Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І-ші бөлім Мемлекеттік бюджет ұғымы

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Бюджет жүйесі және бюджет
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Бюджет балансы. Бюджет
тапшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ-ші бөлім Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бюджеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ІІІ-ші бөлім Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет

3.1 Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасы бюджетін пайдаланудың
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы және оны
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.3 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ...30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .38

Кіріспе

Жұмыстың тақырыбы өте өзекті болып келеді, өйткені объективті бөлгіштік
қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше
бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды
– жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді,
экономикалық категория ретінде көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
рөлін көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін біз мына міндеттерді орындауымыз
керек:
- мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлін;
- бюджет жүйесі және бюджет құрылысын;
- бюджет балансы және бюджет тапшылығын;
- мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымын;
- Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджетін;
- қазіргі жағдайдағы ҚР-сы бюджетін пайдаланудың проблемалары;
- ҚР-сы бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру;
- ҚР-сы бюджет жүйесін қалыптастыру.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi және Бюджет Koдексінде көзделген өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға
қолданылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың
тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына
арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша
бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн
күшiн жояды.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына
арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске
асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгiзiледi.

І-ші бөлім Мемлекеттік бюджет

1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды
дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне
шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды
орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады
(мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық
табыстың 30 %, жалпы ішкі өнімнің 10 % бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет
Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды
орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып
салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың
барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік - аумақтық
бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды
және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды
қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің
жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды
теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара
қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет
құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттік
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі
бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да – жерлердің
(ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация
субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша
белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және
тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді
қамтиды.
Қазақстан жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық
бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50 % тиді, оның 35 %
республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 % жергілікті
бюджеттердің қарамағында болды.

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті

Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер

Облыстардың
Астана және Алматы

бюджеттері
қалаларының бюджетт

Облыстық Облыстық Қалалық
Аудандық
бюджеттер бағыныштағы бюджеттер
бюджеттер
қалалардың
бюджеттері
Аудандық
бюджеттер

Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді
жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын
қаржыландыруға арналған Қазақстан республикасының заңымен бекітілген
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы),
аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау
тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы
және жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың
дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым
толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік
алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың
берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел
аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір
сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде көрінеді. Бұл қағидат
бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның
әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілдік береді.
Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік
қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады. Бюджет
жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және
ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық
және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы
барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгейдегі
бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ
ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да
негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі
бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір
деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы
нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің
бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса
бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің
дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің
тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын
белгілеу құқығы арқылы қаматамасыз етіледі.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады.
Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді
шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Сонымен бірге бюджеттердің барлық
түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен,
құзырымен анықталады.
Бюджеттің толықтылығы (толымдылығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын
шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен
шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының
салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның
ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық
тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен
қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының
барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік
қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін,
сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке
алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының
қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс,
бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағымдағы жылға, анағұлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады.
Нақтылық қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы
тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Нақтылық қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының
шыншыл көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың
атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары
мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік
резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар
бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.
Бюджеттердің жариялығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына
арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы
есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жариялылық елдегі адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың
маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен
салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық
жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады.
Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық
төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы
хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті
заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары
үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп
баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының
көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі
және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту,
қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және "Бюджет жүйесі туралы", "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар
туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.
Төменгі-жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің
шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттерінің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының
қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде
билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін
белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен
белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып
табылады:
мемлекеттік қарыздар шығару;
кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу - ағымдағы қаржы
жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан
басқа) белгілі бір пайызға ммлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету-
пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті
органдары анықтап, бекітеді.
1.3. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни
баланстандырған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде
негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-
күйіне жету болып табылады.
Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен басым
болуын білдіреді. Егер кірістер мен шығыстар тең болса – бұл теңестірілген
бюджет. Шығыстар кірістерден көп – теріс айырма – бұл дефицит.
Дефицит әр түрлі болуы мүмкін:
1. экономиканы дамыту үшін ірі мемлекеттік салымдар салу қажеттілігіне
байланысты болуы мүмкін.
2. дефицит төтенше жағдайлармен байланысты.
3. дефицит экономикадағы дағдарысты білдіруі мүмкін.
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері бар.
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар төмендейді;
3) кірістер өседі, шығыстар төмендейді.
Дефицитті қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздеу.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1) ақша белгілерінің эмиссиясы
2) мемлекеттік займдар
3) шетел займдары
4) ұлттық байлықты пайдалану.

ІІ-ші бөлім Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

2.1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90 % құрады және негізінен екі төлемнен
– айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930
жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан
алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін жеке-дара
нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер
болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден:
кірістерден;
алынған ресми трансферттерден (гранттардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдерден толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша
(қайтару негізінде берілген - бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік
шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі
болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың щығыстарын
қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету"
функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар –
қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастырғаны
үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып
жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық
бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте -
функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген
кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып
түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының
көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық
бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық
валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер
мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер
бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және
қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген
бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге
пайызбен есептеледі.
Мемелекеттік бюджеттің соңғы бөлігі - бюджет тапшылығын (профицитті
пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі
шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
1) тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден (Ұлттық банктен,
коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша,
шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының
қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;
2) профицит кезінде – жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте
мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік
бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік
сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік
сыныптама – функционалдық, ведомствовалық және экономикалық сипаттамалар
бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың
топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің
сыныптамасынан, шығыстардың функционалдық және экономикалық
сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және
бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен
мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке
(дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға
біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша
тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді.
1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтыды:
бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген сыныптама
бюджет қаражаттарын жобалаудың, оған есеп жүргізудің және бақылаудың,
сондай –ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай
болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап ол жаңа, халықаралық стандартқа
сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды.
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін
болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы, бюджеттің
кірістері мына санаттарды қамтиды: салық түсімдері; салыққа жатпайтын
түсімдер; капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер; алынған
ресми трансферттер (гранттар); бюджеттен берілген кредиттерді өтеу; жалпы
қаржыландыру; бюджеттің қаражаттары қалдықтарының қозғалысы. Қалған
бөліктер кірістерді кіріс көздерін неғұрлым тәптіштеу ретінде сипаттайды.
Мысалы, салық түсімдеріндегі сынып – салық тобын, ішкі сынып-салық түрін,
ерекшелік – нақты салық төлеушіні немесе салық объектісін білдіреді.
Шығыстарда функционалдық, экономикалық және ведомстволық сыныптама
қарастырылған. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және
бюджет қатынастары қатысушыларының кең көлемді сипаттамасы болып табылады.
Функционалдық сыныптамаға байланысты шығыстар бес бөлімге бөлінеді:
функционалдық топ, ішкі функция, мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың
әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама. Аталған деңгейлердің ұштастырылуы
шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодын құрайды.
Шығыстардың экономикалық сипаттамасы оларды экономикалық белгілері
бойынша төрт бөлімге бөледі: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат
мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар, күрделі шығыстар, кредит беру,
қаржыландыру. Сынып, ішкі сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен
сипатын нақтылай түседі, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен
қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстар - жұмысшылар мен қызметшілердің
негізгі жалақысы.
Бюджеттің атқарылуы кезінде екі сыныптаманың негізгі бөлімшелерін
қамтитын тоғыспалы сыныптама түріндегі функционалдық және экономикалық
сыныптамалардың ұштастырылуы пайдаланылады.
Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың атқарылуы мен бюджеттік
несиелендіру әкімшілер бойынша бюджет бағдарламаларын, мысалы Қазақстан
Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы,
Премьер-министрдің Кеңсесі, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының
әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан Республикасының
басқа ведомстволары мне службалары бойынша топтастыруды білдіреді.
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданатын басқарудың
жоғары жеделдігіне жету үшін түсімдер мен шығындарды жан-жақты, айқын және
арнаулы етіп жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік жоспарлау - мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына
бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай
жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпыұлттық әлеуметтік-экономикалық
дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасау мен олардың атқарылуы
процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен
ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр. Бюджеттік жоспарлау
барысында қаржы елдің дамуының экономикалық және сапалық көрсеткіштеріне
және табиғи, материал, еңбек және қаржы ресурстарына белсенді ықпал
жасайды.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
бюджеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға;
2) заңнамалық актілер мен кірістерді республикалық және жергілікті
бюджеттер арасында бөлу нормативтерін, облыстық өкілді органдардың
шешімдерімен – кірісті облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерінің
арасында бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеуге;
3) заңнамалық актілермен республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге
берілетін субвенциялардың және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік
алынымдардың ұзақ мерзімді мөлшерін, облыстық өкілді органдардың
шешімдерімен – облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне
берілетін субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен
облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алынымдардың ұзақ мерзімді мөлшерін
белгілеуге;
4) Қаржы министрлігімен келісе отырып, облыстар мен Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасын анықтауға;
5) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және
жергілікті бюджет туралы жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы
органдарының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының лимитін белгілеуге;
6) Үкімет белгілейтін тәртіп пен жергілікті атқарушы органдар тартатын
қарыздар жөніндегі сыйақының (мүдденің) шекті мөлшерін белгілеуге.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық
қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен
шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның
шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр.
Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының
кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету
қажеттігінен туып отыр.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, сондай-ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін
кірістердің көлемі.
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" заңына сәйкес
республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің кірістерін, олар мыналардан тұрады:
а) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен
(корпорациялық табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; импортқа
салынатын акциздер; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен
салықтары; әкелінетін тауарларға салынатын кеден бажы, әкетілетін
тауарларға салынатын баж салығы және басқа салықтар, алымдар мен төлемдер);
ә) салыққа жатпайтын түсімдерден (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
пайдасының үлесі; Ұлттық банк кірісінен алынатын түсім; Үкіметтің
депозиттері бойынша алынған сыйақылар (мүдделер); республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге тиесілі мүліктерді сатудан
түсетін түсімдер; республикалық меншік болып табылатын акциялар бумаларына
түсетін дивидендтер; мемлекеттік лотереялардан алынатын кірістер
(жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін лотереялардан
алынатын кірістерді қоспағанда); жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға
бергені үшін төлемдер; республикалық бюджеттен кредиттер берілуі үшін
алынған сыйақылар (мүдделер); республикалық меншікті мүлікті жалға беруден
алынатын түсімдер; тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық
меншікке өтеусіз өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер, соның ішінде
мемлекеттің пайдасына бас тартудан кеден режимінде рәсімделген тауарлар мен
көлік құралдары; Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке
куәліктер бергені үшін төлем; мемлекетке өткен мүлікті, заңсыз алынған
мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе оны өндіріп алудан немесе мемлекеттік
функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға немесе оларға теңестірілген
тұлғаларға заңсыз көрсетілетін қызметтердің құнын өндіріп алудан алынатын
сомалардың түсімдері; өнімдерді лицензиясыз әкеткені үшін төленетін айыппұл
сомаларының түсімдері; лицензиялық тәртіп белгіленген казино,
тотализаторлар мен ойын бизнесі қызметтерінен алынған кірістерді
қоспағанда, өзіне лицензиялық тәртіп белгіленген лицензиясыз қызметтен
алынған кірістерден түсетін түсімдер; атқарушы санкция; басқа да салыққа
жатпайтын түсімдер);
б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден:
мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және
мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдерден;
2) мына төмендегілерден алынған ресми трансферттерді (гранттарды):
заңды және жеке тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден;
бюджеттік алынымдардан;
3) республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі
борышты өтеуден.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамы мен
құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы

(млн.теңге)
2003 ж 2004 ж 2005 ж
І.Кірістер 1004566 1286734 2098511
Салықтық түсімдер 947251 1186137 1998314
Салыққа жатпайтын түсімдер 44813 81500 66016
Капиталмен жүргізілетін 12502 19096 34182
операциялардан алынатын кірістер
ІІ.Алынған ресми трансферттер - - -
(гранттар)
ІІІ.Бұрын бюджеттен берілген 17690 18390 11351
кредиттер
бойынша негізгі борышты өтеу

Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрап
отыр (қосылған құнға салынатын салық, корпорациялық табыс салығы,
әлеуметтік салық, жеке табыс салығы және т.б.). Бұл кестеден біз салықтық
түсімдердің жылдан жылға көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Мемлекеттік бюджет
кірістерінің басқа көзі – салыққа жатпайтын түсімдер.
Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын
негізінде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің қаражаттары: жалпы сипаттағы мемлекеттік
қызметтер көрсетуді (заң шығарушы және басқа функцияларға кірмей қалған
өзге де органдарды, қаржы және салық-бюджет саясатын, сыртқы экономикалық
қызметті, іргелі зерттеулерді және басқаларын); қорғаныс қабілетін
қамтамасыз етуді; қауіпсіпсіздікті қамтамасыз етуді; республикалық
деңгейдегі жалпы орта, орта кәсіптік және қосымша білімді; республикалық
деңгейде азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін;
заң актілеріне сәйкес республикалық бюджеттен арнаулы мемлекеттік
жәрдемақыларды алатын азаматтардың санатына осы жәрдемақыларды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Бюджеттік жүйе
Бюджет және бюджет құрылысы
Жергілікті бюджеттердің құрылымы
Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролі, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуы
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Бюджетаралық қатынастар
Жергілікті бюджеттер
Пәндер