Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары
Жоспар.
Кіріспе
1. Жұмыссыздық мәні, себептері, түрлері және салдары.
1.1. Жұмыссыздың мәні мен себептері.
1.2. Жұмыссыздың түрлері.
1.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық салдары.
2. ҚР – дағы жұмысcыздың жағдайы және шешу жолдары.
2.1. Жұмыссыздық жағдайын талдау
2.2. ҚР-ң Үкіметінің жұмыспен қамту саясаты.
3. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары.
3.1. Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы.
3.2. Жұмыссыздарды еңбекпен қамту.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Назарбаевтың халыққа ұсынған
биылғы Жолдауында Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құрған
жағдайда және еңбекке қабілетті халықты мемлекеттің экономикасына тартуға
бағытталған жағдайда ғана тиімді болады делінген.
Казіргі жағдайда халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, халықтың және еңбек
ресурстарының ұдайы өсу процессі, демографиялық жағдай, еңбек ресурстарын
басқару мәселелері елдің экономикасы үшін ең басты мәселелердің бірі болып
саналады.
2007-2009 жылдары жұмыссыздықты азайту үшін тиімді жұмыспен қамтуды
қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жұмыс күшінің сапасын
арттыруға бағытталған белсенді саясат жүргізіледі. Қоғамдағы
өзекті мәселелердің бірі - жұмыссыздық. Жұмыспен қамтудың негізгі
басымдықтарының бірі - жаңа жұмыс орындарын ашу.
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып
қалып отыр. Елдегі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықтың жұмыспен
қамтылуына байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі
болып табылады.
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында жыл сайын бос орындар
жәрмеңкелері өткізілуде. Бүгінгі таңда 52 жәрмеңке ұйымдастырылып,
жұмыс іздеп келген 14 мың адамның 7,3 мыңнан астамы жұмысқа орналасуға
мүмкіндік алды, 590 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 219 адам кәсіптік оқуға
жолдама алды.
Осы орайда курстық жұмыстың мақсаты- казіргі уақыттағы жұмыссыздықтың
күй - жайын жан жақты зерттеп, жұмыссыздықты болдырмау жолдарын қарастыру.
Қойылған мақсат курстық жұмыстың келесі міндеттердің бірін
анықтайды:
- нарықтық экономика жағдайында жұмыспен қамтылу мәселелеріне мемлекет
тарпынан қолдау көрсету мен жұмыссыздық деңгейін төмендету әдістеріне
талдау жүргізу.
I . Жұмыссыздың мәні, себептері, түрлері және салдары.
1.1. Жұмыссыздың мәні мен себептері.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте
егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша
жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз
атанады:
1) Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс
орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде
өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына
қосылған адам,.
2) Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша
жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
3) Адамды жұмытан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан
босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл
жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
4) Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең
соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп
есептелінеді.
Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, артық
халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл – капитал құрылысқа тән
құбылыс. Ол К.Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының
әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты
болып табылады. Артық адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет
Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның
еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай
жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты
құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың
жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы
сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі
себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және
бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі
капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр
етеді. Мыс., Қазақстанда 1993 жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе,
ал капитал құны 12 есе өсті.
Өзгермелі капиталдың бір шама тез азаюы, көбінесе өндрістегі ғылыми-
техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранымның
абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және
жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-
жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдама еңбек адамы соғұрлым аз керек
болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған
жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр
етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашартылады.
Артық еңбекші халық капитализм қорланудың жемісі, осы қорланудың
құралына, тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады.
Жаппай жұмыссыздық болуы әрбір жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыссыздардың
қатарына шығып қалу қорқынышын туғызады. Капитализм бұл қорқынышты
пайдаланады, жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым
күшті қысым жасайды. Капитализм қоғамда жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар.
Капиталистер үшін ол – арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл
жұмысшы табын қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен
өмір сүруінің қажетті шарты. Еңбекшілер үшін жұмыссыздық – тек
материалдық, моральдық жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей
қартаю. Формасы жағынан жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы
жұмыссыздық болып бөлінеді. Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын.
Буржуазиялық саяси экономия мен статистикада қолданылып жүрген
жұмыссыздықтың формаларын анықтау методологиясы, сондай-ақ артық
адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың дәл мөлшерін әдейі азайтып
көрсетеді. Буржуазияшыл экономитсер жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне
қарай толық және ішінара жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір
апта немесе одан да көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп
санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағатта жұмыс істеген болса жұмыссыз деп
санамайды
Жұмыссыздық – капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономика
жағынан дамыған капиталистік елдердің бәрін де артық еңбек ресурстарының
көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір
жылдары тіпті көбейтіп кетеді.
1.2. Жұмыссыздық түрлері.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт
бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:
• Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына,
тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.
• Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз
етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.
• Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және
жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде
болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану
жоғарылайды.
• Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша)
жұмыссыз қалады.
Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін –
жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы
бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі
болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар
ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз
жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек
жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де
жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс
сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.
Келесі фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту
деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды.
Енді жұмыспен толық қамтылғанда пайда болған жұмыссыздықты –
құрылымдық жұмыссыздық деп атаймыз. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыссыздық
еңбек нарығын құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды
жұмыссыздық деңгейімен бара-бар.
Ал циклдық жұмыссыздық – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім
жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.
Ымыраға келмеушілік – еңбек нарығының әрдайым өзгерістерге болуынан
туынадатын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері
жұмыс істеуді жалғастыра бареді. Бір фирма жұмысшы жалдаса, енді бірі оны
жұмыстан босатып жатады.
Адамға жұмыс табу үшін уақыт қажет.
Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз - жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен
сол аралықтағы жұмыссыздық.
Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс
істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффиценті құрайды.
Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс.
Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орнынан екінші
орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс
іздеуі және оны күтуі және т.б. Осы себептен жұмысы жоқ адамдар фрикциондық
жұмыссыздықты құрайды.
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті
қозғалысымен байланысты жұмыссыздық.
Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің
сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді.
Адам өзіне қолайлы жұмыс орнын іздеу үшін жұмыстан босанады. Мұндай
жұмыссыздықты ізденіс үстіндегі жұмыссыздыққа жатқызамыз. Жұмыстың бәрі
бірдей болған жағдайда, жұмыссыз адам бірінші ұсынылған жұмысқа орналасады.
Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда сол адамға
жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.
Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып,
басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі:
сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді.

2008 жылы жаһандық қаржы дағдарысы әлемдік экономиканың өсу қарқынының
тежелуіне едәуір әсер етті. Бірқатар елдерде экономикалық рецессия байқалып
отыр.
Әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздық Қазақстанның
экономикалық өсу қарқынына ықпал етті. Алдын ала бағалау бойынша 2008 жылы
экономикалық өсу 3,1 %-ды, жұмыссыздық деңгейі шамамен 7 %-ды, инфляция
жылдың соңында 9,5 %-ды құрады.
2009-2010 жылдары әлемдік рыноктардағы жағдай күрделене түсуі мүмкін және
оның салдары отандық экономикаға қолайсыз сипатта болады. Әлемдік тауар
рыноктарында Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымдарына төмен бағаның
сақталуы мүмкін.
Осындай жағдайларда 2009 жылы экономикалық саясат елдегі әлеуметтік-
экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсартуға
бағытталады.
Үкімет пен Ұлттық Банк саясатының басты мақсаты әлеуметтік
тұрақтылықты қамтамасыз ету және макроэкономикалық теңгерімді қолдау,
сондай-ақ экономикалық өсім мен іскерлік белсенділікті ынталандыру болады.
2009 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі бағалау бойынша шамамен 2 %-ды құрайды,
жұмыссыздық деңгейі 8%-дан аспайды. Инфляция 2009 жылдың соңында 9 %-ды
құрайды деп болжануда.
Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
және Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі (бұдан әрі – ҚНРА) қабылдаған экономиканы және қаржы
жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-
қимыл жоспарын (бұдан әрі – Бірлескен іс-қимыл жоспары) іске асыру
көрсетілген мақсаттарға жетудің негізгі құралдарының бірі болады.
Бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде қаржы секторын тұрақтандыру,
шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін, жылжымайтын мүлік
рыногын дамыту, экономиканы одан әрі әртараптандыру, жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі
міндеттер шешіледі.
Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚНРА отандық қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді және экономиканың нақты секторына кредит беру үшін
қажетті жағдай жасайды.
Үкімет баға құрайтын екінші деңгейдегі банктерді қосымша
капиталдандыруды қамтамасыз етеді. Үкіметтің жекелеген екінші деңгейдегі
банктер деңгейіндегі тұрақтандырушы шаралары, оның ішінде екінші деңгейдегі
банктермен жасасқан меморандумдар шарттарының іске асырылуын көздейді.
Көрсетілген инфляция деңгейіне қол жеткізу және елдің қаржы жүйесін
тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк теңгерімді ақша-кредит
саясатын жүргізеді.
Қысқа мерзімді өтімділікті реттеу және оны барабар деңгейде ұстап тұру
үшін Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландыру қарызын
береді, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде
қабылданатын құралдардың тізбесін одан әрі кеңейту, екінші деңгейдегі
банктерге кепілсіз кредиттер беру, банктерде Ұлттық Банк депозиттерін
орналастыру мүмкіндігі қаралады.
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің әр түрлі кредиторлар типтері
алдындағы міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін әзірлейді және енгізеді.
Бұл ресурстарды банкаралық нарық арқылы қайта бөлуге және қысқа мерзімді
құралдар ақша рыногындағы операцияларға қол жеткізуді кеңейтуге ықпал
етеді.
Қысқа мерзімді өтімділіктің және Ұлттық Банк беретін банкаралық
міндеттемелер бойынша кепілдіктердің көлемі екінші деңгейдегі банктің
меншікті капиталы мөлшерінің 50%-ы сомасынан аспайтын болады.
Өз кезегінде ҚНРА отандық қаржы секторын реттеуді күшейтеді. Қаржы
ұйымдарының өз капиталының жеткіліктілігін бағалауға ағымдағы тәсілдер
жетілдіріледі, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес
проблемалық активтерге арнайы провизияларды қалыптастыру тәртібі
қатаңдатылады және қаржы ұйымдарындағы менеджмент тәуекелге қойылатын
талаптар күшейтіледі.
ҚНРА акционерлердің жауапкершілігін арттыру қағидаттарын ескере отырып
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуінің және салымшылардың мүддесін
қорғауды қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін пысықтайтын болады.
Ұлттық Банк пен Үкімет экономиканың активтері мен міндеттемелерінің
едәуір үлесі шетелдік валютада болғанда және қарыз алушылардың активтер
валютасы мен міндеттемелерінің сәйкессіздігіне негізделген жоғары кредиттік
тәуекел болған жағдайда қаржы тұрақтылығы көрсеткіштерінің нашарлауын
болдырмау үшін төлем теңгерімі мен теңгенің айырбас бағамының жай-күйіне
үнемі мониторинг жүргізеді.
Осыған байланысты Ұлттық Банктің іс-қимылы ұлттық валютаның
тұрақтылығын қамтамасыз етуге немесе теңге бағамының шетел валютасына
қатысты бақыланатын шекте қалқымалы өзгеруіне бағытталатын болады.
Тұтастай алғанда, Үкіметтің қызметі экономиканы сауықтыруға және
орнықты сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағдарланатын болады.
Тұрақтандыру шараларын іске асырумен қатар қолайлы инвестициялық
ахуалды сақтау, бәсекелестікті дамыту және жобаларды экономиканың әлеуетті
экспортқа бағдарланған секторларында іске асыру арқылы перспективалы даму
үшін негіз қаланатын болады.
Үкімет ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды бастауды,
агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамытуды және “Қазақстанның 30
корпоративтік көшбасшысы” бағдарламасын серпінді іске асыруды қамтамасыз
етеді.
Экономикалық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шаралар шағын және
орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, оның ішінде
әкімшілік кедергілерді одан әрі азайтуға бағытталатын болады. Отандық
кәсіпорындарды қолдау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың,
мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларына кең
қолжетімділік берілетін болады.
Жылжымайтын мүлік рыногын тұрақтандыру үшін Үкімет 2009 жылы үлестік
құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады
және арнайы ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруға кіріседі.
2009 жылы Үкімет қызметіндегі негізгі басымдық жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау болады.
Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өндіріс көлемінің
азаюы нәтижесінде уақытша босаған қызметкерлерді ірі кәсіпорындармен
ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумдар шеңберінде жұмыспен қамту
және босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлауды және қайта даярлауды
ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Жұмыс орындарын құру, оның ішінде қоғамдық жұмыстар, инфрақұрылымдық
және әлеуметтік объектілер салу, заңсыз еңбек көші-қонын бақылауды
қатаңдату есебінен қосымша ауқымды шаралар кешені көзделеді.
Барлық әлеуметтік міндеттемелер, оның ішінде Мемлекет басшысының 2009-
2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік
төлемдерді, зейнетақыларды және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны
ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде толық көлемде әрі
уақтылы қаржыландырылады.
Салық-бюджет саясатының шаралары экономикаға салық жүктемесін азайту
арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыруға және мемлекеттік
шығыстардың теңгерімді саясатын жүргізуге бағытталатын болады.
Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру, атап айтқанда 2009 жылы
корпорациялық табыс салығының ставкасын 30%-дан 20%-ға дейін, қосылған құн
салығын 13%-дан 12%-ға дейін азайту, сондай-ақ салық төлеушілердің
шегерімдер жүйесін ырықтандыру кәсіпорындар үшін рыноктардың қолайсыз
конъюнктурасын жұмсартуға және олардың инвестициялық мүмкіндіктерін
кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, экономикаға
мультипликативтік әсер ететін жобаларды бірінші кезекте қаржыландыруға және
халықтың қажетті жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға бағытталған икемді
бюджеттік инвестициялық саясат жүргізілетін болады. Бұл ретте экономикалық
жағдай нашарлаған және бюджетке түсетін түсімдер қысқарған жағдайда,
кідіріссіз шешуді талап етпейтін шығыстар оңтайландырылады немесе неғұрлым
кеш мерзімге қалдырылатын болады.
Бюджет тапшылығының, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет
кепілгерліктерінің мөлшері макроэкономикалық теңгерімділікке қол жеткізу
қажеттілігін ескере отырып, қолайлы деңгейде ұсталып тұрады.
Үкімет “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамымен
бірлесіп, бюджет қаражатының, оның ішінде Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске
асыруға бағытталатын қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауды қатаңдатады.
Айтылған шараларды, оның ішінде Бірлескен іс-қимыл жоспарын тиімді
іске асыру үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚНРА елдегі экономикалық ахуалға
және әлемдік экономиканың даму үрдістеріне үнемі мониторинг жүргізеді және
қажетті түзету шараларын.
2. ҚР – дағы жұмыссыздың жағдайы және оны шешу жолдары.
2.1. Жұмыссыздық жағдайын талдау
Экономикалық саясат үшін шешуші сұрақ – экономика жұмыспен қай кезде
толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4
немесе 6 % болғанда ма ? Және саясаткерлер жұмыссыздық деңгейі 6 % - ке тең
болған жағдайда жұмыссыздықты төмендету үшін сұранымның артуын сақтап қалуы
қажет пе ? Кейде жұмыссыздықты 5 % төмендету қауіпті деген пікір айтылады,
өйткені соның нәтижесінде инфляция өсетін көрінеді. Ал енді біреулер
жұмыссыздықты 7 % төмендетсе, инфляция сөзсіз болып, еңбек нарығы енжар
әрекетке көшеді дегенді айтады.
Халықтың тұрмыс дәрежесінің төмен не жоғары болуының басты
факторларының немесе себептерінің бірі еңбекке жарамдылардың қаншасы
жұмыспен қамтылған, қаншасы жұмыссыз екендігі. Бүгінгі күні республикадағы
еңбек рыногында жұмыссыздық ең ірі өткір мәселе.
1999 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 12.225,8 мың адам болды
немесе ол бүкіл халықтың 34,2 % пайызы болды. Одан басқа 4.273,2 мың адам
экономикалық белсенді емес деп саналды, Сонда еңбек ресурстары 11.479,0 мың
адам. Экономикада шұғылданатын адам саны 2004 жылы 10.1245 мың деп
есептелді. Оның 3.676,1 мыңы заңды тұлғаларда, 4.4484 мыңы шаруа
қожалықтарында жұмыс істейтіндер, 489,7 мыңы шағын кәсіпорындарында (жұмыс
саны 50-ден аспайтын), 4.456,1мың адам өздігінше жұмыс істейтіндер. Ал
қалған 12,962 мың адам немесе экономиканың белсенді халықтың 4,1 % пайызы
жұмыссыздыр болып саналды. Осы дерек шындыққа сәйкес сияқты. Кейбір
сарапшылар мен мамндар жұмыссыздар саны статагенттіктің бұл жағынан
әжептеуір көбірек деп айтып, жазып жүр.
Қазіргі кезде үкімет кедейлікпен күрес бағдарламасын жасап,
жұмыссыздардың санын азайтудың жолдарын табу.
2005 жылдың 1 қаңтарында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі
экономикалық белсенді халықтың 4,5% болды.
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің сараптамалық
бағалауы бойынша 2006 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл
басындағы 15,6 пайыз орнына 13,4 пайызға дейін төмендеді.
Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық
еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін
жетілдіру үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, оны
2006 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізетін
болады.
2006 жылы 1 қаңтарға жұмыспен қамту орталықтарына өтінішпен барған
азаматтар саны 489,3 мың адам болды, ал 2005 жылғы 1 қаңтарында 439,3 мың
болғандығы. Ауылды жерде жұмыс іздеуші адамдар саны 118,2 мыңға жетті, яғни
2000 жылдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз,
Оралда 5,1 пайыз, Қызылорда да 6,0 пайыз, Маңғысатауда 5,8 пайыз және
Атырау облысында 4,9 пайыз болды.
Жасалған талдау көрстекендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту
органдарына өтінішпен барушылар санының біраз өсуінің себептерінің бірі –
жұмыссыз ретінде тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде
жұмыспен қамту бағадрламасына мезгілінде қаражат бөлуіне себеп болды.
Мәселен, Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген мөлшердің 87
пайызындай, Оралда -75 пайызындай, Қызылордада – 72 пайызындай, Маңғыстауда
– 85 пайздай және Атырау облысында – 79 пайызындай болды.Сондай-ақ
жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың құрылымы мен статусын
(жағдайын) күшейту де өз әсерін тигізді.
Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының орындалуы үшін
2005 жылға 19.530,4 миллион теңге (Жалпы ішкі өнімнің 0,85 пайызы) қаржы
бөлу жоспарланғандығы, нақты бөлінгені 16.650,3 миллион теңге (ЖІӨ - нің
0,7 пайызы) яғни жоспар 85,3 пайыз ғана орындалды.
2006 жылдың 1 қаңтарына республика бойынша тұтас алғанда есепке 231,4
мың жұмыссыз адам тұрды, оның 22,2 мыңы ғана материалдық көмек алды, 7,8
мыңы қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін
көтеруде және қайтадан даярлауда болды.
Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80 пайыздан
жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан ( 87 %), Батыс Қазақстан (81%), Қарағанды
облыстарында (86%) және Астана қаласында (81%) орын алды.
Алайда қорыта келгенде, жұмысқа орналастыру жөніндегі органдарға
өтініш жасап барған жұмыссыздар деңгейі орта есеппен 3,3 пайыз көлемінде
ғана болуы бұл мәселеде халықтың оған сенімінің төмен екенін көрсетеді.

“Еңбек рыногы және жұмыспен қамту саясаты” деген проблеманыың мәселеде
зерттеу арқылы жоба жасау туралы Қазақстан мен Германия арасында 1996-1997
жылдары келіс сөз жүргізіліпті. Ол жобаға кірісу 1998 жылғы ақпан айынан
қолға алынған екен. 2000 жылдың басында “Техникалық ынтымақтастық
жөніндегі неміс қоғамының”тапсырысы бойынша мамандардың халықаралық тобы
“Талдықорған қаласындағы жұмыссыздық жағдайы және экономикалық дамудың
жұмыспен қамтуға көмектесе алатын әлеуметтік мүмкіндіктері”деген тақырыпта
жүргізілген жобалық зерттеу нәтижесі бойынша есеп даярлады. Бұл жұмысты
орындауға Қазақстан Республикасы Экономика Министірлігінің экономикалық
зерттеулер институтының (ЭЗИ), қоғамдық пікірді зерттудің бүкілресейлік
орталығының (ҚПЗБО), Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі
агенттігінің мамандары қатысты.
Мен ең алдымен талқылауға жиналып отырған тәжірибелік жобаны
жасауға себепкер болған кейбір басты мәселелерге көңіл аударғым келеді.
Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша кедейлікпен жасалып және
жұмыссыздықпен күрес жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Ол сәуір айында
аяқталып жалпы ұлттық сипат және Президенттің бекіткен құжаттың мәртебесін
алмақ. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің Жарлығымен іске
қосылды. Мұнда күрделі мәселелер өте көп. Қазіргі кезде оның алғашқы
нұсқасы ғылыми қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының,
үкімет орындарының көмегімен жазылып, дайындалған десекте, оның әлі де
пісіп жетілмеген жерлері баршалық.
Біріншіден, тәжірибелік жобамен мұқият танысқан соң жобаның кейбір
тұстарын жалпы ұлттық бағдарламаға кіргізу қажет деген қорытындыға келдім.
Мен бұған үлкен мән беріп айтып отырмын. әңгіме тек жұмыссыздықтың ана
түрін, мына түрін айқындаудың және еңбек ресурстарына қалай ықпал жасаудың
сипаты жайында ғана болып отырған жоқ, мұнда әкімшіліктің қызмет жайлы
нақтылы ұсыныстар бар. Сонымен қатар біздің ескеріп, бағдарламаға
кіргізетін ұсыныстар да бар. Сондықтан жобаны жасаушыларға мен алғысымды
айтамын.
Жұмыссыздық және кедейлік – бұлар экономикалық және әлеуметтік
түсініктер. Балланс бойынша жұмыссыздық бүгінде 13,5 процент, ресми
тіркелгені – 3,9 пайыз, ал шын мәнінде көптеген аймақтарда оның деңгеці
әлдеқашан жоғары. Жұмыссздық неге көп, неліктен осылай болып отыр дегенде,
кейбір саяси мәселердің толық шелілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз
етуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан
екеніне біздің сеніміміз мол.
Біздер жұмыссыздық пен кедейлік жөнінде материал жинағанда
үкіметтің әр кездегі қимылының тиянақсыздау болғанын байқаймыз. Жұмыспен
қамту қызметі жаңа жұмыс орындарын жасағаны үшін ынталандыруға бдағдар беру
керек. Ол үшін 7 миллиард теңге бөлінгенді. Бұл қор 1999 жылы жойылып, тек
жұмыссыздық жөніндегі борыш қана қалды. Екіншіден, бұрын жұмыспен қамтудың
мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен
кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Көбінесе кәсіпорын
жұмысқа алған адамдарды “биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырады”
деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар
ақша алады.
Бүгінгі күні экономикамыз біраз көтерілген тұста жұмыссыздық онша
байқалмайды. Ал егер әлемдік бағалар өзгеріп, төмендесе, біздегі ахуал
қиынға айналуы мүмкін. Біз жұмыссыздықпен күрес бағдарламасында біздің
елдің өзін-өзі қамтамасыз етуінің элементі болуға тиіс салаларда қажетті
жұмыс орындары жасаған жоқ деп мойындаймыз. Бұлар – жеңіл тамақ өнеркәсібі,
бірінші кезекте қажет товарларды өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, яғни
біз Қытайдың, Ресейдің, Түркияның товарларын импорт жасадық та олар біздің
рынокта лық толтырды, ал біз валютаны шетке жіберіп жатырмыз. Қазіргі күні
бұған төзуге болады, өйткені, әлемдік бағалардың жоғары болуымен валюта
көптеп түсуде. Жоғарыда айтқанымдай егер бағалар төмендесе онда біздегі
әлеуметтік жағдай ауырлау болады. Себебі, жер асты кендерін қазып
шығаратын өнеркәсіпте жұмысшыларды жұмыстан шығару күшейеді.
Осыларға сәйкес кейбір мәселелерді сіздермен талқылағым келеді.
Біріншіден, айқын экономикалық тетіктерді жасамай тұрып, жұмысшылардың
құрамын қайтадан жасау, өндірістің құрамын өайтадан жасау жайында сөз ету
бұл шындыққа сай болмайды. Екіншіден, егер қазір жұмысшыларды қайтадан
оқытуды сөз етсек, онда қазір бізде жұмыс күші артық және өте білікті.
Біөге бір бос жұмыс орнына 29 маман етсек, оған жергілікті бюджеттен ақша
бөлінеді. Бірақ та берешек көлемі өте үлкен, ол орындалмайды.
Қазақстанда шағын, ұсақ өндіріс күшті дамығаны белгілі. Қазір ол
тіпті әлсіреді. Біз 1 (өндіріп) өнім өндірсе, жеңілдіктер соған берілуге
тиіс дейміз. Әрине, Қытай товарын екі қаптауға болады. Ал өзімізде товарды
жаңадан өндіруге уақыт керек, кейде жолдар қажет. өндірістік циклге айналым
жасауына көп уақыт кетеді. Сөйтіп өз өндірісін жаңа жұмыс орындарын
құрғандарды көтермелеу керек. Одан салық салуды, кеден бажын реттеу қажет.
Қазір ішкі рынокты жабуға болмайды деушілер көп. Ал көп елдерде кеден бажы
20 пайызға дейін жетеді. Ал, бізге қазір аяқ киімге, тоқыма, тігін
бұйымдарына, әр түрлі маталарды әкелуге кеден бажының вставкасы нөлден 5
пайызға дейін, көп елдерде 5 пайызда қолданылмайды, баж жоқ. Еш баж салығын
алмай күніміз жоқ, онда жаңа жұмыс орындарын құра алмаймыз. Сондықтанда
біз аса жоғары кеден бажын қолданбай-ақ, аяқ киім және тігін бұйымдары 20
пайызға дейін баж салығын тағайындасақ, бұл осы өндірісті өзімізде дамытуға
болар еді.
Жұмыссыздық сияқты әлеуметтік құбылыстың пайда болуы Қазақстан
үшін жаңа оқиға болып табылады. Жұмыссыздық мәселесін үкімет әр түрлі заң
актілерін қабылдау, көптеген бағдарламалар жасау арқылы шешуге тырысуда.
Сол кезде ешкімде жұмыссыздардың өздері нені қалайды, олардың жалпы келбеті
қандай екендігін зерттеген емес. Мұнсыз бағдарламаларың көптеген қағидалары
жүзеге асуы мүмкін емес және де тиімді де болмайды. Екінші жағынан жұмыс
берушілердің жұмыспен қамту мәселесін шешідің жолдары туралы пікірлерін
ескеру де қажет. Тек жұмыс берушілер мен жұмыссыздардыңі көзқарастарын
салыстырып қарау арқылы ғана жұмыспен қамтудың нақтылы және тиімді жолдарын
жасап шығаруға болады. Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам
жұмысқа орналастырылды, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайыз.
Ауылдық жерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарлама 2000
жылғы белгіленген еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалды.
Республика бойынша 2000 жылғы желтоқсанның аяғында бір бос
жұмысорнына есеппен 25 адам, ауылдық жерде 137 адам таласты.
Жеке аймақтар бойынша алып қарағанда Қарағанды облысында
бағдарлама бойынша жұмыс сұрап келегн 18 мың адамды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz