МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1 МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Монополияның түрлері,
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4
1.2 Монополияның пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Монополия қызметінің ерекшеліктері мен көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... .12

2 МОНОПОЛИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ САЯСАТ
2.1 Монополиялық бағаны қалыптастыру
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .15
2.2 Мемлекет тарапынан монополияны
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 18
2.3 Монополиялық бәсеке нарығының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 20
2.4 Қазақстандағы монополиялар және монополияларға қарсы саясат ... ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...2
8

КІРІСПЕ

Монополия (грек. monos — жалғыз және poleo — сатамын) — 1) бір нәрсені
иемденуге немесе қандай да бір іс-әрекетті орындауғы деген ерекше құқық; 2)
капитализмге тән белгілі бір саладағы билік; 3) бір заттың мемлекетке,
ұйымға, фирмаға, жеке адамға және т.б. жинақталуы.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты монополияның заңдарын тереңірек зерттеп,
талдау жүргізу. Қазақстанның монополия нарығын зерттеу жүзінде көптеген
мәселелерді талқылауға арналған. Өндіріс тиімділігінің жоғарылауы
экономикадағы демонополизация процесін басқару шарттар жүйесіне байланысты.
Мемлекет тарапынан нарыққа бақылау жүргізу, жағдайларды талдауы арқылы жаңа
монополистердің тууы, осы өндіріс орындарының жұмысын басшылыққа алуы
табиғи монополияда нақты бәсекелестіктің жоқтығының негізгі себебі болып
табылады. Нарықтық экономиканың дамуына қарай мемлекет араласуының
бағыттары мен түрлері өзгеруі керек. Антимонополиялық заңдардың негізгі
қарастыратын мәселесі — еркін бәсекелестікті және кісіпкерлікті қолдау,
тұтынушылар құқығын қорғау, т.б. Қазақстан Республикасындағы моноплиялық
компаниялармен танысу, олардың қызмет түрлері нарыққа әсерін талдау курстық
жұмыстың соңғы тарауында қарастырылады.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда монополиялық державалар өз
мемлекетінде немесе дүние жүзінде бәсекелес компанияларға қиындық туғызуда.
Ал бәсекелестік болмаса, онда алға даму да баяу жүретіні белгілі.
Тұтынушылардың олардан шегетін негізгі зияны — компаниялардың қалауынша
қойылатын бағалар. Бағалар еркіндігі де бәсекелестіктің болмауынан туады.
Осының салдарынан тұтынушылардың таңдауы да шектеледі. Ал бұл өз кезегінде
елдің әлеуметтік жағдайы жағынан нашарлауын көрсетеді. Монополиялық билік
ұсыныс пен сұранысқа да үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындалуда. Бұл елдің
отандық өнім өндірушілерінен жоғарғы деңгейдегі дайындықты талап етеді.
Егер елде тек монополиялық компаниялар болса, онда олардың бәсекелестікке
төтеп бере алуы мүмкін деуге болады. Ал төтеп бере алмаса, онда елдің
экономикалық өндірісі зардап шегеді. Осыны ойлай, мемлекетте фирмалар
өндірісі бірдей дәрежеде болуы керек деген тұжырымға келдім. Тіптен алсақ,
Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылуы үшін де осы
мәселелердің қарастырылуы қажет.
Сонымен қатар, монополияның ролі экономикада екі жақты. Біріншіден -
монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшелінеді, ал ірі
масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуте мүмкіндік
береді. Бұл - оның жақсы жағы.
Жаман жағы - монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары
баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен
қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен
тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы
тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды кұрал болып антимонополиялық заңдар
қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасыңдағы тепе-теңдікті
мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын зандар пакеті кабылданады.

1 МОНОПОЛИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Монополияның түрлері, түсінігі
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің
бірі, осы қарастырып отырған нарықтардың фирмалардың саны болып табылады.
Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте
көп болады. Сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық
бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс
арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен
сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты
пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім
көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының
таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер
тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия
жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы
қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған
бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына
оның тауарына ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да
әсерін тигізеді. [1, 303]
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық —
монополия деп аталады, ал фирма — монополист деп аталады. Монополист
берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы
бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың
шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып,
тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді
және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер
сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін
тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықта, онда қоғам
жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние
жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға
қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнің
барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда
тиімді деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер
туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және
олар кез-келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді. Бұл
шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легалді тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың
жетістіктерін монополиялық нарыққа енуін, монополиялық түрде
иеленуі, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше
құқықтар);
3) бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп
артықшалықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге,
нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады. [3, 35]
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі
өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны
практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға
болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі —
жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігіне өте сирек кездесетін
шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальді тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальді
тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса — құқығың
бар, ал патент жоқ болса — құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің
мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан
жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл
жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальді тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан
белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде құқық беру. Бұндай жағдайда елдің
ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ
шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекттік
фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі — демпинг. Демпинг —
бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнына төмен бағамен сату.
Ірі фирмалар — олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы
мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен
ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма
шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын
қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
[9, 158]
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның
төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен
қорғалған.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру,
оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс
саласы.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып
және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.
Монополистің жалпы өнім көлемін белгілеуі төмендегідей көрсетіледі:
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс
мақсаты — пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист
жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз
шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілейді. Монополистің сұраныс
қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да монополистер
төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін.
Монополист тауар бірлігінің бәріне бір ғана баға белгілейтін
болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек,
монополиялық фирманың сұраныс қисығы болып табылады. Өнім бірлігінің бағасы
монополиялық жағдайда өзгермелі шама болып табылады және өндіріс көлемінің
функциясын көрсетеді. Яғни: P=P(Q).
Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:
П=TR-TC=p(Q)xQ-TC(Q) (1)
Енді пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз:
немесе MR=MC (2)
Бұдан монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары (MC) шекті
түсімге (MR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз.
Өндірушінің жалпы түсімі TR=P(Q)xQ формуласы бойынша анықталатынын
біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз. (3)
Сұраныстың бағалық икемділігі былай анықталтыны белгілі: және
оны (3) формулаға қойып, есептеу арқылы шекті түсімді табамыз. Бұдан
пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге болады:
Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффициенті Е0, демек
монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына қарағанда
жоғары болады, яғни PMC. Монополиялық нарықта P=MC теңдігі E=0 болғанда
ғана орын алады, ал басқа жағдайда PMC. Бұл монополистің белгілейтін
бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық
болатынын көрсетеді. Шекті түсімнің формуласынан, монополист өндірушінің
жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс икемділігіне байланысты екенін
көрдік. Осы байланысты талдау үшін, сұраныс икемділігі өзгеруіне сәйкес
жалпы табыстың қалай өзгертетінін сипаттайтын кесте құрамыз:
№ Сұраныс икемділігі, Е Шекті түсім, MR Жалпы түсім, TR
1 Икемді сұраныс MR0 TR өседі
-∞E-1
2 Сұраныстың бірлік икемділігі MR=0 TR ең жоғарғы
E=-1 деңгей
3 Икемсіз сұраныс MR0 TR
-1E0

Осы кестенің берілгенін пайдаланып сұраныс шекті түсім, жалпы түсім
және сұраныс икемділігі арасындағы қатынастарды көрсететін график тұрғыза
аламыз. [1, 206]
Егер монополистің сұраныс қисығы түзу формада болса, онда шекті түсім
қисығы көлденең осьте сұраныс қисығының жартысын қиып өтеді. Бұл ереже
сұраныс қисығы түзуден өзге формада болатын жағдайда қолданылмайды.
Ешқандай өндіріс шығынсыз болмайтыны белгілі. Демек, монополистің шекті
шығындары өндірістің кез-келген көлемі үшін MC0 болады.
Монополист барынша көп пайдаға MC=MR болғанда жететін болғандықтан,
өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез-келген өнім көлеміне сәйкес болатын
шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни: MR0 немесе
Егер өнімге деген сұраныс икемді болса, шекті табыс оң болады, яғни:
-∞E-1.
Монополистің өнімге деген сұраныс икемсіз болған жағдайда, MR=MC
теңдігі кез-келген өндіріс көлеміне қатысты болмайды. Алынған нәтиже
маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Монполист өндіруші өнім шығару
және оны сату көлемін өзінің өніміне сұраныс икемді болғанда ғана кеңейте
түседі.
Монополиялық өндіруші әрдайым экономикалық пайда ала бермейді.
Экономикалық пайда табу мүмкіндігі сұраныс қисығы мен орташа жалпы шығын
қисығының бір-біріне қатысты қалай орналасқанына байланысты болады. [7, 47]

1.2. Монополияның пайда болу себептері
Монополизм және монополия мәселелеріне алғаш мән берген ғалымдарға
классикалық мектептің негізін салушылар жатады (В.Петти, А.Смит,
Дж.С.Милль). В.Петти Алымдар және салықтар туралы трактат еңбегінде
монополия құбылысына Монополиялар және лауазымдар туралы деп аталатын
бүкіл бөлімін арнаған. Ол монополияны айналыс сферасында қарастырып, оны
тек сату құқығымен байланыстырған. В.Петтидің жазуы бойынша Бұл құқыққа
ие адам, бұл құқық таралатын тауарды қалай бағалағысы келсе, солай
бағалайды немесе ойына келген бағасын қояды немесе оған рұқсат берілген
шекте екеуін де істеп сата алады.
Ғылыми көзқарастарды қарастыра келе, келесі кесте түрінде жинақтап
беруге болады.
Экономикалық қатынастардағы монополиялардың негізгі типтері
Жіктемелік Монополия типтері
белгілер
Құрылу әдісі Ұйымдастырушылық, технологиялық, экономикалық
Құқықтық негізі Ашық, жасанды, мемлекеттік, табиғи
Мақсаттар Жеке, қоғамдық, бюрократиялық
мазмұны
Қозғаушы күштер Өнімдік, қолдаушылық
сипаты
Меншік сипаты Жекеменшік, ұжымдық, мемлекеттік
Басқару деңгейі Мемлекеттік және салалық, министрліктер мен
ведомстволар, кәсіпорындар мен ұйымдар түріндегі
монополиялар

Монополия типтерінің ішіндегі негізгілерінің біріне табиғи монополия
жатады, менің пікірімше  табиғи монополия  бір кәсіпорында белгілі – бір
өнімнің өндірісінің шоғырлануының алдын – алуға бағытталған шаралар жүйесі
экономикалық мақсатқа сай болмаған жағдайда пайда болады. Табиғи монополия
өнім шығарылымы көлемінің өзгерісі жағдайында өндіріс құралдары көлемі
өсуімен шығындар төмендеген жағдайда туындайды.
Экономикалық ілімге табиғи монополия  ұғымын алғаш енгізген
Дж.С.Милль, монополияның өндіріс шығындарын зерттеу барысында туындағанын
анықтаған неоклассикалық экономикалық ілім өкілдері А.Маршалл, Дж. Б.
Кларк, П.Срафф, Д.Робинсон, Г.фон Штаккельберг, Э.Чемберлин және
басқалардың зерттеулері осы мәселеге қомақты үлес қосты.
Монополия  және бәсеке мәселелерін зерттегенде К.Маркс жұмыстарына
тоқталмауға болмайды. Маркстік ілімде монополияның пайда болу себептері,
экономикалық сипаттамалары және тарихи орны зерттелген. К.Маркс
монополияның үш типін талдаған: табиғи, кездейсоқ және тегінде
капиталистік. Табиғи монополия капиталдың негізгі өндірістік қатынасымен
тура байланысты емес. Ол жеке меншік бар кез келген қоғамда өмір сүре
алады. Әдетте, табиғи монополия ерекше қолайлы табиғи ресурстарды
монополиялық иеленумен байланысты және сол немесе басқа өндірушінің табиғи
артықшылығынан туындайды. Табиғатынан монополиялар ауыл шаруашылығында және
өндіру өнеркәсібінде кең таралған. Табиғи монополия – монополиялардың ең
ескі түрлерінің бірі, ол тіпті құл иелену қоғамында да  болған.
Неолибералды мектеп өкілдері, атап айтсақ, В.Ойкен монополия ұғымын
өндіріс пен капитал шоғырлануы үрдісімен байланыстырмаған, оны таза
нарықтық феномен ретінде түсіндірген. В.Ойкен жетілген бәсеке моделінен кез
келген ауытқуды монополиялану ретінде түсінген.
Кеңес авторлары, соның ішінде Е.Л.Хмельницкая, К.К.Многолеттің жазуы
бойынша монополиялық бірлестіктердің жетекші формасы  -  ол өндірісті
басқару,  ғылыми зерттеулер, жабдықтау және өткізу бойынша операциялар мен
капиталды иеленуді бір қолға біріктірген концерн болып табылады.
Монополияның өмір сүруінің негізгі шарты – белгілі бір салаға кіру
үшін кедергілердің болуы. Кедергілердің түрі: айрықша құқықтар (патенттер),
белгілі бір тауарға ұсыныстың жеке меншікте болуы (аумақта жалғыз болуы),
табиғи монополия ауқымнан үнемдеу.
Егер өзінің тауарының бағасына әсер етіп, оның ұсынысы көлемін
өзгертсе, онда фирма монополистік немесе нарықтық билікке ие.
Бәсекелік фирмадан айырмашылығы, нарықтық билікке ие болған жағдайда
фирма тауарына сұраныс қисығы ылдилы.
Монополист бағаны өзі тағайындауы мүмкін, бірақ, ол кез келген жоғары
бағаны қоя алмайды, әйткенде сұраныс көлемі төмендеуі мүмкін. [13, 155]

1.3 Монополия қызметінің ерекшеліктері және көрсеткіштері

Монополияның төрт ерекшелігі бар. Олар:
1) өнімнің ерекше болуы;
2) тосқауылдың көп болуы;
3) ірі жалғыз фирма;
4) толық деректер.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және
тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де
өндірушілер тұтынушы-ның сұранысын аргтыру үшін әрекеттер жасайды. Ал
монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның
тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл 1-суретте бейнеленген.

1-сурет. Монополияның ерекшеліктері [1, 303]

Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып
алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің
дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас
тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің
жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды
орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б.болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің
иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету
мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан,
бірде монополист – фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны
шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін
көрсетеді. [5, 134]
Монополиялық биліктің көрсеткіштері: бәсекелестік нарықта жеке
өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын
деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың нарықтағы бағасына әсерін тигізсе
және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда біз
жеке өндірушінің монополиялық билігінің бар екендігін айтамыз. Ал
монополиялық биліктің күшін бағалау үшін Абба Лернер көрсеткішін қолданады.
Ол былай анықталады: Берілген коэффициент нарықтағы тауардың
бағасының шекті шығындардан ауытқу деңгейін анықтайды және оның мәні 0-ден
1-ге дейін өзгеріп отырады.
Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, монополиялық билік соғұрлым
күшті болады. Монополистің тепе-теңдік жағдайында екенін біле отырып,
Лернер көрсеткішін мына түрде де жазуға болады:
Бұдан байқайтынымыз: монополиялықбиліктің күші, басқа жағдайларды
тұрақты деп ұйғарғанда сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады,
демек, өнімге деген сұраныс икемсіз болғанда монополиялық билік күшее
түседі. [2, 64]
Нарықтық монополияның түрлері. Нарықтық монополиялаудың екі негізгі
түрі бар. Олар мыналар:
1. Бір фирманың қолында нарықтың үлкен бөлігінің шоғырлануы.
2. Ірі фирмалардың бәсекелестерімен байланысты.
Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке
жүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мөлшері.
Монополияға қарсы саясатшылардың көзқарасымен қарағанда, ең негізгі
көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай
бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың
нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланады.
Соның бірі — Херфиндаль-Хирлеман индексі (Ihh).
Ihh =(x1)2+(x2)2+(x3)2+...+(xn)2 мұнда хі - % түрінде көрсетілген
саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын
саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары болады.

ІІ МОНОПОЛИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ САЯСАТ
2.1 Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері
Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті
түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отырады. Соған қарамастан,
олар MC=MR болғандағы өнім шығару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Монополияның экономикалық және әлеуметтік салдары
Қазақстан экономикасындағы монополиялар
Монополия түрлері, түсінігі, ерекшеліктері және монополиялық қоғамдастар
Табиғи монополияны мемлекеттік реттеуді жетілдіру
Монополиялық құрылымдарды мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының көлік саласында табиғи монополия құрылымдарын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Пәндер