Инфляцияның мәні және пайда болу себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Еуразиялық гуманитарлық институты

Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

Орындаған:
Тексерген:
Тобы:

Астана 2008 жыл
Жоспар

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
---------4

І. Инфляция: мәні, себептері, түрлері және салдары -----------------5

1.1. Инфляцияның мәні және пайда болу себептері ------------------
5
1.2. Инфляцияның түрлері мен айқындалу формалары ------------7

1.3. Инфляцияның салдары және оған қарсы саясат -----------------
11

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясатты талдау
2.1. Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшудегі
инфляциялық процестердің ерекшеліктері ---------------------------
--14 2.2. Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру саясаты----
-20
2.3. Қазіргі жағдайдағы инфляция және оған қарсы шаралар------25

ІІІ. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты және
2007-2009 жж. арналған бағдарламалар---------------------- -------------
27
3.1 Ұлттық банктің ақша-несие саясатының 2007-2009жж.
арналған негізгі бағыттары ----------------------------------- ---------
---------27
3.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009жж.
арналған бағдарламасы ----------------------------------- --------------
--------33

Қорытынды----------------------------------- ---------------------------
----------36
Пайдаланған әдебиеттер----------------------------------- --------------
-------37
Қосымша 1
Қосымша 2

Кіріспе

Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол
көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің
басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу
қарқының бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің
шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер
туғызады.
Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын негізгі тақырып
ретінде қарастырдым. Менің курстық жұмысымның мақсаты – жалпы инфляция
ұғымымен танысу, ол жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу
себептерін, түрлері мен салдарын білу. 1990 жылдардағы Қазақстан
Республикасында болған гиперинфляцияны мен қазіргі кезде болып жатқан
инфляция құбылысын, оларды шешу жолдарын қарастыру және мемлекеттің
инфляцияға қарсы бағытталған бағдарларымен танысу.
Инфляция мен экономикалық дағдарыстардан осы уақытқа дейін бірді бір
ел тыс қалып көрген емес. Бірақ инфляция процесінің өзіндік жақсы жақтары
да бар – барлық елдерде ең ауыр дағдарыс (инфляция) әдетте экономиканың
жаңаруымен және өрлеуімен аяқталады. Сондықтан экономикалық дағдарыс пен
инфляция көбінесе мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының
бетбұрыс кезеңі болып қаралады. Бұл жөнінде нақты мысал ретінде 1990
жылдардың басындағы ТМД елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы дағдарысты
айтуға болады.
Курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде инфляцияның мәні
мен мағынасының теориялық мәселелерін қамтиды. Онда инфляцияның типтері,
түрлері мен айқындалу формалары, салдары мен оған қарсы шаралар
келтіріледі.
Екінші бөлімде 1990 жылдардың басында болған Қазақстандағы
инфляциялық процестерге талдау жасалады, олардың пайда болу көздері,
экономикадағы гиперинфляцияға алып келген себептер қарастырылады.
Экономиканы реформалау қарсаңындағы шаруашылықтың жағдайы, бағалардың
ырықтануы және олардың күрт өсуі сипатталады. Гиперинфляцияның
Қазақстандағы ерекшеліктері туралы жазылады. Инфляцияға қарсы жүргізілген
саясат нарықтық реформалардың әр кезеңінде жеке талданады. Қазіргі кездегі
елімізде болып жатқан инфляция процесі қарастырылады.
Үшінші тарауда мемлекетіміздің инфляцияға қарсы бағытталған
бағдарламалары қарастырылады. Оның ішінде Ұлттық банктің ақша-несие саясаты
мен Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттары
қарастырылады.

І. Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс

1.1. Инфляцияның мәні және пайда болу себептері

Инфляция – ақшаның құнсыздауынан тауарлар мен қызметтерге бағаның
жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Қазіргі кездегі
экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама беріледі.
Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан
белгілі. Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен
байланыстырады. "Inflatio" (инфляция) – ежелгі медицина саласындағы ұғым.
Оның мағынасы латын тілінен аударғанда - "іштің қампиюы, ісініп өсуі" деген
түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті
бірінші рет қолданған – американ экономисі А.Делмар. Ол 1864ж. Нью-Йорк
газетінде АҚШ-тың федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-
1865жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалардың
шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А.Делмар
"inflatio" деп атады. Кейінен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі
мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері
мен банкирлерінің арасында қолданылып, ХХ ғасырдың басынан бастап
экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады. Инфляцияның жалпы, әдеттегі
анықтамасы айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл
ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағасының соғұрлым өсуіне әкеледі.
Бұл, әрине жеткіліксіз. Инфляция тауар бағасының өсуінен көрінгенмен, ол
тек ақшаға қатысты құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық
құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс
сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жұзіндегі көптеген елдерінің
экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі.
Ақша мен инфляция өзара тығыз байланысқан ұғымдар. Ерте заманда
(алтын монетамен сауда-саттық кезінде) инфляция өте сирек кездесетін
құбылыс болған (тосын жағдайларда, мысалы, соғыс кезінде немесе жоғарыда
айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда), яғни бағалар
ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.
И.Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның "феноменін" бірінші рет
түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған
тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл
шарт автоматты түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымда тек қана сауда-
саттық жүргізуге қажетті алтын ақша мөлшері болды. Тауар азайған уақытта
артық ақша (алтын монеталар) "қазына" ретінде жинақталып, сақталды. Қажетті
тауар көбейіп, ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан
айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады. Алтынға толық
айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып
отырды.

Инфляция – кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздылары
мыналар болып табылады.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстары мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттің бюджеттік тапшылығынан көрінеді.
Егер дефецит орталық комиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша
массасы (МV) көбейеді. Айырбастың, кіріс-шығыстың сандық теңдігін МV=PO
еске түсірсек, М және Р көрсеткіштер өсунің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда инфляциялық өсуі болады. Әсіресе, экономиканы
милитариаландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Әскери
шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетте тұрақты тапшылық жағдайына және
мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең бәсеке кезіндегі нарықта көптеген
өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем
ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде оптимальды нарық.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады. 1979 жылы энергияға бағаның шарықтауы сырттан әкелетін мұнайға
бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауар бағасының
қымбаттауына әкеледі. "Импорттық" инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі.
Әрине өз валютасын револьвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы,
мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ револьвация отандық тауарлардың
экспорттық бағасын да қымбаттатады, ол бұл дүниежүзілік нарықта
бәсекелестіктің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Бесіншіден, өзінен-өзі ден беретін құбылыс ретінде сипат алады. Батыс
елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше
көрсетуде. Дүниежүзілік қауымдастықтың барлық елдерінде де инфляция
өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын
факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына
байланысты. Бұрыңғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы
жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік
жатады. Ол әміршілдік-әкімшілік жүйе салдары еді.
Алтыншыдан, бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы,
олардың өзінің өнімдеріне тұтыну сапасын арттырмай-ақ немесе барынша өте
қымбат өнімді шығарумен жүзеге асырылуы[1].

1.2. Инфляцияның түрлері мен айқындалу формалары

Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептерін және оларды
дамытуға ықпалын тигзетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер
инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі.
Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу
тәслдері және т.б. атаулармен атайды. Брақ сұраныс, шығын инфляциясы деген
ұғымдар олардың мәнін толық ашады. Өйткені әрқайсысы экономикадағы
инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады.
Сұраныс инфляциясы - өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен,
нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда
болатын (нарық өндірісі, тұтыну өндірісі, ақшамен қамтамасыздандыру және
т.б.) үрдіс. Шығын инфляциясы ХХ ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән,
бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың
әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.
Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге
жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды. Немесе оның мәнін бір
сөзбен былай айтуға болады: "Тауардың өте аз мөлшеріне өте көп ақша
жұмсалмақ". Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс
инфляциясының себептерін былай деп тұжырымдайды.
1. Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкіметтің
қосымша ақша эмиссиясын жүргізуі. Бюджет тапшылығының негізгі
себептері: Мемлекеттік шығындардың тиімсіздгі, қоғамдық өндіріс
салаларының арасындағы құрылымдық және сандық үйлесімсіздік, нарық
шаруашылығындағы басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет
тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын
шектен тыс ақша эмиссиясы және халықтың ақшалай табыстарын
индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем қабілетінің ұлғаюына, соған
орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің бағасының өсуіне алып
келеді.
2. Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артуына байланысты емес,
керісінше қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың
үкіметке өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы.
Бір жағынан алып қарағанда жалпы адам мүддесіне бағытталған өте
қажетті әділ шаралардың өзі, мысалы, трансферттік төлемдердің
мөлшерін арттыру (зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б.) сияқты
шаралар сұраныс инфляциясының өсуіне әкеп соғады.
3. Мемлекеттік шығыстардың (әскери, әлеуметтік, т.б.) өсуі. Кейбір
өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасы көбінесе әскери-өнеркәсіп
кешенін қаржыландыруға бағдарланған. Бұл экономика секторының
өнімдері дәстүрлі өндіріс пен тұтынушылар сұраныстарының
нысандарына жатпайды. Бірақ әскери тапсырыстарды орындауға
(еңбекақы түрінде) кететін ақшалар тұтынушылар нарығында тауармен
қамтамасыз етілмеген сұраныстарды арттырады. Одан басқа әскери
шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын өзгертеді және
инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік борыш
пен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын арттыруға әкеледі. Мысалға,
мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген ұлттық
табыстың бір бөлігі орынсыз жұмсалады. Әлеуметтік тапсырыстарды
орындауға байланысты мемлекеттік шығыстар: дотациялаудың,
жеңілдіктердің алуан түрлері, әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің
артуы нәтижесінде тұтынушылық сұраныстар өседі.
Сұраныс инфляциясының басқа да себептері боолуы мүмкін.Ол әр елдің
экономикасының дамуына байланысты. Қазақстанда қазіргі кезде сұраныс
инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп
келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен
өндірістік бірлестіктердің сыртқы қарыздарды көп алуы, екінші деңгейдегі
банкілердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі (бұл айналымға қосымша
ақша шығарумен бірдей) сияқты себептер. Бұл экономиканың біржақты, шикізат
өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әртараптандырыпқана
келтірілген сұраныс инфляциясының себептерін жоюға болады.
Шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемінің қымбаттауына
байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін шығын (ұсыныс)
инфляциясы дейді. Шығын инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты, өз
ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда болып өткен дағдарыс жылдары
инфляцияның бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға болады:
1. Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердң талаптарын
ескеріп, еңбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу. Еңбекақыны
ұлғацту өз кезегінде кәсіпкерлердің шығындарын жоғарылатады,
өнімін қыматтатады. Ал өнімнің қымбаттылығы әрі қарай дамытып,
оны ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде жалпы ұсыныс
(тауарға, қызметтерге) қысқара бастайды, ал сұраныс сол
қалпында қалады немесе өседі. Сондықтан өндірістен түсетін
таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің
бағасын өсіреді. Айтылған процестер ақыр аяғында "инфляциялық
спиральдың" пайда болуына әкеледі: бағаның өсуі еңбекақыны
ұлғайтуды талап етеді, ал еңбекақының өсуі өз кезегінде
тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді.
2. Шығын инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады:
а) бюджет, салық салу, ақша-несие саясатындағы заңдар
базасының кемшіліктері, олардың жетілдірілмеуі; б) экономиканы
реттеуге әкімшіліктің араласуы; в) құқықтық нормалардың жиі
өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп жақтылығы, кәспкерлікке
шектеулер қою, олардың заңдық күштері мерзімдерінің үнемі
өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы теріс факторлар. Айтылған
себептер бағаның тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың
күшеюіне әкеп соғады.
3. Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының көз болып отырғандар:
энергия ресурстарының бағасының әлемдік баға нарығында өсу,
кейбір тауар нарығында монополист компаниялардың және делдал
фирмалардың болуы, тұтынушылық тауарлардың шінде импорттық
тауарлардың үлесінің басымдылығы.
Инфляция толық ауқымды қарқынмен дамып отырған жағдайда, әдетте
жоғарыда көрсетілген инфляцияның екі типі де өзара шиеленісіп, бірін-бірі
күшейтіп, байланысып кездесп отырады. Осылайша ақша массасының шектен тыс
көбеюі экономикада жоғары сұраныстар тудырады, ал осыған жауап ретнде
тауарлар мен қызметтер нарығында баға өседі. Сұраныс инфляциясынан болған
өндіріс шығынының өсуі экономиканың теңгерілмеген дамуын күшейтеді, ақша
массасына қосымша сұраныс туғызып, нәтижесінде инфляциясының одан әрі
тереңдеуіне алып келеді.
Сұраныс және шығын инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро
және инфрақұрылымдарына, оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының
тұрақтылығына (саяси, әлеуметтік және т.б.) байланысты түрлі жылдамдықпен
дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келес үш негізгі түрге жіктеуге құқық
береді: баяу, қарқынды және ұшқыр (гиперинфляция).
Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі, тұтыну бағасының орташа
жылдық өсімі 10%-ға дейін.[2] Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған
елдердің көбіне тән. Баяу инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан
экономиканың дамуына игі әсерін тигізеді деп есептеледі. Экономикадығы
артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады, қосымша жұмыс
орындарын ашуға жағдай туғызады және банкілердің несиелік пайыздық
ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар.
Қарқынды инфляция жағдайында бағаның орташа жылдық өсу қарқыны 10-нан
100%-ға дейін шектеледі.[3] Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап,
бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде
ұстап, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда-саттық келісімшарттары
бағамы сенімді шетел валюталармен жүргізіледі немесе тауардың бағасында
болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі. Мұндай инфляцияға жол бермеу
керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшындырады
(тұрғындардың өмір деңгейі төмендейді, кәсіпорындар күйзеліске ұшырайды
және т.б.).
Ұшқыр инфляция (гиперинфляция) кезінде айналымдағы ақшаның мөлшері
мен баға астрономиялық жылдамдықпен өседі. Нарықтық экономика жағдайында
гиперинфляцияның өсу деңгейі әр оқулықта әр түрлі көрсетіледі, жиі
кездесетін көрсеткіші 500%-дан жоғары[4]. Мысалға Ресейде 1992 жылы
инфляция қарқыны бір жылда 1353%-ға жетті, бірақ ресми түрде
гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер
гиперинфляцияға жылына бағаның 1000%-ға өскенін қабылдайды. ХВҚ
(Халықаралық Валюталық Қор) айына бағаның өсу қарқыны 50%-дан асса,
гиперинфляция деп есептейді.
Гиперинфляция – экономикадағы терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның
құнсыздануы сонша тез болғандығынан, бағалар күн сайын ғана емес, кейде
тіпті күніне бірнеше рет қайта есептелуі мүмкін. Гиперинфляция өндірісті
баяулатады (тоқтатуы да мүмкін), банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады.
Экономикада үрей тудыратын ахуал қалыптасады, ал сауда-саттықта бірінші
орынға бартер айырбасы, есеп айырысу жұмысында бағамы тұрақты шетел
валютасы негізгі ақшаға айналады.
Қазақстанда бағаның ең көп шарықтауы – 1992ж. – 3060% , 1993 жылдың
қарашасында бір айлық инфляция деңгейі - 56% болды[5]. ХВҚ-ның бағалауы
бойынша 1992-1993жж. экономикадағы жағдай гиперинфляцияға жақын. Ал батыс
экономистерінің сипаттауы бойынша Қазақстанда 1992-1994жж. гиперинфляция
болды. Бір айта кететін жәйт, инфляцияны жылдамдығы бойынша үш түрге бөлуді
абсолюттік құбылысқа жатқызуға болмайды. Олардың деңгейі мен басқа
айырмашылықтары уақыт талаптарына сай өзгеріп отырады.

Инфляцияны баланстану дәрежесі бойынша былай жіктейміз: баланстанған
және баланстанбаған инфляция. Баланстанған инфляцияда әр түрлі тауар мен
қызмет көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған
кезінде – әр түрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен
салыстырғанда тұрақсыз және әр түрлі пропорцияда өзгереді[6].
Инфляцияның тағы бір түрі – сырттан әкелінген (импортпен келетін)
инфляция елдегі шектен тыс тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел
валютасының көп құйылуына байланысты. Жергілікті тауардың тапшылығына
байланыста шетелдің тауар өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарлатады
да, импортталған тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді.

1.3. Инфляцияның салдары және оған қарсы саясат

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай
жағдайларға әкеп соғады. Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның
әр түрлі топтарымен , экономикалық және әлеуметтік институттар арасында
қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылықтарынан) мемлекет
тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын
мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты
ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты
түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.
Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты
табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы
топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға
мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға
ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.
Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляцияның
нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын
азайтуды көздеп, банктер қарыз пайызының ставкасын жоғарылатады. Осы жағдай
өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ
мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра
түседі.
Екіншіден, инфляцияның жоғарғы қарқыны және баға құрылымының күрт
өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі.
Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер өсе түседі.
Осының төлемі ретінде пайыз ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар
қысқамерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі
құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы
өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен
қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс
өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен
жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді.
Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді
және тауар өндірушілер ойсырайды.
Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі.
Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі.
Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді,
нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға
жол ашады. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін
қосымша шығындар жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты
табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық
саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік
борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске кіріседі.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет
ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы
төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді.
Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің төлемі
және оның стимулы болып табылады.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік
бермейді. Бірақ, инфляциямен, бір жақтан, өндіріс көлемі мен
жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс болмайды.
Оныншыдан, әр түрлі тауарлырдың салыстырмалы бағалары және олардың
өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады[7].
Ұзақ мерзімді уақыт интервалында, инфляцияның шапшаңдауы теориясы
бойынша, жылдан-жылға инфляцияның қарқынының өсуі, өндірістің нақты
көлемін, оның өзінің табиғи дәрежесінен жоғары ұстап отыруға көмек береді.
Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-
қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлкет инфляцияны жою және ақша
айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Инфляцияға
қарсы саясат деген инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу
құралдарының жиынтығы.
Табыс саясаты инфляцияның қарқыны жоғарылап және өндірістің көлемі
төмендегенде қолданылады. Табыс саясатының негізгі принциптері: бағалардың
өсуіне шек қойылады, еңбекақының атаулы мөлшерлемесі бекітіледі және оның
еңбек өнімділігіне оңтайлы арақатынасы белгіленеді. Баға мен еңбекақы
мемлекетпен келісім арқылы ғана жоғарылатылады және мемлекет тарапынан
олардың деңгейіне бақылау қойылады. Бұл жағдайда инфляциядан халықтың
атаулы табыстарын қорғау (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақыларды және
табыстарды индекстеу арқылы) табыс саясатының негізгі міндеті болып
саналады. Бұл теорияны жақтаушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляция туралы
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
Инфляцияның мәні және мазмұны
Инфляцияның мәні, түрлерi
Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктері
Нарықтық экономикадағы инфляция
Пәндер