Еңбек шартының мерзімі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мемлекеттің экономикалық қызметінің теориялық негіздері 5
1.1Мемлекеттің экономикалық қызметінің рөлі мен маңызы 5
1.2Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этикасы ережелері 11
2 Сырткы экономикалық қызметті мемлекеттiк реттеу 16
2.1Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің мәні, негізгі16
ұғымдары
2.2Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің тетігі 18
2.3Төлем балансы және валюталық реттеудің негіздері 19
3 Мемлекеттің экономикалық қызметті жетілдіру жолдары 22
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 30
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы Мемлекеттің экономикалық қызметінің
дамуы. Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде мемлекеттің
экономикалық қызметінің жалпы теориялық аспектілері туралы, яғни
мемлекеттің экономикалық қызметінің рөлі мен маңызы, мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасы туралы айтылған. Екінші бөлімінде елдің
сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің мәні мен негізгі
ұғымдары жайлы, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік
реттеудің тетігі мен төлем балансы жайында сөз қозғалған. Үшінші бөлімінде
мемлекеттің экономикалық қызметті одан әрі жетілдіру туралы айтылған.
Мемлекеттік қызмет мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік
қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен
функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару
жөніндегі қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық
орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік
экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет.
Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның
әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және
әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы
жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының
өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың
басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке
экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел
жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті
көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда,
бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына,
өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына
тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық
прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері
қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық
қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға
жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға,
біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде
мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен
ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау,
жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы
аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек.
Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне
қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір
жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне
байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан,
еңбек деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын
жеңу.
Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс.
Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс
тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық
сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың
рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған
түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.
1 Мемлекеттің экономикалық қызметтің теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттің экономикалық қызметтің рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып
табылады.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен
атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық
патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар
құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері
алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол
жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік
қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған
тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік
қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси
қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі,
ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар
Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы,
қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-
бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін
еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз
қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді
білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін
азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке
соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол
беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету
қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам
қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы
мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс
істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік
болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ
ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса
алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы
мүмкін.
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам
сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз
емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу
және т.б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек
шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы
азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті –
қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек
шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы
керек.
Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет
етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне
байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше
белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер
жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер
шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған
жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі
туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш
айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді
себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы
еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке
шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен
соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған
жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық
талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді
орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс.Қызметкердің толық
қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға
мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі
болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың
табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.
Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және
басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының
нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар.
Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.
Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының
тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы
факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің
қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
- экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
- монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау;
- табыстар мен байлықты қайта бөлу;
- экономиками тұрақтандыру;
- ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде қаржы
категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл
байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай
теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет
азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық
салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін
пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық
жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін
бақылауды, сондай-ақ экономикалык өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды
қамтиды.
Экономикалык ресурстарды қайта бөлу екі жағдайда нарықтық жүйенің
жетілмегендігінен барып туады:
- бірқатар тауарларды өндірудің тепе-тендік көлемінің олардың оңтайлы
колемінен ауытқуы;
- ресурстарды болуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды,
игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды
жеткілікті бөлмеу.
Бірінші жағдайда тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру
немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып
табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл
құбылыс жанама нәтижелер немесе құйылымдар деп аталады және бұл
шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың
пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың,
тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар
жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа
аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде
өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды
өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым щығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай
реттеуші шараларды жүргізеді:
- қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын
жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын
сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің
сәйкестігіне жеткізеді;
- құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-
тендіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.
Екі жағдайда да өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп
бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар,
медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар
қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты
пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер
көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал
құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және
қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдай мұндай
қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.
Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекетгің реттеуші іс-қимылдары
сұраным мен ұсынымды кобейтуге бағьпталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым
пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметгер көрсетуді сатып алу үшін
қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады.
Ұсыным өңдірушілерді қаражаттаңдыру жолымен арттырылады, бұл олардың
шығындарын азайтады және өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет процесі сызбаларда көрсетілген. Бұл
шығындардың болуының нәтижесінде (10.1 сызба) ұсыным сызығы S жағдайында
болады, яғни қоғамға аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын
босатылады. Барлық шығындарды қосқан жағдайда ұсыным сызығы 8 жағдайында
болады; бұл орайда тепе-тең көлем 0,-ден Q2-re төмендейді, ал тепе-тең баға
Р-ден Р-ге көбейеді. Ұсыным сызығының сапырылысуына жоғарыда айтылған
мемлекеттің іс-қимылымен қол жетеді.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
- экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
- табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және
мемлекеттің өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық
агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын
белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік
қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және
мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті
актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық
қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне
қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің
белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу
және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа
жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында
қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға
қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда
әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі
мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
Қазақстанда жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуына орай, ашық-құқылы
институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті
қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі
артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы
стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен
жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай
методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау.
Қазақстан дамуының жаңа белесіндегі Қазақстан-2030 Стратегиясында
біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың және мемлекеттік қызметті және
кадрлық саясатты қайта құрудың 30 маңызды бағыттары анықталды. Аталмыш
маңызды тарихи құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны корпусын
жаңартуға арналған дәйекті бағам, біліктілігі дәрежесіне орай талаптар
орнату, іріктеу, дәуірлес кезеңде кадрларды мемлекеттік аппарат
қажеттілігін және болашағын есепке ала отырып оқыту сияқты бағыттарға
басымдылық белгіленген.
Реформа Қазақстанда тиімді, заманға сай мемлекеттік қызметті және
сауда экономикасына оңтайлы басқару құрылымдарын құруға бағытталған.
Мемлекеттік басқармаларды реформалаудың басым бағыттарының бірі
кадрларды алу, даярлау әрі алға жылжыту. Мемлекеттік қызмет беделін құру
және қолдау стратегиялық мақстын қою қажет.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасының маңызды
бөлімі басқарма жүйесін кадрлармен бекіту болып табылады. Бұл жерде
Халықаралық конференция қатысушыларының 21 ғасыр шегіндегі мемлекеттік
басқарманы жетілдіруге қатысты ұсыныстары маңызды рөлді ойнады.
Бірыңғай кадрлық саясатты жүргізу үшін, республикалық және жергілікті
деңгейде, Қазақстан Республикасы президенті арқылы, ақпараттық-аналитикалық
қамту қызметімен және оның аймақтағы сәйкес құрылымдық бөлімшелерімен
берге, кадрлық саясат және мемлекеттік қызмет мәселелеріндегі мемлекеттік
органдар қызметінің координациясын қамту, мемлекеттік қызметкерлер туралы
мәлімет банкін құру және оларға дәрежелік категорияларды беру үшін арнайы
уәкілетті мемлекеттік орган құру қажет деп танылды.
Органдардың есеп жүйесін және органдардың дерек есептілігін құру,
мемлекеттік қызметкерлерді дайындауға және қайта даярлауға бірыңғай
мемлекеттік қалып орнату, оқу орындарының міндетті түрде лицензиясы болуын
қадағалау және меншіктік қалпына қарамастан сондай қызметтерді енгізетін
орталықтар құру; кәсіби деңгейін, басқару персоналы жұмысының сапасын
анықтайтын жүйені жетілдіру және енгізу, жұмысшылардың мемлекеттік қызметі
барысында әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік басқару тәжірибесінде ұлттық
нақышты ескеру, әйелдерді мемлекеттік басқару аясына белсендірек тарту,
мемлекеттік қызметкерлерді оқыту барысында орталық-азиялық елдердің
ықпалдастығын дамыту және т.б. ұсынылды, осының барлығы Қазақстан
Республикасында мемлекеттік кадрлық қызметтің ары қарай жетілуіне,
мемлекеттік қызмет институтының дамуына септігін тигізеді.
Мемлекеттік аппаратты жаңартуға себепші болатын келесі батыл шаралар,
азаматтарды әкімшілік қызметке алуда міндетті түрде іріктеу конкурсын
енгізу және қызметте алға жылжуы болып табылады. Бұл жерде кадрлық саясат
азаматтардың конституциялық құқығы бойынша қоғамның барлық қабаттарында
тіреуіш болатын мемлекеттік қызметке теңдес рұқсаты механизмін жетілдіруге
бағытталады.
Мемлекеттік қызметті Реформалаудың маңызды бағыты жемқорлықпен күрес
болуы қажет. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму
Стратегиясында тұлғалардың лауазымына қарамастан аясуыз жемқорлықпен
күреске аса назар аударылады. Кадрлық саясат пен мемлекеттік тәжірибеде
аталмыш бағыттың жүзеге асу механизмі азаматтардың құқы мен бостандығына
бағытталған, мемлекеттік қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың,
лауазымды және басқа тұлғалардың нәтижелі қызметін қамтамасыз ету, және
кінәлі жақты жауапкершілікке тарту жолдарымен шешілетін болады.
Жемқорлықпен белсенді күресуде, басқару корпусының үнемі жаңартылып отыруы,
мемлекеттік аппараттың кезекті қысқартылуы, тікелей яки жанама жемқорлыққа
жол беретін жағдайлардың алғышарттарын әшкерелеуге стратегиялық курс алу
қажет.
Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық үлгісін жасауда өзіміздің және
шетелдің жақсы нәтиже берген тәжірибелерінен біртіндеп жинақталған. Бүгінде
мемлекеттік қызметтің бірыңғай мемлекеттік биліктің заң шығаратын, іске
асырушы және соттық салаларға бөлінуіне қарамастан барлық ұйым түрлеріне
бірдей негіз бен ұстаным құрудың қажеттілігі анықталуда. Бұл бағытта саяси
және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдар тізілімін, қызмет пен
мамандықтың сәйкестігін, іріктеу рәсімін, кадрларды орынды пайдалану,
мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы мен еңбегін
ынталандыру механизмін, кадрларды оқыту бағдарламасын жасау, мемлекеттік
қызметкерлердің тәжірибесінде адекватты қажеттілікті анықтау; мемлекеттік
органда кадрлық құрылым санының өсуін тұрақтандыру; мемлекеттік аппарат
кадрларының аспандатылуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; мемлекеттік
қызметкерлердің кәсіби қабілеттілігі мен еңбек нәтижесінің бағалануын
қамтамасыз ету алдыңғы саптағы маңызға ие.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасы жаңа
экономикалық шарттарға икемделген, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаттың
жүзеге асуын сапалы жаңа деңгейде қамтуға қабілетті кадрлық потенциалды
жаңартуға бағытталуын; іскери қасиетіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлерді
ашық және жабық процедурасында іріктеу мен алға жылжытуды енгізуді,
кадрлардың біліктілігін үнемі көтеруді әрі олардың әлеуметтік-құқықтық
қорғанысын қамтамасыз етуді атап көрсету тиіс. Бұл ретте мемлекеттік
қызметкерлер кәсіби дайындығының барлық талаптарына жауап бере жүріп
қоғамның қожайынынан құлға айналуға бейімделеді. Осы себепті ел Президенті
өзінің Қазақстан-2030 атты Қазақстанға Жолдауында жаңа генерация
шенеунігі – ол ұлттың қызметшісі, патриотты әрі әділ, өз ісіне адал
кәсіпші, - деп атап өтті. Қазіргі мемлекеттік қызметтен қоғамның күтетіні
де осы.
Біздің өз алдымызға қойған мақсатымызға жету қосымша жасақ күшін жиюды
және көп жағдайда іске кездейсоқ қатынас пен биліктің барлық органдары мен
институттары, іскери, ғылыми және сарапшы қоғамдастық тарапынан келуді
талап етеді.
Ең бастысы: кешенді жетілдіру үдерісі еліміздің барлық тұрғындарының,
қоғамның барлық қабаттары мен институттарының тікелей қатысуы мен мүддесі
тұрғысынан қаралуы тиіс.
1.2 Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этикасы ережелері
Кодекске ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қарашасындағы №446 Қаулысына
сәйкес өзгерістер енгізілді (қараңыз: іс жүзіне асыруды енгізу мерзімі).
Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм
бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және
моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен
тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан
Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнің осы ар-намыс
кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi -
Кодекс) Мемлекеттiк қызмет туралы 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан
Республикасының Заңына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 1998
жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған
моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.
Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда –
орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының міндеті жүктелген орталық
атқарушы органдардың жауапты хатшылары немес лауазымды тұлғалар, ал орталық
атқарушы органдардың жауапты хатшылары жоқ болған жағдайда - орталық
атқаушы органдардың басшылары мемлекеттік осы Кодекстiң мәтінiн мемлекеттік
органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерге орналастыруды
қамтамасыз етеді.
Мемлекеттiк қызметшiлер:
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк
қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды
мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда
белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар
бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес
өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен
лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен
нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны
сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен
белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып
сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке
өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия
сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай
ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
12) мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгінен
түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар
лауазымды адамды дереу хабардар етуге;
13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен
біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi.
Мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде:
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны
дәйектi жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетімен мемлекеттiк биліктің беделiн
нығайтуға, мемлекет мүдделерiн қорғауға; Қазақстанның беделiн түсiретiн iс-
әрекеттер жасауға жол бермеуге;
- Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сүйене отырып,
заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға;
- азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау
мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын бұзуға бастайтын iс-әрекеттерге жол бермеуге;
- Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға
жәрдемдесуге;
- мемлекеттік және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, өзінің
қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл де сапалы атқаруға, ол үшiн өзiнiң жұмыс
уақытын тиiмдi пайдалануға;
- жоғары кәсiби жұмыс үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсауға, қойылған
мiндеттердi шешудiң оңтайлы және үнемдi әдiстерiн қолдануға, сенiп
тапсырылған мемлекеттiк мүлiктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi
пайдалануға;
- сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға;
- мемлекеттiк қызмет мүдделерiне залал келтiретiн iс-әрекеттi
болдырмауға; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерiн қозғайтын мәселелер
жөнiнде шешiмдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметiне араласпауға;
- кәсіпкерлiк қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық
субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жол бермеуге;
- қызметтiк ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға
пайдалануға жол бермеуге;
- қызметi жоғары немесе төмен тұрған не өзiмен қызмет немесе жұмыс
бойынша өзге де тәуелдiлiктегi адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктiк
сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;
- мемлекеттiк функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды
тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметiн пайдалану фактiлерiне жол
бермеуге;
- заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдiк
жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілiк және шетелдiк туристiк,
емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;
- өзінің iске көзқарасымен және жеке мiнез-құлқымен ұжымда орнықты
және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге;
- мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына және мемлекеттiк
қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауына бөгет болатын iс-
әрекеттерге қарсы тұруға;
- кадрларды жерлестiк және жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша
iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
- басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын
бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуi;
- өзінің қызметтік мiндеттерін атқару кезеңiнде киiм киюдің iскерлiк
стилiн ұстануға тиiс.
Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттiк
қызметшiлер:
1) азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал
етуге;
2) қарапайымдылық танытуға, өзiнiң лауазымдық жағдайын, соның iшiнде
көлiк, сервис және өзге де қызметтердi алу кезiнде, баса көрсетпеуге және
пайдаланбауға;
3) өзiнiң iс-әрекеттерiмен және шешiмдерiмен қоғам тарапынан негiздi
сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзiмдiлiкпен
қарауға, оң сын-ескертпелерді кемшiлiктердi жою мен өзiнің кәсіби қызметiн
жақсарту үшiн пайдалануға;
4) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу
көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi
шаралар қолдануға;
5) шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына,
жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне,
тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның
және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге;
6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға,
мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен
дәстүрлерiне құрметпен қарауға;
7) сыпайы және әдептi болуға тиiс.
Өзіне бағынысты қызметкерлерi болатын мемлекеттiк қызметшiлер:
1) бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк
өкілеттiктерiнiң көлемiн олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл
айқындауға, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуге
және олардан қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды
талап етпеуге;
2) бағынысты қызметкерлерiне қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекілік
фактiлерiне, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтуге, жөнсiздiкке жол бермеуге;
3) бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы
қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтiн iс-әрекеттер жасауға
мәжбүр етпеуге тиiс.
Мемлекеттiк орган қызметiнің мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында оның
басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берiлген лауазымды
тұлғалары сөйлейдi.
Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан
келтiрмей, пiкiрталасты әдептi түрде жүргiзуi тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметтiк iсінің
мәселелерi жөніндегі өз пiкiрiн, егер ол:
1) мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;
2) жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпараттарды ашатын болса;
3) мемлекеттiк лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер
айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруге тиiс емес.
Мемлекеттiк қызметшінің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы және
кәсіпкерлiк қызметпен айналысуы, бiреудiң мүдделерiн сүйемелдеуi жөнiнде
негiзсiз көпшілiк алдында айыптау болған жағдайда, ол тиiстi түрде мұндай
айыптауларды терiске шығаратын ақпаратты жариялауға тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiнi сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілiк алдында
айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды терiске шығару, соның iшiнде сот
арқылы терiске шығару шараларын қабылдауы керек.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң осы Кодекстi сақтауы олардың қызметтiк
борышы болып табылады.
Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлер
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен
жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін. K970167 (41-бап; 13-тарау) K010155 10
пунктке 27.11.07 ж. №446 ҚР Президенті Қаулысына сәйкес өзгерістер
енгізілді (қараңыз: іс жүзіне асыруды енгізу мерзімі) (ескі ред. қараңыз).
Мемлекеттiк органның ұжымы оның басшысының шешiмi бойынша мемлекеттік
қызметкерді қызметке тағайындауға және босатуға құқы бар, мемлекеттiк
қызметшiнiң осы Кoдекстi сақтамау фактiсiн қарап, қараудың нәтижесi бойынша
қоғамдық мiн таға алады.
2 Сырткы экономикалық қызметті мемлекеттiк реттеу
2.1 Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің мәні, негізгі

Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz