Нарықты реттеудің мәні
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім. Нарықтың даму тарихы және нарық теориясы.
1.1. Нарықтың дамуы және кезеңдері туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстандағы нарықтың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Қазіргі заман нарық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
II Бөлім. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері.
2.1. Нарық механизмінің мәні және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .14
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері ... ... ...18
2.3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы ... ... ... ... ... .. ... ... ..24
III Бөлім. Нарықты реттеу әдістері.
3.1. Нарықты реттеудің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу
әдістері ... ... ... ... ... 31
3.3. Өтпелі кезеңде нарықты мемлекеттік реттеу жолдары ... ... ... ... 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..41
Кіріспе
Курстық жұмысымда қарастырған тақырыбым: Нарықты реттеу әдістері
туралы жұмыс жүргіздім. Ең алғашында нарық дегеніміз не деген сұрақ
туындайды. Нарық туралы көптеген анықтамалар бар.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының
саласы болып табылады. Сонымен қатар, нарық – тауарларды сатып алу –
сатумен байланысты орындалатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарықтың атқаратын қызметтері болып: экономикалық игіліктерді және
қызметтерді, өндірушілермен тұтынушыларды байланыстыратын буын,
экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі,
өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру және тағы
басқа да қызмет түрлерін атқарады.
Нарықты реттеу әдістері - бұл нарық механизмінің қалыпты жұмыс
жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның
мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету
тәсілдері. Нарықты реттеу әдістерін екіге бөлеміз. Олар: тікелей және
жанама реттеу болып табылады. Тікелей және жанама әдістердің
арасындағы айырмашылық, белгілі бір дәрежеде, шартты түрде ғана
болады. Нақты өмірде олар бір-бірімен тығыз байланысты және әсер ету
объектісі ретіндегі меншік типіне қарай жіктеліп әртүрлі тіркесте
қолданылады.
Жұмысымды үш бөлімге бөліп қарастырдым.
Бірінші бөлімінде айтып өткендей, нарықтың дамуы, қазіргі заман
нарық теориясы және өзіміздің еліміздегі нарықтың дамуы туралы
айқындалады.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-
жабдықтарына жекеменшік.
Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық
меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі
меншіктенушілері болды.
Екінші бөлімде, нарықтың құрылымы, оның ерекшеліктері туралы, шарттары
мен түрлеріне және нарықтың құрылымы мен инфрақұрылымына тоқталдым.
Ал үшінші бөлімде, нарықты реттеу әдістері, мәні, мемлекеттік және
мемлекеттік емес реттеу әдістеріне көңіл бөлдім.
Осы және тағы көптеген сұрақтарға курстық жұмысымда жауап беруге
ұмтылдым.

1.1. Нарықтың дамуы және кезеңдері туралы ұғым.
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,
оның дамуының езіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен
қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының
дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
а) нарық элементтерінің пайда болуы,
б) натуралдық айырбас кезең нарығы,
в) тауар баламасы кезеңінің нарығы,
г) тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңде, айырбас операция\лары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар
өндірістің шарртары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке
сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т¹ - Т²
көрсетуге болады. Балама айырбас көбінесе өндірістің шарты бола
бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы
қалыптасады. Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен
біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның
иеленушісі болып бірнеше тауарлар көпінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша
Т¹ - Т², балама – Т². Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі
тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланыстьы әрдайым ортасынан ығысып шығып
қалып отырады. Бүл кезеңде таза қүн өзінің иеленушісінің белгілі бір
заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір
сүре алмайтын шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалары
байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі
қызметін алтын атқара бастайды.
Төртінші кезендегі тауар қозғалысының формуласы Т¹ - тауар емес балама
- Т². Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза
иеленушілері - несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады.
Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы –
қазірігі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық,
монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық
капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер
мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды.
Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін
қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің Халықтар байлығының табиғаты
мен себептері туралы зерттеу деген басты еңбегінде жеке меншік
иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және
оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып
табылады деп жазған болатын. Кейіннен, қоғамдық өндірістің
күрделенуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Осы кезден
бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың алғашқы кезеңінде
өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері
әсер етеді. Өндірістен монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық
прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп
келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп
соқтырады. Бұған мемлекеттік меншіктегі ірі кәсіпорындар
монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы жатады.
Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік
тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған
өндірушілер нарығының типі қалыптасты.
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі,
әлеуметтік бағдарланбаған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан
шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.
Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын
көрсетуден бұрын тарихына тоқталып өтейік.
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы.
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның
ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа
жауап беру оңай шаруа емес.

жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың
негізі жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің
де аса ірі меншіктенушілері болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық жерлерді тартып алу
ісімен тығыз байланысты. Оған ресей империясының өте қатал жүргізген
Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға
дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер
жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери
чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде
қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік
бөлінісу тереңдей түсті, патша үкіметінің әскери басшыларына
сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды
бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген
таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелінісуіне
қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша
қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай
жасады. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте
кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.
Өзімізге белгілі, қазақтардың күн көрінісінің карқауы тек қана
мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң
тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның
негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден
айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда
орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде
тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де
өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін
шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау
саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті
аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан
отырықшылық ұялары бұзылды.
XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80%
қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913
жылы 5,4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық
нарықтарында сатқан. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген
арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп
қауіптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан
қорғау) нарық саясатын жүргізді. Бұдан біз нарықты экономиканың
негізгі белгілерінің бірі – бәсеке күресі Қазақстанда да болғанын
көреміз. Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі
бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті.
Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын
болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы,
капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады,
бірақ, оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі -
Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді. Бұл да патшалы
Россияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және
шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен
айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға
пайдаланылды, кен байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізілді,
олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайдаланылды.
Сайып келгенде осының бәрі үлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше
қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта
қалуын өте узақ уақытқа созды. Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының
алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр.
Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды
реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты
экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды. Ол микроэкономикалық
тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады:
Олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны
жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру.
Екінші кезеңде 1996-2005 жылдар экономиканың шикізаттық бағытын
біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі
мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және
валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік
нарығын құру болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың
шапшаң қарын алып дамуымен сипатталады, Қазақстанның әлемдік
саудадағы айқындамасының нығаюымен және дүниежүзіндегі жаңа
индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
1.3.Қазіргі заман нарық теориясы.
Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі
заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі
негізгі бағытқа бөлуге болады.
Оның біріншілері – еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің
араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды либерализм
(негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын
неолиберализм мектептерінің өкілдері (батыс Германия экономисі
Милтон Фридмен) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға
мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы
жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері
Джон Мейнард Кейнс болды. Ол өзінің басты еңбегі "Жүмыспен қамтудың,
проценттің және ақшаның жалпы теориясы" деген кітабындағы идеяларды
"классикалық теория" деп атады және жаппай жүмыссыздықты тек қана сүранымды
көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жүмыспен
қамту процесінде мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж.М.Кейнстің жүмыссыздық
туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады.
1930-1980 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның әсерімен нарықты
реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары, француздардың
"дирижистері" жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір
кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтың автоматты түрде
экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын.
Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен
тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық
көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың
едәуір бөлігін алып, оны тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды
қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді,
қосымша жүмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының
жуйесі жұзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру,
денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттагы экономистердің
пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның
жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп отырады.
XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік
белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндылығы туралы идеяның
қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық
механизімінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни сүраным мен
ұсынымның тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептеді. Олар өздерінің
зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады, яғни экономиканы оқуды әрбір
кәсіпорынның жұмыс істеу себебін қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан
бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқа шаруашылық
бірліктерінің жиынтығы болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің рөлі
еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды.
Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының
қажетсіздігін қоғамда болатын "табиғи, әмбебапты заңның" әрекетімен
түсіндіреді. Мұндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға
салынатын салық нарығын төмендету жолымен ұсынымды (өндірісті) көтермелеу,
мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту
шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы
және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір
жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар
екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы
дұрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектептің жақтастарының
пікірінше өндірісті үлғайту мен қоғамдық дәулеттілікті арттырудың негізі
және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Біздің алдымызда нарықтық экономиканы реттеудің дүние жүзінде жинақталған
бай тәжірибесін қолдану қажеттілігі тұр. Әрине олардың бәрі біздің
жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісте емес. Біз үшін
қазіргі басты міндет-әлеуметтік жағынан қорғалмаған түрғындар тобына қолдау
көрсете отырып барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін еркін
қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық
экономиканы құру және дамыту болып табылады.

2.1.Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері.
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді
механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникамен және
адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ
нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір
сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әртүрлі
тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, мұнда өндіріс экономикалық
жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады,
оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт
күттіретіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға
қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және
ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі
қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу,
әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік,
жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана
бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған
ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан
адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын реттеп
отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу,
табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық хұқтарына кепілдік
бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін
қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде
табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта
мамандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік
қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады.
Мұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік
ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді.
Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында
стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық
өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің
стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз,
ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы
нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық
мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын
зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан
ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ.
Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір
бөлігі немесе жүйесі.

саласы.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және
қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Нарық – тауарларды сатып алу – сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың
арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ
проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе
– ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық
қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар
мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық
байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық
айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын
қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім
жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша
қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін
экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу – оны бәсеке, ең
аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау
сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жайғана
иауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-
қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын
айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан
алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен қатынастар жүйесі
деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың
арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар
өндірушілердің, өндірушілер мен стаып алушы-тұтынушылардың,
тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы
болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар
қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды,
яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең
құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің
варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды
иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды.
Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары – бәсеке өндіріс
процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық
байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық
бәсекесіз өмір сүре алмайды.
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері
арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген
материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды
байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық
өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын
технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау
мүмкін емес.
Экономикалық Ұдайы өндіріс Экономиканың Бәсеке арқылы
игіліктерді және процесінің жағдайы туралы экономиканы
қызметтерді, үздіксіздігін объективті тиімсіз шаруашылық
өндірушілермен және тиімділігінақпараттың қайнарбірліктерінен
тұтынушыларды қамтамасыз көзі тазарту
байланыстыратын буынетудегі
реттеуші рөлі
НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Тауардың қоғамдық Өндірістік Еңбекке деген материалдық
мағыналығын мойындаушығындарды стимулдарды экономикалық
азайтуды жағынан қамтамасыз ету
экономикалық
ынталандыру
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі – он,ың ұдайы өндіріс процесінің
үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттетуші рөлі.
Нарықтың реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы
экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне,
тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы
күші ретіндегі рөлінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің
проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы
өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар
мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары,
қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпар
беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметте атқарады – бәсеке
күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық
бірліктерінен тазартады және керісінше жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны
қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер
әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы,
бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға
байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әртүрлі
факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық
жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің
мынандай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді
қалыптасатынын және өмір сүруін дәлелдеп берді.
Шаруашылық Меншік қатынастарының Өндіріс қуатының
субъектілердің алуан түрлі формалары белгілі бір резерві
дербестігі мен мен бос жұмыскерлердің
тәуелсіздігі болуы
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ШАРТТАРЫ
Тауар өндірушілердің Контрагеттер өздерінің Нарық инфрақұрылымын
және сауда өнімдеріне баға жасау
делдалдарының бәсекесі белгілеу құқы
Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық:
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі,
олардың келісім-шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына
иелік етуге толық құқылы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы,
нарық өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40%
асқанда жоғалта бастайды, олардың өндірістегі тең құқылығы.
Меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс
қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың
еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын
нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процессс әкімшілдік-
әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар
мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра
ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-публицистер осы жағдайдан шығудың
жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті
жекешелендірумен байланыстырады.
Қазіргі кезеңде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
бір кездердегі жаппай национализациялау және ауыл-шаруашылығын жаппай
ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы
өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және
мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгінде – қай жерде
күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтың тиімді
жұмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві
мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс
қуатының және жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола
алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы мүмкін. Сайып келгенде,
ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді
қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмімінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның
инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек
биржасы, коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері
жатады.
Бесіншіден, нарық механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның
негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны
зор. Нарықты экономикада мемлекеттік бюджеттің шығынын болдырмауды
қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егерде мемлекет бюджеттің
кірісімен шығысын теңдестіруге қолы жетсе, ол экономиканың жоғары
тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді.
Н а р ы қ т ы ң т и п т е р і
Бәсекеге тән
ерекшеліктер
Жетілген Жетілмеген (еркін емес) Таза (толық)
бәсеке немесебәсеке монополия
таза бәсеке
Монополистік Олигополия
бәсеке
Тауар
Тауар Көп тауар Көп тауар өндірушілер саныЖалғыз тауар
өндірушілер өндірушілер өндірушілер көп емес, ірі өндіруші
саны өндірушілер бар
А. Ұқсас дерлік
тауарлар
шығаратын Жақын
Өнім сипаты Біртектес Әртектес бірнеше ірі ауыстырылатыны
өнімдер өнімдер фирмалар жоқ біртектес
Б. Дара тауарларөнімдер
шығаратын
бірнеше фирмалар
Өнеркәсіп: Қоғамдық
Ауыл Бөлшек сауда:А) алюмин, болаттұтынудың
Негізінен шаруашылығы: киім, қайнату, химия жергілікті
кездесетін астық, аяқ-киім, Б)автомобильдер,кәсіп-ры:
экономика көкөніс, бензин және ауыл-шарғы телефон торабы,
салалары жеміс-жидек т.б. құралдары,тұрмысэлектро газбен
және т.б. құралдары қамтамасыз ету
Тауар Кірерде мүлдем
өндірушілердіЕшқандай Ешқандай Кірген жағдайдаөтуге
ң салаға қиыншылық қиыншылық да кейбір болмайтын
кіру және кедергі болуы кедергілер
шығу мүмкін
шарттары
Бағаны тауар Принципті
өндірушілер Болмайды Орташа Орташа түрде, едәуір, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz