Кооператив мүшелерінің құқықтары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: І
КІРІСПЕ: ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ
3: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ: Өндірістік кооператив және оның жарғысы
3: 5
: 1. 2
КІРІСПЕ: Кооператив мүшелерінің құқықтары
3: 15
: 1. 3
КІРІСПЕ: Кооператив мүшелері құрамының өзгеруі
3: 17
: ІІ
КІРІСПЕ: ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРДІҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
3: 31
: 2. 1
КІРІСПЕ: Өндірістік кооперативтердің меншік құқығының объектілері
3: 31
: 2. 2
КІРІСПЕ: Кооперативтердің меншік құқығының мазмұны
3: 33
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 35
:
КІРІСПЕ: ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 37

КІРІСПЕ

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (АК-тің 96-бабы) .

Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15-қазанда қабылдаған «Өндірістік кооператив туралы» заңымен айқындалады. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы тиіс. Азаматтық кодекс оның мүшелерінің кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Аталған заң өндірістік кооперативтің құрылуы мен қызмет етуі қажетті жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін белгілемейді.

Кооперативтің меншік құқығына жататын мүлік, егер кооператив жарғысында өзгеше қаралмаса, оның мүшелерінің жарналарының мөлшеріне сәйкес бөлінеді.

Азаматтық кодекстің 99-бабының 4-тармағына сәйкес кооператив мүшесі жалпы жиналыс шешім қабылдарда бір дауысқа ие болады. Мұндай норма императивті (бұйрықты), сондықтан да құрылтай құжаттарында басқалай ереже болуы мүмкін емес.

Азаматтық кодекстің 100-бабы кооперативтегі мүшеліктің негізі мен тоқтатылу салдарын қарастырады. Кооператив мүшесі өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта кооперативтен шыға алады, бірақ бұл орайда оған төленетін жарна мен басқа да төлемдер кооперативтің қаржы жылы аяқталып, кооперативтің бухгалтерлік балансы бекітілгеннен кейін беріледі. Кооперативке мүшелік сондай-ақ кооперативтен шығаруға байланысты да тоқтатылады, сонымен қатар соған ұқсас, кооперативке мүше болу кооператив мүшесінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Аталған баптың 4-тармағына сйкес өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлері коператив мүшелігіне қабылдануы мүмкін. Олар одан бас тартқан жағдайда кооператив мұрагерлерге кооперативтің қайтыс болған мүшесінің мүліктегі үлесін жарнасына қарай төлейді, сондай-ақ қайтыс болған адамның үлесіне тиесілі кооперативтің таза пайдасының бір бөлігін және кооператив қызметіне қосқан еңбек қатысы үшін сыйақы төлейді.

Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайын толығымен қарастыру.

Міндеті - өндірістік кооперативтің түсінігін, жарғысын, құқықтарын, өндірістік кооператвитедің меншік құқығын, мазмұны мен ообъектілерін толығымен ашып, қарастыру.

І ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ

1. 1 Өндірістік кооператив және оның жарғысы

Өндірістік кооператив дегеніміз - бұрынғы кезде де, қазіргі уақытта да кеңінен қолданылатын, адамдардың ұжымдық еңбегін ұйымдық еңбегін ұйымдастырудың екі түрлерінің бірі.

Өкінішке қарай, қазіргі кезде өндірістік кооперативтер Қазақстан экономикасынан өзіне лайықты орын алмай отыр. Оның көптеген себептері бар, олардың біреуі - кооперативтердің құрылуы мен қызмет етуінің тиісті құқықтық негізінің болмауы. Қазіргі уақытга, Азаматтық кодекстің қабылдануына (оған арнайы бөлім арналған) жөне өндірістік кооператив туралы заңның шығуына байланысты жағдай өзгеріп, кооперативтердің сандық және сапалық жағынан өсуі байқалды.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (АК-ның 96-бабының 1 -тармағы) . Өндірістік кооператив занды тұлға болып табылады және коммерциялық ұйымдардың қатарына жатады.

Өзінің еңбекке қатысуы (жай айтқанда, кооператив мүшесі онда жұмыс істеуге тиіс) факторы өндірістік кооперативтің акционерлік қоғамнан және шаруашылық серіктестіктен айырмашылығы болады, ал кейінгілердің қатысуы ақша енгізумен аяқталатын, қатысушының оларда жұмыс істеуі міндетті емес болатын. Басқаша айтқанда, өндірістік кооператив дегеніміз - бұл ең алдымен, еңбек бірлестігі, ал шауашылық серіктестік - бұл ең алдымен капиталдар бірлестігі. Өндірістік кооперативтердің демократиялық және халықтық сипаты, міне, осы жағымен айқындалады, оларды қомақты ақша қаражаттары болмағанымен, жұмыс істей алатын жұмыс істегісі келетін азаматтар құра алады.

Заң шығарушылардың өндірістік кооперативтер қызметінің негізгі принциптерін көрсету керек деп есептеуі кездейсоқ жағдай емес, олар осы арқылы кооперативтер қызметінің коомерциялық ұйымдар ретіңдегі ерекшелігін ерекше атайды. Мәселен, Өндірістік кооператив туралы заңның 1-1-бабына сәйкес өндірістік кооперативтерді құрудың және олардың қызмет етуінің негізгі принциптері мыналар болып табылады:

  • кіру және шығу еркіндігі;
  • мүліктік жарна енгізу міндеттілігі; - басқарудың демократиялылығы;

- өзара жәрдем көрсету және оның мүшелері үшін экономикалық пайда табуды қамтамасыз ету;

- өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпараттарды алу мүмкіндігі.

Өндірістік кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы (Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабы) . Бұл Заңның бұрынғы қолданыста болған заңдардан принципті айырмашылығы осында, оларда кооперативтер үшін тыйым салынған қызмет түрлерінің арнайы тізбесі болатын (ал одан бұрынырақта кооперативтер қатаң белгіленген өндіріс салаларыңда ғана құрылуы тиіс деген тәртіп болған - ауылшаруашылық артельдері, балық аулайтын кеңшарлар, кәсіпшілік кооперациясы, алтын іздеушілер артельдері және т. с. с. ) . Сонымен бірге, кейде кәсіпкерлік қызметгің кейбір түрлерін арнайы реттеп отыратын заң актілеріңде осы қызметпен айналыса алатын заңды тұлғалар түрлерінің тізбесі ішінде кооперативтер аталмайды. Әлбетте, бұл Өндірістік кооператив туралы заңға қайшы келеді және ашық түрде кооперативтерді кемсітушілік болып табьшады. Алайда, мұнда заңның өзінің мынаны көздеген нормасын басшылыққа алуға тура келеді: кәсіпкерлік қызметгің кейбір түрлерін арнайы реттейтіи заң актілерінің ережелері Өндірісіік кооператив туралы осы заңның нормаларына қайшы келетін жағдайда арнайы заң актілерінің ережелері қолданылады.

Осыған қарамастан, арнайы зандарда кездесетін өндірістік кооперативтердің қызметін шектеу құқықтық тұрғн да, іс жүзінде де негізсіз және ескірген көзқарастардың көрінісі болып табылады.

Егер құрылған кооперативтің қызметі лицензияланатын қызмет түріне жататын болса, кооператив оны лицензиясы болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Өндірістік кооператив жеке тұлғалардың - құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша құрылады. Бұрьш қолданылып келген зандардың өндірістік кооперативке жеке тұлғалардың ғана емес, сондай-ақ мүліктік салым салғанымен, әлбетте, оның қызметіне еңбекпен қатысуға тартылмайтын тұлғалардың да қатысу мүмкіндігіне жол бергенін есте ұстау керек. "Қаржылай қатысушы" деп аталатың мұндай тұлға кооперативтің материалдық жағдайын нығайтуға өзінің жарналарымен жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тәжірибе мынаны көрсетті: "қаржылай қатысушы" көп ретте көсіпорындардын материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражатын жалған құрылған кооперативтерге аудару үшін пайдаланылды, оларда мұндай құндылықтар мен қаражаттар ешқандай қиындықсыз жалған тұлғалар немесе "қаржылай қатысушы" басшыларының туыстары болған кооператив мүшелерінің өзіндік меншігіне өтті. Сонымен қатар, кооператив мүшелері ретінде заңды тұлғалардың болуы осы ұйымдық-құқықтық нысан мен шаруашылық серіктестік арасындағы айырмашылықты жояды. Сондықтан ҚР Азаматтық кодексі және тұлғаларға ғана өндірістік кооперативтің құрылтайшылары (қатысушылары) болу мүмкіндігін берді.

Кооператив - бұл қашан да бірнеше адамның еңбегін біріктіретіндіктен, оны бір адам құра алмайды. АК-ның 96-бабының 2-тармағы кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауға тиіс деп белгілейді, бұл оның санының ең төменгі мөлшері болып табылады. Мұндай шаманы белгілеудің себебі - заң шығарушылардың кооператив құру мүмкіндігін барынша жеңілдету - ол үшін екі адамның қалауы жеткілікті болады.

16 жасқа жеткен, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға қабілетті кез келген жеке тұлға өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады.

Заң кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуының түрлері мен әдістерін ашып көрсетпейді. Демек, бұл мәселелерді тікелей кооперативтің өзі шешеді. Мұнда еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмысшы немесе қызметші ретінде кооперативте толық жұмыс күні жағдайларында жұмыс істеу мүлде міндетті емес - кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу қоса қызмет атқарудан тұруы мүмкін және ол негізгі жұмысынан (оқуынан) бос кезінде жүргізілуі (айтпақшы, кооперативке кіру үшін негізгі жұмыс орны немесе оқу әкімшілігінің келісімі талап етілмейді), үйге алып істейтін жұмыс сипатында, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша бір жолы және ауық-ауық орындалатын, кооперативке белгілі бір қызметтер керсету түрінде болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, егер ол кооперативтің мүдделеріне сай келетін болса, жеке өз еңбегімен қатысудың алуан түрі болуы мүмкін. Алайда қандай жағдайларда болса да, мүндай қатысу, біріншіден, кооперативке мүшеліктің міндетгі шарты болады, екіншіден, ол нақты сипатта болуға тиіс. Зейнетақы жасына жеткен адамдардың кооперативке мүшелігін сақтау мүмкіндігі бұл ережедегі бірден-бір ерекшелік болып саналады.

Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке кіруі үшін олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімін алу талап етіледі. Бұл мынаған байланысты: кооператив қыз-метіне жеке өз еңбегімен қатысу оның мүшесінің еңбек қабілеттілігіне жетуін ғана емес, сондай-ақ кооперативке кіру үшін мүліктік жарна төлеуді де қажет етеді, ал бұл азаматтық-құқықтық әрекет қабілеттілігін талап етеді.

Өндірістік кооператив туралы Заң құрылтай шарты коммерциялық құпияны құрайтын құжаттардың құрамына кіреді жөне кооператив басқармасының шешімімен ғана, не заң актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттгік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге жатады деп көздейді. Демек, құрьштай құжаты кооперативтің ішкі қажеттеріне қызмет ететін және кооперативтің мүшелеріне ғана арналған өзінің қызметтік құжаты ретінде қарастырылады. Сондықтан әлде кімнің және белгілі бір мақсаттар үшін (мысалы, кооперативті мемлекеттік тіркеу процесінде) кооперативтен оның құрылтай шартын талап етуі, әрине, заңда көзделген реттерден басқа жағдайларда (мысалы, тиісті істерді қарау немесе тергеу барысында соттың немесе тергеу органдарының талап етуі бойынша) заңсыз болып табылады.

Кооператив басқармасының келісімінсіз немесе рұқсатынсыз құрылтай шартының талаптарын жария еткен кооператив мүшесі немесе оның лауазымды адамы кооперативтің коммерциялық құпиясын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Өндірістік кооперативтің жарғысында мыналар туралы мәліметтер болуға тиіс:

  1. кооперативтің фирмалық атауы;
  2. кооператавтің тұрғылықты орны;

3) өндірістік кооперативке мүшелер қабылдау, оларды шығару тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері;

  1. кооперативтің басқару және бақылау органдарының құрамы және құзіреті туралы, оның ішінде шешімдер бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер бойышла ережелерді жасау тәртібі;
  2. өндірістік кооперативтің әрбір мүшесінің жарнасының мөлшері, өндірістік кооператив мүшелерінің құрамы және мүліктік жарнаны енгізу тәртібі және олардың жарна салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін жауаптылығы;
  3. кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуының сипаты және тәртібі және жеке өз еңбегімен қатысу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;
  4. кооператав пен оның мүшелері, кооперативтің атқарушы органы мен қызметкерлердің еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар;
  1. кооперативтің таза табысы мен шығындарын бөлу тәртібі;

9) кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі. Өндірістік кооперативтің жарғысында ол турлы заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.

Кооперативтің фирмалық атауында оның аты, сондай-ақ, "өндірісгік кооператив" деген сөздер болуға тиіс.

Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бекітеді. Өндірістік кооператив туралы заңда көзделген тәртіппен, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен жарғыға өзгерістер енгізіледі.

Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы қол қояды. Өндірістік кооперативтің жарғысы мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ кооперативпен шарттық қатынастары бар немесе осындай қатынастар орнатуды қалайтын үшінші тұлғалардың талап етуі бойынша көрсетіледі. Осылайша, құрылтай шартынан өзгеше, кооператив жарғысы ашық құжат болып табылады.

Мына жағдайға назар аударған жөн: кооперативтің құрылтай шарты мен жарғысының мазмұны туралы сөз еткенде, Өндірістік кооператав туралы заң екі құжаттан да оларда кооперативтің нысанасы мен қызмет мақсаттарының көрсетілуін талап етпейді. Бұл кездейсоқ нәрсе емес: заң шығарушылар кооперативке өзі айналысатын кәсіпкерлік қызмет түрін таңдаудың толық еркіндігін бере отырып, сондай-ақ қалыптасқан нарық жағдайларына қарай (өндіріс конверсиясы) кез клеген сәтте бұл қызметті ауыстыру мүмкіндігін беру арқылы кооперативтің арнайы құқык қабілеттілігін жарғы арқылы бекітуді талап етпейді. Сонымен бірге, егер кооператив әлде бір себептерге байланысты өзі қызметінің мамандануын немесе бағытын (нысанасын, мақсатын) жарғыда көрсеткісі келсе, оның мұны істеу құқығы бар.

Кооператив жарғысы бірауыздан бекітілуі тиіс (Өндірістік кооператив туралы заңның 6-бабының 3-тармағы) . Мұндай ереженің қабылдануы мынаған байланысты: өндірістік кооператив азаматтардың ерікті бірлестігі болып табылады жөне өзінің барлық мүшелерінің бірлескен еңбек әрекетіне негізделеді. Сондықтан кооперативтің ұйымдастырылу және қызмет ету жағдайлары оның әрбір мүшесі үшін тиімді болуы тиіс, мұны оның жарғысына бірауыздан қол қою дәлелдейді. Жарғыны бекіте отырып, кооперативтің әрбір мүшесі өзіне белгілі бір міндеттер алады (ең алдымен, кооперативке қосатын мүліктік жарнасы және онда өзінің жұмыс істеуі арқылы) . Егер құрылтайшьшар кооператавтің қандай болуы, мүліктік жарналардың мөлшері, оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуы немесе басқа да шарттар жөнінде ортақ пікірге келе алмаса, бұл кооперативті дәрменсіз деп санау керек. Осы секілді Құрылтайшылардың көпшілігінің пікірімен келіспейтін тұлға мұндай кооперативтің мүшесі бола алмайды.

  • Өндірістік кооператив мүлкін қалыптастырудың мынадай көздер кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары. Бұл кіру жарналары арқылы кооператив мүлкі қалыптасатын оны ұйымдастыру сәтіне тән, сондай-ақ кейін, белгілі бір төтенше жағдайлардың салдарынан кооператив өз қатысушыларының қосымша жарналары түріндегі қаражатты тартуға мәжбүр болатын кезеңге тән; кооперативтің қызметінен алынған табыстар. Қалыпты жұмыс істеп тұрған кооператив үшін бұл оның мүлкін еселей түсудің негізгі әдісі;
  • заң актілерімен тыйым салынбаған өзге де көздер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
Өндiрiстiк кооперативтің –коммерциялық ұйым ретінде заңды тұлға ретiнде түсінігі
Өндірістік кооперативтегі корпоративтік құқықтық қатынастардың мәселелері
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері
Жеке тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде
Өндiрiстiк кооператив туралы ақпарат
Тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелері
Заңды тұлғалардың түрлері
Заңды тұлға ұғымы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz