Кәсіпорын шығынының жалпы сипаттамасы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Өндіріс ұғымы туралы түсінік
1.1 Өндіріс және өндірістік
құрылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.2 Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындардың
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . .9
1.3 Шығындардың
саралануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..11
ІІ. Өнімді өндіру және сату шығындарын қаржыландыру және жоспарлау
2.1 Кәсіпорын шығынының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Өнім өндірісіне және сатуға жұмсалатын
шығын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 17
2.3 Қызметтің дағдылы түрлері бойынша ағымдағы шығынды жоспарлау
(болжау) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...40
Кіріспе
Менің Өнімді өндіру және сату шығындарын қаржыландыру және
жоспарлау атты курстық жұмысымның маңызды өзектері қатарына: өндіріс ұғымы
туралы түсінік, өндіріс және өндірістік құрылым арасындағы байланыс,
кәсіпорынның шығындары, шығындардың түрлері мен саралануы, қызметтің
дағдылы түрлері бойынша ағымдағы шығынды жоспарлау тақырыптары жатады.
Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып
табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады.
Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс
атқару үшін , әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін
қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекелесуге
қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз
шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және
бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өндіріс – бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық
игіліктерді жасау үдерісі.
Әр түрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үдерісінде шығындар
пайда болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке , технология мен
еңбекті ұйымдастыруына байланысты әр түрлі экономикалық маңызы бар
шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әр
түрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі
кәсіпорында өзіндік құн бірдей емес.
Кәсіпорында шығынды басқаруда ағымдағы қызметті жоғары қарқынмен
дамыту, сондай-ақ дивиденд төлеу, күрделі капитал салымын қаржыландыру,
айналым қаражатын толықтыру және бюджет алдында салық төлемі жөніндегі
міндеттемені орындауға қажетті жеткілікті пайда алуды қамтамасыз ететін
сомасы мен деңгейін оңтайландыру мақсаты қойылады.
І. ӨНДІРІС ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Өндіріс және өндірістік құрылым

игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті
келесі үш кезеңнен тұрады:
• Мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі
• Еңбек заты, яғни адамның тиімді іс-әрекетіне бағытталған нәрсенің
барлығы
• Адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағаттандыруға
бейімдейтін еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, құралдар)
Материалдық өндіріс өнімі – табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен
түзілетін материалдық игілік.

табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және
қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін
өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз – өндірістік-техникалық , ұйымдастыру-
әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар
белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін ,
әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру
және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы
болады. Сыртқы ортаға–экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық және техникалық жағдайлар жатады. Ішкі ортаға –
еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және
т.б. жатады.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның функциялары мыналар:
• Өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару
• Тұтынушыға өнімді жеткізу және сату
• Өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру
• Кәсіпорындағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау
• Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару
• Кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту
• Кәсіпкерлік
• Салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы
ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу
• Мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны – өндірісті автматтандыру
арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге
асырылады:
• Кәсіпорын цехтарының құрамы, қуаты берілген өнім көлемін
дайындауды қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленеді;
• Әрбір цех және қойма үшін аудан көлемі есептеліп, олардың
кәсіпорынның бас жоспарында кеңістіктік бойынша орналасуы
анықталады;
• Кәсіпорын ішіндегі барлық көліктік байланыстары, олардың жалпы
мемлекеттік жолдармен өзара қатынасы жоспарланады;
• Өндірістік үдеріс барысында еңбек заттарының цехаралық қозғалысының
ең қысқа маршруттары белгіленеді.
Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады,
оларда негізгі өнім, жабдықтаушы өнімдер, материалдар мен жартылай
өңделген өнімдер, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және
жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау - тексерулерден,
сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады.
шұғылданатын оқу орындары кіреді.
Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех
саналады. Цех –жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін орындайтын ,
әкімшілік қатынастағы жеке буын.
Цехтар толық құқылы бөлімше болып табылады, олар өз қызметін
шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады. Цехтар , әдетте,
төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім
дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және
құрастырушы болып бөлінеді.
Дайындау цехына құйма, ұсталық-штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде
конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;
Өңдеу цехына – механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу,
гальваникалық, бояу және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру
цехына –өнімді агрегаттық және соңғы жинау , бояу, қосалқы бөлшектер мен
алмалы-салмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Цехтар құрамына негізгі және қосымша өндірістік телімдер кіреді.
Негізгі өндіріс телімдері технологиялық немесе заттық қағида бойынша
құрылады. Технологиялық мамандану қағидасына сай ұйымдастырылған
телімдерде белгілі бір түрдегі технологиялық операциялар орындалады.
Қосымша телімдерге механикалық өңдеу және энергетикалық жабдықтарды
жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бас механик пен бас энергетик
бөлімдері жатады; сонымен қатар қайрау шеберханасымен бірге құрал
үйлестіру қоймасы, көлік қызметі, технологиялық жабдықтарды жөндеу және
ақаусыз күйде ұстау шеберханасы да кіреді.
Қосымша цехтар мен телімдер негізгі өндіріс телімдерді қандай
нысанмен ұйымдастырылса, оларда сондай нысан бойынша ұйымдастырылады.
1.2 Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындардың құрамы
Өнімнің өзіндік құны экономикалық негізгі қасиеті бар және оның жалпы
деңгейіне әр түрлі әсер ететін көптеген шығындар түрінен құрылады.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар құрамына іріленген түрінде
мына төмендегілерді қосуға болады:
• Өнімнің жаңа түрлерін дайындау және игеру үшін қажетті шығындар
• Өнімнің жоспарланған көлемін өндіру мен сату үшін қажетті шығындар
• Кадрларды дайындау және қайта дайындау үшін шығындар
• Өнімнің сапасын және бәсекелестігін жоғарылату үшін қажетті шығындар
• Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін қаражаттар.
Өзіндік құн құрамында аталған шығындардан ең көп үлес алатыны,
сөзсіз , жоспарланған өнім көлемін өндіру және сату үшін қажетті ағымдық
шығындар.
Шикізат, негізгі және көмекші материалдар, технологиялық
мақсаттағы отын мен энергияның барлығы материалдық шығындар болып
табылады.
Материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдардан басқа
өнімнің толық өзіндік құнының құрамына кәсіпорындағы жұмыскерлердің
барлық санатының еңбекақысын камтитын еңбекақы қоры түріндегі еңбек
шығындары кіреді.
Аталғандардан басқа мазмұны жағынан материалдық та, еңбек
шығындарына жа жатпайтын өзге де ақшалай шығындар тобы бар. бұларға
жататындар: кеңселік, пошталық, телеграфтық шығындар, телефонға
төлемдер, іс-сапар шығындары, кеңестерге төлем, банкте есеп айырысу
жұмысын жүргізу ақысы, ақпараттық қызмет, несие пайыздары, салықтың
кейбір түрлері.
1.3 Шығындардың саралануы

Осындай жағдайда жоспарлау, есептеу, калькуляциялау және өнімнің
өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін барлық шығындарды
саралау қажеттілігі туындап отырады. Әр түрлі кәсіпорындарда
өндірілетін біртекті өнімдерге кеткен шығындарды салыстыру үшін ,
жоспарлаудың әр түрлі сатысында жеке түрлерінің арасындағы шығындардың
қатынасын анықтау үшін , сонымен қатар кәсіпорын ішіндегі есепті ендіру
үшін шығындарды саралау қажет болады.
Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу кезінде шығындардың
экономикалық элементтері бойынша оларды саралау қолданылады.
Экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не
мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі.
Саралаудың мәні –өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің
атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша
сипатына шек қою болып саналады. Шығындарды саралау төмендегі түрде
жүргізіледі:
-материалдық шығындар
-еңбекақыға кеткен шығындар
-әлеуметтік салықтарға аударымдар
-негізгі қорлардың амортизациясы
-басқа да шығындар
Экономикалық элементтері бойынша шығындарды саралау өндіріске
қажетті шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен
өндірістің жұмысы талданылады, оның ішінде өндірістің техникалық
деңгейі, еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады, кәсіпорынның
негізгі және айнымалы қорларға деген қажеттілігі белгіленеді.
Калькуляцияның баптары бойынша шығындарды саралау өзінің
ерекшеліктеріне байланысты әрбір өндіріс саласында бір-бірінен
айырмашылықтары болуы мүмкін. Сонда да болса қазіргі кезде төменгі
баптар бойынша жіктеледі.
• Шикізат пен материалдар
• Қайтарылатын қалдықтар
• Сатылып алынған бұйымдар, жартылай өңделген өнімдер
Шығындарды баптар бойынша саралау пайда болған орны және әрбір
өнім түрлеріне жұмсалған шығындарды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Одан басқа, анықталған калькуляциялық бірлікпен шығын мөлшерінің
қатынасын анықтауға болады.
ІІ. Кәсіпорынның өндіріске және сатуға жұмсалатын шығыны және оны
қаржыландыру
2.1 Кәсіпорын шығынының жалпы сипаттамасы
Ұйым (кәсіпорын) шаруашылық қызмет процесінде ақшамен бағалануы
мүмкін ақшалай және өзге де шығын мен шығыс кешенін іске асырады.
Шығынды өтеу (мысалы өндіріс шығындары) қарастырылады, ал шығысты
өтеуді қарастырылмайды (мысалы, негізгі қорды қайта бағалауға
жұмсалатын шығыс).
Шығын мен шығыс айқын (сандық көрсеткіште көрсетілген) және күңгірт
(мысалы, кәсіпорынның меншік иесінің еңбек шығынының мөлшері
анықталмаған). Айқын шығын бухгалтерлік, ал күңгірт шығын – экономикалық
деп аталады.
Шығын мен шығыс экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша
төмендегі бірнеше топқа біріктіріледі:
1) Негізгі және айналым капиталын ұдайы жаңғыртуға жұмсалатын. Бұл
шығын негізгі және айналым капиталын құрумен, қайта жаңғыртумен және
кеңейтумен байланысты және кәсіпорынның меншікті қаражаты мен
пайдасының есебінен жүзеге асырылады;
2) Өнім (жұмыс , қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалады. Бұл шығын
негізгі және айналым капиталын, сондай-ақ еңбек ресурсын тиімті
мақсатта пайдаланумен байланысты ; ол өнімді , жұмысты, қызметті
сатудан түсетін түсіммен өтеледі;
3) Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын. Оған мысалы,
қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кадр даярлау, қызметкерлерге
тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын енгізіледі және ол
кәсіпорынның меншікті қаражатынан немесе пайдадан өтеледі;
4) Біржолғы шығыс.
Шығын орнын толтыру көзі бойынша төмендегілердің есебінен
қаржыландырылатындарға бөлінеді:
• Меншікті және сырттан тартылған көз
• Бюджеттің және бюджеттен тыс қордың қаражаты
• Кредит (қарыз) ресурс
Шығын қабылданатын шешімге орай мына түрлерге бөлінеді: жүктелме
(міндетті) және баламалы (оңтайлылық көзқарастан алып қарағанда ықтимал);
өндірістік және сауда.
Сонымен бірге барлық шығысы:
• Шартты-тұраты (өндірістің және өнім, жұмыс, қызмет сатудың
мөлшерінен дербес) және шартты-ауыспалы (осы мөлшерге тәуелді)
• Тікелей (өнімге тікелей әдіспен бөлінетін) және жанама (жанама
әдіспен бөлінетін)
• Ағымдағы және күрделі
• Негізгі және қосалқы
• Бір элементтік және кешенді
• Нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді.
Ұйымның барлық шығысы өзіндік құнға кіретін мынадай шығын
элементтеріне бөлінеді:
• Материалдық шығын
• Еңбекақы төлеу шығыны
• Әлеуметтік қажетке аударылатын аударымның (Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі ҚР Заңына және 2003 жылғы
29 желтоқсанда өзгерістер енгізілген ҚР Салық кодексіне сәйкес)
әлеуметтік салықты және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына
аударымды қоса алғанда аударым;
• Амортизациялық аударым
• Өзге шығын.
Осылай бөлу қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді. Сонымен бірге шығысы
кәсіпорын дербес немесе әдістемелік ұсынымның негізінде белгілейтін
шығын баптары бойынша бөлінеді және осы шығын өнімнің, жұмыстың,
қызметтік қай түріне жататынын көрсетеді.
Экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша өндіріске және өнім
сатуға жатқызылатын шығын мен шығыс шығасы (өзіндік құн) деп аталады.
Өнімнің өзіндік құны –кәсіпорынның нақты өнімнің белгіленген
мөлшерін өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынын көрсететін
экономикалық санат.
Өзіндік құн былайша бөлінеді:
• Цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді
• Өндірістік, оған өнім шығарумен байланысты барлық шығынның жиынтығы
кіреді
• Сауда, ол өнім өткізу жөніндегі шығынды біріктіреді
• Толық, оған өнім өндіріс мен оны сатуға жұмсалатын барлық шығын
кіреді.
Өзіндік құнды есептегенде шығын екі белгі бойынша, яғни өндіріс
процесінде тағайындалуы және шығынды өзіндік құнға жатқызу тәсілі
бойынша жіктеледі. Сондықтан өзінлдік құн шығын баптары бойынша тікелей
жіне жанама шығынға бөлініп есептеледі.
Алдымен өндіріспен және нақты өнімді сатумен тікелей байланысты
щығын анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі пайдаланылады.
Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын
өзіндік құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік
құнға жанама енгізіледі.
Өзіндік құн кәсіпорында бірнеше сатыда есептеледі. Бірінші сатыда
өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен байланысты шығын ғана анықталады.
Екінші кезеңде – жалпы өнімнің өзіндік құны өндірілген өнімнің өзіндік
құнын алдағы кезеңдегі шығыстың қалдығының өзгеруіне нақтылау арқылы
анықталады.
Алдағы кезеңнің шығысына: жаңа өндірісті, құрылғыны, агрегатты
игерумен байлынысты шығыс; кейінгі кезеңнің жалға алу төлемінің жарнасы
және есепті айда жұмсалған, алайда кейінгі айларда немесе жылдарда
өнімнің өзіндік құнына енгізілуі тиіс өзге шығын жатады. Осы шығын
қалдығының ұлғаюы өндіріс шығының мөлшерінен шегеріледі, ал кемуі – осы
мөлшерге қосылады.
Қалдық 10 млн теңгеге кеміді деп қарастырайық. Бұл осы шығынды
өндірілген өнімнің өзіндік құнына енгізетін уақыттың келгенін көрсетеді.
Егер өндірілген өнімнің өзіндік құнын 12498 млн теңге мөлшерінде
қабылдасақ, онда жалпы өнімнің өзіндік құны 124999 млн теңгені құрайды.
Үшінші кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл
ретте жалпы өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс қалдығының өсуі
өзіндік құнды төмендетеді.
Жыл соңындағы қалдық жыл басындағы қалдықтан 20 млн теңгеге жоғары
деп шартты түрде алайық. демек, тауарлық өнімнің өндірістік өзінлік құны
12479 млн. теңгеге (12499-20) тең болады.
Өндірістік шығыннан басқа тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына
өзндірістен тыс шығын –өнімді сатумен байланысты шығын, мысалы, жарнамаға,
өнімді жөнелту станциясына жеткізуге жұмсалатын шығын, делдалдың
қызметін төлеу, кәсіпорын орналасқан жерден тысқары орналасқан база мен
қоймада ұстауға жұмсалатын шығын енгізіледі. Егер өндірістен тыс шығын
20,7 млн теңге мөлшерінде деп қабылдасақ, онда тауарлық өнімнің толық
өіндік құны 12500 млн теңгеге тең болады. өнім өндірісінің мөлшерін біліп,
тауарлық өнім бірлігінің кәсіпорынның көтерме сауда бағасын
қалыптастыру үшін база болып табылатын толық өзіндік құнын анықтаймыз.
2.2 Өнім өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын
Бухгалтерлік есепте шығынды есептеу әдісі бойынша көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес шығыс жіктелімі
бірнеше топтан құралады, сонымен бірге шарт болуы және кәсіпорын
нәтижесінің сомасы мен оның кемуі анықталуға тиіс.
Төмендегі талаптар сақталған жағдайда , бухгалтерлік есепте
мыналар шығыс ретінде танылады:
1) шығыс нақты шартқа, заңнамамен нормативтік актінің талаптарына,
іскерлік қатынас дәстүріне сәйкес жұмсалса
2) шығыстың сомасы анықталуы мүмкін болса
3) ұйым актив берген немесе активті беру қатысында белгісіздік
болмаған жағдайда, нақты операцияның нәтижесінде ұйымның
экономикалық пайдасының кемитініне шүбә келтірмесе.
Егер ұйым жұмсайтын кез келген шығыс қатысында аталған талаптың
бірі болса да орындалмаса, онда ұйымның бухгалтерлік есебінде дебиторлық
берешек пайда болды деп танылады.
Амортизация амортизациялық аударым мөлшеріне негізделген шығыс деп
танылады. Ол амортизацияланатын активтің құнының, пайдалы пайдалану
мерзімінің және ұйымда қабылданған амортиизация есептеу тәсілінің
негізінде анықталады.
Шығыс бухгалтерлік есепте түсім, операциялық немесе өзге кіріс алу
ниәтижені және шығысты жұмсау нысанына қарамастан сол есепті кезеңде
жұмсалды деп танылады.
Кіріс пен шығыс жөніндегі есептеме шығыс:
• Жұмсалған шығыс пен алынған түсім арасындағы байланыс ескеріліп
• Шығыс бірнеше есепті кезең ішінде кіріс алуды қарастырса және
кіріс пен шығыс арасындағы байланыс айқын анықталуы мүмкін емес
немесе жанама жолмен анықталатын жағдайда оны есепті кезең
арасында негізді болу арқылы
• Шығыстан экономикалық пайда немесе активтің түсімі алынбағаны
анықталған есепті кезеңдегі танылған шығыс бойынша
• Салық салынатын базаны есептеу мақсаты үшін қалай қабылданатынына
қарамастан, сондай-ақ тиісті активті танумен байланысты емес
жағдай туындағанда.
Ұйымның шығысы деп активтің істен шығу нәтижесінде экономикалық
пайданың кемуі және қатысушылардың шешімі бойынша салымның кемуін
қоспағанда, осы ұйымның капиталының кемуіне әкеп соқтыратын
міндеттемелердің пайда болуы танылады.
Бухгалтерлік есепте мыналар шығыс ретінде танылмайды:
• Айналымнан тыс активті (негізгі құрал-жабдықты , аяқталмаған
құрылысты, материалдық емес активті және т.б.) сатып алумен
байланысты шығыс
• Басқа ұйымның жарғылық капиталына салынатын салым
• Акицонерлік қоғамның акциясын және өзге де бағалы қағаздарды
қайта сату мақсатында емес сатып алу
• Комиссия шарттары, агенттік және коминенттің , принципиалдық және
т.б. пайдасына өзге осындай шарт бойынша жұмсалатын шығыс
• Материалдық –өндірістік запасты және өзге де құндылықты, жұмысты,
қызметті алдын ала төлеу
• Материалдық-өндірістік запасты және өзге де құндылықты , жұмысты,
қызметті төлеу есебіне кепілдікті қардар
• Ұйым алған кредитті, қарызды өтеу.
Қызметтің кәдімгі түрі бойынша өнім жасаумен және оны сатумен ,
тауар сатып алумен және сатумен байланысты шығын танылады. Жұмыс
орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты жүзеге асырылатын шығасы да
осындай шығын болып саналады.
Қызметтің кәдімгі түрі бойынша шығыс мынадан қалыптасады:
1) Шикізат, материал, тауар мен өзге де материалдық-өндірістік запас
сатып алумен байланысты жұмсалатын шығыстан
2) Өнім өндірісі , жұмыс орындау, қызмет көрсету және оларды сату
мақсатында материалдық-өндірістік запасты қайта өңдеу процесінде
пайда болатын шығыстан
3) Тауар сату процесінде пайда болатын шығыстан
4) Коммерциялық шығыстан
5) Басқарушылық шығыстан
Қызметтің кәдімгі түрлері бойынша шығысты қалыптастырғанда оны шығын
мен шығыстың мына элементтері бойынша топтау қажет:
-материалдық шығын
-еңбекақыға жұмсалатын шығын
-әлеуметтік қажетке жұмсалатын шығын
-амортизация
-өзге шығын.
Өзіндік құн есепті жылы да, өткен есепті жылы да шығын ретінде
танылған шығыстың, сондай-ақ кейінгі есепті жылы кіріс алуға қатысты
ауысқан шығыстың негізінде өнім өндірісінің ерекшеліктеріне , жұмысты
орындау мен қызмет көрсетудің және оны сату, сондай-ақ тауарды сату
ерекшеліктеріне байланысты нақтыланып қалыптастырылады. Мұның өзінде
кезең шығысы есепті жылы толықтай сатылған өнімнің өзіндік құнында
болуы мүмкін.
Кезең шығысына:
1) тауар сатуға жұмсалатын шығыс
2) жалпы және әкімшілік шығыс
3) пайызға жұмсалатын шығыс (банк кредиті, жеткізушінің кредиті,
мүлікті жалға алу бойынша пайыз төлеу және т.б.) жатады.
Тауар сату шығысына:
1) бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысы
2) Өткізу бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысынан заңнамада
белгіленген норма бойынша – әлеуметтік және медициналық
сақтандыру органдарына айдартылатын аударым
3) Тауарды өткізу процесінде және тауардың өзіне қызмет
көрсететін кәсіпорынның мүлкін сақтандыруға жұмсалатын
шығыс
4) Өткізу бөлімі қызметкерлерінің іссапарларына жұмсалатын
шығыс
5) Тауар сату процесіне қызмет көрсететін негізгі құрал-
жабдықтың амортизациясы
6) Сату процесіне қызмет көрсететін негізгі құрал-жабдықты
ұстауға жұмсалатын шығыс
7) Жүкті шартта белгіленген пунктке дейін тасымалдау. Тиеу-
түсіру жұмысы
8) Өткізу нарығын зерттеу және нарықта тауарды жылжытуға
жұмсалатын шығын
9) Жарнамаға жұмсалған шығыс
10) Өнімнің ыдысы мен қаптамасына жұмсалған шығын
11) Өнім өткізетін ұйым белгіленген шарт бойынша өнім сату
үшін төлейтін комиссиялық жиын немесе аударым
12) Өнімді сақтау және тасымалдау кезінде жыл ішінде
сатылған өнімге жатқызылатын табиғи кему норма
шектеріндегі биологиялық ысырап
13) Тауар өткізумен байланысты жұмсалатын өзге шығын жатады.
Жалпы және әкімшілік шығысқа:
1) әкімшілік қызметкерлерге жатқызылатын қызметкерлерге еңбекақыны төлеу
2) қызмет көрсететін өндіріс пен шаруашылықта жұмыс істейтін
қызметкерлерге еңбекақыны төлеу
3) әкімшілік қызметкрелерінің және қызмет көрсетуші шаруашылықта жұмыс
істейтін қызметкерлердің еңбекақысынан заңнамада белгіленген норма
бойынша аударылатын аударым және т.б.
4) әкімшілік басқару қызметкерлерінің іссапар шығысына жұмсалатын шығыс
5) әкімшілік басқару аппараты қызметкерлерін ауыстырған кезде төленетін
көтерме ақы
6) кеңсе, баспахана, пошта-телеграф және телефон шығысы. Өкілдік шығыс
7) қызмет көрсетуші өндіріс пен шаруашылықты ұстауға жұмсалатын шығыс
8) жұмыс күшін ұйымдастырып жинақтауға, мамандарды оқытуға жұмсалатын
шығыс
9) коммуналдық қызметке, қызметкерлердің еңбегін қорғауға, субъектіні
күзету, директорлар кеңесін ұсатуға жұмсалатын шығыстар
10) нормативтіктен тыс ысырап, қоймадағы тауарлық-материалдық запастың
бүлінуі мен жетіспеуі және басқа да өндірістік емес шығыс пен ысырап
11) еңбекке қабілетті уақытша жоғалтқан жағдайда нақты еңбекақыға дейін
қосымша ақы төлеу
12) консультациялық және ақпараттық қызметті төлеу
13) абаттандыру жөніндегі жұмысты орындауға жұмсалатын шығыс
14) сот шығасысы
т.б көптеген шығыстар жатады.
Негізгі емес қызметтің шығысына мыналар жатады:
• ұйым активін төлем үшін уақытша пайдалануға берумен байланысты
• өнертабысқа , өнеркәсіптік үлгіге және интеллектуалдық меншіктің
басқа түріне берілген патенттер дайындайтын құқықты төлем
үшін берумен байланысты шығыс
• басқа ұйымның жарғылық капиталына қатысты байланысты шығыс
• негізгі құрал-жабдықты және ақшалай қаражат өзгеше басқа активті
, тауарды, өнімді сату мен шығарумен және өзгедей есептен
шығарумен байланысты шығыс
• бухгалтерлік есеп ережесіне сәйкес құрылымды бағалау резервіне
аударылатын аударым
• өзге шығыс
Төтенше шығыс құрамында шаруашылық қызмет төтенше жағдайдың
салдарынан пайда болатын шығыс көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес материалдық шығынға
мына актив жатқызылады:
• сатуға арналған өнім өндірісінде шикізат, материал ретінде
пайдаланылатын
• сатуға арналған
• ұйымның басқарушылық қажеті үшін пайдаланылатын.
Материалдық –өндірістік запасты сатып алуға арналған нақты шығынға
мыналар жатқызылады:
• жеткізушіге шартқа сәйкес төленетін сома
• материалдық-өндірістік запас сатып алумен байланысты ақпараттық және
консультациялық қызмет үшін ұйымға төленетін сома
• кеден бажы
• материалдық-өндірістік запастың бірлігін сатып алумен байланысты
төленетін өтелмейтін салық
• сол арқылы матеиалдық-техникалық запас сатып алынатын делдалдық
ұйымға төленетін сыйақы
• материалдық-өндірістік запасты дайындау және оны пайдаланылатын
жерге дейін жеткізуге жұмсалатын шығын, сонымен бірге сақтандыруға
жұмсалатын шығыс.
Материалдық-өндірістік запасты өндіріске босатқанда немесе басқадай
істен шығарғанда ол мына тәселдің бірімен бағаланады:
1) әрбір бірліктің өзіндік құны бойынша
2) орташа өзіндік құн бойынша
3) уақыты бойынша бірінші сатып алынған материалдық-өндірістік
запастың өзіндік құны бойынша (ФИФО тәсілі)
4) уақыты бойынша соңғы стап алынған материалдық-өндірістік запастың
өзіндік құны бойынша (ЛИФО тәсілі)
Материалдық –өндірістік запас тобы бойынша көрсетілген тәсілдің
бірі есептік саясатты жүйелі түрде қолдану мүмкіндігіне орай
қолданылады.
Ұйым ерекше тәртіппен пайдаланылатын материалдық-өндірістік запас
немесе әдеттегідей бірін-бірі алмастыра алмайтын запас осы запастың я
әрбір бірлігінің өзіндік құны бойынша бағалануы мүмкін.
Материалдық-өндірістік запасты орташа өзіндік құн бойынша запастың
әрбір тобы бойынша запас тобының жалпы өзіндік құнын оның санына,
сондай-ақ өзіндік құны мен айдың басындағы қалдыққа және осы айдың
ішінде келіп түскен запасқа болу арқылы бағаланады.
Уақыты бойынша бірінші сатып алынған материалдық-өндірістік запастың
өзіндік құны бойынша бағалау (ФИФО тәсілі) осы запас бір ай ішінде немесе
олар сатып алынуына орай жүйелі түрде пайдаланылады деген пікірге
негізделеді, яғни өндіріске бірінші болып түскен запас айдың басында
есепте бар запастың өзіндік құны ескеріліп уақыты бойынша бағалануы
тиіс. Осы тәсіл қолданылғанда айдың соңында запастағы материалдық-
өндірістік запас уақыты бойынша соңғы сатып алынған запастың нақты
өзіндік құны бойынша бағаланады, ал сатылған тауардың , өнімнің,
қызметтің өзіндік құнында уақыты бойынша бұрын сатып алынған запастың
өзіндік құны ескеріледі.
Уақыты бойынша соңғы сатып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz