ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ САЛЫҚТАРЫ
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән аты: Қаржы
Тақырыбы: Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі
Орындаған: Қалықбергенова А.
Ф-18ск Н
Тексерген:
ҚАРАҒАНДЫ-2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Мемлекеттік бюджет және оның әлеуметтік-экономикалық
мәні ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және
құрылысы ... ... ... ... ... ... ..6
II МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ
2.1 Салық ұғымы және Қазақстан Республикасының салық
жүйесі ... ... ... ... ... ..10
2.2 Мемлекеттік бюджеттің салықтық
түсімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...14
ІІІ ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ САЛЫҚТАРЫ
3.1 Қазіргі еуропалық салық
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ
Мен өзімнің курстық жұмысымда мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы
салықтардың рөліне, жалпы мемлекеттік бюджет туралы және салықтардың пайда
болуы мен маңызына, мемлекеттік бюджет кірістерін құрайтын салықтардың
түрлеріне толық анықтама беріп, кең ауқымда тоқталдым.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық
экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық
дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке
тиесілі.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет, сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Мемлекет үшін маңызды функцияларды орындауға қажетті мемлекеттік
бюджетті қалыптастыруда салықтардың маңызы зор. Өндірістік қатынастардың
бір бөлігі ретінде салық экономикалық негізге жатады. Салық объективті
қажеттілік немесе қоғам дамуының негізіне реттеледі. Мемлекет осы
объективті қажеттілікке сәйкес салық жүйесін қалыптастырады. Елдің қаржы
жүйесіне қызмет ету механизмін, оның құрылымын жасақтайды. Әлеуметтік және
экономикалық салық факторлары салыққа байланысты өндірістік қатынастардың
жаңаруына ықпал етеді. Яғни нарықтық жүйеге көшу мемлекеттің салық жүйесіне
және бюджет саясатына түпкіліті қайта құруды жүргізуді талап етеді. Еңбек
нарығының қалыптасуы оның қызмет етуі жұмыспен қамтуға байланысты
мемлекеттік қорды құрмайынша мүмкін болмайды. Мұндай қорлар шаруашылық
жүргізуші субъектілерден алынған міндетті медициналық сақтандыру қоры
құрылады. Бұдан экономикалық базис саяси құрылымының арасындағы өзара
байланысты көреміз.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекет арасындағы бюджет
арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайды. Шаруашылық
жүргізуші субъектіден халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне
жинақтайды. Мемлекет құрылысының өзгеруі, өркендеуі қашанда салық жүйесінің
құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты – салықтар және мемлекеттік
бюджет туралы түсінігімді, ҚР-ның салық жүйесі, бюджетті қалыптастырудағы
салықтардың рөлі туралы түсінігімді дамытып және осы мәселені толық баяндап
зерттеу .
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады.
Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма)
мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық
мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық –
нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық
реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген
салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын,
проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір
көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті
мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және
жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Салықтар мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің
бір көрінісі. Салық мемлекет қызметін жүзеге асыру мақсатында қайта
бөлінетін, оның ішінде: халықтың қорғалмаған бөлігі – балалар, көп балалы
аналар, зейнеткерлер, мүгедектерге көмек берудің әлеуметтіу бағдарламасын;
экономиканың, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке салаларына көмек
көрсетуге, әскерді қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау, білім, құқық
тәртібін қорғау, басқару органдары сияқты әлеуметтік сала қызметкерлеріне
көмек көрсетуге бағытталған экономикалық бағдарламаларды қаржыландыруға
арналған мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің үлесі.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен
саяси бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі - ұлттық
табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кістерін және
бюджеттік әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТҮСІНІГІ
1. Мемлекеттік бюджет және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі.
Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша
қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды
қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.
Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі
шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру
үшін қажет.
Жалпы бюджет дегеніміз – белгілі заңмен бекітілген салықтық және
салықтық емес төлемдерінен құралатын мемлекеттің қызметін іске асыру үшін
тағайындалған, орталықтандырылған ақша қоры.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен
үйлесімдерін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымдарын
жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі
бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі
әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар
жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне
шоғырландырылады.
Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты арналымды орындайды-жалпықоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік бөлгіштік қатынастардың өмір
сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды
орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорда затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл құндық бөлісінтің белгілі стадияларын
өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру
үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі
қозғалысының объективті түрде шарттасылған, экономикалық нысан. Бюжеттік
қорды қалыптастыру мен пайдалану мен құнды бөлумен және қайта бөлумен
байланысты оның (құнның) қозғалысы үдерісін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріспен
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен
қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен
қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай
қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы мемлекеттік
бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде
мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап
айтқанда: орналастыру (ресурстарды), қайтабөлгіштік, тұрақтандыру сияқты
сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды
бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігіне, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігіне көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттік орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау
керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
үдерістер бейнеленгендіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары –
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары
және тағы басқа өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет
мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге,
әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын,
орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын
анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып
табылады.
2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және құрылысы.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңестіру үрдісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы
– бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет құрылысы дүниежүзінің әр түрлі елдерінде мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Бюджет жүйесінің құрылымы федеративтік немсе унитарлық болуы
мүмкін. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының
унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай деңгейдегі
бюджеттер жұмыс істейді:
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет – бұл салықтық
және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік
органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің
міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік
саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті ауданның бюджеті.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу қарау бекіту,
атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі,
дәйектілігі, жариялылығы, траснпаренттілігі, жауапкершілігі және т.б.
қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты бұрынғы КСРО-ның
бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді.
Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге
бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің
жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс
көздрін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына,
төменгі деңгей бюджеттернің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға,
сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын
жасауға да негізделген.
Бюджеттердің дербестік қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің
арасындағы түсімдерді тұрақты түрде бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың
бағыттарын анықтайды.
Бюджеттердің толықтығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын
шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында
белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз
етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық
кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективті
қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша
түсыімдерін,сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемімен нақтылы бағыттарын
айқындау қажет.
Реалистік қағидаты – бекітілген бюджеттік көрсеткіштердің орта
мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен өңірлерді
әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген
өлшемдері мен бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне президенттің
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының,
аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының
өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның
көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің
атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған
терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет.
Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға,
анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың
өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік
қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің
бюджет жобасын жасау үдерісінде қол жетеді. Реалистік қағидаты бюджет
тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін қажет.
Транспаренттілік қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және
олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты
басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет үдерісінің ашықтығы,
мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты деп бюджеттік қатынастар сферасында бұрын
қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауын айтады.
Тиімділік пен нәтижелілік қағидаты – бұл бюджеттік бағдарламалар
паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін
негізге алып, бюджет қаражаттарының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін
қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып бюджеттерді әзірлеу және атқару
немесе бюджет қаражаттарының бекітілген көлемін пайдалан отырып ең үздік
нәтижені қамтамасыз ету.
Басымдық қағидаты – бюджеттік үдерісті республиканың немесе өңірдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты – бюджеттік үдеріске қатысушыларды бюджет
заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялық қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы
жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы
туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы)
бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектіліредің
және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар
бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың
тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы
тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін
қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті
болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз
бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістер мен шығыстарының көлемі,
оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және
оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар,
ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің
шарттары дербестік және теңгерімділік болып табылады.
Бюджеттердің дербестігін меншікті және бюджет жүйесінің барлық
буындары кірістерінің заңмен бекітілген көздері және бюджет қаражаттарын ел
заңдарымен анықталған құзырлар шеңберінде биліктің тиісті органының қарап
шешуі бойынша пайдалану құқығы қамтамасыз етеді.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджет кодексінде, Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы,
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы арнайы
заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде бейнелеп көрсетілген.

2.1 Салық ұғымы және Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салық – мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi
бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке
төленетiн мiндеттi ақшалай төлем.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен пайда болды және оның бар болуының
негізі болып табылады. Адамзаттың дамуының барлық тарихының жалғасуында
салық үлгілері және әдістері өзгерді, өңделді, мемлекет қажеттілігіне қарай
икемделді.
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми
көзқарас XVII-XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия
классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В. Петти ,
Д.Рикардо, А.Смит.
А. Смиттің айтуы бойынша, салық төлеушілер үшін, бұл құлдық емес,
еркіндіктің белгісі. К. Маркс Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және
дінмен қатар жүретін бесінші құдай деп анықтады. АҚШ-тың мемлекеттік
қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1755 жж.) өмірде салық пен
өлімнен құтылатын ештеңе жоқ деп айтқан.
Шарль Монтескье (1689-1755 жж.) ризықтың қанша бөлегін бодандардан
тартып алып, қаншасын солардың сыбағасы етіп қалдырудың амалын табатын
данышпандық пен ақылгөйліктен асатын ештеңе жоғын толық сеніммен
негіздеген.
Салық салудың мақсаты кәсіпорын (фирма), тұрғындар қаржыларын қоғамдық
қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Мемлекет құрылғаннан бастап салықтар қоғамдағы экономикалық
байланыстардың ең маңызды буыны ретінде өзінің міндетін атқаруға бастайды.
Мемлекет құрылымының өзгеруі немесе дамуы әрқашан сәйкесінше салық
жүйесінің өзгерісімен қатар жүреді. Қазіргі дамыған қоғамда салықтар –
мемлекеттік кірістің негізгі көзі болып табылады. Бұл аса финанстік
міндетінен басқа, салықтық механизм арқылы мемлекет қоғамдық өндіріске,
оның динамикасы және құрылымына, ғылыми – техникалық прогресске
экономикалық әсерін тигізеді.
Салықтар өте ерте заманнан бастап, адам өркениеті пайда болысымен
пайдаланылды. Оның пайда болуы қоғамның алғашқы қажеттіліктерімен
байланысты.
Салықтарды жинау әдістері мен формаларының дамуын үш ірі кезеңге
бөлуге болады.
Қоғамның дамуының ерте кезінде (ежелгі әлемнен ортағасырларға дейін)
мемлекеттің қаншама салық жинау керектігін анықтайтын финанстік аппараты
болған жоқ. Тек қана неше салық жинау керектігі анықталды. Салық жинау
процесін қоғам немесе қалаға тапсырды.
Екінші кезеңде (XVI – басы XIX ғғ.) үкімет мемлекттік мекемелер
желісін құрады. Оның құрамында финанстік мекемелер де болады. Мемлекет
қазынаға салық жинаудың функцияларының бір бөлігін өзіне қалдырады, салық
жинау процесін бақылап отырады, бұл процестің орындалу уақытын шектейді.
Және де, үшінші, соңғы кезеңде – мемлекет салықты салудың және
жинаудың бүкіл функцияларын өз қолына алады. Бүгінде аумақтық және
жергілкті билік органдары белгілі бір мөлшерде дербестігін сақтай отырып,
мемлекетке көмекші рөлін атқарады.
Салықтардың рыноктік экономикаға әсер етуге арналған құралғы ретінде
маңызы өте зор. Рыноктік экономика шарттарына сәйкес қандай-да болсын
мемлекет рыноктің негативтік құбылыстарын реттеу үшін салықтық саясат
жүргізе алады. Салықтар, бүкіл салық жүйесі секілді, экономиканы басқаруда
аса қуатты құрылғысы болып табылады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен
заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке
төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыруы үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлкетпен
бірге пайда болады жәнен мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып
саналады.
Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық
құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың
шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономиаклық мазмұны
нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың
түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық
нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің қажеттіліктері
мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына
әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді.
Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар сонашама ғасыр өмір сүреді
және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың қағидаттары мен әдістерін, яғни
салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал қазына көптен-көп кіріс алу үшін
салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі
қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) қайыр көрсету (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Бірінші жағдайда салық субъектілері мемлекеттен алатын пайдаларға
үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімді кім үйлесімд пайда алған болса, осы
пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп
топшыланады. Мысалы, кім жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол бұл жолдарды
қолдап, ұстауға жұмсалынған ығындарды төлеуі тиіс.
Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама қолдану белгілі бір
қиыншылықтармен байлаысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз
денсаулыққа, білімберуге және тағы басқаға жұмасаған шығандарынан әрбір
салық төлеуші іс жүзінде қандай жеке пайда және қандай мөлшердеалатынын дәл
анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұлтұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы
төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді қаржыландыру үшін
салық салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.
Екінші қағидатқа сәйкес қайыр көрсету субъектілер үшн қолайлы
болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты
табыс пен әл-ауқатқа байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді:
жоғары табыстары бар жекелеген адамдар кәспкерлер және кәсіпорындар
табыстары аздарғ қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда
неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшыратататын табыстар
алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес
салықтардың бөліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес
заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар
төленуі тиіс. Сән-салтанат заттарына жұмсалатын қажетті шығыстардан
ұсталатын салықтың арасында айырма болатындықтан, әрине, бұл тұжырымдама
үлкен ұтымдылығымен және әділдігімен ерекшеленді.
Ал, қазіргі кезде салықтардың мынадай қағидаттары бар:
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) деңгейлес теңдікке жету салық төлеушілердің табыстарына тең
жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) сатылас теңдікті сақтау – жеке тұлғалардың табыстаына салық салу
табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша
сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті
болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтығы − алдын ала белгіленген шарттар мен
талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың бірелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді
бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың
жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы
тиіс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы нелдң басқа әріптес елдермен
салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің
салыстырмалылығы.
Сонымен қатар салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық
міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға
міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын
болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық
міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық
негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми
басылымдарда міндетті түде жариялануға жатады.
Салық ұғымымен "салық жүйесі" ұғымы тығыз байланысты. Мемлекеттен
алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,
салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін
құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы
басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге
сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің
бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу
бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын.
Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған
бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық
жүйесі жұмыс істей бастады. Ол "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
туралы" заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген
алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен
бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық
жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің
24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты.
Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны
небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң
күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №
440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент
жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға
өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық
жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір
күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі
қағидаттар бойынша былайша жіктеледі:
салық салу объектілері бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға
қарай;
пайдалану тәртібі бойынша;
объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу обьектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар
болып бөлінеді.
Тура салықтар — салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген
салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты
салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне
салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары
мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық
салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде, оның қаржы жағдайын
да ескереді.
Жанама салықар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген
салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Жанама салықтарға қосылған құн салығы, акциздер жатады. Жанама салықтарға
сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары
түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден
кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық
құнының айырмасы) жатады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және
баждардың түрлерін, салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды
және салық қызметінің органдарын кіріктіреді.
Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің
түрлері бойынша тым сараланған. Салықтардың және бюджеттке төленетін басқа
міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының бюджет кодексі мен
тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі. Салық қатынастарын реттеуші
құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сараланған
және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген.
2.2 Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін қалыптастыруда
салықтардың маңызы зор. Мемлекеттік бюджет кірістерін салықтық түсімдер,
салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және
трансферттер түсімдері құрайды. Соның ішінде мемлекеттік бюджеттің
кірістерінің негізін салықтық түсімдер құрайды. Салықтық түсімдерге
корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қосылған
құн салығы, акциздер жатады. Сондықтан да мемлекеттік бюджет туралы сөз
қозғағанда оларды қалыптастырудағы салықтардың рөлі туралы айтпай кету
мүмкін емес.
Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдернің шамамен 27%-ын алады.
Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан
Республикасы резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс
алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режимін қолданушы
заңды тұлғалар – шағын бизнестің субъектілері, шаруа қожалықтары, заңды
тұлға-ауыл шаруашылығын өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері
корпорациялық табыс салығын төлейді.
Салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
бейрезидент-заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын
объектілер болып табылады.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексіне сәйкес
жасалған түзетулерді ескере отырып, заңнамалы түрде белгіленген шегерімдер
арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық
заңнамасына сәйкес түзетілуі тиіс.
Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді
қоса, салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері кіреді:
1) тауарларды өткізуден түсетін табыс;
2) үймереттерді, ғимараттарды, құрылыстарды, амортизациялауға жатпайтын
активтерді өткізу кезеңінде құн өсімінен түсетін табыс;
3) міндеттемелерді есептеп шығарудан түсетін табыс;
4) күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
5) мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат
етілген банктер мен операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін
табыстар;
7) борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;
8) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған
табыстар;
9) шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн баланысынан
асып түсуінен алынатын табыстар; жер қойнауын пайдаланушылардың
табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге
дайындық жұмыстарына арналған шығыстарын, сондай-ақ басқа шығыстарын
түзетуден түсетін табыстар;
10) кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасын
кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып
түсуінен алынатын табыстар;
11) ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын
табыстар;
12) бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айып-пұлдардан басқа,
борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар,
және санкциялардың басқа да түрлері, егер сомалар бұрын шегеріп
тасталмаған болса;
13) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
14) өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;
15) дивидендтер;
16) сыйақылар;
17) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып
кетуі;
18) ұтыстар;
19) роялти;
20) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың
шығыстардан артықтығы.
Алынған жылдық жиынтық табыс түзетілуі, яғни салық төлеушінің бұл
табысынан мыналар алып тасталуы тиіс:
1. дивидендтер;
2. эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының
номиналдық құнынан асып кетуі және эмитенттің өз акцияларын өткізуі
кезіндегі құн өнімі;
3. листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаты бойынша қор
биржасының ресми тізімдеріне өткізу күні тұрған акциялар мен
облигацияларды қор биржасында ашық сауда әдісімен өткізу кезіндегі
құн өсімінен алынған табыс;
4. мемлекеттік бағлы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған
операциялардан түскен табыстар;
5. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте
ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түде пайдаланылған
мүліктің құны;
6. мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешеімі негізіндемемлекеттік
органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алынған
негізгі құрал-жабдықтарының құны;
7. зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және дара
зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар;
8. міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорының активтерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz