Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы:
ҰЙЫМНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Ғылыми жетекші:

Астана 2010
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

Ι. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .5- 6
1.1. Кәсіпорын қызметінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
-6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
мақсаты ... ... ... ... ...7-9
1.3. Қаржылық жағдайды талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-12

ΙΙ. ИНСИ ҚҰРЫЛЫС ХОЛДИНГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. ИНСИ құрылыс холдингінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-18
2.3. Кәсіпорынның табыстылығы мен іскерлік белсенділігін талдау ... 19-
22

ΙΙΙ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .23
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-26
3.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-29
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30-31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...32-3 3
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..34
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы
кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық
қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен
тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық
қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа
енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт
талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық
талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-
әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында
кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық,
қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру – нарықтық
экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. 14, 94б
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың
жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік
белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметінің мәнін ашу, оның
қаржылық жағдайын талдау әдістерін анықтау, талдау жүргізу және қаржылық
жағдайды жетілдіру жолдарын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
– кәсіпорынның қызметінің мәнін талдау;
– қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары мен әдістерін анықтау;
– талдау объектісі ретінде алынған холдингтің жалпы сипаттамасын беру;
– оның қаржылық жағдайын толығымен талдау үшін біршама көрсеткіштерді
қолдану;
– кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту бағыттарын анықтау.
Талдау объектісі ретінде ИНСИ құрылыс холдингі алынды. Оның
негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын
жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен
айналысу болып табылады.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін
ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары,
міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері
мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі ИНСИ холдингінің қаржылық жағдайын
талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға
негізделген.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және ИНСИ холдингінің қаржылық
есебі пайдаланылды.
І. Кәсіпорынның қызметі мен қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1. Кәсіпорын қызметінің мәні

Ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және
ұйымның мақсаттарына сәйкес келетiн, оның құрылтай құжаттарында көзделген
бiр немесе бiрнеше қызмет түрiн жүзеге асыра алады. Жекелеген ұйымдық-
құқықтық нысандағы ұйымдар айналысуға құқылы қызмет түрлерiне Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн. Кәсіпорындар заң
актiлерiне сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялар негiзiнде ғана
жүзеге асыра алады.
Ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей ғана кәсiпкерлiк
қызметпен айналыса алады және ол кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен
шығыстардың есебiн жүргiзедi. Ал оның қызметiне салық салу Қазақстан
Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын
кiрiстердi коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында
бөлiсуге болмайды, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни
бiрлестiктердiң, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға
пайдалануына жол берiледi.
Коммерциялық кәсіпорындарды және фирмаларды өндірушілер мен
тұтынушылармен экономикалық өзара байланыстарының мінездемесі бойынша
бірнеше түрге бөлуге болады:
1. Коммерциялық ұйымдар, тауарларды өндірушілердің қатарына
кіретін, тауарды өткізу және сатып алушы қызметтерін атқаратын.
Жекешелендіру процесі нәтижесінде Қазақстанның сыртқы және ішкі
экономикасында қызмет ететін фирмалар.
2. Еншілес сатып және сатып алатын коммерциялық фирмалар. Өндірістік
кәсіпорындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылғанымен, бірақ
кейбір қаржылық және құқықтық тәуелсіз болады. Заң жүзінде жеке
экономикалық бірлік болып, бірақ фирманың пакетіне ие басқа кәсіпорындар
арқылы басқарылатын фирмалар. Еншілес фирмалардың артықшылығы – еншілес
фирмалардың қызметі ірі кәсіпорындарға міндеттер қою арқылы жүргізіледі.
3. Бірнеше аналық өндірістік кәсіпорындары бар еншілес коммерциялық
фирмалар. Бұндай фирмалар бірнеше ірі кәсіпорындарының ортақ келісім
жүргізу арқылы құрылады және олардың қызметі екі аналық фирмалардың
шарттары бойынша атқарылады. Мысалы, бірнеше өндірістік кәсіпорындар ортақ
өнімдерін өндіру үшін арнайы еншілес өндіріс орындарын құрып, өз тарапынан
қаржыландырады.
4. Тәуелсіз коммерциялық фирмалар, тұтынушылардың сұранысы бойынша
жұмыс істейтін. Көрсетілген фирмалар қаржылық мөлшері, қызметкерлер саны,
тауарлардың номенклатурасы және аумақ масштабы, нарықты қамтыған аумағы
бойынша әр түрлі болады. Бұндай фирмаларға жанұялық қаржының көмегімен
құрылған кішігірім фирмалар; заңды тұлғалардың келісім-шарттар бойынша
құрылған коммерциялық фирмалар; ірі фирмалар, яғни қаржыландыру тұрғыдан
ірі банктердің, шетелдік инвестициялардың, компаниялардың, фондтардың
кірісі бойынша құрылған фирмалар мысал бола алады. 5, 148б
Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау мыналардан құралады:
– өнім шығару ауқымы мен өндіріске кеткен шығындарды талдау;
– өнімді сатудан түскен кірісті, дебиторлық және кредиторлық
қарыздарды, тауар қорларын, ұзақ мерзімді активтер мен
қаржылық салымдарды талдау;
– шығын құрамын және кәсіпорын ерекшелігін ескере отырып заңды
түрде салықтар мен бюджеттен тыс қорларға қаржы аударымдарын
азайту мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талдау;
– қаржы ахуалын жалпы бағалау, қаржы тұрақтылығын талдау,
баланс өтімділігін талдау, қаржы көрсеткіштерін талдау, қаржы-
экономикалық ахуалын болжау. 19, 34б
1.2. Кәсіпорынның Қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй"
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет
"Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның
қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни
пассивтер) сипатталады" деп жазған.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. 1, 59б
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1. пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;

2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
3. құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;

4. әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі
факторларды атап көрсетуге болады:

– кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
– шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы
төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
– төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;
– шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
– қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
– кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
– қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
– активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

– айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
– қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
– кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

– ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
– баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
– кәсіпорын табыстылығын бағалау;
– кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
– кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
– кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды.
Менің ойымша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:

– кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын
талдау;
– кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және
құрылымдық динамикасын талдау;
– кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
– баланс өтімділігін талдау;
– кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие
қабілеттілігін талдау.

1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды
есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу
деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс
істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір
иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп
негізінде жүргізіледі. 9, 160б
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.

Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен
болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін
перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас
ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база
болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің)
қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау)
немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық
талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде -
тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде
ол - кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін
А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау. 13, 98б

ІІ. ИНСИ құрылыс холдингінің қаржылық жағдайын талдау
2.1.ИНСИ құрылыс холдингінің жалпы сипаттамасы

ИНСИ құрылыс холдингі 1992 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі
кешенді құрылыс және оған қажетті материалдармен қамтамасыз ету болып
табылады.
Холдингтің бас бөлімі Ресейдің Челябинск қаласында орналасқан.
Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.
Кәсіпорынның Ресейде, ТМД елдерінде, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка
елдерінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар.
Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Алматы және Астана қалаларында
орналасқан.
Холдингтің айналымы 2009 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.
Соңғы жылдары ИНСИ холдингі Ресей мен Қазақстан қалаларынан басқа,
Иран, Катар, Оман Сұлтанаты, Сауд Арабиясы, Судан, БАӘ, Сирия, Турция,
Бахрейн елдерінде жобаларды іске асырумен айналысты.
Холдингтің ИНСИ қасбет және жабын зауыты қасбеттер мен жабын
өндірумен қатар, әр түрлі ғимараттарды жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстары,
жобалық құжаттар мен құрастыру бойынша толық нұсқау ұсыну қызметтерін
атқарады.
ИНСИҚҰРЫЛЫС компаниясы әр түрлі қиындық деңгейіндегі объектілердің
кешенді құрылысы мен қайта құруын жүзеге асырады: өндірістік құрылыс
(зауыттар, өндіріс орындары, ангарлар); тұрғын-үй құрылысы; коммерциялық
жылжымайтын мүлік құрылысы (автоорталықтар, дүкендер, сауда кешендері,
ЖШС); агроөнеркәсіптік құрылыс. 20
ИНСИ-Инжиниринг ЖАҚ – жылдам тұрғызылатын ғимараттар
конструкциясын жобалау, дайындау, жеткізу және монтаждауды жүзеге асыратын
компания. Бұл конструкциялар қоймалар, сауда павильондары, жабық тұрақтар,
гараж, өндірістік ғимараттар, мансард қабатының құрылысына пайдаланылады.
2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын
талдау

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының
маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады.
Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан
басталады.
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және
активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп
түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі
шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен
зерттеу керек.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына
байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
А1. Ең өтімді активтер: кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық
баптары мен құнды қағаздары.
А2. Тез өткізілетін активтер: қысқа мерзімді дебиторлық борыш және
басқа да активтер.
А3. Баяу өткізілетін активтер: тауарлы-материалдық қорлар.
А4. Қиын өткізілетін активтер: ұзақ мерзімді активтер.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне
байланысты топтастырылады:
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер: уақытында
төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді
міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу
көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен
заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен
заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген
топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей
қатынастарда саналады: А1 ( П1; А2 ( П2; А3 ( П3; А4 ( П4.
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің
әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең
болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес. 17, 74б
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы
төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен
пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады.
Баланстың топтастырылған баптарын 1-кесте түрінде көрсету орынды
болады.
Кесте-1
ИНСИ құрылыс холдингінің 2009 жылғы мәліметтері негізінде баланс
активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы
бойынша баптарының тобы
Актив Сомасы, мың тг.Пассив Сомасы, мың тг. Ауытқу ( +; – )
жыл жыл жыл жыл соңы жыл жыл соңы
басы соңы басы басы
1. Ең өтімді 1505 6140 1. Неғұрлым 44325 41835 -42820 -35695
активтер тезірек мінд-р
2. Тез 97885 53240 2. Қысқа 24450 18520 73435 34720
өткізілетін мерзімді
акт-р мінд-р
3. Баяу 76370 72190 3. Ұзақ 0 0 76370 72190
өткізілетін мерзімді
акт-р мінд-р
4. Қиын 193095 227540 4. Тұрақты 300080298755 -106985-71215
өткізілетін міндеттемелер
акт-р
Жиыны 368855 359110 Жиыны 368855359110 – –

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:
Кж = (А1+0,5А2+0,3А3)(П1+0,5П2+0,3П3)
Кәсіпорын үшін оның мәні: жыл басында – 1,3; жыл соңында – 1,07;
Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады. 6, 106б
Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін
өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен
қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың
жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі
қолданылады.
Сонымен қатар 3 көрсеткіш жиі қолданылады:
– абсолютті өтімділік коэффициенті;
– аралық өтімділік коэффициенті;
– ағымдық өтімділік коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез
өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге
қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын
мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. Ка.ө (
0,2 ( 0,5
Кәсіпорын үшін оның мәні: жыл басында – 0,02; жыл соңында – 0,1;
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін ақша қаражатының құрамына
алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер
қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу
жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы
міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен
қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер
бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды. Кар.ө ( 1
Кәсіпорын үшін оның мәні: жыл басында – 1,5; жыл соңында – 0,98;
Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық ағымдағы активтердің жедел
және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол
ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге
мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын
өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды
айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында
бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді. Кағ.ө ( 2
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні: жыл басында – 2,6; жыл соңында –
2,2;
Жалпы алғанда соңғы екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап
етілген шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында олардың мәндері азайып отыр.
Сондықтан алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның себептерін
анықтаған жөн. 8, 121б
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін
талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және
оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да
есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал
мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық
тұрақтылығын көрсетеді.
Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын
зерттеу үшін келесідей талдау 2-кестесі құрылады.
Кесте-2
ИНСИ құрылыс холдингінің авансталған капиталының құрамы мен құрылымы
Жыл басында Жыл соңында Жыл басында
Сатудан түскен түсім 377 085 364 805 +12 280
Өзіндік құн 376 690 356 350 +20 340
Жалпы табыс 395 8 455 -8 060
Таза табыс (шығын) -1 065 -2 025 +960

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде
өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік
құны арасындағы айырма ретінде анықталады. 10, 201б
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Қаржылық талдау
Қаржылық жағдайы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Экономиклық талдаудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Пәндер