Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Бөлім I. Нарықтың құрылу механизімінің мәні және ерекшеліктері.
1. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері.
2. Нарық жағдайындағы баға.
3. Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері.
Бөлім II. Нарықтық қатынастардың реттеу механизімінің негіздері.
1. Нарықтық тепе-теңдік механизімі.
2. Нарықтың тепе-теңдік жылжуының себептері мен механизмдері.
3. Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің тигізетін ықпалы.
Бөлім III. Практикалық бөлім.
1. Нарық тепе-теңдігін график арқылы талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Нарық, қоғамдық тұтынкшылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді
ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны
математикамен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының
шыңымен теңеуге болады. бірақ нарық механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті
дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және
әртүрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық
жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның
есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретіне қолайлы
жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін
іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп
отырмыз.
Нарық механизімі ғылым және техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ
көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-
техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен
бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында
алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан
ғалым-әкономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған
байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастырдың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасында тауар және қызмет
көрсету процесіне байланысты қалыптасқан экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Нарық – тауарларды сатып алу - сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың
арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.

Бөлім I. Нарықтың құрылу механизімінің мәні және ерекшеліктері.
1. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түрлері.
Нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы анықталады. Оның
атқаратын қызметтері:
• Экономикалық игіліктерді және қызметтерді, өндірушілермен
тұтынушыларды, байланыстыратын буын.
• Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз
етудегі реттеуші ролі.
• Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі.
• Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту.
• Өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру.
• Еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз
ету.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің, проценттік
нарқының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар
сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық
қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы
объективті ақпар беріп отырады.
Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр-
түрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық
жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай
жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын және өмір
сүруін дәлелдеп берді.
• Шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі.
• Меншік қатынастарының алуан түрлі формалары.
• Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы.
• Тауар өндірушілердің және сауда делдалдарының бәсекесі.
• Нарық инфрақұрылымын жасау.
Территориялық белгілеріне қарай нарық мынадай түрлерге бөлінеді:
дүниежүзілік нарық, еларалық бірлестіктер нарығы, ұлттық нарық, аймақтық
нарық және оқшауланған немесе жергілікті нарық.
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар
мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бұкіләлемдік
шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-
несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік
нарық өндірістік кооперация және интеграция, сыртқы сауда, тауарайырбас
операциялары арқылы ішкі нарықпен байланыста болады.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп, экономикалық айырбастың ерекше
формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа, бірнеше
мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген
жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта, белгілі бір нысанда өндірістің нәтижелері
мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар,
нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын
тауарақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық - бұл бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика,
облыс, аймақ, аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық – кейбір елді пунктердің жиынтығы болып
табылатын нарық. Жергілікті оқшауланған нарық деп негізінен, халық
тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.

2. Нарық жағдайындағы баға.
Нарық пен баға ажыратылмайтын ұғымдар. Олардың бір қалыпты “өмір сүру
ортасы” – нарықсыз – баға өзінің экономикалық мазмұнын жоғалтады,
экономикалық байланыстарды пәрменді түрде реттеуші мүмкіндігінен айырылады,
сөйтіп жай ғана шығын деңгейін тіркейтін құралға айналады.
Бағаның өз міндеттерін атқаруы-қоғамдық еңбек шығындарын жалғастыруы,
айырбастың эквивалентілігін, өндірісті ынталандыруы, сұраным мен ұсынымның
арақатынасын реттеуі, нарықтағы тепе-теңдікке жетуі үшін – олар белгілеген
бір дәрежеде икемді болуға және өздерін айқындайтын жағдайлармен бірге
өзгеріп отыруға тиіс. Жалпыға бірдей орталықтандырылған баға қою жағдайында
мұндай икемділікке жету мүмкін емес.
Бағаның айқындығы оның мәнімен сипатталады. Экономикалық теория
көрсеткендей баға құнның ақшалай көрінісі болып табылады, оның мөлшері
қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталады. Өндірісте жасалған құн,
тауарды сатып алу-сату процесінде белгілі бір бағамен өткізіледі. Баға
қалыптасқан нарық коньюктурасына байланысты тауардың құнына сәйкес болуы
немесе сәйкес болмауы мүмкін. Баға өте қозғалмалы және көптеген
факторлардың әсеріне бейімделгіш: а) сұраным мен ұсыным, ә) өндіріс
шығындары, б) бәсекенің күші, в) баға емес сипаттағы факторлар.
Жоғарыда көрсеткеніміздей нарықтық баға өте қозғалмалы болады, оның
тез өсуі де және тез төмендеуі де мүмкін. Жоғары сапалы және болашағы зор
бұйымдарға - бағаның өсуі, ал олардың әлдеқашан игерілген, моральдық
тұрғыдан ескірген және сапасы төмендеріне – бағаның төмендеуі заңды
құбылыс. Төмендетілген баға жағдайында тұтынушылар өздеріне қажетті кейбір
тауарларды мүлдем ала алмауы мүмкін, өйткені оларды өндіру тиімсіз болады,
ал оларды шығаратын кәсіпорындар банкротқа ұшырау қаупі төнеді.
Егер баға өндірушінің шығындарын өтесе және өндірісті ұлғайтуға,
әлеуметтік мақсаттарды шешуге жеткілікті пайданы қамтамасыз етсе, ол өнім
өндіру көлемін кеңейтуге ынталы болады. Ал бұл бағалар,қоғамдық қажетті
еңбек шығынына жақын болу керек деген қағиданы көрсететін құн заңын ұстану
деген сөз. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің ұлғаюы бағаның төмендеуіне
әкеліп соқтырады. Бұндай жағдай, өндірушілер пайданы көбірек алу үшін не
өндірісті ұлғайту керек, немесе нарық сұранымының тенденциясын ескере
отырып өнімді жаңартуға мәжбүр болады.
Бағаның төмендеуі және өсуі тек қана құн заңының әрекетімен шақырылып
қоймайды, сонымен бірге сұраным мен ұсыным заңының әрекетінен де тәуелді
болады. Бірақ бұл тәуелділіктің сипаты өзгеше болады. Егер бірінші жағдайда
баға динамикасының негізінде құнның қозғалысы жатса, екіншіде -
бағнегізінде құнның қозғалысы жатса, екіншіде – бағаның одан ауытқуы тұр.
Жаңа өнімді игерудің басында бағалар қоғамдық қажетті еңбек шығындарының
деңгейінен жоғары қарай ауытқиды және одан тезірек өсуі мүмкін. Керісінше,
нарықтың тауарлармен толу және оларға сұранымның қанағаттандырылу шамасына
қарай баға шығындармен салыстырғанда тезірек төмендей бастайды. Сондықтан
кәсіпкерлер тек банкротқа ұшырамау қауіпінен құтылу ғана емес, сонымен
бірге пайда табу үшінде, барынша көп қаржы мен еңбек шығынына қарамастан,
өздерінің өнімдерін тұрақты түрде жанартып отыруға тиісті.
Нарық жағдайында баға құру стратегиясы шығындардың, сұраным мен
ұсынымның және бәсекенің негізінде жасалады.
Өндірістік шығындардан негіз алатын баға құру стратегиясы бағада, ол
шығындардан басқа, қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды, пайданы, басқада
үстеме шығындарды есепке алады. Бұндай стратегия сериялы және жаппай
өндірілетін өнімдерге қатысты қолданылады. Нарықтағы бәсекелестіктің
өткірлігіне қарай өнім өндіруші фирмалардың-бұйымдардың сапасын сапасын
көтеруге тұтынушыларға қызмет көрсетуге, жарнамаға арналған шығындарды
біресе көбейіп, біресе азайып отырады. Мысалы, АҚШ пен Жапонияның жарнамаға
жұмсайтын қаржысы сауда айналымының 7-15% құрайды.
Бұндай жағдай баға мен құнның өзара байланысын реттейтін нарық
механизімін елеулі түрде өзгертеді. Нарықта тауар құнының айналасында
бұрынғыдай қозғалыс жасай алмайтын, олигополиялық құрылымдар орнықтырған
жоғары баға үстемдік жүргізеді. Ал құнның мөлшері – қоғамдық қажетті еңбек
шығындары мен материалдық құралдар - өнімдердің тіркелген баға шамасына
сәйкес өзгереді. Нәтижесінде, өнімдерді жасауға және өткізуге қажетті еңбек
шығындарымен материалдық құралдар барынша жедел өзгереді, яғни
монополиялардың өндірістік және өткізу аппаратының нарықтық бағаға
қарағандағы икемділігін көрсетеді.
Бұндай жағдай баға мен құнның өзара байланысын реттейтін нарық
механизімін елеулі түрде өзгертеді. Нарықта тауар құнының айналасында
бұрынғыдай айналыс жасай алмайтын, олигополиялық құрылымдар орнықтырған
жоғары баға үстемдік жүргізеді. Ал құнның мөлшері – қоғамдық қажетті еңбек
шығындары мен материалдық құралдар - өнімдердің тіркелген баға шамасына
сәйкес өзгереді. Нәтижесінде, өнімдерді жасауға және өткізуге қажетті еңбек
шығындарымен материалдық құралдар барынша жедел өзгереді, яғни
монополиялардың өндірістік жіне өткізу аппаратының нарықтық бағаға
қарағандағы икемділігін көрсетеді.

3. Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері.
Экономистердің назарын аудартуға тиісті ең маңызды проблемалардың
бірі – бұл Қазақстан Республикасында нарық дамуының кейбір стратегиялық
ерекшеліктерін қайта қарауды талап ететін шаруашылық жүргізудің нарық
жағдайына көшу арқылы ел экономикасын дағдарыстан шығару. Атап айтқанда,
экономиканың дамуындағы қателіктер мен күрделенген шиеленістердің болуы
жаңа жағдайлардағы нарықты басқару істерінің жолға қойылмауынан деп
түсінуге болады.
Қазір уақыт экономистерге жаңа, ел жоғары талаптарды қояды. Наоықты
дұрыс басқару үшін не қажет екенін анықтау қажет. Біздің пікірімізше, бұл
үшін проблемалардың үш блогын шешу керек.
- ел нарығының тұжырымдамасын жасау;
- нарықты басқарудың негізгі бағыттары мен экономикалық теориясын
таңдап алу;
- нарықтың ұйымдық-экономикалық тетігін, оның критерийін анықтау.
Республикада нарық жүйесін қалыптастырған кезде өзіндік ерекшеліктері
ескерілуге тиіс. Қазақстан нарығының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
1. 1991-1993 жылдары. Нарық жүйесінің негізгі құралдарын
қалыптастыру.
Ең күшті соққы халыққа нарықтық баға бірнеше есе өсіп, жалақы,
зейнетақы, жәрдемақы бірнеше айға кешіктірілгенде тиді; ақша реформасы өтті
– қаржы қарыздары, есепке алу, баспа-бас айырбастар енгізілді, төленбеген
төлемдер пайда болды, жеткізушілер тек өзінің меншікті өнімдерімен есеп
айырысты. Мұның нәтижесінде республикада баспа-бас айырбастау үлесі 45%-ға
жетті.
2. 1994-1998 жылдары. Үкімет нарық механизмдерінің элементтеріне
қатысты тіркелген бағам енгізді, меншіктің дамуының жаңа нысандарын құрды.
Нарық нысандарының қарқынды дамуы меншік иелерінің жаңа таптарының
құрылуына, жеке меншіктің нығаюына әкелді. Мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Маркетингтің мәні мен негізгі түсініктері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Несиенiң формалары және несиенiң түрлерi
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Маркетинг пайда болуының және дамуының экономикалық алғы шарттары
Несие операциялары
Банктік қызметтегі тәуекелдіктер
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Пәндер