Кәсіпорынның кірісіне талдау жүргізу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Өндірісте экономикалық талдау

1. Экономикалық талдау тәсілдерімен өндіріс мазмұны . . . 3

2. Кәсіпорынның кірісіне талдау жүргізу . . . 6

3. Кәсіпорынның қаржы жағдайына талдау жүргізу . . . 10

Бухгалтерлік есеп

1. Шаруашылық субъектісінің есебін ұйымдастыру және бухгалтерлік жүйесі . . . 16

2. Материалдық емес активтер мен негізгі құрал-жабдықтарды есепке алу. . 20

3. Тауар және қосалқы материалдар мен тауар жеткізушілермен есеп айырысуды есепке алу . . . 21

4. Еңбекақы бойынша есеп айырысу . . . 22

5. Өзіндік капитал мен қаржы нәтижесін есепке алу . . . 26

6. Қаржы есебін беру . . . 28

Қаржы есебін талдау

1. Шаруашылық субъектісінің жағдайын талдау тәсілі мен мазмұны . . . 30

2. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығына талдау жасау . . . 35

3. Іскерлік белсенділігі және шаруашылық субъектісінің тиімділігі мен ұтымды іс әрекетін талдау . . . 36

4. Кәсіпкерлік тәуекелі және шаруашылық субъектісінің банкроттық талдауы . . . 40

Өндірісте экономикалық талдау

1. Экономикалық талдау тәсілдерімен өндіріс мазмұны

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.

Кесте-1

Кәсіпорынның баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

Активтер: Активтер
Сомасы, мың тг.: Сомасы, мың тг.
Құрылымы, %: Құрылымы, %
Өзгеріс (+ ; -): Өзгеріс (+ ; -)
Активтер:
Сомасы, мың тг.: Жыл басында
Құрылымы, %: Жыл соңында
Өзгеріс (+ ; -): Жыл басында
Жыл соңында
Мың тг.
Үлес салмағы, %
Активтер: Ұзақ мерзімді активтер
Сомасы, мың тг.:
Құрылымы, %:
Өзгеріс (+ ; -):
Активтер: Негізгі құралдар
Сомасы, мың тг.: 147 795
Құрылымы, %: 210 260
Өзгеріс (+ ; -): 40, 03
58. 44
+62 465
+42, 26
Активтер: Аяқталмаған өндіріс
Сомасы, мың тг.: 45 300
Құрылымы, %: 17 280
Өзгеріс (+ ; -): 12, 27
4, 80
-28 020
-61, 85
Активтер: Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
Сомасы, мың тг.: 18 590
Құрылымы, %: 18 590
Өзгеріс (+ ; -): 5. 03
5. 17
0
0
Активтер: Алдағы кезең шығындары
Сомасы, мың тг.: 395
Құрылымы, %: 655
Өзгеріс (+ ; -): 0, 11
0, 18
+260
+65, 82
Активтер: Жиыны
Сомасы, мың тг.: 212 080
Құрылымы, %: 246 785
Өзгеріс (+ ; -): 57. 44
68, 60
+34 705
+16, 36
Активтер: Қысқа мерзімді активтер
Сомасы, мың тг.:
Құрылымы, %:
Өзгеріс (+ ; -): 0, 00
0, 00
0
0, 00
Активтер: Тауарлы-материалдық қорлар
Сомасы, мың тг.: 57 780
Құрылымы, %: 53 600
Өзгеріс (+ ; -): 15, 65
14, 90
-4 180
-7, 23
Активтер: Дебиторлық борыш
Сомасы, мың тг.: 91 595
Құрылымы, %: 47 525
Өзгеріс (+ ; -): 24, 81
13, 21
-44 070
-48, 11
Активтер: Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
Сомасы, мың тг.: 0
Құрылымы, %: 670
Өзгеріс (+ ; -): 0, 00
0, 19
+670
Активтер: Ақша қаражаттары
Сомасы, мың тг.: 1 505
Құрылымы, %: 5 470
Өзгеріс (+ ; -): 0, 41
1, 52
+3 965
+263, 46
Активтер: Басқа да қысқа мерзімді активтер
Сомасы, мың тг.: 6 290
Құрылымы, %: 5 715
Өзгеріс (+ ; -): 1, 71
1, 58
-575
-9, 14
Активтер: Жиыны
Сомасы, мың тг.: 157 170
Құрылымы, %: 112 980
Өзгеріс (+ ; -): 42, 56
31, 40
-44 190
-28, 12
Активтер: Барлығы
Сомасы, мың тг.: 369 250
Құрылымы, %: 359 765
Өзгеріс (+ ; -): 100, 00
100, 00
-9 485
2, 57

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы-ның есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2, 57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.

1-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзім-ді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14, 88 пунктке аз болса (42, 56-57, 44), жыл аяғында ол 37, 2 пунктке (52, 33-47, 67) дейін төмендеді және 31, 40%-ды құ-рады.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенді-гін көрсетеді.

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0, 43 (157170:369250), ал жыл соңында 0, 31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерек-шіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің дең-гейі 0, 5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында - 0, 74 (157170:212080), ал жыл аяғында - 0, 46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффи-циент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттар-дың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді қаражаттар 1, 2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28, 12%-ға (-44190:157170 100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақ-тылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтер-мен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұ-рақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасы-ның коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалы-ның маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құны-ның (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құ-ралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің бар-лық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қал-дық құнының үлесі жыл басында - 40, 03%-ды, ал жыл соңында - 58, 44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8, 44 пунктке асып отыр.

Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қаражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263, 46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құра-ды.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7, 23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0, 75 (15, 65-14, 90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір азайған. Егер оның көлемі жыл басында - 91595 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол - 47525 мың теңгені құрайды немесе 48, 11%-ға төмендеген, ал ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 11, 6 пунктке азайды (24, 81-13, 21) .

Айта қеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, онын көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруа-шылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге бол-майды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табыла-ды да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді. Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген деби-торлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылы-мын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

2. Кәсіпорынның кірісіне талдау жүргізу

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономика-лық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т. с. с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қал-дықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлім-шелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т. б. ) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші - таза табыс . Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

Д = Д - Р

Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;

Д - жалпы табыс;

Р - кезең шығындары.

Кесте-2

Кәсіпорынның қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Жыл соңы ылжыл: Жыл соңы ылжыл
Жыл басы: Жыл басы
Өзгеріс: Өзгеріс
Көрсеткіштер: Сатудан түскен түсім
Жыл соңы ылжыл: 377 085
Жыл басы: 364 805
Өзгеріс: +12 280
Көрсеткіштер: Өзіндік құн
Жыл соңы ылжыл: 376 690
Жыл басы: 356 350
Өзгеріс: +20 340
Көрсеткіштер: Жалпы табыс
Жыл соңы ылжыл: 395
Жыл басы: 8 455
Өзгеріс: -8 060
Көрсеткіштер: Таза табыс (шығын)
Жыл соңы ылжыл: -1 065
Жыл басы: -2 025
Өзгеріс: +960

Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 3, 4%-ға, яғни 12280 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 95%-ға немесе 8060 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағымдағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 960 мың теңгеге азайған және ол 1065 мың теңгені құрады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шығындардың өсуін білдіреді.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және олар-ды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарастырайық:

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында -0, 005 болса, ал жыл соңында оның мәні -0, 003 болды.

Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсе-теді.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді:

Д = Д / Т

Мұнда: Т - ағымдағы активтер.

Д - таза табыс.

Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.

Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында -0, 012 болса, ал жыл соңында оның мәні -0, 009 болды.

Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш - меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

Д = Д / С

Мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;

Д - таза табыс;

С - меншікті капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.

Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.

Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында -0, 007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні -0, 004 болды.

Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :

Д = Д / Т

Мұнда: Т - ұзақ мерзімді активтер;

Д - таза табыс;

Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.

Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында -0, 009 болса, ал жыл соңында оның мәні -0, 004 болды.

Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Д / З

Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;

Д - Таза табыс;

З - Өндірістік қорлар.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында -0, 04 болса, ал жыл соңында оның мәні -0, 02 пунктке азайып отыр.

Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Д / Д

Мұнда: Д - Сату көлемінің табыстылығы;

Д - Жалпы табыс;

Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.

Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында - 0, 023 болса, ал жыл со ңында оның мәні - 0, 001болды.

Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қызметі шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішке-не болса да жақсаруда.

  1. Кәсіпорынның қаржы жағдайына талдау жүргізу

Кәсіпорын қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығы негізінен капитал көздерінің құрылымының оңтайлылығынан (меншікті және заемдық қаражаттардың қатынасы) және активтердің құрылымынан тәуелді . Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылына баға беру үшін бірнеше арнайы көрсеткіштер есептелінеді. Олардың негізгілері келесілер:

  1. Қаржылық тәуелсіздік (автономиялық) коэффициенті;
  2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті;
  3. Қаржыландыру (төлем қабілеттілік) коэффиценті;
  4. Қаржылық леверидж ( қаржылық тәуекел ) коэффициенті;
  5. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
  6. Маневрлік коэффициенті.

Бұл коэффициенттердің экономикалық мазмұны мен есептелу жолдары келтірілген. Бұл кестедегі бірінші, үшінші, бесінші, алтыншы коэффициенттердің мәні неғұрлым жоғары және екінші, төртінші коэффициенттердің мәні төмен болған сайын кәсіпорынның қаржылық жағдайы соғұрлым тұрақты .

Кесте - 3

Кәсіпорынның 2008 жылғы қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері:

Көрсеткіш
Есептеу жолы
Мәні
Деңгей
Шекті мәні
Жыл басы
Жыл соңы
Көрсеткіш:

Қаржылық

тәуелсіздік (автономиялық) коэффициенті

Есептеу жолы:

Меншікті капитал

Жиынтық капитал

Мәні: Жиынтық капталдағы меншікті капиталдың үлесі
Деңгей: 0. 84
Шекті мәні: 0. 73
> 0, 5
Көрсеткіш: Қаржылық тәуелділік коэффициенті
Есептеу жолы:

Заемдық капитал

Жиынтық капитал

Мәні: Жиынтық капиталдағы заемдық капиталдың үлесі
Деңгей: 0. 41
Шекті мәні: 0. 36
< 0, 5
Көрсеткіш: Қаржыландыру (төлем қабілеттілік) коэффиценті
Есептеу жолы:

Меншікті капитал

Заемдық капитал

Мәні: Заемдық капиталдың бірлігіне келетін меншікті капитал шамасы
Деңгей: 2. 03
Шекті мәні: 2. 03
> 1
Көрсеткіш: Қаржылық леверидж (қаржылық тәуекел) коэффициенті
Есептеу жолы:

Заемдық капитал

Меншікті капитал

Мәні: Меншікті капиталдың бірлігіне келетін заемдық капитал шамасы
Деңгей: 0. 49
Шекті мәні: 0. 49
<1
Көрсеткіш: Қаржылық тұрақтылық коэффициенті
Есептеу жолы:

Меншікті капитал + ұзақ мерзімді несие

Жиынтық капитал

Мәні: Жиынтық капиталдағы меншікті капитал мен ұзақ мерзімді несие үлесі
Деңгей: 0. 84
Шекті мәні: 0. 73
> 0, 9
Көрсеткіш: Маневрлік коэффициенті
Есептеу жолы:

Меншікті айналыс капиталы

Меншікті капитал

Мәні: Меншікті капитал-дың қай бөлігі мобильді формада
Деңгей: 1. 19
Шекті мәні: 1. 36
>0, 5

Қорытынды: Егер меншікті капитал арту қарқынының заемдық капитал арту қарқынынан алда болуы - қаржылық тәуелсіздігі артқандығын білдіреді. Мысалы: Заемдық капиталдың 1 теңгесіне келетін меншікті капитал 203 теңге.

Жыл басындағы жиынтық капиталдағы меншікті капитал үлесі 0, 84 % болса, жыл соңында 0, 11 %-ға кеміп, 0, 74 % құрап отыр.

Ал қаржылық тәуекел коффициентінде (меншікті капиталдың бірлігіне келетін заемдық капитал шамасы) жыл басында да, жыл соңында да 0, 49 %-ды құрап тұр.

Кесте 4.

Кәсіпорынның 2008 жылғы қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері:

Көрсеткіш
Есептеу жолы
Мәні
Деңгей
Шекті мәні
Жыл басы
Жыл соңы
Көрсеткіш:

Қаржылық

тәуелсіздік (автономиялық) коэффициенті

Есептеу жолы:

Меншікті капитал

Жиынтық капитал

Мәні: Жиынтық капталдағы меншікті капиталдың үлесі
Деңгей: 0. 73
Шекті мәні: 1. 2
> 0, 5
Көрсеткіш: Қаржылық тәуелділік коэффициенті
Есептеу жолы:

Заемдық капитал

Жиынтық капитал

Мәні: Жиынтық капиталдағы заемдық капиталдың үлесі
Деңгей: 0. 36
Шекті мәні: 0. 59
< 0, 5
Көрсеткіш: Қаржыландыру (төлем қабілеттілік) коэффиценті
Есептеу жолы:

Меншікті капитал

Заемдық капитал

Мәні: Заемдық капиталдың бірлігіне келетін меншікті капитал шамасы
Деңгей: 2. 03
Шекті мәні: 2. 03
> 1
Көрсеткіш: Қаржылық леверидж (қаржылық тәуекел) коэффициенті
Есептеу жолы:

Заемдық капитал

Меншікті капитал

Мәні: Меншікті капиталдың бірлігіне келетін заемдық капитал шамасы
Деңгей: 0. 49
Шекті мәні: 0. 49
<1
Көрсеткіш: Қаржылық тұрақтылық коэффициенті
Есептеу жолы:

Меншікті капитал + ұзақ мерзімді несие

Жиынтық капитал

Мәні: Жиынтық капиталдағы меншікті капитал мен ұзақ мерзімді несие үлесі
Деңгей: 0. 73
Шекті мәні: 1. 2
> 0, 9
Көрсеткіш: Маневрлік коэффициенті
Есептеу жолы:

Меншікті айналыс капиталы

Меншікті капитал

Мәні: Меншікті капитал-дың қай бөлігі мобильді формада
Деңгей: 1. 36
Шекті мәні: 0. 83
>0, 5

Қорытынды: Меншікті капиталдың 1 бірлігіне келетін заемдық капиталдың үлесі 49 теңге құрап отыр.

Заемдық капиталдың 1 теңгесіне келетін меншікті капитал 203 теңге.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматты қондырғылар мен техникалық құрылғыларды енгізу арқылы құбырлы дайындаманы орналастыру және қалыптау операцияларын жетілдіру
Қаржылық есеп беру түрлері және есепті ұйымдастыру
КӘСІПОРЫННЫҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дайын өнім және оларды бағалау әдістері
Қоғаммен байланыс бөлімінің маңызы
Жылуалмасу аппараттарында автоматтты басқару жүйесін жетілдіру
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Жергілікті салықтардың мемлекеттік бюджеттегі рөлі
Ұйымның капитал және резервтер есебі
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz