Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. СҰРАНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Рынок механизмінің негізгі элементтері мен сұраныстың өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
... ..5
1.2 Сұраныс заңы және оның
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Сұраныс пен ұсыныстың өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..10

2. СҰРАНЫСТЫҢ ИКЕМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ
2.1 Сұраныстың икемділігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..18
2.2 Рынок механизмінің тепе – теңдік заңдылығы ... ... ... ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

КIРIСПЕ

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса,
ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс – әрекетi болып
табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi
орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып
табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және
өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды.
Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде
қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байланысты олардың бюджеттiк
шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және
ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр
түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып
алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып
ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Қазақстан Республикасы бүгiнгi таңда әлемдегi орны рыноктық
қатынастағы дамушы мемлекет ретiнде көрiнуi болып табылады. Рыноктық
қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан
бастап осы уақытқа дейiн даму үстiнде және ол дами бермек. Рыноктық
қатынастардың тиiмдi қызмет етуi барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң
тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етiп отырады және оны ұйымдастырушы құрал
болып табылады.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Рынок
механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол
сұранысты тудыратын тұтынушылар iс – әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс
өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай – ақ нарықтың
өзiн – өзi реттеп отыратын нарық тепе – теңдiгiн және соған сәйкес тепе –
теңдiк бағаны қалыптастырады. Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және
мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға
сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне
бұл жағдай тұтынушылар мiнез – құлығын және нарықта сұранысты
қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында
тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Нарықта әрбiр тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзiнiң табысына
және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзiн қанағаттандыратын
нұсқаны iздейдi. Егер ол осы максималды шартты орындаса, онда ол өз
сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.
Сұраныс теориясында үш түрлi икемдiлiк коэффициентi қолданылады.
Оларға: сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi, сұраныстың табыстық
икемдiлiгi және сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi жатады. Осы сұраныс
икемдiлiктерiнiң iшiнде сұраныстың бағалық икемдiлiгiнің орны ерекше.
Өйткенi рынок сұранысы бiрiншi кезекте тауардың сатылу бағасына тәуелдi
болады.
Нарықты жағдайларды зерттегенде сұраныстың не себептi және қандай
мөлшерде өзгергенiн зерттеу үшiн “сұраныстың икемдiлiк коэффициентi”
қолданылады. Бұл абсалюттiк емес, салыстырмалылық коэффициент. Сондықтан,
сұраныстың икемдiлiк коэффициентi зерттелгелi отырған сұраныс функциясының
факторы бiр пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретiнiн
көрсетедi.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын “Сұраныс заңы. Сұраныс
икемдiлiгiнiң түрлерi, өлшемi” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы сұраныстың икемдiлiк көрсеткiшi
арқылы тұтынушылардың өмiр сүру деңгейiн, жалпы экономиканың тұрақты дамуын
және сыртқы факторлар өзгерiсiне тәуелсiздiгiн көруге болады. Өйткенi
тұтынушылардың өмiр сүру деңгейi төмендеу болса, онда олардың сұранысы
бағаның өзгеруiне сезiмтал болады, яғни сұранысы икемдi болып келедi. Бұл
мысалы бүгiнде елiмiздiң тұтынушыларының жағдайына сәйкес келедi.
Осы тақырыпты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
- Рыноктық қатынастың негiзгi элементiнiң бiрi сұранысты жан – жақты
қарастырып, оның рыноктың басқа элементтерiмен байланысын қарастыру;
- Сұраныстың рынок тепе – теңдiк механизмiндегi орнын және оның
әрекеттерiн қарастыру;
- Рыноктық механизмдегi сұраныстың және сұраныс көлемiнiң сыртқы
факторларға байланысты өзгеруi немесе жылжуын қарастыру, осы әрекеттердiң
экономика дамуы үшiн әсерiн талдау;
- Сұраныстың икемдiлiгiнiң түрлерiн және оның экономика үшiн маңыздылығын
анықтау;

1 СҰРАНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы

Рынок механизімінің қызмет етуінің негізгі сұраныс пен ұсыныс болса,
ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар іс – әрекеті. Нарықтық экономиканың
ерекшелігіде сол, онда сұраныс бірінші орында тұрады, ал ұсыныстың қызметі
сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Сұранысты екі нәрсе сипаттайды:
1) сұраныс көлемі;
2) сұраныс бағасы.
Сұраныс көлемі мен сұраныс бағасы сұранысты бейнелеп өзара қарама
қарсы ықпалдылықта болады. Сұраныс заңы бойынша баға ұлғайған сайын сұраныс
көлемі азаяды. Бірақ, Роберт Гиффен бұл сұраныс заңына қайшы келетін
жағдайды айқындаған. Оның айтуынша сұраныс өссе бағада өседі немесе
керісінше. Бұл теория Гиффен парадоксы деп аталады. Осы парадоксты Гиффен
ХІХ ғасырдың ортасында Ирландияда ашаршылық болған кезде картоптың бағасы
өсіп, оның сұранысы да өскенің байқаған. Сонымен қатар сол кезде басқа
тауарлардың бағасы өскен.
Кей кезде әсіпкерлер осы тәрізді парадокстарды көбейтуге тырысады,
демек бағамен бірге сұраныста өсуі керек. Мұндай құбылыстың себебі Веблен
ашқан әсерге байланысты немесе баға сапа деңгейін бейнелегеніне байланысты.
Ол бойынша осы айтылған сұраныс заңының бұзылуы тек қана белгілі уақыт
аралығында орын алады. Уақыт өтісі мен сұраныс заңы қайтадан күшіне енеді.
Еліміздің бүгінгі таңда ұлттық экономикасының рыноктық қатынастарға
өтуі және оның жылдан – жылғы дамуы рынокты және оның тиімді қызмет етуін
жан – жақты талдауды қажет етеді. Рыноктық механизімнің қызмет етуі өз
кезегінде оның негізгі элементтерінің қызмет етуімен және олардың өзара
байланысымен көрініс табады. Бізге белгілі рыноктың келесідей бірнеше
негізгі элементтерін атап өтуге болады.
Рынок экономикасы қызмет етуі, оның белгілі элементтерінің болуың
талап етеді. Осы элементтердің жиынтығы рынок жүйесін құрайды.
Рынок қатынастардың бірінші элементі және өте маңызды элементі –
өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде
қалыптасады – біреулері тауарларды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Бұл
әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады.
Рынок шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
негізделеді және рыноктар қатынастар негізінде іске асып отырады.
Рынок экономикасының екінші элементі – баға. Бағаны жеке талдап
танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен
ұсыныс нәтижесінде қалыптасады, яғни бұл жетілген немесе еркін бәсекелестік
жағдайда орын алады. Екінші жеке бір фирманың немесе бірнеше фирманың,
мемлекеттің және сыртқы факторлар әсеріне қалыптасады. Бұл жағдай көбінесе
рыноктың жетілмеген бәсекелестік жағдайына сәйкес келеді.
Рынок экономикасының төртінші, негізгі элементтерінің бірі – екі
құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Рынокта сұраныс тауарларға
қажеттілік болып көрінеді. Сұранысты қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы
болып табылады. Рыноктық қатынастарда сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін
қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады.
Ұсыныс болса өз кезегінде өндірушілермен тығыз байланыста және олар
рыноктық экономика дамыған қатынастарда сұранысқа бағытталып қызмет етеді.
Жалпы сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, рынок
механизмінің өте маңызды элементтері.
Енді осы рынок элементтерімен сұраныс арасындағы байланысты
қарастырайық. Оны келесі 1 – ші суреттен көруге болады:

Сурет – 1 Рыноктың тепе – теңдігі және сұраныстың басқа элементтермен
байланысы

Суреттен көріп отырғанымыздай рыноктық қатынаста сұраныс еі бірінші
сұраныс заңы бойынша бағаға және ұсынысқа байланысты болады. Яғни, рынокта
сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқан нүктесінде тепе – теңдік
рыноктық баға қалыптасады. Ал рынокты жалпы түрде қарастырсақ сұранысты
тұтынушылардың талғамы, ал ұсынысты өндірушілер тудырады.

1. 2 Сұраныс заңы және оның факторлары

Сұраныc – бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін
қажеттіліктердің көріну формасы. Ал, басқаша айтқанда, сұраным төлем
қабілеті бар қажеттілік. Құн тұрғысында сұраным қажетті тауардың бағасының
соммасы.
Тауардың нарықтық бағасы мен сұраным мөлшерінің арасында барлық
уақытта да белгілі бір ара қатынас болады. Оны график түрінде – сұраным
қисығының сызығы деп атайды.

Сурет – 2 Сұраным қисығының сызығы.

2 – ші суреттен көріп отырғанымыздай баға – Р1 сұраным мөлшері – Х1,
баға Р2Р1 сұраным мөлшері Х2Х1 сәйкес келеді. Тауардың бағасы неғұрлым
жоғары болса, оған деген сұраным соғұрлым төмен болады.
Сұраным заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтыншылар тауарды
көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарларға баға өссе, онда оларға деген
сұраным азаяды. Сұраным қисығының сызығы бір қалыпты тұрмайды, ол мезгіл –
мезгіл жылжып отырады.
Қисық сызығының оңға Д1 Д2 қарай ойысуы тауардың сұранымның
өскенін, ал солға қарай ойысуы Д1 Д1 сұранымның азайғанын көрсетеді. Оны
3 – суреттен көре аламыз:

Сурет – 3 Сұраныстағы өзгеріс.

Нарықтық сұраныс толып жатқан факторлардың әсері арқылы қалыптасады:
- бағаның деңгейінен;
- сатып алушылардың ақшалай табысынан;
- тұрғындардың ұнатуынан және артық бағалауынан;
- нарықтық шамасынан;
- жиналған мүліктен;
- сатып алушылардың санынан және басқалардан.
Сұраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігі сұранымның
қызметі функциясы деп аталады. Оны мынадай формуламен көрсетуге болады:

Мұндағы:

- берілген тауарға сұраным мөлшері;

Ғ - сұраныстың оны қалыптасқан факторларын тәуелділік нысаны;

Б - берілген және кездескен тауарлардың бағасы;

- тұрғындардың ақшалай табысы;

- тұтынушылардың ұнатуы немесе артық бағалануы;

М - жиналған мүлік

Тауарға сұраныстың мөлшері тұрғындардың ақшалай табысының деңгейіне
тура пропорционалды және баға деңгейіне кері пропорционалды.
Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарларға сатып алушылар
тарапынан болатын сұраным азаяды. Егер сұраным мөлшерінің бағаға
байланыссыз детерлиенаттарын ( басқаша айтқанда бағаға байланыссыз
факторларын) өзгеріссіз деп есептесек, онда сұранымның бағадан
функциональды тәуелділігін мына формула түрінде көруге болады:

Сұраныс жағдайына көптеген, оның ішінде экономикалық (барынша жаңа,
пайдалануда тиімді өнімдер); аймақтық (табиғат климаттық жағдайларға
байланысты әртүлрлі аймақтардағы сұраным ерекшелігі); психологиялық ( сатып
алу кездейсоқтығының шамасыф); демографиялық (әртүрлі жастағы ерлердің,
әйелдердің, балалардың ерекше сұранымы); Кәсібилік ( білім дәрежесі,
айналысатын кәсібі мен қызмет түріне байланысты болатын тауарды ұнату мен
артық бағалау ерекшеліктері); Ұлттық діни сипаттағы және басқа да
факторларға әсер етеді.
Нарықты басқару дегеніміз – осы факторлардың көмегімен сұранымға
тиімді және мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Сұраныс икемді және
икемсіз болып келеді. Сұранымның икемділігі деп – сұраным жиынтығының
тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруіне жауап ретіндегі сандық өзгеру
шамасын айтады. Икемділіктердің сандық көрсеткіштері жоқ, сарапшылар тек
қана сұранымның икемділік коэффициенті қолданады (сұраным икемділігі 1 –
ден көп, яғни Еа1). Бұл коэффициент сатып алуға алынатын тауар санының
салыстырмалы түрдегі өсуін, бағаның салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен
анықталады:

Мұндағы:
Еа – сұраным икемділігінің коэффициенті
- сұраным көлемінің өсу проценті;
- бағаның төмендеу проценті.
Әр түрлі тауарлар тобына сұранымның икемділігі бірдей емес. Бұл
коэффициент, берілген және басқа тауарларға сұранымды қанағаттандыру
шамасынан, нарықта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін. Әдетте
күнделікті қажетті тауарлар, әсіресе тамақ өнімдерінің өте икемсіз сұраным
тисығы болады. Басқаша айтқанда, оларға деген сұранымның бағаларының өсуі
себепті айтарлықтай өзгере қоюы екіталай. Мысалы, нанның бағасының 24
тиынннан 10 сомға дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт қысқарта алған
жоқ. Сұраным бұл ретте оңтайсыз, икемсіз болып отыр. Керісінше бағалардың
өсуінің әрекетімен хрусталь, зергерлік бұйымдар, жеңіл машиналар секілді
бұйымдарға төлем бар сұраным күрт қысқарды. Ал бұл көрсеткіш сұранымның
икемділігін сипаттайды.
Сонымен сұраным – төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынудың
керекті тауарларға төлей алатын ақша соммасы.
Сұраныс дегеніміз – берілген бағада сатуға арналған тауардың саны.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі
тербелуін тудырады. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе –
теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе – теңдігін қамтамасыз
ететін деңгей қалыптасады.

1.3 Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы.

Тауардың бәсекелестік сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі
қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде рыноктық
баға қалай орнайтынын байқайық.
Рыноктық баға мен оған сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта
белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, онысатып
алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол
деңгейінде) және керсінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны
мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады
Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде
көрсетейік.

Егер абцисия рынокта сатып алынған таур саны ал кординатада баға
қозғалысын белгілесек, онда осындай нәтиже болады.
Q – қисығы экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп аталады. Бұған
бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгернін
көруге болады. Егер P бағада сұраныс көлемі Q болса, баға P дейін
төмендегенде сұраныс көлемі Q дейін өседі.
Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп
көрсетеді, ал ол заңды былай тұжырымдауға болады; егер қайсыбір тауардың
бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына
сұраныс болады. Бұл тәуелдікті басқаша да тұжырымдауға болады, егер рынокқа
қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша
жоғары емес бағамен өткізілуімен мүмкін.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның
себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың
табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай
адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, рынокқа жаңа сатып
алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны
қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек,
осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі де
төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей
бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер рыноктық
жағдайды сатушылар немесе оны ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс
орын алады. Барлық сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады.
Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға
тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты
өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы
тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы бір жағынан,
бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші
жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар
жалдауға, көп шикізат пен машиналарды сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға
мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы
туралы ғана екенін есте ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі
ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда
өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл әрбір жағынан, табыстың
жоғары деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны
төмендетеді.
Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенді, өйткені
тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен
ұсыныс қисығы бар. Бірақ оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау
дұрыс емес. Кейбір фактордың әсерімен сұраныс пен ұсыныс қисығынын жылжуы
мүмкін. Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің
маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол
тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. әрбір (жоғары, төмен)
сатып алышылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы
туралы айтуға болады. Мысалы, жаздың ыстық күнінде сусындар мен
балмұздаққа сұраныс көбееді. Бұл жағдайда d1 қисығымен қозғалмаймыз,
өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2.
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа
табыстар деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен
пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Мысалы, сатып алушылардың орта
табыстары өссе, онда басқа тең жағдайларда сұраныс қисығы д1, оңға
жоғары ойысады, бағаның сол деңгейіне p1сұраныстың өскен деңгейі сәйкес
келеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор – өндіріс шығындары. Сондықтан,
егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе
ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс
шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төменге ауысады.
Ұсыныстың көлемі тұрақты P1 бағадан Q1 – ден Q2 – ге дейін өседі.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын алып салыстырғанда, жиынтық сұраныс пен
ұсынысты белгілейтін графикті бір – бірімен беттестірсек, онда бізді
қызықтыратын тауардың сұраныс пен ұсыныс тәртібін көрсететін график
аламыз. Бір нүктеде екі қисық қиылысады. Қиылысу нүктесінде сұраныс
сандық жағынан ұсыныспен тең, ал бағасы тепе-теңдік бағаны көрсетеді. Аса
жоғары бағада ұсыныстың сұраныстан артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс
сатушылардың арасындағы бәсекенің нәтижесінде бағаның бағада сұраныс
ұсыныстан артық болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен бәсеке бағаны
жоғары көтереді.
Тепе – теңдік бағада тұтынушылар сатып алатын өнімдердің саны
өндірушілердің рынокқа шығаратын өнімдердің санына сәйкес келеді. Тек
осындай бағада ғана бағаның өсуі және кему тенденциялары жоқ болады.
Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі, рынокта тепе-теңдік
орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы
мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы
жекелеген тепе – теңдік. Рыноктағы бағалардың тауарға сұраныс пен ұсыныстың
өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл
өзгерістер бір – біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара
байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының
өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және белгілі бір уақытта жинақтап
қарағанда тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл
жағдайда рыноктың жалпы тепе – теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық
зерттеудегі талдаудың тепе – теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды
тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе – теңдік
жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе
– теңдік жағдайында жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып
алушы – өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе
– теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.
Ол қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология,
өндірушілер мен тұтынушылардың күткендері мен таңдағандары өзгерулері
керек. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция, өйткені
нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда,
нақ осы абстракция рыноктық механизмнің қызмет істеуінің аса маңызды
заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі
және тепе – теңдік бағасының құрылу механизмнің заңдылықтарын талдау,
экономикалық еркін рыноктық механизмнің заңдылықтарын талдау,
экономикалық еркін рыноктық механизмнің қарапайым қызмет етуін жалпы тепе
– теңдікке жетудің аса маңызды шарт екендігін сипаттайды.
Экономикалық еркіндік деңгейі, біріншіден, кәсіпкерлік еркіндігі,
екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда
еркіндігі, үшіншіден ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру
еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық
еркіндік рынокта өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де
жалпы да тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сұраныс пен ұсыныс бір – бірімен өзара байланыста және қайшылықта
болады. Қандай нарықтық экономикада болмасын, сұраным мен ұсыным тепе –
теңдігін орнықтыру және ұстап тұру жеңіл міндет емес. Нарықтың тепе –
теңдігін, сұраныс пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен
бағаның белгілі бір деңгейі деп түсіну керек.
Енді сұраныс пен ұсыныс туралы біршама түсінік алғаннан кейін олардың
бәрін бір кестеде көрсетуге болады.

Сурет – 4 Сұраныс пен ұсыныс қисығы.

4 – ші суреттен көріп отырғанымыздай, тепе – теңдік нүктесі сұраныс
пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан жерінде тұр. Тепе – теңдік нүктесіне
сәйкес нарықтық баға – тепе – теңдік баға деп аталады .
Сұраныс пен ұсыныс өзгеруіне қарай тепе – теңдік бағасы да өзгереді .
Нарықтық тепе – теңдік бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің тууына,
қоғамдық қажеттіліктер мен өзгерістердің қозғалысында теңсіздіктердің
пайда болуына, ақырғы нәтижесінде, әртүрлі қолайсыз әлеуметтік –
экономикалық салдарға әкеліп соқтырады.
Бәсекелі нарықта баға тепе – теңдігі Е нүктесінде болады. Бұл
жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады, яғни:
Xe = Xs = Xd

Енді баға тепе – теңдігінің өзгеруін сұраныс пен ұсыныстың тапшылығы
мен артықшылығы түрінде көрсетуге болады. Өндіруге ниеттеліп отырған
нарықтық механизм, сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі принципі бойынша
әрекет етеді. Өндіріс барлық уақытта тауарлар мен қызметтерге сұранысты
теңестіруге тырысады. Егер де сұраныс ұсыныстан артық болса, ол өндірісті
ұлғайтуды ынталандырады, ал керісінше, егер егер ұсыныс мөлшері сұраныстан
артып кетсе, онда өндіріс көлемі азаяды. Осындай ауытқуларды тіркейтін
барометр – нарықтық баға болып табылады.
Нарықтық бағаның теңдігі қалыптасқан бағалар мен тауарлар саны
жағдайында рынокта әрекет ететін күштерді байланыс тепе – теңдік болған
кезде, яғни сатып алушылардың алғасы келетін тауардың мөлшерімен саны
жағынан теңелген және баға мен тауарлар санын өзгертетін тенденциялар жоқ
кезде пайда болады.
Баға теңдігі – ұсыныстың сұранысқа сай келуі. Бәсекелістік нарықтың
тепе-теңдігі қисық сызықтары қиылысқан нүктеде пайда болады.
Үш кедергі:
- Біріншіден, сұраныс ұсыныс қисық сызықтарын сала отырып, біз басқа
факторларды өзгеріссіз деп қараймыз.
- Екіншіден, қисық сызық қозғалысымен қисық сызық бойымен қозғалыстың
арасында айырма байланысты.
- Үшіншіден, сұраныс және ұсыныс теңдік нүктесінде қай мағынада тең
болады?
1. Басқа факторлардың теңдігі жағдайында. Астыққа сұраныстың қисық
сызығын сала отырып, біз оның бағасын өзгертеміз және басқа факторлар
өзгермеген жағдайдағы астықтың сатып алған мөлшері қандай болатынын
қарастырамыз. Біз отбасы табыстарын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рынок механизмiнiң негiзгi элементi ретiндегi сұраныс
Сұраныс заңы
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
Сұраным қисығының қисығы
Сұраныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы
Тепе-теңдік баға және икемділік ұғымы
Сұраныс және ұсыныс заңдары
Бір ғана бәсеке өндіруші
Экономикалық теория пәнінен дәрістер кешені
Туризмдегі нарықтық механизм және нарықтағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу
Пәндер