінде тауарлардың
едәуір белігі айналыс саласынан тұтыну саласына көшпейді. Мұндай көшу
бөлшек саудада аякталады.
Бөлшек сауда дегеніміз - сауда каииталистерінің тауарларды
тікелей тұтынушыларга сату. Капитализм тұсында бөлшек сауданы дамытудың
негізгі бағытты тұтыну сұранымы мен бәсеке күресінің универсал
сипаты итермелейтін сауданы, ірі универсал магазиндеріне шогырландыру
болып табылады. Сонымен бірге тауарлардың белгілі бір түрлерін
сататын арнаулы магазиндер мен ірі сауда фирмалары.
Капитализм тусында сыртқы сауданың қажеттігі және оның
өсуі мынадай факторларға байланысты болып отыр:
1. қоғамдык еңбек бөлінісінің және ұлттық мемлекеттердің
шекарасынан шығып кеткен тауар өндірісінің дамуы;
2. капиталистер экономика дамуының әркелкілігі, осының
салдарынан жедел дамып отырған салалар мен кәсіпорындардың
өнімдерін өткізу үшін зат өткізетін қосымша рыноктар қажет болады;
3. неғұрлым көп тауар массаларын едәуір қашықтыққа тасымалдауды
экономикалық жағынан тиімді еткен транспорттағы техникалық
прогресс т.б.
Сыртқы сауда, тауарларды баска елдерге шығарудан экспорттан және
тауарды басқа елдерден әкелуден импорттан құралады. Белгілі кезенде
тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы
арақатынас сауда балансы деп аталады. Егер экспортталатын тауарлардың құны
импортталатын тауарлардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда
балансына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда
балансының жайкүйі сол елдің дүніежүзілік рыноктағы бәсекелестік
қабілеттілігінің белгілі мағынада сол ел экономикасы жай-күйінің
маңызды көрсеткіші.
1.3. Халықаралық сауданың қазіргі кездегі түрлері және
құрылымы
Халықаралык сауда - мемлекеттер және ұлттык шаруашылықтар
арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда
калыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие
болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады.
Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің
экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи - жағрафиялық
жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өңдіруге
маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш
күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің кұрылымына тәуелді.
Егер XIX ғасырда айырбаста кебінесе шикізат, азық-түлік жеңіл өнеркәсіп
өлімдері гана болса, қазіргі кезде онеркәсіп тауарларының үлесі,
әсіресе машина мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан
кейілгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 35-тен
13-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 23-ке өсті.
Құрастырмалы бұйымдар Μβΐϊ қосымша бөлшектер айырбасы артты,
экспорт тез қаркынмен дамыды, мысалға, машиналардың түйіндерін құрастыру
және басқа да кұрал жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы
жасау жұмыстарын айтуга болады. Қазіргі уақытта халықаралық айырбас
орісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылады (лицензиялар
және наухау мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың
жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен,
лицензиялармен сауда-саттық жедел осіп отыр. Егер 1990 жылы
болса, 2000 жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына
17 млрд доллардан асты.
Халықаралық сауда объектілерінің катарына қазіргі уақытта жобалау
жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімте жалға алу) инжиниринг
(инженерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер)
жатады. Халықаралык саудада "жаңа индустриялды елдер" (Гонконг,
Онтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады.
Бұл елдердің экспортында өнеркосілтік тауарлардың алатын орны
елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1999-2005
жылдары екі еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік
рыноктагы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі
мемлекеттік формалары бар. XV-XII1 гасырларда негізгі экономикалық
теория ретінде меркантилизм устем болтан кезде мемлекеттер экспортың
ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларын, яғни
қатаң протекционизмді қоаданды. Ұлттық өнеркәсіп өніндерінде тиімді
жогары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін
сатуға, мемлекеттік монополия ақшалай байлықты арттыруга ұмтылды.
Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы қысқартып, ұлттық
экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы
өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда (фритретерство) саясатына өтуге
мәжбұр етті. "Еркін сауда" саясатының негізін Р.Рикардоның салыстырмалы
шығындар теориясы қалады. Осы баытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды
жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды.
Кейінірек басқа елдер біртіндеп "еркін сауда" саясатына көше
бастады.
Дүнисжүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар XX
ғасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизм саясатын қайта
өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуына бас тартуға
итермелейді. Мұның өзі бұрыннан қалыптаскан мемлекетаралық сауда
қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде протекционизм ішкі
рынокта ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды
шетелдік өндірушілер бәсекесінен корғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін
тауарлар бағасына кеден салынған арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі,
сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттың, тауарлардың
да, отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.
Халықаралық сауда - экономикалық қатынастарды реттеу үшін
халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ΕACT, ЮНКТАД т.б.
жатады. ГАТТ-тың тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған
қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер
негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі
халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық
проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер,
консультациялар, ксздесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы
мүшелерінің саны 1990 жылы 90-ға жетті.
ЕАСТ- Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы 1960 жылдан бастап жұмыс
істейді. Бұл ассоцияцияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың
негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру. ЮНКТАД-
БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170-ке жуық мемлекет,
соңдай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТАД
халыкаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне
қолдау жасайды.
2. ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең
дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін
сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Скастың пікірінше "қандай бір ел болмасын оның
экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан
окшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ".
Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар
өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың
экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан
құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы
ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның озі халықаралық
сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы
төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да "фритретерствоны" (еркін сауда), немесе
"протекционизмді" (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық
өткен уакыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара
кірігіп, араласып кетті.
Фритретерство саясатының ең алғаш А.Смит өзінің "Салыстырмалы
артықшылықтар теориясында" анықтаған. Ол: "айырбас қандай елге болса да
қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады", - деп жазған.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары
қарқынмен жедел дами бастады.
Халыкаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі
капиталды жаңартуға иті әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді
қызметі;
4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы
халықаралық сауданың реттелуі;
5. коптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы
төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей
рыноктардың қалыптасуы;
7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар "жаңа индустриалды
елдердің" пайда болуы т.б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкіге біліне
бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-
экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы
басымдығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 31 тиген
болса, 1990 жылы ол тек қана 81 тең болды. Өз кезегінде Алманияның
экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.
Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына
айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге
жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде
бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіңдіктері
бойынша Жапонияға Азияның "жаңа индустриалды елдері" - Сингапур, Гонконг
және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық
критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс,
инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-тендігі жатады Классификацияда,
аталғандардан басқа қазба байлыктар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар
т.б факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында
бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде
бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге
ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы
бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ.
Бұлардан соң Алмания, Сингапур Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия
және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне
жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай
нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең
алдымен "жаңа индустриялды елдер" өз экспорттарының құрылымын өзгерту
ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің,
өнеркәсіп бұйымдарының соның ішіңде машиналар мен жабдықтар үлесі артты.
Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең
үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді.
XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралык экономикалық қатынастар
жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді Дүниежүзілік банктің
есептеуі бойнша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық
мұхит бассейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің
теңдеуі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің
үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны "үлкен үштік " АҚШ - Батыс
Еуропа - Жапония шеңберінде ағылып жатыр.
Халықаралық сауданы реттеп, оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді
жойып отыратын негізгі халықаралық ұйым - Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас
келісім (ГАТТ).
ГАТТ-ты құру туралы келісімге 1947 жылы ең алдымен 23 ел қол қойып, ол
келісім 1948 жылы күшіне кірген болатын. 1995 жылы ГАТТ өз қызметін
тоқтатып Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып кайта құрылды. Бұл
беделді халықаралық ұйымның аты өзгергеиімен, заты, принциптері, құқықтық
механизмі өзінің жалғасын Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымын тауып отыр.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы - қатысушы елдердің өзара саудасын
белгілі принциптері, құқықтық нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы
мемлекет деңгейінде реттейтін көп жақты халықаралық келісім.
ГАТТ-тың құкықтық механизмі төмендегі принциптерге негізделген
болатын:
1. Мемлекетаралық сауда қарым-қатынастарыңда бір-бірінс ең қолайлы
жағдай жасау. Осы тәртінке сәйкес келісімшарт жасаған елдер бір-біріне
жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі тиіс, екі ел арасындағы жасалған
келісім автоматты түрде баска мүше елдерге де міндетті;
2. Алаламау (дискриминациялау) принципі. Бұл принципке сәйкес ГАТТ-
қа қатысушы елдердің барлығының сауда қарым-қатынастары тең құқықтық
жағдайда аткарылуы тиіс;
3. Ұлттық рынокты қорғауда мүмкіндігінше тарифтік құралдарды қолдану,
импорттық тауарларды т.б тарифтік емес шектеулерді алып тастау;
4. Көп жақты келіссөздер арқылы кеден бажын прогрессивті түрде
төмендету;
5. Дамушы елдермен сауда қарым-қатынастарында преференциялар
(жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру;
6. Сауда-саттық қатынастарындағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер
арқылы шешу.
ГАТТ-тың қызмет жасаған жылдардағы жұмыс нәтижелері томендегідей
болды.
1996 жылдың басында ГАТТ-тың мүшелігінде 130 мемлекет болды. Осы
жылдың қаңтарында ГАТТ Бүкілдүнисжүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып қайта
құрылды. Қазіргі кезде оған 81 мемлекет мүше. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
ГАТТ-тың принциптеріне қосымша қызмет көрсету саудасы және интеллектуалдық
меншік саудасы жөніндегі келісімдермен толықтырылды. Жаңа ұйым
инвестицияларды қорғауды бақылаудың да жүзеге асырып, реттейтін болады.
Эксперттердің анықтауы бойынша, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының
бақылауында 5 трлн доллар тауар айналымы болмак. Бүкілдүниежүзілік сауда
ұйымының қызметі дүниежүзілік экономикаға жылына қосымша 250 млрд доллар
жуық табыс әкелмек.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы баскарушы органы — Министрлер
конференциясы. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған
келісімдердің толық орындалуын қадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік. әр-бір
қатысумен мемлекетке бұрын келісілген құжаттардың барлығының мүлтіксіз
орындалуын жүктейді.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы халықаралық экономикалық
қатынастарды, оның ірі саласы халықаралық сауданы жаңа белестерге шығарып,
барлық мемлекеттердің сауда қарым-қатынастары деңгейін жоғарылатады деген
сенім бар
БСҰ-бейбіт, қатар өмір сүру принциптерін мейілінше тиянақтайтын
беделді халықаралық ұйым.
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан
секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары оның ішінде ғылыми сыйымды
тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына 500
млрд долл құрайды, ал жоғары технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын.
Машиналар мен жабдыктар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты
ғылыми-техникалық, өндірістік, кооперациялық, қаржы-несие қызметтерінің
айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны
бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг,
лизинг, консалтинг, ақпаратты-есептеу қызметтері жатады.
Инжиниринг - клиентке көрсетілетін инженерлік қызметтердің жиынтығы.
Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны немесе басқа
шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг
материалдық, технологиялық, енбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдаланудың әдістерін іздестіреді
Лизинг - машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімде ареңдаға беру
туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп, банк
монополияларының жалғасып кетуінің жаңа нысаны.
Консалтинг — жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру
қызметі
Соңғы онжылдықта (1999-2009ж.ж) өнеркосібі дамыған елдердің машиналар
мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. Әсіресе электротехникалық және
электронды жабдыктарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың
үлесіне машинатехникалық өнімдер экспортының 25% тиеді.
Халыкаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі химиялық
өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен
шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен.
Мұның себебі біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді
ұлғайту; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы, қалдықсыз
терең өңдеу процестерін қолдану. Дүниежүзілік азык-түлік саудасының оған
деген сұраныстың біршама азайғаны байқалды. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі
дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен
байланысты.
Халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ХВҚ) мәлімсттері бойынша соңғы онжылдықта
(1999-2009ж.ж) халықаралық сауда жыл сайын орта есептен 5,2% өскен Бірақ
мұншалықты өсу барлық уақытта бірдей емес. Мысалы, 2002 жылы 4%-ке дейін
төмендеген. Мұның басты себебі өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған
экономикалық тоқырау. Ал дәл осы кезенде азиялық "жаңа индустриялды
елдерді" сыртқы сауда қарқыны 10%-тен асқан.
2005 жылы халықаралық сауданың көлемі 9,5%-ке жоғарылап, осы жылдардың
басындағы томендеу тенденциясы тоқтаған. Бұл тенденциясы төмендегі кестенің
көрсеткіштері дәлелдейді.
Дүниежүзілік сауданың 2000-жылдардың орта шенінде жедел өсу АҚШ-тың,
Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты.
Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық
коньюнктурасының жақсарғаны да әсер етті.
Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда
халықаралық тауарлар рыногы жыл сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.
Жекелеген елдердің дүниежүзілік саудадағы ролін қарастырсақ, онда
дуниежүзіндегі ең ірі экспорттаушы және импорттаушы елге АҚШ жатады. 2005
жылы АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы 1,2 трлн доллар дан асты. Мұның өзі
дүниежүзілік сауда келемінің 28%-ін құрайды. АҚШ-тан кейінгі Алмания мен
Жапонияның көрсеткіштері жоғары.
Алманияның сыртқы сауда айналымы 802 млрд доллар болып, дүниежүзілік
сауда көлемінің 18,8%-ін құрады.
Жапонияның бұл көрсеткіштерімен қатар 672 млрд доллар мен 15,2% болды.
Ең ірі сауда мемлекеттерінің қатарына Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада,
Голландия, Гонконг, Бельгия (Люксембургпен бірге) кіреді Қытай, Сингапур,
Чили, Финляндия елдерінің де экспорты жедел қарқынмен дамып келеді.
Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты
тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Олардың негізгісі -
мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда-экономикалық одақтар
деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы Дүниежүзілік банктің
есептеулеріне қарасақ бұл одақтардың шеңберінде 99 жылдары дүниежүзілік
сауданың 42% жүзеге асырылған.
Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтарының құрамы мынадый:
1. Еуропалық Одақ - Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия,
Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
2. Еуропалық еркін сауда ассоциациясы — Исландия, Норвегия, Швейцария,
Лихтенштейн.
3. Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім — АҚШ, Канада,
Мексика;
4. Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы— Австралия,
Малайзия, Сингапур, Таиланд, Жана Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия,
Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика,
Чили,
5. "Меркосур" - Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай,
6. Оңтустік Африкалық даму комитеті — Ангола, Ботсвана,
Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Номибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания,
Зимбабве;
7. Батыс Африкалык, экономикалық және валюталық одақ - Кот'д Ивуар,
Буркина - Фасо, Нигерия, Тою, Сенегал, Бенин, Мали,
8. Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымактастық ассоцияциясы - Индия,
Пакистан, Шри-Ланка, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал;
9. Анд пакті-Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия,
Аталған одақтастықтарды құрудың негізінде саяси, экономикалық тарихи
мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан
халықаралық сауданың дамуына игі әсер етеді (аймақ, одақ шенберінде),
екінші жағынан кез келген жабық кұрылымдарға тән біркатар кедергілер де
болады.
Біртұтас олемдік рыноктар жүйесін қалыптастыру бағытыңда әлі де болса
көптеген кедергілер мен қайшылыктар бар Еркін сауда немесе протекционизм
мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда экономикалық одақтастыктарына
мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне, ескере отырып, проблемалардың
оңтайлы, шешімін іздестіру үстінде.
2.3. Бүкіләлемдік сауда ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен міндеттері
Бүкіләлемдік сауда ұйымы-бұл әрі ұйым, әрі құқықтық документтер
кешені, тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы саласындағы
үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын көпжақты сауда келісімі.
БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы Уругвайлық
раундтың көпжақты келіссөздерінің аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол
қойылғаннан кейін құрылды. БСҰ тарифтер мен сауда бойынша Генералды
келісімнің (ГАТТ) қабылдаушысы болып табылады.
БСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы оған ГАТТ-қа қарағанда көбірек
мемлекеттер қатысады (ГАТТ 146) және оның қызметтерінің масштабтары
кеңірек. ГАТТ тек қана тауарлар саудасы саласында қызмет етті; БСҰ тауарлар
мен қызметтер саудасын қамтиды, сонымен қатар интеллектуалды меншік
құқықтарын қорғайды және келіссөздер процессі мен қайшылықтарды шешу
кезінде елдер арасында сауда қатынастары құрылатын форум болып табылады.
ГАТТ және БСҰ екі принципке негізделген; дискриминациядан бас тарту
және нарықтық тиімділік немесе нарыққа болжамдалатын, ашық, өзара қауіпсіз
жолмен шығу.
Бұл екі принцип өз кезегінде 4 элементтерден тұрады:
-дискриминациясыз сауда, яғни саудада өзара ең қолайлы режим (ЕҚР)
туғызу және шетелдік тегі бар тауарлар мен қызметтерге өзара ұлттық режим
жасау;
-сауданы көбінесе тарифтік тәсілдермен реттеу, сандық және басқа
шектеулерді пайдаланудан бас тарту;
-сауда саясатының транспаренттілігі;
-сауда дауларын консультациялар және келіссөздер арқылы шешу және т.б.
БСҰ-ның ең маңызды функциялары:
-Уругвайлық раундтың документтер пакетінің келісімдері мен шарттарының
орындалуын бақылау;
-мүдделі мүше-елдердің арасында көпжақты сауда келісімдері мен
консультациялар жүргізу;
-сауда дауларын шешу;
-мүше елдердің ұлттық сауда саясатының мониторингі;
-БСҰ компетенциясына қатысты мәселелер бойынша дамушы мемлекеттергк
техникалық жәрдем көрсету.
БСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылқтарды келесі жолмен соммалауға
болады:
-серіктестерге қысым көрсетілген жағдайда, ұлттық мүдделерді қорғауды
қамтамасыз ететін БСҰ-ның дауларды шешу механизмін пайдалану және осылай
дискриминацияны жою;
-халықаралық сауданың жаңа ережелерін жасау кезінде әлемдік сауда
жүйесіне тиімді қатысу арқылы өздерінің ағымдағы және стратегиялық сауда-
экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігі.
БСҰ-ның барлық мүше-елдері Көпжақты сауда келісімдері (КСК) деген
терминмен біріктірілген негізгі келісімдер мен заңдық документтерді орындау
бойынша міндеттерді қабылдайды. Осылай, БСҰ жүйесі өзіндік көпжақты
келісімді білдіреді (келісімдер пакеті), олардың нормалары мен ережелері
тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасының жобамен 97% реттейді.
Уругвайлық раундтың документтер пакетінің 2-ші бөлігі (1-4
қосымшалардан басқа) Марракештегі министрлер кеңесінің нәтижесі (1994)
бойынша қабылданған шешімдер мен декларациялардан, сонымен қатар басқа да
Келісімдерден құралады. Бұл документтерде БСҰ-ға мүше елдер қабылдайтын
қосымша шарттар мен ережелер құрастырылады. Тауарлар мен қызметтерді
нарықтарға шығарудың ұлттық міндеттерінің тізімін есептегенде БСҰ
документтерінің толық пакеті қазіргі кезде жобамен 30 мың парақтан тұрады.
Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жиынтығы елуден жоғары
тауарлар саудасы бойынша Көпжақты келісімдер мен басқа да құқықтық
документтерді біріктіреді, олардың негізгілері БСҰ-ны бекіту туралы Келісім
және оған қосымша тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Қосымша 1А:
Тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Тарифтер мен сауда туралы 1994 жылғы Генералды Келісім (ГАТТ-94)-
тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің
құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарифтер мен сауда туралы Генералды Келісім 1947- тауарлар саудасы
режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен
міндеттерін анықтайды.
Ауыл шаруашылығы бойынша келісім-ауыл шаруашылық тауарлар саудасын
реттеудің ерекшеліктерін және осы сектордағы өндіріс пен сауданы
мемлекеттік қолдау шараларын қолдану механизмін анықтайды.
Текстиль бұйымдары мен киім бойынша келісім-текстиль мен киім
саудасын реттеудің ерекшеліктерін анықтайды.
Санитарлы және фитосанитарлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz