Кәсіпорын шығындарының жіктелуі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны . . . 5Кәсіпорын шығындарының жіктелуі . . . 10Кәсіпорын шығындарын есептеудің әдістемелік тәсілдері . . . 15

2 «КОНДЕНСАТ» АҚ - ң өндірістік шығындарына талдау жасау . . . 20

2. 1 «КОНДЕНСАТ» АҚ -ң іскерлік қызметінің жалпы сипаттамасы . . . 20

2. 2 «КОНДЕНСАТ» АҚ - ң шығындарына талдау . . . 21

3 ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 31

3. 1 Өндіріс шығындарын төмендетудегі лизингтің және инновация мен инвестициялық тартымдылықтың маңызы . . . 31

3. 2 Өндіріс шығындарын төмендетудің негізгі бағыттары . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 39

КІРІСПЕ

Өнімнің бағасы, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттерінің нәтижесінде тағайындалады. Сұраныс пен ұсынысты әр түрлі факторлар анықтайтынын экономикалық теория пәнінен белгілі. Кәсіпорындар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс шығындары болып табылады. Кез - келген тауарды өндіру - шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады.

Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол өнімдерді өндіргендегі шығындар мен ресурстарды тиімді пайдалана алуға байланысты болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін бағасына байланысты болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар өздері өндірген өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Сондықтан нарықтық экономикадығы фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін, өндіріс шығындарын азайту керек.

“Нарықтық жағдайында кәсіпорын шығындарын басқару” атты тақырыбы оның қажеттілігіне байланысты таңдалды. Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады. [1]

Шығындар қалыптасу сферасы мен айналымы бойынша ерекшеленеді. Өндірістік шығындар сауда, транспорт, сақтау шығындары, ал құнға қосылуы бойынша толық және бөлшек болып жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс деңгейінде өзіндік құн деп те атайды. Сондай - ақ фирманың табысқа жетуі өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.

  1. Өнімді өткізу және өндірістік шығындар сату бағасын, бәсекелестік бағаны анықтаудағы басты элемент болып табылады.
  2. Өзіндік құн туралы ақпараттар өндірісті және шығындарды басқару мен болжау кезінде пайда болады.
  3. Өзіндік құн есепті кезеңнің аяғында материалды есептеулер жүргізгенде сальдоны анықтауда қажет болады.

Өзіндік құн өндірістік шығындардың қосындысын және өнімді өткізуді білдіреді.

Кез келген фирманың негізгі мақсаты - кірістерді барынша жоғарылату, ал шығындарды төмендету болып табылады.

Бұл стартегиялық мақсатты жүзеге асырудағы барлық мүмкіндіктер өндіріс шығындары және өндірілген өнімге деген сұраныспен шектелген.

Экономикалық шығындар - фирмамен жүзеге асырылатын жабдықтаушыға төленетін төлем. Сондай - ақ нақты бір фирма немесе басқа өндіріс орнын қолдануға тиісті, ресурстарға деген ішкі шығындар. Жалпы ішкі және сыртқы шығындар болады. Фирманың жұмысшыларға, отынға, өзі өндірмейтін, бірақ өндіретін өніміне қажетті қосымша заттарға төлемдері сыртқы шығындарға жатады. Ішкі - осы фирманың иесі белгілі бір табыс алады. Ал кері жағдайда, ол бұл іспен айналыспайды (егер табыс таппаса) . Сол табысты шығынның элементі құрайды. Ал таза пайда түскен кірістен ішкі және сыртқы шығындарды алғанға тең. Бухгалтерлік кіріс жалпы пайдадан сыртқы шығындарды алғанға тең. [2]

Курстық жұмыстың мақсаты бұл - қарастырылған шығындар теориясы негізінде «Конденсат» АҚ шығындарына талдау жасау өнімнің өзіндік құнының өзгешелігін және оны төмендету жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • шығындардың экономикалық мазмұнын және олардың қазіргі экономикалық ойлаудағы негізгі концепцияларын қарастыру.
  • Нақты бір кәсіпорын мысалында өндіріс шығындарын талдау және зерттеу.
  • Шығындарды азайту көздерін іздеу.

Курстық жұмыс, кіріспеден, қорытындадан және үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде шығындардың теориялық аспектілері қарастырылады, екінші бөлімде кәсіпорын негізінде шығындарды талдау және үшінші бөлімде талданған кәсіпорынның негізінде шығындарды төмендету жолдарын қарастыру кіреді. [3]

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағада сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өткізуге және өндіруге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорынның табысын ұлғаюының ең бірінші қайнар көзі, ол оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден кәсіпорынның өзіне ғана, яғни ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты.

Шығындар деп - тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстардың шығындары да аталады. Шығындар деген нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндірістік шығындар - өзіндік құнның экономикалық сатының бастысы болып табылады. Олардың деңгейі көбінесе пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін, және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Кәсіпорынның бәсеке қаблеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты.

Көп экономистер шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз үлестерін қосқан. К. Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік шығындар, айналым шығындары. «Өндірістік шығындар түсінігінде жолақыға, шикізатқа материалдарға кеткен шығындар кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек құралдарының амортизациясы да қосылған. Тағы басқа өндірістік шығындар түсінігіне, ол кейінірек тауарды шығару мақсатында кәсіпорындарды ұйымдастырушыларының жұмсалған шығындары. Бір тауар құнында, өндірістік шығындар оның екіден бір бөлігін құрайды. Өзіндік шығындарды тауар құнындағы пайда көлеміне шаққаннан аз болды».

«Айналым шығындарының жіктелуі ол тауарды өткізу үрдісімен байланысты. Айналым шығындардың бұл түрі, өндірістік инфраструктураға жақынырақ болып келеді және тауар құнына кіріп, соңғысын, ұлғайтады. Қосымша шығындар тауар сатылғанан кейін ғана түскен ақшадан төленеді. Таза айналым шығындары - сату шығындары (сатушылардың жолақысы және тағы басқа), маркетинг (тұтынушылардың сұранысын анықтау), жарнама, штаб - пәтер пероналының жолақысы және тағы басқа. Таза шығындар тауар құнын ұлғайтпай, тауарды өндіру үрдісі кезіндегі, сатылғаннан түскен пайдамен төленеді.

Қазіргі кездің шығындар концепциясын Шығыс экономистері енгізген, олар көбінесе жоғарыда айтылып кеткен екі кезеңді де қамтиды. Өндірістік шығындар түрлерінің орталығында, берілген тауардың бағасымен, шағындармен және өндіріс көлемдерінің арасындағы қарым - қатынасы шығындарды шығаратын өнім көлеміне байланысты және байланыссыз деп бөлінеді.

Өндірістік шығындар өндіріс факторларын сатып алумен байланысты (жер, капитал, еңбек, соның ішінде кәсіпкер) . Өндіріс шығындар аванстық капиталдан әрқашан аз болады. Шығыста өндірістік шығындарға кәсіпкердің пайдасы мен табысы да кіреді. Жалпы теорияда экономикалық және бухгалтерлік шығындар қалыптастырылады.

Сонымен өндірістік шығындар ақша түрінде көрсеткенімен, белгілі бір өнім өндіруге қызмет көрсетуге кеткен материалдық және еңбекке кеткен шығындар жатады. Өндірістік шығындар өзіне өндіріс құралдарына жұмсаған шығындарды (шикізат, материалдар, бұйымдардың жиынтығын, жанар-жағар май, электр энергиясы, құрал - жабдықтар және тағы басқа) және өндіріс қызметкерлерінің жалақысы кеткен шығындарды жатқызады. Осы арқылы тауар өндірісі кәсіпкерге қаншаға айналатының көруге болады.

Берілген анықтама бухгалтерлік шығындарды анықтап, сатып алынған ресурстардың төлемі ретінде, тек нақты шығындарды қосады. Осылайша олар экономикалық шығындарды ерекшелейді, ол экономикалық шығындар болса өнім өндіру үшін, нақты емес шығындарды қоса есептейді. Нақты емес шығындар - бұл өнім процесінде қолданылатын өндірістік фактор, бірақ ол белсенді емес. Оған фирманы басқаратын адамдардың өзіндік еңбегін оның өнім өндірісінде қолданылатын өзіндік капиталын немесе жерді жатқызуға болады, бірақ егер ол кәсіпорын меншігінде болса. Нақты емес шығындар фирмалық, экономикалық шығындарына қосу үшін, оларға ақшалай түрде баға беру керек. Ресурстарды сатып алмаса оны қалай істеуге болады? Ол үшін берілген ресустардың «альтернативті құны» деген түсінік қолданылады. Мысалы, белгісіз бір кәсіпкер өндіріске өзінің қатынасын салды дейік.

Бұл қаржыны қолданудың альтернативті нұсқауы ретінде машиналарды жатқызуға болады: кез - келген кәсіпорының акциясын сатып алатын болса, соған байланысты ол дивиден алады және коммерциялық банктің депозитіне ақша салып процент алады. Берілген ресурстардың жоғарыда айтылып кеткен альтернативті нұсқауларына қарағандағы ақша салымының альтернативті құның бағаласақ, кәсіпкердің өз өндірісіне салғаны тиімді әрі ақшалай табыс әкеледі. Егер, акцияны сатып алу альтернативті жағынан пайдаланатын болсақ, онда өз өндірісіне салынған салым, жіберіп алған дивидендтер қатнасының альтернативті құнын құрайды, яғни нақты емес шығындар көлемі бухгалтерлік шығындармен қосқанда өндірістік шығындардың нақты көлемін көрсетеді. Кәсіпкерді көбнесе жалпы шығындарының көлемі емес, орташа шығындар, фирманың бір бұйымды өндіру үшін орта есеппен неше шығын жұмсайтынын көрсетеді. Орта шығындарды жалпы шығындардың өндіретін өнім көлеміне бөлу арқылы есептеледі. Орта шығынды тауар бағасымен салыстыра отырып бұл өнімді өндіру тиімді ме, тиімді емес пе анықтауға болады. [4]

Шекті шығындар бір өнім данасын артық шығарса қаншалықты өсім болатынын анықтайды. Бұл фирмаға бір дана өнімді артық шығарғанда қанша болатынын көрсетеді.

Шығындар ұзақ және қысқа мерзімді деп ажыратылады. Қысқа мерзімде тұрақты шығындар көрсетіледі. Ұзақ мерзімде шығындар айналмалы болып келеді.

Кәсіпорын дамуын жоспарлағанда, кәсіпорын әр берілген өнім көлеміне негізделе отырып орташа шығындардың минималды жетістігіне бағдарлануы тиіс.

Ұзақ мерзімді орташа шығындардың графигі дөңгелектеу болып келеді. Шағын фирманың өндіріс процесінің кеңеюі кезінде масштабтың тиімді жағынан көрінеді. Өнім көлемі айтарлықтай өзгерсе, масштабтың тиімсіз жағы байқалады, себебі күрделі масштабты өндірісті жүргізу қиынырақ болады. Сондықтан ұзақ мерзімді орташа шығындардың графигі жағымды және жағымсыз эффектідегі масштабқа байланысты. Кейде ол берілген саладағы бәсекелестіктің денгейімен және тұрысымен анықталғанда үлкен мән беріледі. Берілген сала «бәсекелі ме» (айтарлықтай шағын фирмалардан құралады) немесе «концентрацияланған» (бірнеше үлкен өндірісіндегі қол астында) . Бұлар кейде салада қолданылатын технологияға байланысты және осы жерден орташа ұзақ мерзімді график түрі шығады. Бірақ, мұны мақұлдай отырып айтарлықтай аландаушылықты байқау керек, себебі саланың құрылымы тек шығының деңгейінің қалыптасу жағдайына байланысты емес. Осы немесе басқарушы персоналдың жұмыс белсенділігіне және тағы басқа көптеген факторларды қамтиды.

Өндірістік шығындарға негізгі қор, жанармай, материалдар, шикізат шығындарына кеткен қаржыны жатқызуға болады.

Кәсіпорын экономикасында, менеджмент теориясында, шығындардың келесі түрлерін ұсылған: бухгалтерлік, экономикалық, тұрақты, айнымалы, жалпы және орташа.

Жалпы өнім шығындары ол - толық шығындар; олар өнім өндірісімен тікелей байланысты.

Осылайша шығындар мен шығыстардың айырмасын білу керек. Бұл жердегі шығыстарға кәсіпорының өндірістік нәтижесіне тікелей әсер ететін фактор болса, ал шағындар оның соңғы қаржылық нәтижесіне әсер етеді. Шағындар және шығыстар бір-біріне сәйкес келуі мүмкін немесе екеуінің арасында айырмашылық болуы мүмкін, бірақ екеуінің арасында айтарлықтай заттай мінезді айырмашылық бар.

Шығыстарға жатпайтын шығындар, нейтралды шығындар деп аталады.

Бейтарап шығындар өндірістік емес қасиеті бар шағындар, берілген мерзімге қатысты емес шағындар (салықтың қосымша төлемі) келеңсіз жағдаймен байланысты шығындар.

Қосымша шағындар өзінің түрі бойынша қаржылық есепте ұқсастық шығындары (кәсіпкерге жалақы төлеу), өзінің көлемі бойынша қаржылық есептегі шығындар (негізгі капитал объектісіне амортизациялық есептер) .

Мақсатты шығындар, негізгі шығындарға тең, амортизациялық аударылымдарға, мотивизациялық шығыстарға, персоналды қамсыздандыруға және тағы басқа қамсыздандыруға келісетін шағындар.

Сондықтан өндірістік шығындар өндіріске кеткен шығындар деген сөздер келесі мәтіндерде синоним ретінде қолданылады.

Өнімді өндірген кезде кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей факторларға байланысты болады:

  1. Өнімді өндіру үшін қажетті технологиялардың жұмсалуы және өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;
  2. Табиғи шикізаттардың пайдаланылуы;
  3. Өндіріске дайын болу және оны дұрыс меңгеру;
  4. Технологияны жаңарту және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнім сапасын жоғарылату, оған деген сенімділікті күшейту және тағы сол сияқты;
  5. Өнімді өндірер алдында, оған алдын - ала жоба жасау, яғни ойдан сол тауарды құрастыру, арнайы модель немесе үлгілер жасау, тәжірибе жұмыстарын жүргізу және де осы жұмыстарды жүзеге асыратын адамдарға авторлық жұмысына сыйақылар беру;
  6. Өндірістік процесті қамтамасыз ету, яғни өндіріске қажетті шикізат, материалдар, отын, энергия, құрал - жабдықтар және басқа да еңбек құралдары, жұмысқа жарамды негізгі өндірістік қорлар, санитарлы - гегиеналық жұмыстарын жүргізу және өндірістіосылармен қамтамасыз ету;
  7. Жұмысшыларға еңбек еткен кезде жақсы жағдай жасау және техникалық сақтандыруды қамтамасыз ету;
  8. Өндірісті басқару, яғни фирма немесе кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді, ол фирманың құрылымы қандай, және қандай жұмыстарды жүзеге асырып отыр, осы фирмаға кеткен ақпаратты, консультациялық, аудиторлық қызметтерге шығындарды есептеу;
  9. Кадрлар дайындау және қайта дайындау;
  10. Мемлекеттік қорға кететін шығындарды есептеу, яғни әлеуметтік сақтандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу, зейнетақымен қамтамасыз ету, осылардың бәріне белгілі мөлшерде ақша беру;
  11. Медициналық сақтандыруды және тағы басқаларымен қамтамасыз ету; [4]

Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі қаншалықты өнім сатылды (қызмет көрсетілді) содан көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі сатылған өнім көлемі мен сол өнімді өндіруге кеткен шығын арқылы анықталады.

Жалпы нарықтық экономика жағдайларында, жақсы нәтиже беретін шығындарды қалыптастыру керек. Сондықтан шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл бөледі. Кез-келген обьектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын шығындарын басқару оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет.

Шығындарды басқару қызметі басқару элементінің циклы арқылы жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру кординациялау және реттеу, ынталандандырушы және активизация, есеп және талдау.

Шығындардың жоспарлауының негізгі міндетті жоспарлау кезінде материалды, өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау.

Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштерді қолданады. Олардың ішіндегі ең негізгісі ол, 1 дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және 1 теңгеге шаққандағы шығыны. Сонымен қатар өткізген өнімнің өзіндік құны жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.

Өндірістік шығындар сметасы - кәсіпорынның өндірістік қызметтерінің экономикалық элеметтерінің кесіп алғандағы, оның барлық шығындар соммасы көрсетілген жалпылау келген көрсеткіш. Одан біріншіден, өнімнің жалпы және тауар өндірісімен байланысты, негізгі және қосымша өндірістің барлық шығындары көрсетілген, екіншіден, өндірістік емес қызмет көрсету және жұмыс шығындары; үшіншіден орналасқан және қайнар көзіне байланыссыз жаңа өндірісін қабылдауға кеткен шағындар. Бұл шығындар ереже бойынша завод ішіндегі айналым есебісіз алынады.

Өндіріс шығындарының сметасын жасау үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге болады.

1. Нақты бір өнімге тікелей жатқызуға болатын, тік шығындар есебі және шыққан орнында жойылатын шығындар.

2. Бастапқы шығын есебі, бірақ олар нақты шығындарды алып жүрмейді; жойылуына байланысты, олар 2 түрлі бола алады: 1) Пайда болған орнында жойылатын тікелей жойылу шығындары. 2) Шығындардың пайда болған орнына тікелей қатысты емес шығындар олардың арасында бөлінуі мүмкін (мекемелердегі электр энергиясының шығындары, онда 1 счетчик және бірнеше ш. п. о. )

Қосымша шығындарды есептеу - шығындардың пайда болу орнының қосымша және жалпы мағыналы шығындар. Өндірістік мағынасы бар ш. п. о. арасында таралуы крек. Шын мәнінде олар, фирма ішілік айналымды көрсетеді.

Басшылардың сметасының көмегімен, олар өзінен төменгі деңгейдегі басшыларға өздерінің жоспары туралы хабарлайды. Оны дайындау үрдісі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, үлкен көлемдегі қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.

Егер смета фирмадағы үлкен көлемдегі жұмысшылардың қатысуымен жасалса, онда ол барлық бөлімшелердің өте тиімді ынталандырғышы болады.

Негізделмеген баға құрылуды және кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметін басқару үшін, тек кәсіпорын бойынша ғана емес, оның бөлімшелерінің, өнім түрінің шығындары ғана емес, сонымен бірге 1 өнімге кеткен шығынды есептеу керек, яғни өзіндік құнның калькуляциясы, өнімнің калькуляциясы бір бұйымның немесе жартылай фабрикаттың бір данасын анықталып есептеуді көрсетеді.

Өнімді өткізуден түскен пайда - Айнымалы шығындар = Жиынтық табыс (маржиналды) .

Жиынтық табыс (маржиналды) - Тұрақты шығындар = Таза табыс. Сонымен директ - костингтің негізіне стандарт кост жүйесі салынған, бірақ тұрақты және айнымалы болып қосымша шығындарға бөлінеді. Соңғылары өнімді өткізуден түскен пайдадан алынады да өнімнің өзіндік құнын құруға қатысады.

Тағы бір негізгі көрсеткіштердің бірі ол - өнімді өткізу үшін 1 теңгеге кеткен шығындар, ол өткізген өнімнің өзіндік құның өткізген өнімнен түскен табысқа бөлгенге тең. Өнімді өткізу үшін 1 теңгеге кеткен шығындар, оларды нақты түріне бөлмей - ақ, 1 өнімнің өзіндік құнының құндылық көрінісін көрсетеді. Ол өзіндік құнды қысқарту бойынша талдауда кеңінен қолданады да жалпы өнім өндірісінде шығындардың динамикасын және деңгейін сипаттайды.

1. 2 Кәсіпорын шығындарының жіктелуі

Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жай және үлкен өндіріс үшін материалды және ақшалай, негізгі қор және айналым құралдар, өнімді өткізуге кеткен, еңбек коллективінің әлеуметтік дамуына және тағы басқа шығындар жатады. Кәсіпорынның ең көп шығындарды талап ететіні ол өнім өндірісіне кететін шығындар.

Кәсіпорынның еңбек қабілеттілігін ұстап тұру үшін, өнімді өткізу үшін және өндірістік факторларды қолдану мақсатындағы шығындардың құны ақшалай көрсеткіште бағаланады. Өндірістік шығындардың жиынтығы өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды.

Өнімнің өзіндік құны өнімнің өзіндік құнның құндылығын, өнім өндірісінің үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, жана майдың, энергияның, негізгі қордың, еңбек ресурстарының және де тағы басқа өнім өндірісіне және өнімді өткізуге кеткен шығындарды көрсетеді.

Өндірістік шығындар, өзіндік құн экономикалық категорияның бастысы болып есептеледі. Олардың деңгейі көбінесе пайданың көлемін кәсіпорынның рентабельділігін, оның шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Өндірістік шығындарды қысқарту және оптимизациялау әр кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын білдіретін, экономкалық қызметінің негізгі бағыты.

Шығындар экономикалық және бухгалтерлік деп бөлінеді. Экономикалық шығындарға ресурстарды қолдану үшін кәсіпорынның жабдықтаушыға төленетін барлық шығындар жатады. Олар ішкі және сыртқы шығындар деп бөлінеді.

Сыртқы шығындарғы мыналар жатады: жабдықтаушыларға ресурстарға, жанар майға, материалдарға, шикізатқа, жұмыс күшіне және тағы басқаға төленетін ақшалай төлемдер.

Ішкі шығындар бұған кәсіпорын иесінің өндірістік ресурстарды қолданғандағы шығындары көрсетіледі. Ішкі шығындарға өзінің қосымша ресурстарын және нормалды пайданы көрсетеді. Экономикалық шығындар деген түсінікті жоспарлы есепте, құрылымдық талдауда, шығындарды қысқарту резервтерін шығаруда және құрылысында, өнімнің құнын белгілегенде және тағы басқа жағдайларда қолданады.

Бухгалтерлік шығындар фирманың практикалық қызметін шығарғанда, шығынның нақты сомасын есептегенде, салықтан салынатын пайданы анықтағанда және тағы басқа жағдайларда қолданылады.

Өнім өндірісінде қолданатын шығындардың классификациясы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Кәсіпорынның шығындары
Негізгі өндіріс шығын есебі
Шығындарды қалыптастыру ерекшеліктері және компания табысы (кәсіпорын)
Шығындар
Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
Өндіріс шығындары және оларды басқару
Шығындардың экономикалық мәні
Үстеме шығындардың есебі
Өндірістік шығындар есебінің теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz