Өндірісті кооперативті басқару және мүшелік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2

I. Өндiрiстiк кооператив –комерциялық заңды тұлға ретiнде
1.1. Өндірістік кооперативтік түсінігі және қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... . 3-4
1.2. Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiбi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8
1.3. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату
... ... ... ... ... ... ... ... 9

ІІ. Өндірісті кооперативті басқару және мүшелік
2.1. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiк
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10-15
2.2. Өндiрiстiк кооперативтi басқару
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-21
2.3. Өндiрiстiк кооператив қызметiнiң экономикалық негiздерi ... ... ... ..
22-24

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .. 25

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26-27

Кіріспе

Кәсіпорындардың кооперативтік түрі Қазақстан Республикасында
біршама таныс, өйткені, біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде тұтынушылар
кооперативі өмір сүрді.
Кәсіпкерлікті үйымдастырудың формасы ретінде кооперативтердің мәні
мынада: олар өзінің мүшелері аударатын заттай болсын, қаржылай болсын
пайлық жарнаның есебінен құрылады, одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын
өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың, қызмет көрсету немесе қызметтің
басқа да түрлерінен түсетін пайданың есебінен толығып отырады. Жоғары ұйымы
болып жалпы жиналыс саналады. Өкілеттілік және атқарушылық міндеттерді
жалпы жиналыс сайлатын басқарма мен оның төрағасы іске асырады.
Әр елде әр түрлі жағдайда дамығанымен қоғамның түрлі салаларында
қатысуы талассыз қалыптасып қалған кооперативтердің пайда болуы табиғаты
мен дүниедегі кооперативтік қозғалыстың экономикалық мәні теориялық
тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді. Кооперацияның да өз теоретиктері бар,
олар кооперация феноменіне теориялық анықтама беріп, оның түрлі елдердегі
қоғамдақ формацияның қандай болғанына қарамастан даму үрдістерінің
заңдылықтарын белгілеуге тырысады.
Кооперативтік жұйенің теориялық негіздерін зерттеуді кооперация
ұғымының түп-төркінінен бастайық. Кооперация сөзі латынның
соореration—ынтымақтасу, ағылшын тілінде cooperation деген сөз адамдардың
шаруашылықтар одағына бірігі үдерісін білдіреді, немістерде кооперация –
mitwirking –бірлесіп жасалатын қызмет деген ұғымды білдіреді. КООПЕРАТИВ
(лат.соореration—ынтымақтастық)—мен шікті, жалға алынған немесе тегін
пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп
жүргізу үшін ерікті түрде бірікккен азаматтар ұйымы. Кооперация сөзі
Ресейде алғаш рет 1866 жылы Эд. Пфейфердің Об Ассоциациях кітабын орыс
тілінде аудару нәтижесінде пайда болды.

I. Өндiрiстiк кооператив –комерциялық заңды тұлға ретiнде
1.1. Өндірістік кооперативтік түсінігі және қызметі

Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде,
олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын
(пайларын) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив
болып танылады. Өндiрiстiк кооператив коммерциялық ұйым болып табылады.
Өндiрiстiк кооператив заңды тұлға болып табылады.
Өндiрiстiк кооперативтер мынадай принциптер негiзiнде жұмыс
iстейдi:
• мүшелiкке кiру мен шығудың еркiндiгi;
• мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзу мiндеттiлiгi;
• басқарудың демократиялылығы;
• өзара көмек және оның мүшелерi үшiн экономикалық тиiмдiлiктi
қамтамасыз ету;
• өндiрiстiк кооперативтiң қызметi туралы ақпаратқа қол жететiндiгi.
Өндiрiстiк кооператив жеке кәсiпкерлiк үшiн заң актiлерiмен тыйым
салынбаған кәсiпкерлiк қызметтiң кез-келген түрiн жүзеге асыруға хақылы.
Мемлекеттiк лицензиялау қолданылатын қызметтi өндiрiстiк кооператив
лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады. Өндiрiстiк кооперативтiң
мақсаты мен мәнiн жарғы анықтайды. Арнайы заңмен реттелетiн қызметтi жүзеге
асыру үстiнде өндiрiстiк кооперативтер, сол сияқты ҚР Өндірістік
кооперативтер туралы Заңында басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Өндiрiстiк
кооператив туралы Заңы өндiрiстiк кооперативтердiң құқықтық жағдайын,
оларды құрудың, қызметiнiң, қайта ұйымдастырудың және таратудың ұйымдық,
экономикалық және әлеуметтiк шарттарын, мүшелерiнiң құқықтары мен
мiндеттерiн, басқару және бақылау органдарының өкiлеттiгi мен
жауапкершiлiгiн айқындайды.
Өндiрiстiк кооператив өз қызметiн құрылтай шарты мен жарғының
негiзiнде жүзеге асырады. Өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-құқықтық
нысанында құрылатын шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi өз
қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi
жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады[8].

1.2. Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiбi

Өндiрiстiк кооператив құрылтайшы-жеке тұлғалардың жалпы жиналысының
шешiмiмен құрылады. Егер өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшысы (мүшесi)
шетел азаматы болған жағдайда мұндай кооперативтiң ұйымдастырылуы мен
қызметiне "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Өндірістік кооперативтер туралы
Заңның күшi қолданылады. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшылары екеуден
кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооператив құрылғаннан кейiн құрылтайшылар
кооператив мүшелерi болады және өндiрiстiк кооперативтiң басқа мүшелерiмен
бiрдей құқықтар мен мiндеттердi иеленедi[6].
Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шартында мыналар болуға тиiс:
1) өндiрiстiк кооперативтi құру туралы шешiм, оның фирмалық атауы
және орналасқан жерi;
2) кооператив мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен
туған жерi, сондай-ақ тұрғылықты жерi көрсетiлген дербес құрамы;
3) кооперативтi құру жөнiндегi iс-әрекет тәртiбi;
4) құрылтайшылардың кооператив меншiгiне беретiн мүлiктiк
жарналарының құрамы мен мөлшерi туралы мәлiметтер;
5) iс-әрекетi кооперативтi құру және тiркеу үшiн қажеттi
кооперативтiң лауазымды тұлғаларын тағайындау (сайлау) туралы шешiм;
6) кооперативтi құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерiн
шешуге байланысты аталған тұлғалардың өкiлеттiктерiн белгiлеу;
7) кооперативтiң жарғысын бекiту;
8) таза табыс пен шығынды бөлу тәртiбi;
9) құрылтайшылардың кооперативтен шығу тәртiбi.
Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шартына құрылтайшылардың
шешiмi бойынша қайшы келмейтiн басқа да талаптар енгiзiлуi мүмкiн. Құрылтай
шартына құрылтайшылардың бәрi қол қояды. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай
шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кiредi әрi
мемлекеттiк және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек
қана кооперативтiң атқарушы органының шешiмi бойынша не заң актiлерiнде
белгiленген жағдайда ұсынылуға тиiс.
Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында:
1) кооперативтiң фирмалық атауы;
2) кооператив орналасқан жер;
3) өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң қабылдану, шығу және оларды
шығару тәртiбi, олардың құқықтары мен мiндеттерi;
4) кооперативтiң басқару және бақылау органдарының құрамы мен
құзыретi туралы ережелердi қалыптастыру және олардың шешiмдер қабылдау
соның iшiнде бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен шешiм қабылданатын
мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртiбi;
5) өндiрiстiк кооперативтiң әрбiр мүшесi пайының мөлшерi, өндiрiстiк
кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасының құрамы мен оны енгiзу тәртiбi
және олардың жарна енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн
жауапкершiлiгi;
6) кооператив мүшелерiнiң кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысу
сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбегiмен қатысу жөнiндегi
мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
7) кооператив пен оның мүшелерi, кооперативтiң атқарушы органы мен
қызметкерлердiң еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар;
8) кооперативтiң таза табысы мен шығындарын бөлу тәртiбi;
9) кооперативтi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi туралы
мәлiметтер болуға тиiс.
Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында ҚР заңдарына қайшы
келмейтiн басқа да ережелердiң болуы мүмкiн. Кооперативтiң фирмалық
атауында оның аты, сондай-ақ "өндiрiстiк кооператив" деген сөздер болуға
тиiс. Жарғы құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекiтiледi. Жарғы бiрауыздан
бекiтiлуге тиiс. Жарғыға өзгерiс ҚР Өндірістік кооперативтер туралы Заңның
15-бабында көзделген тәртiппен кооператив мүшелерi жалпы жиналысының
шешiмiмен енгiзiледi. Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы (кооператив
төрағасы) қол қояды. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы мемлекеттiк немесе
өзге де ресми органдарға, сондай-ақ кооперативтен шарттық қатынасы бар не
онымен осындай қатынасқа енуге тiлек бiлдiрушiлердiң талап етуi бойынша
ұсынылады.
Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары бастапқы
капиталды қалыптастырады және кооператив қызметiн құру мен ұйымдастыруға,
сондай-ақ шығындарды жабуға арналады. Мүлiктiк жарналардың құрамы мен
мөлшерi, сондай-ақ оларды енгiзу тәртiбi, жолдары мен мерзiмi құрылтай
шартында немесе жарғыда белгiленедi. Кооперативтiң жалпы жиналысының шешiмi
бойынша кооператив мүшесiнiң қосымша мүлiктiк жарналарды енгiзуi көзделуi
мүмкiн. Жаңадан қабылданатын мүшенiң мүлiктiк кiру жарнасы оның
кооперативпен келiсiмiнде белгiленедi және кооператив мүшелерi жалпы
жиналысының хаттамасында көрсетiледi. Кооперативтiң әрбiр мүшесiне оның
мүлiктiк кiру жарнасының мөлшерi мен түрiн куәландыратын құжат берiледi.
Кооперативке енгiзiлетiн мүлiктiк жарна - ақша, бағалы қағаздар, заттар,
мүлiктiк құқықтар, соның iшiнде жер пайдалану құқығы, санаткерлiк меншiк
нәтижелерiне құқығы мен өзге де мүлiк болуы мүмкiн. Кооператив мүшелерiнiң
мүлiктiк жарнасын ақшалай бағалау тек қана кооператив құрылтайшыларының
арасындағы келiсiм бойынша жүргiзiле алмайды және ол тәуелсiз аудиттен
өтуге тиiс. Кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасы тек ақшадан ғана тұрған
жағдайда тәуелсiз аудит жүргiзiлмейдi. Өндiрiстiк кооперативтi қайта
тiркеген кезде оның мүшесiнiң мүлiктiк жарнасын ақшалай бағалау
кооперативтiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы
мүмкiн. Кооператив мүшесi мүлiктi кооперативке жарна ретiнде тек қана
пайдалануға берген жағдайда, жарнаның мөлшерi кооператив мүшелерiнiң
келiсiмiнде белгiленген кезең үшiн есептелген осы мүлiктiң пайдаланылғаны
үшiн төленетiн жал төлемiне қарай анықталады[9].

1.3. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату

Өндiрiстiк кооператив өзiнiң құрылтай құжаттарында белгiленген
тәртiп бойынша кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша
ерiктi түрде қайта құрылуы мүмкiн. Кооперативтер бiрiккен және қосылған
жағдайда қайта құрылатын кооператив мүшелерi пайларының мөлшерi сақталады.
Өндiрiстiк кооператив оның мүшелерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық
серiктестiктер болып қайта құрылуы мүмкiн. Өндiрiстiк кооперативтiң қайта
құрылуының өзге негiздерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексi мен басқа да заң актiлерiнде белгiленедi.
Өндiрiстiк кооператив оның құрылтай құжаттарында белгiленген
тәртiппен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi
түрде таратылуы мүмкiн. Егер кооперативтiң басқа мүшелерiнiң одан шығуының
нәтижесiнде жалғыз мүшесi қалса, онда ол алты ай iшiнде не жаңа мүшелер
қабылдап, кооперативтi сақтап қалуға, не оны Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiне сәйкес бiр адам құра алатын шаруашылық серiктестiк етiп
қайта құруға хақылы. Осы талаптар орындалмаған ретте алты ай мерзiм
өткеннен кейiн кооператив таратылуға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтi
таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексi мен басқа да заң актiлерiнде белгiленедi. Кредит берушiлердiң
талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн таратылатын кооперативтiң қалған
мүлкi кооператив мүшелерiнiң арасында олардың пайларына сәйкес бөлiнедi[8].

ІІ. Өндірісті кооперативті басқару және мүшелік

2.1. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiк

Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк
кооперативке жасы он алтыға толған, кооператив мүшесi болуға тiлек
бiлдiрген және оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысуға қабiлеттi кез-келген
жеке тұлға мүше бола алады. Кооперативке мүше болып кiру үшiн негiзгi жұмыс
немесе оқу орны бойынша әкiмшiлiктiң (заңды тұлға органының) келiсiмi талап
етiлмейдi. Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке мүше болып кiруi
үшiн олардың ата-анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршыларының
келiсiмi талап етiледi.
Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң:
1) кооперативтiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен кооператив
iстерiн басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының
жұмысына бiр дауыс құқығымен қатысуға;
2) Кооперативтiң басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив
қызметiн жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы
кемшiлiктердi жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
3) кооперативтiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде
кооперативтiң бухгалтерлiк және басқа құжаттамаларымен танысуға;
4) кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;
5) егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртiп көзделмесе, кооператив
қызметiне өз еңбегiмен қатысуына сәйкес оның мүшелерi арасында бөлiнуге
тиiстi таза табыстан үлесiн алуға;
6) кооперативтегi өз еңбегi үшiн жалақы түрiнде немесе кооператив
белгiлеген өзге де түрде ақы алуға;
7) кооператив өзiнiң мүшелерi үшiн көздейтiн жеңiлдiктер мен
артықшылықтарды, соның iшiнде өздерi өндiрген тауарларды (жұмыстарды,
қызметтердi) бiрiншi кезекте алуға қатысты бөлiгiнде пайдалануға,
кооператив мүлкiн тұтынуға, кооперативтен әлеуметтiк көмек алуға;
8) демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға;
9) әлеуметтiк қамсыздандыруға;
10) белгiленген тәртiппен кооперативтен шығуға құқығы бар.
Кооператив мүшесiнiң өзге де заң актiлерi мен кооперативтiң
құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн. Өндiрiстiк
кооператив мүшесi үшiн басқа да заң актiлерiнде көзделген құқықтардан бас
тартудың немесе оларды шектеудiң, соның iшiнде кооператив мүшелерiнiң
келiсiмi бойынша, күшi жоқ.
Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң мiндеттерi:
1) кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;
2) жалпы жиналыстың, кооперативтiң сайланбалы басқару органдарының өз
құзыретiне сәйкес қабылдаған шешiмдерiн орындауға;
3) кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, жолмен және
мөлшерде кооператив мүлкiне мүлiктiк жарна енгiзуге;
4) кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуды жүзеге асыруға;
5) кооператив мiндеттемелерi бойынша мөлшерi мен тәртiбi белгiленген
мөлшерде және тәртiппен қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiкте болуға;
6) өндiрiстiк және еңбек тәртiбiн, еңбектi қорғау ережелерi мен қауiпсiздiк
техникасын сақтауға;
7) кооператив өзiнiң коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәлiметтердi
таратпауға мiндеттi. Кооператив мүшесiнiң басқа да заң актiлерi мен
құрылтай құжаттарында көзделген өзге де мiндеттерi болуы мүмкiн.
Өндiрiстiк кооперативтiң атқарушы органы сотта корпоративтiк дау
бойынша iс қозғалғаны туралы кооператив мүшелерiн хабардар етуге мiндеттi.
Кооператив мүшелерiне сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны туралы
ақпарат кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген
тәртiппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), өндiрiстiк
кооператив соттың тиiстi хабарламасын немесе корпоративтiк дау бойынша
азаматтық iске шақыруды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен
кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
Кооператив мүшесi кооператив басқармасының төрағасына (кооператив
төрағасына) шығуынан екi апта бұрын бұл жайында жазбаша түрде ескерте
отырып, өз қалауы бойынша кооперативтен шығуға хақылы. Ескертудiң бұдан
ұзағырақ мерзiмi құрылтай құжаттарында көзделуi мүмкiн, бiрақ ол екi айдан
аспауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi осы мерзiмдер өткеннен кейiн
кооперативтен шыққан болып есептеледi. Кооператив мүшесi жалпы жиналыстың
шешiмi бойынша одан мынадай:
1) өзiне кооператив жарғысымен жүктелген мiндеттердi ұдайы атқармаған
немесе ойдағыдай атқармаған жағдайда;
2) осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты;
3) құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда шығарылуы мүмкiн.
Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелiгiнен шығару туралы шешiмге
сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Кооперативке мүшелiк мынадай:
1) кооператив мүшесi қайтыс болған, оны өлдi деп хабарлаған, ол хабарсыз
жоқ болып кеттi деп танылған;
2) кооператив мүшесi өз пайын көзделген тәртiппен басқа адамға берген;
3) кредит берушi (кредит берушiлер) кооператив мүшесiнiң пайына айып
өндiрiп алған;
3-1) кооператив мүшесi өндiрiстiк кооперативтiң қызметiне жеке еңбегiмен
қатысудан бас тартқан жағдайда тоқтатылады.
Егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi
қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi кооператив мүшелiгiне қабылдануы
мүмкiн. Кооперативтiң құрылтай құжаттарында не заңнамалық актiлерде өзгеше
көзделмесе, кооператив мүшесi өз пайын немесе оның бiр бөлiгiн
кооперативтiң басқа мүшесiне (мүшелерiне) сатуға немесе өзгеше түрде беруге
хақылы. Пайды (оның бiр бөлiгiн) кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын
азаматқа беруге, егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, кооператив
мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Бұл ретте, осы Кодексте
көзделген жағдайларды қоспағанда, кооперативтiң басқа мүшелерi осы пайды
(оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты иеленедi.
Кооператив мүшесi болып табылмайтын тұлғаға осы бапта белгiленген
тәртiппен пай немесе оның бiр бөлiгi берiлсе және ол кооперативке кiруге
тiлек бiлдiрсе, мүшелiкке қабылдануға тиiс. Зейнет жасына жеткен кооператив
мүшелерi кооператив жарғысында көзделген шартпен кооперативке мүшелiгiн
сақтап қала алады. Кооперативке жаңа мүшелер қабылдау көзделген тәртiппен
кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында жүргiзiледi.
Кооператив мүшесiнiң пайынан оның жеке борышы бойынша айып өндiрiп
алуға оның осы борышын өтеу үшiн басқа мүлкi жетiспеген жағдайда ғана жол
берiледi. Пайынан айып өндiрiп алынған ретте кооператив өзiнiң борышқор
мүшесiнiң пайына сәйкес кооператив мүлкiндегi үлесiн бөлiп бередi. Үлестiң
мөлшерi кредит берушiнiң (кредит берушiлердiң) талабы келiп түскен күнгi
бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша анықталады. Үлес ақшалай немесе
заттай түрде бөлiнедi[12].
Кооператив мүшесi өз қалауы бойынша кооперативтен шыққан, сондай-ақ
одан шығарылған жағдайда, кооператив мүшесiне оның пайы төленуге немесе
берiлуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа да төлемдер жасалуға тиiс.
Кооперативтен шығатын мүшеге пайын немесе басқа мүлiктi беру қаржы жылы
аяқталып, кооперативтiң бухгалтерлiк балансы бекiтiлгеннен кейiн
жүргiзiледi. Кооперативтен шыққан мүшенiң кооперативпен келiсiм бойынша
пайдың құнын төлеу заттай түрде мүлiктi берумен алмастырылуы мүмкiн.
Кооперативтен шығатын мүшеге, сондай-ақ кооперативтiң осы жылы алған
пайдасынан оған тиесiлi бөлiгi оның бұл жылы кооперативте болған кезеңi
үшiн төленедi. Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн төлемдер
кооперативке мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде
жасалады. Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуы жөнiндегi
мiндеттемесiн бұзғаны үшiн кооператив мүшесi одан шығарылған жағдайда
кооперативтiң аталған мүшесi, ол осы кооперативте жұмыс iстемеген кезеңде
алынған пайданы бөлiсуге қатыспайды. Егер кооперативтiң құрылтай
құжаттарында өзгеше көзделмесе, шығатын мүшенiң кооперативке берген мүлкi
сыйақысыз қайтарылады. Кооператив мүшесi одан шыққан кезде құқығы (соның
iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде
берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер
заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кiруден
бас тартқан не мұрагердi қабылдаудан кооператив бас тартқан ретте оған
қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына сәйкес мүлiктегi үлесi, сондай-ақ
кооперативтiң таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және
кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн сыйақы төленедi.
Кооператив мүшесi (мүшелерi) кооперативтен шыққан мүшенiң пайын
немесе пайының бiр бөлiгiн сатып алған ретте сатып алушының кооператив
мүлкiндегi үлесi оның пайының ұлғаюына шамалас артады. Кооперативтен
шыққан мүшеге немесе оның мұрагерлерiне кооператив пай төлегенде немесе
бергенде, сондай-ақ кооператив мүшесiнiң пайынан оның жеке борышы бойынша
кредит берушiлер айып өндiрiп алған ретте қалған кооператив мүшелерiнiң
үлестерi шығу күнiне белгiленген олардың пайларының мөлшерiне сәйкес
ұлғаяды. Кооперативке мүлiктiк жарнасын енгiзу арқылы жаңа мүшенi
қабылдаған ретте кооператив мүшелерiнiң оның мүлкiндегi үлестерiнiң жаңа
мөлшерi белгiленедi[7].
Кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша
(жәрдемақылық) жауапкершiлiгi болады. Кооператив құрылғаннан кейiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік кооператив
Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Кооператив мүшелерінің құқықтары
Өндiрiстiк кооперативтің –коммерциялық ұйым ретінде заңды тұлға ретiнде түсінігі
Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру
Еліміздегі кәсіпорындардың түрлері
Өндірістік кооперативтегі корпоративтік құқықтық қатынастардың мәселелері
Кооперацияның ғылыми негіздері
Өндiрiстiк кооператив туралы ақпарат
Пәндер