Нарық қатынастарының даму кезеңдері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, нарықтық экономика заманында, біздің алға қойған негізгі мақсатымыз - туған жерімізді жан-жақты, оның ішінде тұрақты экономикалық және әлеуметтік жағынан дамыту, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу, халқымыздың жоғары сапалы өмірін қамтамасыз ету болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» (2004 жылғы 19 наурыз), «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» (18 ақпан, 2005 ж. ), «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (28 ақпан, 2007 ж. ), «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (ақпан, 2008 ж. ) сияқты барлық Жолдаулары мен «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі», «Қазақстан - 2030» Стратегияларындағы басты басымдылық - Қазақстанды бәсекеге қабілетті елге айналдыру, ол үлкен мақсатқа жету үшін шағын және орта бизнесті дамыту алға қойылуда. Ал ол үшін еліміздің экономикасын тиімді ұйымдастырудың маңызы зор, оның ішінде қазіргі таңдағы нарықтық экономиканың заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескеру экономиканы ілгері жылжытушы болып табылады.

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасы нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып саналады. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

Нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық төңірегіндегі сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен тәжірибесінде алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.

Біздің республикамыз пайдалы қазба байлықтарымен, ауқымды ауыл шаруашылық саласымен, білікті мамандарымен, өндірістік потенциялымен ерекшеленеді. Бүгін Қазақстан нақты жұмыс істейтін нарықтық экономикаға ие.

Осы тақырыптың өзектілігі - біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынастары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.

Курстық жұмысты жаза отырып мына мақсаттарды көздеймін:

- Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйенің қалыптасуы мен дамуының мәселелерін ашу;

- Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық моделін сипаттау;

- Нарықтың тиімді және тиімсіз жақтарын, нарық инфрақұрылымын, нарықтық экономиканық ерекшеліктерін, мемлекеттік макроэкономикалық бағдарлауын зерттеу;

- Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіруінің үдерістерін қарастыру.

Экономиканың жылжу бағыты республикадағы экономикалық саясаттың тиімділігіне тікелей байланысты. Себебі, бұл саясатта нарықтық экономиканың қыр-сыры толық ескерілуі керек: нарықтың негізі - жекеменшік шаруашылығы, шектелген ресурстармен шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыруды ұйымдастыру, нарықты реттейтін заңдар жасау, т. б. Қажетті шарттардың барлығы неғұрлым дұрыс орындалса, соғұрлым көп пайда түсіп, өнімділік артып, барынша бәсеке туындайды, ал бәсеке - нарықтық экономиканың басты элементі. Бұл еліміздің экономикалық гүлденуіне елеулі үлес қосады. Сондықтан, нарықтық экономиканың заңдылықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты қарастыру, оның өзектілігін ашу менің ұстанған негізгі мақсатым болып отыр.

І. НАРЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, МӘНІ, ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ

  1. Нарықтың ұғымы мен мәні

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылығы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, әкономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. [1, 25 бет]

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразі нарықтық әкономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет «күш» деп те дәріптеуде.

Саяси әкономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін әкономикалық категория деп қарайды. Ол әкономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.

Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау - бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген әкономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.

Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын әкономикалық қатынастардың жиынтығы.

Нарық - тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын әкономикалық қатынастар жиынтығы. [2, 144 бет]

Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі - өндірушілер мен тұтұнушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін әкономикалық байланыстар пайда болады.

Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т. б) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздеғі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде әкономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды. [4, 284 бет]

Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлыұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, әкономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.

Ағылшын әкономисі А. Смит әкономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі Халық байлығы 1776 ж. Жарық көрген. А. Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.

А. Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге әкономистердің түсінігінше, алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз - еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. [8, 55 бет]

Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А. Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.

А. Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның әкономисі, Нобель силығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым - ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.

А. Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің әкономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.

Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. «Айырбастау»-дейді В. И. Ленин, -«адамдарды нарық арқылы біріктіреді». В. И. Лениннің айтуынша, «Нарық» ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да соңиализм орнатуда және соңалистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендігі туралы В. И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары:

- В. И. Лениннің көзқарасында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу барысында атқаратын ролі;

- Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері түралы жалпы теорияның айқындала түсуі;

- Өтпелі дәуір кезеңіндегі әкономиканы мемлекет тарапынан басқару механизмнің дамуы;

Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.

Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т. б тән - олардың сиректігі немесе шектеулігі. әкономикалық теорияда бұл феномен шамасы «Ресурстар Заңы» деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттіліғінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеғен «Көрінбейтін қол» деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың әкономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек ғана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты-өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекет жасайды. [11, 288 бет]

  1. Нарық қатынастарының даму кезеңдері

Нарықты зерттеу және сегменттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.

Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда - саттық көріністерге кездейсоқ болды.

Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т 1 - Т 2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбінесе өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т 1 - Т 2, , балама Т 2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түріне тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде «таза»құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды. Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы Т 1 тауар емес балама Т 2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иеленушілері - несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшалануы қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады. [7, 44 бет]

Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе нарық, монополия нарық, реттемелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік зерттеу және сегменттеу теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723 - 1790 ж. ж. ) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» деген басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниеттігіндегі даумен аяқталады деп кқрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» рөлін атқаруы қажет.

Монополиялық нарық XIX ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол зерттеу және сегменттеудағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми - техникалық прогрестің баялауына бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленесуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттемелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік баға белгілеу, нарық конъюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоцияларын, жарнама - ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек. [6, 123 бет]

Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге негізгі құралы да болды. Тереңдей түссек меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С. Бәйішевтің мәліметтері бойынша Қазақстанда малмен сауда жасау, әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған, оның едәуір бөлігі айырбас шетке шығарып өткізу үшін өңдіріліп отырған.

Нарықты қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.

Қазір тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында тарихи әділетсіздікті жою міндеті. Негізгі стратегиялық мақсат - демократияны дамыту, меншікті қатынастарды реформалау, нарықты зерттеу және сегменттеуны өндіру болып табылады. [18, 2 бет]

ІІ. НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

2. 1. Нарық қызметтері

Нарықтың мәні оның функңиялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:

- Тауар өндірісінің өзін -өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарлатады; нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;

- Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындар азайту мүмкіндігін іздестіреді;

- Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;

- Реттеу қызметі. Нарық арқылы әкономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макропропорңиялар белгіленеді;

- Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принңптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс әкономикалық жағынан қолайсыз әлементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференңиялданады. [3, 25 бет]

2. 2. Нарық экономикасының элементтері мен инфрақұрылымы

Нарық әкономикасының қызмет етуі оның белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

Нарық әкономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі проңесінде қалыптасады, біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар, өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады.

Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтұнушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер фомасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған әкономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені қарастырамыз:

1. Баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі коньюнктүраға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

2. Осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін траскациондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. [12, 201 бет]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі жер салығының жағдайы және оның динамикасы
Нарық -түрлері, құрылымы, үлгілері
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Валюталық нарық және валюта жүйесі
Валюталық нарық және валюта жүйесі туралы
Нарық және иерархия туралы
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz