Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ұлттық қор
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3-4
1. бөлім ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТАСТЫРУДЫҢ ҚАЙНАР
КӨЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен
мәні ... ... ... ..5-7
1.2. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау
және
бекіту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-12
1.3. Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану
бағыттары ... ... ... ... ... ..13-1 6

2.бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ... ... ... ... 17
2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару ... ..17-19
2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-22
2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ
Тіпті үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы деңгейдегі
қазақстандықтың өзі еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі. Алайда ол не
үшін құрылды, кім және қалай басқарылатынын аздаған адамдар ғана біледі.
Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі
боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында Қазақстан,
голланд дертіне шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО
елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Бұл қорды құруымен Қазақстан
өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да
дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы,
Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап
өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер
үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде
пайдаланылады. Мысалы, дүние жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып
табылатын латинамерикалық Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ
қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге
кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық қорын бақылап
отырған сыртқы бақылаушылардың көзқарастарына қарағанда, оның қызметі
табысты екендігіне күмән жоқ.
Тақырыптың өзектілігі- Ұлттық қор болмаса жалпы осы Қазақстан
Респупликасының дамуы жүзеге аспайды. Осы ұлттық қордың көмегімен көптеген
операциялар орындалады. Ұлттық қор жалпы ел эканомикасына әрдайым ықпалын
тигізіп отырады.Ұлтық қорда ақша қоры көп болса, яғни эканомикалық даму
ахуалы жоғары болады.

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып-Қазақстан Республика-сы
Ұлттық қорының экономикадағы маңызы, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі
және т.б.табылады. Жалпы бұл курстық жұмыс Қазақстан Републикасының Ұлттық
қорының қаншалықты қоғамдық өмірдежәне еліміздің дамуында манызды рөл
атқаратыны туралы жазылған .

Осы жұмысты жазу барысында басты назар келесі мән-жайларға аударылды:

➢ Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың алатын ролі

➢ Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану

➢ Ұлттық қордың кірісі мен шығысын құқықтық реттеу

Бұл курстық жұмыста Ұлттық қордың мәнін, оның экономикадағы рөлін,
құрылымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылығын толықтай және
де көбірек қамтыдым.

1.бөлім Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі 1.1.Мемлекеттің қаржы
жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні.
Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше
бюджеттермен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры да кіреді. Юбджет
кодексінде берілген анықтама бойынша ҚР Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында
жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы активтер Ұлттық қорды
құрайды.
Ұлттық қор елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету,
экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділігі мен қолайсыз сыртқы
факторлар әсерін төмендету мақсатпен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды
арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке
қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі мен мәні оның
атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және
тұрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде
экономианың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген бөлігінен құрайтын
қаржы активтерін қорландыруды қамтамсыз етеді. Екінші функциясы шикізаттық
ресурстардың әлемдік бағалары коньюктура-сының мемлекеттік қаржылар
ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді.
Ұлттық қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық
және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы
қорды басқарудан түсетін инвестициялық тбыстар қарастырылады. Республикалық
бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей анықталады:
➢ шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың
бекітілген жылдық көлемдері араларындағы айырмасы мөлшерінде;
➢ шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік
мүліктерді жекешелендіруден түскен түсімдер мөлшерінде;
➢ шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларының
10 пайыз мөлшерінде.
Жергілікті бюджеттер бойынша ресми трансферттер көлемі ауылшаруашылық
арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде анықталады.
Ұлттық қорды тиімді басқару мақсатпен Қазақстан Республикасының
Президенті маңында кеңесші орган- Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес
құрылады. Бұл орган қорды тиімді пайдалану мен оның құралдарын қаржы
активтеріне жайғастыру бойынша ұсыныстар жасайды. Осы Кеңесті құру мен
құрамын анықтап , оның ережелерін бекітетін Ел Президенті.
Кеңсе келесі функцияларды атқарады:
➢ қорды қалыптастыру мен пайдалануының тиімділігін ұлғайту жөнінде
ұсыныстар жасайды және дәйектейді;
➢ қорды пайдалану бағыттар мен көлемдері жөнінде ұсыныстар
қарастырады және жасайды.
➢ қорды жайғастыру үшін рұқсатталған қаржы активтер мен басқа да
мүліктер тізбесі жөнінде ұсыныстар жасайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына
өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1.Есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға, есепке алу және оны
пайдалану тәртібін әзірлеп бекітеді;
2.Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқару
мен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап,
бекітеді;
3.Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті
және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты
ұсынуды қамтамасыз етеді;
4.Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5.Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бұхгалтерлік есебін қамтамасыз
етеді;
6.Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған
сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1.Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса
дербес инвестициялау;
2.Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп,
бекіту;
3.Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті
ұсыну;
4.Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге
өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатнда Ұлттық
банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының
орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның
өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде
шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару
мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы
бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.

1.2.Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау
және бекіту.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану механизмі мемлекеттің және
шетелдердің жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық тұрақтылық пен
фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік пен ішкі
тауар, сонымен қатар қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты
белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның
құралдары негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне
нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын
толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер
түрінде жұмсалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану есепті құру ҚР Үкіметінің
құзіретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит
нәтижелерінің негізінде қордың іс-ірекеті жөнінде жылдық есепті құрады. Бұл
есепте Ұлттық қор құралдарының түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық
мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша Ұлттық банктің әс-әрекеті
сипатталады, сондай-ақ қорды басқару жөніндегі басқа да мәліметтер
келтіріледі.
Белгіленген формамен және бекітілген тіртіппен жасалған Ұлттық қорды
қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есеп ҚР Президенті бекіткеннен кейін
ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылады. Ұлттық
қордың іс-әрекеті мен оны басқару жөніндегі жылдық есеп пен жүргізілген
аудит нәтижесі бойынша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды
кіріктіруі тиіс:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен
басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін
қамтамасыз ету мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе
аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы
туралы 2007 жылғы есеп туралы ақпарат.
 Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі № 630
Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есеп бекітілді.
2007 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты
1853398392 мың теңгені (1851941116 мың теңге – аудиттелген қаржылық
есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады, 2007 жылғы  31 желтоқсанға
2733351338 мың теңгені (2730887908 мың теңге – аудиттелген қаржылық
есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер енгізуге
байланысты (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
          29 маусымдағы № 269 Заңы), оларға сәйкес мұнай операцияларын
жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2007 жылғы   1 шілдеден
бастап мұнай секторы кәсіпорындарының саны артты    (55 кәсіпорыннан 157
кәсіпорынға дейін).
2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1139270342 мың теңге
түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан тікелей салықтардың
түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды
қоспағанда) – 1037094009 мың теңге, оның 346150165 мың теңгесі (2833577 мың
АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастауқайта айырбастау операциясын дәл
сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті
шотына теңгемен есепке алынған шетел валютасындағы түсімдер, мұнай секторы
кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер
(жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда) –
848186 мың теңге, республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру мен өңдеу
салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түскен түсiмдер –
90 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен
түсімдер – 5407073 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқарудан түскен инвестициялық кiрiстер – 95920984 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы кәсіпорындарынан
түсетін түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдер-дің жалпы сомасының
16,5%-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын салық түсімдердің
жалпы сомасының 11,25%-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан
Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 4,29%-ін құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 – 2009 жылдарға
арналған кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген
трансферт түрінде 258000000 мың теңге аударылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 1 317 396
мың теңгеге шығыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқарудың қорытындылары бойынша 2007 жылы алынған ұлттық валютада
көрсетілген инвестициялық табыс 95 920 984 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң
транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылға ауди-торлық тексеру
жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері
бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржы-лық есептіліктің халықаралық
стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару
жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары
туралы есеп .
 
Баптардың атауы 2007 жылы 2006 жылы
1 2 3
Кірістер    
Сыйақы түріндегі кірістер 73 553 658 41 106 540
Дивидендтер түріндегі кірістер 12 152 166 6 512 527
Форвардтық валюталық 28 886 584 17 738 988
келісімшарт-тарды қоспағанда, пайда
немесе шығын арқылы әділ құн бойынша
ескерілетін қаржы құралдарынан
түсетін кіріс
Форвардтық валюталық 1 417 922  (12 910 636)
келісімшарт-тардан түсетін таза
кірістер (шығындар)
Шетелдік валюталарды қайта 89 990 488 61 619 693
бағалау-дан түсетін таза кірістер
(шығындар)
Кірістердің жиыны 206 000 818 114 067 112
Шығыстар    
Активтерді басқарғаны үшін комиссия 2 097 832 1 083 937
Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу 193 757 170 354
жөніндегі шығыстар
Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу 14 820 13 000
жөніндегі шығыстар
Кәсіби қызметтерге ақы төлеу 999 -
жөніндегі шығыстар
Бағдарламалық өнімдерді және 16 142 20 136
ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны
үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар
Шығыстардың жиыны 2 323 550   1 287 427
Таза кіріс (шығын) 203 677 268 112 779 685

1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары.
2001 жылдың ішінде Ұлттық қор жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті
іс-шаралар толық тиянақталды. Атап айтсақ, ел Президентінің 2001 жылғы 29
қаңтардағы Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану ережесі”, сондай-ақ Үкімет қабылдаған бірнеше қаулыларға
сәйкес, жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
түсімдері Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге
асыру ережесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы
аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді.
Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау
барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ
ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне
ие болуына жол ашады.
Ұлттық қор Президент жанындағы консультациялық-кеңесу органы саналатын
– Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес арқылы басқарылады. Оның негізгі
міндеті Ұлттық қорды пайдалану жөнінде Елбасыға тиісті ұсыныстар әзірлеу
болып табылады. Сонымен бірге Президентке және аталған Кеңеске, Үкімет пен
Ұлттық Банкке Ұлттық қорды басқару жөніндегі қызметке бақылауды жүзеге
асыру, өзге өкілеттіктер беру сияқты артықшылықтар ұсынылған. Ұлттық Банк
пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы
шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған
сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы
басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық қорды басқаруға байланысты
қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық
қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.
Ұлттық қорды пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде
көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын
пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың
түрлі бағыттары бар екендігін атап өту қажет. Ол мынадай тәсілмен өріледі.
Айталық, тұрақтандыру трансферттері үшін республикалық бюджетке аудару,
сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кірістің бір бөлігін халықтың
арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және басқа да
шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда балама ретінде мұнайдан түсетін қаражатты халық арасында
бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл
тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының
шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық
валютаны нығайтуға әкеп соқтырады. Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге
қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты
ұлғайтады. Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша
қаражатының тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті
деңгейде төлем жасау қабілеті әлсірейді. Ұлттық қордың құрылуы Қазақстанның
фискалдық тұрақтылығына ықпал етеді және Қорда қаражатты жинақтау ұрпақтар
арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сай келеді.
Әлемдегі нарықтық қатынастардың жаңа сапаға көшуі және ел
экономикасының өркендеуі нәтижесінде бір-екі жыл бұрын Қор қызметін одан
әрі жетілдіру шаралары қолға алынған болатын.
Экономикадағы өзгерістерді қаперге ала отырып, Ұлттық қордың қызметін
жетілдіру мақсатында Президенттің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен
мақұлданған Ұлттық қорды қалыптастыру және қаражатын пайдалану
тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада жиынтықталған бюджет әдісіне көшу
ұсынылды, онда мұнай секторынан түсетін кірістердің Ұлттық қорға бағытталуы
қарастырылған. Бұл мемлекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет
етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық экономика үшін өңдеуші
саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені онсыз мемлекеттік бюджетке
түсетін түсімдердің өсуі ұлғаймақ емес. Жиынтықталған бюджет әдісі бюджет
шығыстарының тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді. Мұнай кірістері Ұлттық
қорға аударылатындықтан, ал Ұлттық қордан бюджетке кепілдік берілген
трансферт жіберілетіндіктен, бюджет шығыстары қысқа мерзімді және орта
мерзімді кезең ішінде мұнайға және мұнай бағасының өсуі мен төмендеуіне
тәуелді емес.
2005жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес
Ұлттық қордың жиналымдарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге
асырылды, ол шоғырландырылған бюджеттің бір бөлігі болды.
Қазіргі уақытта Ұлттық қорға бекітілген тізбе бойынша 55 мұнай
секторы кәсіпорнынан түсетін тікелей салықтың, республикалық меншіктегі
және тау-кен әрі өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті
жекешелендіруден және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан
түсетін түсімдер аударылады. Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты
кепілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның Ұлттық қоры және оның даму тенденциясы
Бюджеттен тыс қорлардың мәні
БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Міндетті медициналық сақтандыру қоры
Қазақстан Республикасының ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері
Бюджеттен тыс қор
Бюджеттен тыс қорлар туралы
Ұлттық қор жайлы
Кірістерді бір қазынашылық шотқа апару тәртібі
Пәндер