Өндіріс тиімділігін арттырудың объективті қажеттілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин атындағы Қазақ
Агротехникалық университеті

Тақырыбы: Өндіріс факторларын тиімді пайдалануды ынталандыру үшін
жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі

Орындаған: Нурышев Айдос
11-мененджмент
Қабылдаған: Мүтәліпқызы Бахыт

Астана, 2009жыл
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...4
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6
1.1. Отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру жүйесі
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1. Өндіріс тиімділігін арттырудың объективті
қажеттілігі ... ... ... ... ...8
2.2. Өндіріс тиімділігін ынталандыруда Қазақмыс корпорациясының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.1. Ынталандыру жүйесін дамытуда еңбекақыны жетілдірудің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...31

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық
орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік
экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет.
Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның
әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және
әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы
жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының
өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың
басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке
экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел
жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті
көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда,
бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына,
өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына
тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық
прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері
қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық
қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға
жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға,
біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде
мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен
ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау,
жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы
аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек.
Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне
қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір
жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне
байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан,
еңбек деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын
жеңу.
Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс.
Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс
тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық
сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың
рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған
түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы курстық жұмыс тақырыбының
өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Отандық ғалымдар тиімділікті арттыруды ынталандыру жүйесі туралы
Отандық ғылымда өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне
қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі
себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген
кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті
ынталандыру мен ұйымдастырудың гуманистік тәсілдері жұмысшылардың
дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер
дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас
тұрғысынан зерттеді.
Кеңестік экономикалық ғылым ұзақ уақыт бойы жұмысшылардың өндіріс
құралдарымен тікелей бірігуі туралы тұжырымдамасын дамытып келді, өндіріс
тиімділігін арттыруға ынталандыру мен уәждеме мәселесі жоққа шығарылды,
өйткені жұмысшы мен кәсіпорын мүдделерінің сәйкес келуі автоматты түрде
іске асты, бұл қоғамдық меншікке негізделіп орныққан экономикалық
қатынастарға байланысты болды.
Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру
жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның
қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып,
материалдық және бейматериалдық ынталандыру жүйесіне көшуді қолдайды.
Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және классикалық жалдамалы жұмысшыға
тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек
нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік
қызметтерді күшейтуде, т.б. жағдайларда жүзеге аспақ.
Отандық экономикалық әдебиетте экономикалық мүдделер, еңбекке
ынталандыру, еңбек күшінің ұдайы өндірісі, жалдамалы еңбек және капиталдың
арақатынасы ғылыми мәселелерін зерттеу біршама қорланып қалған. Зерттеу
тақырыбына сәйкес экономикалық теория және экономика ғылымы әдістемесінің
жалпы мәселелері бойынша, мысалы Абалкин Л.И., Гойло В.С., Горланов Г.В.,
Дзарасов С.С., Колесов Н.Д., Куликов В.В., Ракитский Б.В., Рязанов Т.В.,
Столяров И.И., Черкасов В.Н. және т.б. еңбектері өте маңызды, әрі олар жиі
пайдаланылады.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы еңбек мәселесінің ғылыми базасын
жасауда мынадай ғалымдар: Смит А., Друкер Г., Маркс К., Мэйо Э., Розенберг
А., Саймон Г., Вильховченко Э.Д., Волгина Н., Кокина Ю.П., Ржаницина Л.С.,
Рофе А.И., Рудык Э., Слезингер Г.Э., Яковлев Р.А., т.б. үлкен үлес қосты.
Қазақстандық ғалымдардан тиімділікті арттыруды ынталандыру және
уәждеменің түрлі аспектілерін, өндіріс тиімділігі мәселесін, материалды
мүдденің экономикалық қызығушылығын, қажеттіліктері мен ынталандырмаларын
негіздеу Әшімбаев Т.Б., Баймұратов О.Б., Оқаев Қ.О., Берішев С.Х.,
Мұхамбетов Т.И., Сағадиев К.Ә., Кенжеғожзин М.Б., Қошанов А.К., Сәбден
О.С., Қадыржанов Е.К., Бердәлиев К.Б. және т.б. еңбектерінде көрініс
тапқан.
Бірақ та, өндіріс тиімділігін арттырудың қазіргі экономикалық
ынталандыру шаралары, олардың экономикалық өнімге ықпалы әлі де болса толық
зерделенбей отыр. Зерттелген жұмыстарда еңбекке ынталандырудың табиғатын
айқындау кешенді түрде жүргізілмей, дара-дара қарастырылған.
Постиндустриалық парадигманың даму үдерісінде экономикалық ынталандырмалар
мен әдістемелер жасау мәселесін ғылыми жолмен шешу қажет. Осылайша,
мәселенің аз зерттелуі және өндіріс тиімділігін арттырудағы экономикалық
ынталандыру мәселесінің практикалық мәні осы курстық жұмыстың тақырыбын
анықтап берді.

2.1. Өндіріс тиімділігін арттырудың объективті қажеттілігі
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективті қажеттілігі кеңейтілген ұдайы
өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында.
Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер,
өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін
ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер,
ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын
болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық
ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-
инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін
еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты
жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте еңбекке ынталандыру мәнін анықтауда
ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде экономикалық мүддерлер,
қажеттілік, ынталандыру, материалдық ынталандыру, уәж, уәжділік
сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы
да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі
түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, ынталандыру категориясын
нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу
шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын
экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек,
ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке
талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, еңбекке ынталандыру
дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың
күшті құралы.
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең
мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты
еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі
үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру
дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен
пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік
жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің
жиынтығы.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің
ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын
қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық
бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму
барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті
дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік
қабілеті мен біліктілігін арттыру;
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда
жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар
жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін
ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен,
әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық
ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің
өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену)
процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері:
бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың
ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық
механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық.
Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық
және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз
ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен
тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы
жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған
байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың
объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің
төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген
құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға
негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім
шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі
ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына
қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал
ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы,
өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде,
пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң
шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру
механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде
ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру.
Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың
негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы
құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту
есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке
дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін
қамтамасыз етеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге,
халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге
қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға
бағытталуы қажет.
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды
мынандай белгілермен сипаттауға болады:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты
бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет
әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды
пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.
Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік
және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел
экономикасы 2001 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы
жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп
өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 1995-2005 жж. аралығында өнімнің
жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті (1-сурет).
Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша

Сурет 1 - Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өнімінің динамикасы
(1998-2008 ж.ж.)

Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 1998 ж.
республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе,
2008ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде.
Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының
жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен
өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті
әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың
үлесі басым.
Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында минералды өнімдер үлесінің
өскені байқалады: 1999 ж. 11,5%-дан 2005 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ
металлургиялық өнеркәсіп өнімінің де үлес салмағы біртіндеп артып келеді.
Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген
секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды.
Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі еңбекақының үлесі 2000 ж. 35,8%-дан 2004
ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің табысын құрайтын таза пайда мен
аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің
тиімділігінің өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет
көрсету саласынан түскенін көрсетеді.
Қарастырылып отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші
- өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа
түріне қарағанда динамикалық қалыпты өсуі мен жоғары деңгейіне қол
жеткізілді.

2.2. Өндіріс тиімділігін ынталандыруда Қазақмыс корпорациясының
жүйесі
Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты –
инвестициялық белсенділік. Инвестициялық қызметтің соңғы 5 жыл ішіндегі
динамикалық өсімі қаржылық емес активтер бойынша өте қарқынды болды, олар
жыл сайын орта есеппен 20%-ға көбейді. Экспортқа бағытталған салаларға
инвестициялардың өсуімен қатар, олардың ішкі нарықтағы тапшылығы байқалады.
Тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің, яғни қазіргі
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырудың басым
факторы – еңбек өнімділігі. Демек, еңбек өнімділігін арттыру ұлттық
экономиканың әртараптануының, фирманың, саланың, экономикалық қызметтің
нәтижелілігінің алғы шарты.
Зерттеліп отырған кезеңді тұтас алғанда корпорацияның бұл бағыттағы
түпкі көрсеткіштері аса нәтижесіз емес. Алайда, табыстың өсу динамикасы
тұрақсыз. Корпорацияның жалпы табыстылығына негізгі өндірістің тиімділігі,
яғни негізгі қызметтен түсетін пайданың мөлшері тікелей әсер етуде.
Мәселен, 2001 ж. корпорацияның таза табысы 2000 ж. салыстырғанда 4,6%-ға
ғана кемісе, 2003 ж. бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,6%-ға
төмендеп кетті. 2006 ж. корпорацияның таза табысы алдыңғы 2005 ж. қарағанда
128,5%-ға арттырылса, 2000 ж. салыстырғанда шамамен 6,0 есеге өскен.
Зерттеліп отырған кезеңде, корпорация табыстарының жалпылама өсу
барысына қарамастан, өндірістің тұрақсыздығы орын алды, мұның басты
себептерінің бірі әлемдік нарықтағы мыс өнімі бағасының ауытқуы. Осыған
байланысты 2001-2003 жж. аралығында өндіріс көлемінің өсу қарқыны біраз
төмендеді, әсіресе кәсіпорынның негізгі өнімі – катодты мыс өндіру азайды.
2000-2004 жж. серіктестіктің өнімділігі өнімнің материалдық сиымдылығы
0,15-тен 0,12 теңгеге дейін азая тұрса да 1,4 есе арттырылды. Бұл жылдары
негізгі өндірістік қордың қайтарылымы 0,73 теңгеден 0,62 теңгеге дейін, ал
өндірістің жиынтық тиімділігінің деңгейі 49,1%-дан 45,5%-ға дейін кеміді.
Корпорацияның негізгі экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай
оңала бастады.
Мәселен, 2004 ж. алдыңғы 2003 ж. салыстырғанда еңбек өнімділігі 32,8%-
ға өсіп, 2 млн 546 мың теңгені құрады, өнімнің материалдық сиымдылығы 33,7%-
ға төмендеп, 0,12 теңгеге теңелді, негізгі өндірістік қорлардың қайтарылымы
17,0%-ға арттырылды, өнімнің пайдалылық дәрежесі 14,3 пайыздық пунктке
көтерілді.
Қазақмыс корпорациясы ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын
өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау-кен
металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды
өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар
өндіру және сату.
Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (1-кесте).
1-кестеден көрініп тұрғандай, 2000-2006 жж. аралығында корпорацияның
өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе
арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-
ды құрады, бұл 2000 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.
Нарықтық қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі
жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана
жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына
ынталандырудың әсерін күшейте түседі.

Кесте 1 - Қазақмыс корпорациясы ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижелері
КөрсеткіштерЖылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008
Өткізілген 572172655782535873740836910011 8303811456271127235
өнімнің 9 6 6 0 24 42 71
өзіндік
құны,
мың теңге
Жалпы табыс,6800406684374111175511451 262292872427864252463215
2 7 68 60 80 17 54
мың теңге
Осы 178185426396184466656236604130 0795829411142907421
кезеңдегі 1 7 5 7 8 2 3
шығын,
мың теңге
Негізгі 501855242041236708860121465826 2792825816322551234
қызмет 1 0 9 43 92 45 01
табысы,
мың теңге
Негізгі емес4350080832402 683362616295641197956115236911 26985
қызмет 1 4 1
нәтижесі,
мың теңге
Салық салуға5453560428736373922231230 954274772426912352635729
дейінгі 1 2 5 07 53 47 83
табыс,
мың теңге
Табыс 165021717243082692603379273980 1254876521137204446
салығы, 5 6 8 9 8 1 2
мың теңге
Таза табыс, 368803225600014699619851680019 4646919112561862479
мың теңге 0 2 7 8 65 48 82
Негізгі 66,9 51,2 64,9 82,4 104,7 101,4 99,2
өндірістің
тиімділік
деңгейі, %
Корпорацияны49,2 41,2 45,5 54,2 51,3
ң тиімділік 50,3 55,3
деңгейі, %
Ескертпе – Қазақмыс корпорациясы ЖШС-ң жылдық есептері бойынша
есептеген автор.

Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың
жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен
байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне
шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып,
тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес
оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады.
Корпорация кәсіпорындарында 2000-2006 жж. аралығында жалақының 1
теңгесіне келетін тауарлы өнім көлемінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған
жоқ. Мұның кем дегенде екі себебі бар: бірінші, еңбек ақы мөлшерінің
өндірістің өнім көлеміне сәйкес өсіп отыруы, екінші жалақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ынталандырудың кәсіпорынның тиімділігін арттыру факторы ретіндегі теориялық мәні, мәселелері
Кәсіпорындағы еңбек мотивациясын қалыптастыру
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандырудың мәні
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Басқарудың әлеуметтік - экономикалық әдістері
Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеті
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС материалдары негізінде)
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Пәндер