Тауар пайдалылығы мен пайдалылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.1
1. Құндылық және пайдалық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1. Тауар құндылығы мен
пайдалылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Тұтынушы мінез-құлқының заңдылығы мен шекті пайдалылық заңдары ... .5
2. Таңдау және бюджет көлемі мен бюджет
шектеулілігі ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.1.Тұтынушылар қалауы мен табыс-тұтыну және баға-тұтыну
қисықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3.Табыс және алмастыру
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15
3. Сұраныс
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .65
3.1.Сұраныс пен уақыттың тұтынушы мінез-құлқындағы алатын рөлі ... ... 56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А.
.
.
.

Қолданылған әдебиеттер

1. Макконель-Брю Экономикс (
30-45 беттер )
2. Пол Самуэльсон Экономикс
(21-41 беттер )
3. Мамыров Н
Микроэкономика
Есенғалиева ( 111-
114 беттер )
Тілеужанова М
4. Шеденов Қ Жалпы
экономикалы теория

( 195-200 бетттер )
5. Гобанова
Микроэкономика

( 82-86 беттер )
6. Фишер
Экономикс
Шмолинзе (
120-124 беттер )
Дорнбуш

1. Құндылық және пайдалық теориясы.
1.2. Тауар пайдалылығы мен пайдалылығы.

Еңбек құн теориясымен келісіп, нарықта еңбектің құнын анықтайтын құн
керектігі туды. Сол еңбек нарығында құн өзінің құндылық дәрежесін алды. Құн
– қоғамдық еңбек шығыны. Классиктер бойынша – тауарға сіңірілген еңбек.
Міне осы жерде теоретиктер шекті пайдалылық заңының керектігін дәлелдеп
бақты. Мағанасы неде? Тауар нарықта сатылатын болса, сол тауар тұтынушы
үшін белгілі бір пайда әсерін беретін болса, онда тұтынушы оны бағалайды.
Ағылшынның value сөзі – бағалылық болып аударылды... Бағалылық
субъективті көзқарасқа келіп тіреледі. Бағалылық тек тұтынушының
бағалауынан туса, оған таңырқамау керек, егер оның сол тауарды солай
бағаласа. Мысалы:
Жабайы гүлдің бағалылығы, құндылығы қалай анықталады, егер көрінген
жерде өссе, өсе тұра көпшілік жерде сатылса? Ван Гок картинасы қалай
бағаланады? Еңбек құн теориясы бойынша - қоғамдық қажеттілік. Мысалы
жұмыртқаны алсақ. Ол Қытайда қоғамдық қажеттілікпен өзінің құндылығын
бағалата алады, ал Ресейде олай емес, Ресейде оған деген бағалылық артуы
тиіс еді, бірақ сол жағдайда ол сатылып алынбайды, бағасы белгісіз болуы
ғажап емес. Бұл тек салыстырмалы жағдайда, басқа шамалар тұрақты деп
аламыз. Ол сонда-ақ айырбас категорияларында да анықталады.
Неоклассиктер, яғни австрия мектеп өкілдері бағалылықта бірнеше
өндірістік факторлар қатысады дейді. Олар еңбек, капитал, жер және
кәсіпкерлік қабілеттілік (бір еңбек емес әрине)
Шекті пайдалылық пен еңбек құн теориясы бір-бірімен өте тығыз
байланысты. Олар пайдалы істерді бір-біріне жаратуға құмар келеді.
Тұтынушылықты орындарына қоймаса экономикалық алға басушылық болмас еді
Осы ізденіс өздігіненен шекті пайдалылық теориясының ашылуына
септігін тигізеді. Қай бірлікте пайдалылық әсері есептелінеді? Осы
ізденістермен айналысушы ғалымдарды екіге бөлуге болады: ординалистер мен
кординалистер, мағанасында шекті пайдалылық, сұраныс қисығына және
экономикалық категорияларға өз әсерін тигізеді.
Бағалауды мінездегенде шекті пайдалылық теориясына еңбек еткендер –
У.Джевонс, А.Маршалл, Е.Бем-Баверк, К. Менгер, Ф.Визер, Л.Вальрас,
В.Паретто және басқалары XIX ғасырдың екінші жартысында аталмыш теорияның
негізін салды. Шекті пайдалылық анықталады делінген нәрселер көп нәрсенің
ашылуына, шаруашылық парадокстарының, экономиканың бір бөлімін, яғни шекті
пайдалылықтарының шешілуіне себеп болды. Бұған

А.Смиттің Гауһар тас пен су парадоксы мысал бола алады. Неге адамның
күнделікті қолданылатын суының құны шамалы, яғни онсыз адамның өмір
сүре алмайтыны белгілі, неге ол арзан тұрады да, алмаз, гауһар тас қымбат
тұрады? Алмаз адамдар үшін пайдалылық әкелетіні өте аз, деседе ол
экономикалық игілік болып табылады. Осы жағдайда дейік, егер сіз шөлде
болсаңыз сіздің суға деген пайдалылығыңыз артып қана қоймай, оның сол
уақытттағы бағасының артқанында көресіз. Демек осы жағдайда су мен гауһар
тастың бағалылығы теңелгенін көреміз немесе одан да пайдалырақ екенін көру
қиын емес. Адам Смит бұл сұраққа жауап таба алмаған, кейін Смиттің бұл
сұрағына, яғни парадокс сауалына маржиналистер жауап береді. Өз
кезінде Смиттің пайымдауы бойынша алмазды қазуға көптеген шығындар
кететінін айтып шектелген еді. Молшылық кезінде су гауһар тастан төменірек
бағаланады, ал керісінше су тапшы болса оның бағалығы артып кететіні бәріне
аян. Себебі өмір мен өлім кесе көлденең тұрады. Міне осыдан барып жаңа
теория пайда болды. Игілік бағалығы қолда бар нәрсенің пайдалылығы мен
анықталды немесе сол игіліктктің шекті пайдалылық мөлшерімен бағаланды.
Сөйтіп шекті пайдалылық теориясы дүниеге келді.
Карль Менгердің айтуынша тауарлар экономикалық игіліктер, ол
қозғалысқа да, сатуға да және тағы басқада заттарға айырбастауға
блатыны анықталды. Негізгілерінің бірі тауар сипаттамасы, оның – сол
тауарға деген тұтынушының бағалылығы.
Игіліктің пайдалылығы, әрекеті, сол арқылы ол адам өз қажеттілігін
қамтамассыз етеді, ол сондай-ақ тұтынушы бағалылығын анықтайтын игілік те
бола алады. Тұтынушы бағалылығы әр адамның жеке тұтынушылығын немесе
метериалдық игіліктерінің көлемінің артуына өз әсерін тигізеді. Мысалы:
нан, тұз, су, ұн – адамның асқа деген тұтынушылығын қанағатттандырады, ал
мата болса адамның киімге деген тұтынушылығын қанағаттандырады.
Тұтынушы бағалылығы көптеген игіліктерді өзіне алады, адам
еңбегінсіз болғандары, жабайы өскен ағаштар сияқты әр түрлі игіліктер емес
әрине...
Игілік тауарға айналу үшін, ол айналымда айырбас үшінде қолданылады.
Ескеретіні тұтынушы қанағаттандыратын тұтынушы бағалылығы оны айырбас
арқылы сол қоғамдағы басқа да адамдарды қанағаттандырады. Маршалдың
айтуынша шекті пайдалылық заңы біржақтылықтан зардап шегіп отырғанын,
оның бағалылығы бір фактормен белгіленетінін айтты. Ол өзінің монизмдік
мектебімен тығыз жұмыс істегенін біреу білсе, біреу білмейді. Маркс
теориясында еңбек тек еңбек қана болған
Маршал теориясы неоклассиктер мектебімен мононистік теория бойынша
тығыз байланысты. Оның айтуы бойынша тауар бағалылығы нарықтық күштің
әрине сұраныс жағына тәуелді жақтары және ұсыныс

( өндіріс тауарлар шығыны ) Өндіріс шығынын есептегенде неге қолданылғын
еңбек мөлшеріні есептейміз? Себебі қоғам белгілі бір қажеттілікті
сезіненді. Дәл осы тауардың бағалылығы, осы пайдалылық пен шыққан еңбек
бағалылығымен анықталады. Ең соңғы өнім бағалылықты анықтайтынын білсек,
онда оның көлемінің артуы шекті шығындармен де байланысты екені сөзсіз.
Дайын тауардың бағасы оны дайындауда кеткен өнліріс шығындарымен
байланысты. Осы принцптерді нақты ітермен көрсетсек. Мұнай барлау
қорларының өнімі, яғни бензин негізінен тұтынушылардың автомобильдерді
бағалағаннан болса керек. Мұның пайдалылығының құндылығы неғұрлыме көбірек
болса, соғұрлым шығын көлемі де және көптеген факторлар мұнай барлауда,
сондай-ақ басқада факторлар көбірек болады. Бензиннің қымбаттауынан емес
әрине мұнайда бұрғылағандағы кеткен шығындардың көптігінен. Бұл принцпті Е.
Бем-Баверк былай деп айтқан екен: Не потому дорого токайская вино,
что дороги токайские виноградники, а наборот. Маршал еңбектерінде сұраныс
субстанциясынан функционалдық анализге өтуі экономикалық теорияның
сұрангыс-ұсынысқа да әсері бар екені анықталды.

1.2. Тұтынушы мінез-құлқының заңдылығы мен шекті пайдалылық заңдары

Тұтыну мінез-құлқының заңдары мен шекті пайдалылық заңдарына келсек.
Жалпы адам қажеттілігі шексіз, ал табиғаттағы ресурстар шектеулі екені
бәрімізге аян, бірақ белгілі бір тауарға деген қажеттілігін қанағаттандыруы
мүмкін. Уақыттың белгілі бір кезеңінде немесе шамалы уақытта тұтынушылардың
талғамы қалыпты болып, сол уақытында олар қалаған тауарын алуына, қалаған
қызмет көрсетуіне қанағаттанатындай етуі тиіс және онысын шектемеуге
тырысады. Тұтынушының бір тауарға деген көлемінің артуы, олардың қосымша
бірілікке деген ұмтылысын кемітеді. Оны ұзақ мерзімді тауарларды
тұтынғанда көруге болажды. Мысалы адамның машинаға деген тұтынушылығы,
қызығушылығы, демек ол адамда машина жоқ болса, онда сол адамның машинаға
деген қызығушылығының көп екенін аңғарамыз. Ал сол адамның екінші бір
машинаға деген қызығушылығы төменірек екенін байқаймыз, ал үшінші және
төртінші машинаға деген қызығушылығы өте төмен болады. Кейде ең бай ауқатты
адамдардың өзі бес-алты көлікті ұстауға құлшыныс білдірмейді, дейтұрған
мен олардың дәулеті жетіп тұсада, сонысын қанағат етеді...
Экономистер идея ұсынды; белгілі бір қажеттілік шекті пайдалылық
заңдары арқалы бір-бірін қанағаттандыратын кез болады. Бұл заңды дұрыстап
қарайық: кез-келген тауардың құндылығы бар, егерде оның тқтынушылығы болса,
әрине. Пайдалылық - бұл тұтынушылықты ғана

қанағатттандыратын мүмкіншілік. Оның екі жағын сызып айтуға болады: бірі –
пайда және пайдалылық синонимді болуы мүмкін емес. Пикассоның суреті
практикалық көзқараспен пайдасыз болса және сол сурет өнертанушы,
суретшілерге өте көп пайдалылық әкелетіні тағы бар. Екіншіден пайдалылық
субъективті түсінік. Белгілі бір тауардың пайдалылығы әр адамға әр түрлі
пайдалылық әкеледі. Мысалы: Арзан шөлмекті шарап маскүнем қаңғыбас үшін
пайдалылғы артық болса, ендігі бір тап өкілдеріне қарама-қайшылық әкелері
сөзсіз. Екеуінің ара-жігі жер мен көктей, деседе қай адам болмасын жүз
пайыздық пайдалылық әкелмессі анық.
Шекті пайдалылық кезінде біз қосымша пайдалылыққа кенелеміз немесе
бір тауардың пайдалығының арқанын көреміз. Аралық қатысты уақытта тұтынушы
талғамы өзгермейді. Неге? Себебі бұл тауардың пайдалылығы қанағатттандырыла
бастайды, яғни тойымдылық (насыщаться) байқалады. Игілік саны өссе
құндылық төмендейді. Игілік – адам қажеттілігін қанағаттандыратын құрал.
Біз материалдық игілікті көре аламыз, ал материалдық емес игіліктерді
көре алмаймыз. Шекті пайдалылықтың төмендеуі кезінде тұтынушы міне-құлқынан
байқайтынымыз бір тауарға қосымша құндылық – бұл пайдалылық заңы мен
анықталады.
Пайдалылық субъективті – түсінік болғандықтан, нақты көлемді
өзгеріске ұшырайды. Мысалы болжап көрейікші; біз пайдалылықтың бір бірлігін
есептей алмыз және де бәз оны “utille” – ютилб деп атаймыз. Бұл өлшем
бірлік ең қолайлы өлшем бірлік болып табылады және тұтынушы мінез-құлқын
анықтаудағы ең қолайлысысы. 1-кестеден біз тауар мен көлем
арсында байланыс бар екенін көріп тұрмыз. Кестедегі тоқаш шекті
пайдалылықта бірінші бірліктен соң оның пайдалылығының кемігенін көрдік, әр
келесі бірлік пайдалылығы төмендеуде, бұл бағанағы тойымдылыққа әкеп
соғады. Жалпы пайдалылықта біз кез-келген тоқашты тез есептей аламыз.
Кестеде көрсетілгендей үшінші тоқаш – 2 ютильге; 3 тоқаш – 18 ютильге
пара-пар ( 10+6+2). Назар аударатыны; төртінші тоқаштың шекті пайдалылығы
нөлге теңеліп тұр, ал 5 – теріс санға тең.

Тауар бірлігі Шекті пайдалылық Жалпы пайдалылық
(ютильмен)
I 10 10
II 6 16
III 2 18
IV 0 18
V -5 13

1-кесте. Шекті және жалпы пайдалылық ( тоқаш )

Енді анықтайық, шекті пайдалылық сұраныс қисығының белгілі бір
тауарға кері әсерін тигізеді. Егер келесі бірліктер бірінен соң бірі, яғни
пайдалылығы төмендей берсе, пайдалылықтың өзінен төмен болатын болса,
ғана алуға тырысады. Көрсетілген кестеден біз 2 тоқашты 1 теңгеден алсын
дейңк. Ол келесі бірліктің пайдалылығы шамалы екенін біліп, ескеріп оны оны
сол бағадан төмен болса ғана алатындығын көрсетеді, ол альтернативтік
пайдалыққа жүгінер еді. Сол үшінде келесі тоқаш сәл жақсы болып тұр, егер
бағасы түспесе... Макдональдс фирмасы шекті пайдалылықтың кері әсерінен
олар сізге төлер еді, не үшін? Сол тоқашты жегізу үшінде әрине. Егер бұған
сатушы тұрғысынан қарасақ, шекті пайдалылық өндірушінің бағаны түсіруіне
себеп болар еді, тұтынушылардың қызығушылығын арттыру үшін, әрине...

2. Таңдау және бюджет көлемі мен бюджет шектеулілігі
2.1. Тұтынушылар қалауы мен табыс-тұтыну және баға-тұтыну
қисықтары

Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы
сұранымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып
жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан
тұтынушылардың сұраныстарын зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы
келетінін және қандай бағамен алғысы келетінін дер кезңнде анықтаудың зор
мағанасы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері тұтынушылар
талғамы арқылы зертттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде
тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай
принцппен таңдау керектігі жөнінде мәләметтер келтіріледі. Осы тұрғыда,
егерде А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын
таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан
оларды тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атайды.
Тұтынушылардың тауарлар құрамын дұрыс анықтауды олардың тек
қалауына тәуелді емес, себебі өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға
тұтынушының қалауындағы қаражат жетпеуі мүмкін. Демек тұтынушының
таңдауының қалыптасуна оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсер
тигізіді. Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса,
онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық
жағдайдағы, ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының
басқаша түрде қалыптасуна әкеп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын
зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның
тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.
Үшінші кезң тікелей тұтынушылардың таңдауын зерттеуге арналған және
бағытталған. Осы кезеңде жоғарғыда келтірілгендей тұтынушының нарықтық
ортадағы іс-әрекетін шектейтін жағдайлар ескеріліп, тұтынушы қаражаты
жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлардың құрамы
анықталады. Егер тұтынушыға ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар және
оның бюджеттік қанағаттандыратын тауарлар құрамы аныықталатын болса, онда
бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.

ТҰТЫНУШЫ ҚАЛАУЫ. Біртауардың екінші тауарға қарағанда пайдалырақ
екендігін анықтау үшін ешқандай өлшем бірлік пайдалану мүмкін емес. Ол тек
салыстырмалы түрде ғана айтылатын ұғым. Заттың пайдалылығы адамның
қажеттілігін қаншалықты, қанағаттандыратындығына байланысты. Сондықтан ол
әр адамның психологиясына, өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалылығын
сан түрігнде анықтау үшін пайдалылық функциясын қолданады. Ол функция
X,Y функциялары үшін былай жазылады:

U = U(x, y)

Бұл функция тұтынушы X,Y тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең
жоғарғы пайдалылығын бейнелейді.
Егер пайдалылық функциясы тұрақөты бір санға тең болса немесе :

U = U(x, y)= Co const,

Онда жазықтықта бұл функцияның графигі 1-суретте бейнеленгендей болады.
Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әрекетін тауарлар
құрамының жиынтығын көрсетеді. Мысалы: тұтынушы бір аптада X және Y
тауарларын тұтынады деп жорамалдайықшы, сондағы
X-алма, ал Y- алмұрт болсын делік.
X – алма; Y – алмұрт;
2-кестеде көрсетілгендей және 1-суретті салуға негіз болған
мәліметтер орналасқан немесе жинақталған

1-сурет. Талғамсыздық қисығы

А1 жиынындағы 4 алма мен 10 алмұрт және А2 жиынындағы 5 алма
мен 6 алмұрт тұтынушы үшін бірдей пайдалылық алып келеді. Демек
талғамсыздық қисығының бойында жатқан А3 және А4 жиындары датұтынушыға
бірдей пайдалылық алып береді деп қорытынды жасауға болады.

Жиын Y-алмұрт Х-алма
А1 10 4
А2 6 5
А3 3 6
А4 1 7

2-кесте. 1-суретті салуғу негіз болған мәліметтер жиыны

Талғамысдық қисықтарының жалпы қасиеттері:
1. Талғамысдық қисығы неғұрлым координаттар өсінен алыс орналасса,
солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп
пайда әкеледі. 2 – суреттен төмендегі шарттың дұрыс екендігін
көреміз.

2-сурет.Талғамсыздық қисық картасы

U1 U2 U3 U4

2. Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды. 3-суретте А
жиыны талғамсыздық қисықтарына ортақ қиылысу нүктесінде орналасқан.
А жиыны U1 талғамсыздық қисығында орналасқандықтан тұтынушы А мен
В-ны айырмайды деген тұжырым шығады. Бұдан айтарымыз тұтынушы В
мен С жиындарын бір-бірінен айырмасы бар екеніне күмән келтіре
алмайды.

Бірақ ескеретіні, егер X және Y кәдімгі тауарлар болатын болса,
онда тұтынушы В-дан гөрі С-ны қалайды. Себебі С жиынында X пен Y-ң
мөлшерлері көп. 3 – суретке қарап С жиынында Y тауарының 3
бірлігі, X тауарының 6 бірлігі бар екендігін, ал В жиыныда X
тауарының тек қана 5 бірлігі және Y тауарының 2 бірлігі бар екеніні
анықтаймыз. Тұтынушы бір уақытта В-ға қарағанда С-ны қалай отырып және
олардың арасында айырмашылық жасай алмауы
талғамсыздықтарының қиылысуын жоққа шығарады.

y

х

3-cурет. Талғамсыздық қисықтарының қиылысуы

1-суретте бейнеленген талғамсыздық қисығының пайдасын пайдалана
отырып, тауардың бір-бірін қалай алмастыратынын зерттеуге болады.
Ол үшін алмастырудың шекті нормасы деген көрсеткіш ендіріп, оны
MRSxy деп белгілейміз. Бұл көрсеткіш былай анықталады:

ΔY MU x
MRS = - =
ΔX MU y

Бұл жердегі MU x, MU y – сәйкес түрде X, Y тауарларының шекті
пайдалылықтарын көрсетеді.
Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі
тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.
Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастырудың шекті нормасын
игіліктердің шекті пайдалылыңымен байланыстыруға болады. Жиындағы

Y тауарының шамасын ΔY-ке азайтсақ, бұл тұтынушыға зиян келтіреді.
Пайдалылықтың азаю мөлшері ΔY × MUy – ке тең болады. Тұтынушыны бұрыңғы
қанағаттандыру жағдайына жеткізу үшін y-тің азайған шамасын X
тауарымен толтырамыз.
Сонда пайдалылық мөлшері:

ΔX × MU x ,

тең болып өсер еді.
Ауыстырудың шектік нормасы талғамсыздық қисығының бойымен төмен қарай
жылжығанда бірте-бірте азаяды. Себебі тұтынушы X тауарының шамасын
көбейткен сайын бұл тауардың әрбір қосымша бірлігі аз шекті пайдалылық
әкеледі. 4 – суретте А1-А4 нүктелері арасындағы ауыстырудың шекті нормалары
көрсетілген.

Жиын Y X MRSx
А1 10 4 4-бірлік Ү-ті
А2 6 5 4-бірлік Ү-ті 1-бірлік Х-ке
А3 3 6 5-бірлік Ү-ті 1-бірлік Х-ке
А4 1 7 2-бірлік Ү-ті 1-бірлік Х-ке

3-кесте. График мәндері
y

х

4-сурет. Талғамсыздық қисығы бойымен MRSxy азаюы. Бір аптадаға алма

3 – кестеде аталмыш суреттегі бейнеленген талғамсыздық қисығының әр бір
нүктесінде MRSxy –ті есептеуге пайдаланған мәліметтер берілген.

Бюджеттің шектеулілігі. Тұтынушы бар қаражатын X ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар
Тұтынушы қалауы теориясы
Шекті пайдалылық және жеке сұраныс
Маркстың экономикалық теориясы, қосымша құн және қанау теориясы
Сұраныс пен ұсыныс жайлы мәлімет
Пайдалылықтың сандық теориясы және реттік теориясы
Тұтыну құнының ерекшеліктері
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнiмi
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Тауар өндірісі – нарық шаруашылығының негізі
Пәндер