МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ,
ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен
бағалау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .15
2.1 Қазақстан Респуликасындағы Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы
демократияландырудың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы тиімді басқару
жүйесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..17
2.3 ҚР Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған
әкімшілік
реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .21
ҚОТЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты
бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның 2030
жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі
ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің
тиімді жүйесін құруды анықтады.[1;282б]
Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында-ақ
мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның
заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 1999 жылы қабылданып,
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастан күшіне енген “Мемлекеттік қызмет туралы”
Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол
ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген
нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты
еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық
жағдайларына және т.б негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен
қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша
бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да басқа
елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай
мемлекеттік қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту
мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.
Мемплекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға қойылып отырған жаңа
талаптар мемлекеттік қызметтің жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік
қызметшілердің мәртебесіне қатысты мәселелерді зерделеу қажеттігін
негіздейді. Осылардың барлығы да курстық жұмыстың өзектілігін негіздейді.
Елбасымыз “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мелекеттік
саясаттың ең басты мақсаты” деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап
көрсеткеніндей: “Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның
мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып,
нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту
жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс”.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
басқару жүйесін жетілдірудің теориялық негіздерін қарастыру негізінде
қазіргі таңдағы мемлекеттік басқару жүйесінінің тиімділігін арттырудағы
мәселелерді талдау.
Курстық жұмыстың обектісі – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
жүйесі. Зерттеу пәні – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін
арттырудағы іс-шаралар жиынтығы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі
бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Осы тақырыпқа байланысты жұмыс жасаған мынадай авторларды атап
кетсем: Кубаев К.Е., Әбікен Тоқтыбекеов, Төлемісов Орынбасар, Мусатаева
А.А., Кенжегузин М.Б., Гапоненко А.Л.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-
экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері, басқарудың
тиімділгін арттырудағы есепке алынатын факторлар; ал курстық жұмыстың
екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық
жағдайды дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері, мемлекеттік
басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы қарастырылған.
І МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ

бағалау әдістері
Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен
тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе
шетел және ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.
Қызмет тиімділігі түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде
басқарушылық қызметте де қолданылады. Экономикалық ғылымда экономикалық
тиімділік категориясы және оны бағалаудың тиісті өлшемдері енгізілген.
Нарықтық бәсекелестік жағдайында фирманы басқару процесінде қатысты қазіргі
заманғы менеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар
өзгертулер енгізе отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін
анықтау барысында қолдануға болады.
Қызмет тиімділігі түсінігі мемлекеттік басқару теориясында
жеткілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды ұғымдардың біріне
жатады. Ал жалпы қоғамның, әрбір басқарушынының, басқарылатындардың
басқаруға және оның шешімдерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың қандай
нәтиже бергенін білу қажет. Сондықтан басқару тиімділігі жайлы толық
ақпаратқа ие болмай және оны өлшеуге ұмтылыс жасамай басқаруды бақылау мен
оны жетілдіру жолдарын анықтау мумкін емес. Көптеген деректер осындай
жағдайдың жетілмеген, жүзеге аспаған мемлекеттік басқарудың басты себебі
болып табылады. Саясаткерлер барлық игіліктерге қол жеткіземіз десе де,
көбіне мақсаттар мен жоспарлар орындалмай қалады, күш-жігер орынсыз
жұмсалып, маңызды қоғамдық және жеке құндылықтарға қол жетпей жатады.
Сондықтан басқару тиімділігінің мәселесі аса маңызды, мемлекеттік
басқарудың объективтілігімен тікелей байланысты.
Жалпы тиімділік екі жағдайда: біріншіден, қол жеткен нәтиже мен
шыққан шығындар арасындағы айырмашылық оң сольдоны, яғни адам еңбегінің
әкелген пайдасын көрсеткенде, екіншіден, осы айырмашылық қоғамның,
адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болған кезде
көрініс табады. Кез келген қызметтің нәтижесінде рухани және материалдық
өнімнің өсуі болмаса, әлеуметтік жағдай жақсармаса, онда ол қызмет түрі
тиімді деп саналмайды. Сонымен бірге өнімнің өсуіне қол жеткізілген, бірақ
ол адамдардың мұқтаждықтарына, олардың мәселелерін шешуге қолданылмаған
жағдайда да тиімділік жоқ деп есептелінеді.
Әр түрлі мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару
органдары көптеген объект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының
басқару тиімділігі де әр қилы болады. Мысалы, қандай да басқарылатын объект
белгілі бір өнім өндірген немесе әлеуметтік қызмет көрсеткен кезде
туындайтын өндірістік тиімділік. Басқарылатын объектілердің қызметінің
нәтижесінде көрініс табатын басқарудың мұндай тиімділігі өндірілген өнім
мен оны өндіруге кеткен шығындар арасындағы арақатынасты білідіреді. Ол
басқарылатын объект шеңберінде еңбекті ұйыдастырумен байланысты,
технологиялық сипатқа ие нормативтік-құндық шығын көрсеткіштері бойынша
өлшенеді.
Орталықтандырылған жоспарлы экономикада өндірістік тиімділікке қатты
көңіл аударылды. Кәсіпорындар (ұйымдар) берілген номенклатуралық-натуралдық
көрсеткіштерге міндеті түрде қол жеткізуі керек еді. Өндірілген өнімнің
қоғам мүшелерінің талаптарын қанағаттандыруы өндірушілер мен оларды
басқаратын мемлекеттік органға да аса қажет болмады. Өндірістік тиімділікке
бағытталу нәтижесінде қоғамда – инфляция, сапалы тауар тапшылығы, жартылай
бос нарық орын алып, ал өндіріс саласында – ешкімге керегі жоқ өнім
өндіретін кәсіпорындардың өзінде жоғары көрсеткіштер мен жақсы табысқа қол
жеткізіледі.
Нарықтық қатынастарға өту аталған жағдайда өзгертеді, бірақ
басқарылатын объектілердің барлығы үшін емес. Олардың бірқатары - өндіріс
кезеңінде де, әлеуметік қызмет көрсету саласында да өндірістік тиімділікке
бағыт-бағдар жасайды. Сондықтан оған салыстырмалы экономикалық және
әлеуметтік сипат беретін белгілер мен көрсеткіштерді үнемі жетілдіріп
отырған жөн.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өнімді өндіру жеткіліксіз, оны
айналым кезеңіне бөліп (бөлу және айырбастау) өткізіп, сатып алушыларға
бөлу қажет. Көптеген өндірушілер үшін ұдайы өндірістік кезең сауда–саттық
әрекетін жасаумен аяқталады. Осы кезде өнім тұтынушыға жетіп, басқару
тиімділігінің екінші түрі – экономикалық тиімділік туындайды. Экономикалық
тиімділіктің өндірістік тиімділікке қарағанда көпқырлы және терең мағынасы
бар. Ең бастысы ол қоғамдағы қандай да бір өнімге деген қажеттілікті
білдіреді, сұраныс пен ұсыныс арақатынасын сипаттайды, өндірушіге ұдайы
өндірістік процестің барлық кезеңдерін анықтап белгігейді. Өндіруші
өндірілген өнім үшін нақты ақысын алады, ал бұл жаңа және ұлғаймалы
өндірісті бастауға мүмкіндік беретін шығындалған ресурстарды қайтаруға және
табыс табуға жағдай жасайды. Осындай тура және кері байланыс салдарынан
экономика өзіне қажетті серпінділікке және өзін-өзі басқаруға ие болады.
Нарықтық экономикадағы барлық өндірушілердің негізгі мақсаты экономикалық
тиімділікке қол жеткізу және басқару субъектілерінің, оның ішінде
мемлекеттік басқару субъектілерінің де күш-қайраты осыған бағытталған.
Экономикалық тиімділіктің басқарылатын объектілердегі және басқарушы кіші
жүйелердегі басқару тиімділігін талдау мен бағалау үшін маңызы зор. Оның
шындыққа жанасуы өндіруші-монополистер, бағаны жасанды түрде көтеру, нақты
экономикалық процестерге тән тағы басқа құблыстар орын алатын нарықтық
экономиканың оңтайлылығымен байланысты. Сондықтан мемлекет экономикалық іс-
әрекеттің ұтымды ережелерін жасап қоймай, басқарудың экономикалық тиімдігін
анықтау арқылы олардың орындалуын бақылап отыру қажет.
Қоғам үшін өндіріс, бөлу және айырбас кезеңдерімен қатар
экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор.
Өнімді алу жеткілксіз, оны тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
қолдану керек. Өнім кейде сапасыз болуы, істен тез шығуы, үлкен шығындарды
қажет етуі мүмкін. Кейде қымбат өнімнің өзі өзіне барабар қажеттілікті
қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі тұтыну ұғымы өндіріс құралдарын пайдалану
деңгейін сипаттайды. Өсім беретін, еңбек өнімділігн арттыратын, ұлттық
табысты құрайтын осы нәтижелі тұтыну. Сондықтан тұтыну кезеңінде өнімнің
қоғамға, адамдарға қандай пайда әкелетін білген жөн. Оны біз басқару
тиімділігінің үшініші түрі - әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында
анықтай аламыз.
Әлеуметтік тиімділік – бұл қоғамның қандай да бір өнімді қолдану
немесе нақты жұмыс түрін атқару барысында сонымен қатар тиісті материалдық,
әлеуметтік және рухани құндылықтарды пайдалануға жалпы оң нәтижелерге қол
жеткізуі. Егер оны өндіріс-айырбас-тұтыну жүйесіне қолданатын болсақ, ол
тек өндіріс кезінде ғана емес, басқа да кезеңдерде орын алып, жүйе үшін
ортақ болып, жалпы оның жағдайын сипаттайды.
Әлеуметтік тиімділік кез келген еңбектің маңыздылығын, ұтымдылығын
және тиімділігін көрсетеді. Егер өнімге кеткен шикізаттық, энергетикалық
және басқа да материалдық шығындарды шегеріп тастасақ, онда адамдардың
еңбегі және таланты, білімі мен тәжірибесі, біліктілігі мен ар-ұяты
толығымен әлемдік тиімділікте көрініс табады. Әлеуметтік тиімділіктің
көлемі қоғамдық құрылымдар мен реттеуіштердің ұтымдылығын сипаттайды. Егер
экономикалық немесе өндірістік тиімділікке табиғатқа және қоғамдық өмірдің
басқа жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік ифрақұрылымға, адамдардың
денсаулығына және т.б.) зиян келтіру есебінен қол жеткізілсе, онда мұндай
жағдайларды әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз. Сонымен қатар
табыстарға сай келмейтін қорларды қолдану арқылы уақытша, қысқамерзіміді
қол жеткізген жетістіктер әлеуметік тиімділікті білдірмейді.
Әлеуметтік тиімділік жоғары сапа мен қазіргі заманғы технико-
технолгиялық көрсеткіштерге негізделген. Онда ғылыми-техникалық
революцияның жетістіктері толық көрініс табады. Ол тек басқару
субъектілерін, ең алдымен мемлекеттік билік пен жергілікті басқару
органдарын ұтымды ұйымдастыру, басқарылатын объектілердің оңтайлы қызмет
жасауы, олардың белсенділігінің қоғам заңдылықтарымен және мүдделерімен
сәкес үйлесуінің нәтижесінде пайда болды. Әлеуметтік тиімділіктің мәні оның
тұрақты, өндіруші, прогрессивті болуында, жүзеге асқан қызметтің нәтижесі
ғана емес, сонымен қатар болашақта дамудың қайнар көзі мен құралына
айналып, қоғамдық өмірдің ұдайы өндірісіне берік және тұрақты буыны ретінде
көрініс табуында.
Мемлекеттік басқару жайлы жоғарыда аталғандар онымен атқарылатын іс-
әрекеттің барлығы басқарудың әлеуметтік тиімділігімен өлшеніп, бағалануы
керек деген қорытынды жасауға мүмкінді береді. Мемлекетке қоғамның нысаны
ретінде барлық қоғам үшін, онда болып жатқан құбылыстар, қарым-қатынастар
мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қолдай отырып, сонымен бірге
олардың ұтымдылық пен тиімділік тұрғысынан пайдалануын қадағалайды.
Адамдардың тек ұятына, адал ниетіне, адамгершілік қылықтарына ғана сенім
білдіру жекіліксіз. Тек қана заңға, мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының
орындалу міндеттілігіне ғана сенім артуға болады. Ал олардың нақты
орындалу деңгейі қоғамға, адамдарға белгілі пайда әкелетін, оларды
материалдық және рухани аспектіде дамытатын әлеуметтік тиімділік пен
анықталуы қажет.
Мемлекеттік басқару қызмет түрі ретінде басқа басқару түрлерінен ең
алдымен, мемлекеттік билік және мемлекеттік органдар арқылы жүзге
асырылатындығымен, әлеуметтік топтар мен азаматтың қоғамдық мүддесін
білдіретін саяси басшылықтың, саясаттың басым ролге ие болатындығымен
ерекшеленеді. Сондықтан мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігінің
және оның мөлшерінің мазмұнды анықтамасы шығындар - өнім шығару моделі
бойынша технологиялық операцияларды емес бірқатар саяси аспектіден тұратын
саяси субъектінің басқару қызметінің элементі болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі қабылданған шешімдердің іске
асырылуын шығындар - өнім шығару немесе шығындар – нәтиже іспетті
оъективті көрсеткіштермен емес, саяси жүйенің стратегиялық мақсаттарына
жету және жалпы мемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың нәтижелері мен
қолданылған әр түрлі ресустардың ара қстынасы арқылы анықталады. Шығындар
мен нәтижелердің ара қатынасының өлшемі жеке, нақты шешімдердің
тиімділігінің шартты көрсеткіші ретінде қолданылады, бірақ экономикалық
талдауларға қарағанда аталған терминдердің мағынасы кең ауқымда қолданылды.
Қызмет (минималды шығындар тұрғысынан алғанда) тиімді-үнемді болуы мүмкін,
тіпті тиімді болмауы мүмкін. Тиімді қызмет әлеуметтік аспектіде нәтижелі
болғанымен де үнемді әсіресе ұтымды бола бермейді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік басқару
тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатқа сай қызмет
ретінде өзіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол жеткізген қоғамдық
мақсаттардың және пайдаланылған мемлекеттік ресурстардың арақатынасын
білдіретін ұғым. Мемлекеттік басқару – қоғамдық қажеттіліктер мен
мүдделерді қанағаттандыру барысында оң нәтиже жеткізетін қызмет түрі.
Тиімділік басқарушы субъектінің және қоғамның алдыға қойған мәселелерді
шешу үшін жұмсаған күш жігерінің қаншалықты әлеуметтік маңызы зор
нәтижелерде іске асқаны (көрініс тапқанын) білдіретін көрсетіш.
Сонымен мемлекеттік басқарудың тиімдігінің категориясы келесідей
түсініктер арқылы анықталады: қоғамдық мақсаттар, нәтижелер, қағамдық
қажеттіліктер мен мүдделер. Олардың әрқайсысы мемлекеттік басқарудың саяси
астарымен бірге өзіндік белгілерін анықтайды. қоғамдық мақсаттар -
түптеп келгенде – бұл саяси мәнді мақсаттар; нәтижелер - (саясатта
көрініс тапқан) қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандырумен
байланысты болатын объектілер, қызметтер үрдістер; мемлекеттік ресурстар
- қағамның мақсаттарға сай болу тұрғысынан да, құқықтық негізделу жағынан
да мемлекетпен белгіленетін экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық,
ақпараттық капиталдар.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің түсінігін анықтағаннан кейін
тиімділік өлшемдерін қарастырған жөн. Тиімділік өлшемдері басқарудың
көрініс табуының белгілерін, қырларын, әр түрлі жақтарын білдіреді. Оларды
талдау арқылы басқару деңгейі және сапасы, оның қоғамның қажеттіліктері
мүдделеріне сәйкес келуі анықталады.
Жүйенің, яғни мемлекеттік басқарудың субъектілері мен басқарушы
объектілерінің жиынтығының, атқарған қызметінің нәтижесін көрсететін
мемлекеттк басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері
(критерийлері) құрайды. Мұндай өлшемдер бір жағынан, қоғамдық дамудың
(жалпыұлттық, аймақтық) қажеттіліктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен
объективті түрде байланысты, ал екінші жағынан, толғағы жеткен
қажеттіліктердің, мүдделер және мақсаттардың мемлекеттік басқару арқылы
қанағаттандырылатын шамасын көруге және бағалауға мүмкіндік береді. Олардың
негізінде мемлекеттік басқарудың қоғамның серпініділігі мен үйлесімділігін
қамтамасыз етуге қаншалықты дайын екендігін анықтауға болады.
Мемлекеттік басқару қоғамдық, ұжымдық және жеке қажеттіліктердің,
мүдделер мен мақсаттардың дамуын үнемі және объективті түрде зерттелуі,
бағалауы және талдауы, сонымен бірге оларды жүзеге асырудың ұтымды
формаларын, ресурстары мен құралдарын табуы қажет. Мемлекеттік басқарудың
тиімділігі мен ұтымдылығы тұрғысынан алғанда қажеттіліктер мен олардың
негізінде туындайтын мәселелердің қоғамдық ресурстарды ұтымды қолдану
арқылы, тұрақты және сенімді түрде дер кезінде және толығымен
қанағаттандрылуы және шешілуі өте маңызды.
Басқарудың жалпы әлеуметтік өлшемдеріне (критерилеріне) келесілерді
жатқызуға болады:
а) өзінің сәйкес түрлері бойынша әлемдік параметрлермен
салыстырылатын еңбек өнімділігінің деңгейі;
ә) БҰҰ-ң әдістемесі бойынша есептелетін ұлттық байлықтың қарқыны мен
ауқымы;
б) жан басына шаққандағы және әр түрлі категориялардың табыстарына
бөлгендегі, сонымен бірге дамыған елдердің стандарттарымен салыстырғандағы
адамдардың өмір сүру деңгейі;
в) қоғамдық қатыныстардың тәртіптілігі, қауіпсіздігі және
сенімділігі, олардың оң нәтижелерге қол жеткізе отырып, одан әрі дамуы.
Аталған мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің
өлшемдері қоғамдық өмірдің салалары бойынша бөлінеді. Егер қарқынды дамушы
елдердің экономикасындағы процестерге көңіл аударатын болсақ, мұнда ең
бастысы – еңбек өнімділігінің өсуіне, шығарылатын өнімнің сапасының,
түрлерінің артуына алып келетін жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерге
негізделген қоғамдық өндірісті ұлғайту екендігін аңғартуға болады.
Әлеуметтік салада әр елде әр түрлі болып келетін қоғамдық қатынастардың
заңдылықтары мен нысандарын ескере отырып, әлеуметтік әділеттілік қағидасын
жүзеге асыруға ұмтылыс жасалуда. Рухани сферада, зиялы қауым арасында әрбір
адам адамгершілік деңгейі, ішкі-сыртқы мәдениеті жоғары болып, еркін,
демократиялық қоғамның тұлғасы ретінде қалыптасуы керек деген түсінік орын
алуда. Мемлекеттік басқару үшін саяси сферадан туындайтын жалпы әлеуметтік
тиімділік өлшемдерінің маңызы зор. Ол басқару нәтижелерін талдау үшін қажет
өлшемдер емес, керісінше, қоғамның әлеуметтік, рухани, экономикалық
сфераларының тиімді даму көрсеткіштеріне басқарудың қандай нысандарын,
әдістерін, тәсілдерін қолдану арқылы қол жеткізуге болатынын көрсететін
өлшем құралдары. Себебі саяси құралдар да басқарудың нәтижелері үшін қажет.
[ 5 ]
1.2 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі таңдағы
өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бұл мәселені зерттеу
барысында әртүрлі көзқарастар қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы
ортақ пікір мәселесі жоқ. Аталған мәселені тиімділіктің жалпы жүйелік
фактарларын талдау негізінде қарастыру мемлекеттік саяси-идеялық және
стратегиялық факторларды ескеруді ұйғарады. Басқару тиімділігін талдауда
энономикалық, әлеуметтік саяси, құқықтық және республика субъетілерінің
кіші жүйелері деңгейінде жалпы мемлекеттік факторлар негізгі фактор ретінде
қарастырылады. Кіші жүйелер мен деңгейлерде билік пен басқаруды ұйымдастыру
мақсаттарының және стратегияларының, құрылымдық нысандарының өзіндік
ерекшеліктерімен байланысты факторлар тікелей талдау объектісі болып
табылады. Ұйымдардың басқарудың тиімділігін талдау барысында басқарушылық
қызметтің нақты тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының тиімділікке
тигізетін әсері түсіндіріледі. Жалпыжүйелік және аймақтық факторлардың рөлі
корпоративтік масштабтағы басқару жағдайлары мен механизмдерін талдай
арқылы айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің жалпыжүйелік факторлары келесі
факторлар тобын айқындайды:
мемлекеттік стратегиялық мақсаттары, негізгі құндылықтары, қоғамдық
жүйенің даму моделдері мен легитимдік тұжырымдамалары; саяси бағыт;
мемлекеттік билік пен басқару жүйесін ұйымдастыру және оның біртұтас
организм ретінде қызмет мемлекеттің жинақталған мақсаттары.етуі; біртұтас
саяси және құқықтық кеңістік;
мемлекеттік аппараттың жағдайы, оның басымды нысандары, халықтың
билікке сенім арту және мемлекетті басқаруға қатысу деңгейі;
Қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтылығы.
Әрбір саяси жүйеге өзінің құндылықтар жүйесі тән екені белгілі.
Құндылықтар – бұл мемлекеттің жинақталған мақсаттары: олар жалпымемлекеттік
мүдделер мен саяси стратегияның рухани негізін құрайды, мемлекеттік басқару
жүйесінің идеологиясы мен тұжырымдамасында көрініс табады. Бұл – мақсатты
құндылықтар. Негізгі құндылықтарға қоғамның қолдауына ие болған,
мақсаттарға жету құралдарын білдіретін қолданбалы құндылықтар да жатады.
Негізгі құндылықтардың белгілі болуы және олардың нормативтік-құқықтық
механизмдермен қатар қызмет пен тәртіптің негізгі реттеушілері ретінде
қоғамның мойындауы – билік пен басқару институттарының тиімді қызмет
атқаруының негізгі шарты болып табылады. Кеңестік мемлекет пен қоғамға
белгілі бір кезеңге дейінгі халықтың мүддесін білдіретін саяси-идеялық және
адамгершілік құндылықтар тән болады. Олар тарихтың қиын (елді
индустриализациялау, Ұлы Отан соғысы, және т.б) кезеңдерінде қоғамның өз
өміршеңдігі үшін күресі жағдайында қоғамдық-саяси құрылыстың салыстырмалы
тиімділігін қамтамасыз етті. Басқарушы партиямен ресми белгіленетін
социалистік құндылықтардың дискредитациялануына қарай кеңестік режимнің
рухани негізі әлсірей бастады. Бұл оның құлдырауын алдын ала анықтаған еді.
Кеңестік құндылықтарды артқа тастап, жаңа саяси режим батыс еуропалық
үлгідегі либералдық-демократиялық құндылықтарды мойындайтынын жария етті.
Қазақстан Респуликасының Конституциясында қоғамның түпкі нормаларын
(демократиялық құндылықтар мен бостандықтар және т.б) білдіретін негізгі
мемлекеттік құндылықтар заңдастырылған.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің келесі негізгі факторы: билік пен
басқару жүйесін ұйымдастыру және оның біртұтас организм ретінде қызмет
етуі. Бұл фактор кез келген дамыған мемлекетте анықтаушы рөл атқарады.
Мемлекеттік құрылым мен саяси режимнің ұлттық нысандарына қарамастан
басқару тиімділігі, біріншіден, мемлекетік басқару жүйесінің нақты
біртұтастығымен және оған қатысушы басқарушы субъетілердің қызмет ету
ережелерінің бірыңғайлығымен, екіншіден, құқықтық тұрақтылықпен және
жоғарғы құқықтық мәдениетпен; үшіншіден, барлық деңгейдегі мемлекеттік
билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеттік
қабілеттілігімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік аппараттың жағдайы, оның қызмет сапасы, халықтың билік
органдарына сенім білдіру деңгейі – мемлекеттік басқарудың тиімділігі
мәселесінің шешілуіне тікелей әсер ететін факторлардың маңызды кешенін
құрайды. Мемлекеттік аппарат – атқарушы және басқарушы органдардың
жиынтығы, ол басқа мемлекеттік органдармен басқару функциясын жүзеге
асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік механизімінің бір бөлігі.
Мемлекеттік аппарат - өз өкілеттіліктері шеңберінде белгілі функциялар мен
міндеттер атқару үшін билік құзіретімен және қажетті құралдармен қамтамасыз
етілген, мемлекеттік қызметкерлерден тұратын ұтымды ұйым.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жоғары кәсіби біліктілігі,
инновциялық ойлау қабілеті бар, басқарушылық қызметтің демократиялық стилін
мойындайтын және мемлекеттік мүддені басшылыққа алатын қазіргі кездегі
бюракратияның болуымен байланысты.
Қазіргі заманғы радикалды бюракратия мемлекеттік басқарудың
тиімділігінің факторы ретінде мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық
институттардың төменгі буындарының бақылауында болғаны жөн. Әйтпесе
басшылық лауазымдарды өз мүдделерінің құралына айналдырып, тиімділікке қол
жеткізуге теріс әсерін тигізеді.
Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін демократиялық
(тиімділік) сипатта ұйымдастыру барысында қарама-қайшылықтар туындауы
мүмкін. Бұл аппараттың ашықтығы, мемлекеттік қызмет үшін кәсіби дайындалған
әрбір адамның сол аппарат құрамына кіруі мен халықтың басқа топтарына
қатысты заңдастырылған мәртебелік басымдылығын жүзеге асыру шартты ретінде
корпоративтік жабықтылыққа беталыс арасындағы қарама-қайшылық. Мемлекеттік
қызметкерлердің мәртебелі артықшылығы соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерде
алған әкімшілік-саяси элита деген түсінікпен анықталды. Әлеуметтік және
мемлекеттік басқару бойынша шетелдік әдебиеттерде элита түсінігі өте
сирек кездеседі.
Атқарушы билік органдарының қызметіне қоғам тарапынан демократиялық
бақылау орнатуға мемлекеттік қызметкерлердің көзқарасын анықтау мақсатында
зерттеушілер сауалнама жүргізген. Алынган мәліметтер бойынша сұралған
адамдар екі шартты топқа бөлінеді: демократиялық бағытталған және
әкімшілік бағытталған. Сұрау жүргізген адамдардың жалпы санының 14
пайызын құрайтын топ бірінші тұрпатқа жатқызылады, қалғандары – мемлекттік
қызметкерлер әкімшілік бағытталған топты құрады. Олар аппарат ішіндегі
дәстүрлі әкімшілік механизмдерді: есеп беру, жоспарлау және т.б. өз
жұмыстарын жақсарту факторлары деп есептейтін қызметкерлер.
Мемлекеттік билік пен басқару аппаратының қызметі ұйымдастыру және
олардың кадрларын қалыптастыру үшін 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған және
2001 жылы 4 маусымда толықтырылған Қазақстан Респуликасның Мемлекетік
қызмет туралы заңының маңызы зор. Ол елдің мемлекеттік қызметін
ұйымдастырудың құқықтық негіздері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметкерлерінің құқықтық жағдайын белгілейді.
Заңда мемлекеттік қызметкерлердің санаты көрсетілген, мемлекеттік
қызметті атқару мен оған кіру тәртібі, конкурстарды өткізу қажеттілігі,
мемлекеттік қызмекерлерді аттестациялау тәртібі, оладың құқықтары мен
міндеттері белгіленген.
Дегенмен де мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен кадр мәселесі әлі де
болса өз шешімін толықтай таппай отыр және қайта қарауды талап етеді.
Бүгінгі таңда орын алып отырған жағдайлар мемлекеттік қызметкерлерді тиімді
қызмет атқаруға ынталандырмайды, сапасыз атқарған жұмыстар үшін жауапқа
тарту шараларын қолдану мәселелерін шешпеді. Осының бәрі билік пен басқару
органдарының қызметін қиындатады, көбінесе заңға қарама-қайшы әрекет етуге
алып келеді, олардың қызметіне қоғам тарапынан бақылау орнатуды қамтамасыз
етпейді.[6]
1- сурет. Мемлекеттік билік тиімділігінің факторлары
Сондықтан мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру үшін бірқатар
міндеттерді шешу қажет: бюджеттік шығыстарды көбейтпей-ақ жанама
шығындардың үлесін азайту арқылы ақшалай төлемдерді ұлғайту бағытында
мемлекеттік аппаратты қаржыландыру жүйесін қайта қарау; мемлекеттік аппарат
санының өсуін шектеу;
- республикалық және аймақтық деңгейлер үшін мемлекеттік
қызметкерлердің лауазымдық өсуінің бірыңғай ережесінің, оның
ішінде бірыңғай мемлекеттік қызмет жұйесінде кадр резервін
тиімді қолдану механизмін әзірлеу;
- мемлекеттік қызметкерлерді әзірлеу, білімін жетілдіру және
еңбегін бағалаудың қазіргі инфраструктурасы мен нормативтік
гнізін жасау;
- мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік және материалдық
жауапкершілікке тарту тәртібі мен себептерін белгілеу.
Қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылығы мемлекеттік
басқарудың тиімділігін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Мемлекеттік
басқарудың тиімділігі жүйенің қызметінің барлық деңгейінде көрініс табады:
жеке ұйымнан бастап жергілікті қоғамға дейін, жергілікті деңгейден
аймақтық, аймақтық қауымдастықтан әлеуметтік жүйе мен оның саяси ұйымы –
мемлекетке дейін. Тиімділік әрбір деңгейде мақсаттар мен нәтижелердің ара
салмағын, мақсаттарда көрініс табатын басқарушылар мен басқарылатындардың
мүдделеріне нәтижелердің сәйкес келуін сипаттайтын өзіндік критерийлермен
өлшенеді. Мемлекеттік басқару жұйесінің тиімділігі жоғары критерийіне оның
функцияларынының толыққанды жүзеге асуы жатады. Бұл жалпы түрде қоғам мен
саяси жүйенің тұрақтылығын, тұтастығын, бірлігін, қауіпсіздігін қамтамасыз
етуді, сонымен қатар халықтың барлық топтарының мүдделерін, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғауды білдіреді.
Мемлекеттің біртұтастығы мен қоғамның бірлігі – мемлекеттік басқару
тиімділігінің нәтижесі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі және
халықтың әл-ауқатын арттыру шарты. Ал бұдан билік пен басқаруды
үйымдастырудың жалпыжүейлік нысанынан туындайды.
II ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

демократияландырудың ролі
Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің өзекті бір
тәсілі ретінде оны демократияландыру мәселесі алға тартылады. Мемлекеттік
басқарудың тиімділігін арттырудың басты әдісі ретіндегі демократияландыру
үрдісінің әлем тарихындағы тәжірибесі жетіп жатыр. Алайда, оны біздің елде
іс жүзінде асыру мемлекеттік басқарудың бірқатар ерекшеліктерін ескере
отыруды керек етеді. Ең алдымен, басқаруды демократияландыру үрдісі оның
териялық негіздерін дәлдей түсуді қажет етеді. Қазіргі әлемдік
қоғамдастықпен кіріге түсуді көздеген Қазақстан қоғамында мемлекет пен
мемлекеттік басқарудың міндеттері туралы түсініктердің өзін бір арнаға салу
қажет. Бұл ретте 1948 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Адам құқығының жалпыға
ортақ деклорациясы, Азаматтық және және саяси құқықтар туралы сол
ассамблея 1966 жылы қабылданған халықаралық фактіні негізге алу керек.
Аталмыш құжатта адам мен азамат қоғамның бастапқы тұлғасы, ал мемлекет пен
оның басқа да институттары осыдан арна тартатын екінші тұлғалар деп
мойындаған-ды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz